Түркістан облыстық кәсіподақ ұйымы атқару комитетінің мәжілісі өтті

Түркістан облыстық кәсіподақ ұйымы атқару комитетінің мәжілісі өтті

2024 жылдың 05 желтоқсан күні «Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ атқару комитетінің кеңейтілген мәжілісі өткізілді.

Мәжіліске атқару комитетінің мүшелері, аудандық, қалалық кәсіподақ комитеттерінің төрағалары және кәсіподақ активі қатысты.

Атқару комитетінің мәжілісін облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы Б.Еркінбек ашып, мәжіліске қатысушыларды күн тәртібімен таныстырды, күн тәртібі бекітілді.

к ү н т ә р т і б і :

1. «Мақтаарал аудандық кәсіподақ комитетінің 2023-2024 жылдары кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік-экономикалық және еңбек құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі жұмыстары туралы»;

2. Түркістан облыстық кәсіподақ ұйымы атқару комитетінің 03.05.2024ж. №2/7-4 «Білім беру ұйымдарында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша облыстық қоғамдық байқауды өткізу туралы» қаулысына сәйкес атқарылып жатқан жұмыстар жайлы Созақ аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы М.Қасымның хабарламасы.

3. «Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ 2025 жылға арналған негізгі іс-шаралар жоспары туралы.

4. Түрлі мәселелер.

Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша облыстық кәсіподақ комитетінің маманы Д.Мухтаров «Мақтаарал аудандық кәсіподақ комитетінің 2023-2024 жылдары кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік-экономикалық және еңбек құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі жұмыстары туралы» анықтама жасады. Аталған мәселе бойынша Жетісай, Отырар аудандық кәсіподақ комитеттерінің төрағалары М.Спарханов, Е.Қасым пікірлерін білдірді, ұсыныстарын айтты. Облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы Б.Еркінбек кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік-экономикалық және еңбек құқықтары мен мүдделерін қорғау жұмыстарына аудандық, қалалық кәсіподақ көмитеттерінің тұрақты көңіл бөліп, қажетті жұмыстар атқаруына баса назар аударды.

Түркістан облыстық кәсіподақ ұйымы атқару комитетінің 03.05.2024ж. №2/7-4 «Білім беру ұйымдарында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша облыстық қоғамдық байқауды өткізу туралы» қаулысына сәйкес атқарылып жатқан жұмыстар жайлы Созақ аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы М.Қасым хабарлама жасады.. Бұл мәселеге қатысты Түлкібас, Түркістан, Арыс аудандық, қалалық кәсіподақ комитеттерінің төрағалары Д.Абишев, Г.Турежанова, Ж.Мұхаев өз ойларын, пікірлерін айтты. Облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы Б.Еркінбек байқауды жоғары деңгейде өткізу жұмыстарына барлық аудандық, қалалық кәсіподақ комитеттерін ерекше назар бөліп, белсенділік танытуды тапсырды.

«Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ 2025 жылға арналған негізгі іс-шаралар жоспары туралы облыстық кәсіподақ комитеті төрағасының орынбасары А.Абуов хабарлама жасады, түсіндірме берді, жоспарға толықтай талдау жасап, оның кәсіподақ қозғалысы үшін маңыздылығы мен ерекшеліктеріне тоқталды. Аталған мәселе бойынша жоспарға қосымша өзгерістер енгізуге Қазығұрт, Ордабасы, Шардара аудандық кәсіподақ комитеттерінің төрағалары пікірлерін білдіріп, ұсыныстар айтты.

Күн тәртібіндегі соңғы мәселе бойынша облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы Б.Еркінбек ағымдағы оқу жылындағы кәсіподақ кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік-экономикалық және еңбек құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі жұмыстарында барлық аудындық, қалалық кәсіподақ комитеттерінің атқарған жұмыстары, жай-күйіне тоқталып өтті. Әлеуметтік әріптестік негізінде білім саласы қызметкерлерінің беделін арттыру, құқықтары мен мүдделерінің заң аясында қорғалуы, кәсіподақ қозғалысының жандануы жұмыстарына ұдайы көңіл бөлу қажеттігін айтты. Мәжіліске қатысушылар өзара пікір алмасты, кәсіподақ жұмысына байланысты сұрақтар қойылды. Облыстық кәсіподақ комитетінің бөлім басшысы Ғ.Ақбердиев қойылған барлық сұрақтарға жауап беріп, түсіндірме берді.

Күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша қаулылар қабылданды. Облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы Б.Еркінбек атқару комитетінің кеңейтілген мәжілісін қорытындылады.

Түркістан облыстық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.