«Төлеби ауданының мектептері» атты кітаптың тұсаукесері

 

Төлеби аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімі және аудандық кәсіподақ комитеті  ұйымдастыруымен «Қарттар күні» мерекесіне орай ардагер ұстаздарымызды ұлықтап, мерекесімен құттықтадық. Қарттарымыздың ғұмыр бойы істеген ерен еңбектері мен мемлекетіміздің дамуына қосқан зор үлестерін жоғары бағалап, оларға сый-құрмет көрсетілді. Сонымен қатар Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай аудандық кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай жарық көрген «Төлеби ауданының мектептері» атты кітаптың тұсаукесері өтті. Атаулы іс шараға аудан әкімінің орынбасары, кітаптағы мақалалар мен анықтамалық жазбаларды жүйелеп жазушы редакторы және ауданның білім беру саласының ардагерлері қатысып, Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай аудан мектептерінің тарихы, пайда болу кезеңдері, мектепті басқарған азаматтары жазылған кітаптың тұсауын кесіп, тарихи-танымдық жинақты қалың оқырман қауымға ұсынды.

Тұсаукесерге қатысушылар бұл кітаптың  жарық көруі аудан тарихында елеулі оқиға болғанын атап өтті және жинаққа сәтті сапар тіледі. Іс шара соңында барлық қатысушыларға «Төлеби ауданының мектептері» атты кітапты сыйға бердік.

Аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі

                      

      «Төлеби ауданының мектептері» атты кітаптың тұсаукесері «Төлеби ауданының мектептері» атты кітаптың тұсаукесері «Төлеби ауданының мектептері» атты кітаптың тұсаукесері «Төлеби ауданының мектептері» атты кітаптың тұсаукесері «Төлеби ауданының мектептері» атты кітаптың тұсаукесері «Төлеби ауданының мектептері» атты кітаптың тұсаукесері