Қоғамдық кеңесіне 10 жыл

Қоғамдық кеңесіне 10 жыл

Бүгін Түркістан облысында Қоғамдық кеңестер институтының құрылғанына 10 жыл толуына орай маңызды әрі мазмұнды салтанатты жиын өтті. Іс-шара барысында қоғамдық кеңестердің қоғам өміріндегі рөлі, азаматтық белсенділікті арттырудағы және ашық диалогты нығайтудағы маңызы ерекше атап өтілді.

Аталған жиында бірқатар белсенді азаматтардың еңбегі еленіп, марапаттар табысталды. Мен үшін Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтың қолынан марапат алу – үлкен мәртебе.

Бұл марапатты мен Түркістан облыстық Қоғамдық кеңесінің мүшесі ретінде атқарылып жатқан бірлескен еңбектің, сенім мен жауапкершіліктің бағалануы деп қабылдаймын. Бұл елдік мүдде жолында адал әрі жемісті еңбек етуге жаңа серпін береді.

Қоғамдық кеңестер бүгінде мемлекет пен қоғам арасындағы өзара сенімді нығайтып, қоғамдық бақылаудың тиімді алаңына айналып отыр.

Айта кету керек, Қоғамдық кеңестер 2015 жылы қабылданған «Қоғамдық кеңестер туралы» Заң аясында жұмыс істейтін тәуелсіз әрі ашық институт ретінде қалыптасты. Осы жылдар ішінде олардың өңірлік деңгейдегі маңызы артып, нақты нәтижелерге қол жеткізілді. Бүгінде Түркістан облысында жұмыс істеп жатқан қоғамдық кеңестер өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына оң ықпал етуде.

 

Облыстық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.