Құрметіміз – қарапайым еңбек иесіне!

Құрметіміз – қарапайым еңбек иесіне!

“Бірлік” жалпы білім беретін мектебінде мектеп директоры Н. Елубаев пен Бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Мамырбек Динараның ұйымдастыруымен “2025 – Жұмысшы мамандықтар” жылы аясында “Құрметіміз – қарапайым еңбек иесіне!” атты, мектебімізде күнделікті тіршіліктің тынысын жасап жүрген шаруашылық қызметкерлеріне арналған тағылымды іс-шара өтті.

Білім ордасының тыныс-тіршілігіне үлес қосып жүрген – электрик, ағаш шебері, еден жуушы, күзетші, қызметкерлері сынды мектептегі барлық еңбек адамдарына алғысымыз шексіз.

Олардың тынымсыз еңбегі – балалардың қауіпсіздігі мен таза, жайлы ортада білім алуына жасалған зор үлес.

Іс-шара барысында қызметкерлерге құрмет көрсетіліп, әріптестер тарапынан жылы лебіздер менаудандық кәсіподақ ұйымының атынан алғыс хаттар, сыйлықтар табысталды.

Біз қарапайым еңбек иелерінің қадірін біліп, құрмет көрсету арқылы ұрпақ тәрбиесінде үлкен өнеге көрсетеміз.

 

Ордабасы ауандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.