Ұлағатты ұстаздарға құрмет!

Арыс қалалық “Білім бөлімі” мемлекеттік мекемесіне қарасты С.Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектебінде көп жылдар бойы талмай еңбек етіп, бірнеше буын шәкірт тәрбиелеген ардақты ұстаздарымыз — Аманқұлова Гүлжан Прмашовна мен Алибаева Жанил Алипбековна апайларымызды зейнеткерлікке шығарып салу кеші жоғары деңгейде өтті.
Кешке Арыс қалалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрағасы Мұхаев Жұматай Ишантайұлы қатысып, ұстаздарымызға шапан жауып, арнайы сыйлық табыстады.
Бұл кеш — ұстаздарымыздың шәкірттер жүрегінде, әріптестер есінде өшпес із қалдырған еңбектеріне деген зор алғыстың, терең құрметтің айғағы болды. Ұстаздарымыздың жылы сөзі мен мейірімі талай жастың өміріне жол сілтеп, болашағына бағдар болғаны сөзсіз.
Шара барысында әріптестер мен шәкірттер жүрекжарды тілектерін білдіріп, әсерлі естеліктерімен бөлісті.
Ән мен жыр арналып, ұстаздарымызға деген ілтипат ерекше сезілді.
Ұстаздық — ұлы жол, зейнет — сол еңбектің зейнеті.
Гүлжан Прмашовна мен Жанил Алипбековна апайларымызға мықты денсаулық, жарқын өмір, немере-шөберенің қызығына кенелген бейбіт зейнет жасыңыз баянды болсын деп тілейміз!
Рақмет Сіздерге — әр шәкірттің жүрегінен орын алған ұлағат иелері!
Құрметті зейнеткерлікке шығарып салу кеші!
Арыс қалалық “Білім бөлімі” мемлекеттік мекемесіне қарасты Жиделі мектебінің ұлағатты кітапханашысы, саналы ғұмырын білім мен тәрбие ісіне арнаған мектеп кітапханшысы Сартаева Бексұлу Абылдабековнаны құрметті зейнет демалысына шығарып салу кеші өткізілді.
Кешке Арыс қалалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төрағасы Мұхаев Жұматай Ишантайұлы қатысып, обыстық кәсіподақ комитетінің “Кәсіподаққа еңбегі сіңген қызметкер” төсбелгісімен және кәсіподақ тарапынан шапан жауып, сыйлық берілді.
Бексұлу Абылдабекқызының мектеп кітапханасында атқарған еңбегі – ұрпақ тәрбиесіне қосқан өлшеусіз үлес.
Кітапқа деген сүйіспеншілікті дарытқан, рухани байлыққа жол ашқан ұстазымызға алғысымыз шексіз!
Зейнеткерлік жасыңыз құтты болсын! Деніңізге саулық, отбасыңызға амандық, ұзақ ғұмыр тілейміз!
Еңбегіңіз ескерусіз қалмай, алдағы өміріңіз шаттық пен тыныштыққа толы болсын!
Арыс қалалық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.






