«Ұстаздар күні» мерекесіне орай өткізілген іс-шара.

Түркістан облысы Ордабасы ауданында «Ұстаздар күніне» орай аудандық мәдениет үйінде мерекелік іс-шара өтті. Мерекеге білім саласында көп жылдар талмай еңбек еткен 24   ардагер шақырылды.

Мерекелік жиында аудан әкімнің орынбасары А.Оралбаев ұстаздарды құттықтап, үздік ұстаздарды  аудан әкімінің алғыс хатымен 7-адамды және аудандық мәслихаттың грамотасымен 5-адам  марапттады.

Облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төрағасы Б.Еркінбек бірқатар кәсіодақ белсенділерін құттықтады:

«Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» Қоғамдық Бірлестігінің Құрмет грамотасы -5,

«Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Оңтүстік Қазақстан облыстық ұйымы» Қоғамдық бірлестігінің Құрмет грамотасы -5,

«Ұстаз жолы» қоғамдық қорынан білім саласы қызметкерлеріне арналған «Елеулі еңбегі үшін» төсбелгісімен 1-адамды марапаттады.

Аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы төрағасы Ә.Сәдірмек  «Ұстаздар сабақтастығы» мен облыстық білім басқарамасының марапаттарын 6 адамға тапсырды.

Ардагер ұстаздардың мерекелік құттықтауды ардагер ұстаз Амантай Сексенбайұлы мен З.Маханова жалғастырып ,  Зейнеткерлік жасқа келген 10 кәсіподақ мүшелері,

ұстаздарды және ұстаздық еңбек жолын  бастаған 2018-2019 оқу жылында  жұмысқа  қабылданған 5 «Жас мамандарға» еңбек кітапшасын тапсырып марапттады.

Жас маман   «Достық» жалпы орта мекебінің математика пәнінің мұғалімі Орынбасар Бақтияр Амангелдіұлы Қазақстан Республикасының педагогикалық қызметкерінің АНТЫН салтанатты түрде тапсырды.

«Ұстаздар күні» мерекесіне орай өткізілген іс-шара.

«Ұстаздар күні» мерекесіне орай өткізілген іс-шара.

«Ұстаздар күні» мерекесіне орай өткізілген іс-шара.

«Ұстаздар күні» мерекесіне орай өткізілген іс-шара.