«Ұстазға тағзым – болашаққа салынған жол!»

«Ұстазға тағзым – болашаққа салынған жол!»

7 қазан күні Шәмші Қалдаяқов атындағы мәдениет сарайында Кентау қаласының ұстаздарына құрмет көрсетілді! Кентау қаласының әкімі Жандос Қалмырзаұлы Тасов мырза қала ұстаздарын арнайы келіп құттықтап, марапаттарын ұсынды. Кентау қалалық мәслихаты төрағасы Қабылан Жамалбекұлы Елеусизов, Түркістан облыстық білім басқармасының өкілі Талғат Аңдабай, Кентау қалалық «Аманат» партиясы филиалының төрағасы Арман Амангелдіұлы Басаровтар ұстаздар қауымын құттықтап, марапаттарын ұсынды! Кентау қалалалық білім беру бөлімінің басшысы Әділ Арысбайұлы Әуелбеков және Кентау қалалық кәсіподақ комитеті төрағасы Сұлтан Арипжанұлы Ташполатов мырзалар Ұстаз еңбегінің өлшеусіз екенін, Ұланды Ұлыға жеткізу жолындағы тынбай еңбектерін атай келе Республика, облыстық білім басқармасының және қалалық марапаттармен мрапаттады! Мерекелік іс –шараны қала өнерпаздарының әсем әндерімен, оқушылардың тамаша тілектерімен қорытындылады.

 

Кентау қалалық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.