«Ұстаз барысы – 2026» анықталды

2026 жылдың 29-30 сәуір күндері Ордабасы ауданы, Темірлан спорт кешенінде Түркістан облысы білім басқармасының Білім беруді дамыту орталығы мен Түркістан облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен мұғалімдер арасында қазақ күресінің мәртебесін көтеріп, спортқа баулу, ұлттық рухты қалыптастыру, кәсіптік өсуіне ықпал ету, мұғалім еңбегінің мәртебесін көтеру мақсатында “Ұстаз барысы – 2026” жарысы өткізілді.

Облыс көлемінде өткен жарысқа 150-ге жуық спортшы 7 салмақ дәрежесі бойынша боз кілемде өз ара сынға түссе, түйе балуан бәсекесінде 15 балуан күш сынасты. Кіл мықтылар бәсекесінде Мақтаарал ауданының балуаны Заиров Заир “Ұстаз барысы” атанып, облыстық кәсіподақ комитеті атынан арнайы “Түйе балуаны” белбеуі мен қаржылай сыйлық тапсырылды.

Жарыс қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте:

1 – орынды Төлеби ауданы,

2 – орынды Отырар ауданы,

3 – орынды Ордабасы аудандары иеленді.

Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлерін Ордабасы ауданының әкімі Азат Оралбаев, облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы Бахыт Еркінбек, облыстық маслихат депутаты Әбіш Дулат, Ордабасы аудандық маслихатының төрағасы Бақдаулет Жұмабеков, “Ұстаз барысы” жарысының негізін қалаушы Самат Тілеулиев құттықтап, білім берумен қатар салауатты өмір салтын ұстанып, дені сау ұрпақтың қалыптасуына үлгі болып жүрген балуандарымызға алғыс білдірді.

Жарыс жеңімпаздары арнайы дипломдармен, медальдармен және облыстық кәсіподақ ұйымының қаржылай сыйлықтарымен марапатталды.

 

Облыстық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.