«ҰСТАЗ БАРЫСЫ – 2026» аудандық жарысы өткізілді
Мақтаарал ауданының білім бөлімі мен аудандық кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен 2026 жылдың 17 сәуір күні аудандық «Ұстаз барысы – 2026» жарысы өткізілді.
Аудан деңгейінде өткен жарысқа барлық жалпы білім беретін мектептердің ұстаздары қатысып, өзара мықтыны анықтады.
Жарыстың қортындысына сәйкес жеңімпаз болған, жүлдегер болған ұстаздарымызға аудандық кәсіподақ комитетінің атынан марапаттар мен бағалы сыйлықтар табысталды.
«Ұстаз барысы – 2026» жарысына белсен қатысқан ұстаздарымызға шынайы алғысымызды білдіреміз.
Мақтаарал аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.







