ҰСТАЗ МІНБЕРІ

Калдыбекова Эльмира Абилкасимовна – өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын, кәсіби біліктілігі жоғары, тәрбие мен тұлғалық даму саласында мол тәжірибесі бар педагог. Еңбек жолын 1989 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Жетісай ауданындағы «Салтанат» балабақшасында тәрбиеші болып бастап, білім беру мен тәрбиелеу саласында үздіксіз қызмет етіп келеді. Әр жылдары педагог-психолог, әлеуметтік педагог, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, балабақша меңгерушісі қызметтерін атқарып, мол тәжірибе жинақтаған.
Қазіргі таңда Түлкібас ауданының білім бөлімінің тәрбие әдіскері ретінде аудан көлемінде тәрбие жұмысының сапасын арттыру, жас ұрпақтың рухани-адамгершілік құндылықтарын дамыту, оқушылардың көшбасшылық әлеуетін қалыптастыру бағытында нәтижелі жұмыстар атқарып келеді. Эльмира Абилкасимовна тәрбие саласында жаңашылдықты қолдайтын, оқушылардың көшбасшылық қабілетін, азаматтық көзқарасын және адамгершілік құндылықтарын дамыту бағытында жүйелі жұмыс жүргізіп жүрген тәжірибелі маман. Ол Ұлы Абайдың «Толық адам» концепциясын тәрбие үрдісінде іске асыру» тақырыбындағы авторлық жобасы мен «Түркістандық дебат форматын» пікірсайыс технологияларын тәрбие процесіне енгізу арқылы педагогтер мен оқушылардың шығармашылық әлеуетін арттыруға зор үлес қосып келеді. Жаңа жобалар мен заманауи әдіс-тәсілдерді тиімді енгізіп, педагогтердің кәсіби дамуына бағытталған семинарлар, курстар мен шығармашылық алаңдар ұйымдастырады. Сонымен қатар, пікірсайыс қозғалысын дамыту, «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында оқушылардың азаматтық белсенділігі мен патриоттық сезімін қалыптастыру бойынша тың идеяларды жүзеге асырып жүр. Эльмира Абилкасимовнаның жеке авторлық «Құндылық мектебі» жобасы аясында жас ұрпақтың тұлғалық дамуына, ұлттық сана мен рухани құндылықтарды бойына сіңіруіне, оқушының өз-өзіне сенімді, ізгі мінезді тұлға болып қалыптасуына бағытталған шығармашылық бастамаларды жүзеге асыруда. Жоба аясында мектептерде «Қайырымдылық сабақтары», «Рақмет айту мәдениеті», «Менің өмірлік ұстанымым» сияқты рухани-тағылымдық бағыттағы іс-шаралар ұйымдастырылып, әрбір баланың жүрегіне мейірім мен жауапкершілік дәнін себуге ерекше көңіл бөледі.
Ұйымдастырушылық қабілеті жоғары, ұжыммен тіл табыса білетін, педагогикалық қауымдастықта беделі зор маман.
Калдыбекова Эльмира Абилкасимовна – тәрбие саласына жаңашылдық енгізіп, жас ұрпақты елжандылыққа, ізгілікке баулу ісіне өзіндік үлесін қосып жүрген кәсіби шебер маман.
Еңбектегі жетістіктері үшін марапатталған:
- АЛҒЫС ХАТ “Астана дарыны” дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы ДДжПСО директоры Ғ. Тұрсынов AD2021-14
- АЛҒЫС ХАТ Нұр-Сұлтан Қаласының «Әділет» Білім Беру Қызметкерлерінің Кәсіподағы Төраға Б.Әлиев Нұр-Сұлтан қаласы, 2022 жыл.
- ІІІ ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМ Астана қаласының Білім басқармасы Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының «Қоршаған ортаны қорғау және адам денсаулығы» секциясы бойынша жүлдегері №42 орта мектебінің 10-сынып оқушысы Жиенәлі Ақмоншақ және жетекшісі, Калдыбекова Эльмира Абилкасимовна
МАРАПАТТАЛДЫ. Басшы:К.Сенғазыев РЕЖҚК №ІІІ-16 Астана-2022
- МАДАҚТАМА”Астана дарыны” дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы 5-8 сынып оқушыларына арналған «ProEco» республикалық экологиялық жобалар байқауының қалалық кезеңі “Таза қала сізден басталады” номинациясы бойынша көрсеткен жетістігі үшін №42 орта мектебінің 8- сынып оқушысы Ақшал Аяулым және Калдыбекова Эльмира Абилкасимовна марапатталды.
Директор: Ғ. Тұрсынов Нұр-Сұлтан 2021 жыл, 10 қараша PROECO-G-150
- І ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМ «Халықаралық Тәрбиешілер Мен Зияткерлік Балалар Ғылымдар Академиясы» ҚҚ Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің №42 орта мектебінің 9 «Ә» сынып оқушысы Тоқтар Сымбат Жетекшісі: Калдыбекова Эльмира Абилкасимовна. «ХТМЗБҒА» ҚҚ Тіркеу №А056 Қазақстан 2021 ж.
- Диплом «Ұлы дала – ұрпағы» атты Махамбеттің жас мұрагерлеріне арналған ѴІ Республикалық байқауында «Жарқын болашақ» номинациясымен № 12 орта мектебінің ұжымы жет. Калдыбекова Эльмира Абилкасимовна марапатталады. Директор: В. Моторин Нұр-Сұлтан. 2022
- АЛҒЫС ХАТ “Жас Сарбаз”жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы РКБ, Нұр-Сұлтан қалалық филиалының төрағасы Налшыбек А.Б Астана 2022ж
- АЛҒЫС ХАТ Астана қаласы «Білім беруді жаңғырту орталығы» №005390 Астана,2022
- АЛҒЫС ХАТ Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайы директоры Р.Кушибаева Р.КУШИБАЕВА Астана қаласы 2022 ж
- АЛҒЫС ХАТ Түркістан Облысының Білім Басқармасы Басқарма басшысы:Д.Болатханұлы, Тіркеу № 2420 Түркістан – 2023
- АЛҒЫС ХАТ Кентау Қалалық Адами Әлеуетті Дамыту Бөлімі
«Білім – тәрбие беру кеңістігін ұйымдастырудағы жүйелілік тәсілі» атты кәсіби қолдауда өз іс-тәжірибесімен бөлісіп, педагогикалық ынтымақтастыққа қосқан үлесі үшін Бөлім басшысы: Ә.Ауелбеков Кентау 2023 жыл.
- АЛҒЫС ХАТ Түркістан облысы білім басқармасының т/н №2420 Түркістан – 2023
- АЛҒЫС ХАТ Түркістан облысының білім басқармасының “Қосымша білім беруді дамыту орталығы” КММ-НІҢ «Үздік мектеп парламенті» республикалық байқауының облыстық кезеңінде үздік шәкірттерді анықтауға төрешілік еткені үшін Түркістан – 2025 жыл №09
- АЛҒЫС ХАТ Түркістан облысының білім басқармасының “Қосымша білім беруді дамыту орталығы” КММ-НІҢ Өзін-өзі басқару көшбасшыларының жұмысына қосқан өлшеусіз үлесі үшін Т/Н №05 Түркістан 2025
- МАДАҚТАМА Түркістан облысының білім басқармасының “Білім беруді дамыту орталығы” Кмм-Нің Мадақтамасы “Ұлттық Құндылықтар: Ұлттық Мүдде, Ар-Ұят, Талап” Облыстық форум N1573 Түркістан-2024
- МАДАҚТАМА Түркістан Облысы Адами Әлеуетті Дамыту Басқармасының «Білім Беруді Дамыту Орталығы» Кмм
«Ата-ана – ұстаз – оқушы: болашаққа бағытталған ынтымақтастық» тақырыбында өткізілген облыстық ата-ана форумында озық идеялары және инновациялық тәжірибесімен бөліскені үшін. Түркістан – 2023 Tipкеу №878
- МАДАҚТАМА «Өркен» балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институт «Қазіргі Қоғамдағы Бала: Отбасы Тәрбиесі Мен Мектеп Ынтымақтастығы»Тақырыбында Өткен Семинарға Қатысып, Іс-Тәжірибесімен Бөліскені Үшін. Бірінші вице-президент: Е.Н. Сакенова, Алматы қаласы, 2024 жыл № 0282
- МАДАҚТАМА Түркістан Облысының Білім Басқармасы «Білім Беруді Дамыту Орталығы» Кмм «Толық адам» концепциясын тәрбие үрдісінде іске асыру тақырыбындағы облыстық тәжірибелік семинарда озық іс-тәжірибесімен бөліскені үшін Түркістан – 2024 Т/Н №2297
- МАДАҚТАМА Түркістан Облысының Білім Басқармасы «Білім Беруді Дамыту Орталығы» Кмм «Әлеуметтік жобалар мен іс шаралар арқылы құндылықтарды енгізу» тақырыбындағы облыстық тәжірибелік семинарда озық іс-тәжірибесімен бөліскені үшін Түркістан – 2025 Т/Н №2389
- СЕРТИФИКАТ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «ХХІ ғасыр педагогы: оқытудың жаңа технологиясы» Түрік елі оқу ағарту министрлігі, Ыстамбул Жайрақша университеті 12.07.2025 10С-2025-0408-0066
- МАДАҚТАМА Түркістан Облысының Білім Басқармасы «Білім Келешегі: Адал Азамат – Кәсіби Маман» тақырыбындағы педагогтердің облыстық тамыз кеңесінің секциялық жұмысында кәсіби және шығармашылық белсенділік танытып, құнды материалдар ұсынып, өзіндік озық іс-тәжірибесімен бөліскені үшін Түркістан – 2025 Т/Н №2354
- Тамыз кеңесі Қазақстан Республикасының оқу-ағарту министрлігінің АЛҒЫС ХАТЫ Астана – 2025
- ДИПЛОМ «Үздік мектеп парламенті» Республикалық байқауының «Командалық рух» номинациясы Қызылорда – 2025
Түлкібас аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.





