«Ұстаздар күні» мерекесі
Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері Түркістан облыстық комитетінің айлық іс-шара жоспарына сәйкес, Кентау қалалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитеті тарапынан 10-қазан – «Ұстаздар күні» мерекесіне орай төмендегідей іс-шаралар атқарылды. Атап айтқанда:
Қалалық білім саласының кәсіподақ мүшелеріне 293 мадақтама грамоталары, 232 алғыс хаттары және 235 бағалы сыйлықтар таратылды. Сонымен қатар, 50 жасқа толған кәсіподақ мүшелеріне қалалық кәсіподақ комитетінің тарапынан 84 бағалы сыйлықтар берілді.
«Ұстаздар күні» мерекесі жоғары деңгейде аталып өтті. Ш.Қалдаяқов атындағы мәдениет сарайында «Ұстаз аты-биік», әрі мәңгілік» атты салтанатты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Осы мерекелік іс-шарада білім саласының қызметкерлеріне және ардагерлеріне арналған бейнефильм көпшілік назарына ұсынылды. 64 кәсіподақ мүшелеріне мадақтау грамоталарымен марапатталды, 62 кәсіподақ мүшесіне сыйлықтар, ал зейнеткерлікке шыққан бір мектеп директорына теледидар сыйға тарту етілді.
«Ұстаздар күні» мерекесіне орай өткізілген салтанатты шарада қалалық бастауыш кәсіподақ комитеттерінің 13 төрағасы жоғары марапаттарға ие болды. Атап айтсақ: «Кәсіподаққа еңбегі сіңген қызметкер» белгісімен 5 бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы, Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағының Түркістан облыстық ұйымының «Құрмет грамотасымен» 4 бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы, ал Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағының Түркістан облыстық ұйымының «Алғыс хатымен» 4 бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағалары марапатталды.
Ұстаздар күніне орай мұғалімдер арасында аймақтық спартакиада өтті. Қалалық білім бөлімі мен қалалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің ұйымдастырумен өткен спорттық шарада білім саласының қызметкерлері апта бойында волейбол мен үстел теннисінен сынға түсіп, өзара мықтыларды анықтады. Нәтижесінде, үздіктер анықталып, арнайы қаржылай сыйлықтарға ие болды. Жеңімпаздары Ш.Қалдаяқов атындағы мәдениет сарайында салтанатты түрде марапатталды.