Кеңейтілген атқару комитетінің мәжілісі
10 ақпан 2021 жыл күні Білім және ғылым
қызметкерлерінің кәсіподағының Сарыағаш аудандық
комитетінің бастауыш кәсіподақ ұйымдарына
Кеңейтілген атқару комитетінің мәжілісі өткізілді
Атқару комитетінің күн тәртібінде:
- Аудандық кәсіподақ комитетінің 2020 жылғы атқарған жұмыстарының есебі және кәсіподақ органдарының 2021 жылы атқаратын міндеттері туралы.
- Аудандық кәсіподақ комитетіне түскен кәсіподақ жарнасы және оның жұмсалуы туралы есебі.
- ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына байланысты жасалынған іс-шара жоспарын бекіту мәселелері талқыланып, тиісті қаулылар қабылданды.
Мәжіліске аудандық білім бөлімінің басшысы Б.Майрихов, кадр жөніндегі бас маман А.Тұрсынбаев, әдістемелік кабинеттің меңгерушісі Т.Ахметов, бөлімнің бас есепшісі Ж.Тұрымбетовтер арнайы шақырылып, бөлімнің Облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының құрамына өтуіне байланысты, ол кісілер болып жатқан жаңалықтар, өзгерістер, қосымшалар жөнінде ақпарат берді.
Комитет төрағалары тарапынан берілген сұрақтарға жауаптар алынды.
Сарыағаш аудандық кәсіподақ комитеті