Мұғалім күні

Үстіміздегі жылдың қазан айының 3-і күні Мақтарал ауданында Мұғалімдер күні мерекесі, қарттар күні және Еңбек күні мерекелеріне орай «Ұстаз – ұлы тұлға» атты шара өтті Аудан орталығындағы Қ.Жандарбеков атындағы Жетісай драма театрында өткен салтанатты жиынға аудан басшылары мен ардагерлер, ұстаздар қауымы қатысты.   Егемен еліміздің ертеңін ойлар білімді де саналы, Отанын, туған жерін, ұлтын сүйетін ұлтжанды, парасатты азаматты тәрбиелеуде мұғалімнің еңбегі орасан зор екені белгілі. Білім саласы қызметкерлерінің құрметіне орай ұйымдастырылған шараға аудан әкімі Ғалым Исмаилов арнайы қатысып, айтулы мерекемен ұстаздарды құттықтады.

Мұғалім күні Мұғалім күні Мұғалім күні

 Сонымен қатар, іс-шараға Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы Оңтүстік Қазақстан облыстық комитетінің маманы Б.Қилыбаев, аудан әкімінің орынбасары М.Жолдасов, аудандық мәслихат хатшысы М.Жәлменшиевтер қатысып, ардақты мамандық иелерін төл мерекелерімен құттықтады.

Мұғалім күні

Ұстаздардың төл мерекесінде болашақ ұрпақты тәрбиелеу ісінде жемісті еңбек етіп келе жатқан бір топ мұғалімдер ҚР Білім және ғылым министрілігінің «Құрмет» грамотасымен, облыстық білім басқармасының «Алғыс хаттарымен», аудан әкімінің және аудандық білім бөлімінің «Алғыс хаттарымен» марапатталды. Ардагер ұстаздарға аудандық кәсіподақ комитеті тарапынан гүл шоқтары мен бағалы сыйлықтар табыс етілді. Сондай-ақ, мерекелік кеште еңбек өтілі 494 жылды құрайтын Қарабековтар әулеті марапатталды.   «Ұстаздар күні жалпы ұстаздарымызға, ардагерлерімізге, педагогикалық мамандықты таңдаған жалпы халыққа бүгінгі мерекелеріңіз құтты болсын дейміз. Елдің, халықтың абыройына бөлене берсін.  Еліміздің болашақтарын жетілдіріп, өсіруде еңбек етуден тайынбасын!» – деді  Мақтарал ауданы кәсіподақ комитетінің төрағасы Пернебек Бахтияров.   Мерекелік жиында мектептердің  өнерлі оқушылары концерттік бағдарламаларын қойып, ұстаздарға деген құрметтерін көрсетті.

Мұғалім күні Мұғалім күні