Ордабасы ауданында еңбек адамдары мен ұстаздар ұлықталды.
Ордабасы ауданында еңбек адамдары мен ұстаздар ұлықталды.
Ордабасы аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы комитетінің ұйымдастыруымен 2017 жылдың 30 қыркүйек күні сағат 11:00де Ордабасы аудандық мәдениет үйінде «Ұстаздар күні» мерекесі «Қарттар күні» және «Еңбек күні» мерекесімен тұспа-тұс келген мерекелер «Мереке» биіменен басталды.
Ұстаз, ұстаз
Осы сөзде жатыр қанша ұлылық,
Осы сөзде таусылмайтын жылылық.
Әл – Фараби, Ыбырай мен Ақанды
Осы сөз ғой қойған бізге ұлы ғып.
Ұстаз шебер қисықтарды жөндейтін,
Тентектерді ақылменен емдейтін.
Болсадағы малға кедей өмірде,
Бар байлығын шәкірттерім сен дейтін.
Мерекелермен құттықтап, ыстық ықыласын білдіру үшін аудан әкімі Қайыпжанов Рашид Үсіпханұлын сөз алып, «Алтын той» иелерін жұп ұстаздар, яғни білім саласында бірге еңбек еткен ардагер ұстаздарымыз, қазіргі таңда немерелерге үлгі болар ардақты ата, аяулы әжелер «Ақбұлақ» жалпы орта мектебінен Сарыбай Тоқтасын Қаржаубайұлы–Төлегенова Үмігүлсім Сейітбекқызын, Амангелді атындағы жалпы орта мектебінен Жүсіп Лесбек Мұңсызбайұлы-Көкішова Айымгүл Сейітқызын, С.Ысмайлов атындағы жалпы орта мектебінен Нүриддін Шәмшіұлы-Сәрсенбаева Күләнда Омарбекқызын және бірқатар үздік ұстаздарды марапаттады. /фотолар қоса тіркелді./ Сонымен қатар, Оңтүстік Қазақстан облыстық білім басқармасының «Құрмет грамотасымен» Ордабасы аудан әкімінің «Алғыс хатымен» үздік ұстаздарды марапаттады.
«Алтын той» иелері
Аудан әкімінің «Алғыс хатымен» Ө.Тұрманжанов атындағы жалпы орта мектебінің үздік ұстазы Әбіләз Нұрлан Кәрібайұлы марапатталуда.
«Ұстаздық – ұлы құрмет. Болашақтың басшысын да, данасында, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де ұстаз тәрбиелейді. Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз»-дейді халқымыздың батыр ұлы Бауыржан Момышұлы.
Ізгі ниетін білдіру үшін, арнайы қонақ ретінде шақырылған ОҚО білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрағасы Маханова Замира Сабекқызы ауданымыздағы ұстаздық қызмет Атасынан баласына, қызына, келіні, немересіне жалғасып келе жатқан еңбек өтілдері 200 жылдан асқан отбасылық 6 ұстаздар әулетін /тізімі қоса тіркелді/ және А.Шерімқұлов атындағы жалпы орта мектебінен 63 жасқа толған ұстаз Мырзалы Оралхан Құлыншақұлын ОҚО БжҒ қызметкерлері КК «Кәсіподаққа сіңірген еңбегі үшін» белгісмен, «Ақкөгершін» бөбекжай балабақшасынан зейнетке шығатын тәрбиеші Махамбет Күлжазира Керімжанқызы мен «Қызылжар» атындағы жалпы орта мектебінің мұғалімі, 60 жасқа толған мерейтой иесі Полатбек Мақсұт Махалұлын ОҚО БжҒ қызметкерлері КК Алғыс хатымен марапаттады. /фото қоса тіркеледі/
Педагогтар әулеті
№ | Аты-жөні | Мекеменің атауы | Еңбек өтілі |
1 | Омаш Шапай әулеті | С.Сейфуллин ат. жом | 201 |
2 | Омарбек Әбілдә | «Төрткүл» жом | 255 |
3 | Искендиров Нурман | «Темірлан» жом | 249 |
4 | Құралбаев Патса | Қ.Мүсірепов ат.жом | 355 |
5 | Ысқақов Сұлтан | Абай ат.жом | 346 |
6 | Сейітқұлов Шүкірқары | Е.Ерназаров ат.жом | 480 |
480 жылдық педагогикалық өтілі бар Сейітқұлов Шүкірқары әулетінің өкілі байырғы ұстаз Құнанбай Шүкірқарыұлы марапатталуда.
Педагогтар әулетінің өкілдері
ОҚО БжҒ қызметкерлері КК төрағасы Замира Сабекқызының «Кәсіподаққа сіңірген еңбегі үшін» белгісмен Мырзалы Оралхан Құлыншақұлын марапаттау сәті.
ОҚО БжҒ қызметкерлері КК төрағасы Замира Сабекқызының «Кәсіподаққа сіңірген еңбегі үшін» белгісмен Мырзалы Оралхан Құлыншақұлын, Махамбет Күлжазира Керімжанқызы мен Полатбек Мақсұт Махалұлын ОҚО БжҒ қызметкерлері КК Алғыс хатымен марапаттау сәті.
Мерекенің шырайын «Шолпан» балалар бақшасының бүлдіршіндері мерекелік құттықтау «Ұстаз -Ана» әніменен көріктендірді.
«Шолпан» балалар бақшасының бүлдіршіндері
«Ұстаз бақыты-озып тұрған шәкірті»-дегендей аудандық мәслихат хатшысы Садвахасов Баймахан Қожатайұлы бірқатар үздік ұстаздарды Томанова Ақмарал Кайшымовна – «Кәусар» гимназиясының мұғалімі Ш.Уалиханов ат жом мұғалімі Медеубекова Жұпар Сапарбековнаны, М.Исламқұлв ат.жом мұғалімі Пирманов Дилмухаммад Накибековичті, аудандық білім бөлімінің әдіскері Рендибаева Сабира Убайдуллаевнаны, Амангелді ат.жом мұғалімі Аухатова Гүлзейнетті марапаттап, мұғалімдік мамандықты таңдап, еңбек жолын жаңа бастаған жас мамандарға еңбек кітапшасын тапсырды.
Аудандық мәслихат хатшысы Садвахасов Баймахан Қожатайұлының марапаттаған бірқатар ұстаздар
Педагогикалық еңбек жолын бастаған жас мамандар аудандық мәслихат хатшысы Баймахан Қожатайұлымен.
Ардагерлерін ардақтап, қарияларын құрметтіп өскен елміз. Ертең 1- қазан Қарттар күні. Бұл бізге үлгі – өнеге болған аға – апаларымызға ізгі ниетіміз бен сый – құрметімізді көрсететін мереке. Мерекенің қадірлі қонақтары, 20 Ардагер ұстаздарымызды құттықтаумен қатар бүгінгі күні зейнеткерлік жасқа жетіп, құрметті демалысқа шыққалы отырған Турмаганбетов Оралбай Махамбеткулович, Қайырбек Балтабай Алдамжарұлы, Есетова Камила Ахатаевна, Медетова Сауле Зулпыхаровна, Толганбаева Куралай Жубаевна, Қонысбаева Жанат Серикбаевна, Тайтелі Рахима Сахқызы, Жәңгір Палайым Полытханқызы ұстаздарымызға Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Тұран Әбдіхайымұлы құрметпен еңбектің зейнетін көруді тілеп, марапат жасады.
Гүлге оранып өтті кеше көктеміңіз,
Ұстаз болып еңбек етіп көктедіңіз.
Зиялы жан бірі едіңіз құтты болсын,
Зейнеткерлік жасқа бүгін жеткеніңіз.
Ардагер ұстаздарды марапаттау сәті
Тұран Әбдіхайымұлының зейнетке шыққан ана-тәрбиеші Камила Ахатаевнаны марапаттау сәті.
Жиын барысында аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төрағасы Сәдірмек Әлдібек Шынасылұлы сахна төріне шығып 50,55,60 жасқа толған мерейтой иелерін құттықтап, «Әріптес туралы сыр» тақырыбында өткен шығармалар байқауының жеңімпаздарын марапаттады.
Мерейтой иелері
«Әріптес туралы сыр» аудандық байқауының жеңімпаздары Ұлғаным Әріпханқызы, Түймебай Ұлжан Бексейітқызы, Ербосынова Үрзия Сейітжаппарқызы, Дүйсенбі Қалия Сұлтанбекқызы,
Әбдіхадырова Халима Тоқашқызы
«Үздік ұстаз-2017» иегері
«Үздік ұстаз-2017» иегерлері Эшмат Айгуль Курабаевна, Өтебек Ақмарал Ыдырысқызы, Омарова Гүлнұр Абдижаппаровна, Омарова Гүлназ Айтбекқызы комитет төрағасы Әлдібек Шынасылұлыменен.
60 жасқа толған мерейтой иелері
Ә. Еспаевтың «Ұстазым» әні алғашқы ұстаздарға арналғанымен, әлі күнге үлкен – кіші буынның аузынан түспей айтылып келеді. Шәкірттердің ұстазына деген алғысы, сағыныш. Бұл әнді барлығыңыз да жақсы білесіздер. Мерекелік жиын үш буын өкілдерінің орындауында «Ұстазым» әніменен мәресіне жетті.
«Ұстазым» әніменен үш буын өкілдері.