Шардара
Шардара аудандық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің «Кәсіподақ күніне» орай, 2018 жылы 28 мамыр күні Т.Айбергенов атындағы мектеп-гимназиясында «Кәсіподақ күніне» байланысты жиналыс өтті.
Жиналысқа аудандық білім қызметкерлерінің бастауыш кәсіподақ комитетінің төрағалары, мектеп директорлары, зейнеткер ұстаздар, кәсіподақ ұйымының мүшелері қатысты.
Шардара аудандық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің маманы Н.Ахметқұлов баяндама жасады, ол 2017-2018 оқу жылында атқарылған жұмыстар туралы айтып, «Үздік еңбек инспекторы», «Үздік бастауыш кәсіподақ ұйымы», «Рәміздер-Отаншылдық сезімнің бойтұмары» атты өлең байқаулары өткізілгендігін айтып өтті.
Спорт түрлері волейболдан, стол теннисінен және дойбыдан спорттық жарыстар өткізілді.
Барлық жарыс жеңімпаздарына марапаттар тапсырылды. Жиналыс соңында «Үздік кәсіподақ ұйымының мүшелеріне», Шардара аудандық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің төрағасы Ұ.Жұманның мақтау грамоталары табыс етілді.
Мектеп өнерпаздары қатысуымен концерттік бағдарлама қойылды.