Қос мереке!!!
Қос мереке!!!
Ордабасы аудандық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен 2018 жылдың 09 маусым күні сағат 21.00-де Темірлан елді мекенінде орналасқан «Мирас» салтанат сарайында «10 маусым – Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар күні» мерекесі қасиетті рамазан айына тұспа-тұс келуіне орай бірінші бөлімі ауызашар ретінде аудан имамы шақырылып, ауыз ашу дұғасы оқылып, уағыз айтылды және ақшам намазы оқылды. Екінші бөлімі салтантты жиынға ұласты. Жиынға облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы Б.Еркінбек, аудан әкімінің орынбасары А.Оралбаев, 10 ардагер ұстаздар, жұмыс берушілер мен БКҰ төрағалары, ораза ұстаған кәсіподақ мүшелері қатысты.
Салтанатты жиынды ардагер ұстаздар Сейтхан Тасболатов пен Мәрия Зәйтүнқызы және аудан әкімінің орынбасары Азат Оралбаев ашып, аудан әкімінің алғыс хатымен 2017-2018 оқу жылының қорытындысы бойынша елеулі еңбектерімен республика мен облыста үздік деп танылған 5 мұғалім марапатталды.
Жиынды өз құттықтау сөзімен облыстық кәсіподақ комиетінің төрағасы Бақыт Сейтжаппарұлы мен Ордабасы аудандық кәсіподақ комитетінің кеңесшісі Замира Сабековна жалғастырып, «10 маусым – Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар күні» мерекесіне орай Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігі «Оңтүстік Қазақстан облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің «Кәсіподаққа сіңірген еңбегі үшін» белгісімен
Ордабасы аудандық білім бөлімінің басшысы Нұрабаева Шұға Тұрмаханбетқызын, әдіскері, БКҰ-ның төрағасы Сағынбек Ақмарал Мизамидинқызын, әдіскерлер Бәкір Тамара Бахрамқызын,Омарова Гульназ Айтбековнаны, Мұратбек Ұлтусын Құлбекқызын, С.Ысмайлов атындағы жалпы орта мектебінің педагог-психологы, зейнеткерлік жасқа жетіп, құрметті демалысқа шыққан Досмағанбет Бағдагүл Жүнісқызын, Ш.Уалиханов атындағы жалпы орта мектебінің мұғалімдері Арипова Сәрсенкүл Қойшытайқызы мен Тасбулатова Кулаш Ертаевнаны, – А.Шерімқұлов атындағы жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі, зейнеткерлік жасқа жетіп, құрметті демалысқа шыққан Алиакбарова Райхан Аширепхановнаны «Елеулі еңбегі үшін» төсбелгісімен және Ордабасы аудандық оқушылар үйінің қосымша білім беру педагогы Изтаев Жандар Пантайұлын құрмет грамотасымен марапаттады.
Сонымен қатар, 2018 жылдың 14-сәуір күні Қазығұрт ауданының Шарапхана ауылында «Ұлы шаңырақ» демалыс аймағында өткізілген «Наурыз» тойында белсенділік танытқаны үшін Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігі «Оңтүстік Қазақстан облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің «Кәсіподаққа сіңірген еңбегі үшін» белгісімен
- Шыршықбаева Нұржамал Ізбасарқызы-аудандық оқушылар үйінің директоры,
- Татпенова Қарлығаш Сейітханқызы-«Жұлдыздар мекені» б/б меңгерушісі,
- Исабеков Қасиет Қойшыманұлы – Абай ат.жалпы орта мектебінің мұғалімі
және құрмет грамотасымен
- Әбдібек Шырынкүл Берікқызы – «Самал» б/б меңгерушісі,
- Жүніс Перизат Бегманқызы-«Бүлдіршін» б/б меңгерушісі,
- 2. Искакова Асемкул Мырзабековна – «Ай-Ару» б/б әдіскері,
- Бейсенбай Берік Сағатбекұлы- Ордабасы аудандық мәдениет үйінің қызметкері мараптталды.
Ары қарай, білім бөлімінің басшысы Нұрабаева Шұға Тұрмағанбетқызы биылғы оқу жылында зейнеткерлік жасқа жетіп, құрметті демалысқа шыққан кәсіподақ мүшелерін марапаттап сыйлықтар табыс етті.
Қорытнды құттықтау сөз аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрағасы Әлдібек Шынасылұлына беріліп, 2017-2018 оқу жылының қорытындысы бойынша үздік ұстаздар білім және ғылым қызметкерлерінің Ордабасы аудандық кәсіподақ комитетінің алғыс хатымен
- Тасбауова Назифа Кенесовна– М.Исламқұлов атындағы жалпы орта мектебінің информатика пәнінің мұғалімі,
- Оразбай Ғани Қалмұрзаұлы-«Жусансай» жалпы орта мектебінің биология пәнінің мұғалімі,
- Достаева Меруерт Ерболгановна-Ә.Молдағұлова атындағы негізгі орта мектебінің физика және математика пәнінің мұғалімі,
- Иманбет Күлсия Мұсақұлқызы – «С.Ысмайлов» атындағы жалпы орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі,
- Жора Дариға Тәженқызы-«Төрткүл» жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімін марапаттады.
Комитет төрағасы жиынның қадірлі қонақтары ардагер ұстаздарды отырған орнында комитет атынан алғыс хат пен гүл шоқтарымен құттықтап және жиынға қатысушы барлық кәсіподақ мүшелеріне «сәресі» таратылды.
Мерекелік салтанатты жиын концерттік бағдарламамен жалғасып, өз мәресіне жетті.