«KitapХАН» кітап оқу байқауы

2025 жылғы 21 мамыр күні Білім беруді дамыту орталығының ұйымдастыруымен Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған облыстық “KitapХан” кітап оқыту әдісінің финалдық кезеңі өтті.
Сайысқа 5-7, 8-11 сыныптар арасынан барлығы 16 оқушы қатысып, бақтарын сынады.
Қазылар алқасының шешімімен 5-7 сыныптар арасында Арыс қаласы, “Жиделі” ЖББМ оқушысы – Жәнібек Інжу, 8-11 сыныптар арасында Келес ауданы, Б.Момышұлы атындағы ЖББМ оқушысы – Абдували Әділет жеңімпаз деп тынылды. Барлық финалдық кезеңге өткен оқушыларға облыстық кәсіподақ ұйымы атынан арнайы сыйлықтар табысталды.
Кітап – рухани қазына, баға жетпес құндылық. Осындай үлкен маңызға, рухани құндылыққа толы байқаудың арқасында сол құндылыққа жақын болып, сүйіспеншілік танытып, жанына тұрақты серік ететін оқушыларымыз, кітап сүйер оқырмандарымыз артады деп сенеміз.
2025 жылғы 22 мамыр күні Қазақ даласының ұлы ойшылы, ақын Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай ұйымдастырылған «KitapХАН» кітап оқыту әдісі финалдық кезеңінің екінші күні білім беру ұйымдарының басшылық құрамы, педагогтар мен ата-аналардың қатысуымен өтті.
Сайысқа қатысушылар аты әлемге, қазақ даласына танылған ұлы тұлғалардың еңбектерін, тамаша туындыларын саралап, талдап, жиналған кітап сүйер оқырман көкейіне жеткізуге тырысты.
Қазылар алқасының әділ шешімімен сайыс қорытындысы бойынша:
Басшылық құрам бойынша – Созақ ауданы, аудандық білім бөлімінің әдіскері – Бөкенова Зәуре;
Педагогтар арасынан – Сауран ауданы, Ә.Сығай атындағы ЖББМ мұғалімі Елубай Гүлсім;
Ата-аналар арасынан – Бәйдібек ауданы, Сапарбекова Мөлдір жеңімпаз атанды.
Облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы Б.Еркінбек сайысқа қатысушыларға өз жылы лебізін, құттықтауын білдіріп, марапаттар тапсырды.
Сайыс соңында барлық қатысушылар Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің Алғыс хаты, облыстық білім басқармасының, Білім беруді дамыту орталығының Құрмет грамоталары және Алғыс хаттарымен марапатталды.
Бұл сайыс кітаптың адам өміріндегі алар орны, үлкен маңызға, құндылыққа толы дүние екендігін көрсетіп, елдің кітапқа қызығушылығын арттырып, оқырмандар қатарын едәуір ұлғайтты.
Түркістан облыстық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.












