Құрметті әріптестер білім саласының қызметкерлері!

Құрметті әріптестер білім саласының қызметкерлері!

Құрметті әріптестер білім саласының қызметкерлері!

Сіздерді Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы атынан Республикамыздың әр азаматы үшін айтулы мереке – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Республика күні 1990 жылғы 25 қазан Қазақстанның егемендігі мен тәуелсіздігіне батыл қадам жасалып, декларация қабылданған күн. Қабылданған декларация Қазақстанның болашақ тәуелсіздігінің іргетасы саналды. Сол уақыттан бері мемлекетіміз өтпелі кезеңнің қиыншылықтарына төтеп бере отырып, даму мен өркендеу жолында келеді.

Әлемдегі жоғары дамыған өркениетті мемлекеттермен тәуелсіз Қазақстан терезесі тең, беделі жоғары, болашағы зор мемлекет болып қалыптасты. Мәдениетіміз, өнеріміз, экономикамыз, білім мен ғылымымызбен өркениетті мемлекеттердің қатарына қосылдық.

Құрметті әріптестер, білім саласының қызметкерлері!

Еліміздің тұрақты дамуы мен кемелденуі жолындағы еңбектеріңіз табысты, барлық бастамаларыңыз сәтті болсын.

Осындай маңызы бар тарихи күнде еліміздің туы асқақтап, келешегі өркейе берсін. Сіздерге мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, сәтті күндер мен зор жетістіктер тілеймін!

Ізгі ниетпен,

Облыстық кәсіподақ

комитетінің төрағасы Б.Еркінбек

Облыстық мұғалімдер спартакиадасы мәреге жетті!

Түркістан облысының Адами әлеуетті дамыту басқармасы, Түркістан облысы Білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы және Түркістан облысының Білім беруді дамыту орталығының ұйымдастыруымен дәстүрлі «Мүғалімдердің облыстық спартакиадасы» өз мәресіне жетті. Спорттың волейбол, кіші футбол, үстел теннисі түрлері бойынша өткен жарыстың іріктеу сайыстары аудан, қалаларда өткізілсе, ақтық жарыс Түркістан қаласының бірнеше білім беру ұйымдарында 18.10.2022 ж. күні болып өтті. №28 мектеп-лицейінің спорт залында өткізілген Ашылу салтанатында облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы Б.Еркінбек сөз сөйлеп, спортты жанына серік еткен мұғалімдерге сәттілік тіледі.
Жарысқа аудандары мен қалаларынан 104 спортшы бақ сынасты. Спорт алаңдарындағы сайыстар өте тартысты басталып, жарысқа қатысушылар өздерінің өнерлерін жоғары дәрежеде көрсетті. Жарыстың қорытындысы бойынша:

Спорттың волейбол түрі бойынша (ерлер):
І орын – Сайрам ауданы;
ІІ орын – Арыс қаласы;
ІІІ орын – Жетісай ауданы.

Спорттың волейбол түрі бойынша (әйелдер):
І орын – Түркістан қаласы;
ІІ орын – Сарыағаш ауданы;
ІІІ орын – Бәйдібек ауданы.

Спорттың кіші футбол түрі бойынша:
І орын – Түркістан қаласы;
ІІ орын – Түлкібас ауданы;
ІІІ орын – Шардара ауданы.

Спорттың үстел теннисі түрі бойынша (2 ер, 1 әйел):
І орын – Сауран ауданы;
ІІ орын – Шардара ауданы;
ІІІ орын – Отырар ауданы.

Командалық есеп бойынша:
І орын – Түркістан қаласы;
ІІ орын – Сайрам ауданы;
ІІІ орын – Сауран ауданы

сайыс жеңімпаздары атанып, марапаттарға ие болды. Жарыс жеңімпаздарына марапатты облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы Б.Еркінбек, облыстық Адами әлеуетті дамыту басқармасының бас маманы Қ.Арап және облыстық Білім беруді дамыту орталығының директоры Б.Төлімбет табыстады. Ұстаздар арасында өткен осынау жарыстың нәтижесінде қазақ спортының мәртебесі көтерілді. Болашақ ұрпақты спортқа баулып, олардың бойында ұлттық рухты қалыптастыру мақсатында өткізілген дәстүрлі түрде өткізіліп отырады. Ұстаздарымыздың бүгінгі жеңістері құтты болсын!

Облыстық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Облыстық мұғалімдер спартакиадасы мәреге жетті! Облыстық мұғалімдер спартакиадасы мәреге жетті! Облыстық мұғалімдер спартакиадасы мәреге жетті! Облыстық мұғалімдер спартакиадасы мәреге жетті! Облыстық мұғалімдер спартакиадасы мәреге жетті! Облыстық мұғалімдер спартакиадасы мәреге жетті! Облыстық мұғалімдер спартакиадасы мәреге жетті!

Кәсіподақтар күні мерекесі салтанатты түрде аталып өтті!

Елімізде 10 қазан – Қазақстан кәсіподақтары күні болып бекітілген. Осынау даталы мерекені «Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» Қоғамдық бірлестігі салтанатты түрде атап өтті. Мерекелік іс шара үстіміздегі жылдың 14 қазаны күні Түркістан қаласындағы «Оқушылар сарайында» өткізілді.

Қазіргі кәсіподақтардың қозғалыстары еңбеккерлердің жұмыс орнындағы құқықтары мен еңбек қауіпсіздігінің сақталуын, лайықты еңбекақы мен әлеуметтік кепілдіктер алуын қамтамасыз етеді.

Кәсіподақ ұйымының жетекшілері мен жұмысшылары, қозғалыс белсенділері өздерінің уақыттары мен күш-жігерін еңбек адамының құқығының сақталуына жұмсап жүрген қайраткерлер. Олардың өмірлік ұстанымдары мен ұйымдастырушылық қабілеттері, шығармашылық күш-қуаттары өңіріміздегі білім саласы қызметкерлерінің өмір сапасын арттыруға бағытталған.

Біздің облыстық кәсіподақ ұйымы 1934 жылы құрылып, 90 жылға таяу тарихы бар, мүшелер саны мен құрылымы бойынша облыстағы және республикадағы ең ірі қоғамдық бірлестік болып отыр.

Тәуелсіздік жылдары облыстық кәсіподақ комитеті мүшелер саны және құрылымы жағынан өсіп, нығайды. Кәсіподақ жұмысының әдістеріне жаңғырту жүргізілді. 1991 жылы 867 бастауыш кәсіподақ ұйымы, олардың құрамында 56 мың кәсіподақ мүшесі болса, қазір 1367 бастауыш кәсіподақ ұйымы мен 100 мыңнан аса кәсіподақ мүшесі бар. Облыстық кәсіподақ ұйымының облыстағы барлық аудандар мен қалаларда құрылған 17 филиалы жұмыс атқарады.

Кәсіподақ жұмысының негізгі бағыттарының бірі және маңыздысы – әлеуметтік әріптестікті дамыту және нығайту. Облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасы мен облыстық кәсіподақ комитеті арасында әлеуметтік әрііптестік туралы келісім түзілген. Осы келісім негізінде тараптар бірлесіп көптеген іс-шараларды бірлесіп өткізіп келеді.

Салтанатты жиналыс Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұранын орындаумен басталып, облыстық кәсіподақ комитетінің жұмысы туралы бейнеролик көрсетілді.

Алғы сөзді облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы Б.Еркінбек алып, кәсіподақ органының атқарған жұмыстары туралы қысқаша баяндай келе, қатысушыларды кәсіби мерекемен құттықтады. Б.Еркінбек іс шараға шақырылған кәсіподақ ардагерлеріне бағалы сыйлықтар тапсырды. Сондай-ақ, кәсіподақ белсенділері – озат мұғалімдерге облыс әкімінің, облыстық мәслихаттың, «АMANAT» партиясының, облыстық Адами әлеуетті дамыту басқармасының алғыс хаттары мен құрмет грамоталары, бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Мерекелік іс шара концерттік бағдарламаға ұласып, облысымыз бен республикамызға танымал өнерпаздар мен өнер ұжымдары өз өнерлерін көрсетті.

Салтанатты жиын Е.Хасанғалиевтің «Атамекен» әнін орындаумен аяқталды. Халқымыздың сүйікті әнін өнерпаздармен бірге залда отырған мереке қатысушылары қосыла орындады.

Облыстық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Кәсіподақтар күні мерекесі салтанатты түрде аталып өтті! Кәсіподақтар күні мерекесі салтанатты түрде аталып өтті! Кәсіподақтар күні мерекесі салтанатты түрде аталып өтті! Кәсіподақтар күні мерекесі салтанатты түрде аталып өтті! Кәсіподақтар күні мерекесі салтанатты түрде аталып өтті! Кәсіподақтар күні мерекесі салтанатты түрде аталып өтті! Кәсіподақтар күні мерекесі салтанатты түрде аталып өтті!

Кәсіподақ белсенділері марапатталды!

Қазан айының 10 күні «Ордабасы» ақпарат орталығында, Ордабасы аудандық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің төрағасы Қ.Төлебаев білім саласында еселі еңбек етіп жүрген кәсіподақ белсенділерін Қазақстан Республикасының кәсіподақтар күні мерекесіне орай құттықтап, Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы мен «Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» Қоғамдық бірлестігінің грамоталарымен және «Кәсіподаққа еңбегі сіңген қызметкер» төсбелгілерімен марапаттады.

Ордабасы аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі

Кәсіподақ белсенділері марапатталды!Кәсіподақ белсенділері марапатталды!Кәсіподақ белсенділері марапатталды!Кәсіподақ белсенділері марапатталды!Кәсіподақ белсенділері марапатталды!

Мерекелік іс шара

Түлкібас ауданының Мәдениет сарайында «Мұғалімдер күні және кәсіподақтар күні» мерекесіне орай «Кәсібім менің мақтанышым» деп қуанышпен айтатын, шәкірттерді білім нәрімен сусындатып, олардың өмірден орын табуына жол көрсетіп, аянбай еңбек етіп жүрген ұстаздарды ұлықтау мерекесі өткізілді.

Мерекелік іс- шараға аудан әкімі Н. Байғұтов, мәслихат хатшысы С. Сейсенбаев, Аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Е. Қадырбек, аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Д. Абишев, еңбек ардагерлері қатысып құттықтау айтып тиісті марапаттаулар табысталды.

Мереке аудан мектептерінің өнерпаз мұғалімдерінің концертінен жалғасын тапты.

Аудандық кәсіподақ комитінің баспасөз қызметі.

Мерекелік іс шара Мерекелік іс шара Мерекелік іс шара Мерекелік іс шараМерекелік іс шара

«ҰСТАЗ ЖОЛЫ – ҰЛЫ ЖОЛ»

Түркістан облысы Арыс қалалық мәдениет үйінде “Ұстаз жолы-ұлы жол!” атты мерекелік іс-шара өтті. «Алты Алаштың басы қосылса, төр-мұғалімдікі…» (М.Жұмабаев)

Салтанатты іс-шараны қала әкімі Құрманбекова Гүлжан Мамытқызы ашып, білім саласының қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады және қалалық маслихат хатшысы Байтанаев Амантай Алтынбекұлы, қалалық адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Момбеков Әшімхан Тілеуханұлы білім саласында еселі еңбек етіп жүрген ұстаздарды құттықтап, ардагер ұстаздарымызға бүлдіршіндеріміз гүл шоқтарын ұсынды. Ұстаздарымызға бүгінгі мерекеде «Құрмет грамотасы», «Алғыс хаттары» және төс белгілері табысталды.

Мерейлі мерекеде ұстаздардың марапатталғаны әріптестеріміз үшін үлкен қуаныш, – деді Арыс қаласы адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Момбеков Әшімхан Тілеуханұлы.

Арыс қалалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрағасы Мухаев Жұматай Ишантайұлы құттықтау сөз сөйлеп және «Арыс ақиқаты» газетінің журналисті Әбдіков Темірхан Қыстаубайұлы мектептің педагог қызметкерлеріне «Ұстаздарға арналған жыр жолдары» өлеңін арнап ізгі тілегін жеткізді.

Салтанатты шара соңы қаламыздың өнерпаздарымен қатар ұстаздар мен мектеп оқушыларының мерекелік концертімен қорытындыланды.

Арыс қалалық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

«ҰСТАЗ ЖОЛЫ – ҰЛЫ ЖОЛ»

«ҰСТАЗ ЖОЛЫ – ҰЛЫ ЖОЛ»«ҰСТАЗ ЖОЛЫ – ҰЛЫ ЖОЛ»«ҰСТАЗ ЖОЛЫ – ҰЛЫ ЖОЛ»

Ұстаздар, еңбектеріңізге рақмет!

Қазан айының алғашқы жексенбісі ұстаздар күні. Ыбырай салған сара жолды таңдаған мамандық иелеріне ерекше құрмет көрсетіледі. Кәсіби мейрамдары қарсаңында Сауран ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен ұстаздар қауымына арналған салтанатты іс-шара өтті. Аудан әкімі Рысбеков Ғани Құрмашұлы “Ұстаздық қызмет – әлемдегі ең абыройлы мамандық” екенін атап өтіп, ізгі тілегін білдірді.

Сауран аудандық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің төрайымы Рысбекова Фатима: – Ұстаз деген мектептің жүрегі, мектеп айнасы. Сіздер тек білім беріп қана қоймай, балаға тәрбие беріп, өмір жолына шығарасыздар. Сол балалар сіздерге қуаныш әкеліп, биіктен көріне берсін,-деп жүрек жарды ізгі тілегін жеткізді.

Іс-шара ары қарай марапаттау миссиясымен жалғасын тауып, білім беру саласында жас жеткіншектердің тәрбиесі мен кемел келешегіне ықпал етіп, сапалы білім және саналы тәрбие берудегі сіңірген еңбегі үшін бірқатар ұстаздар «Кәсіподаққа еңбегі сіңген» төс белгісі және аудандық әлеуетті дамыту бөлімінің алғыс хатымен марапаттады.

Балабақша бүлдіршіндері, мектеп оқушылары, жас мамандар қонақтарға ән айтып, би билеп, мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Сауран аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Ұстаздар, еңбектеріңізге рақмет! Ұстаздар, еңбектеріңізге рақмет! Ұстаздар, еңбектеріңізге рақмет! Ұстаздар, еңбектеріңізге рақмет!

Мерекелік іс шара

Отырар аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімі мен кәсіподақ комитеті «Мұғалімдер күні мен Кәсіподақтар күні» мерекелерін аудандық мәдениет сарайында салтанатты түрде атап өтті. Мерекелік іс шараны аудан әкімі С. Сұлтанханов ашып, ұстаздарды мерекемен құттықтады және озат ұстаздарды марапаттады. Аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрағасы Е. Қасым қос мерекемен ұстаздарды құттықтап, кәсіподақ активтерін марапаттады. Жиынға ардагер ұстаздарда шақырылды, оларға мерекелік сыйлықтар мен гүл шоқтары тапсырылды.

Отырар аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.Мерекелік іс шара

Мерекелік іс шараМерекелік іс шараМерекелік іс шараМерекелік іс шараМерекелік іс шара

Мерекелік іс шара

Сарыағаш ауданындағы Қызылжар ауылының Мәдениет үйінде Мұғалімдер күні мерекесі салтанатты атап өтілді. Салтанатты шараға аудан әкімі М.Отаршиев, аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің міндетін қоса атқарушы Д.Акатов, аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Ә.Тастанбеков мырзалар Ұстаздар мерекесімен шын жүректен құттықтап, ұстаздарға деген ыстық лебіздерін білдіріп, салтанатты шарада мұғалімдерді Оқу-ағарту министрінің Алғыс хатымен, Облыс әкімінің алғыс хатымен, Облыстық мәслихаттың Алғыс хатымен, аудан әкімінің Алғыс хатымен, Облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының Құрмет граматасымен, Облыстық кәсіподақ комитетінің “Кәсіподаққа еңбегі сіңген қызметкері” төсбелгісімен, Облыстық кәсіподақ комитетінің Құрмет грамотасымен, және аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің Алғыс хаттарымен марапаттап, бағалы сыйлықтар табыстады.

Салтанатты мерекеге ауданның ардагер ұлағатты ұстаздары, мектеп басшылары, білікті ұстаздары шақырылды. Мерекелік іс-шарада концерттік бағдарламалар, қойылымдар қойылып, ұстаздар көтеріңкі көңіл күймен тарқады. Ұстаздар мерекесі жоғары деңгейде өткізілді.

Сарыағаш аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Мерекелік іс шара Мерекелік іс шара Мерекелік іс шара Мерекелік іс шара Мерекелік іс шара

1 45 46 47 48 49 84