ЕРЕН ЕҢБЕГІ ҮШІН МҰҒАЛІМДЕР МАРАПАТТАЛДЫ

11 мамыр күні Түркістан қаласы білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрайымы Г.Төрежанованың бастамасы бойынша, марапат алатын қалалық кәсіподақ активіне марапаттар облыстық әкімшілік ғимаратының «Б» корпусындағы Түркістан облыстық кәсіподақ комитетінің кабинетінде жүргізілді.

Жиында «Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ төрағасының орынбасары А.Абуов Түркістан қалалық кәсіподақ ұйымы активіне «Мәртебе» білім және ғылымның салалық кәсіптік одағы» ҚБ «Құрмет грамотасын, Түркістан облыстық кәсіподақ комитетінің «Кәсіподаққа сіңірген еңбегі үшін» төс белгілері мен Құрмет грамоталарын, Түркістан қалалық адами әлеуетті дамыту бөлімі мен қалалық кәсіподақ комитетінің бірлескен Құрмет грамотасы мен қалалық кәсіподақ комитетінің Құрмет грамоталарын табыстады.

А.Абуов облыстық кәсіподақ комитетінің соңғы уақытта атқарылған жұмыстары туралы кәсіподақ активіне ақпарат беріп, олардың сұрақтарына жауап берді.

Аталған шараға облыстық және қалалық кәсіподақ комитеттерінің мамандары Б.Қилыбай, Ә.Мақұлбекова, Ф. Дадабаев қатысты.

 

Түркістан қалалық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі

Әдістемелік оқыту семинары

2023 жылғы 11-мамыр күні Ордабасы аудандық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитеті, аудандық «Жастар ресурстық орталығының» мәжіліс залында, «Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» Қоғамдық бірлестігінің Жарғысының 3.18. пункітіне сәйкес және №19, 36 ақпараттық бюллетендерін басшылыққа ала отырып, бастауыш кәсіподақ ұйымы қызметінің мәні, принциптері, мақсаты мен міндеттерін тиімді ұйымдастыру, жұмысын жетілдіру мақсатында бастауыш кәсіподақ ұйымы төрағаларының қатысуымен «Бастауыш кәсіподақ ұйымы жұмысының негізгі бағыттары» тақырыбында әдістемелік оқыту семинарын өткізді.

Комиет төрағасының кеңесшісі Ә.Сәдірмек күн тәртібіндегі негізгі мәселе облыстық кәсіподақ комитетінен келген №19, 36 ақпараттық бюллетендер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, сұрақтарға жауап берді.

Кәсіподақ комитетінің төрағасы Қ.Төлебаев семинарды қорытындылап, жұмыскерлердің әлеуметтік-экономикалық құқығын қорғауда жұмыстың тиімді жолдары басты назарға алынып, әлеуметтік-әріптестік қатынаста жұмыс жасауды жүзеге асыру, кәсіподақ қозғалысын насихаттау жұмыстарын жандандыру және құжаттармен жүйелі жұмыс жүргізуге барынша назар аудару тапсырылды. Сонымен қатар бастауыш кәсіподақ ұйымы төрағаларына аудандық кәсіподақ комитетімен бірлесе отырып, кәсіподақ мүшелерінің жазғы сауықтыру жұмысын тиімді ұйымдастыруды жүктеп, бірқатар ағымдағы мәселелер бойынша қойылған сұрақтарға жауап берді.

Ордабасы аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Мереке

9 мамыр-Жеңіс күні мерекесіне орай білім саласының Ұлы Отан соғысының ардагері Жылысбаев Мырзахмет қарияның шаңырағында Созақ ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Н.Айдаров және аудандық кәсіподақ комитетінің қызметкерлері, Созақ аудандық маслихатының депутаты Рабиға Шамақызы ардагердің отбасында болып, арнайы мерекесімен құттықтап, ілтипат көрсетті.

Созақ аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Ерлікке тағзым !!!

Аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Ұ.Жұман Ұлы жеңістің 78 жылдық мерекесін Шардара ауданы, Қ. Тұрысбеков ауылындағы Абылай Әлімбетов атындағы жалпы орта мектебінен бастады.

Кеңес одағының батыры Абылай Әлімбетов атамыздың ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, тағзым жасады.

Жиналған барлық ауылдастарды, мектеп ұжымын кәсіподақ ұймының атынан ыстық лебізіміздерін білдірді.

Жеңіс туралы әндермен басталып, батырларымызға арналған өлең шумақтары оқылды.

Естелік суреттерге түсіп, батырға арналған мұражайды тамашалады.

Шардара аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Семинар

Шардара ауданы, Шардара мектеп – лицейінде өтіп жатқан Түркістан облыстық адами әлеуетті дамыту бөлімінің әдістемелік орталығының арнайы ұйымдастыруымен өтіп жатқан әдістемелік десанттың семинарына аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Ұ.Жұман қатысып алғыс айтып, ұсыныс пікірлерін айтты.

Облыстан келген әдістемелік орталық мүшелері кәсіподақ комитетінің төрағасына семинарға қатысқанына ризашылықтарын білдіріп алдағы уақытта да бірге жоспарланған ігі іс шараларды атқаруға келісті.

Шардара аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Мерекелік іс-шара.

С.Асанов атындағы №38 жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 7 мамыр Отан қорғаушылар күні мен 9-мамыр – Ұлы Жеңіс Күніне орай «Қайран ерлер, Қаһарман Ардагерлер » атты салтанатты мерекелік іс-шара өткізілді.

7- 9-мамыр – бүкіл дүниежүзі бойынша үлкен мейрам. Әсіресе, бұл мерекені екінші дүниежүзілік соғыстың бар ауыртпалығын өз мойнымен көтеріп, Отан үшін от кешіп, соғыстың қанға бөккен даласында қайсарлықпен шайқасқан, Жеңістің туын желбіреткен, Ұлы Отан соғысының ардагерлері үшін ерекше мейрам. Бүгінгі мерекелік шарамыз ардагерлер мен құрбан болған аталарымыз бен әкелеріміздің, мәңгі жас болып, жадымызда сақталған жауынгерлер мен офицерлер рухына, бейбіт кезеңде дүниеден өткен ардагерлерге, бүгінде ортамызда жүрген ардагерлеріміздің құрметіне арналды.

Жетісай аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Кәсіподақ белсенділері марапатталды!

2023 жылғы Мамырдың 05 күні Ордабасы аудандық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің төрағасы Қ.Төлебаев, аудандық кәсіподақ комитетінде білім саласында еселі еңбек етіп жүрген кәсіподақ белсенділерін 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мерекесіне орай құттықтап, Аудан әкімінің, Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының, ««Мәртебе» білім және ғылымның салалық кәсіптік одағы» Қоғамдық бірлестігінің және «Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» Қоғамдық бірлестігінің «Кәсіподаққа еңбегі сіңген қызметкер» төсбелгісімен марапаттады.

Ордабасы аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Аудандық іс шарасы

28 сәуір «Дүниежүзілік еңбекті қорғау» күніне орай, салауатты өмір салтын насихаттау барысында, Түркістан облысы Келес ауданының Адами әлеуетті дамыту бөлімі мен Білім және Ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитеті ұйымдастыруымен 2023 ж. 29 сәуір күні ортамыздан кеткен ұстаздық жолда еңбегі ардақталған білікті басшы, кәсіподаққа еңбегі сіңген ұлағатты ұстаз Айткулов Пердебай Әкімбайұлын еске алуға арналған ерлер мен әйелдер арасындағы «Волейбол » спорт ойынынан Аудандық жарыс өткізілді.

Шараны ұйымдастырудағы басты мақсат-Тәуелсіздікті дәріптеу, бұқаралық спортты дамыту және насихаттау, салауатты өмір салтын насихаттау, білім беру мекемесінің қызметкерлерін дене шынықтырумен және спортпен белсенді насихаттауға тарту, жарысқа қатысатын қызметкерлер арасындағы достық қарым-қатынастарды күшейту болып табылады.

Келес аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Н.Артыков алғы сөз сөйлеп, өз сөзінде: «Құрметті бүгінгі іс шараға жиналған қауым! Қош келдіңіздер! Бүгінгі үлкен іс шара ортамыздан өткен білім беру саласының үздігі, өмірінің соңғы күндеріне дейін мектеп директоры қызметін абыроймен атқарған бауырымыз Пердебай Әкімбайұлына арнап еске алу мақсатында аудандық жарыс ұйымдастырылып отыр. Жаткан жері Жаны жәннәттан болсын.

Аға буынның, жастардың зор құрметіне ие болған, қай ортада өзіндік орны бар, мәртебелі төрі болатын. Әрине дүниеден ерте озғаны өкінішті, оның көзін көрген сыйлас, сырлас азаматтар бар кезде оның аты өшпейді деп сенеміз.

Артынан қалған жеңгеміз, ұл-қыздары ғұмырлы болсын.

Ал бүгінгі жарысқа қатысып отырған барша командаларға, кәсіподақ мүшелеріне сәттілік.

Бастамамызға қолдау білдірген, барша азаматтарға, қатысушы командаларға ризашылығымды білдіремін.» деп барлық қатысушыларға Жеңіс,сәттілік тілеп, іс-шараны ашып берді.

Түскі уақытта құран бағышталып, жарысқа қатысушы ойыншыларға түскі ас берілді.

Тартысты өткен Аудандық жарыс қорытындысы бойынша «Волейбол» ойынынан Ерлер командасынан:

І орын – «Алпамыс батыр» а/ә ;

ІІ орын – «Ошақты» а/ә;

ІІІ орындарды – «Ұшқын» а/ә

Әйелдер командасынан:

І орын – «Қошқар ата» а/ә ;

ІІ орын – «Ұшқын » а/ә командасы

ІІІ орынды – «Абай» ауыл әкімшіліктері иеленді.

Командалық ұтыспен ұтқан жеңімпаздар кубок, ақшалай сыйлық 50000тг, 40000тг, 30000тг және 15000тг сертификаттары мен Келес аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімімен бірлескен кәсіподақ комитетінің құрмет грамотасымен марапатталады.

Жарыс кезінде тиянақты шабуыл жасалып, сауатты қорғаныс көрсеткен ойыншылар әр ұпай үшін жанталасып, команданың жеңісі жолында аянып қалмаған, ауыл әкімшілік командасы ішінен ерекше ойындармен көзге түсіп, қызық ойын көрсеткен жарыс қатысушылары Номинациялық құрмет грамотасымен марапатталды. Олар :

«Үздік қорғаушы»

  1. Айтжанов Жандос «Бірлесу» а/ә командасынан
  2. Нысанбаева Жұлдыз «Ұшқын» а/ә командасынан

«Үздік үйлестіруші»

  1. Караманов Нургиса «Жамбыл» а/ә командасынан
  2. Нысанбаева Гулназ «Біртілек» а/ә командасынан

«Үздік шабуылшы»

Урумбаев Әмір «Ақтөбе» а/ә командасынан

Әбубәкір Ақбөпе «Қошқар ата» а/ә командасынан иеленді.

Белсенділігі үшін де марапатталған ойыншылар:

Әбдурахман Самат №2 «Ө.Жәнібеков» атындағы мектеп гимназиясынан үздік жаттықтырушы;

Жұмабаев Бағдат №12 «Р.Әлібекұлы» атындағы жобб кмм үздік төреші

Орманов Нурсеит №8 «Т.Бегманов » жоббм кмм

Тұрсын Қаныбек №49 «Қоңыртөбе» жоббм кмм

Сенбиев Нурлан №18 «С.Қожанов» жоббм кмм

Нысан Жанболат №18 «С.Қожанов» жоббм кмм

Жусипова Мадина №2 «Ө.Жәнібеков» атындағы мектеп гимназиясы

Тәліп Гулзира №10 Игілік жоббм кмм

Жарыс заңы ежелден, Жеңімпазды анықтау Жеңімпаз болу шарты сол-Еңбектену, жалықпау

Біреу озса жарыста, Біреу артта қалады Жүзден жүйрік шыққанда,

Мыңнан тұлпар озады, дей отыра аудандық жарыс өз мәресіне жетті. Қызықты, тартысты ойын болды.

 

Келес аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Семинар болып өтті

Кентау қалалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен, Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағының жұмыс жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 03 мамыры күні Кентау қаласындағы Ю.Гагарин атындағы №16 политехникалық мектеп-лицейінің акт залында Кентау қалалық адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты білім беру ұйымдарының басшылары, мен басшы орынбасарлары на, әдіскерлеріне, қоғамдық еңбек инспекторлары мен бастауыш кәсіподақ комитеті төрағаларына “Білім беру ұйымдарында еңбек заңнамасының сақталуы”, “Келісу комиссиясының жұмысын ұйымдастыру” тақырыптарында оқу-семинары өткізілді. Оқу семинарына 98 кәсіподақ мүшелері қамтылып, сертификатталды. Қатысушыларғаоқу әдістемелік нұсқаулықтар таратылды. Оқу семинарында Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағының бөлім басшысы-заңгері Ақбердиев Ғабит Кенесұлы тақырып бойынша кең көлемде түсіндірме жүргізіп, сұрақтарға жауап берді. Облыстық білім беруді дамыту орталығының әдіскері Касымбаева Бибігүл Шарапқызы Білім беру үдерісіндегі нормативті құқықтық құжаттар, мектеп басшыларының, орынбасарларының және мұғалімдердің аттестациялануына байланысты өзгерістер, біліктілік талаптары туралы тақырыптық баяндама жасап, қатысушыларды толғандырып жүрген мәселелер, сұрақтар төңірегінде қызу талқылаулар жүрді.

Семинар қорытындысында жоғары жетістіктерге жетіп жүрген белсенді кәсіподақ мүшелері республикалық және облыстық дәрежедегі алғыс хаттармен, төсбелгілермен марапатталды.

Облыстық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Түркістан облыстық кәсіподақ ұйымы атқару комитетінің кезекті кеңейтілген мәжілісі өтті.

2023 жылғы 28 сәуір күні «Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ атқару комитетінің кеңейтілген мәжілісі өткізілді.
Мәжіліске атқару комитетінің мүшелері, аудандық және қалалық кәсіподақ комитеттерінің төрағалары және кәсіподақ активі қатысты.
Атқару комитетінің мәжілісін облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы Б.Еркінбек ашып, жүргізіп отырды. Б.Еркінбек мәжіліске қатысушыларды күн тәртібімен таныстырды, күн тәртібі бекітілді.
Атқару комитеті мәжілісінде «Түркістан облыстық кәсіподақ комитетінің 2022 жылы атқарылған жұмыстары туралы» облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы Б.Еркінбек баяндама жасады. Есепті кезеңде жоспарға сәйкес облыстық кәсіподақ комитетінің пленумы, атқару комитетінің 4 кеңейтілген мәжілісі өткізілді. Кәсіподақ қызметінің негізгі бағыттары бойынша жұмыстар атқарылды, кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік-экономикалық және еңбек құқықтарын қорғау жөнінде іс шаралар ұйымдастырылды, кәсіподақ активімен семинарлар өткізілді. Облыстық кәсіподақ комитеті Түркістан қаласында «Еңбек күніне», «Кәсіподақтар күніне» арналған облыстық деңгейдегі іс-шаралар өткізді. Облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасымен бірлесіп «Ұстаз барысы» облыстық спорт жарысы, «Білім беруді дамыту орталығымен» бірге оқушылардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру мақсатында «КitapХАН@» кітап оқу жарысы өткізілді. Аудандық және қалалық кәсіподақ комитеттері облыс бойынша озат математика мұғалімдеріне математика пәнінің жаңартылған оқулықтарының 120-дан астам комплектін алуға демеушілік жасады. Баяндаманы талқылау бойынша Сарыағаш, Мақтаарал, Түлкібас аудандық, Арыс, Кентау қалалық кәсіподақ комитеттерінің төрағалары Ә.Тастанбеков, А.Жолдасов, Д.Абишев, Ж.Мухаев және Т.Садуов сөйледі.
Түркістан облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасы кадр бөлімінің басшысы Р.Жайлаубай кәсіподақ активіне білім беру саласындағы басшы кадрларды іріктеу, қызметке қою, ротация жасау және ауыстыру мәселелері бойынша түсіндірме жасады, сұрақтарға жауап берді.
Облыстық кәсіподақ комитетіне 2022 жылы кәсіподақ мүшелерінен түскен хаттар, арыз-шағымдар мен өтініштерді қарау қорытындылары жайлы облыстық кәсіподақ комитетінің бөлім басшысы Ғ.Ақбердиев хабарлама жасады.
Атқару комитетінің кеңейтілген мәжілісі қаралған мәселелер бойынша тиісті қаулылар қабылдады.
Атқару комитеті мәжілісінде облыстық кәсіподақ комитетінің ағымдағы жұмыстары бойынша пікір алысу жүргізілді.

Облыстық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

 

1 43 44 45 46 47 90