Құттықтау 22-наурыз

Құттықтау 22-наурыз

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!

 

          Сіздерді Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!

         Наурыз – жылдың басы, күн мен түннің теңелер шағы. Тамырын тереңнен тартқан осынау мейрам – береке мен бірліктің, тазалық пен татулықтың тұғырын нығайтып, риясыз шаттық пен қуанышқа кенелтер ұлы мереке.

 Бұл күн тіршіліктің, дәстүрлі құндылықтар аясында бірігіп, игілікті жаңа бастауларға ниет білдірудің нышаны.

Күннің алғашқы нұры әрбір шаңыраққа бақ береке, өзара түсіністік пен болашаққа деген сенімділік әкелсін!

Баршаңыздың дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға шаттық, отбасылыраңызға амандық, ырыс пен ынтымақ тілеймін!

 

         Ортақ үйіміз – Қазақстан Республикасы гүлдене берсін!

 

 

Құрметпен,

Қазақстандық салалық білім және

ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының

Түркістан облыстық ұйымының төрағасы                          Б.Еркінбек

Құттықтау 8 наурыз

Құттықтау 8 наурыз

Құрметті кәсіподақ комитетінің арулары !

Сіздерді  Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы Түркістан облыстық комитеті  атынан жыл мезгілінің ең көрікті де қуанышты мезгілі көктемнің алғашқы мерекесі – 8 Наурыз Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Отбасыларыңыз бен өздеріңізге амандық, дендеріңізге саулық, ұзақ әрі шаттыққа толы ғұмыр, шаңырақтарыңызға құт-береке тілеймін. Саладағы еңбек адамының  әл-ауқатын жақсарту жолында атқарып жатқан еңбектеріңізде табыстарға жетіп, үлкен биiктерден көрiнулерiңiзге шын жүректен тілектеспін.

 

 

 

 Ізгі ниетпен,

 Қазақстандық салалық білім және ғылым

 қызметкерлері кәсіптік одағы Түркістан

 облыстық ұйымының төрағасы                                          Б.Еркінбек

 

Түлкібас аудық кәсіподақ комитетінің іс-шарасы

Түлкібас ауданы  Білім бөлімі мен Аудандық кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен 2020 жылдың 13 наурызында  Лермонтов атындағы жалпы орта мектебі және Амангелді атындағы негізгі орта мектебінде қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының туылғанына 175 жыл толуына және “Мұғалімдер мәртебесі” туралы заңның аясында педагог кадрлардың мәртебесін көтеру, әлеуметтік әріптестікті  одан әрі дамыту, кәсіподақ мүшелерінің құқықтық тұрғыдан қорғау тиімділігін арттыру мақсатында жаңа заңға байланысты кеңінен  ұжым мүшелерімен  түсіндірме және пікір алмасу бойынша кездесу өткізді. Кездесу  өз дәрежесінде өтті.

Түлкібас аудық кәсіподақ комитетінің іс-шарасы Түлкібас аудық кәсіподақ комитетінің іс-шарасы Түлкібас аудық кәсіподақ комитетінің іс-шарасы Түлкібас аудық кәсіподақ комитетінің іс-шарасы Түлкібас аудық кәсіподақ комитетінің іс-шарасы Түлкібас аудық кәсіподақ комитетінің іс-шарасы

«Абайды оқы, ерінбе» атты педагогтар арасында сайыс

Мақтаарал аудандық кәсіподақ комитетінің жұмыс жоспарына сәйкес, Мақтаарал ауданы білім бөліміне қарасты №11 «Нұрбөбек» бөбекжай бала бақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының әкімшілігі мен бастауыш кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен 26 ақпан күні Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай «Абайды оқы, ерінбе» атты педагогтар арасында сайыс ұйымдастырылып өткізілді. Сайысқа бала бақша ұжымының педагогтары екі топқа бөлініп,  5 кезең бойынша сайысып, өз бақтарын сынады.

Сайыстың қорытындысына сәйкес байқауға белсене қатысып, Ұлы ойшыл Абай Құнанбаевтың шығармаларын көрерменге жеткере білген педагогтарға Мақтаарал ауданы білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің дайындаған мадақтама қағаздары табысталды.

Сайыс жоғарғы деңгейде өткізілді.

«Абайды оқы, ерінбе» атты педагогтар арасында сайыс «Абайды оқы, ерінбе» атты педагогтар арасында сайыс «Абайды оқы, ерінбе» атты педагогтар арасында сайыс «Абайды оқы, ерінбе» атты педагогтар арасында сайыс «Абайды оқы, ерінбе» атты педагогтар арасында сайыс «Абайды оқы, ерінбе» атты педагогтар арасында сайыс «Абайды оқы, ерінбе» атты педагогтар арасында сайыс «Абайды оқы, ерінбе» атты педагогтар арасында сайыс

« Жас маман – 2020» байқауы

Төлеби аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитеті және «Т.Тоғысбаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ–нің бастауыш кәсіподақ ұйымы ұйымдастыруымен  жас педагогтардың әлеуметтік статусын  және  таланты мен шығармашылығын, әрі қарай кәсіби шеберліктерін  жетілдіруіне жағдай жасау мақсатында « Жас маман – 2020» байқауы өткізілді.

Байқауға  5 жылға дейінгі еңбек өтілі бар   12 жас мұғалім қатысып

 І кезең     Төмендегі критерийлер бойынша:

  1. « Рухани жаңғырудағы жас маман рөлі» атты  «Эссе» байқауы.
  2. Шығармашылық тақырыбына байланысты жүргізілген жұмыстары.
  3. Ашық сабақ өтудегі шеберлігі
  4. Кәсіптік талдауы
  5. Баспа беттеріне жарияланған материялдары
  6. Қысқа мерзімді сабақ жоспарының құрылымы
  7. «Портфолио»

ІІ кезең      Өз өнерлері бойынша:

  1. «Таныстыру»
  2. «Жағдайаттан шығу» сұрақ – жауап
  3. «Өз өнері» ( ән, би, көркемсөз, көрініс, монолог, қолөнер)

Екінші кезең бойынша қатысушыларымыз өз өнерлерімен байқаудың сәнін кіргізе білді. Нәтижесінде, қатысушы жас мамандар өздерінің білімділігі мен шеберлігіне қарай тиісті марапаттауларға ие болды. Төлеби аудандық кәсіподақ комитетінің алғыс хаты және арнайы сыйлықтарымен марапатталды.

«Бас жүлде»  –  информатика пәні мұғалімі А.Макешова

«  І   орын» – бастауыш сынып мұғалімі  Р.Исмайлова

«  ІІ орын» – орыс тілі пәні мұғалімі Н.Шырақбай

« ІІІ орын» – АӘД пәні мұғалімі А.Мамбеткулов

« ІІІ орын» – қазақ тілі пәні мұғалімі  З.Тузелова

« Жас маман – 2020» байқауы « Жас маман – 2020» байқауы « Жас маман – 2020» байқауы « Жас маман – 2020» байқауы « Жас маман – 2020» байқауы « Жас маман – 2020» байқауы « Жас маман – 2020» байқауы

 

«ПЕДАГОГ МӘРТЕБЕСІ» — МҰҒАЛІМНІҢ БАСТЫ ҚҰЖАТЫ

«ПЕДАГОГ МӘРТЕБЕСІ» — МҰҒАЛІМНІҢ БАСТЫ ҚҰЖАТЫ

ҰлыАбайбабамыз «Адамныңадамшылығыжақсыұстаздан» дептегінайтпасакерек.Ұс­таз­дыңорнықашандатөрекендігібелгілі.Елімізегемендікалып, дамығанелдердіңқатарынанорыналыпжатса, экономи­камызартып, ғылымментехникамыздамыпжатса, мұныңбәрібілімменкеледі.Албілімдіберетін, ұрпақтытәрбиелейтінол – мұғалім.Мұғалімніңбеделітуралысөзқозғағандакөбінебіркездердедепайта­мыз.Шындығында, біркездемұғалімдіанадайданкөріп, жолберіп, тоқтайқалыпамандасатынедік.Солардақтымұғалімніңбеделініңтүсіп, әлсірепкеткенідешындықеді.Елболып, қоғамболыпқолғаалып, «Педагогмәртебесі» туралызаңдүниегекелді.Әржылдар­дағыЕлбасыЖолдауынанбіртүспейтінбілімсаласынадегенқамқорлықөзжалғасынтапты.Бұл заң ұстаз мамандығының мерейін көтеріп, беделін арттыратыны сөзсіз. Арыс қаласының білім жүйесі де “Педагог мәртебесі туралы” заңның ұстаздар қауымына аянбай еңбет ететініне сенімді. Төрт бағыт пен 21 баптан тұратын заң аясында педагогтардың мәртебесі айқындалды. Олардың құқықтары, әлеуметтік жағ­дай­­лары, міндеттері мен жауапкер­шіліктері нақты көрсетілді.

Биылдан бастап жалақыны 25 пайызға өсіріп, оны төрт жыл ішінде екі есеге көтеру,жүктеме санын азайту, педагогикалық шеберлігі үшін лауазымдық жалақысы­ның 30, 50 пайыз аралығында жаңа қосымша ақының төленуі, дарынды балалар тәрбиелеген ұстаздар еңбегінің еленуі, біліктілігіне қарай мектеп директорлары мен орынбасарлары жалақыларының көбеюі, т.б.

Мұғалімдерді кәсіптік міндеттерімен байланысты емес жұмыстарға тартуға, заңда көзделмеген тексерулер, басқа да жұмыстарға тартуға болмайтыны оның көрсетілген заңның үшінші бөлімінде педагогтың кәсіптік қызметін жүзеге асыру кезіндегі құқықтарының айқын­далуы да оларды құқықтық жағынан қорғалуларына негіз болады.Педагогтардың әлеуметтік жағдай­лары туралы да барынша анық көрсе­тілген.

Міне, осындай толып жатқан мүм­кін­діктер қарастырылған заңда мұғалім мін­деті де көрсетілді. Бұл заң ұстаздар қа­уымының мерейін өсіріп, олардың тұр­мыс жағдайларының жақсаруына да оң әсерін тигізеді. Сондықтан біз де өз тара­пымыздан жауапкершілігімізді сезініп, осы сенімге сай еңбек етуіміз керек.

Біздің міндетіміз — білімді, жоғары деңгейдегі, бәсекеге қабілетті, жеке өз пікірі бар, көп тіл білетін, заманауи тұлға қалыптастыру. Осы жолда біздің еркін еңбек етуімізге барлық жағдай жасалып жатыр.

Мұғалімнің мәртебесін анықтап отырған аталмыш заң Ұлы ұстаз Ы.Алтынсариннің «Бізге жақсы мұғалім бәрінен қымбат, өйткені мұғалім – мектептің жүрегі» деген бағасының ашық көрінісі іспетті.

Осындай жақсы жағдайлар жасалып жатқанда, еліміздің білім жүйесінің де ерекше қанаттанып, еңбекке деген құлшыныстарының артатыны анық.

 

Арыс қалалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы комитетінің төрағасы МұхаевЖұматай

 

 

 «ПЕДАГОГ МӘРТЕБЕСІ» — МҰҒАЛІМНІҢ БАСТЫ ҚҰЖАТЫ

Республикалық форум

Түркістанда республикалық форум болып өтті.

15 ақпан күні Түркістан қаласында «Ата-ана, ұстаз, оқушы: болашаққа бағытталған ынтымақтастық» тақырыбында республикалық (аймақтық) форум болып өтті. Жаңадан пайдалануға берілген «Ақжайық» балалар саз мектебінің үлкен залында өткен аталмыш іс-шараға көршілес Қызылорда, Жамбыл облысының және Шымкент қаласының білім беру саласы қызметкерлері мен ата-аналары, қоғамдық ұйымдар, үкіметтік емес ұйымдар, сала ардагерлері мен қоғам белсенділері қатысты.

Форум басталардан алдын мектептің фойесінде Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ұлт аспаптар оркестрі өнер көрсетсе, залда арнайы әзірленген бейнеролик көрсетілді.

Форум барысында ата-аналарды білім саласындағы озық трендтермен таныстыру, педагогикалық, психологиялық сауаттылығын арттыру және мектеп пен отбасының ынтымақтастығын арттыру бойынша баяндамалар мен тренингтер өткізілді.

Түркістан облысының Адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Р.Жолаев форумды ашу барысында аталған іс-шараны ұйымдастырудың мәні мен мақсаттарына тоқталып өтсе, Қазақстандық салалық білім және ғылым саласы қызметкерлерінің кәсіптік одағы Түркістан облыстық ұйымының төрағасы Б.Еркінбек жаңадан қабылданған «Педагогтың мәртебесі туралы» Заңы мен онда қарастырылған негізгі мәселелерге тоқталып, форум қатысушыларына сәттілік тіледі. Форум барысында сондай-ақ, сала ардагері Н.Байғұтов, «Білім-Инновация» ХҚҚ президенті Д.Өте, «Әкелер мектебі» ережесінің авторы, Сайрам аудандық ата-аналар комитетінің төрағасы А.Қабылбеков, «USTAZ» білім беру орталығының директоры Н.Иманғалиев т.б. тұлғалар өз ойларын ортаға салып, бала тәрбиесі бағытындағы тың бастамалар жөнінде түсіндірме берді. Форумға әр аймақтан қатысуға келген ата-аналар комитетінің төрағаларына Р.Жолаев пен Д.Өте жеткен жетістіктері үшін алғыс хаттар табыс етті. Форумның соңы пікір алысу мен жарыссөздерге ұласып, бүгінгі тақырыптың өзектілігі және әдіс-тәсілдермен бөлісудің пайдалы тұстары атап өтілді.

Облыстық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

 

Республикалық форум Республикалық форум Республикалық форум Республикалық форум Республикалық форум Республикалық форум

МҰҒАЛІМІ МӘРТЕБЕЛІ ЕЛДІҢ ЕҢСЕСІ БИІК

МҰҒАЛІМІ МӘРТЕБЕЛІ ЕЛДІҢ ЕҢСЕСІ БИІК

Дамыған елу елдің қатарында болу – еліміздің даму стратегиясының басты саясаты. Елдің дамығандығының белгілері ғылым мен техниканың, экономиканың жетістіктері болса, мұның барып тірелер жері – білім, ал білім беру тетігі – мұғалім. Қазақта бұрындары ауылда болсын, қалада болсын, мұғалім зиялы адам болып есептелетін. Мұғалімді ұстаз санап, әркім сыйлайтын, құрмет тұтатын. Қазіргі тұлғалардың қайсысын алсаңыз да білім берген мұғаліміне еліктеді, үлгі алды. Тіпті мұғалім болуды армандады.

Қазір мұғалім сол мәртебесінен, атақ-абыройынан айырылып қалған. Оның дәлелдері көп-ақ. Мұғалімнің айтқанын жүре тыңдап, ескерткен әр пікірін талқыға салып, тіпті беттен алып айтысып, одан қалды сотқа беріп жатқан жайттар аз емес. Соңғы уақытта мұғалімдердің әкімшіліктің тегін жұмыс қолы саналатындықтан, науқандық жұмыстардың бәрі мұғалімдердің белсен-ділігімен атқарылатын. Мысалы, алаңдардағы митингілер мен үлкен залдар-дағы жиналыстардың еріксіз тыңдарманы мен көрерменіне айналуы, сайлау немесе тағы да сондай саяси науқандардың насихаттаушысы сияқты қоғамдық жұмыстардың қандайы болсын мұғалімді іздеп табады. Мектеп ішіндегі қағаздарының өзіне кейде үлгеріп, кейде үлгермей жүретін педагогтардың негізгі сабақ өткізу, тәрбие жұмыстарын жүргізу сияқты қызметін талапқа сай өткізетіндігіне күші жете бере ме деген сұрақ туындайтын.

Мұғалім- елдің болашағын көркейтіп, рухын биікке көтеретін, жас ұрпақты тәрбиелейтін жауапкершілігі мол киелі мамандық.Ондай мамандық иесі әрқашан да өресі биік болып, сөйлеген сөзінен, ойлар ойынан маржандай тізілген ілтипат пен парасаттың өрнектері, әсемдік әлемі көрінетін, көкірегі жақсылыққа тола, мейірімді, білімі біліктілікке ұласқан ізденімпаз, елжанды, адамгершілігі жоғары адам болу керек.

Мұғалімдердің апталық оқу жүктемесін азайту да бүгінгі күннің көкейкесті мәселесі. Апталық жүктемені 14-16 сағатқа дейін азайтса, мұғалім жүгі біршама жеңілдер еді. 18 сағаттық апталық жүктеменің сыртында мұғалім мойнында сабақ жоспарын дайындау (А4 үлгісіндегі 3-4 бет – 1 сабаққа ғана), дәптер тексеру (оған коментарий жазу), түннің бір уағына дейін kundelik.kz толтыру (электронды күнделікке кірмейтін немесе кіруге мүмкіндігі жоқ ата-ана үшін түсіндірме жазу), тәрбие сағатын дайындау, өткізу, мектепте өтетін іс-шараларға қатысу, жиналыстарға қатысу (ата-аналар жиналысы, педкеңес, директор жанындағы мәжіліс) сияқты жұмыстар жетерлік.

Ұстаздардың құқығы, беделі, әлеуметтік жағдайы заңмен бекітіліп, үлкен құрмет көрсетілген соң оларға қойылатын кәсіби талап та арта түседі. «Мектептің жаны – мұғалім. Ол қандай болса, мектеп те сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, балалар мектептен терең білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім», деген Ахмет Байтұрсынұлының сөзі бүгінгі ұстазға қойылатын талапты дөп басып тұр.

Балабақша – мектеп – колледж – жоғары оқу орнында берілетін білім мен тәрбиенің қайнар көзі ұстаздың өресіне, білімділігіне байланысты.

Жаңа заң еліміздің тиісті деңгейдегі білім ордаларындағы мұғалімдерге де, білім алушыларға да тиімді болып, білім сапасын арттыруға зор мүмкіндік береді деп сенемін.

Aудандық білім қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрағасы                                                                                                          Е.Қасым

МҰҒАЛІМІ МӘРТЕБЕЛІ ЕЛДІҢ ЕҢСЕСІ БИІК

Ауғанның асуында от кешкендер

Мақтаарал  аудандық білім бөлімімен аудандық кәсіподақ комитеті жəне  Абылайхан атындағы жалпы орта мектебі ұжымының ұйымдастыруымен Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 31 жыл толуына арналған “Ауғанның асуында от кешкендер” тақырыбында Ауған соғысы ардагерлерімен  салтанатты кездесу жиыны өткізілді.

Бүгінде Мақтаарал ауданында Ауған соғысына қатысқан 19 азамат бар. Бейбіт күнде олардың ерлігін үлгі ету мақсатында ұйымдастырылған шара  мерекелік концертпен басталды. Қонақтардың құттықтау сөздері тыңдалып болған соң, ардагерлерге Мақтаарал аудандық кәсіподақ комитетінің атынан сыйлықтар табысталды.  Мерекелік шараға арнайы жайылған дастархан мəзірінен соң, Мақтаарал ауданындағы білім беру ұйымдарының арасында кіші футболдан жарыс ұйымдастырылды. Қатысқан командалардың қызу ойыны барлық қонақтар мен жанкүйерлердің көңілінен шықты. Тартысты ойынның қорытындысы бойынша:

1-орынды “Нұрлы жол” ЖОМ командасы,

2-орынды  Қ.Қайсенов атындағы ЖОМ командасы,

3-орынды  Абылайхан атындағы ЖОМ командалары жеңіп алды.

Барлық жеңімпаз командаларға сондай-ақ, үздік ойыншыларға мақтау грамоталары мен сыйлықтар табысталды.

Шараға қатысқан ауданның зиялы  азаматтар қауымы ардагерлерге құрметін білдіріп, ұйымдастырушыларға алғыс айтты.

Ауғанның асуында от кешкендер Ауғанның асуында от кешкендер Ауғанның асуында от кешкендер Ауғанның асуында от кешкендер Ауғанның асуында от кешкендер Ауғанның асуында от кешкендер Ауғанның асуында от кешкендер Ауғанның асуында от кешкендер Ауғанның асуында от кешкендер

«Жастығын жалын шарпығандар» тақырыбында Ауған соғысының ардагерлерімен кездесу

Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 31 жыл толуына арналған Ауған соғысының ардагерлерімен кездесу

 

Түркістан қалалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитеті ұйымдастыруымен «Жастығын жалын шарпығандар» тақырыбында Ауған соғысының ардагерлерімен кездесу болды.

Ауған соғысы 1979 жылдың 27 желтоқсанында КСРО қарулы күштерінің Ауғанстанға басып кіріп, оның ішкі істеріне қол сұғуы салдарынан тұтанған соғыс. Соңы аяқталмас соғысқа ұласқан бұл қасірет елдің тек өз ішінде ғана емес оған сырт мемлекеттердің қатысуымен ұзаққа созылды. 10 жылға созылған ауған соғысында КСРО бойынша қайтып оралмаған жалпы адам шығыны – 14453 – ке жетті. Ал Қазақстаннан Ауған соғысына 22000 адам қатысып, олардың 761 – і қаза тапты, 21 адам хабарсыз кетті. 1000 жауынгерден астам өз жеріне оралып, алған түрлі дене жарақаттарының кесірінен ауырып қаза болды.

Бұл соғыс адамзат өміріндегі ең қатерлі де, қауіпті соғыс болып тарих бетінде мәңгі қалады.

Кездесу «Жастығын жалын шарпығандар» тақырыбындағы бейнефильм мен басталды. Ауған соғысының қан майданын көрген жауынгер, бүгінгі таңда ел үшін еңбек етіп жүрген Ауған соғысы ардагерлері қоғамының төрағасы Бегимов Тұрғанбек Аширович майдандастарын құттықтап, ыстық лебізін білдірді. Сонымен бірге майдандас досы Ақай Тілеске «Кеңес әскерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 30 жыл» мерекелік төс белгісін тапсырды.

Түркістан қалалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрайымы Турманова Диана Абайқызы Ауған соғысының ардагерлерін құттықтап, «Алғыс хат», сый – сияпат тапсырды.

Ауған соғысы ардагерлері қоғамының кеңесшісі Әзімбай Қожабаев өз қаруластарын құттықтады. Оқушылардың ұйымдастыруымен концерттік бағдарлама көрсетілді.

Сонау Ауған жерінде қару асынып мұң арқалаған сын сағаттарда бірін –бірі бауыр дескен азаматтар бүгінгі таңда еліміздің түпкір түпкірінде еңбек етуде. Солардың бірі де бірегейі білім саласында қызмет етіп жүрген ардагер ағалар комитет атынан ұлықталды.

«Жастығын жалын шарпығандар» тақырыбында Ауған соғысының ардагерлерімен кездесу «Жастығын жалын шарпығандар» тақырыбында Ауған соғысының ардагерлерімен кездесу «Жастығын жалын шарпығандар» тақырыбында Ауған соғысының ардагерлерімен кездесу «Жастығын жалын шарпығандар» тақырыбында Ауған соғысының ардагерлерімен кездесу «Жастығын жалын шарпығандар» тақырыбында Ауған соғысының ардагерлерімен кездесу «Жастығын жалын шарпығандар» тақырыбында Ауған соғысының ардагерлерімен кездесу «Жастығын жалын шарпығандар» тақырыбында Ауған соғысының ардагерлерімен кездесу

1 66 67 68 69 70 84