Кәсіподақ ұйымы қолдау көрсетті

Кәсіподақ ұйымы  қолдау көрсетуге келді

Шардара аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрағасы Ұлықбек Жұман, “Қоссейіт” жалпы орта мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Ибадулла Саухатов  өрт құшағына оранған мұғалімнің шаңырағында болды .

Қоссейіт ауылында тұратын Сейтжаппаров Асқар мен “Қоссейіт” мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Бота  Шораеваның шаңырағы түк қалмай өртеніп кеткен . Кәсіподақ ұйымының төрағасы Ұлықбек Назарұлы  басу айтып, кәсіподақ атынан қаржылай көмек беретінін жеткізді.

Әрбір мұғалім кәсіподақ ұйымының мүшесі болғандықтан, қолдау көрсету  басты парызымыз.

Ел болып көмек қолын созып жатқан жаны жомарт   жандар да табылуда.

Кәсіподақ ұйымының атынан  ол кісілерге рақмет айтамыз.

Ұстазын ұлықтаған ұлы той!

Ұстазын ұлықтаған ұлы той!

Алғыс хатпен көмкеріп, гүлмен кестеленген марапатқа толы күн!

«Алты Алаштың ұрпағы бас қосса төр мұғалімдікі» -деп жоғарыдан орын ұсынатын Сауран ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Ақмарал Үсенқызы  басқарған ұжымның ұйымдастыруымен және Фатима Абутәліпқызы басқарған Сауран аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің қолдауымен аудан бөліміне ауыл білім мекемелерінің мұғалімдерін жинап үлкен жиын өткізді.

Жиында Сауран Ауданы Әкімдігі әкімі Ғани Рысбеков мырза , облысымыздың бас ұстазы Түркістан адами әлеуетті дамыту басқармасын басқарып отырған Рахымбек Жолаев мырза,  Сауран аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрайымы Фатима Абутәліпқызы, Сауран Ауданының  Мәслихат хатшысы Күнпейісов Мейрамбек мырза ұстаздарды құттықтап, мерейін тасытатын құрмет сөздерін арнап аудан білім мекемелерінің мұғалімдерін марапаттады.

Сауран ауданының әкімі Ғани Құрмашұлының «Алғыс хатымен»10 мұғалім марапатталды; Искакова Света, Абдукаримова Ләззат, Бабатаев Эльбрус, Жанабекова Гүлзипа, Ахмедова Зулпия, Абишева Рахия,Сәрсенбаева Гүлнара, Айтметов Маматрайм, Тубелбаева Эльмира, Исмайлова Захра. Ауданының  Мәслихат хатшысы Күнпейісов  Мейрамбек мырзаның  «Алғыс хатымен» 5 мұғалім марапатталды;

Батырбекова Рая, Султанова Рая, Азимова Тажихан, Анламасова Гулжахан, Қайназарова Гулдерай.

Облысымыздың бас ұстазы Түркістан адами әлеуетті дамыту басқармасының басқарып отырған Рахымбек Қуатбекұлының «Алғыс хатымен»10 мұғалім марапатталды;  Нурметова Гулнара, Кошанов Нұрлыбек, Шахапова гүлсара, Ахмедова Муқаддас, Жарасбаева Бибизада, Шажалиева Захида, Амирбекова Гулмира, Джакенова Зилайха, Усербаева Светлана, Рахманов Улугбек.

Сауран аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрайымы Ф.Рысбекова «Кәсіподаққа еңбегі сіңген қызметкері»  төс белгісімен 9 мұғалім марапатталды;  Ерімбет Тамар, Мамитова Худайберген, Сулейменова Кенжекул, Сейсенова Гулмира, Манашев Талғат, Балтабаев Алишер, Тулепбаев Ержан, Кушанов Асадулла, Бегметова Дларам  және «Құрмет граммотасымен» Азизханов Шерзод, Камилова Махира, Сатбаева Кулзина, Гульмира Ерниязова.

Еліміздегі ежелден бері қалыптасқан жақсы дәстүрдің бірі–ол үлкенді сыйлау.

Аудан әкімі Ғани Құрмашұлы  білім саласына үлес қосқан ардагер ұстаздарымызды да ұмыт қалдырмады. Өмір мектебі, еңбек жолы кейінгі жастарға үлгі болған ұстаздарымыз Жолдасбекова Бексұлу,  Жарылқасынов Балтабай , Ахмедов Сейілхан, Абдулла Айша, Шарафутдинов Ахтам, Байбуриева Раушан, Тажибаева Шакира, Тубелбаев Кенжебек, Мухаммедов Зухриддин, Уринбасаров Абсалам, Абдуваситов Абдуважит, Нарымбетова Бибіхан,Маннапов Шавкат сынды сындарлы ардагер ұстаздарымызға елеулі еңбектерін бағалап, сый-сыяпат табыстап, құрмет көрсетті.

Кеш бүлдіршіндер әнімен түрленіп, билерімен толығып, ағалардың ән шашуымен көмкерілді.

 

Мерекелеріңіз құтты болсын ұстаздар!

«ҰСТАЗЫМ МЕНІҢ, ҰСТАЗЫМ…»

«ҰСТАЗЫМ МЕНІҢ, ҰСТАЗЫМ…»

Түркістан қалалық адами әлеуетті дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен және Түркістан қалалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің қолдауымен «Ақжайық» музыкалық мектебінде ұстаздар құрметіне арналған салтанатты жиын өтті. Түркістан қаласының әкімі Н.Тұрашбеков ұстаздарды мерекемен құттықтап, білім саласының озат ұстаздарын қала әкімінің алғыс хатымен марапаттады. Облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Р.Жолаев шығармашылығымен көзге түскен ұстаздарды марапаттады. «Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» Қоғамдық бірлестігінің филиалы Түркістан қалалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрайымы Г.Турежанова ұстаздар қауымын, ардагер ұсаздарды төл мерекелерімен құттықтап гүл шоқтары мен бағалы сыйлықтарын табыстады.

Белсенді кәсіподақ мүшелерін «Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» Қоғамдық бірлестігінің “Кәсіподаққа еңбегі сіңген қызметкер» төс белгісімен:  Е.Иззатуллаев атындағы жалпы орта мектебінің директоры М.Иззатуллаевты,  Ататүрік атындағы №17 мектеп – гимназиясының орыс тілі пәні мұғалімі З.Мадиеваны, «Ататүрік атындағы №17 мектеп- гимназиясының орыс тілі пәні мұғалімі С. Хамракулованы, «Р.Исетов атындағы №20 жалпы орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Д.Хамракуловты, Қ.Сәтбаев атындағы №12 жалпы орта мектебінің дене шынықтыру пәні мұғалімі А.Сейтжановты марапаттады. Жиын ән шашумен жалғасты.

«Ұстаз – ұлы есім» атты мерекелік шара

 

Мақтаарал аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен, аудандық кәсіподақ комитетінің қолдауымен 1 қазан күні «Ұстаздар күні» мен «Кәсіподақтар күні» мерекелері қарсаңында «Ұстаз – ұлы есім» атты мерекелік шара ұйымдастырылып өткізілді.

Мерекелік іс-шараға  Мақтаарал ауданы әкімінің орынбасары Б.Төребеков, аудандық әжелер алқасының төрайымы Ш.Құрбанбаева, аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы М.Серікбаев, аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы А.Жолдасов, аудандық ата-аналар комитетінің төрағасы М.Оспанов, аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы С.Кенжабаев, аудандық мәслихаттың депутаттары қатысып, мерекелік шараға келген барша негізгі және жалпы мектептердің директорлары мен ұлағатты ұстаздарды мерекемен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.

Мерекелерге орай ұйымдастырылған шара барысында Мақтаарал ауданы әкімінің орынбасары Б.Төребеков, аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы М.Серікбаев білім беру саласында жоғарғы жетістіктерге қол жеткізген ұстаздарға құрмет көрсету мақсатында түрлі деңгейдегі марапаттарды табыстады.

Сонымен қатар Мақтаарал аудандық кәсіподақ комитетінің ұсынуымен «Nur Otan» партиясының Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Б.Тәжібаевтың «Алғыс хаты» «Х.Доспанова атындағы №16 жалпы орта мектебінің директоры Б.Өстеновқа, Түркістан облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Р.Жолаев пен облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы Қоғамдық бірлестігінің төрағасы Б.Еркінбектің бірлескен «ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫ» «В.Комаров атындағы жалпы орта мектебінің директоры З.Жаманқараева мен «Жаңа жол» жалпы орта мектебінің директоры Г.Айнабековаға, Түркістан облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы Қоғамдық бірлестігінің төрағасы Б.Еркінбектің «Кәсіподаққа еңбегі сіңген қызметкер» төсбеліглерін Ж.Нұрлыбаев атындағы №27 жалпы орта мектебінің әлеуметтік педагогы К.Жораевқа, Жамбыл жалпы орта мектебінің директоры М.Сейдалиевқа, Тұрсын-Заде жалпы орта мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Б.Сыдыковқа, облыстық кәсіподақ комитенің «ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫ» мен «АЛҒЫС ХАТТАРЫ» Мақтарал мектеп-гимназиясының директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Ж.Кадыроваға, М.Ғабдуллин атындағы жалпы орта мектебінің қазақ тілі пәнінің мұғалімі Қ.Ирзаеваға, Абылайхан атындағы жалпы орта мектебі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары А.Мусабековаға, С.Айни атындағы жалпы орта мектебінің физика пәнінің мұғалімі Ф.Алимоваға, Б.Соқпақбаев атындағы жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Г.Арыноваға, «Бәйтерек-Бақ» бала бақшасының меңгерушісі Б.Прановаға, «Би-Мардан» бала бақшасының меңгерушісі Р.Кубееваға аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы А.Жолдасов табыстады.

Білім беру саласына өлшеусіз еңбегің сіңіріп келе жатқан ұлағатты ұстаздарымызға арнайы қазақ эстрадасының жарық жұлдыздары Наркенже Серікбаева, Асан Пердешов пен Мөлдір Бақытжанқызы ән шашуларын тарту етті.

Мерекелік шараның соңы концерттік бағдараламамен жалғасын тапты.

Құрметті білім беру саласының қызметкерлері, барлықтарыңызды «Ұстаздар күні» мен «Кәсіподақтар күні» мерекелерімен шын жүректен құттықтаймыз. Мереке құтты болсын!

Мақтаарал аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі

Мерекелік іс-шаралар

Түлкібас аудандық  адами әлеуетті дамыту бөлімі мен аудандық кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен әр жылы  дәстүрлі түрде аталып өтілетін «МҰҒАЛІМДЕР КҮНІ» мен «ҚАЗАҚСТАН КӘСІПОДАҚТАР КҮНІ»  мерекелері  аудан орталығындағы мәдениет үйінде аталынып өтті. Мерекелік іс-шараға аудан әкімі Н.Байғұт,мәслихат төрағасы С.Сейсенбаев адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы  Е.Қадырбек аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Д.Абишев  және  ардагер  ұстаздардың  қатысуымен жоғары  дәрежеде  өтті. Мерекеде  ауданның  өз мамандықтары бойынша  жетістіктерге жеткен  ұлағатты  78 ұстаздар әртүрлі дәрежедегі марапаттарымен  марапатталып  сыйлықтар берілді. Мерекелі күн соңы өнерлі ұстаздардың концертімен жалғасын тапты.

Ұстаз аты-биік, әрі мәңгілік атты мерекелік іс-шарасы

Ордабасы аудандық адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты А.Шерімқұлов атындағы жалпы орта мектебінде Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай, 1-қазан Халықаралық “Қарттар күні” мен “Ұстаздар мерекесі” қарсаңында, “Ұстаз аты-биік, әрі мәңгілік” атты мерекелік жиын өтті. Мерекелік жиынымызды мектеп директорының міндетін уақытша атқарушы Мырзабеков Ержан Айтмуханбетұлы мен Ордабасы аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрағасы Төлебаев Қайрат мырза ашып беріп, ұстаздарымызды құттықтап, марапаттады. “Қарттар күні” мерексіне қарсы зейнетке шыққан ұстаздарымызды жиынға шақырылып марапатталды. Химия пәнінің мұғалімі Жұмабек Фарида мен орыс тілі пәні мұғалімі Байнеева Гулшахар апайларымызды зейнетке шығарып салу жиыны өтті.

Құрметті ұстаздар қауымы, Сіздерді мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз, Сіздерді егеменді еліміздің өрелі де, өнегелі перзенттерін тәрбиелеуде қажырлы қайрат, еңбектеріңізге жеміс тілейміз.

Ұстаз-мектептің жүрегі атты салтанатты іс-шара

Арыс қаласының адами әлеуетті дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен Ергөбек мәдениет үйінде ұстаздар мерекесіне орай “Ұстаз-мектептің жүрегі” атты салтанатты іс-шара болып өтті. Мереке барысында жетістікке жеткен ұстаздар марапатталды. Атап өтетін болсақ, Түркістан облыстық білім және ғылым қызметкерлері жергілікті кәсіподақ комитетінің “Кәсіподаққа еңбегі сіңген қызметкер” төс белгісімен И.Журба атындағы жом бастауыш кәсіподақ комитетінің төрайымы Байысбай Гулжан Лесбекқызы, Арыс орта мектебінің бастауыш кәсіподақ комитетінің төрағасы Ибадуллаев Молдабай Кушербаевич, №372 бастауыш мектебінің директоры Есілбекова Тәжікүл, Түркістан облысытық адами әлеуетті дамыту басқармасы мен облыстық білім және ғылым қызметкерлері жергілікті кәсіподақ комитетінің Құрмет грамотасымен Монтайтас жом бастауыш кәсіподақ комитетінің төрағасы Оңалбаев Ержан Еркинович, Ә.Жангелдин атындағы жом бастауыш кәсіподақ комитетінің төрағасы Серманизов Қаймахан Турдалиевич, Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлері жергілікті кәсіподағы комитетінің Құрмет грамотасымен №376 бастауыш мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Исаева Улжан Аманкулова, Айгөлек балабақшасының қоймашысы Жаркенова Алия Адилбекқызы, М.Шаханов атындағы жом география пәнінің мұғалімі Тулентаева Гулшат Сарыбаевна, Б.Кенжебаев атындағы жом мұғалімі Шадибекова Гулсана Амангелдиевна, Ж.Байгуттиева атындағы Өнер мектебінің домбыра пәнінің мұғалімі  Орынбай Гульмая, Түркістан облыстық Нұр Отан париясы филиалының Алғыс хатымен С.Қожанов атындағы жом бастауыш кәсіподақ комитетінің төрайымы Тургунова Гулзада Уалихановна, Түркістан облысы әкімінің Құрмет грамотасымен №2 бастауыш мектебінің директоры  Бектурганова Назипа Ермановна.

Марапаттарыңыз құтты болсын қадірлі ұстаздар!!!

 

Спартакиада

Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 30 жылдығына және 10 қазан Қазақстан Кәсіподақтары күніне орай 2021 жылы 30 қыркүйек күні Төлеби ауданынының адами әлеуетті дамыту бөлімі мен аудандық кәсіподақ комитеті бірлесіп мұғалімдер спартакиадасын өткізді. Ережеге сәйкес жарыс спорттың 3 түрінен жүргізіліп, №7 ІТ мектеп-лицей базасында ерлер арасында кіші футболдан, №3 П.Тәжібаева атындағы ЖОББМ базасында әйелдер арасында волейболдан, №2 Ш.Уәлиханов атындағы ЖОББМ базасында үстел теннисінен жарыстар өткізілді.

Жарыс нәтижелері бойынша:

1) Кіші футболдан жүлделі 1 орынды «Көксәйек» аймағы, 2 орынды «Қасқасу» аймағы, 3 орынды «Бірінші мамыр» аймағы иеленді.

2) Волейболдан жүлделі 1 орынды «Бірінші мамыр» аймағы, 2 орынды «Ленгір» аймағы, 3 орынды «Қаратөбе» аймағы иеленді.

3) Үстел теннисінен жүлделі 1 орынды «Қасқасу» аймағы, 2 орынды «Ленгір» аймағы, 3 орынды «Көксәйек» аймағы иеленді.

Марапаттау рәсімінде аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Раджу Сайлауұлы  жүлделі орынға ие болған командаларға кубоктар, мадақтамалар және спорттық жабдықтарды табыстады. Сонымен қатар, жарысқа қатысушылар номинациялық мадақтамаларға ие болды.

 

Аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі

                      

                                     

 

«Ұстазым, бар жақсылық бір өзіңнен тараған» атты мерекелік іс-шара

МӘЛІМЕТ

 

2021 жылдың 30 қыркүйегі күні Мақтаарал ауданының адами  әлеуетті дамыту бөліміне қарасты №52 М.Ғабдуллин атындағы жалпы орта мектебінің ұйымдастыруымен  және аудандық кәсіподақ комитетінің  қолдауымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай  «Ұстазым, бар жақсылық бір өзіңнен тараған» атты мерекелік іс-шара өтілді. Аталмыш  іс-шарада мектеп директоры Ж.Айнабекова мен аудандық кәсіподақ комитетінің маманы Т.Бектурганов мектеп ұжымын келе жатқан мерекелермен құттықтап, ұстаздар қауымының кәсіби төл мейрамы қарсаңында шығармашылықпен көзге түскен мұғалімдерді Мақтаарал аудандық кәсіподақ комитеті төрағасының атынан берілген Алғыс хаттармен марапаттады.

Мерекелік іс-шара концерттік бағдарламамен жалғасын тапты. Атап айтқанда, патриоттық тақырыпта және ұстаздар туралы әндер шырқалды. Мектептің би үйірмесінің белсенділері өз өнерін көрсетті. Жас мамандар тарапынан сахналық қойылымдар көрсетілді. Мерекелік концертке арнайы шақырылған бір топ ардагер ұстаздар кешті қорытындылап, өз кезегінде құттықтау лебіздерін білдірді. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай  «Ұстазым, бар жақсылық бір өзіңнен тараған» атты мерекелік концерт өте жоғары деңгейде өтілді.

Мақтаарал аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Дайындаған: Т.Бектурганов

87753576000

«Мұғалімдер күні» мерекесі аталып өтті.

«Мұғалімдер күні» мерекесі аталып өтті.

 

Түркістан облысының Адами әлеуетті дамыту басқармасының ұйымдастыруымен Түркістан қаласындағы «Оқушылар сарайында» жылдағы дәстүр бойынша «Мұғалімдер күні» мерекесі салтанатты түрде аталып өтті.

Оқушылардың асфальт бетінде салған суреттерін тамашалаумен басталған іс-шара қолөнер шеберлерінің көрмесіне ұласты.

Салтанатты іс-шараны облыс әкімінің орынбасары С.Қалқаманов ашып, құттықтау сөз сөйледі. Облысымыздың ардагер ұстаздарына гүл шоқтары табысталды. Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағының (төрағасы Б.Еркінбек) өкілдері, аудандық, қалалық филиалдарының төрағалары да мерекелік жиынға қатысып, осы облыстық кәсіподақ комитеті тарапынан ұсынылған бірқатар үздік педагогтар облыс әкімінің «Құрмет грамотасымен», «Алғыс хатымен», облыстық мәслихаттың грамотасымен және «Nur Otan» партиясының алғысымен марапатталды. Атап айтқанда:

Түркістан облысы әкімінің «Құрмет грамотасымен» Төлеби ауданындағы «Диханкөл» жалпы орта мектебінің мұғалімі А.Сыздықов, Келес ауданының Адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Б.Абдиев марапатталса, облыс әкімінің «Алғыс хатына» Түркістан қаласы «Гүлдер» балабақшасының меңгерушісі А.Абуталипова ие болды. Сондай-ақ, Түркістан облысы мәслихатының грамотасы Бәйдібек ауданы Н.Арапов атындағы жалпы орта мектебі директорының орынбасары С.Базарбеков, Ордабасы ауданы С.Сейфуллин атындағы жалпы орта мектебінің мұғалімі Ш.Қойжігіт, Кентау қаласы А.Пушкин атындағы №6 жалпы орта мектебінің мұғалімі Б.Нұрмаханбетовке табысталды. Ал, «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының «Алғысымен» Қазығұрт ауданы «Қақпақ» жалпы орта мектебінің мұғалімі Ж.Медетовке, Мақтаарал ауданы №16 Х.Доспанова атындағы жалпы орта мектебінің директоры Б.Устенов марапатталды.

Меркелік іс-шараның соңы өнер иелерінің концертімен өз жалғасын тапты.

1 64 65 66 67 68 90