Семинар-кеңес

Ордабасы аудандық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитеті, аудандық «Жастар ресурстық орталығының» үлкен мәжіліс залында, Ордабасы аудандық білім бөліміне қарасты мекемелердің бастауыш кәсіподақ ұйымы төрағаларының қатысуымен, «Кәсіподақтың қоғамдағы маңызы мен рөлін арттыру» тақырыбында семинар өткізді.

Аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Қ.Төлебаев Қазақстан Республикасының президенті Қ.К.Тоқаевтің «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауы бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, бірқатар ұстаздардың пікірінен кейін, қойылған сұрақтарға жауап берді.

Семинарға арнайы шақырылған «Азаматтарға арналған үкімет КЕ АҚ Түркістан облысы бойынша филиалы Ордабасы аудандық әлеуметтік қамсыздандыру бөлімі» басшысының орынбасары Байдуалы Ұлықбек Күндебайұлы 2023 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілген Қазақстан Республикасының Әлеуметтік Кодексі жөнінде түсіндіру жұмысын жүргізіп, семинарға қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

Семинарда, 01.07.2023 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы, комитет төрағасының кеңесшісі Ә.Сәдірмек мәлімдеме жасап, тақырыпқа сай қойылған сұрақтарға жауап берді.

Ордабасы аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Семинар-кеңес Семинар-кеңес Семинар-кеңес Семинар-кеңес Семинар-кеңес

Аудандық іс шарасы

2023 ж 22 қыркүйек күні Келес аудандық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен облыстық кәсіподақ комитетінің төраға орынбасары А.Абуов пен заңгер Ғ.Ақбердиевтің жетекшілігімен бастауыш ұйым кәсіподақ комитеттерінің төрағаларына оқыту семинары өткізілді.

Оқыту семинарының мақсаты: кәсіподақ жұмысын жетілдіру, кәсіподақ комитеті мен оның сайланбалы кәсіподақ органдарының қызметімен таныстыру, кәсіби біліктіліктерін арттыра отырып, нағыз маман етіп даярлау.

Семинарды алғы сөзімен бастаған облыстық кәсіподақ комитетінің төраға орынбасары А.Абуов «Кәсіподақ жиналыстарын дайындау және өткізудің практикасын жақсарту, бастауыш кәсіподақ ұйымдарына әдістемелік, практикалық көмек көрсетуді арттыру туралы, кәсіподақ мүшелерінің мәселелерін уақытында шешу және кәсіподақтың ұйымдастыру қызметін жетілдіру арқылы бастауыш кәсіподақ ұйымдарының рөлін арттырудың маңыздылығына тоқталды.

Ал, облыстық кәсіподақ комитетінің заңгері Ғ.Ақбердиев «Әлеуметтік кодекс және оның ерекшеліктері туралы, жалпы кәсіподақтың құрылымы мен бастауыш кәсіподақ ұйымдарының Ережесіне сәйкес, кәсіподақ органдарының қызметі мен тұрақты комиссиялар туралы, Ұжымдық шарттың жобасын әзірлеу және оны жасасу тәртібі туралы түсіндіріп, еңбек саласында кездесетін кейбір еңбек қатынастарынан мысалдар келтіре отырып, тақырыпты аша түсті.

Семинарға қатысушылар өзара жұмыс тәжірибелерімен бөлісіп, еңбек қатынастарында туындаған сұрақтарына жауаптарын алды.

Аудандық кәсіподақ комитеті ұжымы мен облыстық кәсіподақ аппаратының қызметкерлеріне оқыту – семинарын өткізіп, кәсіподақ активінің қызметкерлердің әлеуметтік – еңбек құқықтары мен мүдделерін қорғауда кәсіподақ ұйымдарының алдына қойылған міндеттерді шешуде өздеріне қажетті ақпараттар бергені үшін ризашылықтарын білдіріп, алдағы уақытта да жалғасын тапса деген тілектерін білдірді.

Семинар соңында Түркістан облысы Еңбек инспекциясы еңбек ардагерлерін қыркүйек айының әр соңғы жексенбісінде атап өтілетін және қазақстандықтардың еңбекке деген құрметінің, олардың әрқайсысының өз ісінде кәсіби маман болуға деген ұмтылысының белгісі саналатын, жыл сайынғы мереке-халқымыздың экономикалық және әлеуметтік салададағы жетістіктеріне арналған «Еңбек күнімен» Темирова Зупар Жораевна №43 «Болашақ» жалпы орта мектебінің кәсіподақ төрайымы Дипломмен марапатталды.

Сөз соңында Өз салаларын алға жетелеп, кәсібиліктің бағзыдан келе жатқан берік ұстанымдарын бұлжытпай сақтай отырып, барлық салаға шығармашылық және оңтайландыру алып келіп, осылайша жұмыста жаңа жағдай мен тың тәсіл қалыптастырып, жүрген ерең еңбегіңізге Үлкен Рахмет! Алдағы уақытта да жас буын, жас мамандарымызға үлгі болып, жүре беріңіз. Кәсіподақ комитеті өзіңізді мақтан тұтады! Деніңізге саулық, еңбегіңізге жеміс, өміріңіз ғұмырлы болсын! Деп ізгі ниетін Келес аудандық кәсіподақ комитет төрағасы Н.Артыков білдірді.

Келес аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Аудандық іс шарасы Аудандық іс шарасы Аудандық іс шарасы Аудандық іс шарасы

Ақпараттық хабар

2023 жылғы 20 қыркүйек күні «Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ облыстық комитетінің ұйымдастыруымен аудандық, қалалық кәсіподақ комитеттерінің мамандарымен оқыту семинары өткізілді.

Семинарды облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы Б.Еркінбек ашып, семинардың бағдарламасымен таныстырды.

Қазақстан Республикасы Президентінің 1 қыркүйек 2023 жылғы Қазақстан халқына жолдауы бойынша облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы Б.Еркінбек хабарлама жасады. Мәжілісте Жолдауда қойылған міндеттердің жүзеге асуына белсенділік танытып, білім беруді дамыту, сапасын арттыру мен қызметкерлердің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту үшін жұмыстар жүргізу қажеттігін айтты.

«Кәсіподақ жиналыстарын дайындау және өткізудің практикасын жақсарту және бастауыш кәсіподақ ұйымдарына әдістемелік, практикалық көмек көрсетуді арттыру туралы» облыстық кәсіподақ комитеті төрағасының орынбасары А.Абуов хабарлама жасады. Сарыағаш, Мақтаарал, Созақ аудандық кәсіподақ комитеттірінің мамандары А.Аликулов, Е.Жанисов, Е.Қараулов сөз сөйлеп, өдерінің ұсыныс пікірлерін, кәсіподақ ұйымының қызметін жақсарта түсу жөніндегі ұйымдастыру жұмыстары жүргізіліп жатқандығын айтып өтті.

Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі және оның ерекшеліктері туралы облыстық кәсіподақ комитетінің заңгері Ғ.Ақбердиев хабарлама жасады. Әлеуметтік кодекс бірқатар заңдарды біріктіп, ҚР азаматтарының мәселелерін шешуде өзіндік рөлі бар жаңа заңнамалық құжат болып табылады. Сондай-ақ, Ғ.Ақбердиев ҚР Еңбек кодексіне енгізілген өзгерістер туралы айтып, қысқаша тоқталып өтті. Айтылған мәселелер бойынша көмекші құрал ретінде арнайы шағын кітапша жасалып, аудандық, қалалық кәсіподақ комитеттеріне таратылды.

Аудандық, қалалық кәсіподақ комитеттерінің мамандарымен оқыту семинарын өткізудегі мақсат – алған білімді тек теориялық тұрғыда емес, күнделікті практикалық мақсатта пайдалану, кәсіподақ қызметкерлерін нағыз маман етіп даярлау, кәсіби біліктіліктерін арттыру. Осы мақсатта оқыту семинары теориялық дәрістен соң практикалық сабакқа ауысты. Мамандар алған білімдерін, ойға түйгендерін ортаға салып, пікір алмасты, өз ұсыныс пікірлерін білдіріп, белсенділік танытып отырды. Кәсіподақ жұмысын ұйымдастыру, кәсіподақ жиналысын өткізу және ұйымдастыру жұмыстары бойынша біраз сұрақтарға жауап алып, алдағы уақытта өз істерінде үлкен пайдасы тиер, азығы мол дәріс алып қайтты.

Облыстық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Ақпараттық хабар Ақпараттық хабар Ақпараттық хабар Ақпараттық хабар

Түркістан облыстық кәсіподақ ұйымы атқару комитетінің кезекті мәжілісі өтті

2023 жылғы 15 қыркүйек күні «Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ атқару комитетінің кеңейтілген мәжілісі өткізілді.

Мәжіліске атқару комитетінің мүшелері, аудандық, қалалық кәсіподақ комитеттерінің төрағалары және кәсіподақ активі қатысты.

Атқару комитетінің мәжілісін облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы Б.Еркінбек ашып, мәжіліске қатысушыларды күн тәртібімен таныстырды, күн тәртібі бекітілді.

К ү н т ә р т і б і :

1. ҚР Президенті Қ-Ж.Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауынан туындайтын міндеттер жайлы.

2. Бастауыш кәсіподақ ұйымдары жұмысын жетілдіру, кәсіподақ жиналыстарын дайындау мен өткізудің практикасын жақсату және бастауыш кәсіподақ ұйымдарына әдістемелік, практикалық көмек көрсету жөніндегі шаралар туралы.

3. Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі және оның ерекшеліктері туралы.

4. Аудандық, қалалық кәсіподақ комитеттерінің мамандарымен практикалық семинар өткізу жайлы.

5. Облыстық кәсіподақ комитетіне тікелей қатысты бастауыш кәсіподақ ұйымлары төрағаларымен оқыту семинарларын өткізу жайлы.

6. Мұғалімдер күні және Кәсіподақтар күні мерекелерін өткізу туралы.

7. Түрлі мәселелер.

Қазақстан Республикасы Президентінің 1 қыркүйек 2023 жылғы Қазақстан халқына жолдауы бойынша Төлеби аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Ғ.Мырзалы хабарлама жасады. Мәжілісте Жолдауда қойылған міндеттердің жүзеге асуына белсенділік танытып, білім беруді дамыту, сапасын арттыру мен қызметкерлердің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту үшін жұмыстар жүргізу бойынша Сарыағаш, Мақтараал, Созақ аудандық кәсіподақ комитеттерінің төрағалары Ә.Тастанбеков, А.Жолдасов, М.Қасым және облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы Б.Еркінбек сөз сөйлеп, ұсыныстар айтты.

Бастауыш кәсіподақ ұйымдары жұмысын жетілдіру, кәсіподақ жиналыстарын дайындау және өткізудің практикасын жақсарту және бастауыш кәсіподақ ұйымдарына әдістемелік, практикалық көмек көрсетуді арттыру туралы облыстық кәсіподақ комитеті төрағасының орынбасары А.Абуов хабарлама жасады. Сарыағаш, Түлкібас, Бәйдібек аудандық кәсіподақ комитеттірінің төрағалары Ә.Тастанбеков, Д.Әбішев, С.Әмзеева сөз сөйлеп, өздерінің ұсыныс пікірлерін, бастауыш кәсіподақ ұйымдары қызметін жақсарта түсу жөніндегі ұйымдастыру жұмыстары жүргізіліп жатқандығы туралы айтты.

Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі және оның ерекшеліктері туралы облыстық кәсіподақ комитетінің заңгері Ғ.Ақбердиев мәлімдеме жасады. Әлеуметтік кодекс бірқатар заңдарды біріктіп, ҚР азаматтарының мәселелерін шешуде өзіндік рөлі бар жаңа заңнамалық құжат болып табылады. Сондай-ақ, Ғ.Ақбердиев ҚР Еңбек кодексіне енгізілген өзгерістер туралы айтып, қысқаша тоқталып өтті. Айтылған мәселелер бойынша көмекші құрал ретінде арнайы брошюра жасалып, аудандық, қалалық кәсіподақ комитеттеріне таратылды.

Аудандық, қалалық кәсіподақ комитеттерінің мамандарымен практикалық семинар өткізу, оның тақырыбы, мақсаты жайлы облыстық кәсіподақ комитеті төрағасының орынбасары А.Абуов хабарлап, сұрақтарға жауап берді.

Облыстық кәсіподақ комитетіне тікелей қатысты бастауыш кәсіподақ ұйымлары төрағаларымен оқыту семинарларын өткізу туралы облыстық кәсіподақ комитеті төрағасының орынбасары А.Абуов тоқталып өтті. Бұл семинардың мақсаты бастауыш кәсіподақ ұйымы төрағаларының кәсіподақ жұмысына деген жауапкершілігін арттыру, қоғамдық жұмыстарға баулу, білімін жетілдіру.

Мұғалімдер күні және Кәсіподақтар күні мерекелерін өткізу туралы облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы Б.Еркінбек хабарлады. Іс-шараның маңыздылығын ескеріп, ұйымдастыру жұмыстарына көңіл бөліп, оны жоғары деңгейде атап өту қажеттігін айтты. Аудандық қалалық кәсіподақ комитеттері төрағалары өз ұсыныс пікірлерін айтып, бір ауыздан қолдау білдірді.

Күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша қаулылар қабылданды.

Атқару комитетінің кеңейтілген мәжілісін облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы Б.Еркінбек қорытындылады.

Облыстық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Түркістан облыстық кәсіподақ ұйымы атқару комитетінің кезекті мәжілісі өтті Түркістан облыстық кәсіподақ ұйымы атқару комитетінің кезекті мәжілісі өтті Түркістан облыстық кәсіподақ ұйымы атқару комитетінің кезекті мәжілісі өтті Түркістан облыстық кәсіподақ ұйымы атқару комитетінің кезекті мәжілісі өтті Түркістан облыстық кәсіподақ ұйымы атқару комитетінің кезекті мәжілісі өтті

Кәсіподақ белсенділері марапатталды.

Мақтаарал аудандық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 29 тамыз күні «1 қыркүйек – Білім күні» мерекесіне орай білім беру саласында толағай табыстарға кенелген кәсіподақ мүшелерін ынталандыру мақсатында білім беру саласының қызметкерлері марапатталды.

Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағының төрағасы Б.Еркінбектің «Кәсіподаққа еңбегі сіңген қызметкер» белгісімен Б.Соқпақбаев атындағы №46 жалпы орта мектебінің директоры – Примбекова Нуржамал Кунисбековна, №18 «Нұрлы таң» жалпы орта мектебінің директоры – Сейдуалиева Сауле Жупарбековна, «Бибайша» бөбекжай балабақшасының меңгерушісі – Демеуова Сабира Ашеновна марапатталды.

Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағының төрағасы Б.Еркінбектің «Құрмет грамотасымен» – М.Ғабдуллин атындағы №52 жалпы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі – Жумадилова Гульзира Нысанбековна, №5 «Мақтаарал» мектеп-гимназиясының әлеуметтік-педагогы – Баярыстанова Раушан Абдижаппаровна, №1 «Мырзакент» мектеп-гимназиясының география пәнінің мұғалімі – Сандыбаев Айтбай Тұрқараұлы, А.Байтұрсынұлы атындағы жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі – Филиппова Светлана Владимерновна марапатталды.

Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағының төрағасы Б.Еркінбектің «Алғыс хатымен» – Қ.Сәтбаев атындағы №6 жалпы орта мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі – Мусирепов Қуаныш Абидкадирович, М.Тұрсын-Заде атындағы №56 жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі – Узакова Шохида Саитбековна, Ғ.Мүсірепов атындағы №53 жалпы орта мектебінің қазақ тілі пәнінің мұғалімі – Темирбекова Жамила Петровна, В.Комаров атындағы №7жалпы орта мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі – Аймбаев Борихан Ерханович марапатталды.

Мақтаарал ауданының әкімі Б.Асановтың «Алғыс хатымен» – Ажмуратов Азмухан Пазилович – Абай атындағы №17 жалпы орта мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі, Ирсимбетова Замира Алпысбаевна – Ж.Нұрлыбаев атындағы №27 жалпы орта мектебінің қазақ тілі пәнінің мұғалімі, Қыдырбаева Гулайна Кайырбековна – №41 жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі, Жетпісбаева Назгүл – Жамбыл атындағы №39 жалпы орта мектебінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі, Казыбекова Ажар Орынбаевна – №7 «Шолпан» бөбекжай балабақшасының тәрбиешісі марапатталды.

Барша марапат иелерін шын жүректен құттықтаймыз!

Мереке құтты болсын!

Мақтаарал аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Кәсіподақ белсенділері марапатталды. Кәсіподақ белсенділері марапатталды. Кәсіподақ белсенділері марапатталды. Кәсіподақ белсенділері марапатталды. Кәсіподақ белсенділері марапатталды.

Республикалық «Мектепке жол» акциясына ОРАЙ ӨТКІЗІЛГЕН іс-шара

Жыл сайын дәстүрге айналған «Мектепке жол» республикалық акциясы мектеп оқушыларына қайырымдылық көмек көрсетуге бағытталған игі іс-шара. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің тапсырмасы бойынша «Мектепке жол» акциясына Келес аудандық Адами әлеуетті дамыту бөлімі мен Білім және Ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитеті ұйымдастыруымен 2023 жылдың 26 тамыз күні Келес аудандық кәсіподақ комитетіне қарасты жалпы орта мектептер мен бала бақшаларда қызмет атқаратын көп балалы, кіші қызметкер, аз қамтылған жалғыз басты отбасы кәсіподақ мүшелерінің мектепте оқитын ұл-қыздарына мектеп формасын (юбка, шалбар, жилет, рубашка) кәсіподақ комитеті төрағасы Н.Артыков және Келес аудандық Адами әлеуетті дамыту бөлімінің әдіскері Г. Касымбекова мерекемен құттықтап, салтанатты түрде 100 ге жуық оқушыға табыстады.

«Мектепке жол» республикалық акциясының өтуіне атсалысып, қолдау көрсеткен барша бастауыш ұйым төрағалары мен әлеуметтік педагогтарына Келес аудандық комитетінің атынан шексіз ризашылығымызды білдіреміз.

Төмендегі үлгі формалары таңдау еркімен ұсынылды

Келес аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Республикалық «Мектепке жол» акциясына ОРАЙ ӨТКІЗІЛГЕН іс-шара Республикалық «Мектепке жол» акциясына ОРАЙ ӨТКІЗІЛГЕН іс-шара Республикалық «Мектепке жол» акциясына ОРАЙ ӨТКІЗІЛГЕН іс-шара Республикалық «Мектепке жол» акциясына ОРАЙ ӨТКІЗІЛГЕН іс-шара Республикалық «Мектепке жол» акциясына ОРАЙ ӨТКІЗІЛГЕН іс-шара

Биылғы мұғалімдердің тамыз кеңесі жаңа форматта өтті.

2023 жылдың 24-25 тамыз күндері Түркістан қаласында білім беру саласы қызметкерлерінің «Әділетті Қазақстан: сапалы білім, адал ұрпақ, табысты ұлт» тақырыбындағы республикалық тамыз кеңесі өтті.

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі тарапынан Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмалары аясында білім саласындағы өзекті 20 тақырыптық бағыт («бір өңір – бір бағыт») бойынша еліміздің әрбір өңірінде республикалық тамыз кеңесін өткізу жоспарланған. Түркістан облысындағы педагогтардың тамыз кеңесінің негізгі баяндамасы «Ұлттық құндылықтарға негізделген тәрбие: біртұтас тәрбие жұмысының бағдарламасы» тақырыбында болды.

Облыс отралығында өткен республикалық тамыз кеңесіне еліміздің өзге өңірлерінен 200-ге жуық білім саласының тәрбие бағытына жауапты мамандары қатысты.

Тамыз кеңесіне Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің өкілдері, Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшелері, ҚР Парламенті мен жергілікті мәслихаттарының депутаттары, Ұлттық құрылтай мүшелері, үкіметтік емес ұйымдар, ата-аналар қоғамдастықтары өкілдері, білім саласының ардагерлері, облыстық кәсіподақ комитетінің кәсіподақ активі, озат педагогтер, білім мекемелерінің басшылары, балалар құқығын қорғау аймақтық өкілдері, аудан, қала әкімдері, мемлекеттік органдардың өкілдері, жоғары оқу орындарының ректорлары, ғалымдар және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Тамыз кеңесі, белгіленген жоспарға сәйкес, 24-25 тамыз күндері өткізілді. Бірінші күні панельдік секциялар жұмыстары мен шеберлік сыныптары өткізіліп, екінші күні пленарлық мәжіліс Астана қаласына тікелей байланысқа қосылу арқылы өтті және ары қарай өңірлерде жалғастырылды.

Биылғы мұғалімдердің тамыз кеңесі жаңа форматта өтті. Биылғы мұғалімдердің тамыз кеңесі жаңа форматта өтті. Биылғы мұғалімдердің тамыз кеңесі жаңа форматта өтті. Биылғы мұғалімдердің тамыз кеңесі жаңа форматта өтті. Биылғы мұғалімдердің тамыз кеңесі жаңа форматта өтті.

Мақтаарал ауданында «Мектепке жол» акциясы ұйымдастырылып өткізілді.

Мақтаарал аудандық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен 2023 жылдың 21-25 тамыз аралығында Мақтаарал ауданының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты негізгі және жалпы орта білім беру мекемелерінде қызмет атқарып жүрген «Алтын алқа» мен «Күміс алқа» иегерлерінің бастауыш сыныптарда оқитын ұл-қыздарына арналған мектепке қажетті оқушылар сумкалары мен оқу-құралдарын тапсыру жұмыстары жүргізілді.

Мақтаарал ауданы бойынша екі кент және тоғыз ауылдық округтерде орналасқан білім беру мекемелерінде алдын ала түзілген кестеге сәйкес аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы А.Жолдасов пен Атқару комитетінің мүшелері С.Айтынбетов, М.Айткулова, Т.Ниязбеков, Д.Дүрменбаев, А.Аяпов, С.Татеев, А.Ахментаевалар «Алтын алқа» мен «Күміс алқа» иегерлерін жаңа оқу жылымен құттықтап, аудандық кәсіподақ комитеті дайындаған мектепке қажетті оқушылар сумкалары мен оқу-құралдарын табыстады.

«Мектепке жол» акциясының ұйымдастырылып өтілуі барысында аудандық кәсіподақ комитетіне қолдау көрсеткен мектеп директорлары мен бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағаларына шынайы алғысымызды білдіреміз.

Кәсіподақтың күші – бірлікте!

Мақтаарал аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Мақтаарал ауданында «Мектепке жол» акциясы ұйымдастырылып өткізілді. Мақтаарал ауданында «Мектепке жол» акциясы ұйымдастырылып өткізілді. Мақтаарал ауданында «Мектепке жол» акциясы ұйымдастырылып өткізілді. Мақтаарал ауданында «Мектепке жол» акциясы ұйымдастырылып өткізілді. Мақтаарал ауданында «Мектепке жол» акциясы ұйымдастырылып өткізілді.

Аудандық іс-шара

Төлеби аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитеті жалпы республикалық “Мектепке жол” атты қайырымдылық акциясына 50 балаға (сөмкесі, концелярлық заттары) адами әлеуетті дамыту бөлімімен келісе отырып қайырымдылық көмек көрсетті. Сонымен қатар Төлеби аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімі және кәсіподақ комитеті ұйымдастыруымен демеушілерде балаларды мектеп формасымен қамтамасыз етті. Демеушілікке өздерінің ізгілігі мен жомарттығын танытып жүрген азаматтар қатысуға ниет білдіріп балаларға сый-сияпаттар, мектеп формаларын табыс етті.

Төлеби аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Аудандық іс-шара Аудандық іс-шара Аудандық іс-шара Аудандық іс-шара

Семинар-кеңес

Төлеби аудандық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитеті аудандық бастауыш кәсіподақ ұйымдары төрағаларымен семинар кеңесі өткізді. Семинар кеңесінің күн тәртібі 3 мәселені қамтыды:

1.Аудандық кәсіподақ комитетінің жаңа оқу жылына дейінгі жұмыс қорытындысы.

2. Бастауыш кәсіподақ ұйымдарындағы есеп беру – сайлау жиналыстарын

өткізу туралы. Бастауыш кәсіподақ ұйымдарының жаңа оқу жылындағы міндеттері.

3.Бастауыш кәсіподақ ұйымдарының жаңа оқу жылындағы міндеттері.

Күн тәртібі баяндалып, Ғалымжан Мырзалы 2022-2023 оқу жылындағы жасалған жұмыстарды толықтай айтып өтті, қойылған ұсыныстар мен сұрақтарға жауаптар берілді. Бастауыш кәсіподақ ұйымдарындағы есеп беру – сайлау жиналыстарын өткізу туралы. Бастауыш кәсіподақ ұйымдарының жаңа оқу жылындағы міндеттері жайлы аудандық кәсіподақ комитеті маманы Маккамбаев Сеитқожа баяндап, толықтай айтып өтті. Әртүрлі мәселелер бойынша хабарламалар айтылып, жаңадан жұмысқа қабылданғандардың өтініштерін толықтыру, білім беру ұйымдарының кәсіподақ комитеті төрағаларына ескертпелер, ұсыныстар айтылды.

Төлеби аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Семинар-кеңес Семинар-кеңес Семинар-кеңес Семинар-кеңес Семинар-кеңес

1 34 35 36 37 38 84