«Өнерлі ұстаз-2023» өнер байқауы

Төлеби аудандық білім бөлімі мен білім беру қызметкерлерінің кәсіподақ комитеті ұйымдастыруымен жалпы орта білім беру жүйесіндегі тәрбиенің кешенді бағдарламасын насихаттау, ұлттық және жалпы адамзаттық тәжірибені іске асырудың феноменальды құралы ретінде ән шығармашылығын өзектендіру, өнер шығармашылығын зерделеу және насихаттау, ұстаздардың рухани шығармашылығын дамыту және өзара тәжірибе алмасу мақсатында мектеп ұстаздары арасында «Өнерлі ұстаз-2023» өнер байқауы 22 мұғалімнің қатысуымен Зертас мәдениет үйінде өткізді.

Байқауға қатысушылардың арасынан Отенбаев Алмас Ниязбекұлы Жаңажол жалпы орта мектебі мұғалімі оқ бойы озып шығып, өз өнерін сан қырынан көрсетіп, байқауда бас жүлдені жеңіп алып облысқа жолдама алды. Жүлделі орындарға ие болған мұғалімдерге мақтау қағазы мен кәсіподақ комитетінің қаржылай сыйлықтары табыс етілді.

Төлеби аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

«Өнерлі ұстаз-2023» өнер байқауы «Өнерлі ұстаз-2023» өнер байқауы «Өнерлі ұстаз-2023» өнер байқауы «Өнерлі ұстаз-2023» өнер байқауы «Өнерлі ұстаз-2023» өнер байқауы «Өнерлі ұстаз-2023» өнер байқауы

Аудандық іс-шара

Түлкібас аудандық кәсіподақ комитеті мен аудандық білім бөлімі бірлесіп “Кәсіподақ күні” және “Ұстаздар күні” мерекелерін аудандық мәдениет үйінде салтанатты жағдайда өткізді. Іс-шараға білім саласының ардагер ұстаздары, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағалары, мектеп директорлары, балабақша меңгерушілері және ұлағатты ұстаздар қатысты. Сонымен қатар мерекелік іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Е.Орманов, аудандық мәслихаттың төрағасы – Х.Байысбаев, “Аманат” партиясы Түлкібас аудандық филиалының төрағасы – Қ.Еркебаев қатысып өз тараптарынан құттықтаулар айтып “Алғыс хаттар”-мен марапатталды.

Мерекелік жиында Қазақстан Республикасының оқу ағарту министрінің “Еңбек ардагері” медальімен С.Бреусов атындағы ЖББМ директорының оқу жөніндегі орынбасары Иманқұлов Ғабит Сәрсенбекұлы, ҚР оқу-ағарту министрінің “Алғыс хатымен” А.Макаренко ЖББМ директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Исаев Есболат, Карлаш Александра Васильевна, Б.Садықов атындағы ЖББМ бастауыш сынып мұғалімі Абралиев Нұркүл Жамалбекқызы және аудан әкімінің “Алғыс хатымен” 13 ұлағатты ұстаздарға марапаттауларды аудан әкімінің орынбасары Е.Орманов табыстады. Мерекелік іс-шарада аудандық мәслихатының “Алғыс хатымен” – 13 ұстаздар марапатталды. Аудандық “ұстаздар күні” және кәсіподақ күні бірлескен мерекеде аудандық білім бөлімінің басшысы Е.И.Қадірбк және аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Д.Әбішев құттықтап “облыстық білім басқармасының “Алғыс хатымен” 27 ұстаздар, облыстық білім басқармасының және облыстық кәсіподақ комитетінің бірлескен “Алғыс хатымен” 6 ұстаз кәсіподақ белсенділері марапатталды. Сонымен қатар – ардагер ұстаздарға елеулі сіңірген еңбетерін ескере отырып гүл шоқтары мен заттай сыйлықтар табысталды. Бұл бірлесіп өткізілген іс-шараға барлығы 66 мұғалім марапатталып, 223 ұстаздар аудандық білім бөлімі мен аудандық кәсіподақ комитетінің бірлескен “Алғыс хаттарымен” марапатталды. Мерекелік іс-шараға 250 ұстаздар қатысып жоғары дәрежеде өткізілді.

Түлкібас аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Аудандық іс-шара Аудандық іс-шара Аудандық іс-шара Аудандық іс-шара

Мерекелік іс шарасы

Келес аудандық білім бөлімі мен аудандық кәсіподақ комитеті ұйымдастыруымен «Ұстаздар күні» және “Кәсіподақ күні” төл мерекелеріне орай іс-шарасын өткізді. Салтанатты іс-шараға Білім саласының кәсіподақ мүшелері, ардагер, ұлағатты ұстаздар қатысты.

Мерекелік іс шарада аудан әкімінің орынбасары құттықтау сөзін айтып, аудандық білім бөліміне қарасты мектептерді Оқу ағарту министрі Ғ.Бейсембаевтың Алғыс хатын табыстады.

Түркістан облыстық білім басқармасының алғыс хаттарын №21 жом-ң бастауыш сынып мұғалімі Г. А.Раманкулова және №28 Мақташы мектебінен орыс тілі пән мұғалімі З. А. Шакарова , №26 Келес мектебіне Р. К. Дюсенгалиева, Түркістан облыстық кәсіподақ комитетінің білім басқармасымен бірлескен алғыс хаттарын № 6 бастауыш мектебінен А. Полатова, №25 С. Сейфуллин мектебінен Б. Ж. Кусанов ағай , апайларымызға табысталса, Түркістан облыстық Amanat партиясының Алғыс хаттарымен № 37 Р. Қошқарбаев мектебінің директоры Н.А. Ашеев және №28 Мақташы мектебінің директоры Б. У. Туркулов, сонымен қатар төс белгілері, құрмет грамоталарымен де кәсіподақ мүшелері марапатталды.

Білім саласына, кәсіподақ комитетіне өз үлесін қосқан ардагер ұстаздарды, зейнетке шыққан апайларымызды гүл шоғымен және 10 күндік Сарыағаш шипажай жолдамасын табыстаумен мерекелік 2 күндік іс шара концерттік бағдарламамен қорытындыланды.

Келес аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Мерекелік іс шарасы Мерекелік іс шарасы Мерекелік іс шарасы Мерекелік іс шарасы

Кәсіподақ белсенділері марапатталды!

2023 жылғы Қазан айының 10 күні «Жастар ресурстық орталығының» кіші залында «Қазақстан Кәсіподақтары күніне» орай Ордабасы аудандық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитеті, дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстелге Ордабасы аудан әкімінің орынбасары М.Ақмұратов қатысып, Ордабасы аудандық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің ұжымын және жиынға келгендерді мерекемен құттықтап, аудан әкімінің міндетін қоса атқарушы Қ.Сейітқұлдың құттықтау хатын табыстады.

Сонымен қатар, бір қатар кәсіподақ белсенділерін аудан әкімінің Құрмет грамотасымен және зейнеткерлік жасқа толған кәсіподақ мүшелерін мерейтойларымен құттықтап марапаттады.

Ордабасы аудандық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің төрағасы Қ.Төлебаев мерекелік іс-шараға қатысушыларды Қазақстан Республикасының кәсіподақтар күні мерекесімен құттықтап, білім саласында еселі еңбек етіп жүрген кәсіподақ белсенділерін «Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» Қоғамдық бірлестігінің «Кәсіподаққа еңбегі сіңген қызметкер» төс белгілерімен, «EL QURMETY» қоғамдық қорының «Ерен еңбек иесі» «Ы.Алтынсарин» медалімен, «Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» Қоғамдық бірлестігінің «Құрмет грамоталары» және «Алғыс хаттарымен», Ордабасы аудандық білім бөлімі мен аудандық кәсіподақ комитетінің бірлескен Құрмет грамоталарымен марапаттады.

Іс-шара барысында мұғалімдер күні мерекесіне орай ұйымдастырылған дәстүрлі шығармашыл мұғалімдер арасындағы «Әріптес туралы сыр» байқауының жеңімпаздарын қазылар алқасының мүшесі, аудандық білім бөлімінің әдіскері Гүлназ Омарова дипломдармен марапаттап, сыйақы тапсырды. Мерекелік іс-шара кезінде аудандық «Өнер мектебінің» және аудандық Мәдениет үйінің өнерпаздары марапатталған кәсіподақ белсенділеріне өз өнерлерін көрсетті.

Ордабасы аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Кәсіподақ белсенділері марапатталды! Кәсіподақ белсенділері марапатталды! Кәсіподақ белсенділері марапатталды! Кәсіподақ белсенділері марапатталды! Кәсіподақ белсенділері марапатталды!

Кәсіподақтар күні мерекесі

Сарыағаш аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен 10 – қазан Кәсіподақтар күні мерекесі, салтанатты түрде атап өтілді. Мерекелік іс-шараға білім беру мекемелерінің басшылары, бастауыш кәсіподақ комитеттерінің төрағалары, ауданның үздік мұғалімдері және “СӘТ” телеарнасының қызметкерлері қатысты.

Аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Ә.Тастанбеков, Кәсіподақ – еңбек адамының заңды мүдделері мен құқықтарын қорғауда, әлеуметтік жағдайларын жақсартуда шешуші роль атқаратын аса маңызды қоғамдық ұйымның бірі екенін түсіндіріп және аудандық кәсіподақ комитеті кәсіподақ мүшелерінің мүдделерін қорғауда қалыпты жұмыстар атқарып келетінін айтып өтті. Іс-шара барысында аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Ә.Тастанбеков қатысушыларды Кәсіподақтар күнімен шын жүректен құттықтап және білім беру саласындағы қажырлы, жемісті еңбектеріне алғыс айтып, Облыс әкімінің “Құрмет граматосымен”, Облыс әкімінің “Алғыс хатымен”, Облыстық “АМАНАТ” партиясының “Алғыс хатымен”, Облыстық білім басқармасы мен Облыстық кәсіподақ комитетінің бірлескен “Алғыс хатымен”, Облыстық кәсіподақ комитетінің “Кәсіподаққа еңбегі сіңген қызметкер” белгісімен және облыстық кәсіподақ комитетінің “Құрмет грамотасымен” марапаттады. Мерекелік іс-шарада “СӘТ” телеарнасы қызметкерлері түсірілім жасап, бірқатар ұстаздардан сұхбаттар алды. Соңынан кәсіподақ мүшелері суреттерге түсіп, ыстық лебіздерін білдіріп, көтеріңкі көңіл-күймен тарқады.

Сарыағаш аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Кәсіподақтар күні мерекесі Кәсіподақтар күні мерекесі Кәсіподақтар күні мерекесі Кәсіподақтар күні мерекесі Кәсіподақтар күні мерекесі

Мерекелік іс-шара

2023 жылдың 10 қазан күні Білім және ғылым қызметкерлері Қазығұрт аудандық кәсіподақ комитетінің ұйымдастырумен «10-қазан Қазақстан Кәсіподақтар күні» мерекесіне орай салтанатты іс-шарасын өткізді. Мерекелік іс-шараға облыстык кәсіподак комитетінің бас маманы Б.Қилыбай, аудандық білім бөлімінің басшы міндетін атқарушысы Ә.Мамытбаев, Білім саласына еңбек сіңірген ардагер ұстаздар, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағалары қатысып құттықтау сөздерін айтып, ауданның үздік білім саласының қызметкерлеріне облыстық білім басқармасы, облыстық «АМАНАТ» партиясы, облыстық кәсіподақ комитетінің төс белгісі, Құрмет грамота және Алғыс хаттарымен марапаттады.

Қазығұрт аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Мерекелік іс-шара Мерекелік іс-шара Мерекелік іс-шара Мерекелік іс-шара Мерекелік іс-шара

Мерекелік іс-шарасы

Сауран ауданы білім бөлімімен Аудандық кәсіподақ кәсіподақ комитетінін ұйымдастыруымен мерекелік іс-шарасын өткізді.

Сіздерді кәсіби мерекеміз Мұғалімдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз. Баршаңызға мықты денсаулық, қажымас қайрат, шығармашылық шабыт, отбасыңызға амандық тілеймін. Білім мен тәрбие беріп отырған шәкірттеріңіз биік шыңдарды бағындырып, мерейлеріңізді үстем ете берсін. Еңбектеріңіз жемісті, жұмыстарыңыз табысты болсын. Ұстаз болу – жүректің батырлығы,

Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,

Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,

Азбайтұғын адамның алтындығы – деп ақын Ғ. Қайырбеков жырлағандай, сөзі маржан, үні ән ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етеміз. Аман жүріңіздер.

Сауран аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Мерекелік іс-шарасы Мерекелік іс-шарасы Мерекелік іс-шарасы

Мерекелік іс-шара

“Мұғалімдер күні!”-кәсіби мерекесіне арналған мұғалімдер мен қызметкерлер арасында кіші футболдан турнир ұйымдастырылды. Турнир аудандағы мұғалімдердің ынтымақтастығын мен достастығын нығайту және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылды. Жетісай қаласы, ауылдық округтерде орналасқан білім беру ұйымдарынан құралған 11 құрама командалар қатысты. Өте тартысты өткен додада үш топқа бөлінген командалардан іріктеліп төрт команда жартылай және ақтық ойынға жолдама алды. Нәтижесінде ойын барысында қақпаға ең үздік гол соққан Ж.Ералиев ауылдық округі командасының ойыншысы К.Карабеков, ойыншылардың номинациясы бойынша “Үздік шабуылшы” атағымен Д.Қонаев атындағы МЛ мұғалімі Қияшев Бағлан, “Үздік қорғаушы” атағымен Х.Доспанова атындағы ЖББМ-ң мұғалімі Ажібеков Еркінбек, “Үздік қақпашы” атағымен Ғ.Мұратбаев атындағы ЖББМ-ң мұғалімі Бекбала Айдос, “Үздік ойыншы” атағымен С.Сейфуллин атындағы ЖББМ-ң мұғалімі Содикжан Данияров иеленді. Сонымен бірге кіші ІІІ орынды Жетісай командасы, негізгі ІІІ орынды Жылы су ауылдық округі, ІІ орын Мақталы ауылдық округі, І орынды Ж.Ералиев ауылдық округі командасы иеленді. Бүгінгі өткен іс-шара өте жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Барлық марапат иелерін Жетісай ауданының білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік обағы тарапынан арнайы дипломдар, кубоктар, қаржылай сертификаттар табысталды. Іс-шараға қатысқан барша әріптестерімізге үлкен алғыс білдіреміз.

Жетісай аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Мерекелік іс-шара Мерекелік іс-шара Мерекелік іс-шара

ҰСТАЗДАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев: «Ұстаз деген – қасиетті мамандық. Біз ұстазды құрмет тұтқан елміз. Қоғамда мұғалімнің мәртебесін одан әрі биіктетеміз» деген болатын.

Аудандық «Мыңжылқы» мәдениет сарайында 5 қазан – Мұғалімдер күні құрметіне арналған «Ұстазым – ұлағатым, үлгі өнегем!» тақырыбында салтанатты жиын болып өтті.​ Жиынға Созақ ауданының әкімі М.Тұрысбеков, аудандық мәслихаттың төрағасы О.Жәмиев, Созақ ауданының білім бөлімінің басшысы Н.Айдаров, Білім және ғылым қызметкерлері Созақ аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы М.Қасым, мектеп және балабақша басшылары, мұғалімдер, ардагер ұстаздар және БАҚ өкілдері қатысты.

Созақ ауданының әкімі М.Тұрысбеков ұстаздарды мерекемен құттықтады. Бүгінгі таңда зейнеткерлік демалыста отырған ардагер ұстаздарды ерекше құттықтап, саналы ғұмырын ұстаздыққа арнаған ардагер ұстаздарға гүл шоқтары мен арнайы сыйлықтар тапсырылды. Білім саласының озық қызметкерлерін аудан әкімінің алғыс хатымен марапаттады. Аудандық мәслихаттың төрағасы О.Жәмиев ұстаздар күніне арналған жүрекжарды лебізін білдіріп, шығармашылығымен көзге түскен ұстаздарды марапаттады.

Созақ ауданының білім бөлімінің басшысы Н.Айдаров шәкірттері биік белестерді бағындырып жүрген шығармашыл ұстаздарды марапаттады.

Шара барысында бірқатар мұғалімдер мен ардагер ұстаздарға кәсіподақ комитетінің атынан сый-сияпаттар жасалды.

Салтанатты жиын соңы​ «Ұстазым» әнімен қорытындыланды.

Жанары ізгілікке, жүрегі қадір-қасиетке толы, жаны жайсаң қымбатты ұстаздарымызды төл мерекесімен құттықтаймыз!

Созақ аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

ҰСТАЗДАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ ҰСТАЗДАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ ҰСТАЗДАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ ҰСТАЗДАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

1 32 33 34 35 36 84