Бес жылға есеп берілді.

2023 жылғы 19 желтоқсан күні Кентау қалалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымының есеп беру және қайта сайлау конференциясы болып өтті. Конференцияға өкілеттік нормасына сәйкес сайланған 60 делегаттың 57 қатысты. Іс шараға Түркістан облыстық кәсіподақ комитеті төрағасының орынбасары А.Абуов, аудандық білім бөлімінің маманы Х.Жайықбаева, Кентау қаласы білім саласы ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Әбдірахманов және басқа да шақырылғандар қатысты. Конференция жұмысын Кентау қалалық кәсіподақ комитетінің төрағасы Т.Садуов ашып, делегаттардың жалпы дауысымен күн тәртібі бекітілді.
Кентау қалалық кәсіподақ комитетінің төрағасы Т.Садуовтың кәсіподақ комитетінің 2019-2023 жылдардағы атқарған жұмысы туралы есепті баяндамасы мен тексеру комиссиясының төрағасы С.Қыдырбаевтың есебі тыңдалды.
Баяндамада есепті кезеңде қалалық кәсіподақ комитеті құрылымының нығаюы, әлеуметтік әріптестікті дамыту жөнінде атқарылған жұмыстар, кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін қорғау бойынша атқарылған шаралар, еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі ережелерінің сақталуына қоғамдық бақылау жасау және оның нәтижелері, кәсіподақ мүшелерін сауықтыру, бұқаралық спорт және мәдени іс-шаралар жайлы ақпарат және мәліметтер айтылып, кемшіліктерді болдырмау, алда атқарылатын шаралар, кәсіподақ мүшелері тарапынан айтылған сын ескертпелерді орындау мәселелері қозғалды.
Баяндамаларды талқылау бойынша жарыссөзде сөйлегендер С.Ташпулатов – №17 А.Навои атындағы ЖОМ директоры, К. Әбдірахманова – балабақша меңгерушісі, мектептен тыс мекемелер атынан – М.Шамекенова есепті жылдарда атқарылған жұмыстарға қанағаттандырарлық деген баға беріп, алдағы уақытта кәсіподақ комитетінің жұмысына табыстар тіледі.
Облыстық кәсіподақ комитеті төрағасының орынбасары А.Абуов баяндамалар бойынша өзінің ой-пікірін білдіріп, алда тұрған міндеттер және облыстық кәсіподақ комитетінің қызметі туралы делегаттарды хабардар етті.
Күн тәртібіне сәйкес қалалық кәсіподақ комитетінің комитет мүшелері, тексеру комиссиясының мүшелері мен төрағасы және облыстық конференцияға делегаттар сайланды. Қалалық кәсіподақ комитетінің төрағасы болып Садуов Талғат Нұралыұлы қайта сайланды. Конференцияның күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша қаулылар қабылданды.
Конференция соңында үздік бастауыш кәсіподақ ұйымдары мен үздік кәсіподақ жетекшілері республикалық «ӨРЛЕУ» білім және ғылым қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының «Кәсіподаққа сіңірген еңбегі үшін» медалі, облыстық кәсіподақ комитетінің Алғыс хаттары, Құрмет грамоталарымен және облыстық кәсіподақ комитетінің «Кәсіподаққа еңбегі сіңген қызметкер» белгісімен марапатталды.

Облыстық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Бес жылға есеп берілді.

2023 жылғы 19 желтоқсан күні Бәйдібек аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымының есеп беру және қайта сайлау ХХІІ конференциясы болып өтті. Конференцияға өкілеттік нормасына сәйкес сайланған 42 делегаттың 42 қатысты. Іс шараға Түркістан облыстық кәсіподақ комитеті төрағасы Б.Еркінбек, аудандық білім бөлімінің бас маманы А.Қалаубай және басқа да шақырылғандар қатысты.

Конференция жұмысын Бәйдібек аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы С.Әмзеева ашып, делегаттардың жалпы дауысымен күн тәртібі бекітілді.

Бәйдібек аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы С.Әмзееваның кәсіподақ комитетінің 2019-2023 жылдардағы атқарған жұмысы туралы есепті баяндамасы мен тексеру комиссиясының төрағасы Б.Кәрібаеваның есебі тыңдалды.

Баяндамада есепті кезеңде аудандық кәсіподақ комитеті құрылымының нығаюы, әлеуметтік әріптестікті дамыту жөнінде атқарылған жұмыстар, кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін қорғау бойынша атқарылған шаралар, еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі ережелерінің сақталуына қоғамдық бақылау жасау және оның нәтижелері, кәсіподақ мүшелерін сауықтыру, бұқаралық спорт және мәдени іс-шаралар жайлы ақпарат және мәліметтер айтылып, кемшіліктерді болдырмау, алда атқарылатын шаралар, кәсіподақ мүшелері тарапынан айтылған сын ескертпелерді орындау мәселелері қозғалды.

Баяндамаларды талқылау бойынша жарыссөзде сөйлегендер Г.Әсілбаева – “Шаян” МЛ бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы, А. Есімханов – С.Ерубаев атындағы ЖББМ бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы, А.Кемелбекова – М.Әуезов атындағы ІТ-МЛ бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы, Е.Битанова – С.Сейфуллин атындағы БМ мандат комиссиясының төрағасы есепті жылдарда атқарылған жұмыстарға қанағаттандырарлық деген баға беріп, алдағы уақытта кәсіподақ комитетінің жұмысына табыстар тіледі.

Облыстық кәсіподақ комитеті төрағасы Б.Еркінбек баяндамалар бойынша өзінің ой-пікірін білдіріп, алда тұрған міндеттер және облыстық кәсіподақ комитетінің қызметі туралы делегаттарды хабардар етті.

Күн тәртібіне сәйкес қалалық кәсіподақ комитетінің комитет мүшелері, тексеру комиссиясының мүшелері мен төрағасы және облыстық конференцияға делегаттар сайланды. Аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы болып Әмзеева Сұнқар Мамырханқызы қайта сайланды. Конференцияның күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша қаулылар қабылданды.

Конференция соңында үздік бастауыш кәсіподақ ұйымдары мен үздік кәсіподақ жетекшілері Түркістан облысы әкімінің Құрмет грамотасы, республикалық «ӨРЛЕУ» білім және ғылым қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының «Кәсіподаққа сіңірген еңбегі үшін» медалі, облыстық кәсіподақ комитетінің Алғыс хаттары, Құрмет грамоталарымен және облыстық кәсіподақ комитетінің «Кәсіподаққа еңбегі сіңген қызметкер» белгісімен марапатталды.

Облыстық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Аудандық семинар-кеңес

Сауран аудандық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитеті 2023 жылдың 15 желтоқсан күні бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары арасында аудандық семинар-кеңес өткізді.

Аудандық семинар-кеңесті Сауран аудандық кәсіподақ комитетінің төрайымы Ф.Рысбекова ашып бүгінгі отырыстың күн тәртібімен таныстырды:

1. 8 желтоқсан күні Астана қаласында өткен «Өрлеу» Білім және ғылым қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының Бірінші съезі материалдарымен танысу.

2. Жылды қорытындылау.

Бірінші мәселе бойынша «Өрлеу» білім және ғылым қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының Бірінші съезі 2023 жылдың 8 желтоқсан күні Астана қаласында болып өтті. Съезд жұмысына еліміздің әр түрлі өңірлерінен келген съезд делегаттары мен қонақтары, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Е.Әбіл, Қазақстан Еңбек конфедерациясы бас хатшысының орынбасары Б.Тәжібай және «Өрлеу» Білім және ғылым қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы А.Дощанова қатысты. Кәсіподақтың алдағы жұмыс жоспары мен мақсаты білім мен ғылым саласы қызметкерлерінің әлеуметтік еңбек құқықтарын қорғау, еңбек жағдайларын жақсарту және олардың мәртебелері көтеру жолында атқарылатын тың бастамалар айтылып, съезд делегаттарының ұсыныстары тыңдалғанын хабарлады.

Екінші мәселе бойынша бір жылда атқарылған жұмыстарды қорытындылап, еңбек құқықтарын қорғау барысында кездесіп жатқан түрлі жағдайлар мен мәселелерді шешу жолында атқарылған іс-шараларды жеке-жеке айтып өтті.

Семинар-кеңесте өзара пікір алмасу, тәжірибелерімен бөлісу жүргізілді, ұсыныстар айтылып, сұрақтарға жауаптар берілді.

Семинар соңында аудандық кәсіподақ комитетінің төрайымы Ф.Рысбекова Облыстың «Кәсіподаққа еңбегі сіңген қызметкер» төс белгілерін, «Құрмет грамотасымен» марапаттап, сыйлықтар тапсырды.

Сауран аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Жас тұлпарлар жырлайды

Тәуелсіздік күні қарсаңында Оқушылар сарайында дәстүрлі “Жас тұлпарлар жырлайды” республикалық оқушылар айтысы өтті.

Оған Шымкент, Тараз, Алматы, Астана, Қызылорда қалаларынан келген 14 айтыскер қатысты.

Оза шапқан ақын тұлпар мініп, мықтылары қомақты сыйлық алып кетті. Бірақ киелі жерге келген жас ақындарды қолдап, ешбірін құр қол қайтармадық.

Әр ақынның серігі болсын деп домбыра сыйлаған, облысымыздың белсенді депутаты Инара Намазбаеваға, ақшалай қолдау білдірген демеушілерге және жыл сайын БАС ЖҮЛДЕ ТҰЛПАРДЫ сыйлап жүрген Облыстық кәсіподақ комитететінің төрағасы Еркінбек Бақыт мырзаға өз алғысымды жеткіземін!

Елім дейтін ұлдарға, ерім дейтін мықтыларымыз көп болсын!

Облыстық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Бес жылға есеп берілді!

2023 жылғы 14 желтоқсан күні аудандық Созақ аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымының XVII есеп беру және қайта сайлау конференциясы болып өтті. Конференцияға өкілеттік нормасына сәйкес сайланған 52 делегаттың 51 қатысты. Іс шараға Түркістан облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы Б.Еркінбек, аудандық білім бөлімінің басшысы Н.Айдаров және басқа да шақырылғандар қатысты. Конференция жұмысын Созақ ауандық кәсіподақ комитетінің төрағасы М.Қасым ашып, делегаттардың жалпы дауысымен күн тәртібі бекітілді.

Төраға М.Қасымның Созақ аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің 2019-2023 жылдардағы атқарған жұмысы туралы есепті баяндамасы мен тексеру комиссиясының төрайымы М.Тілеумбетованың есебі тыңдалды.

Баяндамада есепті кезеңде аудандық кәсіподақ комитеті құрылымының нығаюы, әлеуметтік әріптестікті дамыту жөнінде атқарылған жұмыстар, кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін қорғау бойынша атқарылған шаралар, еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі ережелерінің сақталуына қоғамдық бақылау жасау және оның нәтижелері, кәсіподақ мүшелерін сауықтыру, бұқаралық спорт және мәдени іс-шаралар жайлы ақпарат және мәліметтер айтылып, кемшіліктерді болдырмау, алда атқарылатын шаралар, кәсіподақ мүшелері тарапынан айтылған сын ескертпелерді орындау мәселелері қозғалды.

Баяндамаларды талқылау бойынша жарыссөзде сөйлегендер Н.Айдаров – аудандық білім бөлімінің басшысы, Г.Нуриддинова «Созақ» мектеп гимназиясының БКҰ-ның төрағасы, С.Бегманұлы – Қ.Рүстемов атындағы ЖББМ директоры, Ұ.Сағындықова – «Айшуақ» бөбекжай балабақшасының БКҰ-ның төрайымы есепті жылдарда атқарылған жұмыстарға қанағаттандырарлық деген баға беріп, алдағы уақытта кәсіподақ комитетінің жұмысына табыстар тіледі.

Облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы Еркінбек Бахыт Сейтжаппарұлы баяндамалар бойынша өзінің ой пікірлерін білдіріп, алда тұрған міндеттер және облыстық кәсіподақ комитетінің қызметі туралы конференция делегаттарын хабардар етті.

Күн тәртібіне сәйкес аудандық кәсіподақ комитетінің комитет мүшелері, тексеру комиссиясының мүшелері мен төрағасы және облыстық конференцияға делегаттар сайланды. Аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы болып Қасым Манас Сейдахметұлы қайта сайланды. Конференцияның күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша қаулылар қабылданды.

Конференция соңында үздік бастауыш кәсіподақ ұйымдары мен үздік кәсіподақ жетекшілері республикалық «ӨРЛЕУ» білім және ғылым қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының «Кәсіподаққа сіңірген еңбегі үшін» медалі, облыстық кәсіподақ комитетінің Алғыс хаттары, Құрмет грамоталарымен және облыстық кәсіподақ комитетінің «Кәсіподаққа еңбегі сіңген қызметкер» белгісімен марапатталды.

Облыстық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Аудандық кәсіподақ конференциясы өтті.

13 желтоқсан 2023 жылы Түлкібас аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымының XXVII есеп беру және сайлау конференциясы өтті. Конференцияға өкілеттік нормасына сәйкес сайланған 59 делегаттың 49-ы келді. Ауа райының қолайсыздығына байланысты 10 делегат қатыса алмады.

Конференцияға Түлкібас аудандық білім бөлімі басшысының орынбасары Б.Қилыбаев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қ.Анашев және шақырылғандар қатысты.

Конференция жұмысын аудандық кәсіподақ комитетінің кеңесшісі А.Полатбеков жүргізіп отырды. Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалды. Осыдан кейін конференцияның жұмысшы төралқасы мен жұмысшы органдары сайланып, күн тәртібі бекітілді.

Аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Д.Абишев «Түлкібас аудандық кәсіподақ комитетінің 2019 – 2023 жылдардағы жұмысы туралы» есепті баяндама жасады, тексеру комиссиясының төрағасы Г.Қалжанованың есебі тыңдалды. Баяндамада есепте кезеңде аудандық кәсіподақ комитеті құрылымының нығаюы, әлеуметтік әріптестікті дамыту жөнінде атқарылған жұмыстар, кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін қорғау бойынша атқарылған шаралар, еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі ережелерінің сақталуына қоғамдық бақылау жасау және оның нәтижелері, кәсіподақ мүшелерін сауықтыру, бұқаралық спорт және мәдени іс-шаралар жайлы ақпарат және мәліметтер айтылды. Баяндамаларды талқылау бойынша жарыссөзде сөйлегендер:

С.Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектебі кәсіподақ комитетінің төрағасы А.Сырманов, Ғ.Мұратбаев атындағы жалпы білім беретін мектебі кәсіподақ комитетінің төрайымы Ұ.Шакирбаева, Ұрбұлақ жалпы білім беретін мектебі кәсіподақ комитетінің төрағасы Қ.Қошқарбаев, С.Сейфуллин атындағы мектеп директоры Н.Сағындықов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қ.Анашев, аудандық білім бөлімі басшысының орынбасары Б.Қилыбаев.

Конференцияда Түлкібас аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы болып Абишев Даулен Мырзалыұлы сайланды.

Аудандық кәсіподақ конференциясында күн тәртібіне сәйкес аудандық кәсіподақ комитеті, аудандық тексеру комиссиясы және облыстық конференцияға делегаттар сайланды.

Конференция күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша қаулылар қабылдады.

Облыстық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Аудандық кәсіподақ комитетінің 5 жылдық есебі.

2023 жылғы 12 желтоқсан күні Шардара ауданы, Шардара қаласы Қ.Аманжолов атындағы жалпы білім беретін мектебінің акт залында Шардара аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымының есеп беру және сайлау ХVII конференциясы өтті. Конференцияға өкілеттік нормасына сәйкес сайланған 46 делегаттың 43-і қатысты.

Конференцияға Түркістан облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы Б.Еркінбек, облыстық кәсіподақ комитеті төрағасының орынбасары А.Абуов, Шардара аудандық білім бөлімі басшының орынбасары Д.Нұсқабаева және басқа да шақырылғандар қатысты.

Конференция жұмысын Шардара аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Ұ.Жұман ашты. Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалды. Осыдан кейін конференцияның жұмысшы төралқасы мен жұмысшы органдары сайланып, күн тәртібі бекітілді.

Аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Ұ.Жұман Шардара аудандық кәсіподақ комитетінің 2019 – 2023 жылдардағы атқарған жұмысы туралы есепті баяндама жасады. Тексеру комиссиясының төрағасы Б.Утегенованың есебі тыңдалды. Баяндамада есепті кезеңде аудандық кәсіподақ комитеті құрылымының нығаюы, әлеуметтік әріптестікті дамыту жөнінде атқарылған жұмыстар, кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін қорғау бойынша атқарылған шаралар, еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі ережелерінің сақталуына қоғамдық бақылау жасау және оның нәтижелері, кәсіподақ мүшелерін сауықтыру, бұқаралық спорт және мәдени іс-шаралар жайлы ақпарат және мәліметтер айтылып, кемшіліктерді болдырмау, алда атқарылатын міндеттерді іске асыру жөнінде атқарылатын шаралар, кәсіподақ мүшелері тарапынан айтылған сын ескертпелерді орындау мәселелері айтылды. Баяндамаларды талқылау бойынша жарыссөзде сөйлегендер: Д.Дуйсенов«Ұзын ата» ЖББМ бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы, аудандық мәслихат депутаты, М.Қабай«Ақ алтын» ЖББМ директоры, Ж.ҚұдабаевС.Ерубаев атындағы ЖББМ бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы, Д.Махашов – мандат комиссиясының төрағасы.

Облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы Еркінбек Бахыт Сейітжаппарұлы баяндама бойынша өзінің ой пікірлерін, алдағы міндеттер туралы айтты және облыстық кәсіподақ комитетінің қызметі туралы конференция делегаттарын хабардар етті.

Конференцияда Шардара аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы болып Жұман Ұлықбек Назарұлы қайта сайланды.

Аудандық кәсіподақ конференциясы күн тәртібіне сәйкес аудандық кәсіподақ комитеті, аудандық тексеру комиссиясы және облыстық конференцияға делегаттар сайлады. Конференцияның күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша қаулылар қабылданды.

Конференция соңында үздік бастауыш кәсіподақ ұйымдары мен үздік кәсіподақ жетекшілері облыстық кәсіподақ комитеттерінің Алғыс хаты, Құрмет грамоталарымен және облыстық кәсіподақ комитетінің «Кәсіподаққа еңбегі сіңген қызметкер» белгісімен марапатталды.

Облыстық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі

.

Аудандық кәсіподақтың конференциясы өтті.

2023 жылғы 12 желтоқсан күні Келес ауданы, Абай ауылы №5 жалпы білім беретін мектебінің акт залында Келес аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымының есеп беру және сайлау VIII конференциясы өтті. Конференцияға өкілеттік нормасына сәйкес сайланған 51 делегаттың 49-і қатысты.

Конференцияға Түркістан облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы Б.Еркінбек, облыстық кәсіподақ комитеті төрағасының орынбасары А.Абуов, Келес ауданы әкімінің орынбасары Д.Сариев, аудандық “АМАНАТ” партиясының төрағасы А.Жұмабеков, аудандық білім бөлімінің басшысы м.у.а. Н.Сманов, аудандық мәслихат депутаты Қ.Мүсір және басқа да шақырылғандар қатысты.

Конференция жұмысын Келес аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Н.Артықов ашты. Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалды. Осыдан кейін конференцияның жұмысшы төралқасы мен жұмысшы органдары сайланып, күн тәртібі бекітілді.

Аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Н.Артықов Келес аудандық кәсіподақ комитетінің 2019 – 2023 жылдардағы атқарған жұмысы туралы есепті баяндама жасады. Тексеру комиссиясының төрағасы О.Абдулиинның есебі тыңдалды. Баяндамада есепті кезеңде аудандық кәсіподақ комитеті құрылымының нығаюы, әлеуметтік әріптестікті дамыту жөнінде атқарылған жұмыстар, кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін қорғау бойынша атқарылған шаралар, еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі ережелерінің сақталуына қоғамдық бақылау жасау және оның нәтижелері, кәсіподақ мүшелерін сауықтыру, бұқаралық спорт және мәдени іс-шаралар жайлы ақпарат және мәліметтер айтылып, кемшіліктерді болдырмау, алда атқарылатын міндеттерді іске асыру жөнінде атқарылатын шаралар, кәсіподақ мүшелері тарапынан айтылған сын ескертпелерді орындау мәселелері айтылды. Баяндамаларды талқылау бойынша жарыссөзде сөйлегендер: А.Жұмабеков – Келес аудандық “АМАНАТ” партиясының төрағасы, Қ.Мүсір – аудандық мәслихат депутаты, Т.Маматқұлов – Т.Бегманов атындағы 8 ЖББМ бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы, мандат комиссиясының төрағасы, З.Темирова – №43 “Болашақ” ЖББМ бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы, А.Турбекова – Ө.Жәнібеков атындағы 2 МГ бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы, М.Абдрахимов – С.Сейфуллин атындағы №25 ЖББМ бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы.

Облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы Еркінбек Бахыт Сейітжаппарұлы баяндама бойынша өзінің ой пікірлерін, алдағы міндеттер туралы айтты және облыстық кәсіподақ комитетінің қызметі туралы конференция делегаттарын хабардар етті.

Конференцияда Келес аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы болып Артықов Нурлан Тастемірұлы қайта сайланды.

Аудандық кәсіподақ конференциясы күн тәртібіне сәйкес аудандық кәсіподақ комитеті, аудандық тексеру комиссиясы және облыстық конференцияға делегаттар сайлады.

Конференцияның күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша қаулылар қабылданды.

Конференция соңында үздік кәсіподақ жетекшілеріне республикалық “ӨРЛЕУ” білім және ғылым қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының «Кәсіподаққа сіңірген еңбегі үшін» медалі табысталды.

Облыстық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

«Өрлеу» Кәсіподағының съезі болып өтті!

«Өрлеу» Білім және ғылым қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының Бірінші съезі 2023 жылдың 8 желтоқсаны күні Астана қаласында болып өтті. Съезд жұмысына еліміздің әр түрлі өңірлерінен келген съезд делегаттары мен қонақтары, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Е.Әбіл, Қазақстан Еңбек конфедерациясы бас хатшысының орынбасары Б.Тәжібай және «Өрлеу» Білім және ғылым қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы А.Дощанова қатысты.
Съезд барысында Кәсіподақтың төрағасын сайлау, жоғары тұрған кәсіподақтың құрамына кіру, салалық кеңес пен өзге де комиссиялардың құрамын бекіту сияқты өзекті мәселелер талқылауға салынып, ашық түрде дауыс беру арқылы бекітілді.
Кәсіподақтың алдағы жұмыс жоспары мен мақсаты, білім мен ғылым саласы қызметкерлерінің әлеуметтік еңбек құқықтарын қорғау, еңбек жағдайларын жақсарту және олардың мәртебелерін көтеру жолында атқарылатын тың бастамалар айтылып, съезд делегаттарының ұсыныстары тыңдалды.

Облыстық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Бес жылға есеп берілді!

Ордабасы аудандық кәсіподақ ұйымының ХVIII есеп беру және қайта сайлау конференциясы өтті.

2023 жылғы 29 қараша күні аудандық Мәдениет үйінде Ордабасы аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымының XVIII есеп беру және қайта сайлау конференциясы болып өтті. Конференцияға өкілеттік нормасына сәйкес сайланған 124 делегаттың 102 қатысты. Іс шараға Түркістан облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы Б.Еркінбек, аудан әкімінің орынбасары М.Ақмұратов, аудандық білім бөлімінің өкілі М.Молдабаев, ардагер ұстаз З.Маханова және құрметті қонақ ретінде шақырылған қоғамдық ұйымдар мен білім саласының ардагерлері қатысты. Конференция жұмысын Ордабасы ауандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Қ.Төлебаев ашып, делегаттардың жалпы дауысымен күн тәртібі бекітілді.

Төраға Қ.Төлебаевтың Ордабасы аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің 2019-2023 жылдардағы атқарған жұмысы туралы есепті баяндамасы мен тексеру комиссиясының төрайымы Ж.Қалымбетованың есебі тыңдалды.

Баяндамада есепті кезеңде аудандық кәсіподақ комитеті құрылымының нығаюы, әлеуметтік әріптестікті дамыту жөнінде атқарылған жұмыстар, кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін қорғау бойынша атқарылған шаралар, еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі ережелерінің сақталуына қоғамдық бақылау жасау және оның нәтижелері, кәсіподақ мүшелерін сауықтыру, бұқаралық спорт және мәдени іс-шаралар жайлы ақпарат және мәліметтер айтылып, кемшіліктерді болдырмау, алда атқарылатын шаралар, кәсіподақ мүшелері тарапынан айтылған сын ескертпелерді орындау мәселелері қозғалды.

Баяндамаларды талқылау бойынша жарыссөзде сөйлегендер Е.Рүстенбек – Қарақұм мектебінің БКҰ төрағасы, Ж. Жахан- Нұрлыбеков атындағы мектептің БКҰ-ның төрағасы есепті жылдарда атқарылған жұмыстарға қанағаттандырарлық деген баға беріп, алдағы уақытта кәсіподақ комитетінің жұмысына табыстар тіледі.

Облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы Еркінбек Бахыт Сейтжаппарұлы баяндамалар бойынша өзінің ой пікірлерін білдіріп, алда тұрған міндеттер және облыстық кәсіподақ комитетінің қызметі туралы конференция делегаттарын хабардар етті.

Күн тәртібіне сәйкес аудандық кәсіподақ комитетінің комитет мүшелері, тексеру комиссиясының мүшелері мен төрағасы және облыстық конференцияға делегаттар сайланды. Аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы болып Төлебаев Қайрат Асылбекұлы қайта сайланды. Конференцияның күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша қаулылар қабылданды.

Конференция соңында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің “ӘЛЕУМЕТТІК-ЕҢБЕК САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІГІ” медалімен аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Тулебаев Қайрат Асылбекович, үздік бастауыш кәсіподақ ұйымдары мен үздік кәсіподақ жетекшілері облыстық және аудандық кәсіподақ комитеттерінің Алғыс хаттары, Құрмет грамоталарымен және облыстық кәсіподақ комитетінің «Кәсіподаққа еңбегі сіңген қызметкер» белгісімен, аудандық білім бөлімі мен аудандық кәсіподақ комитетінің бірлескен марапатымен марапатталды.

Облыстық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

1 36 37 38 39 40 90