Мерекелік іс шарасы

Келес аудандық білім бөлімі мен аудандық кәсіподақ комитеті ұйымдастыруымен «Ұстаздар күні» және “Кәсіподақ күні” төл мерекелеріне орай іс-шарасын өткізді. Салтанатты іс-шараға Білім саласының кәсіподақ мүшелері, ардагер, ұлағатты ұстаздар қатысты.

Мерекелік іс шарада аудан әкімінің орынбасары құттықтау сөзін айтып, аудандық білім бөліміне қарасты мектептерді Оқу ағарту министрі Ғ.Бейсембаевтың Алғыс хатын табыстады.

Түркістан облыстық білім басқармасының алғыс хаттарын №21 жом-ң бастауыш сынып мұғалімі Г. А.Раманкулова және №28 Мақташы мектебінен орыс тілі пән мұғалімі З. А. Шакарова , №26 Келес мектебіне Р. К. Дюсенгалиева, Түркістан облыстық кәсіподақ комитетінің білім басқармасымен бірлескен алғыс хаттарын № 6 бастауыш мектебінен А. Полатова, №25 С. Сейфуллин мектебінен Б. Ж. Кусанов ағай , апайларымызға табысталса, Түркістан облыстық Amanat партиясының Алғыс хаттарымен № 37 Р. Қошқарбаев мектебінің директоры Н.А. Ашеев және №28 Мақташы мектебінің директоры Б. У. Туркулов, сонымен қатар төс белгілері, құрмет грамоталарымен де кәсіподақ мүшелері марапатталды.

Білім саласына, кәсіподақ комитетіне өз үлесін қосқан ардагер ұстаздарды, зейнетке шыққан апайларымызды гүл шоғымен және 10 күндік Сарыағаш шипажай жолдамасын табыстаумен мерекелік 2 күндік іс шара концерттік бағдарламамен қорытындыланды.

Келес аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Кәсіподақ белсенділері марапатталды!

2023 жылғы Қазан айының 10 күні «Жастар ресурстық орталығының» кіші залында «Қазақстан Кәсіподақтары күніне» орай Ордабасы аудандық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитеті, дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстелге Ордабасы аудан әкімінің орынбасары М.Ақмұратов қатысып, Ордабасы аудандық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің ұжымын және жиынға келгендерді мерекемен құттықтап, аудан әкімінің міндетін қоса атқарушы Қ.Сейітқұлдың құттықтау хатын табыстады.

Сонымен қатар, бір қатар кәсіподақ белсенділерін аудан әкімінің Құрмет грамотасымен және зейнеткерлік жасқа толған кәсіподақ мүшелерін мерейтойларымен құттықтап марапаттады.

Ордабасы аудандық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің төрағасы Қ.Төлебаев мерекелік іс-шараға қатысушыларды Қазақстан Республикасының кәсіподақтар күні мерекесімен құттықтап, білім саласында еселі еңбек етіп жүрген кәсіподақ белсенділерін «Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» Қоғамдық бірлестігінің «Кәсіподаққа еңбегі сіңген қызметкер» төс белгілерімен, «EL QURMETY» қоғамдық қорының «Ерен еңбек иесі» «Ы.Алтынсарин» медалімен, «Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» Қоғамдық бірлестігінің «Құрмет грамоталары» және «Алғыс хаттарымен», Ордабасы аудандық білім бөлімі мен аудандық кәсіподақ комитетінің бірлескен Құрмет грамоталарымен марапаттады.

Іс-шара барысында мұғалімдер күні мерекесіне орай ұйымдастырылған дәстүрлі шығармашыл мұғалімдер арасындағы «Әріптес туралы сыр» байқауының жеңімпаздарын қазылар алқасының мүшесі, аудандық білім бөлімінің әдіскері Гүлназ Омарова дипломдармен марапаттап, сыйақы тапсырды. Мерекелік іс-шара кезінде аудандық «Өнер мектебінің» және аудандық Мәдениет үйінің өнерпаздары марапатталған кәсіподақ белсенділеріне өз өнерлерін көрсетті.

Ордабасы аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Кәсіподақтар күні мерекесі

Сарыағаш аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен 10 – қазан Кәсіподақтар күні мерекесі, салтанатты түрде атап өтілді. Мерекелік іс-шараға білім беру мекемелерінің басшылары, бастауыш кәсіподақ комитеттерінің төрағалары, ауданның үздік мұғалімдері және “СӘТ” телеарнасының қызметкерлері қатысты.

Аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Ә.Тастанбеков, Кәсіподақ – еңбек адамының заңды мүдделері мен құқықтарын қорғауда, әлеуметтік жағдайларын жақсартуда шешуші роль атқаратын аса маңызды қоғамдық ұйымның бірі екенін түсіндіріп және аудандық кәсіподақ комитеті кәсіподақ мүшелерінің мүдделерін қорғауда қалыпты жұмыстар атқарып келетінін айтып өтті. Іс-шара барысында аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Ә.Тастанбеков қатысушыларды Кәсіподақтар күнімен шын жүректен құттықтап және білім беру саласындағы қажырлы, жемісті еңбектеріне алғыс айтып, Облыс әкімінің “Құрмет граматосымен”, Облыс әкімінің “Алғыс хатымен”, Облыстық “АМАНАТ” партиясының “Алғыс хатымен”, Облыстық білім басқармасы мен Облыстық кәсіподақ комитетінің бірлескен “Алғыс хатымен”, Облыстық кәсіподақ комитетінің “Кәсіподаққа еңбегі сіңген қызметкер” белгісімен және облыстық кәсіподақ комитетінің “Құрмет грамотасымен” марапаттады. Мерекелік іс-шарада “СӘТ” телеарнасы қызметкерлері түсірілім жасап, бірқатар ұстаздардан сұхбаттар алды. Соңынан кәсіподақ мүшелері суреттерге түсіп, ыстық лебіздерін білдіріп, көтеріңкі көңіл-күймен тарқады.

Сарыағаш аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Мерекелік іс-шара

2023 жылдың 10 қазан күні Білім және ғылым қызметкерлері Қазығұрт аудандық кәсіподақ комитетінің ұйымдастырумен «10-қазан Қазақстан Кәсіподақтар күні» мерекесіне орай салтанатты іс-шарасын өткізді. Мерекелік іс-шараға облыстык кәсіподак комитетінің бас маманы Б.Қилыбай, аудандық білім бөлімінің басшы міндетін атқарушысы Ә.Мамытбаев, Білім саласына еңбек сіңірген ардагер ұстаздар, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағалары қатысып құттықтау сөздерін айтып, ауданның үздік білім саласының қызметкерлеріне облыстық білім басқармасы, облыстық «АМАНАТ» партиясы, облыстық кәсіподақ комитетінің төс белгісі, Құрмет грамота және Алғыс хаттарымен марапаттады.

Қазығұрт аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Мерекелік іс-шарасы

Сауран ауданы білім бөлімімен Аудандық кәсіподақ кәсіподақ комитетінін ұйымдастыруымен мерекелік іс-шарасын өткізді.

Сіздерді кәсіби мерекеміз Мұғалімдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз. Баршаңызға мықты денсаулық, қажымас қайрат, шығармашылық шабыт, отбасыңызға амандық тілеймін. Білім мен тәрбие беріп отырған шәкірттеріңіз биік шыңдарды бағындырып, мерейлеріңізді үстем ете берсін. Еңбектеріңіз жемісті, жұмыстарыңыз табысты болсын. Ұстаз болу – жүректің батырлығы,

Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,

Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,

Азбайтұғын адамның алтындығы – деп ақын Ғ. Қайырбеков жырлағандай, сөзі маржан, үні ән ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етеміз. Аман жүріңіздер.

Сауран аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Мерекелік іс-шара

“Мұғалімдер күні!”-кәсіби мерекесіне арналған мұғалімдер мен қызметкерлер арасында кіші футболдан турнир ұйымдастырылды. Турнир аудандағы мұғалімдердің ынтымақтастығын мен достастығын нығайту және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылды. Жетісай қаласы, ауылдық округтерде орналасқан білім беру ұйымдарынан құралған 11 құрама командалар қатысты. Өте тартысты өткен додада үш топқа бөлінген командалардан іріктеліп төрт команда жартылай және ақтық ойынға жолдама алды. Нәтижесінде ойын барысында қақпаға ең үздік гол соққан Ж.Ералиев ауылдық округі командасының ойыншысы К.Карабеков, ойыншылардың номинациясы бойынша “Үздік шабуылшы” атағымен Д.Қонаев атындағы МЛ мұғалімі Қияшев Бағлан, “Үздік қорғаушы” атағымен Х.Доспанова атындағы ЖББМ-ң мұғалімі Ажібеков Еркінбек, “Үздік қақпашы” атағымен Ғ.Мұратбаев атындағы ЖББМ-ң мұғалімі Бекбала Айдос, “Үздік ойыншы” атағымен С.Сейфуллин атындағы ЖББМ-ң мұғалімі Содикжан Данияров иеленді. Сонымен бірге кіші ІІІ орынды Жетісай командасы, негізгі ІІІ орынды Жылы су ауылдық округі, ІІ орын Мақталы ауылдық округі, І орынды Ж.Ералиев ауылдық округі командасы иеленді. Бүгінгі өткен іс-шара өте жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Барлық марапат иелерін Жетісай ауданының білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік обағы тарапынан арнайы дипломдар, кубоктар, қаржылай сертификаттар табысталды. Іс-шараға қатысқан барша әріптестерімізге үлкен алғыс білдіреміз.

Жетісай аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

ҰСТАЗДАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев: «Ұстаз деген – қасиетті мамандық. Біз ұстазды құрмет тұтқан елміз. Қоғамда мұғалімнің мәртебесін одан әрі биіктетеміз» деген болатын.

Аудандық «Мыңжылқы» мәдениет сарайында 5 қазан – Мұғалімдер күні құрметіне арналған «Ұстазым – ұлағатым, үлгі өнегем!» тақырыбында салтанатты жиын болып өтті.​ Жиынға Созақ ауданының әкімі М.Тұрысбеков, аудандық мәслихаттың төрағасы О.Жәмиев, Созақ ауданының білім бөлімінің басшысы Н.Айдаров, Білім және ғылым қызметкерлері Созақ аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы М.Қасым, мектеп және балабақша басшылары, мұғалімдер, ардагер ұстаздар және БАҚ өкілдері қатысты.

Созақ ауданының әкімі М.Тұрысбеков ұстаздарды мерекемен құттықтады. Бүгінгі таңда зейнеткерлік демалыста отырған ардагер ұстаздарды ерекше құттықтап, саналы ғұмырын ұстаздыққа арнаған ардагер ұстаздарға гүл шоқтары мен арнайы сыйлықтар тапсырылды. Білім саласының озық қызметкерлерін аудан әкімінің алғыс хатымен марапаттады. Аудандық мәслихаттың төрағасы О.Жәмиев ұстаздар күніне арналған жүрекжарды лебізін білдіріп, шығармашылығымен көзге түскен ұстаздарды марапаттады.

Созақ ауданының білім бөлімінің басшысы Н.Айдаров шәкірттері биік белестерді бағындырып жүрген шығармашыл ұстаздарды марапаттады.

Шара барысында бірқатар мұғалімдер мен ардагер ұстаздарға кәсіподақ комитетінің атынан сый-сияпаттар жасалды.

Салтанатты жиын соңы​ «Ұстазым» әнімен қорытындыланды.

Жанары ізгілікке, жүрегі қадір-қасиетке толы, жаны жайсаң қымбатты ұстаздарымызды төл мерекесімен құттықтаймыз!

Созақ аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Мерекелік іс-шара

Бүгін қазан айының 5 күні Ордабасы аудандық мәдениет үйінде мұғалімдер күніне арналған мерекелік іс-шарасы өтті. Мерекелік іс-шараға Түркістан облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы комитетінің төрағасы Б.Еркінбек қатысты.

Бақыт Сейтжаппарұлы аудан ұстаздарын мерекемен құттықтап, Түркістан облыстық білім басқарамасы мен «Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» Қоғамдық бірлестігінің бірлескен Алғыс хаттары мен «Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» Қоғамдық бірлестігінің «Кәсіподаққа еңбегі сіңген қызметкер» төс белгілерімен марапаттады.

Атап айтсақ, Түркістан облыстық білім басқарамасы мен «Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» Қоғамдық бірлестігінің бірлескен Алғыс хатымен төмендегі мектеп мұғалімдері марапатталды: Әшім Гүлнұр Оразбекқызы-Б.Кенжебаев атындағы жалпы орта мектебі директорының уақытша міндетін атқарушы, Кескенбаев Куаныш Ускенбаевич-А.Шерімқұлов атындағы жалпы орта мектебінің мұғалімі, Иханбай Бақыт Мүтәліұлы-Н.Нысанбайұлы атындағы жалпы орта мектебінің мұғалімі.

«Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» Қоғамдық бірлестігінің «Кәсіподаққа еңбегі сіңген қызметкер» төс белгісімен төмендегі кәсіподақ белсенділері марапатталды: Сәрсенбеков Мұхитбек Түймебекұлы-Ордабасы аудандық білім бөлімінің әдіскері, Имамәді Шолпан Батырәліқызы-«Сарытоғай» бастауыш мектебінің меңгерушісі, Сейтмуратова Айнур Абуталиповна-«Қарабастау» бастауыш мектебінің мұғалімі, Қарабек Гүлдана Бердібекқызы -«Жайылма» бастауыш мектебінің меңгерушісі, Малимов Махаметали-«Теспе» жом директорының орынбасары, Шорман Гүлжан Жамбылқызы-А.Шерімқұлов ат. жом мұғалімі.

Ордабасы аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

«Ұстаздар күні» мерекесі

Төлеби аудандық кәсіподақ комитеті 5 қазан күні «Ұстаздар күні» мерекесін аудан көлемінде, білім бөлімімен бірлесе отырып өткізілгендігін мәлімдейді. «Ұстазым, саған мың алғыс!» атты аудандық мәдениет үйінде ұстаздардың төл мерекесіне арнап, мерекелік іс-шара өтті. Мерекелік іс-шараға ауданның үздік мұғалімдері, ардагер ұстаздар және кәсіподақ төрағалары шақырылып, сыйлықтар табысталды. Салтанатты іс шарада аудан әкімі, орынбасары алғашқы болып құттықтау сөзін айтып, ұстаздарды мадақтама грамоталарымен марапаттады. Аудандық білім бөлімі басшысы және кәсіподақ комитеті төрағасы оқу жылында жетістіктерге қол жеткізген, білім саласына өз үлесін қосқан, шәкірттері республикалық, облыстық байқаулардан, ғылыми жобалардан жүлделі орын иеленген ұстаздарды, сонымен қатар кәсіподақ комитетіне өз үлесін қосқан ұстаздарды марапаттады. Мерекелік іс-шара концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.

Төлеби аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

1 38 39 40 41 42 90