АУҒАННЫҢ АСУЫНДА ОТ КЕШКЕНДЕР

АУҒАННЫҢ АСУЫНДА ОТ КЕШКЕНДЕР

15 ақпан күні  — Ауған  соғысына  қатысқандарды еске алу  күні  болып есептеледі.     Бүгінгі күні  арамызда  осынау  алапат   ойранға  қатысып келген  жерлестеріміз де  аз емес. «Ерлік — жан дүниенің ұлы қасиеті» деген екен бір дана қария. Ауған соғысына қатысқан, Жетісай ауданында білім саласында қызмет жасап жүрген  Шүкірбаев Әлібек , Нурбабаев Темирхан, Еденов Талгат, Медетбаев Елмурза ағаларымызбен өмірінің өлшеулі бір бөлігі, жауқазын жастық шағының сүбелі үлесін оқ пен от астында өткізіп, тағдырдың жазуымен елге аман – сау оралып, туған жерімен қауышқан майдангер ағаларымызбен кездесіп, бүгінгідей сұхбат жүргізіп, естеліктерін тыңдау – біз үшін бір ғанибет болды.  Адами әлеуетті дамытыу бөлімімен бірлесе Аудандық кәсіподақ комитеті кездесу өткізіп, Ардагер ағаларымызға сый сияпат көрсетіп алғыс хаттармен мараппаттап құрмет көрсетті. Құрметті қонақтар, әрбір минуты қымбат мына заманда алтын уақыттарын қиып, шақырғанымызға келгендеріне көп — көп рақмет айтылды! Осының өзі сіздердің антқа берік, жауапкершілігі жоғары адам екендіктеріңіздің дәлелі. Бұл кездесу үлкен тәрбиелік мәні зор мағыналы іс — шара болды деп есептейміз. Бейбіт өмірдің баға жетпес бақытты күндерінде амандықпен дидарласайық! Келесі кездескенше .

Жетісай ауданының кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі !

АУҒАННЫҢ АСУЫНДА ОТ КЕШКЕНДЕР АУҒАННЫҢ АСУЫНДА ОТ КЕШКЕНДЕР АУҒАННЫҢ АСУЫНДА ОТ КЕШКЕНДЕР АУҒАННЫҢ АСУЫНДА ОТ КЕШКЕНДЕР АУҒАННЫҢ АСУЫНДА ОТ КЕШКЕНДЕР

АУҒАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ

БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНДЕ ҚЫЗМЕТ АТҚАРЫП ЖҮРГЕН АУҒАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ.

 

Мақтаарал аудандық кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен 11 ақпан күні аудандық кәсіподақ комитетінің әдістемелік кабинетінде Мақтаарал аудандық адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты негізгі және жалпы орта мектептерде қызмет атқарып жүрген Ауған соғысының ардагерлерімен іс-шара ұйымдастырылып өткізілді.

Бүгінгі таңда білім беру саласында еңбек етіп жүрген алты Ауған соғысының ардагерлері бар. Атап айтқанда Ғ.Мүсірепов атындағы жалпы орта мектебінің директоры Шағдаров Әбдімәлік, Ғ.Мүсірепов атындағы жалпы орта мектебінің әскери жетекшісі Исонбаев Хамро, Жас алаш жалпы орта мектебінің директорының шаруашлық істері жөніндегі орынбасары Ауелбеков Нурмурад, Мәдениет жалпы орта мектебінің кіші қызметкері Лыжин Сергей, Болашақ жалпы орта мектебінің кіші қызметкері Бапаев Дәулет және Т.Бигелдинов атындағы жалпы орта мектебінің технология пәнінің мұғалімі Есқанаев Серік.

Ауған соғысының ардагерлерінің құрметіне орай ұйымдастырылған шара барысында Мақтаарал ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы М.Серікбаев пен Мақтаарал аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы А.Жолдасовтың бірлескен Алғыс хаттары мен сыйлықтары табысталып, аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы А.Жолдасов білім саласында қызмет атқарып жүрген Ауған соғысының ардагерлерін мерекемен құттықтап, еңбектеріне шығармашылық табыстар тіледі.

Мерекелік шара соңында Ауған соғысының ардагерлері аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы М.Серікбаев пен аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы А.Жолдасовқа алғыстары мен жылы лебіздерін білдіріп, барша Ауған соғысының ардагерлін осы айтулы күнмен құттықтап, көтеріңкі көңіл күймен тарасты.

 

Мақтаарал аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі

АУҒАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ АУҒАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ АУҒАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ АУҒАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ АУҒАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ

«Үздік флешмоб» байқауы

«Үздік флешмоб» байқауының жеңімпаздары

 

«Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» Қоғамдық бірлестігі Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына байланысты жастардың бойында патриоттық сезім қалыптастыру арқылы отан сүйгіштікке тәрбиелеу мен қоғамдық жұмыстарға белсенді қатыстыру мақсатында облыстық кәсіподақ комитетінің құрамындағы колледждер бастауыш кәсіподақ ұйымдары арасында «Үздік флэш-моб» байқауын өткізді.

Байқауға 12 оқу орнының белсенді жастары қатысып, өздерінің жұмыстарын ұсынды. Облыстық комиссия түскен материалдарға зерделеу жүргізіп, олардың патриоттық мазмұнына мұқият қарап, үздіктерді анықтады. Облыстық байқау комиссиясының ұсынысына сәйкес атқару комитетінің шешімі бойынша І орын – Мақтаарал аграрлық колледжіне,        ІІ орын – Шымкент Саз колледжіне, ІІІ орын – Шымкент Жол-көлік коллелджіне берілді.

Облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы Б.Еркінбек байқау жеңімпаздарын жеңістерімен құттықтап, Диплом және ақшалай сыйлықтармен марапаттады. Сондай-ақ, байқауға белсенді қатысқан колледждер ұжымдарына облыстық кәсіподақ комитетінің Құрмет грамоталары мен «Алғыс хаттары» тасырылды.

Байқау жеңімпаздары және кәсіподақ активі облыстық кәсіподақ комитетіне жұмыстарын ескере отырып, жақсы бағалары үшін алғыстарын білдірді.

 

Облыстық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

«Үздік флешмоб» байқауы «Үздік флешмоб» байқауы «Үздік флешмоб» байқауы «Үздік флешмоб» байқауы «Үздік флешмоб» байқауы «Үздік флешмоб» байқауы «Үздік флешмоб» байқауы

 

Мерекелік іс-шара

2022 жылдың қорытындысы есебінде ауданымызда, «Тәуелсіздігіміздің 30-жылдық» және Жаңа жылдық мерекелеріне орай, Қазығұрт аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімі мен Қазығұрт аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы арасында бірлескен мерекелік іс шаралар өтіп, мерекелік іс- шарада ауданның бірнеше білім саласына қызмет атқарған қызметкерлерімізді мерекемен құттықтап, мереке қарсаңында ауданымызда орындалып жатқан оң жұмыстарды айтып өтті. Білім саласына елеулі еңбегі білім қызметкерлерін аудан әкімінің алғыс хатымен, «Нұр Отан» партиясының алғыс хатымен, кәсіподаққа еңбегі сіңген бірнеше білім саласының қызметкерлерін аудандық, облыстық құрмет грамотасымен, төс белгілермен марапатталып, кештің соңы концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.

Мерекелік іс-шара Мерекелік іс-шара Мерекелік іс-шара Мерекелік іс-шара Мерекелік іс-шара Мерекелік іс-шара Мерекелік іс-шара Мерекелік іс-шара Мерекелік іс-шара Мерекелік іс-шара Мерекелік іс-шара Мерекелік іс-шара

Исполком 23.12.2021

Түркістан облыстық кәсіподақ ұйымы атқару комитетінің кезекті мәжілісі өтті.

 

23 желтоқсан 2021 жылы «Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ атқару комитетінің кеңейтілген мәжілісі өткізілді.

Атқару комитетінің кеңейтілген мәжілісіне атқару комитетінің мүшелері, аудандық, қалалық кәсіподақ комитеттерінің төрағалары, кәсіподақ активі және облыстық кәсіподақ комитеті аппаратының қызметкерлері қатысты.

Кеңейтілген мәжілісті облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы Б.Еркінбек ашып, жүргізіп отырды.

Мәжіліс алдында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай дайындалған Төлеби аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімі мен аудандық кәсіподақ комитетінің «Төлеби ауданының мектептері» және Арыс қалалық адами әлеуетті дамыту бөлімі мен қалалық кәсіподақ комитетінің «Білімді ұстаз – ұлт мәртебесі» кітаптарының тұсау кесер рәсімдері өткізілді. Аудандық және қалалық кәсіподақ комитеттерінің төрағалары Р.Сайлауұлы мен Ж.Мухаев кітап шығарудың мақсаты мен мазмұны, атқарылған жұмыстар туралы айтты.

Күн тәртібінде қаралған мәселелер:

1.Қазақстан Республикасы Тәелсіздігінің 30 жылдығына орай дайындалған облыстық кәсіподақ комитетінің 1991-2021  жылдардағы қызметі туралы бейнеролик.

  1. «Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ облыстық комитетінің 2022 жылға негізгі іс-шаралар жоспары туралы.

3.«Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ облыстық комитетінің  «Кәсіподақ қызметкерінің этикасы туралы» ережесі жайлы.

  1. «Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ облыстық комитеті ұйымдастырған «Үздік аудандық, қалалық кәсіподақ комитеті» облыстық байқауының қорытындылары туралы.
  2. 2022 жылы келісімдер мен ұжымдық шарттарды дайындау, талқылау және қабылдау жөніндегі жұмыстарға байланысты ұйымдастыру шараларын жүргізу жайлы.
  3. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған облыстық «Үздік флешмоб» байқауының қорытындылары туралы.

Мәжіліске қатысушыларға Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай дайындалған облыстық кәсіподақ комитетінің 1991-2021 жылдардағы қызметі туралы 20 минуттық бейнеролик көрсетілді.

«Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ облыстық комитетінің 2022 жылға негізгі іс-шаралар жоспары туралы облыстық кәсіподақ комитеті төрағасының орынбасары А.Абуов хабарлама жасады, сұрақтарға жауап берді.

«Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ облыстық комитетінің «Кәсіподақ қызметкерінің этикасы туралы» ережесі жайлы облыстық кәсіподақ комитетінің маманы Д.Мухтаров хабарлама жасады.

«Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ облыстық комитеті ұйымдастырған «Үздік аудандық, қалалық кәсіподақ комитеті» облыстық байқауының қорытындылары туралы облыстық кәсіподақ комитетінің бас маманы Л.И.Ан ақпарат берді. Облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы Б.Еркінбек байқау қорытындысы бойынша бірінші орын алған Сарыағаш аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Ә.Тастанбековке, екінші орын алған Мақтаарал аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы А.Жолдасовқа, үшінші орын алған Төлеби және Жетісай аудандық кәсіподақ комитеттерінің  төрағалары Р.Сайлауұлы мен М.Спархановқа облыстық кәсіподақ комитетінің Дипломдары мен  ақшалай сыйлықтар тапсырды. Кентау қалалық, Созақ және Обдабасы аудандық кәсіподақ комитеттерінің жақсы жұмыстары атап көрсетіліп,  номинациялар бойынша үздік деп танылған және байқауға белсенді қатысқан  аудандық және қалалық кәсіподақ комитеттеріне облыстық кәсіподақ комитетінің Құрмет грамоталары, «Алғыс хаттары» және ақшалай  сыйлықтар табысталды.

2022 жылы келісімдер мен ұжымдық шарттарды дайындау, талқылау және қабылдау жөніндегі жұмыстарға байланысты ұйымдастыру шараларын жүргізу жайлы облыстық кәсіподақ комитетінің бөлім басшысы-заңгер Ғ.Ақбердиев хабарлама жасады, түсіндірме беріп, сұрақтарға жауап берді.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған облыстық кәсіподақ комитеті өткізген «Үздік флешмоб» байқауына оқу орындары белсенді қатысты. Облыстық комиссия түскен                       12 жұмыстарға  зерделеу жүргізіп,  үздіктерді марапаттау жөнінде атқару комитетіне ұсыныстарын берді. Жеңімпаз деп танылған Мақтаарал аграрлық колледжіне Диплом және ақшалай сыйлық, байқауға белсенді қатысқан колледждер ұжымдарына облыстық кәсіподақ комитетінің Құрмет грамоталары мен «Алғыс хаттары» тасырылатын болды.

Күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша қаулылар қабылданды.

Атқару комитеті мәжілісінің соңында бірқатар кәсіподақ активі ҚР Білім және ғылым министрінің, Түркісан облысы әкімінің        Құрмет грамоталары, «Алғыс хаттары», облыстық мәслихаттың  және «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының грамоталары, «Алғыс хаттары» және облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасы мен облыстық кәсіподақ комитетінің бірлескен Құрмет грамоталарымен марапатталды.

Атқару комитетінің кеңейтілген мәжілісі жұмысын облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы Б.Еркінбек қорытындылады.

 

Облыстық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

 

 

Исполком 23.12.2021 Исполком 23.12.2021 Исполком 23.12.2021 Исполком 23.12.2021 Исполком 23.12.2021 Исполком 23.12.2021 Исполком 23.12.2021 Исполком 23.12.2021

Мерекелік іс-шара

Сайрам аудандық адами әлеуетті дамыту  бөлімімен аудандық кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен Қарабұлақ ауылының мәдениет үйінде  «Тәуелсіздік деп соғады жұрегім» атты  Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына арналған мерекелік іс-шара өткізілді. Мерекелік іс-шараға аудандық адами әлеуетті  дамыту бөлімінің мамандары, аудандық, облыс мәслихатының депутаттары, әкімшілік қызметкерлерімен еңбек ардагерлері қатысты. Сайрам аудандық кәсіподақ комитетінің төрайымы М.Сейдалиева қатысушыларды мерекемен құттықтап, ауданымыздың мұғалімдерін және Желтоқсан оқиғаларына қатысқан мұғалімдерін төс белгілермен, Құрмет грамоталармен, алғыс хаттармен және сыйлықтармен марапаттады. Мерекелік іс-шара  концерттік  бағдарламамен жалғасын тапты.

Сонымен бірге аудандық кәсіподақ комитетінің мамандары №93 Абылайхан атындағы ЖОМ, «1-МАЙ» ЖОМ, №11 «Манкент» ЖОМ, №3 Хамза атындағы ЖОМ, №67 «Көмешбұлақ» ЖОМ-де өткізілген іс шараларға қатысып мамандарды марапаттауна қатысты.

Мерекелік іс-шара Мерекелік іс-шара Мерекелік іс-шара Мерекелік іс-шара Мерекелік іс-шара

Мерекелік іс- шара

 

Бәйдібек ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімі мен аудандық кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай мерекелік іс-шара өткізілді. Мерекелік іс-шараға аудандық адами әлеуетті  дамыту бөлімінің мамандары, аудандық, облыс мәслихатының депутаттары, әкімшілік қызметкерлерімен еңбек ардагерлері қатысты. Бәйдібек аудандық кәсіподақ комитетінің төрайымы С.Әмзеева қатысушыларды мерекемен құттықтап, ауданымыздың мұғалімдерін және Желтоқсан оқиғаларына қатысқан мұғалімдерін төс белгілермен, Құрмет грамоталармен, алғыс хаттармен және сыйлықтармен марапаттады. Мерекелік іс-шара  концерттік  бағдарламамен жалғасын тапты.

Мерекелік іс- шара Мерекелік іс- шара Мерекелік іс- шара Мерекелік іс- шара Мерекелік іс- шара

Мерекелік іс-шара

Кентау қаласындағы Ш.Қалдаяқов атындағы Мәдениет сарайында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Кентау қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесімен Кентау қаласының білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитеті бірігіп, ұйымдастырған салтанатты жиынында Кентау қаласының білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің төрағасы Садуов Талғат мырза білім саласының қызметкерлерін құрмет грамоталармен және алғыс хаттармен марапаттады. Түркістан Облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің құрмет грамотасы:

  1. Кенжебаева Балнур Ерденбаевна “Қ.Рысбеков атындағы №5 мектеп-интернат” коммуналдық мемлекеттік мекемесі, математика пәнінің мұғалімі;
  2. Смагулов Дархан “Майдантал” жалпы орта мектеп” коммуналдық мемлекеттік мекемесі, оқұ ісі жөніндегі орынбасары;
  3. Сейтбекова Айдана «№2 Ш. Қанайұлы атындағы жалпы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, хатшы;
  4. Кудусов Дильшат Абсабырович «№7 Ж. Жабаев атындағы жалпы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі;
  5. Копбаев Нурхан Туреханович «№8 М. Горький атындағы жалпы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, әскери дайындық пәні мұғалімі;
  6. Абдурасулова Элмира «№3 Қазақстанның 30 жылдығы атындағы мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, өзбек тілі мұғалімі;
  7. Бабанов Науфаль Ергешович «№17 Ә.Науаи атындағы жалпы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, директордың бейінді ісі жөніндегі орынбасары (тарих пәнінің мұғалімі);
  8. Абишова Лобар Таировна «Балапан» бөбекжай-балабақшасы» МКҚК, кәсіподақ төрағасы;
  9. Хасанова Фарида Жауказын бөбекжай-балабақшасы МКҚК, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі;
  10. Жусупова Жанар №19 Ә. Молдагулова атындағы политехникалық бағыттағы мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, директордың бейінді ісі жөніндегі орынбасары (математика пәнінің мұғалімі);
  11. Раджанов Хуршид Хикматуллаевич №11 Ахын-тума негізгі орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, әскери дайындық пәні мұғалімі;
  12. Набиева Рысжан Айткуловна «Қамқор» бөбекжай-балабақшасы тәрбиеші ;
  13. Жахаева Перизат №1 Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, бастауыш сынып мұғалімі;
  14. Умаров Абдудавлатжон Маматханович №10 жалпы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, көркем еңбек пәнінің мұғалімі;
  15. Халилова Хуршида Искандаровна «Айша Биби» бөбекжай-балабақшасы» МКҚК, қазақ тілі пәні мұғалімі;
  16. Мажитова Нилуфар Кентау оқушылар үйі, үйірме жетекшісі.
  17. Сайфуллаев Шерзод Насируллаевич Шаш-Төбе жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының және Түркістан Облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің бірлескен құрмет грамотасына:

Шлекей Рустем Аскарович №15 «Төрткүл төбе» атындағы жалпы орта мектебінің директоры;

Макульбекова Зульфия Мусралиевна №24 Т. Рыскулов атындағы жалпы орта мектебінің директордың бейінді ісі жөніндегі орынбасары.

Түркістан облысы «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының алғысымен

Қыдырбаев Серик Алиакбарович «№2 Ш. Қанайұлы атындағы жалпы орта мектебінің тәрбие жөнінде директордың орынбасары. Құттықтаймыз!!!

Мерекелік іс-шара Мерекелік іс-шара Мерекелік іс-шара

Мерекелік іс-шара

Төлеби аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімі және аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитеті ұйымдастыруымен  Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен қатар, Желтоқсан оқиғасының 35 жылдығы  аталып өтілді.  Ауданымыздың мұғалімдерін және 1986 жылы Желтоқсан оқиғасына қатысқан мұғалімдерін марапаттау рәсімі өткізілді. Жастарды тәрбиелеудегі адал еңбектері, жоғары және кәсіби шеберліктері, білім беру ұйымдарында білім саласына қосқан үлестері үшін, сонымен қатар кәсіподақ саласына қосқан үлестері үшін, Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы марапаттарымен және арнайы сыйлықтармен марапатталды. Мерекелік іс-шара концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.

Мерекелік іс-шара Мерекелік іс-шара Мерекелік іс-шара Мерекелік іс-шара

 

 

1 54 55 56 57 58 84