«28-сәуір Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні» мерекесі

Жетісай аудандық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен «28-сәуір Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні» мерекесін БКҰ төрағаларымен бірлескен «Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау ережелерін сақтау – баршаға ортақ міндет» атты  жиналыс өтті.

Өткізілетін шараның негізгі мақсаты-қауіпсіз еңбекті  насихаттау және қызметкерлердің еңбек процесінің қауіпсіздігі жауапкершілігін көтеру.

28-сәуір Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орай жиналысты Жетісай аудандық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің төрағасы Мұхамеджан Спарханов ашып, құттықтап, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғаудың басқару құрылымы, еңбекті қорғау жөніндегі қоғамдық инспекторының негізгі жұмыс істеу бағыттары, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау еңбек заңнамаларын бұзу жауапкершілігі туралы ҚР қолданыстағы заңнамалық нормалары мен Еңбек Кодексіне тоқталып өтті. Аудандық кәсіподақ комитетінің орынбасары Бақтияров Пердебек өз баяндамасында еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау ережелерін сақтау – баршаға ортақ міндет екенін түсіндірді. Құқықтық  білімдерін жетілдіріп, барлық жұмыс заң аясында жүргізілу керектігін ашып айтты.

Келесі сөзді атқару комитетінің мүшесі, Р. Қошқарбаев атындағы жом кмм бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Бекетов Нұрмаханбет алып,  ОКК жинағына енген іс-тәжірибесімен бөлісті. Ауандық кәсіподақ комитетінің дайындап келген бүктемелері және еңбек көдексі  тарқатылып берілді. Іс- шара спортты ойындармен жалғасын тапты. Баяндамашылар облыстық құрмет грамоталарымен марапатталып,  спорттық ойындардың жеңімпаздары аудандық дипломдар мен  сый сияпаттар алды. Іс-шара өте жоғары деңгейде өткізілді.

 

Жетісай аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі !

«Қауіпсіз еңбек – экономиканың тірегі» тақырыбында іс-шара

 

Халықаралық еңбек ұйымының бастамасымен Дүниежүзі бойынша жұмыс орындарында жазатайым жағдайлар мен кәсіби аурулардың алдын алуға жәрдемдесу, сондай-ақ еңбек қорғау мәдениетін қалыптастыру және насихаттау мақсатында        28 сәуір – Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні болып бекітілген.

Құрметті әріптестер! Баршаңызды Дүниежүзілік еңбекті қорғау күнімен құттықтаймыз!

Кәсіподақ ұйымдарының қызметінде де еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселесі басым бағыттардың бірі. Әр еңбек ұжымында бекітілген ұжымдық шарттарда, әр жұмысшының денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігі, кәсіби аурулардың алдын алу, жұмысқа деген қабілеттілігін арттыру кәсіподақтардың басты мақсаты.

Осы бағыттағы еңбектеріңізге табыс тілейміз. Дендеріңіз сау, отбасыларыңыз аман, еліміз тыныш болсын!

Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орай Ордабасы аудандық адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты еңбек ұжымдарында сәуір айының 18 – 28 аралығында «Қауіпсіз еңбек – экономиканың тірегі» тақырыбында іс-шаралар өтті. Сәуір айының 27 күні аудандық кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен ZOOM бағдарламасы арқылы бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағалары, ұжымдағы техникалық инспекторлар мен шаруашылық меңгерушілерінің қатысуында семинар өтті.

Семинарда аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Қ.Төлебаев еңбек қауіпсіздігіне, кәсіби аурулардың алдын алуға бағытталған ұжымдық шартқа енгізілген талаптарға тоқталып кіріспе сөз сөйледі. Негізгі баяндаманы «Ұлағат» жалпы орта мектебінің техникалық инспекторы «Облыстық еңбекті қорғау жөніндегі үздік техникалық инспектор» байқауының жеңімпазы М.Шалдарбеков жасады.

Семинар соңында комитет төрағасы Қ.Төлебаев еңбек қауіпсіздігіне байланысты және т.б. қойылған сұрақтарына жауап беріп, семинарға қатысушыларға алғысын білдіріп, жұмыстарына табыс тіледі.

 

Ордабасы аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі

Мерекелік іс-шара

Қазығұрт аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен «28 сәуір – Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне» орай ауданымызда «Еңбекті қорғау еңбек қауіпсіздігі ережелерін сақтау баршаға ортақ міндет» тақырыбында семинар кеңес өткізілді.

Халықаралық еңбекті қорғау күні – бұл өндірісте қаза болғандарды еске алу күні, жұмыс орындарында өлімнің, жарақаттанудың және аурулардың алдын алу үшін барлығын жасауға дайындық күні. Біздің әрқайсымыз: жұмыс берушілер мен қызметкерлер еңбекті қорғаудың әлсіз мәдениеті барлық өндірістік жұмысқа  теріс әсер ететінін түсінуі тиіс. Аталған мереке мектептерде жасыл желек бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында К.Әзірбаев және М.Әуезов, «Жылыбұлақ»  жалпы орта мектептерінде түрлі жеміс көшеттері отырғызылды. «Адель» бала бақшасында мерекеге орай семинар кеңес өткізілді.

Сонымен қатар  кәсіподақ мүшелерін «Кәсіподаққа еңбегі сіңген қызметкер» төс белгісімен» және облыстық, аудандық құрмет грамоталарымен марапатталды.

Қазығұрт аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Мерекелік іс-шара

Сарыағаш аудандық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен 28 сәуір – Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орай, Ломоносов атындағы жалпы орта  мектебінің акт залында “Қауіпсіз еңбек – лайықты еңбек! атты тақырыбында бастауыш кәсіподақ комитетінің төрағаларымен іс-шара өткізілді. Салтанатты жиынға адами әлеуетті дамыту бөлімінің бас маманы А.Тұрсынбаев, аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Ә.Тастанбеков қатысып, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауға деген қамқорлық жасау, кәсіподақ табиғатына тән қасиет екенін, негізгі мақсат, өзіміздің азаматтарымызға жұмыс орындарында лайықты, қауіпсіз жағдай жасау керектігін айтып өтті.  Аудандық кәсіподақ комитетінің маманы А.Аликулов, ,,”Қауіпсіз еңбек -лайықты еңбек! тақырыбында ауқымды баяндама жасады.

Түрлі сұрақ- жауаптар беріліп, атаулы тақырып жан-жақты талқыланды. Бастауыш кәсіподақ ұйымдарының  үздік  іс-шаралары, көрмелер, дөңгелек үстел, спорттық ойындар, т.б. ұйымдастырған түрлі жүмыстары назарға алынып, аталып өтілді.  жұмыстары әлеуметтік желіде жарияланды, мереке қарсаңында барлық шараға қатысушылар жақсы көңіл күймен тарқады.

Сарыағаш аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

 

Мерекелік іс-шара

Түркістан облысы, Шардара ауданы,  “Қазақстан” жалпы орта мектебінде “28-сәуір Дүниежүзілік еңбекті қорғау” күніне орай бүкіл мектеп ұжымының  қатысуымен мектепшілік іс-шара өткізілді.  Іс-шараға Шардара аудандық білім және  ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің төрағасы Ұлықбек Жұман Назарұлы қатысып, мектеп ұжымын құттықтап, жас мамандарға еңбек кітапшасын және кәсіподақ билеттерін тапсырды. Жас мамандарға ізгі тілегін білдірді. Алғыс хаттармен марапаттады. Мектебіміздің директоры барша ұстаздарды мерекемен құттықтады және алғысын білдірді. Мектептің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы         А. Башағұл “Еңбекті қорғау-адамды қорғау”  тақырыбында баяндама оқыды.  Мектеп қызметкерлерімен оқушылар арасында еңбек туралы өлеңдер мәнерлеп оқылып, әндер айтылды. Еңбек қауіпсіздігі туралы тақырып кеңірек талқыланды. Мектепте “28-сәуір дүниежүзілік еңбекті қорғау” күніне орай дөңгелек үстел, спорттық іс-шаралар, ашық сабақтар өткізілді. Аудандық кәсіподақ төрағасы Ұ. Жұман мектеп ұжымының жұмыстарына жоғары баға берді.

Шардара аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

«Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау» бойынша іс-шара

Төлеби аудандық кәсіподақ комитеті комитетінің ұйымдастыруымен  28 сәуір – Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орай «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау» бойынша  іс-шаралар  жоспары негізінде бастауыш кәсіподақ ұйымдарында іс-шаралар жасалып өтілгенін мәлімдейді.

Бастауыш кәсіподақ ұйымдарында «Дүниежүзілік еңбекті қорғау» күні аудандық кәсіподақ комитеті бекіткен іс-шара негізінде өткізілді. Еңбекті қорғау күніне байланысты көрнекіліктер, плакаттар ілінді.

Бастауыш кәсіподақ ұйымдарында мектептің кәсіподақ төрағалары мұғалімдерге кең ауқымды ақпарат берді. Ұстаздар арасында үлкен пікірталас орын алды. Мектепте еңбекті қорғаудың жай-күйіне кешенді және мақсатты зерделеу жүргізілді. Ұйым басшыларымен қауіпсіздік талаптары туралы кеңестер өткізілді. Ұстаздар тарапынан сұрақтар қойылды, еңбекті қорғаудың жай-күйіне қатысты көп мәліметтер берілді.

28 сәуір күні Төлеби аудандық әлеуетті дамыту бөлімі акт залында түзілген іс-шара бойынша атсалысып, белсенділік танытқан бастауыш кәсіподақ төрағалары мен еңбек қорғау инспекторларымен қорытынды іс-шара өткізілді. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау тақырыбында баяндама оқылды. Бұл іс-шараға белсене қатысқан бастауыш кәсіподақ ұйымы төрағалары мен еңбек қорғау инспекторлары Төлеби аудандық кәсіподақ комитеті алғыс хатымен және арнайы сыйлықпен марапатталды.

 

Төлеби аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

 

 

«28-сәуір Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні»

 

ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ КҮНІНЕ ОРАЙ ӨТКІЗІЛГЕН іс

 шара

 

     Келес аудандық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен «28-сәуір Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні» мерекесіне орай №5 мектепте бастауыш кәсіподақ ұйым  төрағаларымен бірлескен «Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау ережелерін сақтау – баршаға ортақ міндет» атты  жиналыс өтті.

Өткізілетін шараның негізгі мақсаты-қауіпсіз еңбекті  насихаттау және қызметкерлердің еңбек процесінің қауіпсіздігі жауапкершілігін көтеру.Қауіпсіздік және еңбекті қорғау:

  • Әр ұйымның негізгі құндылығы — оның қызметкерлері;
  • Қызметкерлердің денсаулығы мен өмірінен құнды ештеңе жоқ;
  • Әр қызметкер қауіпсіздік үшін жауап береді
  • Әр ұйымның негізгі мақсаты қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету

 

28-сәуір Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орай жиналысты Келес аудандық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің төрағасы Артыков Н. ашып, құттықтап, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғаудың басқару құрылымы, еңбекті қорғау жөніндегі қоғамдық инспекторының негізгі жұмыс істеу бағыттары, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау еңбек заңнамаларын бұзу жауапкершілігі туралы ҚР қолданыстағы заңнамалық нормалары мен Еңбек Кодексіне тоқталып өтті. Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау ережелерін сақтау – баршаға ортақ міндет екенін түсіндірді. Құқықтық  білімдерін жетілдіріп, барлық жұмыс заң аясында жүргізілу керектігін ашып айтты.

Келесі сөзді атқару комитетінің мүшесі, «Т.Бегманов» атындағы жоббм кмм кәсіподақ төрағасы Т.Маматкулов «Жұмыс беруші мен қызметкерлердің құқықтары мен міндеттері » тақырыбында баяндама жасады. Қызметкерлер мен жұмыс берушілердің заңдар тізбесі бойынша негізгі құқықтары мен міндеттерін таныстырып өтті. Жұмысқа қабылдау, еңбек шартын жасау- еңбек құқықтарын қорғаудың кепілі. Ұжымдық  шарт жасау негізгі  принциптерін, мазмұны мен құрылымын, еңбек даулары мен жанжалдарға қатысты жұмыс беруші мен қызметкерлер ұжымының мүдделерімен келісуге мүмкіндік беретінін нақты түсіндірді. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының сақталуын қоғамдық бақылауының 340 бабы және 341 баптарын маңыздылығын айтты, жиналыста туындаған сұрақтарға жауап берді.

«Болашақ » атындағы №43 жоббм кмм кәсіподақ төрайымы З.Темирова өз баяндамасымен жалғастырды. Дайындап келген буклеттерін қойып, еңбек тәжірибелерімен бөлісті.

Жиналысқа ат салысып , білімі мен тәжірибесімен бөлісіп,  еңбек жолдарын үлгі-өнеге ете отырып, жас мамандардың белсенділігін арттыру, оларды қазіргі өзгермелі заманға бейім болуға бағыт бере отырып, аға ұрпақтың еңбек жолдары жайлы тәжірибе алмасу, ұрпақтар сабақтастығын жалғастыру мақсатында Адам үшін ең алтын қазына – еңбек ете білу, еңбекті қорғай білу атты жиналысымыздың қорытынды бөлімінде 28-сәуір Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орай, бастауыш кәсіподақ комитеттер арасынан «Үздік баяндаушы» және «Үздік инновациялық идея мен тәжірибе» атты номинациясымен бастауыш кәсіподақ ұйым төрағалары  Т.Маматқұлов және З.Темирова Құрмет грамотасымен марапатталды

 

 

Келес аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі

Мерекелік іс-шара

Сайрам Аудандық кәсіподақ комитетінің жұмыс жоспарына сәйкес, 28–сәуір Дүниежүзілік  еңбекті қорғау күніне орай, 2022 жылдың  20-25 сәуір айының  аралығында № 11 «Манкент», № 56 Гагарин, № 81 Ұлықбек жалпы орта мектептерде  еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауға жауапты  мамандары, кәсіподақ комитетінің  төрағалары, техникалық инспекторларының қатысуымен  «Білім беру мекемелерінде қауіпсіз еңбек жағдайын  ұйымдастыру» тақырыбында  аймақтық семинарлар өткізілді.  Семинарлар барысында мекемедегі қауіпсіз еңбек жағдайларды ұйымдастыру туралы, тиісті құжаттардың жүргізілуі мен қауіпсіз еңбек жағдайының сақталуына қабылданатын ұйымдастырушылық және техникалық шаралар жөнінде айтылып, методиқалық  нұсқаулықтар таратылып .  Үздік кәсіподақ төрағалары грамоталармен марапатталды.

 

Сайрам аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

28-ші сәуір-Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні

28-ші сәуір-Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орай аудандық кәсіподақ комитетінің 2022 жылғы негізгі іс-шаралар жоспарына сәйкес Әлеуметтік әріптестікті дамыту және Келісім тараптарының қызметін үйлестіру бойынша «Ұжымдық шартпен» белгіленген бастауыш кәсіподақ ұйымдарында еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау бойынша бекітілген ішкі бақылау қоғамдық инспекторлары мен бастауыш кәсіподақ ұйымы төрағаларының бірлескен семинар-кеңесі                  Абай атындағы мектеп-лицейнде өткізілді.

Осы семинардың өтілуіне қатысты ауданның білім беру мекемелерінің, балалар бақшасының еңбек қауіпсіздігін қорғау  жөніндегі қоғамдық инспекторлары мен бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары толық қатысты. Бірлескен семинар аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Д.Абишев, аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің бас маманы С.Қыпшақбаев, аудандық кәсіподақ комитетінің кеңесшісі А.Полатбеков ұйымдастырумен өтті.

Күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша

Ұжымдық шарттың тараптарының негізінде бастауыш кәсіподақ ұйымдарында еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жұмыстарының жүргізілуі  бойынша Д.Абишев сараптамалы баяндама жасады. Кемшіліктер көрсетіліп, жетістіктер атап өтілді. Білім беру мекемелерінде еңбекті қорғау Ережесінің орындалуы туралы аудандық білім бөлімінің бас маманы С.Қыпшақбаев толық түсініктемелер беріп, еңбекті қорғау туралы заңнамаларды және әлеуметтік әріптестік туралы Келісім мен Ұжымдық шарт тараптары негізінде олардың орындалуының қадағаланып отыру керектігіне тоқталды. Сонымен қатар жүргізілетін құжаттардың дұрыс толтыруы бойынша түсініктеме беріп өтті.

Білім беру мекемелеріндегі еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі Өндіріс кеңес туралы Ереже бойынша аудандық кәсіподақ комитетінің кеңесші маманы А.Полатбеков Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес Өндірістік кеңестің құрылымына оның кеңестік құрамына жұмыс беруші мен кәсіподақ ұйымы өкілдері кіретіндігіне және өндірістік кеңестің құрамына жұмыс беруші өкілдерін тағайындау жұмыс берушінің бұйрығымен, жұмыскерлердің өкілдері аудандық кәсіподақ комитетінің шешімімен іске асыратынына тоқталып өтті.

Сонымен қатар кеңестің негізгі міндеттері мен функцияларын, жүргізілетін іс-қағаздары бойынша толық түсіндірме берілді.

Семинар-кеңес жоспарланған мәселелер бойынша өз дәрежесінде өтіп қаралған мәселелердің бастауыш кәсіподақ ұйымдарында орындалуы аудандық кәсіподақ комитеті тарапынан қадағаланатындығы айтылды.

Берілген сұрақтар бойынша нақты жауаптар берілді.

«28 сәуір – Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні» мерекесі

Мақтаарал аудандық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен 23 сәуір күні «28 сәуір – Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні» мерекесіне орай аудандық семинар өтті.

Семинарға Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағының бөлім басшысы, заңгер Ақбердиев Ғабит Кеңесұлы, Мақтаарал ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Серікбаев Мұратбек Тұлапұлы, аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Жолдасов Алданияз Бастарұлы және аудандық адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты негізгі және жалпы орта мектептер мен мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің басшылары, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағалары мен төрайымдары және еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторлар қатысты. Семинарды аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы А.Жолдасов жүргізіп отырды.

Семинардың тәртібіне сәйкес алғаш болып Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағының бөлім басшысы, заңгер Ақбердиев Ғабит Кеңесұлы сөз алып, «Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғаудың маңызы» тақырыбында баяндама жасады, семинарға қатысушылардың сұрақтарына жауап берді. Аудандық кәсіподақ комитетінің маманы Жанисов Ержан Әлімжанұлы сөз алып, «Еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторлардың міндеттері» тақырыбынмен баяндама жасады.

Семинардың екінші бөлімі мерекелік шарамен жалғасын тауып, жоғарғы жетістіктерге қол жеткізген еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторларға «Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» Қоғамдық бірлестігі мен Мақтаарал ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімі мен аудандық кәсіподақ комитетінің бірлескен марапаттары берілді.

«28 сәуір – Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні» мерекесіне орай аудандық семинар жоғары деңгейде өткізілді. Мерекелік шараның соңы концерттік бағдарламамен жалғасын тапты. Барша нәзік жанды ұстаздарымызды керемет мерекемен құттықтаймыз!

 

Мақтаарал аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі

1 56 57 58 59 60 90