«Тәуелсіздік — мәңгілік елдің тұғыры» атты мерекелік іс-шара

«Тәуелсіздік — мәңгілік елдің тұғыры»

Сауран ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен және Сауран аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің қолдауымен Қазақстан Республикасының  Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай «Шорнақ» жалпы орта мектеп базасында мерекелік іс-шара болып өтті. Іс-шара барысында келген қонақтарды мектеп оқушылары (флэшмоб) биімен қарсы алып,  тәуелсіздігімізге арналған  көрмедегі бұйымдар   үш  тілде таныстырылды. «Алтын сақа» бөбекжай балабақшасының бөбектері мәнерлеп тақпақтарын айтты.

Аудан әкімі Ғ. Рысбеков, мәслихат хатшысы Мейрамбек Заманбекұлы, «НұрОтан» партиясы Сауран аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары С.Асылбеков және Сауран аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрайымы Ф. Рысбековалар мұғалімдерді мерекемен  құттықтап, төс белгілермен, құрмет грамоталармен, алғыс хаттармен заттай сыйлықтармен марапаттады. Балалар  әндермен көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Сауран аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

«Тәуелсіздік — мәңгілік елдің тұғыры» атты мерекелік іс-шара «Тәуелсіздік — мәңгілік елдің тұғыры» атты мерекелік іс-шара «Тәуелсіздік — мәңгілік елдің тұғыры» атты мерекелік іс-шара «Тәуелсіздік — мәңгілік елдің тұғыры» атты мерекелік іс-шара «Тәуелсіздік — мәңгілік елдің тұғыры» атты мерекелік іс-шара

Мұғалімдер арасындағы спартакиада

Түркістан облысы Сауран аудандық Адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты “Тұран” жалпы орта мектебінің АКТ  залында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай Сауран аудандық Білім және Ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен Сауран ауданына қарасты жалпы орта мектеп мұғалімдері арасында болып өткен футзал және волейбол жарысының салтанатты жабылу кеші болып өтті.

Салтанатты жабылу кешіне Сауран аудандық Білім және Ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрайымы Ф. Рысбекова, Сауран аудандық Адами әлеуетті дамыту бөлімінің әдіскері О. Үсенов, Сауран аудандық Білім және Ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің заңгері Ф. Дадабаевтар қатысты.

Фатима Абуталипқызы жарысқа қатысқан ұстаз мұғалімдерді Тәуелсіздіктің 30 жылдығы мерекесімен құттықтай отырып жүлделі орындарды иеленген мектептерді бағалы сыйлықтармен марапаттады.

Футзал бойынша жүлделі: I-ші орынды А.Үсенов атындағы жалпы орта мектебі иеленді,

II-ші орынды Ұлықбек атындағы жалпы орта мектебі иеленді, ІІІ-ші орындарды Қызыл жол жалпы орта мектебі мен Шобанақ жалпы орта мектептері иеленді.

Волейбол бойынша жүлделі: I-ші орынды “Тұран” жалпы орта мектебі иеленді, жүлделі II-ші орынды Иқан жалпы орта мектебі, III-ші орындарды М Әуезов атындағы және Қызыл жол жалпы орта мектептері иеленді.

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы және марапаттарыңыз құтты болсын құрметті ұстаздар!

Сауран аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

 

Мұғалімдер арасындағы спартакиада Мұғалімдер арасындағы спартакиада Мұғалімдер арасындағы спартакиада Мұғалімдер арасындағы спартакиада Мұғалімдер арасындағы спартакиада

«Тәуелсіздікке тарту» атты шығармашылық кеш

 

Төлеби аудандық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 30жыл толуына орай Ленгір қалалық балалар саз мектебінің мұғалімі Айбек Баезовтың өз шәкірттерімен  «Тәуелсіздікке тарту» атты шығармашылық кеші өткізді. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай “Ұстаздық еңбек жолыма 30 жыл” байқауы аудандық жалпы білім беру мектептеріндегі педагогикалық еңбек өтілі 30 жылға толған ұстаздардың қатысуымен Жыланбұзған жалпы орта мектебі базасында өткізілді. Жеңімпаз болған ұстаздарға аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімі мен аудандық кәсіподақ комитетінің мақтау қағаздары мен сыйлықтары табыс етілді.

 

 

«Тәуелсіздікке тарту» атты шығармашылық кеш «Тәуелсіздікке тарту» атты шығармашылық кеш «Тәуелсіздікке тарту» атты шығармашылық кеш «Тәуелсіздікке тарту» атты шығармашылық кеш «Тәуелсіздікке тарту» атты шығармашылық кеш

Отырар аудандық кәсіподақ комитеті

Отырар аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитеті Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Желтоқсан оқиғасына 35 жылдығына байланысты,аудан мектептерінде іс шаралар ұйымдастырылды. М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебінде «Тәуелсіз елім-ардақты атамекенім» атты конференция өтті.Жиынға аудан әкімінің орынбасары П.Жаппарқұлов, Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Педагогикалық Университетінің зкономика ғылымдарының кандидаты Исатаева Гүлжан Бөгенбайқызы, Отырар аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрағасы Е.Қасым .т,б қонақтар қатысты.

Отырар аудандық кәсіподақ коитетінің ұйымдастырумен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына, арнайы іс шара үйымдастырылды. Жиынға марапатталатын кәсіподақ активтері шақырылды. Жиында Отырар аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрағасы Е.Қасым ашып,құттықтау сөз сөйледі.

Түркістан облысы мәслихатының марапатымен

Асан Дінмұхамед Қырқынбайұлы Түркістан облысы Отырар ауданы, Сарыкөл шағын жинақты негізгі орта мектебінің директоры, Облыстық Нұр Отан партиясының Алғыс хатымен,

Кинатова Жулдыз Садыковна ЖШС «Біләл ата» бөбекжай балабақшасының меңгерушісі.

Облыстық адами әлеуетті дамыту бөлімі мен Түркістан облысық білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағының Құрмет грамртасымен

1.Әлжан Алмагүл Абжалқызы Шеңгелді шағын жинақты жалпы орта мектебінің мұғалімі

2.Аханова Нургул Усеновна Аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің әдіскері

«Кәсіподаққа еңбегі сіңген қызметкер» белгісімен

1.Абызбек Гүлнар Төлебайқызы Жамбыл атындағы мектеп лицейінің тарих пәні мұғалімі

2.Әмзе Алмат Нажмидинұлы С.Әлиев атындағы жалпы орта мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы

3.Омаров Жұмабай Ерназарұлы М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебі директорының орынбасары

4.Салықбай Айдарбек Асанұлы Ө.Жәнібеков атындағы №4 мектеп интернаты директорының оқу ісі жөніндегі орыбасары

5.Алтынбекова Айсулу Аштархановна Қалдаяқов атындағы мектеп гимназиясы директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасры

6.Әмзе Нұрсейіт Номанұлы Темір жалпы орта мектебінің ағылшын пәні мұғмлімі

«Түркістан облысық білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағының» Құрмет грамотасымен

1.Ахметов Қайрат Әпсеметұлы Ш.Уәлиханов атындағы жалпы орта мектебі мұғалімі

2.Байдеровна Жазира Жолымбековна Сейфуллин атындағы жалпы орта мектебі мұғалімі

3.Тілеу Айшахан Қуатбайқызы Абай атындағы жалпы орта мектебінің мұғалімі

4.Карибаева Жанна Бейбутовна Әшіров атындағы жалпы орта мектебінің мұғалімі

5.Жақыпбек Пернебай Оразұлы Отырар жалпы орта мектебінің мұғалімі

6.Керімбекова Жанар Әліпбекқызы Т.Ибрагимов атындағы жалпы орта мектебінің мұғалімі

  1. Жабагиева Гүльмира Рахмановна Егембердиев атындағы негізгі орта мектебінің мұғалімі

8.Шуленбаева Ақмарал Бақтылықызы Балдаурен балабақшасының меңгерушісі

9.Суннатиллаев Нұрымбет Нургисаевич Өнер және саз мектебінің мұғалімі

10.Қуанышбаева Алтын Оралханқызы Балалар мен жасөспірімдер орталығының директоры

Отырар аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Отырар аудандық кәсіподақ комитеті Отырар аудандық кәсіподақ комитеті Отырар аудандық кәсіподақ комитеті Отырар аудандық кәсіподақ комитеті Отырар аудандық кәсіподақ комитеті Отырар аудандық кәсіподақ комитеті Отырар аудандық кәсіподақ комитеті

Жастар тәуелсіз елдің болашағы атты тақырыпта пікір-сайыс

Кентау қаласындағы Ы.Алтынсарин 1 атындағы мектеп-гимназиясында Ы.Алтынсаринның 180 жылдығы мен ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай “Білімді жас-келешек көшбасшы” атты тақырыпта өткен қалалық семинар аясында мектептің мәжіліс залында тарих пәнінің мұғалімі Омаров Тұрар ағай “Жастар тәуелсіз елдің болашағы” атты тақырыпта пікір-сайыс өткізді. Пікір-сайысқа 10 “а” сынып оқушыларынан құралған екі топ қатысты. Даттаушы: Байжанова Аяулым,

Пырназарова Аяулым, Ескермес Ұлтусын. Жақтаушы: Мұхамед Айнұр, Дауылбай Дина, Оспанова Шолпан. Әділ-қазылар алқасының құрамы: Кентау қаласының адами әлеуетті дамыту бөлімінің әдіскерлері Х.Жайықбаева, Ә. Сенбекова, мектепішілік кітапхана меңгерушісі, Желтоқсан көтерілісінің қаһарманы Ү.Даутбаева, 11 Ақын-тума жалпы орта мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Б.Мирзаев, Ататүрік атындағы 4 жалпы орта мектебінің педагог-ұйымдастырушысы, математика пәнінің мұғалімі Н.Дүйсенбиева. Пікір-сайыс – жастарды көшбасшылыққа баулудың бір жолы. Жеке тұлға болып қалыптасу үшін де жеке пікір болу керек. Ал жеке пікір айта білу мен ойыңды орынды жеткізу үшін пікірталас жарыстарына қатысқан абзал. Пікірталас жеке тұлғаның танымын кеңейтеді. Пікір-сайыстың қорытындысы бойынша даттаушы топ оқушылары жеңімпаз атанды. Әділ-қазылар алқасы оқушылардың дайындығына жоғары бағаларын берді. Оқушыларға мектеп директоры Қ.Тулегеновтың алғыс хаттары және алтын, күміс медальдар тапсырылды.

Жастар тәуелсіз елдің болашағы атты тақырыпта пікір-сайыс Жастар тәуелсіз елдің болашағы атты тақырыпта пікір-сайыс Жастар тәуелсіз елдің болашағы атты тақырыпта пікір-сайыс Жастар тәуелсіз елдің болашағы атты тақырыпта пікір-сайыс Жастар тәуелсіз елдің болашағы атты тақырыпта пікір-сайыс

«ҮЗДІК БАСТАУЫШ КӘСІПОДАҚ ҰЙЫМЫ – 2021» байқауы

«ҮЗДІК БАСТАУЫШ КӘСІПОДАҚ ҰЙЫМЫ – 2021» байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлері марапатталды.

Мақтаарал аудандық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен Ұлттық мерекеміз – Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы қарсаңында, «Отыз жылдыққа отыз игі іс» шарасы аясында Мақтаарал аудандық адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты негізгі және жалпы орта мектептердің бастауыш кәсіподақ ұйымдары арасында кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік-экономикалық және еңбек құқықтары мен мүдделерінің қорғалуын, әлеуметтік әріптестік бойынша жұмысты жақсарта түсу, қызметкерлердің қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау, уақыт талабына сай жұмыстың жаңа түрлерін енгізуге ынталандыру жөніндегі бастауыш кәсіподақ ұйымдарының жұмысын жақсарту, тәжірибесін жинақтау, қорыту, тарату, бағалау мақсатында ұйымдастырылған «Үздік бастауыш кәсіподақ ұйымы – 2021» байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсіміне арналған салтанатты шара өткізілді.

«ҮЗДІК БАСТАУЫШ КӘСІПОДАҚ ҰЙЫМЫ – 2021» байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау салтанатына арналған жиынға Мақтаарал ауданы әкімінің орынбасары Б.Төребеков, «Nur Otan» партиясының Мақтаарал аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Д.Асабаев, Мақтаарал аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы М.Серікбаев, Мақтаарал ауданының қоғамдық кеңесінің төрағасы М.Ердешов, аудандық кәсіподақ комитетінің Атқару комитеті мүшелері мен негізгі және жалпы орта мектептердің бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары мен төрайымдары қатысты.

2021 жылдың 12 қазаны мен 25 қараша аралығында өткізілген байқаудың қорытындысына сәйкес жеңімпаз болған, жүлдегер болған және белсене қатысқан бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағалары мен төрайымдары Мақтаарал аудандық кәсіподақ комитеті дайындаған мадақтама қағаздары, бағалы және қаржылай сыйлықтар мен сертификаттар табысталды.

Байқаудың қорытындысына сәйкес:

І орынды – №1 «Мырзакент» мектеп-гимназиясының бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы М.Айткулова иеленді (жүлде қоры 70 000 теңге)

ІІ орынды – Ш.Бектасов атындағы жалпы орта мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Н.Қалауов пен С.Датұлы атындағы жалпы орта мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Қ.Игенбаева иеленді (жүлде қоры әр төрағаға 35 000 теңге)

ІІІ орынды – Үлгілі жалпы орта мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Б.Жунисов, №5 «Мақтаарал» мектеп-гимназиясының бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Ж.Бектурганова мен Х.Доспанова атындағы жалпы орта мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы А.Елемесова иеленді (жүлде қоры әр төрағаға 20 000 теңге)

«Үздік бастауыш кәсіподақ ұйымы – 2021» байқауына белсене қатысқаны үшін:

Абылайхан атындағы жалпы орта мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Т.Утегенов, №9 жалпы орта мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Е.Аккулов, Қ.Сәтбаев атындағы жалпы орта мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Л.Султанова, Болашақ жалпы орта мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы М.Телходжаева, Әл-Фараби атындағы жалпы орта мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы М.Мамитов, О.Бапышев атындағы жалпы орта мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы У.Бердышев, М.Тоқжігітов атындағы жалпы орта мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы У.Абдиевалар алғыс хатпен және бағалы сыйлықтарға ие болды.

«ҮЗДІК БАСТАУЫШ КӘСІПОДАҚ ҰЙЫМЫ – 2021» байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз!

Марапаттарыңыз құтты болсын!

Мақтаарал аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

 

«ҮЗДІК БАСТАУЫШ КӘСІПОДАҚ ҰЙЫМЫ - 2021» байқауы «ҮЗДІК БАСТАУЫШ КӘСІПОДАҚ ҰЙЫМЫ - 2021» байқауы «ҮЗДІК БАСТАУЫШ КӘСІПОДАҚ ҰЙЫМЫ - 2021» байқауы «ҮЗДІК БАСТАУЫШ КӘСІПОДАҚ ҰЙЫМЫ - 2021» байқауы «ҮЗДІК БАСТАУЫШ КӘСІПОДАҚ ҰЙЫМЫ - 2021» байқауы «ҮЗДІК БАСТАУЫШ КӘСІПОДАҚ ҰЙЫМЫ - 2021» байқауы «ҮЗДІК БАСТАУЫШ КӘСІПОДАҚ ҰЙЫМЫ - 2021» байқауы

«ТӘУЕЛСІЗДІК – МӘҢГІЛІК ЕЛ МҰРАТЫ» атты аудандық іс-шара

«ТӘУЕЛСІЗДІК – МӘҢГІЛІК ЕЛ МҰРАТЫ» атты аудандық іс-шара өткізілді.

 

Мақтаарал аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімі мен аудандық кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен 13 желтоқсан күні Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерекесіне арналған «Тәуелсіздік-мәңгілік ел мұраты» атты салтанатты шара өткізілді.

Меркелік шараға Мақтаарал ауданының әкімі Б.Асанов, аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы М.Серікбаев, аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы А.Жолдасов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Оңғаров, аудандық әжелер алқасының төрайымы Ш.Құрбанбаева, ауданымыздың қоғамдық кеңесінің төрағасы М.Ердешов, аудандық әкелер кеңесінің төрағасы Ш.Байтенов қатысып, мерекелік шараға келген ұстаздар мен қонақтарды мерекемен құттықтап, білім беру саласында жоғары жетістіктерге қол жеткізген ұлағатты ұстаздарды арнайы алғыс хаттармен марапаттады.

Мақтаарал аудандық кәсіподақ комитетінің ұсынысымен, Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерекесіне орай Түркістан облысының әкімі Ө.Шөкеевтің «Алғыс хатымен» – О.Бапышев атындағы жалпы орта мектебінің директоры М.Аманова марапатталды.

Nur Otan партиясының Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Б.Тәжібаевтың «Алғыс хатымен» – Мақтаарал аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің бас маманы Т.Айнамкулов марапатталды.

Түркістан облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Р.Жолаев пен Түркістан облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағының төрағасы Б.Еркінбектің бірлескен «Құрмет грамотасы» Ш.Бектасов атындағы жалпы орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі Е.Акрамов пен №25 «Жаңа жол» жалпы орта мектебінің қазақ тілі пәнінің мұғалімі Г.Мустафаева марапатталды.

Түркістан облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағының төрағасы Б.Еркінбектің «Кәсіподаққа еңбегі сіңген қызметкер» төсбелгісімен С.Торайғыров атындағы жалпы орта мектебінің директоры А.Ақназаров, №9 жалпы орта мектебінің бастауыш кәсіподақ комитетінің төрағасы Е.Аккулов, Болашақ жалпы орта мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы М.Телходжаева марапатталды.

Түркістан облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағының «Құрмет грамотасымен» С.Мұқанов атындағы жалпы орта мектебінің директоры Е.Бидинов, С.Айни жалпы орта мектебінің орыс тілі пәнінің мұғалімі А.Молдабекова және «Ақберен» бала бақшасының меңгерушісі Б.Мусырмакулова марапатталды.

Түркістан облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағының «Алғыс хатымен» С.Рахымов атындағы жалпы орта мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Е.Мырзаханов, Мақтаарал аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің есепшісі Ә.Асанова, Мырзакент мектеп-гимназиясының биология пәнінің мұғалімі Р.Казиханова, «Қаламқас С» бала бақшасының меңгерушісі К.Базарбаева марапатталды.

Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерекесіне арналған «Тәуелсіздік-мәңгілік ел мұраты» салтанатты шарамыздың соңы мерекелік концертпен жалғасын тапты.

Барша марапат иелерін Мақтаарал аудандық кәсіподақ комитеті атынан шын жүректен құттықтаймыз!

Мереке құтты болсын!

 

Мақтаарал аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі

«ТӘУЕЛСІЗДІК - МӘҢГІЛІК ЕЛ МҰРАТЫ» атты аудандық іс-шара «ТӘУЕЛСІЗДІК - МӘҢГІЛІК ЕЛ МҰРАТЫ» атты аудандық іс-шара «ТӘУЕЛСІЗДІК - МӘҢГІЛІК ЕЛ МҰРАТЫ» атты аудандық іс-шара «ТӘУЕЛСІЗДІК - МӘҢГІЛІК ЕЛ МҰРАТЫ» атты аудандық іс-шара «ТӘУЕЛСІЗДІК - МӘҢГІЛІК ЕЛ МҰРАТЫ» атты аудандық іс-шара «ТӘУЕЛСІЗДІК - МӘҢГІЛІК ЕЛ МҰРАТЫ» атты аудандық іс-шара «ТӘУЕЛСІЗДІК - МӘҢГІЛІК ЕЛ МҰРАТЫ» атты аудандық іс-шара

Жас келсе, іске! атты кәсіподақ мүшелерінің сайысы

«Жас келсе – іске!»

“Жас келсе, іске!” атты кәсіподақ мүшелерінің сайысы өтті.

N40 ” Ынтымақ “жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінде ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған “Тәуелсіздікке тарту болған 30 тағылымды іс-шара ” атты айлық жоспарына сәйкес БКҰ төрайымы Ғ. Абдрахманованың ұйымдастыруымен ” Жас келсе, іске! ” атты кәсіподақ мүшелерінің сайысы өтті. Мектептің жас ұстаздарынан құралған “Ұлағат” және “Жалын” топтары сайыстың алты кезеңінен де мүдірмей өтіп, өздерінің біліктіліктері мен іскерлік қабілеттерін, сонымен қатар өнерлері мен таланттарын жоғары деңгейде көрсетіп марапатталды.

Қуанышы мен қиындығы қатар жүретін мына өмірде кез-келген кедергіні бұзып шығар қайсар рухымыз мұқалмай, мағыналы өмірдің өрнегін бірге зерлей беретін, ар-ұяттың туын биік ұстар жалынды жастарымыз жасасын!

Тәуелсіздігіміз баянды, жастарымыз жалынды болсын!

 Жас келсе, іске! атты кәсіподақ мүшелерінің сайысы Жас келсе, іске! атты кәсіподақ мүшелерінің сайысы Жас келсе, іске! атты кәсіподақ мүшелерінің сайысы Жас келсе, іске! атты кәсіподақ мүшелерінің сайысы Жас келсе, іске! атты кәсіподақ мүшелерінің сайысы Жас келсе, іске! атты кәсіподақ мүшелерінің сайысы

«Көңілі көтеріңкі ұстаздың, еңбегі де жемісті» спорттық сайыс

«Көңілі көтеріңкі ұстаздың, еңбегі де жемісті»

Мектеп – білім кені, тәлім – тәрбиенің қайнар бұлағы. Келешек ел басқарып, халқының мерейін өсіріп, мәртебесін биіктетержасампаз жандарды жетілдіретін киелі де, қасиетті ұя. Ал ұстаз – мектеп жүрегі демей ме? Ал, ендеше сол алтын ұя «Ы.Алтынсарин атындағы №63 жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде, Ы.Алтынсаринның 180 жылдығымен, тұспа -тұс келген Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы мерекесі қарсаңында ұстаздар арасында « Көңілі көтеріңкі ұстаздың, еңбегі де жемісті» атты салауатты өмір салтын насихаттау бағыты бойынша спорттық сайыс өтті.

Сайысқа 2 команда шығып күш сынасты.

1 «Жалын» тобы жетекшісі Жасұзақова Айна апайымыз

Батырбеков Дүйсенбек география пәнінің мұғалімі

Анасова Салтанат қосымша білім беру педагогы

Толыс Албина математика пәнінің мұғалімі

Қайырбекова Жадыра биология пәнінің мұғалімі

Сүлеева Феруза ағылшын пәнінің мұғалімі

«Барыс» тобы жетекшісі Айтөреева Айнұр апайымыз

Жайлауова Қалияш қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Әмзе Заңғар дене шынықтыру пәнінің мұғалімі

Кенжеева Аякөз іс жіргізуші

Баратова Маржан медбике

Жарылқасын Ақерке ағылшын пәнінің мұғалімі

Сайыс төмендегі 7 кезеңнен тұрады:

«Өз тобыңды таныстыр», «Кедергі арасымен жүгіру»”Доп”, «Нейрогимнастика», «Нысаны көздеу», «Қасықпен жұмыртқаны алып жүгіру», «Сурет салу», «Арқан тарту»

Осы жоғарыда айтылған жеті кезең бойынша апайларымыз өз топтарын таныстырып, әр кезеңнің шарттарын күшті дайындықпен келгендігін және өздерінің жан – жақты екендігін көрсете білді. Сонымен қаттар Ы.Алтынсаринның 180 жылдығымен, тұспа -тұс келген Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына арналған сұрақтар қойылып, командалар өздерінің дұрыс жауаптарын беріп жатты.

Қоғамымыздың іргетасын нығайту үшін бүгінгі жастарға үлгілі, өнегелі тәрбие беру – қазіргі міндеттердің бірі.Спорт салауатты өмір салтының кепілі демей ме? Олай болса ұстаздарымыз “Дені саудың -жаны сау “- деген ұранды алға тартып, сайыста өз белсенділіктерімен, ептіліктерін және шапшаңдықтарын көрсете білді.

Сайыс қорытындысы бойынша “Барыс” командасы жеңіске жетті. Мектеп директоры Мырзахасов Ануарбек ағай мен оқу ісінің меңгерушісі Көлбаев Болат ағай сөз сөйлеп өздерінің сый -сияпаттарын тапсырды. Мектептің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Джайлауов Нұрлан ағай аудандық кәсіподақ ұйымының аттынан құттықтап дипломдармен, сыйлықтарын тапсырды. Келген қонақтар өз ризашылығын білдіріп, өте жоғары деңгейде, қызықты жарыс болғанын айтты. Ұйымдастырушы мектептің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Джайлауов Нұрлан ағайға, мектеп директоры өз алғысын білдіріп, отбасына амандық, жұмысына шығармашылық табыс тіледі.

«Көңілі көтеріңкі ұстаздың, еңбегі де жемісті» спорттық сайыс «Көңілі көтеріңкі ұстаздың, еңбегі де жемісті» спорттық сайыс «Көңілі көтеріңкі ұстаздың, еңбегі де жемісті» спорттық сайыс

Арыс қалалық кәсіподақ комитеті

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесіне орай Арыс қалалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы комитеті қаламыздағы білім мекемелері ұстаздарын марапаттау рәсімін өткізді.

Қазақстан Республикасы 30 жылда әлемдік бәсекеге қабілетті елдер жөніндегі есебінде Қазақстан 50-ші орынға көтерілді.Дамыған мемлекеттер Қазақстанды тәуелсіз егеменді ел ретінде тани білді.Еліміздің ішкі және сыртқы саясаты күшеюде.ҚР Президенті мен Үкіметі білім саласына көп көңіл бөлді.Облыс орталығымыз Түркістан күннен күнге дамып, өркендеп келеді.Түркістан-түркі әлемінің астанасы болды.Арыс қаласы да өзінің 65 жылдық мерекесін үлкен табыстармен қарсы алды.Қаламызда үлкен өзгерістер орын алуда.

Түркістан облыстық Арыс қалалық маслихатының Алғыс хатымен Касьянова Инна Владимировна- “Ақнұр” балабақшасының бастауыш кәсіподақ комитетінің төрайымы, Аскарова Мейіркүл Отарбекқызы- №11 Б.Момышұлы атындағы жом директоры марапатталды.

Түркістан облыстық кәсіподақ комитетінің Құрмет грамотасымен Орынбаева Кундыз Байдуллаевна- М.Шаханов атындағы жом педагог-психологы,  Мелдеханова Ботакөз Мусырхановна- М.Әуезов атындағы мектеп гимназиясының мұғалімі, Умирова Фарида Калашовна “Балдырған” балабақшасының бастауыш кәсіподақ комитетінің төрайымы, Аманова Айсулу- М.Маметова атындағы жом қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, Арқабаев Жайлау- №5 М.Маметова атындағы жом әлеуметтік педагогы

Түркістан облыстық Арыс қалалық адами дамыту басқармасы мен Түркістан облыстық білім және ғылым қызметкерлері жергілікті кәсіподағы комитетінің Құрмет грамотасымен Жунисова Рахима- Ә.Жангелдин атындағы жом директоры, Исаева Мейрамкул Сламбековна- “Оразалы ата” балабақшасының меңгерушісі марапатталды.

Нұр Отан париясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Алғыс хатымен С.Сейфуллин атындағы жом директоры Аскаров Талғат марапатталды.

Түркістан облыстық кәсіподақ комитетінің кәсіподаққа еңбегі сіңген қызметкер Төс белгісімен Сарсенбекова Нарбуви Абдетовна-И.Журба атындағы жом мұғалімі,Искакова Рахия Сугиралиқызы -С.Ерубаев атындағы жом мұғалімі, Умбетбаева Жанар -“Балдырған” балабақшасының меңгерушісі, Елемесова Кулзахира- Б.Кенжебаев атындағы жом мұғалімі, Пияшова Назымкул Абдыхалыққызы-Монтайтас жом мұғалімі, Нарбекова Жупаркул-Арыс жом директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары марапатталды.

Марапаттарыңыз құтты болсын құрметті әріптестер!!!

Еңбектеріңіз жана берсін!!!Шығармашылық табыс тілеймін!!!

Ізгі тілекпен Арыс қалалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы комитетінің төрағасы Мухаев Ж.И.

Арыс қалалық кәсіподақ комитеті Арыс қалалық кәсіподақ комитеті Арыс қалалық кәсіподақ комитеті Арыс қалалық кәсіподақ комитеті Арыс қалалық кәсіподақ комитеті

1 55 56 57 58 59 84