«ҰСТАЗ БАРЫСЫ» жарысы

«ҰСТАЗ БАРЫСЫ» жарысы ұйымдастырылып өткізілді.

 

Тәуелсіздігімізді алғаннан бері боз кілемде белдесушілер көбейіп, төл спорт түрі ұлттық брендке айналды десек, артық айтпағанымыз болар. Бүгінде әлем назарын аударып отырған қазақ күресінің бәсі биік. Соңғы жылдары қазақ күресінің көкжиегі кеңейіп келеді. Осыған орай  Сауран ауданының  адами әлеуетті дамыту бөлімі, Сауран ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі, Сауран аудандық білім және ғылым қызметкерлерінің  жергілікты кәсіподақ комитетінің  ұйымдастыруымен 2022 жылдың 12 наурыз күні жалпы орта мектептердің ұстаздары арасында қазақ күресінен аудандық іріктеу кезеңі «Ұстаз барысы» жарысы ұйымдастырылып өткізілді. Жарыстың ерекшелігі мұнда кәсіби спортшылар емес, мектеп мұғалімдері, яғни, әдеттегідей кәсіби боз кілем шеберлері емес, мектепте балаларға сабақ беріп жүріп, спортты серік еткен жандар қатысты. Ерлер арасында әр түрлі салмақ дәрежелері бойынша өткізілген шара жоғары деңгейде өтті.

Боз кілем сайысында төрелік етуге арнайы әділқазылар алқасы шақырылды.

Сайыстың нәтижесі бойынша,

60 кг салмақ дәрежесінде I- орынды В.Вахидов атындағы жалпы орта мектебі,

66 кг салмақ дәрежесінде Иқан жалпы орта мектебі,

74 кг салмақта Ескі Иқан жалпы орта мектебі,

82 кг салмақта М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебі,

90 кг салмақ дәрежесінде №13 жалпы орта мектебі,

100 кг салмақта Ескі Иқан жалпы орта мектебі,

+100 кг салмақ М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебінің мұғалімдері иеленді.

Бабы мен бағы қатар шапқан, жеңістің биік тұғырынан көрінген ұстаздарымызға Сауран ауданы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіподақ комитетінің төрайымы Рысбекова Фатима Абуталиповна құттықтау сөзін айтып, медальдарын тағып, кубокты М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебінің мұғалімі Әшімов Нуриддинге табыстады.

Ақтық сыңға шығып, әр салмақ дәрежесінде жеңімпаз атанған ұстаздарымыз Түркістан қаласында 17-18 наурыз күндері өтетін  облыстық жарысқа жолдама  алды.

Ұлағатты да жеңімпаз ұстаздарымызға алдағы уақытта да жеңістің биік шыңынан көрінулеріне тілектеспіз!

 

Сауран аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

ҰСТАЗ БАРЫСЫ жарысы

“ҰСТАЗ БАРЫСЫ” жеңімпаздары анықталды.

 

Арыс қаласының адами әлеуетті дамыту бөлімі, Білім және ғылым қызметкерлерінің Арыс қаласы кәсіподағының ұйымдастыруымен 2022 жылы 09 наурыз күні мектеп мұғалімдері арасында қазақ күресінен қалалық “Ұстаз барысы” жарысы болып өтті. Жарыс 60, 66, 74, 82, 90, 100, +100 салмақ дәрежесінде ерлер арасында өтті.

66 кг салмақ дәрежесінде:

III- орынды Отыншиев Сырым -Ж.Ташенов ат. жоббм иеленді.

90 кг салмақ дәрежесінде:

II-орынды Отарқұл Мұхамедәлі – Ж.Ташенов ат. жоббм.

100 кг салмақ дәрежесінде:

I-орынды Маханов Санжар – Ж.Ташенов ат. жоббм,

II- орынды Абдрахманов Болатбек- Ж.Ташенов ат. жоббм,

Барлық I- орын иеленген ұстаздар Түркістан қаласында 2022 жылдың 17-18 наурыз күндері өтетін облыстық жарысқа жолдама алды. Арыс қаласының намысын қорғайтын ұстаздарымызға сәттілік тілейміз.

 

Арыс қалалық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

 

 

8 наурыз-Халықаралық әйелдер күні мерекесі

Кентау қаласындағы Ш.Қалдаяқов атындағы Мәдениет сарайында “8 наурыз-Халықаралық әйелдер күні” мерекесіне орай өткізілген салтанатты жиында, Кентау қаласының білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің төрағасы Садуов Талғат Кентау қаласы әкімінің Ғ.Үсенбаевтың алғыс хаттарымен марапаттады.

1) Арысбаева Замира – Ы.Алтынсарин атындағы 1 мектеп-гимназиясының тарих пәнінің мұғалімі.

2) Досмаганбетова Баян – Ы.Алтынсарин атындағы 1 мектеп-гимназиясының қазақ тілі пәнінің мұғалімі.

3) Туребекова Анаркүл – Абай атындағы 5 жалпы орта мектебінің қазақ тілі пәнінің мұғалімі.

4) Адугаппарова Рано – “Қазақстанға 30 жыл” атындағы мектеп-гимназиясының тарих пәнінің мұғалімі.

5) Жолдыбаева Сәуле – Ж.Жабаев атындағы 7 жалпы орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі.

6) Жунусова Гульнур – Ататүрік атындағы 4 мектеп-лицейі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары.

7) Жадигерова Кулзада – М.Горький атындағы 8 жалпы орта мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

8) Байтилесова Алия – 10 жалпы орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі

9) Жарықбаева Сапаркүл – Б.Саттарханов атындағы спорт мектебі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары.

10) Рустемова Динара – Ә.Науаи атындағы 17 жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі.

11) Жузтаева Тамара – Ю.Гагарин атындағы 16 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.

12) Жумадилова Раушан – А.С.Пушкин атындағы 6 жалпы орта мектебінің мұғалімі.

13) Нарынова Айнаш – Ә.Молдағұлова атындағы 19 мектеп-лицейінің мұғалімі.

14) Асанова Маржан – Ә.Молдағұлова атындағы мектеп-лицейінің мұғалімі.

15) Ахметова Гузаль – “Шаш-төбе” атындағы жалпы орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі.

16) Джумабаева Орынкүл – Әл-Фараби 14 атындағы мектеп-гимназиясының биология пәнінің мұғалімі.

17) Нурмаканова Гаухар – Әл-Фараби атындағы 14 мектеп-гимназиясы директорының бейінді оқу ісі жөніндегі орынбасары.

18) Макульбекова Зульфия – Т.Рысқұлов атындағы 24 жалпы орта мектебі директорының бейінді оқыту ісі жөніндегі орынбасары.

19) Артықбаева Динара – 15 “Төрткүл-төбе” жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі.

20) Камалова Гузаль – “Жауқазын-1” бөбекжай-балабақшасының меңгерушісі.

Марапаттарыңыз құтты болсын әріптестер!!! Кентау қаласының білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитеті.

Кентау қалалық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесі

8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай Ордабасы аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімі мен аудандық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы комитеті аудандық мәдениет үйінде мерекелік іс-шара өткізді. Іс-шараға аудан әкімінің орынбасары А.Оралбаев, «Түркістан облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Б.Еркінбек, , «Аманат» партиясы Ордабасы аудандық филиалының атқарушы хатшысы Ә.Бердімұратов және аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Ш.Нұрабаева қатысып, жиынға келгендерді мерекемен құттықтады. Іс-шара барысында аудандық адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты бірқатар білім ошақтарының қызметкерлерін марапаттады.

Аудан әкімінің марапатына;

Жүзеева Әсия Серікқызы-Мұхтар Әуезов атындағы жалпы орта мектебінің қызметкері,

Әбен Мейіргүл Арапбайқызы-«Қызғалдақ» бөбекжай балабақшасының қызметкері,

Ибрагима Шолпан Басимбекқызы-Балтабай Нұрлыбеков атындағы жалпы орта мектебінің қызметкері, Есбатыр Рабиға Базарбекқызы-Бейсенбай Кенжебаев атындағы жалпы орта мектебінің қызметкері, Тұрсынова Гүлжаухар Ергебайқызы-Мұхаметқұл Исламқұлов атындағы жалпы орта мектебінің қызметкері, Оңалбай Салима Жабуқызы-«Болашақ» негізгі орта метебінің қызметкері,

Калбаева Ұлжамал Кеншубайқызы-«Раушан» ббөбекжай балабақшасының қызметкері, Акишева Кұндызай Мамбетқызы-Сұлтан Ысқақов атындағы жалпы орта мектебінің қызметкері, Рысдаулет Бақыткүл Ерсайынқызы-Шохан Уалиханов атындағы жалпы орта мектебінің қызметкері,

Мырза Жанар Қабылбекқызы-Зиядин Исабеков атындағы жалпы орта мектебінің қызметкерлері марапатталды.

«Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» Қоғамдық бірлестігінің «Кәсіподаққа еңбегі сіңген қызметкер» белгісімен;

Тагаева Нұргүл Мұратқызы-Сұлтан Ысқақов атындағы жалпы орта мектебінің директоры, Ақбала Алия Абдуллақызы-«Ақсары» бастауыш мектебінің меңгерушісі, Жакенова Жазира Айтбекқызы-«Қызғалдақ» бөбекжай балабақшасы меңгерушісі, Есекейқызы Балхан-Сыдық Ысмайлов атындағы жалпы орта мектебі директорының орынбасары, Досай Сағида Дөненбайқызы-«Қызылжар» жалпы орта мектебінің мұғалімі, Боранбай Гүлмира Төрешқызы-«Теспе» жалпы орта мектебінің мұғалімі.

Илясова Айжан Абдукадирқызы-Айтбай Шерімқұлов атындағы жалпы орта мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары марапатталды.

Ордабасы аудандық мәслихатының марапатына;

Искакова Ұлбала Сапаралқызы-аудандық «Өнер» мектебінің қызметкері,

Қылышбаева Ұлтуар Ақбергенқызы-Өтебай Тұрманжанов атындағы жалпы орта мектебінің қызметкері, Әимбет Эльмира Сәрсенбекқызы-«Тоқсансай» жалпы орта мектебінің қызметкері,

Абдулиева Айжамал Муталқызы-«Ынтымақ» жалпы орта мектебінің қызметкері, Өскенбаева Раушан Шағырбайқызы-Қарсыбай Спатаев атындағы жалпы орта мектебінің қызметкерлері марапатталды.

«Аманат» партиясы Ордабасы аудандық филиалының атқарушы хатшысының марапатына;

Усейнова Феруза Сайлаукызы-«Төрткүл» жалпы орта мектебінің қызметкері,

Шураева Мадина Жүсіпқызы- Амангелді атындағы жалпы орта мектебінің қызметкері, Райымбекова Маралай Кудайбергенқызы-«Темірлан» жалпы орта мектебінің қызметкері, Сихова Лаззат Өмірзақызы-«Қарақұм» жалпы орта мектебінің қызметкері, Сейітбекова Роза Сансызбайқызы-Сәкен Сейфуллин атындағы жалпы орта мектебінің қызметкерлері марапатталды.

Ордабасы аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімі мен Ордабасы аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы комитетінің марапатына;

Есалы Салтанат Сүйіндікқызы-«Ордабасы» жалпы орта мектебінің қызметкері,

Тобағабыл Гүлжамал Тұрдымұратқызы-Айтбай Шерімқұлов атындағы жалпы орта мектебінің қызметкері, Мергенбек Сәрсенкүл Бегежанқызы-Бәйдібек Төлепбаев атындағы жалпы орта мектебінің қызметкері, Әлі Айгүл Иманқұлқызы-Бейсен Оңтаев атындағы жалпы орта мектебінің қызметкері, Балқыбекова Лаура Қалданқызы-Нұралы Нысанбайұлы атындағы жалпы орта мектебінің қызметкерлері марапатталды.

Мерекелік іс-шарада аудандық адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты бірқатар білім ошақтарының өнерпаз ұстаздарының өнерлерін тамашалады.

Ордабасы аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі

Мерекелік іс шара

        Шұғылалы көктемнің алғашқы мерекесі-Халықаралық әйелдер күнін ақ шашты қариядан бастап, жас жеткіншекке дейін асыға күтеді. Бұл күн-отбасының ұйытқысы мен берекесіне айналған аналарымыз бен әпкелеріміз, сұлу да сымбатты қыздарымыздың мерекесі. Осынау айтулы күнге орай 5 наурызда Сауран ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімі мен Сауран аудандық білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіподақ комитеті бірлесіп, Шорнақ ЖОМ-да мерекелік іс-шара өткізді.
        Аудан әкімі Рысбеков Ғани Құрмашұлы аяулы аналар мен қыз-келіншектерге, қызметте жүрген азаматшаларға құттықтауын жеткізіп, елге еңбегі сіңген, бүгінде ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып келе жатқан бірқатар аналарды «Алғыс хатпен» марапаттап, сый-сияпатын жасады. Сонымен қатар, Сауран аудандық мәслихатының аппарат басшысы Сейтханов Махсат Мустапаевич мерекелік құттықтау лебізін білдіріп, бірқатар аналарды мәслихаттың алғыс хатымен марапаттады.
        Отбасы, ошақ қасының тірлігімен шектеліп қана қалмай, еліміздің қоғамдық-саяси өміріне белсене араласып жүрген ұстаздар қауымының құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтіп, әл-ауқатын жақсарту жолында ілкімді істер атқарып жүргенін Сауран аудандық білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіподақ комитетінің төрайымы Рысбекова Фатима Абуталиповна тілге тиек етіп, еселі еңбегімен дараланғандарға құрмет көрсетіп, кеудесіне төсбелгі тақты. “Кәсіподаққа еңбегі сіңген қызметкер” төс белгісімен “Бабайқорған” ЖОМ-нің мұғалімі Утепова Баян Абдаевна, “Қарашық” ЖОМ-ның мұғалімі Ганишева Фарагат Атамурзаевна, “Қызыл әскер” ЖОМ-нан Ахметова Ирсалат Муташевна, Ы.Алтынсарин атындағы ЖОМ-ның мұғалімі Батырова Гүлжанат Абдурамановна, “Шорнақ” ЖОМ-нің директоры Сапорова Гульназ Муратовна, “Сауран” ЖОМ мектеп директоры Қаражанова Гулбағила Баяновна, 13 ЖОМ-нан Алдиярова Алия Муратовна марапатталды.
       Ізгі тілектермен ыстық ықыласқа бөленген білім мен тәрбиенің бастауындағы әріптестеріміз өздеріне көрсетілген қошеметке дән риза болып, ағынан жарылды.
       Сауран аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

«Ана-Нұр-Көктем» салтанатты іс-шарасы

ӘЙЕЛДЕР МЕРЕКЕСІ ҚАРСАҢЫНДА БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДАҒЫ ӘЙЕЛДЕР ҚАУЫМЫ МАРАПАТТАЛДЫ.

2022 жылдың 4 наурыз күні Сарыағаш ауданындағы мәдениет үйінде 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне арналған «Ана-Нұр-Көктем» салтанатты іс-шарасы өткізілді.

Іс-шараға «Аманат» партиясының Сарыағаш аудандық филиалының төрағасының бірінші орынбасары Қ.Қыстаубаев, аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Ә.Тастанбеков, ардагер ұстаздар және мектеп басшылары мен ұстаздары қатысты.

Іс-шара барысында білім саласында қызмет ететін әйелдер қауымы аудан әкімінің, облыстық кәсіподақ комитетінің, аудандық кәсіподақ комитетінің, аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің құрмет грамоталары және алғыс хаттармен марапатталды. Сондай-ақ гүл шоқтары мен бағалы сыйлықтар табысталды. Іс-шара барысында «Шамсинур» би ансамблі мен мәдениет үйінің әншілері өнер көрсетті.

Сондай-ақ концерттік бағдарлама соңында аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімі қызметкерлері мен білім беру ұйымдарының ер басшылары тарапынан «Ана туралы жыр» әні хормен орындалды.

Сарыағаш аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

«8 наурыз – Халықаралық қыз-келіншектер күні» мерекесі

Білім беру мекемелерінде толағай табыстарға кенелген кәсіподақ мүшелері марапатталды. Мақтаарал аудандық кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен 05 наурыз күні бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағалары мен төрайымдарының ұсынысына сәйкес негізгі және жалпы білім беру мекемелерінде, мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде қызмет атқаратын кәсіподақ мүшелерін «8 наурыз – Халықаралық қыз-келіншектер күні» мерекесіне орай марапаттау рәсімі ұйымдастырылып өткізілді.

Мерекелік іс-шараға «Nur Otan» партиясының Мақтаарал аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Д.Асабаев, аудандық маслихаттың депутаты, «Nur Otan» фракциясының жетекшісі М.Әжіқабылов, аудандық әжелер алқасының төрайымы Ш.Құрбанбаева, аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы М.Серікбаев, аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы А.Жолдасов, аудандық ата-аналар комитетінің төрағасы М.Оспанов, аудандық Жастар ресурстық орталығының басшысы, аудандық маслихаттың депутаты С.Кенжебаев қатысып, мерекелік шараға келген барша негізгі және жалпы мектептердің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымдарын, бар ғұмырын ағарту саласына арнаған нәзік жанды ұстаздарды мерекемен құттықтап, ыстық ықыластарын білдірді.

Мерекеге орай ұйымдастырылған шара барысында кәсіподақ мүшелеріне Мақтаарал ауданының әкімі Б.Асановтың, «Nur Otan» партиясының Мақтаарал аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Д.Асабаевтың, аудандық мәслихаттың хатшысы Қ.Сәрсекбаевтың, Жастар ресурстық орталығының басшысы С.Кенжебаевтың және аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімі мен аудандық кәсіподақ комитетінің бірлескен алғыс хаттары табысталды.

Мерекелік шараның соңы концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.

Барша нәзік жанды ұстаздарымызды керемет мерекемен құттықтаймыз!

Мақтаарал аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі

«Ұстаз барысы» жарысы

Сарыағаш ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімі мен аудандық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен 2022 жылдың 04 наурыз күні №70 С.Байғозиев атындағы жалпы орта мектебінің базасында бөлімге қарасты негізгі және жалпы орта мектептердің ұстаздары арасында қазақ күресінен аудандық іріктеу кезеңі «Ұстаз барысы» жарысы ұйымдастырылып өткізілді.

Аудандық жарысқа 70-ке жуық негізгі және жалпы орта, жекеменшік мектептердің ұстаздары қатысты.

Жарыстың қорытындысымен адами әлеуетті дамыту бөлімі мен кәсіподақ комитеті, Сарыағаш ауданының мәдениет,тілдерді дамыту және денешынықтыру бөлімдерінің арнайы алғыс хаттары, бағалы сыйлықтары мен марапатталды.

2022 жылдың 17 наурыз күні Түркістан қаласында өтетін жарысқа жолдама алды.

Жарыстың қорытындысымен:

60 келі салмақ дәрежесінде:

І орын, Ж.Қошқар – ЖШС «Highschool НМ», дене шынықтыру пәнінің мұғалімі;

ІІ-орын, Н.Қалиев – №38 М.Мақатаев жом, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі;

ІІІ орын, У.Унгарбаев – №3 М.Ломоносов жом, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі;

66 келі салмақ дәрежесінде:

І орын, Ж.Алдияров – №70 С.Байғозиев жом, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі;

ІІ орын, А.Азиров – №4 Ю.А.Гагарин, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі;

ІІІ орын, Ә.Мамырхан – №77 жом, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі;

74 келі салмақ дәрежесінде:

І орын, Н.Байжанов – №63 жом, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі;

ІІ орын, Е.Жарқынбеков – №43 Әль-фараби ном, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі;

ІІІ орын, Х.Сманов – №41 Асанов жом, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі;

82 келі салмақ дәрежесінде:

І орын, Н.Әбдімутәліп – №23 Ғ.Мұратбаев, дене шынықтырупәнінің мұғалімі;

ІІ орын, Е.Сатыбалдиев – №4 Ю.Гагарин жом, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі;

ІІІ орын, Ш.Қуланбаев – №67 Тәжібаев жом, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі;

90 келі салмақ дәрежесінде:

І орын, Ж.Айпенов –№69 жом, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі;

ІІ орын, А.Жусипов №22 Елшібек батыр жом дене шынықтыру пәнінің мұғалімі;

ІІІ орын, Н.Абдіразақов –№16 Панфилов жом, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі;

100 келі салмақ дәрежесінде:

І орын, Н.Ибраймов – №4 Ю.Гарарин жом, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі;

ІІ орын, Б.Псуров – №14 Алыбай батыр жом, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі;

ІІІ орын, О.Медеуов – №65 жом, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі;

+ 100 келіден ауыр салмақ дәрежесінде:

І орын, Ю.Құрбани – №63 жом, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі;

ІІ орын, Б.Тасилов – №38 М.Мақатаев жом, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі;

ІІІ орын, А.Жумадилов – №32 Қ.Аманжолов жом, дене шынықтыру пәнінің

Сарыағаш аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

1 58 59 60 61 62 90