28 сәуір – дүниежүзілік еңбекті қорғау күні

 

Созақ ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімі жанынан құрылған кәсіподақ ұйымының қолдауымен 28 сәуір – дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орай Нәзір Төреқұлов атындағы ІТ мектеп- лицей ұжымына  еңбек қорғау және ҚР Еңбек Кодексі аясында түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында дәріс өткізілді. Дәрісті мектептің тарих пәнінің мұғалімі Ордабаев Сәбит Досымбекұлы жүргізді. Сонымен қатар дәріске мектеп мұғалімдерінің кәсіподақ төрағасы Нәбиев Оразәлі Тәтібайұлы мен Созақ аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы комитетінің маманы  Қарауылов Ержан Ауезханұлы қатысып, ұжым мүшелерімен өзара пікір алмасты.

Халықаралық еңбекті қорғау күні- бұл өндірісте қаза болғандарды еске алу күні, жұмыс орындарында өлімнің, жарақаттанудың және аурулардың алдын алу үшін барлығын жасауға дайындық күні. Біздің әрқайсымыз: жұмыс берушілер мен қызметкерлер еңбекті қорғаудың әлсіз мәдениеті барлық өндірістік жұмысқа теріс әсер ететінін түсінуі тиіс.

 

Созақ аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Кезекті мәжіліс

Арыс қалалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы комитетінің ұйымдастыруымен, Арыс қалалық адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты білім беру мекемелерінің  бастауыш кәсіподақ комитеттері төрағаларымен кезекті мәжілісі өтті. Мәжілістегі бірінші мәселе, Арыс қалалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы комитетінің 2021 жылғы жұмыс қорытындысы және 2022 жылғы міндеттері, жұмыс жоспары тақырыбында комитет төрағасы Мухаев Жуматай баяндады. Одан кейін бастауыш кәсіподақ комитеттерінің номенклатуралық іс құжаттары, жалпы бастауыш кәсіподақ комитеттернің жұмысының негізгі бағыттары, кәсіподақ қызметкерлерінің этикасы, еңбек қауіпсіздігі мен еңбек қорғау жөніндегі өндірістік кеңесті құру, келісім комиссияларын құру т.б мәселелерді талқыланды. Бірнеше кәсіподақ комитеттерінің төрағалары сөйлеп өз ойларын ортаға салды. Сонымен бірге, қаржыны тиімді жұмсау, жазғы демалыс мәселелері туралы айтылды.

 

Арыс қалалық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

 

 

Аудандық семинар

Бүгін 2022 жылғы 15 сәуір күні Ордабасы аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы комитеті мен аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің бірлесіп жоспарлаған «Бастауыш кәсіподақ ұйымы-кәсіподақтардың негізі» тақырыбында, Жастар ресурстық орталығының үлкен залында бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағаларының қатысуымен аудандық семинар өткізілді. Семинарға «Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» Қоғамдық бірлестігінің заңгері, бөлім басшысы Ғ.Ақбердиев қатысты.

Семинардың күн тәртібіне сай төмендегі тақырыптар бойынша баяндамалар жасалды.

  1. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 16 наурыз 2022 жылғы «ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН: ЖАҢАРУ МЕН ЖАҢҒЫРУ ЖОЛЫ» атты Қазақстан халқына Жолдауы туралы.

Хабарлама жасаушы: Қ.Төлебаев – комитет төрағасы.

  1. Ордабасы ауданының Адами әлеуетті дамыту бөлімі мен Ордабасы аудандық кәсіподақ комитетінің арасында жасалған екі жақты келісім мен ұжымдық шарттарды түзу және қабылдау жұмыстарының барысы.

Хабарлама жасаушы: Қ.Төлебаев – комитет төрағасы.

  1. «Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» Қоғамдық бірлестігінің «Бастауыш кәсіподақ ұйымы туралы» Ережесі. /№19 ақпараттық бюллетен/

3.1. Бастауыш кәсіподақ ұйымының негізгі қызметтік бағыттары.

3.2. Бастауыш кәсіподақ ұйымының құрылымы мен органдары.

3.3. Бастауыш кәсіподақ ұйымының істер номенклатурасы.

3.4. Бастауыш кәсіподақ ұйымының 2021-2022 оқу жылына арналған жұмыс жоспарының үлгісі.

Хабарлама жасаушы: Э.Алтынбекова – комитет маманы.

  1. «Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» Қоғамдық бірлестігінің «Кәсіподақ мүшелік жарналарының мөлшерін төлеу, бөлу және жұмсау тәртібі туралы» Ережесі.

Хабарлама жасаушы: М.Шураева – комитет бухгалтері.

  1. «Ұжымдағы көңіл-күй – кәсіподақ көшбасшысының ұтымды қызметіне байланысты»

Баяндамашы: Казенова Гүлсім Мизамқызы-

«Ынтымақ» жом БКҰ-ның төрағасы.

  1. «Ұжымдық шарт – кәсіподақ мүшелерінің құқын және көзқарасын қорғаудағы басты құралы»,

Баяндамашы: Тасболат Алтынай Өмірзаққызы-

Ғ.Мұратбаев атындағы жом БКҰ-ның төрағасы.

  1. Еңбек демалыстары.

Хабарлама жасаушы: Ә.Сәдірмек – комитет кеңесшісі.

  1. Түркістан облысы Адами әлеуетті дамыту басқармасы және облыстық кәсіподақ комитетінің бірлескен жоспарына сәйкес өтетін «Үздік әлеуметтік әріптестер» байқауы туралы.

Хабарлама жасаушы: Э.Алтынбекова – комитет маманы

Күн тәртібіндегі баяндамалардан кейін Облыстық кәсіподақ комитетінің заңгері Ғ.Ақбердиев өзінің семинар туралы пікірін білдіріп, аудандағы кәсіподақ комитетінің жұмысы, Облыстағы алдыңғы қатарлы кәсіподақ ұйымдарының бірі ретінде саналатын айтты. Бастауыш кәсіподақ ұйымы төрағаларының арасындағы облыстық байқауда бірінші орын алған М.Исламқұлов атындағы жалпы орта мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Иманбаева Айымды арнайы атап өтті.

Сонымен қатар Ғ.Ақбердиев және баяндамашылар семинарға қатысушылар тарапынан қойылған әр түрлі сұрақтарға жауап берді.

Семинар соңында жасалынған баяндамалар мен айтылған пікірлерді ескере келе аудандық кәсіподақ комитеті бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағаларымен бірлескен шешім қабылдады.

 

Ордабасы аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі

 

Аудандық семинар

Ордабасы аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы комитеті мен аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің бірлесіп ұйымдастыруымен, аудандағы білім беру ұйымдарында еңбек қатынастарын қалыптастыру, жеке еңбек дауларын шешу және алдын алу, жұмыс беруші мен жұмыскерлер арасындағы еңбек қатынастарын реттеу, педагогикалық әдеп ережелерін педагогтердің білуі, сақтауы мақсатында «Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің» және «Келісу комиссиясының» жұмыстарын ұйымдастыру тақырыбында сәуір айының 12-15 аралығында аймақтық әдістемелік оқыту семинарын өткізуді жоспарлаған.

Шұбарсу аумағы бойынша Б.Нұрлыбеков атындағы жалпы орта мектебінде өз жұмысын бастады. Шұбар аумағы бойынша Д.Қонаев атындағы жалпы орта мектебінде өтті. Семинарға білім беру ұйымдарындағы «Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің» және «Келісу комиссиясының» төрағалары мен хатшылары шақырылды.

 

Ордабасы аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі

ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІ ОРТАЛЫҒЫНДА КЕЗДЕСУ

САУРАН АУДАНДЫҚ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ЖЕРГІЛІКТІ КӘСІПОДАҚ КОМИТЕТІ БАСТАУЫШ КӘСІПОДАҚ ТӨРАҒАЛАРЫМЕН “ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІ” ОРТАЛЫҒЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

             Түркістан қаласында 7 сәуір күні Сауран аудандық білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіподақ комитеті бастауыш кәсіподақ төрағаларымен кездесу өткізді. Қызметкерлердің құқықтарын қорғау бастауыш ұйымнан басталатынын нақтылайтын бұл кездесу қазірет қонған қасиетті Түркістан қаласында бой көтерген «Ұлы Дала Елі» орталығында болды.

Қазақ Хандығының құрылғанынан бастап, жаңа дәуір дамуына дейінгі әртүрлі тақырыпты ашатын 9 тарихи – заманауи залдан тұратын орталықты арнайы қызметкерлер таныстырып, қонақтарға түркілердің шығу тарихы, адамзат өркениетін дамытудағы рөлі туралы проекциялық шоу көрсетті.

Жалпы кездесу барысында Сауран аудандық кәсіподақ комитетінің төрайымы Рысбекова Фатима кәсіподақ жұмысындағы негізгі мәселе еңбек адамының құқығын қорғау екенін назарға ала отырып, мұндай кездесулер еңбек ұжымдарында өзекті мәселелерді анықтап, шешімін табуда үлкен рөл атқаратынын атап өтті. Сонымен қатар мекеме мен жұмыскерлер арасындағы еңбек құқықтары мүдделерін қорғау, олардың әлеуметтік мәселелерін талқылайтын бірден-бір келісім түрі ұжымдық шарт болғандықтан, басты мәселе ретінде осы ұжымдық шарттың бағыт-бағдары талқыланды.

Кезекті өзекті мәселе ретінде бастауыш кәсіподақ ұйымдарында істер номенклатурасы құжаттары тізіліп тұруына, статистикалық есептің уақытылы толтырылуына мән беру керектігіне тоқталды. Барынша ауқымды тақырыптар талқыланған бұл кездесуде Бабайқорған ЖОМ-нан Анарбаев Дүйсенбай, Қаражон ЖОМ-нан Аяпов Кендебай, Қарашық ЖОМ-нан Каюмов Жанбаба, Сауран ЖОМ-нан Алибеков Айбек, Молда Мұса атындағы ЖОМ-нан Айтметов Маматраим, Т.Айтжанов атындағы ЖОМ-нан Абуталипов Хурият сөз алып, маңызды тақырыптар төңірегіндегі сұрақтарына жауап алды.

Сонымен қатар Рысбекова Фатима өз сөзінде 28 сәуір – Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орай еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша іс-шаралар өткізу қажет екенін жеткізді.

Кездесу соңы марапаттау миссиясымен жалғасты. Көп жылдық еселі еңбегі мен кәсіподақ қозғалысына қосқан үлесі үшін арнайы марапаттауды табыстады.

 

Сауран аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

 

Наурыз мерекесі

Көктемнің жарқын мерекесі Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мейрамын барша Азия халқы дүбірлетіп атап өткені анық. Жыл өткен сайын Наурыз мейрамы елімізді мекендеген бүкіл халықтың, ұлт пен ұлыстың сағынып күтетін ортақ мерекесіне айналды. Осындай жайма шуақ күнде Сауран ауданы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіподақ комитеті Түркістан қаласындағы “Балғын” бөбекжай-балабақшасында, Сауран ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты Бабайқорған жалпы орта мектебі мен №13 жалпы орта мектебінде, Молда Мұса атындағы жалпы орта мектеп және Т.Айтжанов атындағы жалпы орта мектебінде болып, еңбегі сіңген бірқатар ұстаздарға комитеттің төрайымы Рысбекова Фатима салтанатты жиында сөз алып, көктің тынысын тыңдап, жердің тамырын басқан, тұрмыс-тіршілігін табиғат-Анамен тығыз байланыстырған халқымыз Наурызды жаңару мен жасампаздықтың бастауы, ырыc пен берекенің арқауы деп бағалағанын айтып, тәрбиешілер мен ұстаздарды Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамымен құттықтады. Одан әрі іс-шарада лауазымдық міндеттерін үлгілі әрі адал орындағаны және өз қызметтерін жоғары сапада жүзеге асырып, еліміздің беделін арттыруға үлес қосқаны үшін “Кәсіподаққа еңбегі сіңген” төс белгісін және Түркістан облысының білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы ҚБ Құрмет грамоталары және алғыс хаттарымен марапаттады.

Салтанатты шарадан соң ұстаздарға арнайы өнерпаздар мерекелік концерт ұсынды. Құлақтан кіріп бойды алған әуезді ән, күмбірліген күй жұртшылықты мәз-мейрам етті.

Барлық марапатқа лайық болған ұстаздарға табыс тілеп, еңбектерінің жемісін көріп, жас ұрпаққа үлгі боларлық іс атқарып жүргендеріне ризашылығымызды білдіреміз. Марапаттарыңыз құтты болсын!

 

Сауран аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Кентау қалалық кәсіподақ комитеті

Кентау қаласының білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің төрағасы Садуов Талғат Нұралыұлы Кентау қаласының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты Ы.Алтынсарин атындағы 1 мектеп-гимназиясының, “Қазақстанға 30 жыл” атындағы 3 мектеп-гимназиясының және 15 “Төрткүл-төбе” жалпы орта мектебінің ұжымдарымен кездесіп, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 16 наурыз 2022 жылғы жолдауын талқылап, ақпараттық хабарламалар жасады.

Кентау қалалық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

 

Волейболдан турнир

Сарыағаш аудандық кәсіподақ комитеті мен №61 жалпы орта мектебі әкімшілігі мен бастауыш кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен.

Спорт шебері Иса Әуесхан Жұмабайұлын еске алуға арналған, волейболдан білім қызметкерлері арасында аудандық турнир өткізілді.

Жарыстың ашылу салтанатына Сарығаш аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Ә.Тастанбеков, Сарыағаш аудандық мәслихатының депутаты М.Асилов, ауданның зиялы қауымы, ардагер ұстаздар, бауырлары қатысып, марқұмды еске алып ізгі тілектерін білдірді.

Жарыс өте қызықты тартысты өтті. Турнирдің қорытындысы бойынша 1 ші орынды “Жібек жолы”, 2-ші орынды Тегісшіл, 3-ші орынды “Сарығаш қала” мектептерінің құрама командалары иеленді.

Жеңімпаз командаларға Құрмет грамотасы, Кубок, және қаржылай сыйлықтар табысталды.

Сарыағаш аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Наурыз

Ұлыстын ұлы күні – Наурыз мерекесі құтты болсын!

Наурыз – жыл басы. Бұл мейрам күн мен түннің теңелген мерзімі. Қазақ елі бұл күнді «Ұлыстың ұлы күні» деп атаған. Наурыз  көктемнің ең көркем  айларының бірі. Наурыз айын қазақ халқы ерекше құрметтейді. Ежелден жаңару мен жасампаздықтың, ырыс пен берекенің арқауы болған Наурызбен бірге ызғарлы қыстың орнын шуақты көктем басып, тіршілік қайта түлейді. Халқымыз әрбір жаңа жылдан жақсылық күтіп, келер күнге зор сеніммен қараған. Наурыз – ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, өткен мен бүгінді сабақтастырып келе жатқан халқымыздың тірлігі мен бірлігінің, ырысы мен берекесінің көрінісі, халқымыздың төл мерекесі.

Түркістан қалалық Оқушылар сарайының ұйымдастыруымен «Нурыз- Шашу» атты меркелік іс шарасы өтті. Салтанатты іс шараға Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағының төрағасы Еркінбек Бақыт Сейітжаппарұлы қатысып, барша жиналған қауымға ізгі тілегін білдіріп құттықтады. Жиналған жұрт түрлі сахналық қойылымдар мен өнер иелерінің концертін тамашалап, мерекелік көңіл күйге бөленді.

Іс-шара соңында оқушылар сарайын абаттандыру және көгалдандыру мақсатында «Бір тал кессең он тал ек» ұранның ұстанып тал отырғызу рәсімі өтті.

Наурызда ниет еткен барша тілектеріңіз қабыл болсын. Әрбір шаңыраққа Қыдыр қонып, бақ дарысын! Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!

Түркістан облыстық кәсіподақ ұйымы атқару комитетінің кезекті мәжілісі

Түркістан облыстық кәсіподақ ұйымы атқару комитетінің кезекті мәжілісі өтті.

30 наурыз 2022 жылы «Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ атқару комитетінің кеңейтілген мәжілісі өткізілді.

Атқару комитетінің кеңейтілген мәжілісіне атқару комитетінің мүшелері, аудандық, қалалық кәсіподақ комитеттерінің төрағалары, кәсіподақ активі және облыстық кәсіподақ комитеті аппаратының қызметкерлері қатысты.

Кеңейтілген мәжілісті облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы Б.Еркінбек ашып, жүргізіп отырды.

Күн тәртібінде қаралған мәселелер:

Қазақстан Республикасы Президентінің 16 наурыз 2022 жылғы Қазақстан халқына жолдауын талқылау туралы.

Түркістан облыстық кәсіподақ комитетінің «Кәсіподақ мүшелік жарналарын төлеу, бөлу және жұмсау тәртібі туралы» Ережесі жайлы.

Түркістан облыстық кәсіподақ комитетінің 2022 жылға істер номенклатурасы жайлы.

Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасы және облыстық кәсіподақ комитеті бірлесіп өткізетін «Үздік әлеуметтік әріптестер» байқауы туралы.

Түркістан облыстық кәсіподақ комитетінің 2022 жылға кәсіподақ активін оқыту жөніндегі семинарлар өткізу жоспары туралы.

Аудандық, қалалық кәсіподақ комитеттері бойынша екі жақты келісімдер мен ұжымдық шарттарды түзу және қабылдау жөніндегі жұмыстың барысы жайлы.

Қазақстан Республикасы Президентінің 16 наурыз 2022 жылғы Қазақстан халқына жолдауы бойынша облыстық кәсіподақ комитетінің заңгері Ғ.Ақбердиев хабарлама жасады. Мәжілісте Жолдауда қойылған міндеттердің жүзеге асуына белсенділік танытып, білім беруді дамыту, сапасын арттыру мен қызметкерлердің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту үшін жұмыстар жүргізу бойынша Сарыағаш, Түлкібас, Созақ аудандық кәсіподақ комитеттерінің төрағалары Ә.Тастанбеков, Д.Абишев, М.Қасым және облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы Б.Еркінбек сөз сөйлеп, ұсыныстар айтты.

Түркістан облыстық кәсіподақ комитетінің «Кәсіподақ мүшелік жарналарын төлеу, бөлу және жұмсау тәртібі туралы» Ережесі жайлы облыстық кәсіподақ комитетінің маманы Д.Мухтаров хабарлама жасап, сұрақтарға жауап берді.

Түркістан облыстық кәсіподақ комитетінің 2022 жылға істер номенклатурасы жайлы облыстық кәсіподақ комитетінің маманы Д.Мухтаров хабарлама жасады.

Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасы және облыстық кәсіподақ комитеті бірлесіп өткізетін «Үздік әлеуметтік әріптестер» байқауы туралы облыстық кәсіподақ комитетінің бас маманы Л.Ан хабарлама жасады. Байқаудың Ережесі, оның мақсаты, міндеті және талаптары таныстырылды. Байқауды жоғары деңгейде өткізу бойынша ұсыныстар, пікірлер айтылды.

Түркістан облыстық кәсіподақ комитетінің 2022 жылға кәсіподақ активін оқыту жөніндегі семинарлар өткізу жоспары туралы облыстық кәсіподақ комитетінің бас маманы Л.Ан хабарлама жасады, сұрақтарға жауап берді. Оқу жылының соңына дейін жоспар бойынша кәсіподақ активін оқыту семинарлары өткізілетін болды.

Аудандық, қалалық кәсіподақ комитеттері бойынша екі жақты келісімдер мен ұжымдық шарттарды түзу және қабылдау жөніндегі жұмыстың барысы жайлы облыстық кәсіподақ комитетінің бас маманы Л.Ан хабарлама жасады, сұрақтарға жауап берді.

Күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша қаулылар қабылданды.

Мәжіліс соңында Күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша аудандық, қалалық кәсіподақ комитеттерінің төрағалары ұсыныстар айтып, өзара пікір алмасты.

Аудандық, қалалық кәсіподақ комитеттеріне облыстық кәсіподақ комитеті тарапынан айтылған ұсыныстар бойынша жұмыстар жүргізу тапсырылды.

Атқару комитетінің кеңейтілген мәжілісі жұмысын облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы Б.Еркінбек қорытындылады.

Облыстық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

1 57 58 59 60 61 90