БАСТАУЫШ ҰЙЫМ КӘСІПОДАҚ ТІРЕГІ

БАСТАУЫШ ҰЙЫМ КӘСІПОДАҚ ТІРЕГІ

12 қараша күні «Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы»  Қоғамдық бірлестігінің филиалы- Сауран аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитеті №13 жалпы орта мектебінде комитетке қарасты 42 бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағаларымен жиналыс өткізді.  Жиналысты Сауран аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетнің төрайымы Ф. Рысбекова ашып,  бүгінгі таңда атқарып жатқан және алдағы атқарылатын жұмыс жоспарымен таныстырды. Қазақстан Республикасының Еңбек заңнамасына сәйкес Сауран ауданының «Адами әлеуетті дамыту бөлімі»  мен Сауран аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитеті арасындағы 2021—2023 жылдарға арналған әлеуметтік әріптестік жөніндегі екі жақты КЕЛІСІМ негізінде білім мекемелері ұжымдық шартқа тұру қажеттігі айтылды. Белсенді кәсіподақ төрағалары өз ой пікірлерін,  ұсыныстарын ортаға салып тәжірибе бөлісті,  сұрақтарына жауап алды. Кәсіподақ күші бірлікте,  бірігіп көтерген жүк жеңіл демекші кәсіподақ өз мүшелерінің еңбек құқықтарын қорғауда маңызды рөл атқаруда.  Алдағы уақытта осындай жиналыстар жалғасын табатын болады.

Сауран аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі

«Жас келсе – іске!» атты жас мамандар сайысы

«Жас келсе – іске!»

Мұғалім – тәуелсіз мемлекетіміздің болашағын қалап жатқан маман. Өйткені, ел болашағының кілті – бүгінгі жас ұрпақтың қолында. Жас ұрпақтың тағдыры олардың бойына білім мен ізгілік нұрын себуші – ұстаздардың қолында. Мектеп табалдырығын үлкен үмітпен аттап, қызмет жолын енді бастаған жас мамандар арасында олардың өнері мен зеректігін, актерлік шеберлігін, тапқырлығын сынға салу бойынша Жетісай ауданына қарасты «№17 «Түркістан» жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде  «Жас келсе – іске!» атты жас мамандар сайысы өткізілді. Сайысқа жалпы 12 жас маман «Жас қыран» және «Болашақ» командалары болып қатысты. Өз команда мүшелерінің бойындағы өнерлері мен мамандық бойынша қызметтерін таныстырудан бастаған жас мамандар сайыстың барлық кезеңдеріне белсене қатысып, «Өнерліге өріс кең» кезеңінде бірі әуелетіп ән салса, қалғандары мың бұралған би өнерімен көзге түсті. Еркін тақырып бойынша актерлік шеберліктерімен  сыналған жас мамандар сахнада өздерін еркін ұстауымен қатар өз образдарындағы кейіпкерлер бейнесін  керемет ашып, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. «Білікті маман – Ел тірегі» кезеңінде жас мамандарымыз сабақ барысында кездесетін түрлі педагогикалық жағдаяттарды шешу бойынша тапқырлықтарымен танылды. Сайыстың соңғы кезеңінде «Мамандығым – мақтанышым» тақырыбы бойынша қатысушылар үздік сабақ жоспарын қорғай отырып, сабақтарындағы жаңашылдық мен тиімді әдіс тәсілдерімен бөлісті. «Жас келсе – іске!» атты жас мамандар сайысында әділ-қазылар алқасының төрағасы Жетісай ауданы кәсіподақ комитетінің маманы Сәкен  Нұрлыбайұлы жас мамандар сайысының жоғары деңгейде өткізілгенін айта отырып, осындай жоғары дайындықта өткізілген іс – шараны ұйымдастыруға негіз болған мектеп директоры Қалмұрзаев Орынбасар ағайға, мектептің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Ералиева Айжамал және жас мамандар жетекшісі Турашева Айгүл апайға алғысын білдірді. Сәкен Нұрлыбайұлы жас мамандарға кәсіподақ жұмысы туралы кішкене түсініктеме бере отырып, бүгінгі сайыста алған әсерімен бөлісті. Жас мамандар сайысында ерекше көзге түсіп, белсенділікпен танылған ұстаздарды алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтармен марапаттады.

Мұғалімдер спартакиадасы

Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімі мен аудандық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Түркістан облысы, Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты білім беру ұйымдарының мұғалімдері арасында спорттың үш түрінен Мұғалімдер спартакиадасы ұйымдастырылды. Жалпы спартакиадаға аудандағы білім беру ұйымдарында жұмыс істеп жүрген бірнеше пән мұғалімдері қамтылды. Бекітілген спартакиада ережесіне сәйкес Жетісай қаласы, кент, ауылдық округтерде орналасқан мектептердің мұғалімдері үш кезеңде спорттың үстел теннисі, футзал, волейбол түрлері бойынша сынға түсті. Бір айға созылған Мұғалімдер спартакиадасына 1368 мұғалім қатысты. Спорттың ойын түрлері бойынша балдық жүйемен ұпай жинап спартакиада жеңімпаздары анықталды.

Спартакиада нәтижесінде үстел теннисінен Н. Төреқұлов атындағы №13 жалпы орта мектебінің командасы І орын, І. Есенберлин атындағы №54 жалпы орта мектебі ІІ орын, Д. Қонаев атындағы №9 IT мектеп-лицей командасы ІІІ орынды иеленді. Сонымен қатар үздік өнер көрсетіп ерекше ойынымен “Үздік ойыншы” номинациясымен Қарашев Ерлан, “Үздік ойыншы” атағымен Ануар Жазира, “Өте шапшаң ойыншы” номинациясымен Анықбаева Айман, “Өте икемді ойыншы” атанған Кайпов Полат сынды ұстаздарымыз .көзге түсті. Спорттың футзал түрінен І орынды Т. Рысқұлов атындағы №20 жалпы орта мектебінің ұстаздары жеңіп алды. ІІ орын Ж. Сауірбаева атындағы №16 жалпы орта мектебі, ІІІ орынға Р. Қошқарбаев атындағы №50 жалпы орта мектебінің командасы тұрақталды. “Үздік қорғаушы” номинациясымен Бейсенбаев Қанат, “Үздік шабуылшы” Сәти Бауыржан, “Үздік қақпашы” Уразбаев Ердаулет және ең “Үздік ойыншы” номинациясымен Күнжігітов Әлібек марапатталды. Волейбол ойыны бойынша Д. Қонаев атындағы №9 IT мектеп-лицей командасы І орын, Б. Момышұлы атындағы №6 мектеп-гимназиясы ІІ орын, №65 “Достық” жалпы орта мектебі ІІІ орынды жеңіп алды. Ойын қорытындысында “Үздік шабуылшы” Датқабаев Жанболат, “Үздік доп ұзатушы” Кенжебек Марат, “Үздік қорғаушы” Джанабеков Асхат және спартакиада барысында ерекше көзге түскен ең “Үздік ойыншы” номинациясымен Асабаев Еламан марапатталды.

Мұғалімдер спартакиадасы қорытындысы бойынша спорттың үш түрінен жалпы командалық есепте

І орынмен Д. Қонаев атындағы №9 IT мектеп-лицейінің ұстаздары жеңімпаз атанды.

ІІ орынды Н. Төреқұлов атындағы №13 жалпы орта мектебінің ұстаздары,

ІІІ орынды Т. Рысқұлов атындағы №20 жалпы орта мектебінің мұғалімдері жеңіп алды.

 

ӨНЕРДІҢ ҚОС САРДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ

ӨНЕРДІҢ ҚОС САРДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Бүгінде ел болашағы жастардың сапалы білім мен саналы тәрбие алуында мектеп табалдырығының, ұстаздар қауымының алар орыны ерекше. Оларға мектеп қабырғасында тек білім ғана беріп қоймай, адами қасиеттерді бойларына мықтап сіңіру де басты назарда. Ал, адамзаттың барлық жақсы қасиеттерін жас ұрпақтар бойына сіңіруде, олардың қоғамдық көзқарастарының  дұрыс қалыптасуында эстетикалық тәрбиенің маңызы аса зор.

Эстетикалық тәрбиенің ең басты салаларының бірі – музыка, өнер. Жас ұрпақтарға эстетикалық тәрбие беріп, жеке тұлғаның ақыл-ойы мен дене бітімін жетілдіруде, біліктілігі мен ойлау қабілетін дамытуда, оқушыларды халықтық музыка мен ұлттық өнерге баулуда өзінің елеулі үлесін қосып келе жатқан қарашаңырақ білім ұяларының бірі – Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің «М.Шоқай» атындағы жалпы орта мектебі.

Бүгін, яғни, 4 қараша күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында «М.Шоқай» атындағы жалпы орта мектебінде «Мырзашөл тұлғалары» атты жас ұрпақтың руханиятқа бет бұруына ықпал ететін ғибратты кездесу болып өтті. Кездесуге дәулеткер күйші, сазгер, «Сырдария» университетінің құрметті профессоры, маестро Бөрі Иса мен айтыскер және жазба ақын, бірнеше әндердің авторы, сазгер Мұқтар Құралов арнайы шақырылды. Әдеби-сазды кеште бір тума өнер иелерінің өмір белестері мен еңбек жолдары өнерге қанат қаққан жас жеткіншектерге таныстырылып, Мырзашөл өлкесінің мәдениеті мен өнері туралы естеліктері, толғаныстары кеңінен сөз болды.

Аталмыш мектептің ән-саз пәнінің мұғалімі Гүлмира Айдарованың жетекшілігімен құрылған «Асыл мұра» домбырашылар ансамблі ұлттық өнердің қос сардарының шығармаларын орындап, көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Іс-шараға жиналған ата-аналар мен ұстаздар ұрпақтар сабақтастығының әсерлі керінісіне куә болды.

Кездесу соңында Жетісай ауданы білім саласы қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің қызметкері С.Бейсенов пен аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің әдіскері Б.Кеттебеков ардагерлерге сый-сияпат жасап, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.

«ТОЛАҒАЙ» спорттық-эстафеталық сайысы

«ТОЛАҒАЙ» спорттық-эстафеталық сайысы өткізілді.

 

Мақтаарал аудандық адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты «Қ.Сәтбаев атындағы №6 жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің әкімдігі мен бастауыш кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен, аудандық кәсіподақ комитетінің қолдауымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесіне орай «Отыз жылдыққа отыз игі іс» іс-шарасы мен салауатты өмір салтын берік ұстану мақсатында 04 қараша күні «Қ.Сәтбаев атындағы №6 жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұстаздарының арасында «Толағай» спорттық-эстафеталық сайысы өткізілді.

Мерекелерге орай ұйымдастырылған «Толағай» спорттық-эстафеталық сайысын «Қ.Сәтбаев атындағы №6 жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Қ.Досқараевпен Мақтаарал аудандық кәсіподақ комитетінің маманы Е.Жанисов құттықтау сөздерімен ашып, спорттық-эстафеталық сайысына қатысушы барлық ұстаздарға сәттілік тіледі.

Жарысқа қатысушы ұстаздар топтың аты мен ұранын таныстыру, «Жүйрік паравоз» ойыны, «Кенгуру» сайысы, «Баскетбол торына доп лақтыру», «Допты түсірме» ойыны, «Калькулятор» ойыны, «Мергендер» сайысы және арқан тарту сынды сайыстарда өзара бақ сынып, үздіктерді анықтады.

Жарыстың қорытындысына сәйкес барлық кезеңдерде өзгелерден оқ бойы озық шығып, жоғарғы ұпайларға қол жеткеріп, сайыстың жеңімпазы болған, жүлдегері болған командаларға аудандық кәсіподақ комитеті мен мектеп әкімдігі тарапынан дайындалған мадақтама қағаздары мен бағалы сыйлықтар табысталды.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесіне орай «Отыз жылдыққа отыз игі іс» іс-шарасы мен салауатты өмір салтын берік ұстану мақсатында ұстаздардың арасында «Толағай» спорттық-эстафеталық сайысының өтуіне ұйытқы болған «Қ.Сәтбаев атындағы №6 жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Қ.Досқараевқа, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Л.Султановаға аудандық кәсіподақ комитетінің атынан шынайы алғысымызды білдіреміз.

 

Мақтаарал аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Бокстан турнир

Төлеби аудандық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитеті, аудандық спорт мектебі, №9 Айзере орта мектебі  ұйымдастыруымен  бокстан 2010-2011, 2008-2009 жылы туылған жасөспірімдер арасында бокстан  «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және еңбек ардагері Нұрлыбай Кенжебайұлын еске алуға арналған  І-ші облыстық ашық турнирі болып өтті. Турнирге  Жетісай ауданы, Келес ауданы,  Сайрам ауданы,  Шымкент қаласы, Төлеби ауданынан спортшылар  бақтарын сынады.

Жеңіске жеткен және жүлделі орындарға ие болған спортшыларға мақтау қағазы мен аудандық кәсіподақ комитетінің арнайы сыйлықтары табыс етілді.

Волейболдан турнир

Сарыағаш  аудандық кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен    Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесіне орай іс-шарасы аясында 31 қазан күні 8 аймақтан жиналған беру ұйымдарының мұғалімдері мен қызметкерлері арасында “Салауатты ұлт – салауатты ұрпақ” атты ұранымен спорттың волейбол түрінен аудандық жарыс ұйымдастырылып өткізілді. Женимпаз командалар  кубок, диплом, каржылай сыйлыктармен марапатталды.

Түлкібас ауданы

 

Түлкібас аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитеті 29 қазан күні  аудандық білім беру  мектептерінің  бастауыш кәсіподақ ұйымдары мүшелерін Түркі елінің рухани астанасы  Түркістан қаласына   рухани  жаңғыруымен  және  мәдени туристік  нысандармен  таныстыру мақсатында іс сапарын   ұйымдастырды.

«Таңдаулы мектеп кітапханасы – 2021» байқауы

Төлеби аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімі мен аудандық кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен №7 ІТ мектеп-лицей базасында «Таңдаулы мектеп кітапханасы – 2021» байқауы өткізілді. Байқауға сақтық шараларын сақтай отырып, «Ashyq» қосымшасына тіркелу арқылы аудандық 11 кітапханашы сайысқа түсті.

Жобаның негізгі мақсаты: жалпы аудандағы білім беру ұйымдарының кітапханаларын заманауи дамыту арқылы оқу мәдениетін терең қалыптастыру және кітапхана мамандарының шығармашылық әлеуетін арттыру, дәстүрлі оқуды сақтай отырып, кітап оқу мәдениетін насихаттау, кітапхана мамандарының кәсіби шеберлігін арттыру, рухани шығармашылығын дамыту, өзара тәжірибе алмасу және білім беру кеңістігін әдістемелік қамтамасыз етуді жетілдіру.

Байқаудың 4 кезеңі бойынша Шымыралиева Жаныл, Қыпшақова Айгуль, Дәуен Ақбөпе, Сарбасова Гульбану, Каракулова Алия, Кадирбаева Эльвира, Абліматова Жанар, Аяпбергенова Меруерт, Досалиева Айгуль, Түребаева Бағила атты мектеп кітапханашылары өз іс-тәжірибелерін бөлісе отырып, шығармашылығы мен біліктіліктерін сан қырынан көрсетті.

Жүлделі орындарға және ерекше номинацияларға ие болған кітапханашыларға мақтау қағазы мен аудандық кәсіподақ комитетінің қаржылай сыйлықтары табыс етілді.

Байқауда бас жүлдені жеңіп алған Момынай жалпы орта мектебінің кітапханашысы Шымыралиева Жаныл облыстық байқауға жолдама алды.

 

Өнерлі ұстаз-2021 қалалық байқауы!

Өнерлі ұстаз-2021 қалалық байқауы!

 

Кентау қалалық адами әлеуетті дамыту бөлімі 25 қазан 2021ж күні сағат 10.00-де Кентау оқушылар үйі базасында «Өнерлі ұстаз-2021» байқауының қалалық кезеңін өткізді. Байқауға 16 мектептің ұстазы қатысты. Байқаудың мақсаты:

Ұстаздың тарихи танымдылығын, педагогикалық-психологиялық сауаттылығын, шығармашылық талантын анықтау;

  1. Тәрбие жүйесінде ұстаздардың жаңа технологиялардың дамуы кезеңінде болашақ ұрпақтың тәрбиесі мен білім алуына ерекше көңіл бөлу; жаңартылған білімдегі тәжірибесімен өзара бөлісу;
  2. Ұлттық және жалпыадамзаттық тәжірибені іске асырудың феноменальды құралы ретінде ән шығармашылығын өзектендіру;
  3. 4. Ән шығармашылығының зерделеу және насихаттау арқылы олардың музыкалық –теориялық пәнге деген қызығушылығын арттыру;

№19 Ә.Молдағұлова атындағы мектеп-лицейдің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Купаева

Эльмира бас жүлде иеленіп, облыстық кезеңге жолдама алды. Эльмира апайға сәттілік тілеп, қаламыздың абыройын биіктен көрсетеді деп сенім білдіреміз!

1 62 63 64 65 66 90