«Кел, балалар оқылық» атты байқауы

Кентау қалалық адами әлеуетті дамыту бөлімі әдістемелік кабинетінің жылдық жоспарына сәйкес, 26.10.2021 жылы санитарлық талаптарды сақтай отырып, №16 Ю.Гагарин мектеп-лицей базасында  Ы.Алтынсариннің -180 жылдығына орай, бастауыш сынып мұғалімдері арасында «Кел, балалар оқылық» байқауының қалалық кезеңі болып өтті. Байқауға 17 мектептің ұстазы қатысты.

Байқаудың мақсаты: Қалалық педагогтерінің шығармашылық және кәсіби өсуін ынталандыру, озық тәжірибелерін жинақтау және тарату.

Байқаудың міндеттері:

-педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыру;

-озық тәжірибелерді анықтау және тарату;

-білім беру кеңістігін әдістемелік қамтамасыз етуді жетілдіру.

Байқау 3 кезең бойынша өткізілді.Байқау қорытындысы бойынша бас жүлдеге ие болған №17 Ә.Науаи атындағы жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Байменова Мөлдір жеңіп, облыстық кезеңге жолдама алды.Жүлделі І-орынға №23 Ә.Бөкейханов атындағы жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Молдабаева Құндыз, Жүлделі ІІ-орынды №10жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі -Отарбаева Эльмира, №12 Б.Момышұлы атындағы жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі-Тулебаева Салтанат, №14 Әл-Фараби атындағы мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі – Абилова Роза иеленді. Жүлделі ІІІ-орынға ие болған №1 Ы.Алтынсарин атындағы мсектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі – Сахова Гүлназ, Қарнақ жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі – Буркутбаева Анар, Шаштөбе жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Мухаммадрасулова Шохсанам иеленді. Қатысып, тәжірибе алмасқан өзге мұғалімдер алғыс хатпен марапатталды.

«ӨНЕРЛІ ҰСТАЗ – 2021» аудандық байқауы

«ӨНЕРЛІ ҰСТАЗ – 2021» аудандық байқауы өткізілді.

 

Мақтаарал аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен, аудандық кәсіподақ комитетінің қолдауымен 27 қазан күні егеменді еліміздің бәсекеге қабілетті ұрпағын оқыту мен тәрбиелеуде, өнер мен өмірді сабақтастырып, өрелі білім беріп, ұстаздардың тарихи танымдығын, шығармашылық талантын шыңдау мақсатында «Өнерлі ұстаз – 2021» аудандық байқауы ұйымдастырылып өткізілді.

Байқауға аудандық адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты 50-ге жуық негізгі және жалпы білім беру мекемелерінің ұстаздары қатысып, үш кезең бойынша өзара мықтыны анықтады.

Ұлағатты ұстаздардың арасында өткен байқаудың қорытындысына сәйкес барлық кезеңдерден сүрінбей өтіп, жоғарғы ұпайды қанжығасына байлай отырып, сайыстың бас жүлдесін Абылайхан атындағы жалпы орта мектебінің ұстазы – А.Пердеханова иеленді. Жүлделі І орын иегері «Мырзакент» мектеп гимназиясының ұстазы – А.Ықылас иеленді. Жүлделі ІІ орынды «Нұрлы жол» жалпы орта мектебінің ұстазы – А.Тәжібаев пен А.Пушкин атындағы жалпы орта мектебінің ұстазы – Р.Серғазы иеленді. Жүлделі ІІІ орынды №41 жалпы орта мектебінің ұстазы К.Жолдасова, Т.Әубәкіров жалпы орта мектебінің ұстазы – А.Ташимова мен Қажымұқан жалпы орта мектебінің ұстазы – Н.Ачилова иеленді.

Сонымен қатар «Талантты ұстаз» номинациясымен М.Өтемісұлы жалпы орта мектебінің ұстазы – Ж.Стамқұл, «Жаңашыл ұстаз» номинациясымен «Болашақ» жалпы орта мектебінің ұстазы – М.Тұрсынбекова, «Шығармашыл ұстаз» номинациясымен Қ.Үкібаев жалпы орта мектебінің ұстазы – Ж.Байменова, «Көрермен көзайымы» номинациясымен С.Рахымов жалпы орта мектебінің ұстазы – П.Аширханова, «Ізденімпаз ұстаз» номинациясымен «Шұғыла» жалпы орта мектебінің ұстазы – Ж.Бейбитова марапатталды.

«Өнерлі ұстаз – 2021» байқауында бағы мен бабы қатар шауып, жеңістің биік тұғырынан көрінген ұстаздарымызға Мақтаарал аудандық кәсіподақ комитетінің алғыс хаттары мен бағалы сыйлықтары табысталды.

Аудан көлемінде өткен «Өнерлі ұстаз – 2021» байқауына қатысқан барша білім беру саласының үздіктеріне, ұлағатты ұстаздарымызға толағай табыстар тілейміз.

Еңбектеріңіз жемісті болсын!

 

Мақтаарал аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

«Өнерлі ұстаз-2021» өнер байқауы

            Төлеби аудандық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитеті мәлімдейді. Аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімі мен білім беру қызметкерлерінің кәсіподақ комитеті жалпы орта білім беру жүйесіндегі тәрбиенің кешенді бағдарламасын насихаттау, ұлттық және жалпы адамзаттық тәжірибені іске асырудың феноменальды құралы ретінде ән шығармашылығын өзектендіру, өнер шығармашылығын зерделеу және насихаттау, ұстаздардың рухани шығармашылығын дамыту және өзара тәжірибе алмасу мақсатында мектеп ұстаздары арасында сақтық шараларын сақтай отырып, «Ashyq» қосымшасына тіркелу арқылы 22 қазан күні «Өнерлі ұстаз-2021» өнер байқауы 18 мұғалімнің қатысуымен Жаңаұйым жалпы орта мектеп базасында өткізілді.

Байқауға қатысушылардың арасынан №4 Қ.Сәтбаев ат., №2 Ш.Уәлиханов ат., Әңгірата, №6, Қайнар, М.Х.Дулати ат., Б.Түлкиев ат., М.Әуезов ат., №16 Ш.Уәлиханов ат., №9 Айзере, Қ.Тыныбеков ат., Нысанбек, №7 ІТ мектеп-лицей мұғалімдері оқ бойы озып шығып, өз өнерлерін сан қырынан көрсетті.

Байқауда Бас жүлдені жеңіп алған №4 Қ.Сәтбаев атындағы жалпы орта мектебінің мұғалімі Бейсебаев Бекжан Болатұлы облысқа жолдама алды.

Жүлделі орындарға ие болған мұғалімдерге мақтау қағазы мен кәсіподақ комитетінің қаржылай сыйлықтары табыс етілді.

«Кел, балалар, оқылық» байқауы

            Төлеби аудандық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитеті мәлімдейді. Ағартушы – ұстаз Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдық мерейтойына орай аудандағы бастауыш сынып мұғалімдері арасында «Кел, балалар, оқылық» байқауының аудандық кезеңі «Ashуq» қосымшасына тіркелу арқылы өткізілді.

Байқауды өткізудегі мақсат – аудан педагогтерінің шығармашылық және кәсіби өсуін ынталандыру, озық тәжірибелерін жинақтап, тарату. Байқауда ұстаздар аса көрнекті ағартушы, ақын, жазушы, этнограф, фольклоршы және қоғам қайраткері Ы.Алтынсарин өлеңдері мен әңгімелерін жатқа айтып, шығармалары бойынша зерделеу жобасын қорғады.

Қорытындысы бойынша жүлделі орын алып, жеңімпаз болған ұстаздарға аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімі мен аудандық кәсіподақ комитетінің мақтау қағаздары мен сыйлықтар табыс етілді. Аудан намысын облыста қорғайтын ұстазымыз Қ.Байболов атындағы жалпы орта мектебінің мұғалімі Күнпейсова Мерекеге сәттілік тілейміз.

 

 

Тәуелсіздік мерекесіне арналған облыстық спартакиада

Тәуелсіздік мерекесіне арналған облыстық іс-шара өткізілді.

«Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» Қоғамдық бірлестігі Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай атқарылатын жұмыстар жоспарын қабылдап, іске асыру жөнінде көптеген іс-шаралар өткізіп келеді. Сондай іс-шараның  бірі – 22 қазан күні Түркістан қаласында өткен облыс мұғалімдерінің спартакиадасы.  Бұл жарыс бірлескен қаулы және әлеуметтік әріптестік негізінде Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасымен бірлесіп өткізілді. Облыстық спорт сайысы волейбол, кіші футбол және үстел теннисі түрлерінен өтті.

Облыстық спартакиаданы облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы Б.Еркінбек және облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының әдістемелік орталығының директоры Б.Төлімбет ашып,  жарысқа қатысушыларға құттықтау айтып,  табыс тіледі.

Облыстық спорт жарысына облыс бойынша 4 аймақта өткен іріктеу ойындарының жеңімпаздары қатысты. Облыстық спорт сайысы қызықты әрі тартысты өтіп, жеңімпаздар анықталды. Жеңімпаз болған және жүлделі орын алған командаларға  Кубоктар мен Дипломдар,  ойыншыларға медальдар және ақшалай сыйақы тапсырылды. Волейбол және кіші футбол жарысы бойынша бірінші орын алған командаға 200 мың теңге, екінші орын үшін 150 мың, үшінші орын алған екі командаға 100 мыңнан, үстел теннисі бойынша тиісінше – 70, 50 және 30 мыңнан сыйақы берілді.

Спорттың волейбол түрінен – бірінші орынды Түркістан қаласы, екінші орынды Түлкібас ауданы  иеленсе, үшінші орынды алғандар –       Сарыағаш, Бәйдібек аудандары.

Кіші футбол бойынша – бірінші орын Түркістан қаласы, екінші орын Сайрам ауданы, үшінші орын алғандар –  Бәйдібек, Жетісай аудандары.

Үстел теннисінен – бірінші орын Кентау қаласы     , екінші орын Түлкібас ауданы, үшінші орын алғандар – Келес, Отырар аудандары.

Облыстық жарысқа қатысушылар жарысты ұйымдастырушылар – облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Р.Жолаевқа, облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы Б.Еркінбекке жылы лебіздерін білдіріп, алғыстарын айтты.

 

Облыстық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

«КЕШЕГІ ШӘКІРТ, БҮГІНГІ ҰСТАЗ» байқауы

 

«КЕШЕГІ ШӘКІРТ, БҮГІНГІ ҰСТАЗ» байқауы ұйымдастырылып өткізілді.

Мақтаарал ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты N1 “Мырзакент” мектеп- гимназиясының әкімдігі мен бастауыш кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен “Кешегі шәкірт, бүгінгі ұстаз” тақырыбымен жас мамандар арасында байқау өткізілді.

Байқауға N1″Мырзакент” мектеп- гимназиясының 7 жас маманы қатысып, өзара мықтыны анықтады.

Байқаудың басты мақсаты – білім саласында қызмет атқаратын жас мамандардың әлеуетін дамыту, олардың жаңа білім мен технологияларды меңгеруге тарту және заманау білімді жан- жақты қалыптастыру. Жас ұстаздардың біліктілігін жан – жақты өз кәсібінің шебері екендігін сынау арқылы оларды іскерлікке, мәдениеттілікке, өз кәсібіне үлкен жауапкершілікпен қарауға бар күш жігерін жұмсауға баулу.

Байқаудың қорытындысына сәйкес сайысқа қатысқан жас мамандардың арасынан жоғарығы ұпайды қанжығасына байлап, бас жүлдені математика пәнінің мұғалімі – Аман Гүлнұр иеленсе, жүлделі бірінші орынды ағылшын тілі пәнінің мұғалімі – Ықылас Айнур, екінші орынды қосымша білім беру педагогы – Сүйітов Еділ, үшінші орынды орыс тілі пәнінің мұғалімі – Назар Айнұр иеленді.

Сонымен қатар жас мамандар қосымша тағайындалған «Зерек ұстаз», «Көрермен көзайымы», «Өнерлі ұстаз», «Білгір ұстаз» номинациялармен де марапатталды.

“Кешегі шәкірт, бүгінгі ұстаз” тақырыбымен жас мамандар арасында байқаудың өтуіне ұйытқы бола білген N1 “Мырзакент” мектеп- гимназиясының директоры А.Ниязбеков пен бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы М.Айткуловаға және N1 “Мырзакент” мектеп- гимназиясының барша ұжымына аудандық кәсіподақ комитетінің атынан алғысымызды білдіреміз.  Еңбектеріңіз жемісті болсын!

 

Мақтаарал аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі

Мерекелік іс-шара

10 қазан Қазақстан кәсіподақтары күні мерекесіне орай Ордабасы аудандық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитеті аудандық мәдениет үйінде мерекелік іс-шара өткізді. Іс-шараға Түркістан облыстық кәсіподақ комитетінің заңгері Ғ.Ақбердиев, аудан әкімінің орынбасары А.Оралбаев, аудандық мәслихат депутаты – мәслихат хатшысының міндетін уақытша атқарушы Б.Бекбосынов, NUR OTAN партиясы Ордабасы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ә.Бердімұратов және аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің заңгері М.Молдабаевтар қатысып, жиынға келгендерді мерекемен құттықтады. Мерекелік іс-шараға ардагер ұстаздар, кәсіподақ комитетінің бұрынғы төрағалары З.Маханова, Ғ.Текеева қатысты. Іс-шара барысында бірқатар ұстаздарға Білім министрінің алғыс хаты, Түркістан облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасы мен Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағының бірлескен құрмет грамоталары, Түркістан облысы кәсіподақ комитетнің «Кәсіподаққа еңбегі сіңген қызметкер» төс белгілері мен құрмет грамоталары, аудан әкімі мен аудандық мәслихаттың және NUR OTAN партиясының алғыс хаттары мен бағалы сыйлықтар тапсырылды. Мерекелік іс-шарада аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Қ.Төлебаев мерекеге қатысқандарды құттықтап, дәстүрлі «Әріптес туралы сыр» байқауының жеңімпаздарына дипломдар мен сыйақылар берді.

«Төлеби ауданының мектептері» атты кітаптың тұсаукесері

 

Төлеби аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімі және аудандық кәсіподақ комитеті  ұйымдастыруымен «Қарттар күні» мерекесіне орай ардагер ұстаздарымызды ұлықтап, мерекесімен құттықтадық. Қарттарымыздың ғұмыр бойы істеген ерен еңбектері мен мемлекетіміздің дамуына қосқан зор үлестерін жоғары бағалап, оларға сый-құрмет көрсетілді. Сонымен қатар Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай аудандық кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай жарық көрген «Төлеби ауданының мектептері» атты кітаптың тұсаукесері өтті. Атаулы іс шараға аудан әкімінің орынбасары, кітаптағы мақалалар мен анықтамалық жазбаларды жүйелеп жазушы редакторы және ауданның білім беру саласының ардагерлері қатысып, Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай аудан мектептерінің тарихы, пайда болу кезеңдері, мектепті басқарған азаматтары жазылған кітаптың тұсауын кесіп, тарихи-танымдық жинақты қалың оқырман қауымға ұсынды.

Тұсаукесерге қатысушылар бұл кітаптың  жарық көруі аудан тарихында елеулі оқиға болғанын атап өтті және жинаққа сәтті сапар тіледі. Іс шара соңында барлық қатысушыларға «Төлеби ауданының мектептері» атты кітапты сыйға бердік.

Аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі

                      

                                     

 

«Ұстаздық – ұлық емес, ұлы есім!» атты мерекелік іс-шара

Төлеби аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімі және аудандық кәсіподақ комитеті  ұйымдастыруымен «Мұғалімдер күні» мерекесіне орай «Ұстаздық – ұлық емес, ұлы есім!» атты аудандық мәдениет үйінде ұстаздардың төл мерекесіне арнап, мерекелік іс-шарасын өткізді.

Мерекелік іс-шараға ауданның үздік мұғалімдері және кәсіподақ төрағалары шақырылып, сыйлықтар табысталды. Салтанатты іс шарада аудан әкімі орынбасары алғашқы болып құттықтау сөзін айтып, ұстаздарды мадақтама грамоталарымен марапаттады. Аудандық білім бөлімі басшысы және кәсіподақ комитеті төрағасы оқу жылында жетістіктерге қол жеткізген, білім саласына өз үлесін қосқан, шәкірттері республикалық, облыстық байқаулардан, ғылыми жобалардан жүлделі орын иеленген ұстаздарды, сонымен қатар кәсіподақ комитетіне өз үлесін қосқан ұстаздарды марапаттады. Төлеби ауданы кәсіподақ комитеті төрағасы Р.Сайлауұлы құттықтау сөзін айтып, Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы марапаттарын табыстады.  Мерекелік іс-шара концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.

Аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі

ҰСТАЗДАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

ҰСТАЗДАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

 

Бүгін аудандық мәдениет үйінде ұстаздар күніне арналған мерекелік іс-шара өтті. Мерекелік жиынға аудан әкімі М.Отаршиев, аудан әкімінің орынбасары Н.Талипов, аудандық «Nur Otan» партиясы Сарыағаш аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қ.Қыстаубаев, аудандық мәслихат депутаты М.Асилов, аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төрағасы Ә.Тастанбеков, мектепке дейінгі және орта білім беру мекемелерінің басшылары, ардагер ұстаздар мен ұлағатты ұстаздары қатысты.

Мерекелік жиында ауданның адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысының міндетін атқарушы Даулет Анасұлы өз сөзінде: «Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Мұғалімдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мереке шын мәнінде барша халыққа ортақ. Адам баласы қай заманнан бері жаңаны үйреніп, ғылымды игеріп, білімді тоқумен келеді. Қай кезеңде болмасын тәлім мен тәрбие беру – ең ұлы мұрат. Бұл орайда оқушы зердесіне осынау асылды дарытушы, білімнің бағдары, ұрпақтың бағбаны, ол ең алдымен – мұғалім. Жаңа дәуір талабына сай озық тұрған ұстаздың ғана шәкірт алдында беделі биік. Бүгінде сала мамандары педагогикалық дәстүрлерді сақтай отырып, заманауи әдістерді, инновациялық әзірленімдерді оқыту процесіне ұтымды енгізуде. Атқарылған жұмыстың сапасын оқушыларымыздың жеткен жетістіктерінен, мұғалімдердің кәсіби біліктілігінен көреміз. Ауданда 80 білім беру және 16 мемлекеттік мекетепке дейінгі мекемелерде 7000-ғе жуық мұғалім 60 мың оқушыны тәрбиелеп, білім беруде.Тиісінше соңғы жылдары педагогтарға мемлекет тарапынан үлкен қолдау көрсетіліп келеді. Елімізде “Педагог мәртебесі туралы” Заң қабылданды. Білім мен ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған бағдарламасы бекітілді. Нәтижесінде педагогтар мен оларға теңестірілген қызметкерлердің еңбекақысы өсуде.Биылғы Жолдауында да Президент мұғалімдерді қолдау саясаты жалғасатынын жеткізді. Бұл шаралар ұстаздардың қоғамдағы ролін арттыруға үлкен серпін беретіні анық. Аяулы ұстаздар, бүгінгідей ұлық мерекеде өскелең ұрпақты оқыту және тәрбиелеу ісіндегі еңбектеріңізге табыс, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға құт-береке тілеймін! Дана халқымыз «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға»дейді. Ендеше, кәсіби шеберлікті шыңдау жолындағы ұмтылыстарыңыз ешқашан сарқылмасын!»,–деп ізгі ниетін білдірді.

Сондай-ақ, аудан әкімі М.Отаршиев ұстаздарды төл мерекесімен құттықтай отырып, ұстаздарды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Алғыс хаты» және аудан әкімінің «Құрмет грамотасымен» марапаттады.

Мерекелік жиын барысында аудандық мәслихат депутаты М.Асилов, «Nur Otan» партиясы Сарыағаш ауданы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қ.Қыстаубаев, аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төрағасы Ә.Тастанбеков және ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімі басшысының міндетін атқарушысы Д.Акатов облыстық және аудандық деңгейдегі алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтарды табыстап, сый-құрмет көрсетті.

Мерекелік жиын соңында өнерпаздар ұстаздарға арнайы ән шашу мен мерекелік көңіл-күй сыйлады.

1 63 64 65 66 67 90