Мүғалімдер күні мерекесі

Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері Түркістан облыстық комитетінің айлық іс-шара жоспарына сәйкес, Ағымдағы жылдың 5 қазанында аудандық Жандарбеков атындағы мәдениет сарайында, Сайрам аудандық  білім бөлімі және аудандық кәсіподақ комитеті ұйымдастыруымен «Мұғалімдер күніне»  орай мерекелік іс-шарасын өткізді. Жергілікті баспасөз құралдарында құттықтаулар, озат мұғалімдер туралы  мақалалар жарияланды.

Мерекелік іс-шараға  білім беру ұйымдарының басшылары, кәсіподақ ұйымының төрағалары,  озат мұғалімдер, еңбек ардагерлері, БАҚ құралдарының  өкілдері қатысты. Сайрам ауданың әкімі, аудан мәслихатының хатшысы, білім беру бөлімінің басшысы, аудандық кәсіподақ комитетінің төрайымы  озат мұғалімдерді мерекелерімен құттықтап Құрмет грамоталары мен сыйлықтар тапсырылды. Сонымен бірге қатар шақырылған зейнеткерлерге  сыйлықтар берілді. Ұстаздар құрметіне концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

Мүғалімдер күні мерекесі Мүғалімдер күні мерекесі Мүғалімдер күні мерекесі

«Мұғалімдер күні» мерекесі

Түлкібас аудандық кәсіподақ комитеті,  аудандық білім бөлімімен  бірлескен «Мұғалімдер күні» мерекесі өткізілді. Мерекеге аудан  әкімі қатысып ұстаздарды мерейлі мерекесімен құттықтап, жас мұғалімдерден ант қабылдап қызметтерінің табысты  болуына тілек білдірді. Қатысушыларға Абайдын қара сөздер жинағының кітапшасы сыйға берілді. Мерекелік іс-шараға  255  кәсіподақ мүшелері қатысты. Аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Абишев Дәулен мырза ұстаздарды құттықтап облыстық кәсіподақ комитетінің «Кәсіподаққа еңбегі сіңген қызметкер» белгісі және Құрмет грамоталарымен,  арнайы сыйлықтармен марапаттады. Мереке соңында ұстаздарға арналған концерттік бағдарлама ұйымдастырылып қатысушыларға  көтерінкі  көңіл күй сыйлады.

«Мұғалімдер күні» мерекесі «Мұғалімдер күні» мерекесі «Мұғалімдер күні» мерекесі «Мұғалімдер күні» мерекесі «Мұғалімдер күні» мерекесі «Мұғалімдер күні» мерекесі «Мұғалімдер күні» мерекесі

Қалдырған ізің мәңгілік

Сарыағаш аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподак комитеті мен аудандық білім бөлімі бірлесе отырып “Қалдырған ізің мәңгілік” такырыбында  мұғалімдер күні мерекесі аталып өтілді. Мерекелік кеште аудан әкімнін, облыстык кәсіподак комитетінің “Кәсіподаққа сіңірген еңбегі үшін” төсбелгісімен, аудандық кәсіподақ комитеті, аудандық білім бөлімінің Құрмет грамоталарымен, Алгыс хаттарымен  марапатталды. Концерттік бағдарламасымен жалғасып мұғалімдер көтерінкі көңіл күймен кайтты.

Қалдырған ізің мәңгілік Қалдырған ізің мәңгілік Қалдырған ізің мәңгілік Қалдырған ізің мәңгілік Қалдырған ізің мәңгілік Қалдырған ізің мәңгілік Қалдырған ізің мәңгілік

«Ұстаз аты – биік, әрі мәңгілік»

Төлеби ауданында ағымдағы жылдың 3 қазан күні «Мұғалімдер күні» және «Кәсіподақтар күні» мерекесі аудан көлемінде, білім бөлімімен бірлесе отырып өткізілді. «Ұстаз аты – биік, әрі мәңгілік» атты мерекелік іс-шараға ауданның озат мұғалімдерімен ардагер 200 ұстаз және кәсіподақ төрағалары  шақырылып, сыйлықтар табысталды. Салтанатты іс шарада аудан әкімі алғашқы болып құттықтау сөзін айтып, ұстаздарды мадақтама грамоталарымен марапаттады. Аудандық білім бөлімі басшысы және кәсіподақ комитеті төрағасы оқу жылында жетістіктерге қол жеткізген, білім саласына өз үлесін қосқан, шәкірттері республикалық, облыстық байқаулардан, ғылыми жобалардан жүлделі орын иеленген  ұстаздарды, сонымен қатар кәсіподақ комитетіне өз үлесін қосқан ұстаздарды марапаттады.  Мерекелік іс-шара концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.

«Ұстаз аты - биік, әрі мәңгілік» «Ұстаз аты - биік, әрі мәңгілік» «Ұстаз аты - биік, әрі мәңгілік» «Ұстаз аты - биік, әрі мәңгілік» «Ұстаз аты - биік, әрі мәңгілік»

ҰСТАЗЫМ МЕНІҢ, ҰСТАЗЫМ…

Бүгін ұстаздар қауымы ұлықталған күн болды. Кәсіби мереке күні қала басшыларының жылы лебізін тыңдап, еңбегінің жемісі ретінде сый-сияпаттарға ие болды.

Жалпы қоңыр күз ұстаздар қауымына мол қуаныш ала келетiндiгi шындық. Күздiң алғашқы күнi «Бiлiм күнi» аталып өтiлiп, ұстаздар мектеп қабырғасында ұзақ үзiлiстен кейiн шәкiрттерiмен қайта қауышады. Ал, қазан айының алғашқы аптасы ағарту саласының қызметкерлерiне арналғандай. Бұл уақытта барлық мамандық иелерi өз ұстаздарын еске алып, оларға жылы сөздерiн арнауға, бiр шоқ гүлдерiн ұсынып, шәкiртiнiң үлкен өмiрге лайықты қадам басуы үшiн аянбай еңбек еткен ұстаздарына алғыс айтуға асығады. 25 жылдан берi аталып өтiлiп жатқан “Мұғалiмдер күнi” мерекесi қарсаңында қала басшылары яғни қала әкімі Р.Аюпов, қалалық мәслихат хатшысы Ғ.Сәрсенбаевтар да түркістандық ұстаздар қауымына шынайы ықыластарын жеткiздi.

Қалалық мәдениет үйіне жиналған ұстаздарға педагогтардың өмірінен сыр шертетін бейнефильм ұсынылып, аға буын ағартушылардың лебіздері де осы фильмнен орын алды. Өңір басшысы Рашид Абатұлы ұстаздарға құрмет толастамайтындығын айта отырып, олардың жұмыстарын жеңілдету мақсатында жасалынып жатқан жаңалықтарды тілге тиек етті. Өз сөзі барысында қызметтің ең ауыры да, ең қошеметтісі де мұғалім мамандығы екендігін аңғартқан қала әкімі бірқатар ұстаздарға қала әкімі мен облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының «Құрмет грамоталарын» табыс етті. Ал, қалалық мәслихат хатшысы Ғаппар Амантайұлы да барлық жылы лебіздері мен шынайы тілектерін педагог қауымына жолдап, ең үздік педагогтарға ұсынылатын «Ы.Алтынсарин» төсбелгісін қос ұстазға табыс етті. Сонымен қатар, бірқатар ұстаздар халық қалаулысының қолынан Білім және ғылым министрлігінің «Алғыс хаттары» мен «Құрмет грамоталарын» қабылдап алды.

Өнерпаз жас өрендер ән мен биден шашу шашқан мерекелік шара шынайы жоғары көңіл-күй сыйлап, мерекенің мәнісін ұғынуға жағдай жасады. Ұстаздардың әнұранына айналған «Ұстазым» әні орындалып, шәкірт баулыған жандарға құрмет көрсетілді.

ҰСТАЗЫМ МЕНІҢ, ҰСТАЗЫМ... ҰСТАЗЫМ МЕНІҢ, ҰСТАЗЫМ... ҰСТАЗЫМ МЕНІҢ, ҰСТАЗЫМ... ҰСТАЗЫМ МЕНІҢ, ҰСТАЗЫМ... ҰСТАЗЫМ МЕНІҢ, ҰСТАЗЫМ... ҰСТАЗЫМ МЕНІҢ, ҰСТАЗЫМ... ҰСТАЗЫМ МЕНІҢ, ҰСТАЗЫМ...

Ұстаздар күні мерекесі

Бүгін, 4 қазан күні  Түркістан қаласында Түркістан облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасы мен Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Түркістан облыстық ұйымының ұйымдастыруымен «Ұстаздар күні» мен «Кәсіподақтар күні» мерекесі аталып өтті. Іс-шараға облыстағы  ардагер  ұстаздар, озат және үздік мұғалімдер, мектептер директорлары мен облыстың кәсіподақ активі қатысты. Ұстаздар мен кәсіподақ активін құттықтауға  Түркістан облысының әкімі Шөкеев Өмірзақ Естайұлы қатысып, ұстаздарды атаулы мерекемен құттықтап, озат мұғалімдерді облыс әкімінің «Құрмет грамотасы» және «Алғыс хатымен» марапаттады. Сонымен қатар, үздік педагогтарға облыстық маслихаттың «Алғыс хаттары» тапсырылды.

Мерекеге шақырылған 200 ардагер ұстаздарға арнайы сый-сияпаттар табысталды.

«Нұр Отан» партиясы Түркістан облыстық филиалының «Құрмет грамоталарымен» білім саласында жұмыс істейтін кәсіподақ активі марапатталды.

Түркістан облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Р.Қ.Жолаев және  Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Түркістан облыстық ұйымының төрағасы Б.С.Еркінбек бірқатар ұстаздарды «Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағына сіңірген еңбегі үшін» белгісімен, облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасы және облыстық кәсіподақ комитетінің бірлескен «Құрмет грамоталарын» тапсырды.

Елбасының 2019 жылды «Жастар жылы» деп жариялауына байланысты, облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасы және облыстық кәсіподақ комитеті бірлесіп өткізген «Үздік жас мұғалім» байқауының қорытындысы бойынша жеңімпаз деп танылған пәндер бойынша 12 жас үздік мұғалімдерге дипломдар мен бағалы сыйлықтарды Р. Жолаев пен Б.Еркінбек табыстады.

Салтанатты жиын барысында жас бүлдіршіндер мен облыстың саз мектептері мұғалімдерінің концерттік нөмірлері орындалып отырды.

Салтанатты жиын соңында, хордың орындауындағы мұғалімдер гимні болып саналатын «Ұстазым менің» әнін жиынға қатысушылар орындарынан тұрып, меркелік көңілмен қосыла шырқады.

Ұстаздар күні мерекесі Ұстаздар күні мерекесі Ұстаздар күні мерекесі Ұстаздар күні мерекесі Ұстаздар күні мерекесі Ұстаздар күні мерекесі Ұстаздар күні мерекесі

Төл мерекелер кәсіподақтың назарында

Аға ұрпақтың өнегесі, жұмысшының еңбегі, ұстаздардың әлеуметтік құқықтық қорғалуы – кәсіподақтың назарында

Үкіметтің 2019 жылғы 22 мамырындағы №303 қаулысы нормативтік – құқықтық актлердің ақпараттық – құқықтық жүйесінде «10 – қазан Қазақстан кәсіподақтары күні» деп жарияланды. Осы орайда №24 жалпы орта мектебінде орналасқан Түркістан қалалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің «Оқу әдістемелік орталығында» салтанатты жиын өтті.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2013 жылғы 22 қарашадағы №698 Жарлығымен Қазақстанда «Еңбек күні» мерекесі және «Қарттар күні» белгіленді, ол қыркүйек айының соңғы жексенбісінде аталып өтіледі. Барлық мерекелердің тұстас келуіне байланысты «Кәсіподақтар күні», «Еңбек күні», «Қарттар күні» бірге аталып өтілді.

Мемлекет Басшысының Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамын құру туралы идеяларының шеңберінде өнімді еңбекке ынталандыру, жастар арасында жұмысшы кәсіптерін насихаттау, үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету ата – бабадан келе жатқан салтымыз. Кәсіподақ комитетінің тыныс – тіршілігін баяндайтын бейнероликпен салтанатты жиынымыз ашылды. Дәстүрімізді жалғап аға ұрпақты құрметтеу, еңбекті насихаттау мақсатында өтілген салтанатты жиын жас ұрпақтардың арнауымен басталды. Шәкірттеріне білім мен тәрбиені қатар берген аға ұрпақ жиынның қадірлі қонақтары болды.

Жиынға білім саласында көп жылдар қызмет етіп, жас ұрпақтың білім санасын ашқан, тәрбие мен тәлімді қатар берген, ардақты ұстаздарымыз қатысты. Ұстаздардың ұстазы атанған, білім саласын көп жыл басқарған Зияидинова Гүлсара Зиядинқызы, білім бөлімінде көп жыл қызмет атқарған Гүлдана Жакипова, Мария Кенжебаева, Гулбарам Малбаева, мектеп басшысы қызметін атқарған аналардың анасы Роза Шарафиева, еңбегінің барлық бөлігін балаларға арнап ұстаздық қызмет атқарған Роза Жабашова, Сапаркүл Орынбаева, Клара Құдіретова, Галина Тамара Михайловна, Никитина Марина Владимировна, Осар Нигматуллаев сынды ардагер ұстаздарымыз ортамызда болды. Оларға  «Құрмет гүлі» ұсынылды. Заттай сыйлықтармен марапатталды

«Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Түркістан облыстық ұйымы» Қоғамдық бірлестігінің төрағасы орынбасары Абуов Ахмет Шамуратұлы ұстаздарды құттықтап, «Қазақстандық салалық білім және ғылым  қызметкерлері кәсіптік одағының Түркістан облыстық ұйымы» Қоғамдық бірлестігінің «Кәсіподаққа еңбегі сіңген қызметкер» төс белгісімен Хамза атындағы       №2 жалпы орта мектебінің өзбек тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Убайдуллаев Хусан,  «Қазақстандық салалық білім және ғылым  қызметкерлері кәсіптік одағының Түркістан облыстық ұйымы» Қоғамдық бірлестігінің «Құрмет грамотасымен» «Балбөбек» балабақшасының меңгерушісі Оразбекова Алма Зулпыхаровна  және «Ақ желкен» санаторлық балабақшасының тәрбиешісі Байзақова Лаура Мейрамбекқызы марапаттады.

Жиын барысында Түркістан қалалық білім бөлімінің басшысы Батырбекова Ақмарал Үсенқызы білім саласында ұстаздық бағытта аянбай шәкірт үшін жұмыс жасай білген, ұстаздық жолда әділ де, адал еңбектеніп, білім мен тәрбиені қатар беріп, жаңартылған білім мазмұнын дәріптеп жүрген озат ұстаздар мен кәсіподақтың беделін көтеруде, бастауыш кәсіподақ ұйымында ұстаздар қауымына әлеуметтік, құқықтық мүдделерін қорғауда заң негіздерін насихаттап жүрген бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағаларын  «Құрмет грамотасымен» және заттай сыйлықтармен марапаттады.

№15 М.Жұмабаев атындағы мектеп – гимназиясының директоры қызметін атқарған Прімжанова Тамара Мамашовна, «Ақ желкен» санаторлық балабақшасы коммуналдық мемлекеттік мекемесінің меңгерушісі қызметін атқарған Яхияева Еркінай Зианатдиновна, Амангелді атындағы жалпы орта мектебінің директор қызметін атқарған Көлбаев Ақылбек,   №8 Н.Төреқұлов атындағы жалпы орта мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы қоғамдық қызметін атқарған Ибрагимов Пазыл Азизхановичтарды құрметті демалысқа шығуына орай Түркістан қалалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрағасы Д.Турманова құттықтап заттай сыйлықтар тапсырды.

Адам өмірінің мәні келешегіне сенімділігінде. Аға ұрпақты қастерлеп,  оларды үлгі тұту болашақ ұрпақтың перзенттік парызы. Болашақтың ұландарын тәрбиелейтін, білім беретін жұмысқа жаңа қабылданған жас мамандар да жиынның құрметті қонағы болды. Олар аға ұрпақ алдында жақсы маман болатынына сенім білдіріп, АНТ берді. Білім саласында көп жылдар жұмыс атқарған, жас ұрпақты тәрбиелеуде, болашақ ұрпақтың рухани және интеллектуалды дамуына ықпал етуде аянбай еңбек еткен қалалық білім бөлімінде бас маман қызметін атқарған, бүгінгі таңда ардагер ұстаз Малбаева Гүлбарам Дүйсебекқызы жас мамандарға «Еңбек кітапшасын» тапсырды.

Еңбек адамының ынтасын арттырып, мәртебесін өсіретін бүгінгі мерекенің аға буын мен жастардың арасында үлкен мектеп тәрізді мәні бар. Өткенді таразылап, болашаққа бағдар жасап, нық қадам басу жолында бейнеттің зейнетін көріп отырған қазыналы қарттарымыздың өнегесі мол. Бүгінгі таңда ардагер ұстаз, ардақты ана, бұрынғы мектеп басшысы, білім саласында аянбай еңбек еткен Шарафиева Роза Шарафиқызы жас мамандарға жұмыстарына табыс тілеп, кәсіподақ белсенділерін, ардагерлерді мерекелерімен құттықтады.

Өткенге барлау жасамай, болашақты бағамдай алмаймыз. «Еңбек – бәрінде жеңбек»,- демекші еңбек еткен әрбір қоғам мүшесі өзін бақытты санайды. Еңбектің жемісін көру үшін ізденеді. Тынымсыз еңбек – адам жанының бақыты.

Мерекелік жиынға қатысушыларға арналған концерттік бағдарлама, жақсы ниет жиынның барысымен астасып жатты. «Екі дүниең абат, екі тойың қабат болсын» – демекші бірлігі мен татулығы жарасқан қазақ елінің қадірлі азаматтары бүгінгі қонақтарымыз ризалық сезіммен өз тілектерін білдіріп жатты.

Төл мерекелер кәсіподақтың назарында Төл мерекелер кәсіподақтың назарында Төл мерекелер кәсіподақтың назарында Төл мерекелер кәсіподақтың назарында Төл мерекелер кәсіподақтың назарында Төл мерекелер кәсіподақтың назарында Төл мерекелер кәсіподақтың назарында Төл мерекелер кәсіподақтың назарында Төл мерекелер кәсіподақтың назарында

Мұғалімдер күні

Мақтаарал ауданы білім бөлімі мен Мақтаарал ауданы кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен 02 қазан күні Ұстаздар күні мерекесі мен кәсіподақтар күні мерекесіне орай «Ұстаз аты – биік, әрі мәңгілік» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылып өткізілді.

Қос мерекеге орай ұйымдастырылған мерекелік шараға Мақтаарал ауданының әкімі Б.Асанов, аудандық маслихаттың хатшысы Қ.Сәрсекбаев, аудандық маслихаттың депутаттары, Мақтаарал ауданы әкімінің бірінші орынбасары Б.Төребеков, Мақтаарал ауданы қоғамдық кеңестің төрағасы және Мақтаарал ауданы ата-аналар комитетінің төрағасы  С.Мелдеханов,  Мақтаарал ауданы әжелер алқасының төрайымы Ш.Құрбанбаева, ардагер ұстаздар, мектеп директорлары мен бала бақша меңгерушілері және бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағалары қатысты.

Мерекелік шараны Мақтаарал ауданының әкімі Б.Асанов құттықтау сөздерімен ашып, білім саласының қызметкерлерін мерекеге орай марапаттап, алғыс хаттарын табыстады.

Мерекелік шараның концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.

Мұғалімдер күні Мұғалімдер күні Мұғалімдер күні Мұғалімдер күні Мұғалімдер күні Мұғалімдер күні Мұғалімдер күні

Ордабасы аудандық спартакиада

Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Түркістан облыстық комитетінің іс-шара жоспарына сәйкес Ордабасы аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы комитеті мен аудандық білім бөлімі және аудандық спорт және дене шынықтыру бөлімінің ұйымдастыруымен мұғалімдер арасында аудандық спартакиадасын өткізді. Мұғалімдер спартакиадасы  2019 жылдың 21 қыркүйек күні Темірлан елді мекеніндегі Қ.Мұңайтпасов атындағы стадионында спорттың 10 түрінен (волейбол, кіші футбол, баскетбол, үстел теннисі, шахмат, кір тасын көтеру, арқан тарту, қол күресі, жеңіл атлетика және тоғызқұмалақ) өтті. Спартакиадаға  385 кәсіподақ мүшесі, оның ішінде 77 әйел қатысты. Әр спорттың түрі бойынша кәсіподақ мүшелері Дипломдармен марапатталып, бағалы сыйлықтар берілді.

Ордабасы аудандық спартакиада Ордабасы аудандық спартакиада Ордабасы аудандық спартакиада Ордабасы аудандық спартакиада Ордабасы аудандық спартакиада Ордабасы аудандық спартакиада

Үздік жас мұғалім-2019 байқауы

Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Түркістан облыстық ұйымының іс-шара жоспарына сәйкес  лы Жетісай аудандық білім бөлімі мен білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы аудандық комитетінің ұйымдастыруымен   «Үздік жас мұғалім – 2019» байқауы өтті. Н.Төреқұлов атындағы №13 жалпы орта мектебінде өткен байқауға 12 пәннен 157 жас маман қатысып, өз шығармашылықтарымен таныстырып, жұмысқа деген құлшыныстарын жоғары дәрежеде көрсете білді. Жас әріптестерімізге қолдау көрсету, олардың шығармашылық белсенділіктерін арттыру, өзара тәжірибе алмаса отырып ынталандыру мақсатында өткен іс-шара қорытындысында 35 ұстазымыз жүлделі орындармен,10 ұстазымыз алғыс хаттармен  марапатталды. Сонымен қоса ұстаздарымыз құнды сый-сияпаттарға ие болды.

Үздік жас мұғалім-2019 байқауы Үздік жас мұғалім-2019 байқауы Үздік жас мұғалім-2019 байқауы Үздік жас мұғалім-2019 байқауы Үздік жас мұғалім-2019 байқауы Үздік жас мұғалім-2019 байқауы Үздік жас мұғалім-2019 байқауы

1 70 71 72 73 74 84