«Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран» атты байқау

Облыстық «Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран» атты байқау онлайн режимде өтті

 

Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы Түркістан облыстық ұйымының негізгі іс шаралар жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың қаңтар айы мен мамыр айы аралығында студент жастар арасында Ұлы Отан соғысындағы жеңіске 75 жыл толуына орай үздік патриоттық әндерге байқау жарияланған болатын.

Байқаудың мақсаты жастарды патриоттық сезімге тәрбиелеу, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, шығармашылық бастамашылығын дамыту, елдің қоғамдық өміріне белсене атсалысуға шақыру болып табылады.

Елімізде төтенше жағдай жариялануына байланысты облыстық байқау 2020 жылдың 20 сәуірі мен 5 мамыры аралығында онлайн режимде өткізілді.

Байқауға Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы Түркістан облыстық ұйымының құрамына кіретін жоғары және арнаулы орта оқу орындарының студенттері қатысты.

Барлығы 30-дан аса бейне материалдар байқауға ұсынылған болса, байқау комиссиясының қарауына төменде көрсетілген материалдар жіберілді:

 

  1. Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің студенті

Атығаев Ырысалды, «Қазақ елі» әні

  1. М.Әуезов ат. ОҚМУ студенттері

Джақсылықов Нұрсұлтан, «Атамекен» әні, Бурабек Нурила, «Туған жер» әні, Шермахан Баян, Қалыбек Аружан, Тұрсынхан Ұлжалғас, Тұрсынбек Шыңғысхан, «Алға, қазақ жігіттері» әні, Айтбек Исхан

  1. Шымкент политехникалық колледжінің студенті

Балабек Азамат, «Отаным» әні

  1. ТОО Кентау колледжінің студенті

Абдез Азиза, «Мен жастарға сенемін» әні

  1. Түркістан жоғары аграрлық колледжінің студенті

Абай Балнұр, «Көк тудың желбірегені» әні

  1. Жол-көлік колледжінің студенті

Абдәлі Қыдыржан, «Қазақстаным – ұлы Отаным» әні

  1. №24 «Таукент» колледжінің студенті

Игиликова Мақпал

 

Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Түркістан облыстық комитетінің баспасөз қызметі.

 

Ұлы Жеңістің 75 жылдығы

Биыл 2020 жылы жалпы адамзат өзінің тарихында жазылған қаһарлы соғыстағы Ұлы Жеңістің 75 жылдығы. Қазақстан халқына бейбітшілік, тыныштық, береке, бақыт орнатқандар. Сұрапыл соғысты басынан өткеріп, бізді жеңіске жеткізген ағаларымызбен бабаларымызды, сол жылдарда қиындыққа төзіп, тылдағы ауыр жұмыстарды атқарып, сонысымен Жеңіс күндерді жақындатқан жандармен мақтанамыз.
Төлеби аудандық кәсіподақ комитеті Ұлы жеңістің 75 жылдығы қарсаңында ауыл әкімшіліктері және мектеп директорларымен бірге Қаратөбе жалпы орта мектебінде 41 жыл бастауыш сынып мұғалімі болған 90 жастағы Кәрібаев Құдайберген және Ханарық жалпы орта мектебінде 40 жыл мұғалім оның 18 жылын мектеп директоры қызметін атқарған 88 жастағы Ахметжанов Ирисбек аталарымызды Жеңістің 75 жылдығына арналған медальін, шапан және арнайы сыйлықтарын табыстап, Қасиетті де ұлы мереке қарсаңында ардагерлерімізге Ұлы Жеңіс күнімен және де Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтап! Аға ұрпақ алып берген Жеңіс бүгінгі күні де бізді жетістіктерге жігерлендіреді, жанымызға қуат береді, қиындықтарды жеңіп, алға ұмтылуымызға көмектесетінін айтып, мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, зор бақыт, бейбіт өмір мен береке-бірлік тіледі.

 

Төлеби аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

 

Ұлы Отан соғысының ардагерін құттықтау

Барлықтарыңызды ең ұлық мерекелердің бірі Жеңістің 75 жылдық мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз.
Бүгін 09 мамыр күні Мақтаарал аудандық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен Жеңістің 75 жылдық мерекесіне орай Ұлы Отан соғысының ардагері 95 жасқа келген Көзжанов Сейітмұрат атамызбен тыл және еңбек ардагері 94 жасқа келген Демеуов Әшен аталарымыздың шанырақтарына Мақтаарал аудандық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің төрағасы А.Жолдасов пен Мырзакент кентінің ардагерлер кеңесінің төрағасы К.Керимбеков арнайы мерекемен құттықтап барды. Көзжанов Сейітмұрат атамызбен Демеуов Әшен аталарымыз құттықтап келген қонақтарын жылы жүзбен қарсы алып, батасын беріп шығарып салды.

Мақтаарал аудандық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Ардагер ұстазға құрмет

Аса құрметті Ұлы Отан соғысының ардагерлері және Елдегі қиындықты қажымай көтерген тыл азаматтары!
Сіздерді адамзат тарихындағы ең ауыр қантөгіс соғыстың аяқталғанына 75 жыл толу атаулы күнмен шын жүректен құттықтаймыз!
Сіздердің біздің Отанымыздың бостандығы мен тәуелсіздігі үшін шайқастардағы теңдессіз ерліктеріңіз бен табандылықтарыңыз ғасырлар бойы жасай береді. Тылдағы әрбір күн соғысқа тең болды. Ардагер көрген зұлматты біз көрген жоқпыз.
Сіздер кейінгі ұрпақтың жарқын болашағын қорғап қалу арқылы өздеріңіздің азаматтық және патриоттық парыздарыңызды абыроймен орындап шықтыңыздар. Сіздердің қайыспас қайсарлықтарыңыз бен Отанға шынайы берілгендіктеріңіз Қазақстандықтардың жас ұрпақтары үшін өнегесі мол тамаша үлгі.
Бүгінгідей айтулы мереке күні өздеріңізге зор денсаулық, жарасты көңіл – күй, баянды бақыт, отбасыларыңызға береке – бірлік тілейміз.
Игі тілекпен
Түркістан қалалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитеті

Жеңістің 75 жылдығын атап өту шарасы Елдегі жағдайға байланысты жылдағыдай ауқымды дәрежеде өткізілмей, өзара комитет шешімімен білім саласында еңбек еткен Ұлы Отан соғысының ардагерлерін марапаттау мақсатында іс шара ұйымдастырылды. Биылғы жылға дейін білім саласына қарасты ардагерлер саны үшеу еді. Екі Ұлы Отан соғысының ардагерлері Абдулла Рысметов пен Ергеш Ташметов майдангерлеріміз өмірден озды. Өткенге салауат айта отырып бір майдангеріміз Әбжаппар Дайрабаев атамызды құттықтап, қаржылай (50000) елу мың теңге тапсырдық.
Кәсіподақ комитеті майдангер қарт ұстаздарды қадірлеп қастерлеуді бір сәтте естен шығарған емес. Бүгінгі таңда кешегі отты жылдарда бораған оқтың ортасынан келіп, бейбіт өмірде жастарға білім беруді жалғастырған ардагер, ардақты ұстаз қариямыз Әбжаппар ата бізбен бірге бейбіт өмірдің ортасында.
Аталар ерлігі, Отан үшін от кешкен отты жылдар, келер ұрпақтың есінде, өшпес тарихымен, өнеге тұтар үлгісі ретінде мәңгі сақталады.
Түркістан қалалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің қаржылай берген сый сияпаты майдангер ұстаз үшін үлкен ілтипаттың азғантай көрінісі. Алай да қариямыздың көңілін аулау, оған құрмет көрсету келер ұрпақ үшін өнеге. Майдангер қарттарға арналған сол күн ерекшелігімен, жүрек тебірентер сұхбаттармен есте ұзақ сақталады.

Түркістан қалалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

 

Мақтаарал тұрғындарына жан-жақты жәрдем беріліп жатыр

Су тасқынынан зардап шеккен Мақтаарал ауданының халқына қол ұшын беріп, көмек көрсетіп жатқан азаматтар саны күн санап артуда. Жергілікті жұртшылықтан бастап Арыс, Шардара, Сарыағаш, Келес өңірлерінен, одан әрі басқа да алыс облыстардан келіп жатқан гуманитарлық көмектер еліміздегі ынтымақ пен бірліктің белгісін тағы бір мәрте паш еткендей.
Түркістан облысы, Жетісай аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитеті де ел басына күн туған кезде игілікті істен қалыс қалмай, ауыр жағдайға тап болған тұрғындарға жан-жақты жәрдем беріп жатыр. Ұйым белсенділері, білім саласы қызметкерлерінен құралған еріктілер тобы қауіп сейілмеген алғашқы күндері Қоғалы ауылдық округінде ағын суға қолдан бөгеттер қою жұмысына атсалысса, судың беті қайтып, енді оның зардабымен күрес жүргізу кезінде де көпшілікпен бірге игілікті іске үлес қосуда.
8 мамыр күні Еріктілер тобы су зардабымен күрес жүргізіп отырған “Жаңа жол” ауылдық округіне қарасты “Жеңіс”, “Өргебас” ауылдарындағы суды қашыру, ауыл тұрғындарының мүліктерін шығару, мал мен үй жануарларын қарайлау жұмыстарын атқарып отырған азаматтарды азық-түлікпен қамтамасыз етіп, түскі асын ұйымдастырып берді.
Бұл жұмыстарды жүргізуге “Жеңіс” ауылының тұрғыны Қонай ағамыз бен “Жаңа жол” ауылдық округі бойынша атқарылып отырған жұмыстарға жауапты болып тағайындалған “Иіржар” ауылдық округінің әкімі Әбдіров Жарқынбек Жаппарұлы секілді азаматтар атсалысып, іс басындағы мамандар мен тұрғындардың хал-жағдайлары, жұмыстың жай-жапсары туралы баяндап, қай жерге қандай көмектер қажет екенін нақты түсіндіріп отырды.
Осылайша, “Жеңіс” ауылының тұрғындарынан бастап, ел ішінде Бетонка деп аталып кеткен М-39 тас жолының бойында еңбек етіп жатқан барлық азаматтарға азық-түліктер таратылды. Оның ішінде “Өргебас” ауылында су қашырту жұмыстарын жүргізіп отырған төтенше жағдай қызметкерлері мен Өзбекстан Республикасынан келген құтқару қызметінің жұмысшыларына, жалпы барлығы 250-300 адамға түскі ас берілді.
Игілікті іске атсалысқан әріптестерге ауыл тұрғындары, түрлі сала қызметкерлері мен көрші ел азаматтары алғыстарын жаудырып, жұмыстарына сәттілік тіледі.

Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Түркістан облыстық ұйымының баспасөз қызметі.

Құттықтау 9 мамыр

 

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!

          Ұлы Жеңістің 75 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын! Осынау жалғыз ауыз сөзде қаншама терең мағына жатыр. Кез келген істің, қандай күрестің де басты мақсаты жеңіске жету болғанымен, кешегі Ұлы Отан соғысындағы үлкен Жеңістің орны айрықша бөлек. Оған жету үшін қаншама халық жан алып, жан беріскен шайқастарға толы ұзақ та ауыр жолдан өтіп келді. Зарықтырып, сағынтып жеткен ол Жеңісті жақындата түсуге майданның алдыңғы шебінде от пен оқтың ортасында болған майдангерлермен бірге тыл еңбеккерлері де, майдан даласынан шалғайдағы қарттар мен әйелдер де, буыны бекіп, бұғанасы қатпаған балалар да үлес қосқан. Ол сонысымен де қастерлі, қасиетті саналады. Биыл міне, сол Жеңіс күні елімізде жетпіс бесінші рет атап өтілгелі отыр.

          Баршаңызды Жеңіс күнімен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға бақыт пен қуаныш тілеймін! 

 

Ізгі ниетпен,

Қазақстандық салалық білім және ғылым

қызметкерлері кәсіптік одағы Түркістан

облыстық ұйымының төрағасы                                                     Б.Еркінбек

Құттықтау 7 мамыр

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!

 

Халқымызда «Ер – елінің қорғаны» деген  аталы сөз бар. Біз осындай жандардың ержүрек істеріне сай сый-құрмет көрсете отырып, олардан өнеге алып өсетін жас ұрпақ Отанына адал қызмет етеді деп сенеміз. Мерейлі мерекемен құттықтай отырып, баршаңызға мықты денсаулық, зор табыстар тілеймін.

 

Ізгі ниетпен,

 Қазақстандық салалық білім және ғылым

қызметкерлері кәсіптік одағы Түркістан

облыстық ұйымының төрағасы                                                     Б.Еркінбек

Төтенше жағдайға байланысты карантин кезінде атқарып отырған жұмыстары

Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы Түркістан облыстық ұйымының елімізде орын алып отырған төтенше жағдайға байланысты карантин кезінде атқарып отырған жұмыстары туралы.

Облыстық кәсіподақ комитеті мен аудандық, қалалық филиалдар тарапынан төтенше жағдай уақытында 267 адамға қайырымдылық көмек ретінде 17 214 500 теңге көлемінде қаржы бөлінді. Ол көп балалы, тұрмыс жағдайы төмен, ауырып ем қабылдаған жұмыскерлердің отбасына берілді. Оның ішінде  төтенше жағдайдың кезінде аянбай еңбек етіп жүрген 25 медицина қызметкерлеріне санаторлық ем қабылдау үшін 3 500 000 теңгеге жолдама табыс етілді.
Жоғарыда бөлінген қаражаттан өзге жұмыскерлерге қорғаныш бетперде тігу үшін 800 000 теңге көлемінде қаржы бөлінген болса, кәсіподақ органының атынан 127 250 бетперде тегін таратылды.
Кәсіподақ мүшелеріне онлайн режимде 67, сондай-ақ телефон арқылы 214 құқықтық түсіндіру және көмек беру жұмыстары жүргізілді. Салалық кәсіподақ органының телеграмм-чатында барлық аудан, қалалардан көтерілген мәселелер кәсіподақтың тікелей ықпалымен өз шешімдерін табуда. Күні кеше берілген ақпаратқа сәйкес, Созақ ауданындағы Т.Әлімқұлов атындағы мектеп-лицейінде мұғалім Ж.Құтбергеноваға директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарының табелді дұрыс рәсімдемеуінің салдарынан апталық 3 сағат жүктемесінің ақысы бірнеше ай бойы төленбей келгені анықталып, кәсіподақ органының араласуының арқасында оның ақысы қайта есептеу жолымен төленетін болды.
Облыстық кәсіподақ комитетінің жазбаша ұсынысы негізінде Арыс қаласында жұмыстан негізсіз босатылған 6 жұмыскер өз жұмысына қайта алынса, Ордабасы ауданында 4 жұмыскер кәсіподақ органының қатысуымен келісім комиссиясының шешімі негізінде өзінің жұмысына қайта алынды.
Отырар ауданында 2 жұмыскерді жұмыстан заңсыз босату мәселесі бойынша берілген талап-арыз бойынша онлайн режимде сот процесі кәсіподақ өкілінің қатысуымен жүріп жатыр. Талап-арыздар толығымен қанағаттандырылады деп күтіліп отыр.
Мұғалімдердің шағымына сәйкес ҚР Білім және ғылым министрлігі тарапынан берілген түсіндірме кәсіподақ органының наразылығы бойынша кері қайтарылып алынып, заң шеңберінде басқа түсіндірме берілді. Нәтижесінде 4003 мұғалімге біліктілік санаты бойынша берілетін қосымша ақыларды қайта ұстап қалудың алдын алуға қол жеткізілді.
Облыс аумағындағы білім беру ұйымдарының жұмыскерлеріне жалақы төлеу мен демалыс берудің тәртібі бақылауда тұр. Төтенше жағдай кезінде сала қызметкерлеріне жалақы төлеуді тұрақтандыру мәселесі бойынша аудан, қалаларда меморандумдар түзіліп, үш жақты әлеуметтік әріптестік туралы келісімдерге қосымша келісім жасау процесі жүріп жатыр.

Түркістан облыстық білім және ғылым қызметкерлері
кәсіптік одағының баспасөз қызметі

Құттықтау 22-наурыз

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!

 

          Сіздерді Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!

         Наурыз – жылдың басы, күн мен түннің теңелер шағы. Тамырын тереңнен тартқан осынау мейрам – береке мен бірліктің, тазалық пен татулықтың тұғырын нығайтып, риясыз шаттық пен қуанышқа кенелтер ұлы мереке.

 Бұл күн тіршіліктің, дәстүрлі құндылықтар аясында бірігіп, игілікті жаңа бастауларға ниет білдірудің нышаны.

Күннің алғашқы нұры әрбір шаңыраққа бақ береке, өзара түсіністік пен болашаққа деген сенімділік әкелсін!

Баршаңыздың дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға шаттық, отбасылыраңызға амандық, ырыс пен ынтымақ тілеймін!

 

         Ортақ үйіміз – Қазақстан Республикасы гүлдене берсін!

 

 

Құрметпен,

Қазақстандық салалық білім және

ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының

Түркістан облыстық ұйымының төрағасы                          Б.Еркінбек

Құттықтау 8 наурыз

Құрметті кәсіподақ комитетінің арулары !

Сіздерді  Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы Түркістан облыстық комитеті  атынан жыл мезгілінің ең көрікті де қуанышты мезгілі көктемнің алғашқы мерекесі – 8 Наурыз Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Отбасыларыңыз бен өздеріңізге амандық, дендеріңізге саулық, ұзақ әрі шаттыққа толы ғұмыр, шаңырақтарыңызға құт-береке тілеймін. Саладағы еңбек адамының  әл-ауқатын жақсарту жолында атқарып жатқан еңбектеріңізде табыстарға жетіп, үлкен биiктерден көрiнулерiңiзге шын жүректен тілектеспін.

 

 

 

 Ізгі ниетпен,

 Қазақстандық салалық білім және ғылым

 қызметкерлері кәсіптік одағы Түркістан

 облыстық ұйымының төрағасы                                          Б.Еркінбек

 

1 71 72 73 74 75 90