Атқару комитетінің мәжілісі

2019 жылғы 28 маусым күні «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Түркістан облыстық ұйымы»  ҚБ   атқару комитетінің  кезектен тыс кеңейтілген мәжілісі өткізілді.

Атқару комитетінің кеңейтілген мәжілісіне атқару комитетінің мүшелері, аудандық, қалалық кәсіподақ комитеттерінің төрағалары, кәсіподақ активі қатысты.

Атқару комитеті мәжілісін облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы Б.Еркінбек ашып, жүргізіп отырды.

 

Күн тәртібіндегі «Арыс қаласында болған төтенше жағдайға байланысты облыстық кәсіподақ комитетінің, филиалдарының қайырымдылық көмек көрсету  және алдағы атқарылатын жұмыстары жайлы»  облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы Б.Еркінбек  хабарлама жасады.

Арыс қаласындағы төтенше жағдайды есітіп, Шымкент қалалық кәсіподақтар орталығы және облыстық салалық кәсіподақтар сол күні Арыс қаласының 100 адамын кәсіподақтар орталығы ғимаратына қабалдауды ұйымдастырды. Кейінгі күндері әлеуметтік көмек алуға тіркелгендер саны 400-ге жуықтады. Салалық кәсіподақтар Арыс қаласынан көшірілген адамдарға қалыпты тұрмыстық жағдайлар жасау, балаларына аяқ-киім алып беру, тамақтандыру, ауыз сумен қамтамасыз ету  үшін барлық мүмкіндікті жасауда. Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Түркістан облыстық комитеті Қазақстандық салалық кәсіподақ оргалығына хат жолдап, Республика бойынша білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының облыстық комитеттерін Арыс қаласы тұрғындарына қайырымдылық көмек көрсетуге тартуға көмектесу туралы өтініш білдірдік. Қазір Салалық кәсіподақтың орталық кеңесі қайырымдылық көмек ретінде 5 млн. теңге қаражат аударды.  Басқа облыстар да осы қайырымдылық жұмысқа белсенді атсалысуда. Түркістан облыстық кәсіподақ комитеті аппаратының қызметкерлері  бір күндік еңбек ақысын көмек көрсету қорына аударуға ниет білдірді және алдағы кезде көмек көрсетуді жалғастырады. Облыстық кәсіподақ комитеті Арыс қаласы білім беру ұйымдарында  жұмыс істеушілердің 300 баласын жазғы лагерлерде демалуын ұйымдастыру жөнінде жұмыстар жүргізуде.

Атқару комитетінде сөз сөйлеген, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті қызметкерлері кәсіптік одағының төрағасы Қ.Мусабеков университеттің 3 жатақханасына  1800-ден аса адам қабылданып, 2500-ге адамға ыстық тамақ беру, тұрмыстық жағдайлар жасау, киім-кешек әперу жөнінде жұмыстар атқарылды. Университеттің қызметкерлері, психологтары мен дәрігерлері психологиялық-моральдық қолдау жұмыстарын атқарып отырды. 27 маусым күні А.Қоразбаев, Р.Мухамедқызы, Н.Албан және «Жігіттер» тобы Арыс қаласы тұрғындарының көңілін көтеру шараларын өткізді, қайырымдылық көмек көрсететінін мәлімдеді.

Атқару комитеті мәжілісінде сөз сөйлеген А.Абуов, Ә.Тастанбеков, Ж.Мухаев, Ә.Сәдірмек  облыстық кәсіподақ комитеті тарапынан  берілетін көмекті нақты және атаулы түрде және барынша ертерек  беруді ұсынды.

Осы мақсатта облыстық кәсіподақ комитетінің арнайы комиссиясы құрылды. Комиссия,  Арыс қаласы бойынша білім беру саласында жұмыс істейтін адамдардың тізбесін құрып, зардап шегу дәрежесіне қарай түскен қаражатты бөлу мәселесін шешетін болады.

Облыстық кәсіподақ ұйымының  атқару комитеті қаралған мәселе бойынша қаулы қабылдады.

Атқару комитетінің қаулысына сәйкес, Арыс қаласы бойынша білім беру ұйымдары мен мекемелері қызметкерлеріне қайырымдылық көмекті атаулы түрде беру,   ол үшін оларға зардап шегу деңгейін зерделеу жасау, кімге қандай көлемде қаражат беру мәселесін шешу үшін арнайы комиссия құрылды. Қайырымдылық көмек үшін түскен қаражатты облыстық комиссия ұсынысына сәйкес жария түрде беуді ұйымдастыру туралы шешім қабылданды.

 

Атқару комитетінің мәжілісі Атқару комитетінің мәжілісі Атқару комитетінің мәжілісі Атқару комитетінің мәжілісі Атқару комитетінің мәжілісі

 

Семинар

«Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Түркістан облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің 2019 жылғы 09-сәуірдегі № 09-04/72-санды хатына сәйкес, ұйымдардағы еңбек даулары мен әлеуметтік шиеленістердің алдын алу мақсатында 22.04.2019 жылғы                                                                                                Ордабасы аудандық білім бөлімінің № 412 бұйрығымен және білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Ордабасы аудандық комитетінің № 5/ә-санды қаулысымен бірлескен шешім шығарылды. 2019 жылдың мамыр, қыркүйек, қазан айларында  ұйымдардағы еңбек даулары мен әлеуметтік шиеленістердің алдын алу, жұмыскерлерді қауіпсіз әрі санитарлық гигиеналық талаптарға сай еңбек жағдайларымен қамтамасыз ету, оларға еңбек заңнамаларын түсіндіру, сондай-ақ олардың мұң-мұқтажын тыңдап, шешімін таппай отырған проблемалық мәселелерді шешу мақсатында аудандық кәсіподақ комитетіне қарасты 96 бастауыш кәсіподақ ұйымдарында аудандық кәсіподақ комитеті өкілдері мен білім беру мекемелеріне жауапты бухгалтерлердің қатысуымен семинарлар өткізу жоспарланып, қазіргі таңда ол жұмыстар басталып кетті.

Бірлескен шешім 96 бастауыш кәсіподақ ұйымдарына таратылды және жиналысты ұйымдастыру, жалақы төлеу мәселелері бойынша алдын ала төрағалар мен буxгалтерлерге нұсқаулықтар мен түсіндірмелер берілді.

Осындай кездесудің 2019 жылғы 21 мамыр күні «Аққу» балабақшасында мағыналы да мәнді өтті. Кәсіподақ комитеті тарапынан комитет кеңесшісі Маханова З.С. қатысты. Семинарда жұмыс берушінің 2019 жылы атқарған жұмыстары, бас  буxгалтер жалақының есептелуі және төленуі туралы ақпарат берді. Ал аудандық кәсіподақ комитетінің өкілі Замира Сабекқызының тарапынан кәсіподақ қозғалысының жұмысын жақсарту, беделін арттыру мақсатында пікірлер мен ұсыныстар айтылып, сұрақтарға жауап берілді.
Семинар Семинар Семинар Семинар Семинар

 

 

 

Семинар

«Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы Ордабасы аудандық комитетінің ұйымдастыруымен Ордабасы ауданының мәдениет үйінде «Жұмыс орнында өндірістік кеңес құру – қауіпсіз еңбектің кепілі» атты семинар өткізді. Семинарға Түркістан облысы Еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы басшысының орынбасары Қ.Төлебаев, Түркістан облыстық кәсіподақ комитетінің бөлім басшысы Ғ.Ақбердиев, білім беру мекемелерінің басшылары, бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары және еңбекті қорғау жөнінідегі техникалық инспекторлар қатысты.

Семинар Семинар Семинар Семинар Семинар Семинар Семинар

Ерлік – тәрбие жемісі

«Соғысты көрмеген адамның соғыс туралы ләм деуге құқығы жоқ», демекші отты жылдарда тобықтан қан кешіп Отаным деп кеудесін отқа тосқан ұстаз – ардагерлерімізді ұлықтау – біздің басты парызымыз.

Ұлы отан соғысының аяқталғанына 74 жыл. Қаншама қандастарымыз отан үшін жанын қиды. 50 миллионнан астам өмірді жалмаған соңғы соғыс кімге керек болды…

Таң алдында тәтті ұйқыда жатқан Отанымыздың шекарасынан ұрланып өткен жау оғымен адам баласының тарихында болмаған соғысты бастады. Майдан даласынан 394 мың қазақ боздақтары қайтпай қалды. Бұл соғыста қайғы – қасірет тарпаған бірде бір отбасы болмады. Бірінің әкесі, бірінің ағасы қаза тапты. Жас боздақтардың қыршын жасы қиылды. Соғыстың зардабы – үлкен қасірет. Сондықтан адамзатқа, әрқашан соғысты тоқтататын жеңіс керек. Жеңіс сонысымен қымбат. Батырларымыз 1418 күн мен түн қан кешіп, кейінгі ұрпаққа тыныштық әкелгені үшін қасиетті. Жеңіс өздігінен келген жоқ, оны елі, жері үшін отқа түскен ерлер ерлігі жеткізді. Қанды қырғынға 1,3 миллион ұлмен қыз аттанды. Бәрі де жанқиярлықпен соғысты. 500 – дей адам елге батыр атанып, аңызға айналып оралды. Отанын жаудан қорғау үшін көп ұлтты кеңес халқының ішінде қазақ халқы ерекше ерліктерімен жауға қарсы тұрды. Солардың бірі бүгінгі таңда аңыз қарияға айналған біздің ұстаз – ардагерлеріміз Абдулла Ирисметов, Әбдіжаппар Дайрабаев, Ергеш Ташметовтер.

Жыл сайынғы дәстүріміз бойынша ардагерлерімізді ардақтап, олардың ерліктерін ұлықтап заттай, қаржылай сыйлықтарымызды ұсынып сұхбаттасып қайттық. Ардагерлерімізді ардақтау арқылы өскелең ұрпақтың болашағын қамтып, патриоттық тәрбиенің негізін қалыптастыруда өнеге бола білдік.

Қарияларымыздың әрқайсысы бір дастан, бір тарих. Жасы ұлғайсада қажымай, жігерлері жасымай өткен жолдарын әңгімелеген қарияларымыздың естеліктерін тыңдадық. Майданнан оралған біздің жеңімпаз батырларымыз қаруларын қаламға айырбастап, бала тәрбиесіне, біліміне ден қойған қайсар азаматтар. Үлгілі ұстаздар! Бігінгі таңда абзал ақсақалдар! «Ер есімі ел есінде мәңгі сақталады» деген осы емес пе? Дендеріңіз сау болып, келер жылға аман – есен жетіңіздер. Біз Сіздермен мақтанамыз!

 

Ерлік – тәрбие жемісі Ерлік – тәрбие жемісі Ерлік – тәрбие жемісі Ерлік – тәрбие жемісі Ерлік – тәрбие жемісі Ерлік – тәрбие жемісі Ерлік – тәрбие жемісі

 

«Білім жолындағы жас қырандар» байқауы

          «Білім жолындағы жас қырандар» байқауы

 

          Төлеби аудандық білім бөлімі және аудандық кәсіподақ комитеті Елбасының жолдауындағы жастар жылына арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес, жас ұстаздарды тек білім мен оқу бағдарламасын меңгеріп қана қоймай, жеке тұлғаның танымдық қабілеттерін, танымдық процестерін қалыптастыру, белсенділік, сөздік қорын дамытуға, ізденуге деген ықыласы мен іскерлігін, оқу-танымдық ынтасын жетілдіру, әрі жан жақты дамыту мақсатында «Білім жолындағы жас қырандар» байқауын өткізді.

Байқауға 35 жасқа дейінгі  аудандағы жалпы орта білім беретін мекемелерден 5 адамнан құралған командалар қатысты.

Байқау 5 кезеңнен тұрды.

І Кезең:  «Сәлем – сөздің атасы»

ІІ Кезең: «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар»

ІІІ  Кезең:  Үй тапсырмасы.

ІV Кезең:  Проблемалық жағдаят.

V Кезең: «Өнерлінің өрісі -кең»

Байқаудың қортындысы бойынша жүлделі орын алған қатысушылар алғыс хатпен және Төлеби аудандық кәсіподақ комитетінің арнайы сыйлықтарымен марапатталды.

«Білім жолындағы жас қырандар» байқауы «Білім жолындағы жас қырандар» байқауы «Білім жолындағы жас қырандар» байқауы «Білім жолындағы жас қырандар» байқауы «Білім жолындағы жас қырандар» байқауы

 

 

 

Спорт денсаулык кепілі

Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы Сарыағаш аудандық комитетінің ұйымдастыруымен 2019 жыл – Жастар жылына арналған мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің қызметкерлерінің арасында волейбол, шахмат, үстел теннисі ойындарынан аудандық “Денсаулық” спартакиадасы өткізілді.

Спартакиаданы ұйымдастырып, өткізуші білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының аудандық комитеті, оның төрағасы Тастанбеков Әкімбай ағайдың бастамасы. Спорттық жарыс осымен екінші рет өткізіліп отыр.

21 сәуір күні ауданның 5 аймағында жарыстар өтіп, жүлделі 1-ші орын командалар 28 сәуір күні №38 Мақатаев мектебінде ақтық ойындарын өткізді.

Спорттың волейбол, шахмат, үстел теннисінен ойындар өте тартысты және қызықты өтті.

5 балабақшалардың командаларының ойындарының қорытындылары бойынша, жалпы командалық 1- ши орын №4 балабақшасы командасының (меңгерушісі Алтынбаева Қаламқас, кәсіподақ комитетінің төрайымы Муталиева Баян) 2 – ши орын №16 Мерей балабақшасы командасының меңгерушісі Жанкайдарова Тоғжан, кәсіподақ комитетінің төрайымы Қабыланова Сәуле) 3 – ши орын №15 Айна балабақшасының командасына (меңгерушісі Джорабекова Ардақ, кәсіподақ комитетінің төрайымы Мақұлбекова Айгерім) берілді.

Шахмат ойыны бойынша жүлделі орындарға Айтбаева Арайлым (№4 балабақша) Тұрлыбекова Болыс (№15 Айна балабақшасы) Маменова Сәуле (№16 Мерей балабақшасы) иеленсе,

Үстел теннисі ойыны бойынша Маменова Сәуле (№16 Мерей балабақшасы) Қарабаева Айдана (№4 балабақшасы) Қаржауова Мөлдір (№15 Айна балабақшасы) оқ бойы озып шықты.

Жарыстың ережесіне сәйкес, жүлделі орын алған командалар мен үлгілі ойын көрсеткен ойыншыларға аудандық кәсіподақ комитетінің Кубоктары, ақшалай және заттай сыйлықтары тапсырылды.

“Денсаулық” спартакиадасының жоғары дәрежеде өткізуге атсалысқан төрешілерге, Мақатаев мектебінің ұжымына, әрине аудандық кәсіподақ комитетіне үлкен алғыс білдіреміз.

 

Спорт денсаулык кепілі Спорт денсаулык кепілі Спорт денсаулык кепілі Спорт денсаулык кепілі Спорт денсаулык кепілі Спорт денсаулык кепілі Спорт денсаулык кепілі

Ордабасы ауданы, Айгөлек балабақшасы

Ордабасы ауданы,  Айгөлек балабақшасында “Еңбек күні” мерекесі қарсаңында ертеңгілік өтті. Балабақша ыңғайластырылған  жайда орналасса да оқу қызметін жүзеге асыруда көштен қалып жатқан жоқ. Балабақшада  көгалдандыру  жұмысы өте жақсы жолға қойылған, ұжым мүшелері бір үйдің баласындай жұмыла жұмыс істеуде. Тәрбиеленушілер алған білімі мен дағдысын өздерінің өнерлерімен көрсете білді, әсіресе ортаңғы топ балалары өте белсенді екен. Кәсіподақ мүшелері де ертеңгіліке аса жауапкершілікпен қатысты. Көп елене бермейтін, бірақ болашақ  ұрпақ үшін маңызы зор болып табылатын ұлттық “Құрсақ шашу” рәсімі  жұмыскерлердің  күшімен орындалып, керемет насиxатталды. Ұжым мүшелерімен кездесіп, әлеуметтік мәселелер төңірегінде сұқбат жасадық. Балабақша басшылығына, ұжым мүшелеріне және ата-аналар қауымына өз ризашылығымызды білдірдік! Саналы ұрпақты тәрбиелеуде жетістіктерге жете берсін!

Ордабасы ауданы, Айгөлек балабақшасы Ордабасы ауданы, Айгөлек балабақшасы Ордабасы ауданы, Айгөлек балабақшасы Ордабасы ауданы, Айгөлек балабақшасы Ордабасы ауданы, Айгөлек балабақшасы Ордабасы ауданы, Айгөлек балабақшасы Ордабасы ауданы, Айгөлек балабақшасы Ордабасы ауданы, Айгөлек балабақшасы Ордабасы ауданы, Айгөлек балабақшасы

Облыстық спартакиада

Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты жолдауында 2019 жылды Жастар жылы деп жариялады. Осы Жастар жылы аясында Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы Түркістан облыстық ұйымы өзінің іс-шаралар жоспарына сәйкес спорттың волейбол және кіші футбол түрлерінен облыстық спартакиада ұйымдастырып, өткізді. Спорттың волейбол түрінен облыстың барлық аудан, қалаларындағы білім беру ұйымдарынан 16 құрама команда қатысса, кіші футболдан да 16 команда қатысып, өз бақтарын сынады. Облыстық спартакиаданың ашылу салтанатын облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы Б.Еркінбек ашып, әрі қарай өнерпаздар мен жас каратэшілер өз өнерлерін көрсетті. Спорттық ойындарға кәсіби төрешілер қазылық жасады.

Жарыстың қорытындысы бойынша волейболдан жүлделі І орынды Сайрам ауданы, ІІ орынды Сарыағаш ауданы, ІІІ орынды Арыс қаласы мен Созақ аудандары өзара бөлісті. Ал кіші футболдан жүлделі І орынды Түркістан қаласы, ІІ орынды Түлкібас ауданы алса, ІІІ орынға Ордабасы мен Қазығұрт аудандары ие болды. Жүлдегерлерге дипломдар, кубоктар, медальдар және ақшалай сыйлықтар тапсырылса, үздік ойыншылар алғыс хаттармен марапатталды.

Облыстық спартакиада Облыстық спартакиада Облыстық спартакиада Облыстық спартакиада

Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы Түркістан облыстық ұйымының Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын қолдау туралы ҮНДЕУІ

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізу туралы бастамасыҚазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Түркістан облыстық ұйымы активінің кезектен тысмәжілісінде талқыланды. Актив мүшелері аталған бастаманы бірауыздан қолдайтынын және бұл шешімнің өз уақытында және орынды қабылданып отырғанына сенімді екендіктерін білдірді.

Еліміздің тұрғындары үшін ең қымбат құндылық – бейбітшілік пен тыныштық, экономикалық тұрақтылық. Президенттік сайлау ел дамуына тың серпіліс, жаңа серпін беретіні сөзсіз. Президенттік сайлау – барша қазақстандықтардың азаматтық бостандығының ажырамас бөлігі, айқын дәлелі. Біз Қазақстанның азаматтар мен қоғамның әл-ауқатын жақсартуға бағытталған әлеуметтік дамуын және үйлесімді қоғамдық-саяси бағдарын жалғастыра беретіндігіне сенімдіміз. Сонымен қатар, еңбеккерлердің құқығын қорғау, лайықты еңбек үшін тиімдішарттар қалыптастыру, сондай-ақ әлеуметтік әріптестіктің тиімді ынтымақтастығы саласына қатысты көптеген көкейкесті мәселелерді шешудің маңызы зор екенін түсінеміз. Бұл жауапты миссияны заң бойынша сайланған Қазақстан Республикасы Президентінің басшылығымен тұрақтылық, айқындық және ашықтық жағдайында атқарған жөн. Біз еліміздегі барлық әлеуметтік жауапкершілігі жоғары, жасампаз күштерді Қазақстан Республикасында барлық халықаралық нормалар мен стандарттарға сай әділ де ашық сайлау өткізуге қолдау көрсетуге шақырамыз!

Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы Түркістан облыстық ұйымының Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын қолдау туралы ҮНДЕУІ Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы Түркістан облыстық ұйымының Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын қолдау туралы ҮНДЕУІ Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы Түркістан облыстық ұйымының Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын қолдау туралы ҮНДЕУІ Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы Түркістан облыстық ұйымының Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын қолдау туралы ҮНДЕУІ Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы Түркістан облыстық ұйымының Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын қолдау туралы ҮНДЕУІ Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы Түркістан облыстық ұйымының Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын қолдау туралы ҮНДЕУІ

Үш жақты келісімге қол қойылды

2019 жылдың сәуір айының 9-жұлдызында  «Түркістан қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлері палатасының Түркістан облыстық кәсіпкерлер палатасы және «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің  кәсіптік одағының Түркістан облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің Филиалы- Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Түркістан қалалық комитеті арасындағы әлеуметтік әріптестік жөніндегі 2019-2021 жылдарға арналған салалық үш жақты Келісімге қол қою рәсімі өтті.

Қол қою рәсімі Түркістан қаласындағы  «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлері палатасының Түркістан облыстық кәсіпкерлер палатасында өтіп, Келісімге «Түркістан қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі атынан бас маман Ж. Орынбасарова, қалалық кәсіподақ комитетінің төрағасы Д. Турманова, облыстық кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Б.Кенжебаев тараптар атынан қол қойды.

Әлеуметтік әріптестік жөніндегі үш жақты комиссиясының құрамы бекітілді. Келісім   қала көлемінде білім беру ұйымдары мен мекемелерінде әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттейтін құқықтық акт болып табылады.

Келісім Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, ҚР «Кәсіптік одақтар туралы» Заңына, өзге де заңнамалық және нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес білім беру ұйымдары қызметкерлерінің әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және кәсіби мүдделерін қорғау және қызметкерлер үшін қосымша әлеуметтік, құқықтық және кәсіби кепілдіктер, жеңілдіктер мен артықшылықтар, сондай-ақ заңдармен, өзге де нормативтік-құқықтық актілермен, әлеуметтік әріптестік туралы Бас келісіммен, салалық келісіммен белгіленген оңтайлы еңбек жағдайларын жасауды көздейтін жұмыс беруші мен жұмысшылардың өзара міндеттемелерін айқындау және бекіту мақсатында жасалған.

Әлеуметтік әріптестік жөніндегі келісімдер мен ұжымдық шарттар жұмыс беруші мен жұмыскерлер арасындағы еңбек қатынастарын реттеудегі құқықтық акт болып қана қоймай, ұжымдар ішіндегі моральдық-психологиялық ахуалды реттеудегі, еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігін сақтауды қамтамасыз етуге ықпал етпек. Жалпы, жоғарыда түзілен келісімдер кәсіподақ саласының жұмысы аясында бастау алып, жалғасып, жүзеге аспақ.

Үш жақты келісімге қол қойылды Үш жақты келісімге қол қойылды Үш жақты келісімге қол қойылды Үш жақты келісімге қол қойылды Үш жақты келісімге қол қойылды

1 72 73 74 75 76 84