Төлеби аудандық кәсіподақ комитеті

Общественное объединение «Локальный профессиональный союз работников образования и науки Туркестанской области»

Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы Түркістан облыстық ұйымы атқару комитетінің 2019 жылы 22 ақпан күні кеңейтілген мәжілісі өтті.
Күн тәртібінде:
1. “Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Түркістан облыстық ұйымы” ҚБ 2019 жылғы 1 қаңтарға кәсіподақ мүшелері жайлы статистикалық есебі туралы.
2. “2019 жыл-жастар жылы” болып жариялануына байланысты Түркістан облыстық кәсіподақ комитетінің іс-шаралар жоспары туралы.
3.Жастар жылына байланысты “Үздік жас кәсіподақ көшбашысы-2019” және “Үздік студенттік кәсіподақ ұйымы-2019” облыстық байқауларына өткізу туралы.
4. Түркістан облыстық білім басқармасы, “Атамекен” ҰКП Түркістан облыстық кәсіпкерлер палатасы және “Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Түркістан облыстық ұйымы” ҚБ арасындағы 2019-2021 жылдарға арналған әлеуметтік әріптестік туралы келісімнің жобасы жайлы. Айтылған және басқа да түрлі мәселелер толық қаралды.

2019 жыл 20 ақпан күні сағат 10.00-де Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Ордабасы аудандық комитетінің ұйымдастыруымен Темірлан е.м орналасқан “Жастар” сарайының үлкен залында “Келісу комиссиясының жұмысын ұйымдастыру” тақырыбында семинар өтті. Семинарға Ақбердиев Ғ.К-облыстық кәсіподақ комитетінің бөлім басшысы, Датқаев Ә.Ә-Түркістан облысы және Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы” аумақтық бірлестігінің бас маманы, Ақшегирова О.М- “Медиацияны дамыту орталығы ” республикалық ҚБ Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің директоры, Сапарбаева Г.П-Шымкент қаласы адвокаттар алқасының адвокаты, Абай аудандық заң консультациясының меңгерушісі, 95 бастауыш кәсіподақ ұйымының жұмыс берушілері мен бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағалары, аудандық білім бөлімінің мамандары және С.Сейфуллин атындағы ЖОМ келісу комиссиясының мүшелері қатысты. Семинар жұмысының бағдарламасымен аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Сәдірмек Ә.Ш таныстырып, семинар жұмысына төрағалық етті. Семинарда үш мәселе бойынша баяндамалар оқылып, түсіндірмелер мен сұрақтарға жауаптар берілді және “Іскерлік ойыны” өткізілді. 1.”Келісу комиссиясының жұмысын құқықтық реттеу. Келісу комиссиясы туралы ереже” (Маxанова З.С), 2.”Еңбек дауы және оның туындау себептері. Жеке еңбек дауын шешудегі келісу комиссиясының ролі”. (Сапарбаева Г.П), 3. “Медиация заңының қолдану аясы” (Ақшегирова Л.М). 4.Іскерлік ойыны:”Келісу комиссиясының” отырысы (С.Сейфуллин атындағы ЖОМ). Баяндамашылар еңбек қатынастарын реттеуге байланысты келісу комиссиясын құру және оның жұмысын жүргізу, жеке еңбек дауының туындау себептері, оны шешудегі комиссиясының ролі, медиация заңының маңызы туралы жан-жақты баяндады. Ақбердиев Ғ.К және Датқаев Ә.Ә келісу комиссиясының құрамын таңдауға мән беру керектігі, күнделікті жұмыс барысында мән беріле бермейтін қарапайым жайттардан үлкен еңбек дауының туындау жағдайлары, оны шешудің жолдары туралы өздерінің тұжырымды және салиқалы ой-пікірлерімен бөлісті. Іскерлік ойынында С.Сейфуллин атында жалпы орта мектебінің (ұжымда 175 кәсіподақ мүшесі бар) келісу комиссиясы жұмыс берушінің бастамасымен еңбек шарты тоқтатылған ҚР ЕК 52 б 1-ші тарм.24-ші тармақшасы) мұғалімнің арызы туралы істі қарады. Комиссия отырысына куә ретінде мектептің іс жүргізушісі және сарапшы-маман ретінде адвокат Сапарбаева Г.П, аудандық кәсіподақ өкілі Маxанова З.С қатыстырылды. Сондай-ақ С.Мұқанов атындағы ЖОМ директоры Табылды Н.Қ жұмыс беруші мен жұмыскер арасындағы еңбек қатынастарын реттудегі өз тәжірибесін ортаға салды. Бұл жерде көңіл бөлетін мәселе жұмысқа белгісіз себептермен бір айдан астам уақыт бойы жұмысқа келмеген жұмыскерлердің біреуімен еңбек шарты жұмыс берушінің бастамасымен (ҚР ЕК 52 б.1 т. 24), ал екіншісімен, алдымен тәртіптік шара қолданып, одан кейін еңбек шартының жұмыскердің бастамасымен (ҚР ЕК 49-5 бабы) бұзылуы. Сол сияқты келісу комисиясы істі қарауда неге көңіл бөлу керектігі жөнінде де әңгіме қозғалды. Жұмыс берушілер жеке еңбек дауы және жалпы еңбек қатынастарын реттеуге байланысты көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, біліктіліктерін арттыруға мүмкіндік алды. Семинар соңында төрағалық етуші айтылған пікірлер мен ұсыныстар негізінде дайындалған семинардың резолюциясының (шешімімен) жобасымен таныстырды. Семинарға қатысушыларға бағдарламада көрсетілген мәселелер бойынша әдістемелік көмек ретінде 215 дана кітапша дайындалып, таратылды. Кітапшаға семинарды өткізу туралы қаулыдан бастап,жоспары, бағдарламасы,баяндамалар мәтіні, С.Сейфуллин атындағы ЖОМ дайындалған келісу комисиясы ережесінің үлгісі, комиссияны құру тәртібінің, оның отырысын өткізу және комиссия мүшелерін, жауапты тараптарды, сарапшылар мен куәні шақыру құжаттары, арызды тіркеу журналының, комиссияда жеке еңбек дауын қарау жөніндегі “Іскерлік” ойынының желісінің (сценарий), комисия xаттамасының, шешімінің үлгілері, семинар резолюциясының жобасы енгізілді. Жиын соңында аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Сәдірмек Ә.Ш құнды баяндама жасаған Г.П.Сапарбаеваны және Л.М.Ақшегірованы аудандық кәсіподақ комитетінің Алғыс хатымен марапаттады.


Мақтаарал ауданы кәсіподақ комитетінің бастамасымен, Мақтаарал ауданы әкімшлігінің және Мақтаарал ауданы маслихатының қолдауымен 2019 жылдың 16 ақпан күні «Кеңес әскерінің ауған жерінен шығарылғанына 30-жыл толуына орай» волейболдан мекеме қызметкерлері арасында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы» атты ұранымен Мақтаарал ауданының біріншілігі ұйымдастырылып өткізілді.
Аудан көлемінде ұйымдастырылып өткізілген сайысты Мақтаарал ауданының әкімі Б.Асанов пен аудандық мәслихаттың хатшысы Қ.Сәрсекбаев құттықтау сөздерімен ашып берді және осы сайысқа арнайы қатысуға келген Мақтаарал ауданының сот төрағасы Қ.Мұсаев, Мақтаарал ауданының прокуроры Ж.Ботабеков, Мақтаарал ауданының ішкі істер бөлімінің басшысы Ә.Сапарбеков және Мақтаарал ауданы кәсіподақ комитетінің төрағасы А.Жолдасов, Ауған соғысының ардагері А.Сапаровтар Мақтаарал ауданына қарасты барлық мемлекеттік мекемелерден келген сайысқа қатысушы 32 командаға сәттілік пен толағай табыстар тіледі.
«Кеңес әскерінің ауған жерінен шығарылғанына 30-жыл толуына орай» волейболдан мекеме қызметкерлері арасында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы» атты ұранымен Мақтаарал ауданының біріншілігіне қатысқан мекемелер: Мақтаарал ауданы әкімі аппаратының қызметкерлері, Мақтаарал аудандық Прокуратурасы, Мақтаарал аудандық соты, Мақтаарал ауданы полиция бөлімі, мектеп директорлары, Жастар ресурстық орталығының қызметкерелері, Мақтаарал аудандық әкімшілігінің барлық дербес бөлімдері өз командаларымен қатысты, Мақтаарал аудандық білім бөлімінің қызметкерлері, барлық 9 ауылдық округ пен екі кент әкімшілігінің қызметкерлері, Мақтаарал ауданы кәсіподақ комитетінің екі командасы.
Аудан әкімі Б.Асанов, аудандық мәслихаттың хатшысы Қ.Сәрсекбаев, Аудандық сот төрағасы Қ.Мұсаев, Аудан прокуроры Ж.Ботабеков, полиция бөлімінің басшысы Ә.Сапарбеков, аудан әкімінің орынбасары С.Саттарханов, аппарат басшысы Н.Саттаров өз командаларымен ойынға қатысты.
Сайыстың қорытындысы:
І орында – Мақтаарал аудандық прокуратура қызметкерлерінің командасы.
ІІ орында – Мақтаарал ауданы кәсіподақ комитетінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрғаларынан құралған «Кәсіподақ-1» командасы.
ІІІ орында – Мақтаарал аудандық сот қызметкерлерінің командасы.
ІV орында – Мектеп директорларынан құралған команда.
Сонымен қатар сайыс барысында үздік деп танылған спортшыларға арнайы мадақтамалар мен бағалы сыйлықтар табысталды:
Үздік шабуылшы болып – Мақтаарал ауданы сот төрағасы Қ.Мұсаев марапатталды.
Үздік қорғаушы – Қ.Абдалиев атындағы жалпы орта мектебінің директоры Д.Сейсенбаев марапатталды.
Үздік доп ұзатушы – Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Д.Дүрменбаев марапатталды.
Жарыста төрешілік жасаған төрешілерге мақтау қағаздарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Аудан көлемінде ұйымдастырылып өткізілген жарысқа Мақтаарал ауданы кәсіподақ комитетінің атынан бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағаларынан құралған Кәсіподақ – 1 және Кәсіподақ – 2 командалары қатысты.

15 ақпан – Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанын күні” мерекесіне орай Жетісай аудандық кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен білім мекмелерінің бастауыш кәсіподақ ұйымы төрағалары арасында ауданаралық волейбол турнирі ұйымдастырылды. Турнирге Жесісай және Мақтаарал аудандарынан жасақталған 4 команда қатысып бақ сынасты. Іс-шараны аудандық кәсіподақ ұйымдарының төрағалары А.Жолдасов пен А.Ниязбековтер ашып беріп, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Қызықты да тартысты өткен сайыста Мақтаарал ауданының “Қайрат” командасы жеңімпаз атанса, Жетісай ауданының “Қайтпас” командасы 2-орынды иеленді. Ал қос ауданның “Самғау” және “Мақтаарал-2” командалары 3-орынға лайық деп танылды.Отан үшін от кешкен батырларға құрмет көрсету мен салауатты өмір салтын насихаттауда өнеге көрсете білген әріптестер аталған турнирдің ауқымын кеңейтіп, облыстық деңгейде өткізуге уағдаласып тарасты.


Түркістандағы білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитеті Ауған ардагерлерін ұлықтауды бүгінде дәстүрге айналдырған. 10 жыл көлемінде айтулы датаны ұмыт қалдырмай, білім саласында еңбек етіп жүрген ардагер ағаларымызға құрмет көрсету мақсатында түрлі ісшаралар ұйымдастырады. Одан бөлек жыл сайын 2 ардагерді 100% жеңілдікпен, 2 ардагерді 30% жеңілдікпен демалу-сауықтыру шипажайларына жолдама беріп отырады. Биылғы 30 жылдық басқосуды да ерекше леппен өткізді. Кәсіподақ комитетінің оқу әдістемелік орталығында өткен іс шараға білім саласында еңбек етіп жүрген 11 ауған соғысының ардагерлері қатысты. Түркістан облысы Ауған соғысы ардагерлер кеңесінің төрағасы Әзімбай Қожабаев бастаған, өнер саласында қызмет етіп жүрген Арыстан Ахметов, №3 Әмір-Темір атындағы жалпы орта мектебінен Закир Абдураимов, №15 М.Жұмабаев атындағы мектеп-гимназиясынан Тайржан Умаров, №18 Ж.Еділбаев атындағы мектеп-гимназиясынан Жақсылық Жантілес, №20 жалпы орта мектебінен Ғайрат Абдурашитов, №31 мектеп бала-бақшасынан Нұрмахан Адырбеков, «Амангелді» жалпы орта мектебінен Тілес Ақай, «Ұлықбек» жалпы орта мектебінен Гафуржан Бабаханов, «Саз мектебінен» Асан Исмаилов, Абдиразақ Керімбеков №17 Ата-Түрік атындағы жалпы орта мектебінен келген ардагерлерді мерекелік салтанатқа жиналған кәсіподақ белсенділері ерекше ілтипатпен қарсы алып, ортаға жайғастырды. Белгісіз соғыстың құрбаны болған боздақтарды бір минут еске түсіріп, тарихтың таңбалы бетінен орын алған соғыс жайында бейнеролик көрсетілді. Ауған соғысы ардагерлерін құттықтау сөз және марапаттау «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Түркістан облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің бас маманы Қилыбай Бақытжан Қилыбайұлына берілді. Құттықтау сөзден кейін «Ұстаз мерейі – ел мерейі» атты Республикалық журналистер арасындағы байқауға белсене қатысқан Ақмарал Ғаниқызын Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының «Алғыс хатымен», «Шапағат» мүгедекер қайырымдылық қорының төрағасы Еркінбай Шалтанға, өнер саласында көп жылдар қызмет атқарып жүрген Арыстан Ахметовке, ауғандық ардагерлер Ғайрат Абдурашитов пен Нұрмахан Адырбековке «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Түркістан облыстық ұйымы Қоғамдық бірлестігінің «Кәсіподаққа еңбегі сіңген» қызметкер төсбелгілері табысталды. Ардагер Закир Абдураимовты, Жақсылық Жантілесті «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Түркістан облыстық ұйымы Қоғамдық бірлестігінің «Құрмет грамотасымен» марапаттады. Түркістан қаласы білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрағасы Диана Абайқызы бүгінгі кездесудің жас ұрпақтар үшін патриоттық тәрбиенің бастауы екендігін, қаруларын қаламға айырбастаған, кеудесін оққа тосқан арагерлердің еңбегі ерең екендігін айтты. Ардагерлерді кәсіподақ комитетінің «Алғыс хаттарымен» марапаттады.
Жат жерде жолдасынан айрылған, бейбіт күнде соғыс өртіне оранған майдангерлерді атқару комитетінде қызмет атқарып жүрген уақытында Гүлжан Әсілбайқызы жат жерден келген қаралы хабарды азаматтарымыздың жанұясына жеткізудегі қайғы қасіреттің куәгері болған, жылаған ананың көз жасын көрген, «Ұлым қайда деп аңыраған» ананың қайғысына ортақтаса білген бүгінгі таңда сол қайғымен қасіреттің табы жүрегінен кетпеген ана ауған соғысы ардагерлерінің ерекше еңбегін дәріптей отырып қаржылай, заттай сыйлықтармен марапаттады. Түркістан облысы Ауған соғысы ардагерлер кеңесінің төрағасы Әзімбай Қожабаев, «Шапағат» мүгедекер қайырымдылық қорының төрағасы Еркінбай Шалтан, ардагер ұстаз, зейнеткер «Керемет» мектеп балабақша кешенінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Маханов Ыбрайхан сөз алып кәсіподақ комитетіне арнайы ұйымдастырылған іс шара үшін алғыс сезімдерін жеткізді. Білім саласы қызметкерлері ардагерлер кеңесінің төрағасы Аманкелді Міндетбаев бата тілегін білдірді. Кездесу соңы патриоттық әндерге, концерттік бағдарлама ұласты.
Ақмарал Ғаниқызы

Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Түркістан облысы Сарыағаш аудандық комитеті 2019 жылғы 06 ақпан күні “Педагог мәртебесі туралы” Заң жобасы бойынша “Дөңгелек үстел” өткізді.
“Дөңгелек үстелге” аудандық кәсіподақ ұйымы атқару комитетінің мүшелері, бастауыш кәсіподақ комитеттерінің төрағалары, педагогтар және білім мекемелерінің басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
“Дөңгелек үстелді” аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Әкімбай Зейтбайұлы Тастанбеков ашып, жүргізіп отырды.
Ә.Тастанбеков Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев 2018 жылғы 5 қазандағы “Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру” атты Қазақстан халқына Жолдауында “Педагог мәртебесі туралы” Заңды әзірлеу туралы Үкіметке тапсырма берді. Мұны білім саласы қызметкерлері үлкен қанағаттанарлықпен қабыл алды. “Педагог мәртебесі туралы” Заң жобасы білім беру ұйымдары ұжымдарында, кәсіподақ жиналыстарында талқыланып, тиісті ұсыныстар айтылып, облыстық кәсіподақ комитетіне жіберілді. Облыстық кәсіподақ комитеті бізге түскен ұсыныстарды қорытып, Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік Одағына жіберді, олар Заң жобасына енгізілді деп атап көрсетті.
Педагогтың мәртебесі – мемлекеттің мәртебесі!
Республика педагогтарының назарына ұсынылып отырған Заң жобасы 6 тараудан 21 бабтан тұрады.
Бірінші және соңғы тараулар “Кіріспе” және “Қорытындыдан” деп аталынып, 2,3,4,5 – тараулар – педагог мәртебесін анықтайды.
Екінші тарауда педагогтың:
– мәртебесін, этикасын, ары мен намысын, кәсіби қызметін қамтамасыз ету шарттары. Өзінің кәсіби қызметіне байланысты емес жұмыс түрлеріне тартуға тиым салу, көзделмеген тексеруді жүргізуге жол бермеу көрсетілген. Егерде аталған талаптар бұзылған болса лауазымды тұлғалар ҚР Кодексіне сәйкес жауапкершілікке тартылатын болады.
Үшінші тарауда: “Педагог құқықтары” айтылған:
– Педагогтың материалдық жағдайын жақсарту,
– ата – аналардың немесе өзге де азаматтардың өзінің сипаты бойынша педагогтік міндеттерінің шеңберіне кіретін мәселелеріне негізсіз қаралауға тиым салынады.
– Әлеуметтік кепілдіктер (бөлімі):
– Бастапқы жарнасыз жеңілдікті кредит бойынша тұрғын үй сатып алу
– Зейнеткерлік жасқа толғанға дейін педагогикалық жұмысының 30 жылдық өтілі
болғанда зейнеткерлікке шығу құқы.
– Педагогтың балаларына бала – бақшадан кезектен тыс орын беру
– Педагогке жыл сайын еңбек демалысын беру кезінде 2 лауазымдық жалақыдан
кем емес сауықтыру жәрдемақыны беру
Төртінші тарауда:
– Педагогтың міндеттері мен жауапкершілігі,
Бесінші тарауда:
– Педагогты даярлау, қайта даярлау және біліктілікті арттыру.
Жоспар бойынша аталған Заң жобасы қазірде Үкіметте, ақпан айында Парламентке беріледі – деген жоспар бар.
Ә.Тастанбеков осыдан кейін “Дөңгелек үстелдің” мақсатына тоқталды. Ол – Заң жобасы бойынша қатысушылар пікірін тыңдау, педагог мәртебесін көтеру үшін кәсіподақ ұйымдары мен педагогтардың өздері қандай жұмыс жүргізуі керек, қандай іс-шараларды іске асырған жөн деген ұсыныстары мен ойларын тыңдау және жүзеге асыру үшін қандай жұмыстарды атқару керек екенін саралау.
Ә.Тастанбеков “Педагог мәртебесі туралы” Заң жобасы бойынша қысқаша ақпарат беріп, қатысушыларды “Дөңгелек үстел” жұмысына белсенді қатысып, ойларын, ұсыныс-пікірлерін ортаға салуды сұрады.
“Дөңгелек үстелде” пікір айтушылар және сөйлеушілер:
1. Ақбергенов Асылбек – Өстеміров атындағы жалпы орта мектебінің
директоры
2. Досанов Бауыржан – №10 Қ.Сәтпаев атындағы мектеп-гимназия интер-ң
бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы
3. Бимұратова Анар – №1 М.Әуезов атындағы мектеп гимназиясының
қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі
4. Қабылова Халида – №17 Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебінің
директоры
5. Орумбаев Ермек – №20 Амангелді атындағы жалпы орта мектебінің
бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы
6. Баратов Нұрғали – аудандық білім бөлімі әдістемелік кабинетінің
әдіскері
7. Назимов Арынқожа – №3 Ломоносов атындағы жалпы орта мектебінің
тарих пәні мұғалімі
Дөңгелек үстелдің жұмысын Сарыағаш аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Ә.Тастанбеков қорытындылады: “Педагог мәртебесі туралы” Заң педагогтар үшін аса маңызды және қажетті заңнамалық құжат. Біз, білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы болғандықтан бұл заңнама бізге де өте құнды. Себебі біздің мақсатымыз бен жұмысымыздың ең негізгісі – білім саласы қызметкерлерінің еңбек және әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін қорғау.
Алдағы уақытта “Педагог мәртебесі туралы” Заң қабылданғанға дейін әлі де көп жұмыс атқаруымыз керек. Заңнама қолдау бойынша барлық деңгейдегі баспасөзге, электорндық сайттарға материал беріп отыру, ауданға келген Сенат және Парламент депутаттарымен кездесулер өткізіп, қолдау туралы өтініштерімізді жеткізуіміз керек.
Соның бірі және алғашқысы бүгінгі “Дөңгелек үстел” деп санаймын ойларыңызды пікірлеріңізді ортаға салғандарыңызға рахмет. Бұл туралы жоғары кәсіподақ органын хабардар етеміз, баспасөздерге ақпарат жібереміз.
Жалпы, бас қосуымыз өз мақсатына жетті деп ойлаймын. Барлықтарыңызға үлкен рахмет.

30.01.2019 ж күні "Ақбұлақ" жом "Лэпбук дегеніміз не?" деген тақырыппен
шеберлік сыныбы өтті.Бұл шараға жалпы білім беретін мектептерде жұмыс
істейтін мектеп алды дайындық топтарының мұғалімдері қатысты.
Семинарды ұйымдастырушы аудандық білім бөлімінің әдіскері Досқара
Раушан. Аудандық кәсіподақ комитеті тарапынан "ҚР Педагог мәртебесі
туралы" заңының жобасы түсіндірілді.Мектеп жаңа ғимаратқа көшкелі
бірінші рет барған екенмін.Мектеп құрылысының сапасы және ұсталуы
жақсы.Сондай-ақ мектеп директоры Табылды Бекмаxанбет тазалықты нақты
жолға қоя білген,материалдық құндылықтар жақсы сақталған!Мектептің
пайдалануға берілгеніне 5 жыл болса да жап-жаңа,шегесі шығып,кафелі
жарылып,сылағы түсіп,сыры көшкен,өңі кеткен жерлері жоқ. Мәжіліс залы
ерекше стильде соғылған,орындықтар бір бұрыштан екі жаққа қарай
қойылған,өте тиімді және ыңғайлы!Семинар өте тартымды және сапалы өтті!
С.Сейфуллин,С.Ысмайылов,Б.Нұрлыбеков,М.Исламқұлов,Б.Кенжебаев,
М.Жұмабаев, Б.Оңтаев,Қ.Бектаев,Қ.Сыпатаеватындағы,"Ақбұлақ","Көкарал"
мектептерінен келген мұғалімдер қолдарынан келген барлық мүмкіндіктерін
пайдаланып,кәсіптік деңгейлері мен шеберліктерін көрсетті!Ешқандай
жасандылығы жоқ,көпшіліктің алдында дайындалғанын көзімізбен
көріп,қолымызға ұстадық.Кәсіптерін жақсы меңгере білген ылғи ісмер
мұғалімдер бір-біріне үйретіп және бір-бірінен үйреніп дегендей уақыттың
зымырап қалай өткенін байқамай да қалыппыз!Көпшілікті жинап
алып,"әйтеуір өткіздің бе" емес,жүйелі де жоспарлы, мағыналы да,тәлімді
жиын болды!Егер әрбір кәсіп иесі өз міндетіне құрметпен қарайтын болса
нәтиже де өз жемісін берері сөзсіз!Дегенмен де мені ойландыратын бір
мәселе болды.Нақтырақ айтқанда сабақта көрнекі құрал ретінде
пайдаланатын лэпбукті дайындау шығыны. Лэпбукты дайындау үшін
көптеген заттар (әсіресе кеңсе заттары, қатты-жұмсақ ойыншықтар,
фотосуреттер,картиналар, мата,жүн,бояулар,түрлі формалы заттар,заттарды
құрастыру үшін қажетті құрал-саймандар т.с.с) мұғалімдердің жеке
қаржысына сатып алынады екен (әрине үйдегі кейбір жарамсыз деп және
артық болып табылатын заттар да пайдаланылды).Дегенмен де мұғалімге
жалақы педагогтік қызметі үшін ғана төленуі керек екенін белгілі!Сонда
мұғалім әрбір сабағына керекті қыруар көрнекіліктер үшін өзі
шығынданатын болса аз ғана жалақысымен қалай күн көреді?Педагог
мәртебесін көтеру жөніндегі заң жобасына осы мәселе жөнінде талап орынды
ұсынылған екен!Жиын соңында семинарға келгендер өз ара пікірлерімізді
бөлісіп, ұйымдастырушыларға ізгі тілектерімізді айтып,тарқастық!
