Жетісай аудандық спартакиядасы

Жетісай аудандық кәсіподақ комитеті

 

Наурыз айының 27-28 күндері Жетісай ауданы көлеміндегі білім беру ұйымдары қызметкерлері арасында білім бөлімі мен аудандық кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен спорттық спартакиада өткізілді. Алдын ауылдық округ, кенттер арасында іріктеу турнирлері өтіп, осынау кезең жеңімпаздары байрақты бәсекенің аудандық кезеңінде бақ сынасты. Кіші футбол, волейбол, баскетбол, шахмат және тоғызқұмалақ сияқты спорттың 5 түрінен өткен турнир қызықты да тартысты өтті.

Турнир қорытындысында спорт түрлері бойынша сарапқа салынған жүлделі орындарға мына командалар ие болды:

Кіші футбол турнирінде:

І орын – С.Сейфуллин атындағы ЖОМ

ІІ орын – Т.Рысқұлов атындағы ЖОМ

ІІІ орын – Ғ.Мұратбаев атындағы ЖОМ

Волейбол турнирінде:

І орын – «Достық» ЖОМ

ІІ орын – А.Байтұрсынов атындағы ЖОМ

ІІІ орын – «Қайнар» МГ

Баскетбол турнирінде:

І орын – Г.Титов атындағы ЖОМ

ІІ орын – «Дәуір» ЖОМ

ІІІ орын – «Жеңіс» МГ

Шахмат турнирінде:

І орын – А.Байтұрсынов атындағы ЖОМ

ІІ орын – М.Мақатаев атындағы ЖОМ

ІІІ орын – Қазыбек би атындағы ЖОМ

Тоғызқұмалақ турнирінде:

І орын – Ш.Уалиханов атындағы ЖОМ

ІІ орын – «Асықата» ЖОМ

ІІІ орын – М.Әуезов атындағы ЖОМ

Сонымен қатар спорт бәсекелерінде Алдамұратов Е., Бакирамов О., Елмұратов Б., Матжанов Б., Шуренов Б., Қияшев М. сияқты әріптестеріміз үздік ойындарымен танылды.

Аудандық спартакиаданың жабылу салтанатында барлық жүлдегер командалар мен үздік ойыншыларға, үздік төрелік еткен төрешілер мен ұйымдастыру алқасына аудандық білім бөлімі мен кәсіподақ комиеті атынан арнайы кубоктар, медаль мен марапаттар және сый-сияпаттар табысталды.

Түлкібас аудандық кәсіподақ комитеті

     Түлкібас аудандық кәсіподақ комитеті

 

2019  жылы  Жастар жылы  деп жариялануына байланысты, Түлкібас аудандық кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен  Макаренко атындағы жалпы орта мектебінің спорт залында аудан мектептерінің бастауыш кәсіподақ  ұйымдары  арасында волейболдан, кіші футболдан және баскетболдан  спартакияда өткізді,  жарысқа 23  команда қатысты.

1-орынды Келте-Машат  округінен  Жиынбай жалпы орта мектебі

2- орынды Састөбе округінен  А.Оразбаева жалпы орта мектебі

3-орынды Машат округінен Жамбыл атындағы жалпы орта мектебі.

Жеңімпаз командалар дипломдар және бағалы сыйлықтарымен марапатталды.

Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы Түркістан облыстық ұйымы ҚБ облыстық семинары

«Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы Түркістан облыстық ұйымы» ҚБ жұмыс жоспарына сәйкес 2019 жылғы 27 наурыз күні облыстық семинар өткізілді. 

                                                          

Семинарға қатысқандар: университеттер, колледждер және облыстық кәсіподақ комитетіне тікелей қарасты  бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары.

Семинар алдында Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы  Түркістан облыстық ұйымының жұмыстары туралы бейнефильм көрсетілді.

Семинарды облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы Б.Еркінбек ашып, семинардың мақсатына тоқталды.

Облыстық кәсіподақ комитеті төрағасының орынбасары Абуов А.Ш. Жастар жылына байланысты облыстық кәсіподақ ұйымының іс-шаралары. Бастауыш кәсіподақ ұйымдары туралы ереже жайлы, БКҰ-ның жұмысын жоспарлау туралы лекция оқыды.

Облыстық кәсіподақ комитетінің бөлім басшысы Акбердиев Ғ.К. Кәсіподақ мүшелерін әлеуметтік-экономикалық және құқықтық қорғаудағы әлеуметтік әріптестіктің маңызы, ұжымдық шарт пен келісім шарт жасау туралы практикалық жұмыстар, жеке еңбек дауларын қарау тәртібі, келісу комиссиясының жұмысын ұйымдастыру бойынша методикалық нұсқаулықтар туралы баяндады.

Облыстық кәсіподақ комитетінің маманы Қилыбай Б. білім мекемелеріндегі өндірістік кеңестің және еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспектордың жұмысын ұйымдастыру бойынша методикалық нұсқаулық туралы айтты.

     Семинар соңында семинарға қатысушылар өз ойларын білдіріп, пікір алмасты.

22-Наурыз мерекесі

Мақтаарал ауданы білім бөлімі мен Мақтаарал аудандық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен «Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесі» қарсаңында білім беру саласында толағай табыстарға кенелген білім саласының қызметкерлеріне және «Алтын алқа» иегерлеріне Мақтаарал аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрағасы А.Жолдасов  Мақтаарал ауданының әкімі Б.Асановтың, Мақтаарал ауданы маслихатының хатшысы Қ.Сәрсекбаевтың атынан арнайы алғыс хаттарын, Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Түркістан облыстық ұйымының төрағасы Б.Еркінбектің атынан арнайы «Кәсіподаққа сіңген еңбегі үшін» төс белгілерін және құрмет грамоталары мен алғыс хаттарын табыстады. Мерекелік шара барысында Мақтаарал аудандық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің төрағасы А.Жолдасов мерекемен құттықтап, толағай табыстар тіледі.

Үш жақты келісім

Созақ ауданы әкімдігінің білім  бөлімінің басшысы Айдаров Нұралы Тұрдыұлы , «Атамекен» ҰКП Созақ АФ директоры Жүсіп Ғабит Елбергенұлы, Білім және ғылым қызметкерлері Созақ аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Қасым Манас Сейдахметұлы 2019-2021 жылдарға арналған әлеуметтік әріптестік жөніндегі үш жақты келісімге қол қойды.

Жасалынған құжаттың мазмұнында білім қызметкерлерінің құқығының қорғалуына және ұстаздардың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға баса назар аударылған.             Үш жылға жасалынған келісімнің жұмыс жоспарында қажетті тақырыптар қамтылған. Сонымен қатар, тараптардан тепе-теңдік жағдайда комиссия бекітілген.                                                                Олар белгіленген мерзімде келісімде қаралған мәселелерді бақылап, орындалуын қадағалап отырады. Келісім барысында білім саласындағы түйткілді мәселелердің алдын алуға және дер кезінде қалпына келтіруге бағытталғаны жөнінде айтылып, бұл жұмыстың оң нәтиже беретініне сенім білдірді.

 

 

22 наурыз мейрамы

Құрметті әріптестер!
          Сізді және сіз басқарып отырған ұжымды Ұлыстың ұлы күні –Наурыз                            мерекесімен шын   жүректен құттықтаймын.                                                                                                                                                                                              Елімізді  өркендетуге,  халқымыздың  әл-ауқатын  жақсартуға    бағытталған алқымды шараларды жүзеге асырудағы қажырлы қызметтеріңіз әр дайым табысты болып, ойға алған барлық арман, жоспарларыңыз орындалсын. Ұлтымыздың мерейін өсіріп, бар болмысымызды айшықтайтын қасиетті – Наурыз мерекесі елімізге, әрбір отбасына бірлік пен қуаныш, құт-береке, бақыт пен молшылық әкелсін! Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!
                                                                        Құрметпен,  Еркінбек Б.С.
                                                                        Түркістан облыстық кәсіподақ
                                                                        комитетінің  төрағасы.

Үздік тәрбиеші-2019 байқауы

Мақтаарал ауданы білім бөлімі мен Мақтаарал аудандық білім және ғылым қызметкерлерінің  кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен 16 наурыз күні Мақтаарал ауданы, Жамбыл ауыл әкімшілігіне қарасты бала бақшалар арасында «Үздік тәрбиеші – 2019» байқауы ұйымдастырылып өткізілді.

Байқауға Жамбыл ауыл әкімшілігдегі «Күн әлемі», «Қызылжаға», «Жамал әже», «Айкен-Тоғжан», «Би Мардан» және «Бибіш ана» бала бақшаларының тәрбиешілері қатысып, 6 сайыс бойынша (Сәлемдесу, Педагогикалық жағдаяттарды шешу, «Өнерлі өрге жүзер» өнер сайысы, Үй тапсырмасы (еркін тақырыпта юморлық көрініс), Сұрақ-жауап және жұмыс барысындағы ең үздік көрнекіліктерімен таныстыру) сайысқа түсті.

«Үздік тәрбиеші – 2019» байқауына төрелік жасаған әділ қазылар алқасының құрамы:

  1. Мақтаарал ауданы білім бөлімінің әдіскері –Баймаганбетова Сабира
  2. Мақтаарал ауданы кәсіподақ комитетінің маманы – Жанисов Ержан
  3. Жамбыл ауыл әкімшілігінің құрметті азаматы, жазушылар одағының мүшесі – Сыздықов Құралбек
  4. Ажар бала бақшасының әдіскері – Тойлыбаева Зухра

«Үздік тәрбиеші – 2019» байқауының қорытындысына сәйкес «Үздік тәрбиеші – 2019» байқауының жеңімпазы «Күн әлемі» бала бақшасының тәрбиешісі Пішенбаева Бағланай апайымыз иеленді.

«Қызыл жаға» бала бақшасының тәрбиешісі Өмір Әйгерім «Өнерлі тәрбиеші номинациясымен.

«Жамал әже» бала бақшасының тәрбиешісі Налибаева Алеся «Ізденімпаз тәрбиеші» номинациясымен.

«Айкен-Тоғжан» бала бақшасының тәрбиешісі Нуралиева Гулсім «Заманауи тәрбиеші» номинациясымен.

«Би Мардан» бала бақшасының тәрбиешісі Жасузакова Улдыгыз «Тапқыр тәрбиеші» номинациясымен.

«Бибіш ана» бала бақшасының тәрбиешісі Төреханова Айнұр «Шығармашыл тәрбиеші» номинацияларымен марапатталды.

Сайысты ұйымдастырған және сайысқа қатысқан барлық бала бақшаның ұйымдастыруышлары мен тәрбиешілеріне Мақтаарал аудандық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитеті арнайы алғыс хаттары мен мадақтамалары және бағалы сыйлықтар табысталды.

Үш жақты келісімге қол қою

Бүгін, 14 наурыз 2019 жылы, Жетісай ауданының білім бөлімі,Түркістан облысы Кәсіпкерлер Палатасының Жетісай аудандық филиалы және аудандық кәсіподақ комитеті арасындағы 2019-2021 жылдарға арналған әлеуметтік әріптестік туралы салалық келісімге қол қойылды. Келісім құжаты жұмыс беруші мен жұмыскерлер арасындағы еңбек қатынастарын реттеу, әлеуметтік әріптестік пен құқықтық мәселелер бойынша өзара ынтымақтастықты қалыптастыруға негізделген. Барлық сала қызметкерлерінің мүддесін қорғау құралы болып табылатын салалық Келісім Түркістан облыстық Еңбек инспекциясына тіркелген соң заңды күшіне енетін болады.

Жетісай ауданынан

Аудандық кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен Мақталы ауылдық округі мектептерінің мұғалімдері арасында Ы. Алтынсарин мектебінде “Екі жұлдыз” байқауы өтті. Іс-шара тартысқа толы, мазмұнға бай өрбіді. Таныстыру, жағдаяттан шығу және ән орындау шарттары бойынша сайысқан әріптестер көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлай білді.
Кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен ауылдық округ, қала мен кенттер бойынша өтіп жатқан іс-шараның қорытынды аудандық кезеңі бірінші кезең жеңімпаздары арасында «10 маусым – Кәсіподақ күніне» орай өткізілетін болады

Кентау қалалық кәсіподақ комитеті

Кентау қалалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитеті мен қалалық білім бөлімі ұйымдастыруымен 8-Наурыз Халықаралық аналар мен арулар мерекесіне орай 2019 жылдың 07 наурызында іс-шаралар өткізді.
Қалалық кәсіподақ мүшелерін 276 құрмет грамоталары, алғыс хаттары және бағалы сыйлықтары тапсырылды. Сонымен қатар, 50 жасқа толған кәсіподақ мүшелеріне қалалық кәсіподақ комитетінің тарапынан 26 бағалы сыйлықтар берілді.
8-Наурыз Халықаралық аналар мен арулар мерекесіне орай қалалық кәсіподақ комитетінің төрағасы атынан қала аумағында тұратын 18 алтын алқа, 118 күміс алқа иегерлеріне сыйлықтар берілді, қалалық кәсіподақ комитетінің мүшелері жоғары марапаттарға ие болды.
Атап айтсақ Жайықбаева Гульжамал Маханбетжановна Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің Алғыс хатымен, Ахметова Лаззат Баратбековна Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен, Атабек Салтанат Атабекқызы зейнеткер ұстаз Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағының Алғыс хатына және Гайипова Диларам Ариповна Кентау қалалық мәслихатының Алғыс хаты, облыстық кәсіподақ комитетінің тарапынан Абдухаликова Шахла Айтмухамбетовна және ардагер ұстаз Худайбергенова Тұмаркүл Асанқызы «Кәсіподаққа еңбегі сіңген қызметкер» төсбелгісімен марапатталды.

1 79 80 81 82 83 90