Жетісай аудандық кәсіподақ комитеті

Общественное объединение «Локальный профессиональный союз работников образования и науки Туркестанской области»


8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған
мерекелік іс-шара өтті
Сарыағаш аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен. Сарыағаш аудандық мәдениет үйінде 8-наурыз “Халықаралық әйелдер күні” қарсаңында “Ана-гүл, Ана-өмір шуағы” тақырыбында мерекелік салтанатты іс-шара өтті. Аудандық білім мекемелерінде жұмыс жасайтын “Алтын, Күміс алқалы алтын құрсақты, бірнеше егіздерді дүниеге алып келген Батыр аналар қатысты.
Мерекеге Қазақстан Республикасы парламент сенатының депутаты Әли Бектаев, Сарыағаш ауданының әкімі Қайрат Абдуалиев, Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің “Түркістан облыстық ұйымы қоғамдық бірлестігінің” төрағасы Бахыт Еркінбек, Сарыағаш аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Әкімбай Тастанбеков, аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы Назира Тәшімбетова қатысып, барша аналарды “8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні” мерекесімен құтықтады.
Салтанатты жиынға арнайы шақырылған көп балалы Батыр аналарға марапат жасалынып, сыйлықтар тапсырылды.
Мерекелік құтықтау соңы аудандық өнер иелерінің концерттік бағдарламасына ұласты.

Түркістан облысы Ордабасы ауданы Темірлан елді мекені аудандық мәдениет үйінде білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Ордабасы аудандық комитетінің ұйымдастыруымен “Мың алғыс саған,анашым!” тақырыбымен аналар мерекесі өтті. Мерекеге ардагер аналар, Алтын, Күміс алқа иелері, бірнеше егіздерді дүниеге әкелген аналар, көпбалалы аналар, үздік ұстаз-аналар, жас ұстаздар отбасылары-барлығы 470 адам қатысып, бәрінің иықтарына орамал жабылып, тарту етілді, гүл шоғы сый-сияпат тарту етілді. Сондай-ақ 74 анаға сыйлықтар беріліп, Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының облыстық және аудандық комитетерінің, аудан әкімінің және аудандық мәслиxаттың марапаттарымен көтермеленді. Мерекелік құттықтау өнер иелерінің мерекелік концертіне жалғасты. Мерекеге облыстық кәсіподақ комитетінің бөлім басшысы Ақбердиев Ғ.К, аудан әкімінің орынбасары Тілеубердиев А.С, “Нұр Отан” партиясы АФ төрағасының бірінші орынбасары Жәкей Б.Б қатысып, аналарды мерекемен құттықтады. Аналардың бал-бұл жанған түрлерін көріп, біз де мәз болдық! Шынайы құрмет, жылы лебіз қашан да көңілге қуаныш сыйлайды!

Ұш жақты келісім
Бүгін 06 наурыз күні Мақтаарал ауданы білім бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы М.Бабашев, Мақтаарал аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы А.Жолдасов және Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының Мақтаарал аудандық филиалының директоры Н.Абдразакова 2019-2021 жылдарға арналған ӘЛЕУМЕТТІК-ӘРІПТЕСТІК ТУРАЛЫ КЕЛІСІМГЕ қол қойды.

Төлеби аудандық кәсіподақ комитеті мәлімдейді. Аудандық білім бөлімі және аудандық кәсіподақ комитеті Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жастардың бүгіні мен болашағына қамқорлық жасауды өз саясатының мәніне бағалап, биылғы 2019 жылды «Жастар жылы» деп жариялауына сәйкес, жастар жылын өткізуге арналған іс-шаралар жоспары барысындағы білім саласындағы жұмыс істейтін көп балалы аналарды қошеметтеп 8 – наурыз халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында іс- шара өткізді.
Іс-шараға аудандағы жалпы орта білім беретін мекемелердегі 20 мұғалім шақырылды. Олардың 10 білім саласында жұмыс істейтін 35 жасқа дейінгі көп балалы аналар, ал 10 аудан көлемінде білім саласына еңбегі сіңген, облыстық және республика деңгейінде білімді шәкірттер тәрбиелеп жүлделі орындар иеленіп жүрген мұғалімдер. Іс-шарада аудандық кәсіподақ комитеті төрағасы Раджу Сайлауұлы және аудандық білім бөлімі әдістемелік кабинет меңгерушісі Тұрғанова Ақмарал Жақсыбайқызына сөз берілді. Өз сөздерінде көктемнің алғашқы мерекесі әйелдер күні мерекесімен құттықтап, алғыс хат, құрмет грамотасы және Төлеби аудандық кәсіподақ комитетінің арнайы сыйлықтарымен марапаттады. Сондай-ақ мерекелік концерт қойылды. Концерт соңында аналар алғыстарын айтып, өз ризашылықтарын білдірді.

Мақтаарал ауданы білім бөлімі мен Мақтаарал аудандық кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен 06 наурыз күні «№4 С.Рахимов атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 8 наурыз – Халықаралық аналар, қыз-келіншектер мерекесіне орай «Отбасы берекесі – Әйелдер мерекесі» құтты болсын тақырыбында мерекелік шара ұйымдастырылып өткізілді.
Мерекелік шараны Мақтаарал ауданының әкімі Б.Асанов құттықтау сөздерімен ашып беріп,
барша аналар мен қыз-келіншектерді мерекемен құттықтап, Мақтаарал ауданы әкімінің және
Мақтаарал ауданы маслихатының алғыс хаттарымен ұстаздарды марапаттады.
Сонымен қатар Мақтаарал ауданы білім бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы
М.Бабашев пен Мақтаарал аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы А.Жолдасов мерекелік
шараға келген ұлағатты ұстаздар мен ардагер ұстаздарды мерекемен құттықтап Мақтаарал
ауданы білім бөлімі мен Мақтаарал аудандық кәсіподақ комитетінің атынан ұстаздарға алғыс
хаттарын табыстады.
8 наурыз – Халықаралық аналар, қыз-келіншектер мерекесіне орай ұйымдастырылған
мерекелік шара арнайы концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.

Шардара аудандық білім қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің төрағасы Жұман Ұлықбек мырза шұғылалы көктемнің алғашқы мерекесі – 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні мейрамымен шын жүректен құттықтап,ана қуанышы, әйел қуанышы-әр үйдің отбасының Отанның мерейі дей келе әрбір отбасына бірлік-береке, кемел табыс, қызметте өрлеу және махаббат пен әсемдік тіледі.Аудан мектептерінде алпыстан астам ұстаздарды, зейнеткер және алтын құрсақты көп балалы аналарымызды алғыс хаттарымен марапаттады. Н.Ә.Назарбаевтың 2019жылды “Жастар жылы” деп жариялануына байланысты жас кәсіподақ мүшелері де марапатқа ие болды.
Облыстық кәсіподақ басшысы Бақыт Еркінбек мырзаның құттықтау сөздерін және ұстаздарымыздың көп жылдан бергі ерен еңбектерімен шәкірттеріне сапалы білім мен саналы тәлім-тәрбие бергені үшін арнайы облыстық кәсіподақ төсбелгісімен, алғыс хаттарымен марапаттады.
Жұман Ұлықбек мырза аналарымыздың мерекесіне орай концерттік бағдарлама ұйымдастырып, қаржылай сый-сияпат жасап, гүл шоқтарын ұсынды. Аналарымыз алғыстарын айтып, ризашылықтарын білдірді.

Кәсіподақтағы батыр аналармен кездесу
Түркістан қалалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитеті 8 Наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі қарсыңында «Ана – тіршіліктің тірегі» атты салтанатты жиын өткізді. Жиынға 51 “Алтын алқа, 151 “Күміс алқа” иегері атанған алтын құрсақ аналар қатысты. Мақсат: көпбалалы аналарды дәріптеу, мадақтау. Алқалы жиынды Түркістан қаласының Құрметті азаматы, Түркістан облысы ардагерлер кеңесінің мүшесі, қаланың өсіп өркендеуіне өз үлесін қосып жүрген ардақты ана, кәсіподақ комитетінің кеңесшісі Гүлжан Әсілбайқызы ашып, кәсіподақтың белсенді мүшелері білім саласында басшы қызмет атқарып жүрген 1. Примжанова Тамара Мамашевна М.Жұмабаев атындағы №15 мектеп – гимназиясы, 2. Утеуова Гулнара Кумиртаевна №22 жалпы орта мектебі, 3. Азретбергенова Жанил Жарылхасыновна №23 жалпы орта мектебі 4. Ибадуллаева Рая Серикбаевна М.Мәметова атындағы №6 жалпы орта мектебінің директорлары «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Түркістан облыстық ұйымы» Қоғамдық бірлестігінің «Кәсіподаққа еңбегі сіңген қызметкер» төс белгісін табыстады. Осы төс белгі Хамза атындағы №2 жалпы орта мектебінің өзбек тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Дийметова Дильбар Абдуразаковнаға да табысталды. Бүгінгі құрмет, бүгінгі гүлшоқтары Сіздерге арналады деп жүргізуші хабарлағаннан кейін 202 аналарға гүлшоқтары табысталды. Түркістан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Жамболова Дүйсенкүл Жамболқызы мен Қалалық әйелдер алқасының төрайымы Мұстафаева Ұлжан Әбенқызы да “Алтын құрсақ” аналарды құттықтап ыстық лебіздерін білдіріп, кәсіподақ белсенділерін «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Түркістан облыстық ұйымы» Қоғамдық бірлестігінің «Құрмет грамотасын» 1. Орынбаева Жанил Анишовна №9 Некрасов атындағы мектеп – гимназиясы коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директорына 2. Есетова Салтанат Махамбетовна «Балдырған» бөбекжай балабақшасының меңгерушісі 3. Абдираманова Гульназ Бакбергеновна «Көркем» бөбекжай балабақшасының меңгерушісі 4. Айтбенбетова Ұлжалғас Тулебайқызы «Алтын сақа» балабақшасының меңгерушілеріне табыстады.
Түркістан қалалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрағасы Турманова Диана Абайқызы батыр аналарды мерекесімен құттықтап, кәсіподақ комитетінің заттай сыйлығын “Алтын алқы”, “Күміс алқа” иегерлері 202 анаға тапсырды. Төраға 1. Абдумауленова Гүлрайхан «Келешек» санаториялық бөбекжайының, 2. Зайтханова Зилола «Шамшырақ» балабақшасының, 3. Вапаева Дилноза «Шамшырақ» балабақшасының, 4. Сейтбекова Айнұр «Мереке» бөбекжай балабақшасының тәрбиешілерін және 5. Шарафиддинова Дилафруз
«Тажиниса ана» балабақшасының ағылшын тілі пәнінің мұғалімін Түркістан қалалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің мақтау қағазымен марапаттады. «Алтын алқа» иегері «Шұғыла» балабақшасының тәрбиешісі Райымбаева Айсара Маткаримқызы және «Күміс алқа» иегері №9 Некрасов атындағы мектеп – гимназиясының мұғалімі Сәбден Баян Қасымқызы сахна төріне шығып шынайы алғыстарын білдірді. Әрбір құттықтау сөзден, марапаттан кейін концерттік бағдарлама, жиын соңы Ш.Қалдаяқовтың “Ана туралы жыр” әнін жиынға қатысушы аналармен бірлесе отырып орындауда жиын өз мәресіне жетті.


