Астана қаласы ҚР кәсіподақтар Федерациясының кіші мәжіліс залында

30.03.2018ж.Астана қаласы ҚР кәсіподақтар Федерациясының кіші мәжіліс залында «Зерттеу және қақтығыстардың алдын-алу оқу орталығы» ұйымдастыруымен «Имидж профсоюзного лидера и принципы построения профсоюзной организации. Инновационные технологии и активное участие молодежи в профсоюзном движении» тақырыбында оқу-семинары болып өтті.Семинарға Қазақстанның бес облысынан жалпы саны 25 адам қатысты. «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Оңтүстік Қазақстан облыстық ұйымы» Қоғамдық бірлестігінің атынан Облыстық кәсіподақ комитетінің маманы Ж.Қорғанбаев,Түркістан қалалық білім және ғылым кәсіподағының төрағасы Д.Турманова,Ордабасы аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының маманы Э.Алтынбекова,Сарыағаш аудандық білім және ғылым кәсіподағының маманы А.Аликулов, Шымкент қаласы М.Тасова  атындағы  №12«Дарын». мектеп- интернатының бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы  Г.Бектурова ,М.Әуезов атындағы ОҚМУ-ң студенттер кәсіподағының төрағасы Д.Мухтаров қатысып,белсенділік танытты.Семинар соңында барлық қатысушыларға сертификат табысталды.

Семинар Астана

30.03.2018ж.Астана қаласы ҚР кәсіподақтар Федерациясының кіші мәжіліс залында «Зерттеу және қақтығыстардың алдын-алу оқу орталығы» ұйымдастыруымен «Имидж профсоюзного лидера и принципы построения профсоюзной организации. Инновационные технологии и активное участие молодежи в профсоюзном движении» тақырыбында оқу-семинары болып өтті.Семинарға Қазақстанның бес облысынан жалпы саны 25 адам қатысты. «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Оңтүстік Қазақстан облыстық ұйымы» Қоғамдық бірлестігінің атынан Облыстық кәсіподақ комитетінің маманы Ж.Қорғанбаев,Түркістан қалалық білім және ғылым кәсіподағының төрағасы Д.Турманова,Ордабасы аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының маманы Э.Алтынбекова,Сарыағаш аудандық білім және ғылым кәсіподағының маманы А.Аликулов, Шымкент қаласы М.Тасова атындағы №12«Дарын». мектеп- интернатының бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Г.Бектурова ,М.Әуезов атындағы ОҚМУ-ң студенттер кәсіподағының төрағасы Д.Мухтаров қатысып,белсенділік танытты.Семинар соңында барлық қатысушыларға сертификат табысталды.

АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР БАҒАЛАНЫП, ЖАҢА МЕЖЕЛЕР БЕЛГІЛЕНДІ

АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР БАҒАЛАНЫП, ЖАҢА МЕЖЕЛЕР БЕЛГІЛЕНДІ
Бүгін Ордабасы ауданының әкімі Рашид Қайыпжанов 2017 жылы атқарылған жұмыстар мен 2018 жылға белгіленген міндеттер жөнінде Ордабасылықтар алдында есеп берді. Жиналысқа Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы Әуелхан Тұрғынбеков арнайы қатысты.
Алғаш болып сөз алған аудан әкімі Рашид Үсіпханұлы былтырғы атқарылған тірліктерді тізбектеп, көпшілікті алға қойылған міндеттермен таныстырды.
Жалпы ауданның 2018 жылға арналған бюджет көлемі 16 млрд. 004 млн. теңге болып бекітілді.Ауылшаруашылық саласы бойынша аудан көлемінде жалпы өнім көлемін 36 млрд. теңгеге, егістік жерлердің көлемін 54 200 гектарға жеткізіп, қосымша 1000 гектарға ұлғайту, жылыжай көлемін қосымша 16 гектарға, қарқынды бау көлемін 187 гектарға ұлғайту, сондай-ақ «Сыбаға», «Құлан», «Алтын асық» бағдарламалары бойынша асыл тұқымды мал басын 6583 басқа арттыру межеленуде. Бөген ауыл округінен «Қарабала» шаруа қожалығымен, Бөржар ауыл округінен «Миграж Б» ЖШС-гі мал бордақылау алаңын 1000 басқа ұлғайтуды және Қарақұм ауыл округінен «Сәтті жол-1» ауылшаруашылық өндірістік кооперативі ет өңдеу цехын іске қосуды жоспарлауда. Ағымдағы жылы 6 канал облыстық бюджет есебінен механикалық тазалаудан өткізіледі. Өнеркәсіп өнімінің көлемін 17 млрд. 934 млн. теңгеге жеткізіп, өткен жылмен салыстырғанда нақты көлем индекісі 105 пайызға арттыру көзделуде. Қазақ-Түрік индустриялды аймақта орналасқан, индустрияландыру картасы аясында құны 7 млрд. 025 млн теңгені құрайтын 3 жобаны, 190 жаңа жұмыс орнымен іске қосылады деп күтілуде. Құрылыс саласында Теспе, Береке ауылдарынан 200 орындық, Шұбарсу ауылынан 600 орындық «Достық» жалпы орта мектептерінің құрылысын аяқтап, Арыстанды, Ордабасы ауылдарынан 200 орындық жалпы орта мектеп құрылыстары басталады. Коммуналдық сала бойынша Арыстанды, Боралдай, Жусансай ауылдарының ауыз су жүйесінің құрылысын жүргізу жоспарланып отыр.
Ықыластемір және Теспе ауылдары табиғи газбен қамтылып, Темірлан ауылына табиғи газ құбырын тарту жұмыстары басталады. Өңірлерді дамыту бағдарламасымен аудандық бюджет есебінен жалпы 455 млн. 694 мың теңгеге аудан бойынша ішкі көшелерге күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
Ауданның Құрметті азаматы Қойшыбай Әріпбаев аудан басшысының есебіне қанағаттанғанын айта келе, ауданда ет пен тері өнімдерін өңдейтін өндіріс орындарын ашылса деген өтінішін жеткізді. Ал, аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы Мәрия Зәйтүнқызы жас отбасылар мен жас мамандарға берілетін коммуналды үйлердің қатары артса деп ұсыныс айтты. Аудандық мәслихаттың депутаты Замира Маханова “Балапан” бағдарламасымен жұмыс жасап отырған балабақшаларға бөлінетін қаржы мәселесін көтерді.
Басқосуды қорытындылаған Әуелхан Елтайұлы ауданда тындырылған тірлік бар екенін, әйтсе мұнымен шектелмеу қажеттігін атап өтті. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауында нақтыланған міндеттерді жүзеге асыру үшін тұрғындарды жұмылуға шақырды. Әсіресе кәсіпкерлік пен өндіріс саласын жетілдіру елді жетістікке жеткізетінін тілге тиек етті.

Депутаттармен кездесу

Ордабасы ауданында ҚР парламенті мәжілісінің депутаттары Оспанов Берік Серікұлы, Ахметов Сапар Қайратұлы,Қаратаев Фахриддин Әбдінабиұлымен кездесу өтті. «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Оңтүстік Қазақстан облыстық ұйымы»Қоғамдық бірлестігінің төрағасы З.Маханова мәжіліс депутаттарына :

-балабақша қызметкерлеріне уақытша еңбекке жарамсыздығы үшін ақы төлеу;

-төменгі топтағы жұмыскерлердің жалақысын көтеру;

-мемлекеттік сатып алу заңы бойынша: ықтимал берушілердің өнімдерін сапасына қарай санаттарға бөліп,тапсырыс берушінің есепшотындағы қаражатына сәйкес сапалы тауар таңдауына мүмкіндік туғызатын жүйе жасалынса;

-үй-жайды жылытуға біржолғы берілетін қаржының республикалық бюджеттен берілуіне ықпал ету туралы сұрақ қойды.

Бұл мәселелердің маңызды екенін ескеріп,мәжіліс депутуты Ф.А. Қаратаев сұрақтарды өзінің жеке электронды почтасына жолдауды сұрады.

Семинар

12.12.2017 – 05.01.2018 ж.күндері ОҚО кәсіподақтар орталығының мәжіліс залында «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Оңтүстік Қазақстан облыстық ұйымы»Қоғамдық бірлестігінің жұмыс жоспарына сәйкес Аудандық,қалалық кәсіподақ комитеттерінің мамандары,студенттік кәсіподақ комитеттері төрағалары мен облыстық кәсіподақ комитетіне тікелей қарасты бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағаларына арналған оқу-семинар болып өтті.Семинарды облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы З.Маханова ашып беріп,барлық семинарға қатысушыларды

16-Желтоқсан ҚР тәуелсіздік күнімен және Жаңа жыл мерекесімен

бейнебаян көрсетіліп,құттықтады.

Семинарда:

  1. Облыстық кәсіподақ комитетінің қозғалысы туралы бейне фильм .
  2. ҚР Еңбек Кодексін практика жүзінде қолдану.
  3. Азаматтардан жазбаша және ауызша келіп түскен арыз,шағымдармен жұмыс жүргізу туралы
  4. Жастар кеңесінің жұмысы туралы
  5. Көпшілік ұйымдастыру жұмыстары және статистикалық есептер туралы
  6. ҚР кәсіподақтар Федерациясының «Кәсіподақ» республикалық байқауына қатысу туралы
  7. Ұйымдағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңес туралы .Техникалық инспектордың жұмысын жүргізу тәртібі туралы тақырыптар қамтылды.Семинар соңында кәсіподақ белсенділері және мерейтой иелері марапатталды.

Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Оңтүстік Қазақстан облыстық кәсіподақ комитетінің кеңейтілген мәжілісі.

2017 жылғы 28 қараша күні Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Оңтүстік Қазақстан облыстық кәсіподақ комитетінің кеңейтілген мәжілісі өтті.

Облыстық кәсіподақ комитетінің кеңейтілген мәжілісіне облыстық комитет мүшелері, аудандық, қалалық білім бөлімдерінің басшылары, облыстық кәсіподақ ұйымы құрамындағы оқу орындары мен білім беру ұйымдарының басшылары, бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары, кәсіподақ активі мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылды.

Облыстық кәсіподақ комитетінің кеңейтілген мәжілісіне Оңтүстік Қазақстан облыстық білім басқармасының басшысы И.Ө. Сағындықов, ОҚО Еңбек инспекциясы жөніндегі басқарма маманы Б.Нұрмаханов, ОҚО кәсіподақтар орталығының төрағасы Ғ.Ә. Қарабеков, ҚР мемлекеттік істер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ОҚО бойынша департамент басшысының орынбасары,Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі Ғ. Асанұлы қатысты.

Кәсіподақ комитеті мәжілісі алдында ҚР Тұңғыш Президенті күні мерекесіне байланысты Елбасы Н.Ә.Назарбаев туралы бейнеролик көрсетілді.

Облыстық кәсіподақ комитетінің мәжілісін облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы Маханова Замира Сабековна жүргізіп отырды.

Облыстық кәсіподақ комитеті мәжілісінің күн тәртібі:

  1. «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Оңтүстік Қазақстан облыстық ұйымы» Қоғамдық бірлестігі облыстық комитетінің 2016-2017 жылдардағы жұмысы жайлы есебі, кәсіподақ мүшелерінің еңбек және әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі жұмыстың жайы және алдағы міндеттер туралы».
  2. Баяндамашы – облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы З.Маханова.
  3. Қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру – заман талабы.

Баяндамашы

Облыстық кәсіподақ комитетінің кеңейтілген мәжілісінде сөйлегендер: Оңтүстік Қазақстан облыстық білім басқармасының басшысы И.Ө. Сағындықов, ОҚО Еңбек инспекциясы жөніндегі басқарма маманы Б.Нұрмаханов , ОҚО кәсіподақтар орталығының төрағасы Ғ.Ә. Қарабеков, ҚР мемлекеттік істер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ОҚО бойынша департамент басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі Ғ.Асанұлы, Кентау қалалық кәсіподақ комитетінің төрағасы Т.Садуов, Облыстық кәсіподақ комитеті мәжілісінде қаралған мәселелер бойынша қаулы қабылданды.

Мәжіліс соңында кәсіподақ белсенділеріне марапаттар тапсырылды:

  • облыстық кәсіподақ комитетінің «Құрмет тақтасына» ұсынылғандарға;
  • ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Еңбек ардагері» медалдері;
  • «Жемқорлыққа жол жоқ» плакат байқауы жеңімпаздарына.

Жаңартылған білімге – жаңаша көзқарас

2017 жыл 01-03 қараша арлығында «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Оңтүстік Қазақстан облыстық ұйымы» мен Қазақстандық педагогикалық академиясы, «Мектеп» республикалық ғылыми-әдіскемелік,педагогикалық журналы бірлесе отырып Тәжірибе аланыңдағы идеялар аукционы: «Жаңартылған білімге – жаңаша көзқарас» атты үш күндік демалыс-конференциясы жалпы білім беретін мектептің мұғалімдері, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының және білім беру ұйымдарының оқытушылары мен 1,2,3,- деңгейдің оқытушы/тренерлерін қатысуымен ұйымдастырылды. Конференцияны Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Оңтүстік Қазақстан облыстық ұйымының маманы Қилыбай Бақытжан, Қазақстандық педагогикалық академиясының вице президенті Тамара Махалқызы ашып сәттілік тіледі.Конференцияда «Кәсіби даму:Мұғалімдердің мектеп тәжірибесі» ақыл-ой шабуылы , ұзақ мерзімді жоспар,орта мерзімді жоаспар,қысқа мерзімді жоспар -сабақ жоспары әдістемелік идеялар аукционы , тренинг,коучинг, таныстырылымы болып өтті.Астана қаласынан СТО Халықаралық тренері З.Көпбаева кең ауқымды кездесу-лекциясын өткізді.Осы демалыс-конференциядан қатысушылардың алған әсері көп болды, ойын-сауық кештер ұйымдастырылды, қызықты өткен үш күннің белсенділері анықталып, түрлі марапттармен марапатталса, барлық қатысушыларға сертификаттар табыс етілді.

ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ БАСТЫ НАЗАРДА

Түркістан қалалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің жұмыс жоспарына сәйкес, еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторлар және бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағаларымен «Білім саласы мекемелерінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды қалыптастыру» тақырыбында облыстық семинар өткізілді. Оқу әдістемелік орталықта өткен семинарға бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағалары мен техникалық инспекторлар қатысты.

Алғашқы хабарламаны жасаған білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрағасы Гүлжан Әсілбайқызы семинардың барысы жайында айтып өтті. «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау» жайында бейнефильм семинарға қатысушылар назарына ұсынылды. Одан соң баяндама жасаған білім саласы мекемелерінде еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторлардың жұмысы туралы «Сауран» жалпы орта мектебінің аталған сала маманы Е.Қалекеев баяндама жасап, аталған тақырып төңірегінде жан-жақты айтып өтті. Қорытынды сөзді алған облыстық кәсіподақ комитетінің маманы Бақытжан Қилыбай «Білім саласы мекемелерінде еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторлардың жұмысы» туралы әдістемелік көмекке қатысты тың мәліметтермен құлақтандырды. Кәсіподақ комитетінің мамандары Мәрия Кенжебаева мен Фархад Дадабаевтар семинарға қатысты ойларын ортаға салып, кеңестерін жеткізді. Басқосу соңында қатысушылар тарапынан өзекті мәселелерге қатысты сұрақтар беріліп, тұщымды жауаптар алынды.

Мұндай семинардың ұйымдастырылуы еңбек қауіпсіздігін сақтау мен онда туындаған кейбір мәселелердің оң шешімін табуына және еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторларға мол тәжірибе болып, еңбекті қорғау арқылы сеп болатыны анық.

ҚР Журналистер Одағының мүшесі

АҚМАРАЛ ҒАНИҚЫЗЫ


Ордабасы ауданында еңбек адамдары мен ұстаздар ұлықталды.

Ордабасы ауданында еңбек адамдары мен ұстаздар ұлықталды.

Ордабасы аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы комитетінің ұйымдастыруымен 2017 жылдың 30 қыркүйек күні сағат 11:00де Ордабасы аудандық мәдениет үйінде «Ұстаздар күні» мерекесі «Қарттар күні» және «Еңбек күні» мерекесімен тұспа-тұс келген мерекелер «Мереке» биіменен басталды.

Ұстаз, ұстаз

Осы сөзде жатыр қанша ұлылық,

Осы сөзде таусылмайтын жылылық.

Әл – Фараби, Ыбырай мен Ақанды

Осы сөз ғой қойған бізге ұлы ғып.

Ұстаз шебер қисықтарды жөндейтін,

Тентектерді ақылменен емдейтін.

Болсадағы малға кедей өмірде,

Бар байлығын шәкірттерім сен дейтін.

Мерекелермен құттықтап, ыстық ықыласын білдіру үшін аудан әкімі Қайыпжанов Рашид Үсіпханұлын сөз алып, «Алтын той» иелерін жұп ұстаздар, яғни білім саласында бірге еңбек еткен ардагер ұстаздарымыз, қазіргі таңда немерелерге үлгі болар ардақты ата, аяулы әжелер «Ақбұлақ» жалпы орта мектебінен Сарыбай Тоқтасын ҚаржаубайұлыТөлегенова Үмігүлсім Сейітбекқызын, Амангелді атындағы жалпы орта мектебінен Жүсіп Лесбек Мұңсызбайұлы-Көкішова Айымгүл Сейітқызын, С.Ысмайлов атындағы жалпы орта мектебінен Нүриддін Шәмшіұлы-Сәрсенбаева Күләнда Омарбекқызын және бірқатар үздік ұстаздарды марапаттады. /фотолар қоса тіркелді./ Сонымен қатар, Оңтүстік Қазақстан облыстық білім басқармасының «Құрмет грамотасымен» Ордабасы аудан әкімінің «Алғыс хатымен» үздік ұстаздарды марапаттады.

«Алтын той» иелері

Аудан әкімінің «Алғыс хатымен» Ө.Тұрманжанов атындағы жалпы орта мектебінің үздік ұстазы Әбіләз Нұрлан Кәрібайұлы марапатталуда.

«Ұстаздық – ұлы құрмет. Болашақтың басшысын да, данасында, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де ұстаз тәрбиелейді. Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз»-дейді халқымыздың батыр ұлы Бауыржан Момышұлы.

Ізгі ниетін білдіру үшін, арнайы қонақ ретінде шақырылған ОҚО білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрағасы Маханова Замира Сабекқызы ауданымыздағы ұстаздық қызмет Атасынан баласына, қызына, келіні, немересіне жалғасып келе жатқан еңбек өтілдері 200 жылдан асқан отбасылық 6 ұстаздар әулетін /тізімі қоса тіркелді/ және А.Шерімқұлов атындағы жалпы орта мектебінен 63 жасқа толған ұстаз Мырзалы Оралхан Құлыншақұлын ОҚО БжҒ қызметкерлері КК «Кәсіподаққа сіңірген еңбегі үшін» белгісмен, «Ақкөгершін» бөбекжай балабақшасынан зейнетке шығатын тәрбиеші Махамбет Күлжазира Керімжанқызы мен «Қызылжар» атындағы жалпы орта мектебінің мұғалімі, 60 жасқа толған мерейтой иесі Полатбек Мақсұт Махалұлын ОҚО БжҒ қызметкерлері КК Алғыс хатымен марапаттады. /фото қоса тіркеледі/

Педагогтар әулеті

Аты-жөні

Мекеменің

атауы

Еңбек өтілі

1

Омаш Шапай әулеті С.Сейфуллин ат. жом

201

2

Омарбек Әбілдә «Төрткүл» жом

255

3

Искендиров Нурман «Темірлан» жом

249

4

Құралбаев Патса Қ.Мүсірепов ат.жом

355

5

Ысқақов Сұлтан Абай ат.жом

346

6

Сейітқұлов Шүкірқары Е.Ерназаров ат.жом

480

480 жылдық педагогикалық өтілі бар Сейітқұлов Шүкірқары әулетінің өкілі байырғы ұстаз Құнанбай Шүкірқарыұлы марапатталуда.

Педагогтар әулетінің өкілдері

ОҚО БжҒ қызметкерлері КК төрағасы Замира Сабекқызының «Кәсіподаққа сіңірген еңбегі үшін» белгісмен Мырзалы Оралхан Құлыншақұлын марапаттау сәті.

ОҚО БжҒ қызметкерлері КК төрағасы Замира Сабекқызының «Кәсіподаққа сіңірген еңбегі үшін» белгісмен Мырзалы Оралхан Құлыншақұлын, Махамбет Күлжазира Керімжанқызы мен Полатбек Мақсұт Махалұлын ОҚО БжҒ қызметкерлері КК Алғыс хатымен марапаттау сәті.

Мерекенің шырайын «Шолпан» балалар бақшасының бүлдіршіндері мерекелік құттықтау «Ұстаз -Ана» әніменен көріктендірді.

«Шолпан» балалар бақшасының бүлдіршіндері

«Ұстаз бақыты-озып тұрған шәкірті»-дегендей аудандық мәслихат хатшысы Садвахасов Баймахан Қожатайұлы бірқатар үздік ұстаздарды Томанова Ақмарал Кайшымовна – «Кәусар» гимназиясының мұғалімі Ш.Уалиханов ат жом мұғалімі Медеубекова Жұпар Сапарбековнаны, М.Исламқұлв ат.жом мұғалімі Пирманов Дилмухаммад Накибековичті, аудандық білім бөлімінің әдіскері Рендибаева Сабира Убайдуллаевнаны, Амангелді ат.жом мұғалімі Аухатова Гүлзейнетті марапаттап, мұғалімдік мамандықты таңдап, еңбек жолын жаңа бастаған жас мамандарға еңбек кітапшасын тапсырды.

Аудандық мәслихат хатшысы Садвахасов Баймахан Қожатайұлының марапаттаған бірқатар ұстаздар

Педагогикалық еңбек жолын бастаған жас мамандар аудандық мәслихат хатшысы Баймахан Қожатайұлымен.

Ардагерлерін ардақтап, қарияларын құрметтіп өскен елміз. Ертең 1- қазан Қарттар күні. Бұл бізге үлгі – өнеге болған аға – апаларымызға ізгі ниетіміз бен сый – құрметімізді көрсететін мереке. Мерекенің қадірлі қонақтары, 20 Ардагер ұстаздарымызды құттықтаумен қатар бүгінгі күні зейнеткерлік жасқа жетіп, құрметті демалысқа шыққалы отырған Турмаганбетов Оралбай Махамбеткулович, Қайырбек Балтабай Алдамжарұлы, Есетова Камила Ахатаевна, Медетова Сауле Зулпыхаровна, Толганбаева Куралай Жубаевна, Қонысбаева Жанат Серикбаевна, Тайтелі Рахима Сахқызы, Жәңгір Палайым Полытханқызы ұстаздарымызға Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Тұран Әбдіхайымұлы құрметпен еңбектің зейнетін көруді тілеп, марапат жасады.

Гүлге оранып өтті кеше көктеміңіз,

Ұстаз болып еңбек етіп көктедіңіз.

Зиялы жан бірі едіңіз құтты болсын,

Зейнеткерлік жасқа бүгін жеткеніңіз.

Ардагер ұстаздарды марапаттау сәті

Тұран Әбдіхайымұлының зейнетке шыққан ана-тәрбиеші Камила Ахатаевнаны марапаттау сәті.

Жиын барысында аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төрағасы Сәдірмек Әлдібек Шынасылұлы сахна төріне шығып 50,55,60 жасқа толған мерейтой иелерін құттықтап, «Әріптес туралы сыр» тақырыбында өткен шығармалар байқауының жеңімпаздарын марапаттады.

Мерейтой иелері

«Әріптес туралы сыр» аудандық байқауының жеңімпаздары Ұлғаным Әріпханқызы, Түймебай Ұлжан Бексейітқызы, Ербосынова Үрзия Сейітжаппарқызы, Дүйсенбі Қалия Сұлтанбекқызы,

Әбдіхадырова Халима Тоқашқызы

«Үздік ұстаз-2017» иегері

«Үздік ұстаз-2017» иегерлері Эшмат Айгуль Курабаевна, Өтебек Ақмарал Ыдырысқызы, Омарова Гүлнұр Абдижаппаровна, Омарова Гүлназ Айтбекқызы комитет төрағасы Әлдібек Шынасылұлыменен.

60 жасқа толған мерейтой иелері

Ә. Еспаевтың «Ұстазым» әні алғашқы ұстаздарға арналғанымен, әлі күнге үлкен – кіші буынның аузынан түспей айтылып келеді. Шәкірттердің ұстазына деген алғысы, сағыныш. Бұл әнді барлығыңыз да жақсы білесіздер. Мерекелік жиын үш буын өкілдерінің орындауында «Ұстазым» әніменен мәресіне жетті.

«Ұстазым» әніменен үш буын өкілдері.

Мұғалім күні

Үстіміздегі жылдың қазан айының 3-і күні Мақтарал ауданында Мұғалімдер күні мерекесі, қарттар күні және Еңбек күні мерекелеріне орай «Ұстаз – ұлы тұлға» атты шара өтті Аудан орталығындағы Қ.Жандарбеков атындағы Жетісай драма театрында өткен салтанатты жиынға аудан басшылары мен ардагерлер, ұстаздар қауымы қатысты.   Егемен еліміздің ертеңін ойлар білімді де саналы, Отанын, туған жерін, ұлтын сүйетін ұлтжанды, парасатты азаматты тәрбиелеуде мұғалімнің еңбегі орасан зор екені белгілі. Білім саласы қызметкерлерінің құрметіне орай ұйымдастырылған шараға аудан әкімі Ғалым Исмаилов арнайы қатысып, айтулы мерекемен ұстаздарды құттықтады.

 Сонымен қатар, іс-шараға Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы Оңтүстік Қазақстан облыстық комитетінің маманы Б.Қилыбаев, аудан әкімінің орынбасары М.Жолдасов, аудандық мәслихат хатшысы М.Жәлменшиевтер қатысып, ардақты мамандық иелерін төл мерекелерімен құттықтады.

Ұстаздардың төл мерекесінде болашақ ұрпақты тәрбиелеу ісінде жемісті еңбек етіп келе жатқан бір топ мұғалімдер ҚР Білім және ғылым министрілігінің «Құрмет» грамотасымен, облыстық білім басқармасының «Алғыс хаттарымен», аудан әкімінің және аудандық білім бөлімінің «Алғыс хаттарымен» марапатталды. Ардагер ұстаздарға аудандық кәсіподақ комитеті тарапынан гүл шоқтары мен бағалы сыйлықтар табыс етілді. Сондай-ақ, мерекелік кеште еңбек өтілі 494 жылды құрайтын Қарабековтар әулеті марапатталды.   «Ұстаздар күні жалпы ұстаздарымызға, ардагерлерімізге, педагогикалық мамандықты таңдаған жалпы халыққа бүгінгі мерекелеріңіз құтты болсын дейміз. Елдің, халықтың абыройына бөлене берсін.  Еліміздің болашақтарын жетілдіріп, өсіруде еңбек етуден тайынбасын!» – деді  Мақтарал ауданы кәсіподақ комитетінің төрағасы Пернебек Бахтияров.   Мерекелік жиында мектептердің  өнерлі оқушылары концерттік бағдарламаларын қойып, ұстаздарға деген құрметтерін көрсетті.

1 87 88 89 90