Аудандық іс шара
Шардара аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрағасы Жұман Ұлықбек аудандағы А. Әлімбетов атындағы ЖББМ, Ш. Уәлиханов ЖББМ , “ Сырдария” ЖББМ мектептерінде “ Келісім “ комиссиясының жұмыстары жөнінде ақпараттық насихат жұмыстарын жүргізді.
Ұжымдық шарт бойынша бірнеше түсініктер беріп өтті.
Шардара аудандық Кәсіподақ ұйымы әлеуметтік әріптестік келісім негізінде, бірнеше мекемелерімен ынтымақтастық жұмыстарын атқаруда.
Кәсіподақ ұйымының атқарып жатқан жұмыстарына, мұғалімдер өз ризашылықтарын білдіріп, өз ойларын ашық аитты.
Облыстық білім басқармасының марапатымен, кәсіподақ төрағасы Ұ.Жұман бірнеше ұстаздарды марапаттады .
Атап айтар болсақ, А. Әлімбетов атындағы мектебінің директоры Ж . Нуралиева,
Ш. Уәлиханов атындағы мектебінің орынбасары С. Рустемова, “Сырдария” мектебінің орыс тілі пәнінің мұғалімі Т. Музанова марапатталды
Шардара аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

КІСІПОДАҚ МІНБЕРІ
Мұғалім ісі сырттай қарапайым болғанымен – тарихтағы ең ұлы істің бірі. К.Д.Ушанский Ұстаз! Қандай қасиетті сөз. Әр адамның жүрегінде ерекше жылулық нұрын себетін аяулы тұлға бейнесімен өзгермес ұғым. Жас ұрпақты, жалпы адамды ізгілікке баулып, жақсылыққа тәрбиелейтін, білім беретін оқытушы. Қазіргі қоғамда оқу-тәрбие жұмысын жүргізуші маман педагог ұстаз деп аталады. Дегенмен, ұстаз ұғымы арнаулы білім, қажетті құжатқа байланысты емес. Үлгілі, өнегелі, өмір тәжірибесі бай адам ғана ұстаз бола алады. Сондай ұстаздардың бірі №7 ІТ мектеп – лицейнің орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі – Ералиева Айгуль Мүтәліқызы.20 жылдық педагогикалық еңбек өтілі бар, педагог – зерттеуші.Осы жылдар ішінде Айгуль Мүтәліқызы нағыз маман екенін қол жеткізген табыстары мен, шәкірттерінің жетістіктерімен мойындата білді. Осы орайда соңғы 5жылдағы кәсіби жетістіктеріне тоқталып өтсек:
2019ж. «Замануи сабақ – жеке тұлғаны дамыту сабағы» облыстық фестивалінде жүлделі ІІ орын иегері
2019ж. Аудандық «Үздік кабинеті» конкурсында жүлделі І орын иегері
2019 ж. «Қалай оқу керектігін үйретудің оқыту мен оқудағы тиімділігі» тақырыбында өткізілген облыстық семинарда үздік сабақ үшін ОББ мадақтамасы
2019ж. «Менің Қазақстаным – менің елім» облыстық байқауында ІІІ орын иеленген үшін ОББ Алғыс хаты
019 ж. Адамбаева Ханиса аудандық пән олимпиадасында ІІ орын иеленді
2020ж. Облыстық кіші ғылыми академиясының ғылыми жобалар конкурсында 10 сынып оқушысы Юсупов Нұрлыбек ІІ орын иеленді
2020 ж. Облыстық семинарда үздік сабақ көрсеткені үшін облыстық әдістемелік орталығының «Алғыс хатымен» марапатталды
2020ж. Облыстық «Нұр Отан» партиясының «Алғыс хатымен» марапатталды
2020 ж. Облыстық «Ең білімді педагог» пән олимпиадасының бас жүлде және арнайы төсбелгі иегері
2020 ж. Абайдың 175- жылдығына арнал,ан «Ұлы Абай мұрасы» тақырыбындағы ғылыми – практикалық конференциясында тәжірбиесімен бөліскен үшін Түркістан облысы АӘДБ мадақтамасымен марапатталды
2020 ж. Республикалық «Үздік педагог» олимпиадасында қорытынды кезең бойынша жүлделі ІІ дәрежелі диплом
2021 ж. мұғалімдер арасындағы пән олимпиадасында аудандық кезенінде жүлделі І орын иегері
2021 ж. мұғалімдер арасындағы пән олимпиадасында облыстық кезенінде жүлделі І орын иегері
2022 ж. республикалық «Ақбота» зияткерлік олимпиадасында 5 сынып оқушысы Усербай Нұрдаулет ІІ орын иеленді
2022 ж. аудандық пән олимпиадасында 9 сынып оқушысы Усейн Ганикамал ІІ орын иеленді
2022 ж. Төлеби ауданы әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталды
2022 ж. Төлеби аудандық мәслихатының грамотасымен марапатталды
2022 ж. Облыстық тамыз конференциясында оқыған баяндамасы үшін Түркістан облысы АӘДБ мадақтамасымен марпатталды
2023 ж. республикалық «Зерде» зерттеу жобалары конкурсының аудандық кезенінде 7 сынып оқушысы Сейтмұрат Жұлдыз І орын иеленді
2023 ж. республикалық «Зерде» зерттеу жобалары конкурсының облыстық кезенінде 7 сынып оқушысы Сейтмұрат Жұлдыз ІІ орын иеленді
2023 ж. Төлеби аудандық АӘДБ мадақтамасымен марапатталды
2023 ж. Республикалық «Аманат» партиясының «Алғыс хатымен» марапатталды
2023 ж. аудандық пән олимпиадасында 9 сынып оқушысы Умирбай Ұлғайша І орын иеленді
2023 ж. республикалық ғылыми жобалар конкурсының аудандық кезенінде 10 сынып Сейтқұл Мөлдір І орын иеленді
2023 ж. республикалық ғылыми жобалар конкурсының аудандық кезенінде 8 сынып оқушысы Сейтмұрат Жұлдыз І орын иеленді
2024 ж. аудандық пән олимпиадасында 8 сынып оқушысы Сейтмұрат Жұлдыз ІІ орын иеленді
2024 ж. республикалық «Ақбота» зияткерлік олимпиадасында 7 сынып оқушысы Усербай Нұрдаулет ІІ орын иеленді
Осы жұмыстардың нәтижесінде 2022 ж. Түркістан облысы «Білім беруді дамыту» орталығының шешімімен «Инновационные методы обучения на уроках русского языка и литературы» атты шығармашылық жұмысы әдістемелік ұсынымы ретінде облыс көлемінде тарытылды
Төлеби аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Аудандық іс шара
«Өрлеу» білім және ғылым қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» ҚБ жариялаған «Денсаулық жылын» өткізу туралы шешімін басшылыққа ала отырып, Ордабасы аудандық білім бөлімі мен кәсіподақ комитетінің бірлескен іс-шаралар жоспарын басшылыққа ала отырып 2024 жылдың 4 сәуір күні «Аққу» бөбекжай бақшасында кәсіподақ мүшелері тәрбиешілер мен тәрбиеші көмекшілерінен құралған командалар арасында ұжымның ынтымақтастығын арттыру, денсаулығын, белсенділігін нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы М.Құрымбаеваның ұйымдастыруымен «Шынықсаң-шымыр боларсың» атты көңілді спорттық жарыс өткізілді.
Алты бөлімнен тұратын спорттық шараға әр қайсысы 5 адамнан құралған «Ашық аспан», «Қыран», «Барыс», «Бүркіт» атты 4 команда жарысқа түсіп, бақ сынасты. Әр топ өз топтарының атауымен байланыстырып билеп шыққан жарыс қызықты да тартысты өтті.
Жарыс кезеңдері мына төмендегідей:
1. Таныстыру, командылық төсбелгіні қорғау.
2. «Кім шапшаң?» кезеңінде қашықтыққа жүгіру.
4. «Кім епті?» су толтырылған ыдысты қолмен ұстамай белгілеген орынға ауыстыру.
5. «Кім жылдам?» мәре сызығынан сөре сызығына қаппен секіріп барып қайту.
6. «Бәрекелді жұлдызқұрт» доға астымен еңбектеп өту.
Жарыстың кезеңдері бойынша аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Қ.Төлебаев, «Балбөбек» бөбекжай бақшасы БКҰ төрағасы, аудандық кәсіподақ комитетінің тексеру комиссиясының төрағасы Ж.Қалымбетова және бөбекжай бақшасының меңгерушісінің м.у.а. Ш.Абжалалова әділ қазылық жасады.
Көңілді де тартысты өткен жарыс мәресіне жетіп, комитет төрағасы Қ.Төлебаев жеңімпаздарды аудандық білім бөлімі мен кәсіподақ комитетінің Дипломымен, мекеме басшысы Ш.Абжалалованы Алғыс хатпен марапаттады. Жарысқа қатысушыларды құттықтап, салауатты өмір салтын қалыптастыруда спорттың алар орны ерекше екеніне айрықша тоқталды.
Ордабасы аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Аудандық іс шара
Ордабасы аудандық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитеті, Түркістан облыстық кәсіподақ комитетінің 2024 жылғы негізгі іс-шаралар жоспары мен «Өрлеу» білім және ғылым қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» ҚБ жариялаған «Денсаулық жылын» өткізу туралы шешімін басшылыққа ала отырып, Ордабасы аудандық білім бөлімі мен кәсіподақ комитетінің бірлескен іс-шаралар жоспарын бекітті. Аудандық кәсіподақ құрамындағы бастауыш кәсіподақ ұйымдары салауатты өмір салтын ұстану, сақтау шараларын 1 сәуірден өткізуді бастап кетті.
2024 жылдың 2 сәуір күні Ғ.Мұратбаев, С.Ысмайылов, Н.Нысанбайұлы атындағы жалпы білім беретін мектептерде мұғалімдер мен оқушылардың қатысуымен аудандық орталық ауруханамен бірлескен медиа-жоспар бойынша жергілікті медицина қызметкерлері, салауатты өмір салтын қалыптастыру дәрігері, психолог, социолог мамандар денсаулықты сақтау мен нығайту, дұрыс тамақтану тәртібін сақтау, зиянды әдеттерден аулақ болу, салауатты өмір салтын насихаттау, диагностикалық тексерулерден өту тәртібі туралы медициналық кеңестер өткізді.
“Тоқсансай” жалпы білім беретін мектебінде 1.04.2024жылы бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы С.Исаева “Денсаулық жылы2024 жыл” өткізу жөніндегі іс—шаралар жоспарын жасап, бекітті. Жоспарға сәйкес “Денсаулық маршы” жаппай жаттығуды дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Ш. Тілеген өткізді.
“Жаман әдеттермен қоштасу” атты флешмоб ұйымдастырылды. Флешмобқа аудандық оқушылар үйінің “Бұраң бел” үйірмесінің оқушылары мен үйірмеге келген барлық шәкірттер ат салысты.
“Денсаулық маршы” атты жаппай мекеме қызметкерлері мен үйірме тәрбиеленушілерінің қатысуымен таңертеңгі спорттық жаттығу жасалынды. Оқушылардың салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында іс— шаралар жалғасын табуда
Ордабасы аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Cеминар
Шардара ауданы білім бөлімімен аудандық кәсіподақ комитетімен бірлесе отырып аудандық білім беру мекемелері арасында мәдени іс шарасын ұйымдастырды.
Т.Айбергенов атындағы мектеп – гимназияда 5 – 7 сыныптар арасында «Ұлыстың ұлы күні әз – Наурыз » тақырыбында оқушылар арасында және мұғалімідер арасында ұлттық ойын түрлерінен сайыс болып өтті.
Іс-шара мақсаты: Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мейрамы туралы қысқаша түсінік беру және ата-бабамыздан келе жатқан салт-дәстүрлерімізді өскелең ұрпаққа құрметтей білуге тәрбиелеу.
А.Иманов жалпы білім беретін мектебінде 7-сәуір дүниежүзілік денсаулық күніне орай өткізілген іс-шара. Аталмыш білім ордасында денсаулық күніне арналған қазақтың ұлттық ойындарының бірі “Асық ату” ойын түрінен жарыс өтті. Асық ату балалардың шабытын оятып, тіпті мұғалімдерде бір-бірлеп қызығып жарысқа түсіп кетті. Мергендікті, дәлдікті талап ететін жарыс түрі өте әсерлі және қызықты өтті. Дені саудың- жаны сау дегендей әр қазағым дені сау қуатты болсын.
Шардара аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

КӘСІПОДАҚ ТҰҒЫРЫ
Отырар аудандық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің төрағасы – Қасым Егемберді Жанызақұлы.
Егемберді Жанызақұлы 1959 жылы 15 тамыз айында Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар (Қызылқұм) ауданында малшы жанұясында дүниеге келген. 1977 жылы Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебін бітіріп, сол жылы «Овцевод» совхозының №2 фермасына жұмысшы болып жұмысқа орналасады. 1981 жылы Алматы қаласындағы Шетел тілдері институтына оқуға түсіп, 1986 жылы француз, неміс тілі мұғалімі мамандығы бойынша бітіріп шығады. 1986 жылы (Қызылқұм) қазіргі Отырар ауданының шалғайда орналасқан Қожатоғай совхозының Байтоғай бөлімшесіндегі М.Мәметова атындағы сегізжылдық мектепке француз тілі мұғалімі мамандығы бойынша жұмысқа орналасады. 1987 жылы қаңтарда осы мектепке, мектеп директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып тағайындалып, аудандағы алдынғы қатарлы мектептердің қатарына қоса білді.
Е.Қасым іскер, ізденімпаз, талапшыл басшы бола білді. 1992 жылы осындай еңбектерін аудандық білім бөлімі бағалай келе, Отырар ауданындағы Сарыкөл негізгі мектебіне директор қызметіне тағайындады. Ол жердегі мектепті заман талабына сай жабдықтай отырып, оқушылардың білімін жоғары деңгейге көтере білді.
2005 жылы Отырар ауданы, Қостерек аулындағы Ғ.Мұратбаев атындағы орта мектебіне директор етіп ауыстырылды. Е.Қасым қай жерде болсын өз ісінен, мемлекеттік істі жоғары қоя білген іскер басшы бола білді.
2006 жылы қазан айында аудандық кәсіподақ комитетінің пленумында білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрағалығына сайланды. Аудандық білім бөлімі мен аудандық кәсіподақ комитеті арасында әлеуметтік әріптестік қарым-қатынас негізінде білім саласы қызметкерлерінің әлеуметтік-экономикалық және еңбек жағдайларын жақсартуға бағытталған барлық іс-шараларда белсенділік танытып келеді. Әрбір кәсіподақ мүшесінің мұң-мұқтажын ескеріп, заң аясында кәсіподақ тарапынан көмек көрсетіп, қолдау білдіріп отырады.
Еткен еңбегінің өтеуі ретінде республика облыс, аудан көлімінде алған мақтау қағаздары мен алғыс хаттары жетерлік. Атап айтсақ, 1997 жылы «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі» төс белгісі, 2010 жылы «Кәсіподаққа еңбегі сіңген қызметкер» төс белгісі, 2015 жылы «Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін» төс белгісімен, 2019 жылы білім саласының ең жоғары марапаты «Қазақстан Республикасының Алтынсарин» медалі және «Қазақстан Республикасының білім саласының еңбек ардагері» медалімен марапатталды.
Бүгінде ауданда үлкен абыроймен қызмет атқарып, білім саласының, кәсіподақ қозғалысының дамуына аянбай еңбек етіп келеді.
Облыстық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

КӘСІПОДАҚ МІНБЕРІ БІРКӨЛІКТЕГІ ОЗАТ ҰСТАЗ
Коскулакова Оразкуль Салимхановна Түркістан облысы Төлеби ауданы Жаңа жол ауылында 23.06.1984 жылы дүниеге келген.Үлкен отбасында тәрбиеленіп, ата мен әженің тәрбиесін көрген, әкенің қамқорлығы мен ақылын санасына тоқып, анасының жылы құшағында өскен. Ұлты – қазақ. Білім жолын 2001-2005 жылдар аралығында Шымкент қаласындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің «Тарих және география» мамандығы бойынша толық курсын бітіріп шықты.
Еңбек жолы:
12.02.2003 жылы Төлеби ауданы Жаңа жол орта мектебінде лаборант болып қызмет атқарған.
29.08.2003ж. лаборанттық қызметтен өз еркімен босатылып, аталған күннен бастап «География» пәні мұғалімі болып қабылданған.
01.04.2005ж. бастап Төлеби ауданы Алатау орта мектебіне хатшы болып жұмысқа қабылданған.
04.01.2011ж. Төлеби ауданы Біркөлік шағын жинақты негізгі орта мектебіне
«Іс жүргізуші» қызметіне орналасқан.
2012 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін аталған мектепте «Тарих және география» пәнінің мұғалімі қызметін атқарып келеді.
Коскулакова Оразкуль Салимхановна 2012 жылдан бері өзінің еңбек жолында көптеген жетістіктерге қол жеткізіп, білім саласында шәкірттерге саналы тәрбие мен сапалы білім беруде аянбай еңбек етіп келе жатқан – ұлағатты ұстаз. Бар саналы ғұмырын ұстаздық жолға арнаған, ұстаздықтың мәртебесін көтерген, өз ісінің білікті маманы, қажыр-қайрат пен зор ізденісінің арқасында мектепте жаратылыстану ғылымының көшбасшы, ұйымдастырушылық қабілеті мол, мектеп ұжымының және шәкірттердің жүрегіне жол таба білген білікті ұстаз. Қазақстан Республикасының білім беру саласында 12 жылдан бері өз үлесін қосып келеді.
Ұстаз Коскулакова Оразкуль Салимхановнаның сүйікті ісі – жас ұрпаққа тәлім-тәрбие мен үздіксіз сапалы білім беру.
Оразкуль Салимхановнаның Педагогикалық еңбек өтілінде атқарған жұмыстарының нәтижелерін мұғалімдер мен оқушылар арасында өтетін олимпиядалардан жүлделі орындар алып,мектепке өз үлесін қосуда. Республикалық, Облыстық, аудандық мадақтамалары, алғыс хаттары, сонымен қоса «Құрмет грамотасы» наградаларының иегері.
2022-2023 оқу жылында 8 -сынып оқушысы Ермахан пәнінен жүлделі ІІ –орын.
2023-2024 оқу жылында 9 -сынып оқушысы Ермахан пәнінен жүлделі ІІІ –орын.
«Алғыс хат» 2018 жылы Төлеби аудандық білім бөлімінің басшысы Н.Б. Мырзатаев;
«Диплом» 2019 жылы «Алтын ұрпақ» зияткерлік олимпиадасында оқушысы І орын иегері алғаны үшін «Білім шыңы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Б.Есен мен Президенттік «Жас Ұлан» жастар ұйымының төрағасы А.Амиртаев;
«Диплом» 2021 жылы «Алтын ұрпақ» зияткерлік олимпиадасында оқушысы «Жеңімпаз» атанғаны үшін «Білім шыңы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Б.Есен мен Президенттік «Жас Ұлан» жастар ұйымының төрағасы А.Амиртаев;
«Алғыс хат» 2022 жылы «Онлайн» форматта «Алтын ұрпақ» зияткерлік олимпиадасында шәкірттері «Жеңімпаз» атанғаны үшін «Білім шыңы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Б.Есен мен Президенттік «Жас Ұлан» жастар ұйымының төрағасы А.Амиртаев;
«Құрмет грамотасы» Сапалы білім мен саналы тәрбие беріп, жас ұрпақтың бәсекеге қабілетті тұлға болыпқалыптасу жолындағы ұстаздық өнегелі еңбегі мен жан-жақты ғылыми ізденістері үшін. Алматы қаласы 2022 жыл. Ақылдастар алқасының төрағасы, ҚР ҰҒА академигі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Б.Ө.Сманов, бас редактор, PhD,доцент А.Т.Қасымбекова;
«Алғыс хат» Білім саласының өркендеуіне қосқан үлесіңіз үшін. Төлеби ауданы 2023 жыл. Біркөлік шағын жинақты негізгі орта мектебінің директоры м.у.а. Л.Кенжебекова;
«Мадақтама» Мұғалімдердің шығармашылық әлеуетін, кәсіби потенциалын көтеру мақсатында өткізілген география пән олимпиадасының аудан кезеңінде ІІ орын иеленгені үшін. Төлеби ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімі 2023 жыл. Аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Б.Тойлыбаев;
«Алғыс хат» Еліміздің болашағын ойлайтын, ұлттық құндылықтарымызды ұлықтайтын білімді ұрпақ тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз үшін. Төлеби ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімі 2023 жыл. Аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Б.Тойлыбаев;
«Алғыс хат» Еліміздегі бейбіт тірлік пен бірліктің, жарқын болашаққа деген сенімнің, ізгілік пен мейірімділіктің ұйытқысы болғаныңыз үшін. Төлеби ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімі 2023 жыл. Аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Б.Тойлыбаев;
«Алғыс хат» Ұстаздық өмір жолында тынымсыз еңбегі, шәкірттеріне берген үздіксіз білім мен саналы ұрпақ тәрбиелеудің ұйытқысы, жақсы істердің жанашыры, ел тізгінін ұстай білетінболашақ ұрпақты тәрбиелеуде шығармашылық ізденістер арқасында өз шеберлігін, біліктілігін жоғары дәрежеде танытқаны үшін. Төлеби ауданының білім бөлімі мен Төлеби аудандық кәсіподақ комитеті. 2024 жыл. Аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Ғ.Мырзалы;
Отбасының ұйытқысы, ата-ененің сүйікті келіні, адал жар, аяулы ана. Біліктілігімен, табандылық қасиетімен жұлдызы жарқыраған қазақтың дана да дара қызы. Жолдасы Утегенов Самат Ермаханұлы екеуінің отбасын құрғанына 20 жыл уақыт өтті. Отбасында екі ұл, үш қыз тәрбиелеп өсіріп отыр. Елге өнегелі, үлгілі отбасы. Болашақ еліміздің ертеңі жас ұрпақтың өркендеуі, жаңа заманға сай жігерлі де намысты ұл-қыздарымызды білім нәрімен сусындатып келеді.
Төлеби аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Кәсіподақ белсенділері марапатталды!
Бүгін 2024 жылғы Наурыздың 27 күні Ордабасы аудандық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің төрағасы Қ.Төлебаев, аудандық кәсіподақ комитетінде білім саласында еселі еңбек етіп жүрген кәсіподақ белсенділерін Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесіне орай құттықтап, Аудан әкімінің, Түркістан облысы білім басқармасының, Ордабасы аудандық білім бөлімі мен аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы комитетінің бірлескен грамотасымен және «Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» Қоғамдық бірлестігінің алғыс хаттары мен құрмет грамоталарын тапсырып «Кәсіподаққа еңбегі сіңген қызметкер» төсбелгілерімен марапаттады.
Ордабасы аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Кәсіподақ мүшелері марапатталды
Білім беру саласында жоғарғы жетістікке қол жеткізген кәсіподақ мүшелері марапатталды.
2024 жылдың 27 наурыз күні Мақтаарал аудандық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінде «Наурыз» мерекесіне орай білім беру саласында жоғарғы жетістіктерге қол жеткізген кәсіподақ мүшелерін марапаттау жұмыстары жүргізілді.
Атап айтар болсақ, Түркістан облысы білім басқармасының «Құрмет грамотасымен» Жас алаш ЖББМ БКҰ төрағасы Нарзиев Анарбай Орынович пен Шұғыла ЖББМ БКҰ төрағасы Мырзабаева Гулжан Акимовна марапатталды.
Түркістан облысы білім басқрамасының «Алғыс хатымен» Б.Соқпақбаев атындағы ЖББМ БКҰ төрағасы Тегисбаева Таншолпан Абдикалыковна, А.Пушкин атындағы ЖББМ география пәнінің мұғалімі Тулендиева Феруза Адилбековна, Қ.Мүсірепов атындағы ЖББМ директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Жораева Аягул Кыдыралиевна марапатталды.
Сонымен қатар «Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» Қоғамдық бірлестігінің төрағасы Б.Еркінбектің «Құрмет грамотасымен» Қ.Сәтбаев атындағы ЖББМ директорының орынбасары Аманжолова Жанар Серикбаевна марапатталды.
Барша марапат иелерін аудандық кәсіподақ комитетінің атынан шын жүректен құттықтаймыз.
Кәсіподақтың күші – бірлікте!
Мақтаарал аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі


