ЗЕЙНЕТ ЖАСЫ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Жетісай ауданының білім бөліміне қарасты “Қазыбек би атындағы №67 жалпы білім беретін мектеп” КММ-де бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Айтжанова Назираның ұйымдастыруымен “Зейнет жасы құтты болсын!” тақырыбында өнегелі іс-шара өткізілді.

Халқымызда “Бейнеттің зейнетін көріңіз” деген көңілге жағымды тіркес бар. Зейнет жасы алаңсыз өмір сүріп, еткен еңбектің рахатын сезініп, өзіне көңіл бөлетін кезең. Сондықтан да мектеп директоры Танабаева Құттықыз Ортайқызы мен ұжымдастар зейнеткер ұстаздарға жақсы тілектерін арнап, сый-сиапат ұсынды.

Құрметті Исмаилова Клара, Әділбекова Меруерт!

Білім саласына сіңірген елеулі еңбектепіңізге Алғыс айта отырып, зейнеткерлік демалысқа шыққан қуанышты күндеріңіз құтты болсын!

Еткен еңбектеріңіз бен төккен терлеріңіз аз емес. Енді сол еңбектің зейнетін көріп, ауырмай, сырқамай немере-шөберенің ортасында «Аяулы әже» деген атты иеленуге тілекшіміз!

 

Жетісай ауданы білім бөліміне қарасты М.Горький атындағы гимназия мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Раушанова Шарбану апай биыл зейнеткерлік жасқа жетіп, құрметті демалысқа шықты.

Шарбану апай өзінің ұстаздық жолында әрбір шәкірт жүрегінен орын ала білген білікті де білгір ұстаз, ұжымда өзіндік орны бар тұлға. Апайымызға қызмет деген бір белестен өтіп, құрметті демалыс деген күнге жеттіңіз. Еңбегіңіздің зейнетін көріп, немере, шөберенің ортасында әже деген атты иеленіп жүре беріңіз. Әр күніңіз шалқыған шаттыққа, қуанышқа толы болсын деп тілек білдіреміз!

 

 

Жетісай аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Мерекелік іс-шарасы

1 маусым – «Балаларды қорғау күніне» орай, 30 мамыр күні, Түлкібас ауданының Мәдениет сарайында ауданның 50 мектебі оқушыларының қатысуымен, аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен, және аудандық кәсіподақ ұйымының қолдау жасауымен мерекелік іс-шара өтті.

Мереке күніне, аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Д.М.Абишев қатысып, құттықтау сөзін айтып, жас жеткіншектерге ізгі тілектерін білдірді.

 

Түлкібас аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

КӘСІПОДАҚ МІНБЕРІ

Калыбекова Нагима Абеновна1991 жылдан бастап бүгінге дейін № 59 Қ. Жандарбеков атындағы жалпы білім беретін мектебінде технология пәні мұғалімі. Шымкент педагогикалық институтында «Кәсіптік білім» мамандығы бойынша жоғары білім алған.

Нағима қоғамдық жұмыстардың көшбасшысы. Қызметкерлердің әлеуметтік, құқықтық қорғалуына үлкен үлес қосып келе жатқан кәсіподақ комитетінің төрайымы.Ұжым арасында беделі жоғары, ортамен жақсы қарым-қатынас орната алады. Бойында ұйымдастырушы қабілеті жоғары, тиімді шешім қабылдай білетін, игі істерге ұйытқы бола алатын тәжірибесі мол маман. Көп адамдар оның мейірімділігін бағалайды. Әріптестерімен іскерлік қатынастарды ұстау қабілеті жоғары. Жұмысты жоспарлау және алдына қойған міндеттерді орындауды бақылау қабілеті жоғары.

«Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім мектептің жүрегі» деп Ы.Алтынсарин атамыз бекер айтпаса керек . Бүгінгі қоғамдағы мұғалімнің рөлі шәкіртіне ғылыми негіздерінен мәлімет беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат, экономика кеуістігінен шығуға, яғни қатаң бәсеке жағдайында өмір сүруге тәрбиелеу керек.

Нағима жаңа заманауи білім беру жүйесінің бағдарламасын жетілдіруге, сапалы білім мен саналы тәрбие беруге, озық тәжірибелер мен ғылыми шығармашылық жұмысын дамытуға және насихаттауға қосқаны үлесі үшін көптеген грамоталармен марапатталған.

Калыбекова Нагима Абеновна Республикалық «Altyn urpaq»зияткерлік олипиаласында өсіріп отырған перзентіңіз үздік білімін дәлелдеп, сіздер берген жақсы тәрбие үлгісін көрсете білді. Балаңыз терең білімді игеру жолына қолдау жасап, жақсы тәрбие берегені үшін Алғыс хатпен марапатталған.

Халықаралық «Өрлеу- өркендеу» ғылыми- ақпараттық, танымдық- тәрбиелік журналының ұйымдастыруымен білім саласының үздік қызметкерлері арасында өткен «Педагогика- менің таңдауым» атты байқауында І -орын дипломымен марапатталған.

Халықаралық «Өрлеу- өркендеу» ғылыми- ақпараттық, танымдық- тәрбиелік журналының ұйымдастыруымен өткізілген «Үздік педагог» байқауында І- дәрежелі дипломмен марапатталды.

«Жарқын» республикалық ғылыми- ақпараттық, танымдық- тәрбиелік журналының ұйымдастыруымен өткізілген «Парасатты педагог»байқауында І дәрежелі дипломмен марапатталды.

«Жарқын» республикалық ғылыми- ақпараттық, танымдық- тәрбиелік журналының ұйымдастыруымен үздік ізденімпаз ұстаздар қызметкерлері арасында өткен «Мәңгілік ел ұстаздары» байқауында білім беру үрдісінде жаңашылдық енгізе отырып, ерекше қабілетімен көзге түскені үшін І- орын дипломымен марапатталды.

Калыбекова Нагима Абеновна технология пәні бойынша «Педагог –сарапшы» санатын алған.

Жұмыс барысында Калыбекова Нагима Абеновна өзін білімді ұстаз ретінде көрсете білді. Қазіргі таңда өз міндеттерін жауапкершілікпен және адал атқарып келеді. Қиын жағдайларда шешім қабылдауға қабілетті екенін және өз қызметінің нәтижесі үшін жауапкершілікті бола алатынын дәлелдеді. Калыбекова Нагима Абеновна үнемі өзінің кәсіби деңгейін көтеріп отырады. №59 Қ. Жандарбеков атындағы жалпы білім береті мектебінде педагог қызметкерлерінің арасында беделді.

 

Сайрам аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

КӘСІПОДАҚ МІНБЕРІ

Жақсы мұғалім — бұл қай кезде де ең алдымен кәсіби деңгейі жоғары, интеллектуалдық, шығармашылық әлеуеті мол тұлға. Ол оқытудың жаңа технологияларын өмірге ендіруге дайын, оқу-тәрбие ісіне шынайы жанашырлық танытатын қоғамның ең озық бөлігінің бірі деп есептеледі. Және солай болуға тиіс.

Жай мұғалім хабарлайды,

Жақсы мұғалім түсіндіреді,

Керемет мұғалім көрсетеді.

Ұлы мұғалім шабыттандырады демекші, 20 жылдан астам уақыт бала тәрбиелеп, ұстаздық жолында шәкірттерімен бірге талай белестерді бағындырған Ерназарова Рыскүл АНАСРАТДИНҚЫЗЫ білім берумен қатар кәсіподақ саласында белсенділігімен танылып, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы қоғамдық қызметін атқарып келеді.

Рыскүл АНАСРАТДИНҚЫЗЫ 2023-2024 оқу жылының өзінде біршама жетістікке жетіп, ауданның білім қоржынын толықтырды.

«Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының Өзге ұлттар арасында қазақ тілінен 5-11 сынып оқушыларына арналған «Тіл – тәуелсіздік тұғыры» олимпиадасына 8 «Б» сынып оқушысы Юмағожина Амина ІІІ дәрежелі диплом;

шығармашыл оқушылар арасында аудандық «Ақберен» өнер байқауының «Ұлттық аспаптарда өнер көрсету» номинациясы бойынша 11 «Б» сынып оқушысы Нәзір Ақсауле ІІІ дәрежелі диплом;

8-11 сынып оқушылары арасында аудандық «Махамбет оқулары» байқауының «Шашақты найза, шалқар күй» бағыты бойынша 8 «Б» сынып оқушысы Назір Мадина ІІІ дәрежелі диплом;

Жетісай ауданы мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Тілдерді оқыту және дамыту орталығы» ұйымдастырған өзге этнос жастары арасында өткен «Менің Отаным –Қазақстан» атты шығарма жазу байқауында 11 «Б» сынып оқушысы Фрейндорф Мария жүлделі ІІ орын, өзі Алғыс хат;

2023-2024 оқу жылындағы ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңіне 11 «Б» сынып оқушысы Фрейндорф Мария Георгиевна ІІІ орын;

2024 жылы «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырған жалпы білім беретін мектептерге арналған «Ақбота» зияткерлік олимпиадасында Сыдықова Ақмарал, Юмағожина Амина 3 дәрежелі диплом;

2024 жылы Түркістан облысының білім басқармасы білім беру жүйесіндегі шығармашылық еңбегі және жеткіншек ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі табыстары үшін Құрмет грамотасы;

2024 жылы «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырған қазақ тілі пәнінен «Педстарт» Республикалық қашықтық олипиадасының ІІІ дәрежелі дипломы;

«Білім- өркениеті» Ұлттық инновациялық ғылыми – зерттеу орталығының «Ыбырай Алтынсарин атындағы педагогтердің ұлттық сыйлығы» атты Республикалық байқауда І дәрежелі диплом және Қазақстан Республикасының білім және ғылым саласына қосқан айрықша еңбегі үшін «Ы. Алтынсарин» төсбелгісі.

Құрметті Рыскүл АНАСРАТДИНҚЫЗЫ!

Білім саласының дамуына қосқан елеулі еңбегіңіз бен кәсіподақ саласындағы белсенділігіңізге Алғыс айта отырып, деніңізге саулық, отбасыңызға амандық тілейміз!

Жетісай аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Атқару комитетінің кеңейтілген мәжілісі өткізілді

Мақтаарал аудандық кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен «Абылайхан атындағы №2 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде аудандық білім бөлімі басшысының міндетін уақытқа атқарушысының, Атқару комитетінің мүшелерінің және бастауыш кәсіподақ ұйымы төрағаларының қатысуымен Атқару комитетінің кеңейтілген мәжілісі өткізілді.

Мәжіліс барысында Мақтаарал ауданы білім бөлімінің басшысының міндетін уақытша атқарушы Арап Қайрат Әбдірахымұлы, аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Жолдасов Алданияз Бастарұлы сөз алып, барша кәсіподақ мүшелерін 2023-2024 оқу жылының сәтті аяқталуымен құттықтап, лебіздерін білдірді және аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Жолдасов Алданияз Бастарұлы 2024 жылдың І жарты жылдығында аудандық кәсіподақ комитеті тарапынан атқарылған жұмыстарға шолу жасап, кәсіподақ мүшелеріне баяндап берді.

Іс-шараның соңында 2023-2024 оқу жылының барысында жоғарғы жетістіктерге қол жеткізген кәсіподақ мүшелерін марапаттау жұмыстары жүргізілді.

Атап айтар болсақ:

«Өрлеу» Білім және ғылым қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының марапаттарымен С.Датұлы атындағы ЖББМ бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Қ.Игенбаева, №1 «Мырзакент» мектеп-гимназиясының бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы М.Айткулова, М.Тоқжігітов атындағы ЖББМ бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы У.Абдиевалар марапатталса.

Түркістан облысы білім басқармасының марапатымен Абай атындағы ЖББМ бастауыш сынып мұғалімі К.Оракбаева, Қ.Мүсірепов атындағы ЖББМ бастауыш сынып мұғалімі А.Бейсенбаева, С.Торайғыров атындағы ЖББМ бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Г.Жанкожаева, №32 ЖББМ бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Б.Суттибаева, №50 «Үлгілі» ЖББМ бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Б.Жунисов, С.Рахымов атындағы ЖББМ мектеп алды даярлық тобының мұғалімі С.Амирханова марапатталды.

Аманат партиясының Түркістан облыстық филиалының марапатымен Береке ЖББМ директоры М.Даубаева мен Жаңа жол ЖББМ бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Л.Жетенова марапатталды.

«Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» Қоғамдық бірлестігінің «Кәсіподаққа еңбегі сіңген қызметкер» төсбелгісімен Абылайхан атындағы ЖББМ директоры А.Джулдибеков, В.Комаров атындағы ЖББМ директоры Ғ.Торыбаев, Болашақ ЖББМ директоры Н.Асабаев марапатталды.

«Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» Қоғамдық бірлестігінің Құрмет грамотасымен А.Байтұрсынұлы атындағы ЖББМ бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы А.Намазбаева, Әл-Фараби атындағы ЖББМ бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы М.Мамитов, Жамбыл атындағы ЖББМ бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы С.Татеев марапатталды.

«Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» Қоғамдық бірлестігінің Алғыс хатымен Ш.Бектасов атындағы ЖББМ бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Р.Бусаханова, Қ.Үкібаев атындағы ЖББМ бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы С.Опабеков, Х.Доспанова атындағы ЖББМ бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы А.Елемесова марапатталды.

Барша марапат иелерін аудандық кәсіподақ комитетінің атынан шын жүректен құттықтаймыз!

Мақтаарал аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі

Арнайы іс – шара

Түркістан облысы, Ордабасы ауданды,”Бейсенбай Кенжебаев атындағы жалпы білім беретін мектеп” коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Мектебіміздің Ұлағатты ұстазы, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Қазыбай Сәлима Керімбайқызының зейнетке шығуына байланысты арнайы іс – шара өтілді.

Қазыбай Салима Керімбайқызы 1963 жылы 20 қаңтарда Түркістан облысы Ордабасы ауданы,Берген ауылында дүниеге келген.Әкесі Қазыбай Керімбай 42 жыл бойы совхозда озат жүргізуші болды.АнасыБабасова Хадиша«Алтын алқа» иегері, елге сыйлы,беделді кісілер болған.10 ұл-қыз тәрбиелеп өсірген.Қазіргі уақытта барлығы отбасылы,әр салада қызмет етіп жатыр.1985 жылы Қызылорда педагогикалық институтын бітіріп, сол жылдан бері Түркістан облысы,Ордабасы ауданындағы Бейсенбай Кенжебаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде ағылшын тілі пәні мұғалімі болып жұмыс жасап жатыр.2012 жылы 6 қыркүйекте “Күміс алқа”алқасымен наградталды.2012 жылы Астанада өткен мұғалімдердің съезіне қатысты.ОҚО «Үздік педагог-2018» медалі. 2019 жылы Ордабасы ауданында отбасылық ынтымақ пен бірліктің сақталуы мақсатында ұйымдастырылған «Шаңырағым-шаттығым!» атты іс-шарада аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.2020 жылы Ордабасы ауданына сіңірген еңбегі үшін “Ордабасыға 55 жыл” және 2021 жылы “Ерен еңбегі үшін” төсбелгілерімен марапатталды.2021 жылы облыстық Әдістемелік орталығының «ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы», «Құрметті ұстаз» және «Кәсіподаққа еңбегі сіңген қызметкер» медальдарымен марапатталды.2022 жылы Түркістан қаласындағы өткен Республикалық аналар форумында «Қарқабат ана» төсбелгісімен марапатталды.2018 жылдан бері Бөген ауылдық Әйелдер кеңесінің төрайымы болып жұмыс атқарып келеді.

1987 жылғы туылған туылған түлектері 2004 жылы мектеп бітірді.Қазіргі таңда әр салада еңбек етіп жатыр. Биыл түлеп ұшқандарына 20 жыл болды өздерінің білім алған ордасына мектеп алды алаңшасына брусчатка төсеп,талапқа сай етіп жасап берді.Биыл зейнетке шығар жасында 11 А сыныбының шәкірттерін білім нәрімен сусындатып тәрбиелеп,өмір жолына ұшырғалы отыр.

Ордабасы аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

 

КӘСІПОДАҚ МІНБЕРІ

«Ұстаз – ұлағатты есім. Ұстаз шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар және тәлім-тәрбие беріп, әрқашанда өзгелерге жол сілтеуші, қолдау көрсете білетін, жылы жүрегімен сәулесін шашып, мейірім шуағын төгіп тұратын тұлға».

Калыбаева Райхан Куанышевна- «М.Х.Дулати жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде география пәнінің мұғалімі.

Педагог кадрлардың біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламасы аясында үшінші деңгей бойынша сертификатталған көшбасшы мұғалім.

«Тәжірбедегі рефлекция» курсы бойынша мектеп тренері.

«Инновационные задачи в обучении экономической и социальной географии мира»

Авторлық бағдарлама кітабының және оқу дәптерінің авторы. (2023 жыл)

«Педагог-зерттеуші» біліктілік санатындағы мұғалім.

Еңбек өтілі-31жыл. Педагогикалық еңбек өтілі-31 жыл.

Райхан Куанышевна 1998 жылдан бастап «М.Х.Дулати жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде география және биология пәндері бойынша жемісті еңбек етіп келеді.

Осы уақытқа дейін Жалпы білім беретін мектеп оқушыларының аудандық пән олимпиадасында бірнеше жыл қатарынан 3шәкірті жүлделі орын иеленсе, 1 оқушысы облыстық пән олимпиадасына қатысып жүлделі 3орынға ие болды.

«Желтоқсан» айында География пәнінен оқушылар арасындағы олимпиаданың жеңімпазы Асал Сапаметова марапатталды.

Ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық Дарын олимпиадасына қатысып Орынтай Әсем, Тимурова Лабар жүлделі орын иеленді.

«Формирование экологической культуры у учащихся на уроках географии» атты мақаласы жарыққа шықты.

2019 жыл Калыбаева Райхан Куанышевна мерзімді баспасөз басылымында «Үздік сабақ» көрсетіп білім беру жүйесіндегі іс-шараларға қосқан үлесі мен шығармашылық табыстары үшін алғыс хатпен марапаталды.

2019 жылы Калыбаева Райхан Куанышевна оқушыларды оқытуда талмай еңбек етіп, біліммен сусындатып,оқушылардың бойында адамгершілік асыл қасиеттерді сіңіріп, білікті ұстаз ретінде аянбай қажырлы еңбек етіп, білімге құштар, жаны жайсаң нағыз патриот тәрбиелегені үшін марапаталды.

2019-2020 оқу жылында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде қатысып Серых Вадим Владимирович 3 дәрежелі жүлделі орын иеленді.

2020 жыл Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының алғыс хатымен марапатталған.

2020 жылы Калыбаева Райхан Куанышевна Түркістан облысы педагогтарының кәсіби шеберлігін шыңдау, біліктілігін дамыту, талантты педагогтарды анықтау және қолдау көрсете отырып мұғалім мамандығының мәртебесін көтеру мақсатында ұйымдастырылған «Пән олимпидасының үздік педагогы-2020» байқауында белсенділік танытып, жақсы нәтиже көрсеткені үшін алғыс хатпен марапаталды.

2022 жыл Түркістан облысы, Төле би ауданы «М.Х.Дулати атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. География пәні мұғалімі Райхан Куанышовна Тарих, география пәндері бойынша 7-11сынып оқушылары арасында өткен республикалық «ALTYN URPAQ» зияткерлік олимпиадасында шәкірті Рустамбекова Ситора жеңімпаз болғаны үшін марапаталды.

2022 жылы Республикалық «KemengerUstaz.kz» журналында

2022-2023 оқу жылы Жаратылыстану-математикалық пәндері бойынша 7-8 сынып оқушылары арасында өткізілген олимпиаданың аудандық кезеңінде география пәнінен жүлделі 3орын иеленгені үшін Сапаметова Асыл марапаталды.

2023 жылы 25желтоқсан күні Қазақстан Республикасының оқу-ағарту министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

Аудандық шығармашылық топтың мүшесі. Осы еңбегі үшін Білім және ғылым министрлігінің «Алғыс хатымен» марапатталды. Облыстық және аудандық білім бөлімінің Алғыс хаттарымен, мақтау кағаздарымен және кұрмет грамоталарымен марапатталған.

Соңғы 10 жылда ҰБТ бойынша аудандық аппеляция комиссияның мүшесі болып жұмыс атқарды.

М.Х.Дулати атындағы жалпы білім беретін мектепте2009 жылдан еңбек етіп келеді. Мұғалімнің шығармашылық қабілеті мен шеберлігі өте жоғары.»

Төлеби аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Кәсіподақ белсенділері марапатталды!

Бүгін 2024 жылғы Мамырдың 24 күні Ордабасы аудандық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің төрағасы Қ.Төлебаев, аудандық кәсіподақ комитетінде білім саласында еселі еңбек етіп жүрген кәсіподақ белсенділерін «Соңғы қоңырау» мерекесіне орай құттықтап, Аудан әкімінің, Түркістан облыстық «AMANAT» партиясының және білім басқармасының, «Өрлеу» білім және ғылым қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» ҚБ және «Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» Қоғамдық бірлестігінің алғыс хаттары мен құрмет грамоталарын тапсырып, «Кәсіподаққа еңбегі сіңген қызметкер» төсбелгілерімен марапаттады.

Ордабасы аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

ТҮРКІСТАНДА КІТАП ОҚУ БАЙҚАУЫНДА ТОП ЖАРҒАН ДИРЕКТОРЛАР, ҰСТАЗДАР ЖӘНЕ ОҚУШЫЛАР МАРАПАТТАЛДЫ

Түркістан қаласындағы «Ақжайық» музыка мектебінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Оқуға құштар мектеп – оқуға құштар ұлт» жобасы аясында оқу-ағарту саласындағы «KitapХАН» кітап оқыту әдісінің жылдық қорытындысы өтті. Шараға Түркістан облысы білім басқармасының басшы міндетін атқарушы Жандос Маханбетов қатысып, байқауға қатысушыларға сәттілік тіледі.

«Оқуға құштар мектеп – оқуға құштар ұлт» ұлттық жобасы аясында білім беру ұйымдарының кітап қоры толығып, білім алушылардың кітап оқу мен кітапты таңдау мүмкіндігінің аясы кеңейгені байқалып отыр. Республикадағы әр білім беру ұйымын оқуға құштар мектепке баули отырып, алдағы уақытта кітап оқу дағдысы бұқаралық сипатқа айналады деп сенеміз, – деді ол.

Жалпы жоба апталық, айлық, жылдық кезеңдерден тұрады. Әр аптаның жеңімпаздары айлық сайысқа шығады. Ал айлық жеңімпаздар жылдық финалға шығып, нәтижесінде «KitapХАН» жеңімпазы атанады. Облыс бойынша кітап оқу сайысына жалпы 1000 мектеп ішінен 80 мың мұғалім, жарты миллион оқушы қатысып, соның ішінде ақтық мәреге 21 үміткер жолдама ұтып алды. Бүгінгі финалдық кезеңде іріктеуден өткен қатысушылар белгілі ақын-жазушылардың еңбектерінен үзінді оқып, қоғамда кітап оқудың маңыздылығына ерекше мән берді. Сондай-ақ өздері оқыған кітабын 7 минутта қорғап, нәтижесін бөлісті.

Байқауда басшылық құрам арасынан Төлеби ауданы, Қ.Сатпаев атындағы жалпы білім беру мектебінің директоры Лаззат Сандыбаева «KitapХАН» жеңімпазы атанса, ал ұстаздар арасынан Арыс қаласы, Жиделі жалпы білім беру мектебінің физика пәнінің мұғалімі Нұрсұлу Алышева жеңіп алды. Сондай-ақ оқушылар арасынан Отырар ауданындағы С.Әшірбеков атындағы жалпы білім беру мектебінің 9-сынып оқушысы Таңшолпан Қалдыбай жеңімпаз атанды.

Финалға шыққан барлық үміткерге «Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағының» демеушілігімен құнды, бағалы сыйлықтар табысталды. Атап айтқанда, мектеп оқушыларына 8 велосипед, 5 мектеп директоры мен 8 мектеп мұғаліміне 13 теледидар тарту етілді. Одан бөлек белсенділік танытқаны үшін бірқатар жандарға «Құрмет» грамотасы табысталды.

Аталған шараны Түркістан облысының Білім басқармасына қарасты «Білім беруді дамыту орталығы» ұйымдастырып отыр. Орталық басшысы Бақытжан Төлімбеттің айуынша «KitapХАН» жобасына «Болат Өтемұратов» қоры, жергілікті кәсіподақ ұйымы, «Stepp&World баспасы», Kitap.kz серіктестері қолдау көрсетуде. Негізгі мақсаты – білім беру ұйымдарының басшылық құрамы мен педагогтары, оқушылар (колледж студенттер) және ата-аналардың отандық, әлемдік әдебиеттермен таныс болуына ықпал етіп, оқу мәдениетін қалыптастыру, шығармашыл әлеуетін көтеру, елдік, патриоттық, адамгершілік пен ізгілік қасиеттерді қалыптастыру.

«Айта кетейік, Түркістан облысы білім беру мекемелерінің қызметкерлері мен оқушыларға арналған «КitapХАН» кітап оқыту әдісі ҚР Әділет министрлігінде ресми тіркелген. Мемлекет басшысының білімді ұрпақ тәрбиелеу жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында 2021 жылдың қазан айынан бері үш жыл бойы жүйелі жүргізіліп келеді. Осы әдіспен үш жыл ішінде 10 мыңға жуық педагог пен оқушылар қатысқан.

Облыстық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

КӘСІПОДАҚ МІНБЕРІ

Ұстаз – ұлағатты ұлы тұлға. Ұстаз бейнесі шәкірт үшін адамгершіліктің ең жоғары үлгісі. «Мұғалім мамандығы – барлық мамандықтың анасы» демекші, ұстаздан тәрбие алмайтын жан жоқ. Ұстаздың жүрегіндегі лаулаған жылулығы әр шәкірттің бойына нұр құятын киелі күш. «Ұстаз болу – өз уақытыңды аямау, өзгенің уақытын аялау»

Мауленова Гулдана Султанбековна информатика мен физика пәні мұғалімі. Біліктілік санаты – педагог-сарапшы.

Еңбек жолын 2006 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданы Көксәйек ауылындағы М.Х.Дулати атындағы орта мектебінде информатика пәнінің мұғалімі қызметінен бастаған. 2012 жылы М.Х.Дулати атындағы орта мектебінде аға тәлімгер қызметіне ауысып, 4 жыл жұмыс істеді. Қазіргі уақытта аталған мектепте физика және информатика пәндерінің мұғалімі, бастауыш кәсіподақ төрайымы болып жұмыс істеуде. 2019 жылы магистр дипломын алған.

Талмай еңбек етіп, шәкірттеріне терең білім, өнегелі тәрбие беріп, оқушы бойындағы талантты ашуда үлкен жетістіктерге жеткен маман. Ол өз пәнін жетік меңгерген, ізденімпаз,өзіне берілген жұмысты тиянақты орындай білетін жан-жақты мұғалім. Оқушылармен тез тіл табысып, тәжірибелі ұстаздардың сабақтарына жиі еніп, өз білімін шыңдай түсірген, тәжірибеліұстаз. Сабақ барысында жаңа педагогикалық әдістерін пайдалана отырып, оқытудың жаңаша тәсілдерін жетік меңгерген. Ол сабақтарында оқушылардың танымдық қабілеттерін шыңдап, олардың дүниетанымын арттырған білікті ұстаз. Ашық сабақтары мен тәрбие сағаттары балалардың білімге деген құштарлығын арттырып, өз елінің елеулі орны бар азаматы болуға тәрбиелеген .Еңбегінің арқасында жақсы көрсеткіш көрсеткені үшін мектеп мадақтамаларымен, АББ-нің марапаттауларымен марапатталған;

2018 жылы «Ұстаз жаршысы», «Ұстаз тілегі» республикалық журналдарында мақаласы жариаланып, алғыс хатпен марапатталды.

2018 жылы оқушылар арасында өткізілген «Самұрық», «Ақбота» зияткерлік сайыстарында оқушылары жүлделі орындарды иеленгені үшін Дипломмен марапатталған;

2018 жылы Республикалық педагогикалық ғылыми-әдістемелік журнал, Астана қаласында мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген №16781-Ж «Қазақстан ұстазы» Алғыс хатымен марапатталған.

2019 жылы «Білген аламан» байқауына қатысып, Құрмет грамотасымен марапатталды.

2019 жылы ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы-қимыл агенттігіТүркістан облысы бойынша департаментінің Алғыс хатымен марапатталған.

2019 жылы Төлеби аданқық мәслихаттың грамотасымен марапатталған.

2019 жылы Түркістан облысы білім басқармасының Құрмет грамотасымен марапатталған. Тіркеу нөмірі №154

2020 жылы «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша кәсіби даму мадақтамамен марапатталған. Тіркеу нөмірі №216

2020 жылы «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша кәсіби даму институты ұйымдастырған

2021 жылы «Python бағдарламалау тілінде паралельді есептеулер жүргізу» әдістемелік-көмекші құрал шығарған.

2021 жылы Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының Алғыс хатымен марапатталған. Тіркеу нөмірі №2125

2022 жылы «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша кәсіби даму институтының мадақтамасымен мараптталған. Тіркеу нөмірі №1091

2022 жылы «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша кәсіби даму институтының мадақтамасымен мараптталған. Тіркеу нөмірі №1091

2022 жылы Республикалық білім мен қорғау «Тіл, өнер мен білім» орталығының «Үздік педагог-2022» төсбелгісімен, 1-дәрежелі дипломмен, алғыс хатпен марапатталған.

2023 жылы оқушылар мен студенттерге, жас ғалымдар мен жас зерт теушілерге арналған ІХ халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда жоғары нәтиже көрсеткен жеңімпазды дайындағаны үшін Дипломмен марапатталды. Тіркеу нөмірі №428

2023-2024 оқу жылындағы ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңіне қатысып, 10 сынып оқушысы Загребельников Артем І дәрежелі дипломмен марапатталды.

2024ж «IT ресурстарын қолданып дуалды оқыту жүйесін құру» тақырыбындағы облыстық тәжірибелік семинарда озық іс-тәжірибемен бөліскені үшін Мадақтамамен марапатталды. Тіркеу нөмірі №1322

Гулдана Сұлтанбековна ұжымда іскерлік қарым-қатынасы жақсы, ұйымдастырушылық қабілеті мол, оқушыларға сапалы білім мен саналы тәрбие беруден жалықпаған. Мұғалімдер мен ата-аналар арасында сыйлы, беделі жоғары ұлағатты ұстаз.

Төлеби аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

1 24 25 26 27 28 90