«Ұстазға – мың алғыс» атты мерекелік іс-шара өткізілді.

Отырар аудандық кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен 05 қазан күні Аудандық мәдениет сарайында «Ұстаздар күні» мен «Кәсіподақтар күні» мерекелеріне арналған «Ұстазға – мың алғыс» атты іс-шара ұйымдастырылып өткізілді.

Ұлағатты ұстаздарымызға құрмет көрсету мақсатында ұйымдастырылған іс-шараға Отырар ауданы әкімі Қ.Жолдыбай және орынбасары А.Құлмахан ,Ішкі істер бөлімінің бастығы Б.Нышанбаев, облыстық білім беру орталығының директоры Б.Төлімет,Сапаны қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы С.Пақымбетов аудандық білім бөлімінің басшысы Қ.Шербаев, аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Е.Қасым, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Ж.Көлбаеа, БАҚ өкілдері, білім беру мекемелерінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағалары, педагогтары мен ұлағатты ұстаздар қатысты.

Мерекелік іс-шара барысында білім беру саласында жақсы көрсеткіш көрсеткен ұлағатты ұстаздарға Алтынсарин медалі,облыс әкімінің Алғыс хаты,Түркістан облысының Аманат партиясының Алғыс хаты,Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағының төс белгілері, Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттары, Отырар ауданы әкімінің, аудандық мәслихаттың, «АМАНАТ» партиясының Отырар аудандық филиалының, аудандық білім бөлімі мен аудандық кәсіподақ комитетінің марапаттары табысталды.

Қос мерекеге орай ұйымдастырылған іс-шара концерттік бағдарламамен жалғасын тауып, ұстаздар жақсы көңіл-күймен тарасты.

Отырар аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА ҰСТАЗДАР КҮНІНЕ ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРА АТАЛЫП ӨТТІ

2024 жылдың 05 қазан Ұстаздар мерекесі күні Түлкібас ауданының білім бөлімінің ұйымдастыруымен аудандық Мәдениет үйінде «Ұстазыма мың алғыс!» атты ұстаздар күніне арналған аудандық мерекелік іс-шарасы өтті.

Салтанатты шараға аудан әкімінің орынбасары Ербол Орманов, Түркістан облысының білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің бас маманы Таскулова Мадина Абубакирқызы, ардагерлер кеңесінің төрағасы Сатбай Қасымбек, аппарат басшысы Б.Жақыпбек,білім бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы Досжан Кыдыралиев, аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Әбішев Дәулен, ардагер ұстаздар және аудан ұстаздары қатысты. Салтанатты іс-шараға зейнеткер, ұлағатты 10 ұстаздарымыз арнайы шақырылып,мерекелік сыйлықтармен және гүл шоқтары табысталды.

Салтанатты іс-шараға арнайы келген қонақтар әуелі білім беру ұйымдарының көркем еңбек және үйірме жетекші педагогтері ұстаздар мерекесіне орай арнайы әзірлеген ” Гүлдер көрмесін” тамашалады. Көрмеге гүлдерден, жеміс-жидек, көкөністерден әзірленген түрлі композиядағы жұмыстар қойылды. Сонымен қатар, қонақтарды Мәдениет үйінің алдында аудандық “Балалар өнер мектебінің “Ұлт- аспаптар” оркестрінің өнерін тамашалады.

Ұстаздар мерекесіне арналған салтанатты іс-шарада жалпы – ҚР-ның Оқу-ағарту министрлігінің “Ы.Алтынсарин” төсбелгісімен 5, облыс және аудан әкімінің “Алғыс хатымен ” 12, облыс және аудандық мәслихаттың “Алғыс хатымен ” 11, Түркістан облысының білім басқармасының ” Құрмет грамотасымен” 14, аудандық, облыстық кәсіподақ комитетінің бірлескен марапатымен 12 педагог, жалпы – 42 педагог марапатталды. Аудан әкімінің орынбасары Ербол Орманов білім саласындағы оң көрсеткіштерге тоқталып, білім саласында аянбай еңбек еткен барша ұстаздар қауымын кәсіби мерекесімен құттықтай отырып, облыс және аудан әкімінің “Алғыс хатымен ” ұстаздарды марапаттады.

Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сатбай Қасымбек : Өмір жолын қиын жол деп әрдайым, тәрбиелеп ақылды қып өсірген ұлағатты ұстаздарды тамаша төл мерекесімен құттықтап, алғысын білдірді.

Түркістан облысының білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің бас маманы Таскулова Мадина Абубакирқызы сөз кезегін алып, Ұстаз – жай білім беретін мамандық иесі емес. Ол – екінші ата-ана, тәрбиенің де қайнар көзі. Бәріміз де ұстаздарға қарыздармыз. Сондықтан ұлағатты ұстаздардың алдында барлық адам құрметпен бас иеді, – дей келе бес ұстазымызға “Ы. Алтынсарин” төсбелгісін табыстады.

Жиын барысында білім бөлімінің басшысы м.у.а Досжан Кыдыралиев мерекелік құттықтау сөз сөйлеп, білім саласында шығармашылық жетістіктерге жеткен бірқатар ұстаздарды марапаттады.

Сонымен қатар, кәсіподақ комитетінің төрағасы Әбішев Дәурен ұлағатты ұстаздарды «Кәсіподаққа сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен және құрмет грамоталарымен марапаттады.

Салтанатты іс-шара соңы Балалар” Өнер мектебінің”, Састөбе өнер мектебінің өнерпаз шәкірттерінің орындауында” “Ұстазыма” хор , ҚР мәдениет саласының үздігі , әнші-сазгер Рысты Әлімбеттің орындауында “Қазақстаным” әні, “Қаракөз” би тобының” Нәзігім” биі, “Қазына” дуэтінің” “Келші жаныма” әндерімен ұстаздарға əзірлеген концерттік бағдарламасымен ұласты.

Түлкібас аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Мерекелік іс-шара

Төлеби аудандық кәсіподақ комитеті 3 қазан күні «Ұстаздар күні» мерекесін аудан көлемінде, білім бөлімімен бірлесе отырып өткізілгендігін мәлімдейді. «Ұстаздық-ұлық емес, ұлы қызмет!» атты ұстаздардың төл мерекесіне арнап, мерекелік іс-шара өтті.

Мерекелік іс-шараға ауданның үздік мұғалімдері, ардагер ұстаздар және кәсіподақ төрағалары шақырылып, сыйлықтар табысталды. Салтанатты іс шарада аудан әкімі міндетін атқарушы алғашқы болып құттықтау сөзін айтып, ұстаздарды мадақтама грамоталарымен марапаттады. Аудандық білім бөлімі басшысы және кәсіподақ комитеті төрағасы оқу жылында жетістіктерге қол жеткізген, білім саласына өз үлесін қосқан, шәкірттері республикалық, облыстық байқаулардан, ғылыми жобалардан жүлделі орын иеленген ұстаздарды, сонымен қатар кәсіподақ комитетіне өз үлесін қосқан ұстаздарды марапаттады. Мерекелік іс-шара концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.

Төлеби аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

КӘСІПОДАҚ МІНБЕРІ

Ұстаз сырттай қарапайым болғанымен, тарихтағы ұлы істі атқарып жүрген жұмыс -ұстаздікі. Біліммен баулып биікке ұшырататын оқушыларының оқуда озат,өмірде патриот болуы ұстаздың ұстанымына байланысты.Сондықтан да ол әрдайым құрметті тұлға ретінде ерекшеленеді. Қайнар жалпы білім беретін мектебінде химия пәнінің мұғалімі педагог-сарапшы санатты ұстазы Кадишова Гүлмира Бейсенбайқызы 1983 жылы 29 сәуірде қазіргі Түркістан облысы, Бәйдібек ауданы, Шаян селосында қарапайым отбасында дүниеге келген.1987-1988 жылдары Қызғалдақ балабақшасына барған. 1989 жылы Шаян жалпы білім беретін мектебінің (бұрынғы В.И.Ленин атындағы орта мектеп) 1-сыныбына қабылданып, 2000 жылы осы мектептің лицей сыныбын бітіріп шығады. 2004 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Гуманитарлық университетінің биология- химия мұғалімдік мамандығын бітіреді.

2005 жылы Қайнар жалпы білім беретін мектебіне химия пәнінің мұғалімі болып қабылданып, қазіргі күнге дейін осы мектепте абыройлы қызмет атқарып келеді.

Ұжымның қолдауымен мектепішілік кәсіподақ комитетінің комиссия мүшесі.

Мектеп оқушы қыздар клубының топ жетекшісі қызметін атқарады.

Кадишова Гүлмира Бейсенбайқызы шәкірт тәрбиелеу жолында жеткен жетістіктері аз емес. Атап айтар болсақ:

2018 жылы оқушысы Cейіт Қарақат аудандық пән олимпиадасында ІІІ орын;

2018-жылы оқушысы Сейіт Қарақат «Қазақстан-менің елім» турстік өлкетану іздеу-зерттеу ғылыми жоба байқауынан аудандық олимпиадасында І орын;

2018- жылы оқушысы Сейіт Қарақат «Қазақстан-менің елім» турстік өлкетану іздеу-зерттеу ғылыми жоба байқауынан облыстық олимпиадасында І орын алып, Республикаға жолдама алды. Астана қаласына тегін саяхаттап қайтты.

2020 жылы оқушысы Мақұлбек Ақнұр «Қазақстан-менің елім» турстік өлкетану іздеу-зерттеу ғылыми жоба байқауынан аудандық олимпиадасында І орын, облыстық жобада ІІ орын;

2021 жылы оқушысы Қуандық Асылай аудандық пән олимпиадасында ІІІ орын;

2022 жылы оқушысы Қуандық Асылай аудандық пән олимпиадасында ІІ орын;

2023 жылы оқушысы Увайдулла Райхан аудандық пән олимпиадасында І орын;

Кадишова Гүлмира Бейсенбайқызы еңбек еткелі түрлі марапаттарға ие болып келеді. Атап айтар болсақ

2018 жылы Төлеби аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің алғыс хатымен марапатталған.

2019 жылы мұғалімдер арасында өткізілген олимпиаданың аудандық кезеңінде ІІІ орын алып, аудандық білім бөлімінің алғыс хаты;

2019 жылы Төлеби аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің алғыс хатымен марапатталған

2021 жылы Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының алғыс хатымен марапатталған.

2021 жылы мұғалімдер арасында өткізілген олимпиаданың аудандық кезеңінде ІІ орын алып,аудандық білім бөлімінің алғыс хаты;

2022 жылы мұғалімдер арасында өткізілген олимпиаданың аудандық кезеңінде ІІ орын алып,аудандық білім бөлімінің алғыс хаты;

2022 жылы Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағының құрмет грамотасы:

2022 жылы Төлеби аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің алғыс хатымен марапатталған.

2023 жылы Облыстық «Өрлеу» орталығының «SMART САБАҚ -2023» байқауының І дәрежелі дипломы.

2024 жылы Республикалық педагогикалық ғылыми-әдістемелік журналының құрмет грамотасы, І дәрежелі дипломымен марапатталған.

Төлеби аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Ұстаздар күні – Құрмет күні!

Сарыағаш аудандық білім бөлімі мен Сарыағаш аудандық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен Аудандық мәдениет үйінде

5 қазан Мұғалімдер күні мерекесі Салтанатты аталып өтілді. Іс-шараға аудан әкімі А.Абдуалиев, Сарыағаш аудандық білім бөлімінің басшысы Д.Акатов, Сарыағаш аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы

Ә. Тастанбеков мырзалар , Аудан Ұстаздарына өз құттықтауларын ыстық лебіздерін білдіріп , Республикалық “Алтынсарин” медалімен, Оқу – ағарту министрінің Алғыс хатымен Республикалық “ӨРЛЕУ” Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы ҚБ “Кәсіподаққа еңбегі сіңген қызметкері төс белгісімен, Облыстық білім басқармасының Құрмет грамоталарымен, Облыстық кәсіподақ комитетінің “Кәсіподаққа еңбегі сіңген қызметкері” төсбелгісімен Аудан әкімінің, Аудандық білім бөлімінің Құрметті марапаттарымен бағалы сыйлықтарымен марапаттап табыстады. Сонымен қатар ауданның Зиялы қауым өкілдері, Ардагер ұстаздарымыз да шақыртылып бағалы сыйлықтармен гүл шоқтары беріліп, сый-құрмет көрсетілді. Ұстаздарға арналған концерттік қойылымдар кәсіби әншілер ән шырқап, бишілер тобы сахнаның төрінде мерекелік көтеріңкі көңіл сыйлады. Ұстаздар – қоғамның алтын діңгегі, адамзаттың шамшырағы. Олардың білімі мен тәлім-тәрбиесі бізді биік шыңдарға жетелейді. Әрбір ұстаздың еңбегі – ұлт болашағының мықты іргетасы. Ұстаздар күні құтты болсын! Сіздердің еңбектеріңізге шексіз алғыс айтамыз! Әр күніңіз қуаныш пен шабытқа толы болсын!

Сарыағаш аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Мерекелік іс-шара

5 қазан «Ұстаздар күніне орай , салауатты өмір салтын насихаттау барысында, Келес ауданының Білім бөліміне қарасты #25 С.Сейфуллин жббм мен Білім және Ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитеті ұйымдастыруымен ерлер мен әйелдер арасында «Волейбол » спорт ойынынан Аудандық жарыс өткізілді

Келес аудандық маслихат депутаты Қ.Мүсір алғы сөз сөйлеп, барлық қатысушыларға Жеңіс, сәттілік тілеп, іс шараны ашып берді.

Тартысты өткен Аудандық жарыс қорытындысы бойынша

«Волейбол» ойынынан 8 ауыл әкімшіліктерден финалға іріктеліп келген мектепаралық командалар ішінен

Ерлер командасынан:

Бас жүлде – «Қошқар ата а/ә »командасы

І орын – «Ұшқын» а/ә ;

ІІ орын – «Абай» а/ә;

ІІІ орындарды – «Біртілек» а/ә алса,

Әйелдер командасынан:

Бас жүлде – «Абай а/ә»командасы

І орын – «Ошақты» а/ә ;

ІІ орын – «Қошқар ата» а/ә командасы

ІІІ орынды – «Біртілек» ауыл әкімшіліктері иеленді.

Командалық ұтыспен ұтқан жеңімпаздар кубок, ақшалай сыйлық 50000тг, 40000тг, 30000тг, 20000 және 10000тг сертификаттары мен Келес аудандық Білім бөлімімен бірлескен кәсіподақ комитетінің құрмет грамотасымен марапатталды.

Келес аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Мерекелік іс-шара

Келес ауданы білім бөлімінің ұйымдастыруымен Ә.Кенжеев атындағы мәдениет үйінде 5 қазан – Мұғалімдер күні ерекше форматта атап өтілді. Ісшараға келген ауданның 500 мұғалімі қызыл кілеммен жүріп, үздік мұғалімдер шеруі ұйымдастырылды. Ісшараға қатысқан Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев аудан ұстаздарына алғыс білдірді.

Ісшарада көп жылдық тәжірибесі бар ауданның үздік ұстаздары “Ы.Алтынсарин” төсбелгісімен, Түркістан облысы білім басқармасының, Келес ауданы білім бөлімінің Құрмет грамоталарымен марапатталды.

Сонымен қатар Келес аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің белсенді де білікті кәсіподақ мүшелерін Қазақстан Республикасының Оқу-Ағарту министрлігінің Алғыс хатымен , «Өрлеу» білім және ғылым қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» Қоғамдық бірлестігінің “Кәсіподаққа еңбегі сіңгені үшін” медалімен, Құрмет грамотасы, Алғыс хаттарымен, Түркістан облыстық білім басқармасының құрмет грамоталарымен, «Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» Қоғамдық бірлестігінің «Кәсіподаққа еңбегі сіңген қызметкер”төсбелгілерімен марапатталды.

Мерекелік концертте ауданнан шыққан елімізге танымал Сержанәлі, НұрҚожа сынды әншілер ұстаздарға көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Сонымен қатар “Camerata Shymkent” квартеті, Балалар Саз үйі мен Оқушылар үйінің тәрбиеленушілері, білім беру мекемелерінің ұстаздары, №5 жалпы білім беретін мектебінің музыка пәні мұғалімі Светлана Манап, О.Есімов атындағы жалпы білім беретін мектебінің хор ұжымы өнер көрсетті.

Ұстаздар күні -барша ұстаздарға құрмет пен ризашылықты білдіретін ерекше мереке.

Ұстаздар күні құтты болсын!

Келес аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Ұстаз–ұлы тұлға

Ұстаз–әлемдегі ең қызықты әрі ең қиын мамандық. Төрткүл дүниенің бүгінгі көрінісі, қазіргі ахуалы-ұстаздар еңбегінің нәтижесі. Себебі, Президент пен министр, депутат пен әкім, өнер адамы мен спорт майталманы, кәсіпкер мен құрылысшы, дәрігер мен мұғалім-барлығы да ұстаздың тәлім тәрбиесін алған жандар. Балабақшада, мектеп пен университет қабырғасында ұстаздар сусындатқан білімнің арқасында әрқайсысы жетістікке жетіп, еліміздің дамуына өз үлесін қосуда. Тарыдай болып келген бүлдіршіндердің қолына қалам ұстатып, әріп жазу мен есеп-қисаптың қыр сырын үйретіп, он бір жыл бойы оқытып, таудай азаматтарды алтын ұядан ұшыратын ұстаздардың еңбегі өлшеусіз. Бұл ретте шәкірттерге білім беруші адам қоғамға бірінші кезекте азаматты, содан кейін ғана белгілі бір кәсіп иесін сыйлайды.

Осынау Ұстаздар күніне орай бүгін, яғни қазан айының 04 күні Ордабасы аудандық мәдениет үйінде аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен мұғалімдер күніне арналған мерекелік іс-шара жоғары дейгейді өткізілді. Мерекелік іс-шара барысында кішкентай бүлдіршіндер ұстаздарға арналған өлең шумақтарын арнап, ән шырқап өз өнерлерін көрсетсе, ұстаздарымыз да өз өнерлерін ұсынды.

Мерекелік іс-шарада аудан әкімі А.Оралбаев және Түркістан облыстық білім басқармасынан арнайы келген өкілдер жүрек жарды құттықтауларымен білікті де белсенді мұғалімдерді Ыбырай Алтынсарин медалімен, Түркістан облысы әкімінің және білім басқармасының грамоталарымен марапаттады. Сонымен қатар «Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» Қоғамдық бірлестігінің төрағасы Б.Еркінбек ауданымыздың белсенді кәсіподақ мүшелерін құттықтап, Қазақстан Республикасының Оқу-Ағарту министрлігінің Алғыс хатымен М.Исламқұлов атындағы жалпы білім беру мектебінің мұғалімі Сагымбекова Эльмира Агабековнаны, «Өрлеу» білім және ғылым қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» Қоғамдық бірлестігінің “Кәсіподаққа еңбегі сіңгені үшін” медалімен Қажымұқан атындағы жалпы білім беру мектебінің директоры Валиев Абай Тәжіханұлын, Құрмет грамотасымен Абай атындағы жалпы білім беру мектебінің директоры Сапарымбетова Дильбар Шатаевна мен М.Исламқұлов жалпы білім беру мектебінің директоры Акылбекова Жанар Сатановнаны, Түркістан облыстық білім басқармасының Құрмет грамотасымен «Мыңбала» бөбекжай бақшасының меңгерушісі Өтеген Салтанат Төреханқызын, «Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» Қоғамдық бірлестігінің «Кәсіподаққа еңбегі сіңген қызметкер» белгісімен Б.Төлепбаев атындағы жалпы білім беру мектебінің мұғалімі Ысқақ Нұрзина Арыстанбекқызын, А.Шерімқұлов атындағы жалпы білім беру мектебінің мұғалімі Қазбек Данагүл Тұрсынқожақызын, Б.Кенжебаев атындағы жалпы білім беру мектебінің директоры Сапарова Перизат Смайловна, «Шолпан» бөбекжай бақшасының меңгерушісі Алибекова Жанар Мырзахановна және «Балбөбек» бөбекжай бақшасының меңгерушісі Есиркепова Гульназира Жамбулбаевналарды марапаттады.

Ұстаздар күні–барша ұстаздарға деген құрмет пен ризашылықты білдіретін ерекше мереке. Ұстаздар бізге тек ғылымды ғана үйретпейді, олар бізге өмірлік құндылықтарды бойымызға сіңіреді. Сіздерге деген шынайы алғысымызды білдіре отырып, еңбектеріңізге береке, өмірлеріңізге шаттық тілейміз. Ұстаздар күні құтты болсын!

Ордабасы аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

«ҰСТАЗЫМ – ҰЛАҒАТТЫМ, ҮЛГІ – ӨНЕГЕМ» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылып өткізілді.

Мақтараал ауданының білім бөлімінің ұйымдастыруымен, аудандық кәсіподақ комитетінің қолдауымен 03 қазан күні «Ақ алтын» мәдениет үйінде «Ұстаздар күні» мен «Кәсіподақтар күні» мерекелеріне орай «Ұстазым – ұлағаттым, үлгі – өнегем» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылып өткізілді.

Қос мерекеге орай ұйымдастырылған іс-шараға Мақтаарал ауданының әкімі Б.Асанов, аудандық мәслихат аппаратының басшысы Е.Салиев, аудандық білім бөлімінің басшысының міндетін уақытша атқарушы Қ.Арап, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Оңғаров, аудандық әжелер алқасының төрайымы Ш.Құрбанбаева, ардагер ұстаздар, мектеп басшылары, БАҚ өкілдері мен ұлағатты ұстаздар қатысты.

Мерекелік іс-шараның негізгі бөлімінде білім беру саласында жоғарғы жетістіктерге қол жеткізген ұлағатты ұстаздарға құрмет көрсетіліп, Қазақстан Республикасының оқу-ағарту министрлігінің, «Өрлеу» білім және ғылым қызметкерлерінің салалық кәсіподағының, Түркістан облысы әкімінің, Облыстық кәсіподақ комитетінің, аудан әкімінің, аудандық мәслихат пен аудандық білім бөлімінің марапаттары табысталып, тапсырылды.

Мақтаарал аудандық кәсіподақ комитетінің ұсынуымен Қазақстан Республикасының оқу-ағарту министрінің «Құрмет грамотасымен» Мақтаарал аудандық білім бөлімінің әдіскері Ұ.Исламова марапатталды, «Өрлеу» Білім және ғылым қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының «Кәсіподаққа еңбегі сіңген үшін» төсбелгісімен №5 «Мақтаарал» мектеп-гимназиясы директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары А.Аяпов, Ы.Алтынсарина атындағы жалпы білім беретін мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Д.Дурменбаев марапатталды.

«Өрлеу» Білім және ғылым қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының Құрмет грамотасымен «Шұғыла» жалпы білім беретін мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Г.Мырзабаева марапатталсы, Алғыс хатымен «Нұрлы таң» жалпы білім беретін мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы К.Уматаев марапатталды.

Түркістан облысы білім басқармасының марапатымен М.Тоқжігітов атындағы жалпы білім беретін мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы У.Абдиева, Ы.Алтынсарина атындағы жалпы білім беретін мектебінің директоры Е.Ақназаров, «Бірлік» жалпы білім беретін мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Е.Ширинов, Х.Әлімжан атындағы №12 жалпы білім беретін мектебінің директоры С.Омарбекова, А.Пушкин атындағы жалпы білім беретін мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы С.Тулендиева марапатталды.

«Аманат» паритясының Түркістан облыстық филиалының марапатымен Әл-Фараби атындағы жалпы білім беретін мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы М.Мамитов марапатталды.

Сонымен қатар аудандық кәсіподақ комитетінің атынан ардагер ұстаздарға да арнайы сыйлықтар ұсынылып, табысталды.

Мерекелерге орай ұйымдастырылған іс-шара концерттік бағдарламамен жалғасын тауып, ұстаздарымыз көтеріңкі көңіл-күймен тарасты.

Барша марапат иелерін аудандық кәсіподақ комитетінің атынан шын жүректен құттықтаймыз!

Мақтаарал аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Құрметті ұстаздар!

«Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ атынан Сіздерді 5 қазан – Мұғалімдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Ұстаз – қоғамның алтын діңгегі, адамзаттың шамшырағы. Балалардың қалыптасып келе жатқан дүниетанымының, өмірге деген көзқарасының иесі. Біздердің бүгінгі рухани қазынамыз әліппені жаттатқызып, қолға қалам ұстатқан кешегі ұстаздарымыздың еңбегі. Ендеше, ұрпағымыздың ертең қандай адам болып өсетіні – мұғалімдердің бүгінгі еңбегінің жемісі болмақ.

Қазақстан Республикасының Президенті Қ-Ж. Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында «Мұғалімдердің біліктілігін арттыруға және әлеуметтік мәртебесін көтеруге көңіл бөлген абзал. Ұстаздар – ұлттың зияткерлік қуаты. Олар білімді ұрпақ тәрбиелеу арқылы еліміздің өркендеуіне жол ашады.», – деп білім саласын дамытуға, оқыту сапасын арттыруға ерекше назар аударды. Бұл Президенттің білім саласына және оның қызметкерлеріне деген жанашырлығы.

Бүгінгі таңда «Педагог мәртебесі туралы» Заңы аясында мұғалімнің мерейін өсіріп, мәртебесін көтеру, оқыту мен тәрбие жұмысын жетілдіре түсуіне жағдай жасау және өзге де мәселелерді заң шеңберінде шешу жөнінде көптеген жұмыстар атқарылып жатыр.

Облыстық білім басқармасы мен облыстық кәсіподақ комитеті әлеуметтік әріптестер ретінде білім саласы қызметкерлеріне тиісті еңбек жағдайын жасауға, әлеуметтік және құқықтық жағынан қорғаудың қажетті деңгейін қамтамасыз етуге, әлеуметтік әріптестікті дамытуға бағытталған шараларды бірлесе атқарып, тиісті жұмыстар жүргізіп келеді. Бұл мұғалімнің кәсіби шеберлігін дамытуға, әлеуметтік жағынан қорғауды арттыруға ықпал етері сөзсіз.

Қоғамның әрбір жаңалығын жылы қабылдап шәкірттердің бойына жеткізе білумен қатар, бойындағы бар жинап-терген білімін оқушылардың санасына сапалы етіп сіңіре білуді, балалардың білімді, парасатты болып шығуын мақсат еткен – ол әрине, ұстаз. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді. Білім көшін жылжытып келе жатқан ұстаздар қауымына құрмет арта бермек! Ертеңгі мемлекеттің болмысы – ұстаздың бүгінгі тәлімінде.

Құрметті ұстаздар мен білім саласының ардагерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын! Денсаулықтарыңыз мықты, отбасы мүшелеріңіз аман, мәртебелеріңіз биік, еңбек еткен ұстаздық жылдарыңыз жемісті болсын. Қоғам алдындағы өлшеусіз еңбектеріңіз бен абыройлы істеріңізге толымды табыс тілеймін!

Ізгі тілекпен:

Облыстық кәсіподақ

комитетінің төрағасы Б.Еркінбек

1 21 22 23 24 25 90