КӘСІПОДАҚ МІНБЕРІ

Ұстаз-қандай қастерлі, ұлағатты сөз! Әр жанның көкіректегі жүрегіне ерекше жылулық нұрын төгетін аяулы тұлға, ерекше жан бейнесімен өзектес ұғым. Адам баласының жүрегінде қадір тұтып, құрметтейтін екі ұғым болса, соның бірі Ұстаз деп ойлаймын. Себебі, «Ұстаз» деген қай заманда болсын қасиетті, қадірлі болған. Бүгіннен немесе кешеден ғана ұлы мамандық иелеріне құрмет көрсетіліп келе жатқан жоқ, ықылым заманнан бері ұстаздықтың шоқтығы биік тұр. Сондықтан болар, «Ұстаздан тәрбие алған» немесе «ұстаз алдын көрген» деген сөздер құлаққа «ана тәрбиесін алған» деген сөздермен ұштасып жатады.

Сондай ардақты ұстазымыздың бірі, 36 жыл мектепте жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беріп жүрген Б.Оңтаев атындағы жалпы білім беретін мектебінің орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші Сулейменова Балкадиша Кыдырбаевна.

Сулейменова Балкадиша Кыдырбаевна, 1966 жылы 19 сәуірде Гагарин қаласында, Өзбекістан елінде, үлкен, көпбалалы отбасында дүниеге келген. 1973-1983 жылдары аталған қалада №3 Шоқан Уалиханов атындағы орта мектепте «өте жақсы» деген бағамен орта мектепті бітірді. 1983-1988 жылдары Ташкент қаласындағы Республикалық пединституттың орыс тілі және әдебиеті факультетін күндізгі бөлімде бітіріп, жоғарыда аталған пәнінің мамандығына ие болған. Еңбек жолын 1988 жылы Гагарин атындағы №10 орыс-қазақ орта мектебінен бастаған. 1989 жылы тұрмысқа шығып, 1-ұл, 3-қызды тәрбиелеп өсіреді. Кәзіргі кезде 10-немересі бар. 2000 жылы тарихи Отаным – Қазақстанға көшіп келіп, 2003 жылдан бастап Б.Оңтаев атындағы жалпы орта мектебінде орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі ретінде қызметін атқарып келеді.

Сулейменова Балкадиша Кыдырбаевна өте білімді маман өз жұмысын жоғарғы денгейде жасайды және де оқушыларды биікке шығарып оларды отансүйгіштікке, білімді ұрпақ тәрбиелеуге, үлкенді сыйлауға тәрбиелеуде. «Ұстазы мықты, ұстанымы мықты» дегендей осы уакытқа дейін тәрбиелеп, білім нәрімен сусындатқан шәкірттері талай биік белестерді бағындырып келеді. Осы еңбектері бағаланып, осы уақытка дейін түрлі марапаттарға ие болып келеді.

Құрмет грамотасы «Жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие берудегі игілікті істері үшін…» Темірлан-2022ж тіркеу нөмірі №07,

Алғыс хат «Ustas tilegi” Республикалық ұстаздар сайтында белсенділік танытқаны үшін. Қ Р – 2022ж тіркеу нөмірі №А595-107826,

Алғыс хат Аудан мұғалімдері мен оқушылар арасында «Қабылданған дұрыс шешімдерім-менің өмірлік ұстанымым» тақырыбында өткізілген эсселер байқауында 2-орын иеленгені үшін Темірлан-2021ж тіркеу нөмірі №141,

Сертификат «Ең білімді педагог-2020» 4 республикалық пән олимпиадасына белсене қатысып, жақсы нәтиже көрсеткені үшін. тіркеу номері №28131, 19.10.2021ж,

1-дәрежелі диплом «Казан» айында өткізілген Республикалық «Русский язык» Блий-турнирінің 1-орын жеңімпазы.29.10.2022ж тіркеу номері №Т-0214495,

Диплом және Құрмет грамотасы «Жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие берудегі игілікті істері үшін…» Қазақстан Республикасы-2022-2023ж, тіркеу номері №283,

Қазақстан Республикасының білім саласына қосқан елеулі еңбегі үшін Қазақстанның педагогикалық академиясының 2022 жылдың 26 қараша №14 шешіміне сәйкес «Ұлағат» төсбелгісімен марапаталады.

Алғыс хат «Myn bala» ұлттық олимпиадасының жеңімпазын дайындағаны үшін. Нұр-Сұлтан қаласы 14.09.2023ж №М 8204478,

2-дәрежелі диплом, сертификат «Жас ұрпаққа жаңаша білім беру жолында оқу-тәрбие үдерісін жандандырудың, патриоттық тәрбие берудің әдістерін мерзімді баспасөз бетіне жариялау арқылы көрсетіп, мүше болғаны ушін берілді». Алматы-2022ж №0233,

Диплом. Международный интернет- олимпиада «Солнечный свет» по русскому языку для 7 класса. 07.11.2021ж №Д02363112,

Алғыс хат «Қазақстанда білім беру мен тәрбие үдерісіне инновациалық қызметті енгізу арқылы білім сапасын арттыруға, білім алушылардың шығармашылық әлеуетін, интеллектуалды қабілетін дамыту мен келер ұрпақ бойына үлкен азаматтық жауапкершілікпен Отаншылдық сезімін қалыптастыруға қосқан зор үлесі үшін» №А744/2022ж,

Диплом 2-степени за участие в областном конкурсе видеофрагментов «Активные методы в развитии речевых навыков: опыт применения» Шымкент-2022г №1438,

Грамота «За значительные успехи в организации и совершенствовании учебного и воспитательного процессов, формирование нравственного и культурного развития личности, большой личный вклад в практическую подготовку учащихся» Шымкент-2022г №069,

Сертификат «Құрметті ұстаз» республикалық байқауына қатысып, «Правовая культура и развитие функциональной грамотности на уроках русского языка и литературы» (урок-дебат) тақырыбындағы озық іс-тәжірбиесі құндылығымен жоғары бағаланғаны үшін. ҚР 22.09.2022ж №3330,

2023 жылы оқушылар арасындағы облыстық пәндік олимпиададан екі оқушысы Даулеткелди Қымбат 11 сынып 2 орын, Адил Айшабиби 10 сынып-3 орын иеленгені үшін Ордабасы аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің «Құрмет грамотасымен» марапатталды.

Алғыс хат-ұстаздар күнімен еселі еңбегі үшін марапаталды. Темирлан №7547-2023ж,

2023-2024 оқу жылындағы ауыл мектептерінің оқушыларына арналған республикалық олимпиадасынан 2 дәрежелі дипломмен 10 сынып оқушысы Адил Айшабиби Турмаханкызы марапатталды. Тіркеу №10805,

Алғыс хат-8 наурыз күнімен еселі еңбегі үшін марапаталды. Темирлан №335-2024ж,

Алғыс хат-«Орыс тілі сөйлеу дағдысын дамытудың тиімді әдістері» тақырыбында аудандық семинарда белсенділік танытып; озық тәжірбиесімен бөліскені үшін марапаталды. Темирлан №770-2024ж,

«Алтын қыран – ерекше дарын иесі» республикалык орыс тілі пәнінен олимпиадасында 1 дәрежелі дипломмен 8 сынып оқушысы Арын Кәусар Ұланқызы марапатталды. Тіркеу №10826,

«Алтын қыран – ерекше дарын иесі» республикалык орыс тілі пәнінен олимпиадасында 1 дәрежелі дипломмен 8 сынып оқушысы Есмурат Акнур Акбердікызы марапатталды. Тіркеу №6255,

«Алтын қыран – ерекше дарын иесі» республикалык орыс тілі пәнінен олимпиадасында 1 дәрежелі дипломмен 8 сынып оқушысы Алібек Әсемай Нуржанкызы марапатталды. Тіркеу №11132.

Сонымен қатар Балкадиша Кыдырбаевна 1988 жылдан бастап осы уақытқа шейін үздіксіз сынып жетекші болып келеді.

Үстаз алған білімдерін оқушыларының бойына сіңіруде талмай еңбек етіп келеді. Оқушыларының басым көпшілігі грант иегерлері. Олар еліміздің түрлі салаларында қызмет жасауда және елімізге пайдасын тигізуде.

Ордабасы аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Спартакиада

Жетісай ауданының білім бөлімі мен кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен 5 қазан – “Ұстаздар күні” кәсіби мерекесіне арналған педагогтер мен қызметкерлер арасында спорттың шахмат, волейбол, шағын футбол түрлерінен мұғалімдер спартакиадасы өтті. Мақсат: Аудандағы бұқаралық спортты дамыту, педагогтер мен қызметкерлердің ынтымақтастығын нығайту, бос уақытты тиімді пайдаланып, салауатты өмір салтын насихаттау болып табылады. Бекітілген ереже сәйкес І кезеңде қала, кент, ауылдық округтерде орналасқан білім беру ұйымдарының командалары өзара жарысты. Жетісай ауданы бойынша қала, кент, ауылдық округтерден жалпы 13 команда құрамалары жасақталып, аудандық ІІ кезеңде бақ сынасты. Шахмат ойынында команда құрамында 2 ер, 1 әйел. Жалпы 219 педагогтер мен қызметкерлер қатысты. Сонымен бірге ерлер арасында шағын футбол мен волейбол жарысына 1700-ге жуық ұстаздарымыз екі кезеңде өнер көрсетті. Спартакиада нәтижесі бойынша аудандық кезеңде:

Шахмат ойынында

І орын – Қазыбек би атындағы №67 ЖББМ,

Команда құрамы: Таленов Ербол, Әшіралиев Шынболат, Тойшиева Гүлнар

ІІ орын- А.Байтұрсынов атындағы №5 ЖББМ,

Команда құрамы: Алдамұратов Елібай, Каденов Бақтыбай, Байжан Данагүл

ІІІ орынды- №72 ЖББМ командалары иеленді

Команда құрамы: Басанов Қанат, Алтынбаев Бегалы, Эркинова Фариза

Шағын футбол жарысы бойынша

І орын – Қазыбек би атындағы №67 ЖББМ,

ІІ орын- Х.Доспанова атындағы №28 ЖББМ,

ІІІ орын- Б.Момышұлы атындағы №6 МГ

Волейбол жарысында

І орын- Б.Момышұлы атындағы №6 МГ,

ІІ орын – №65 Достық ЖББМ,

ІІІ орынға- М.Мәметова атындағы №33 ЖББМ-ң құрама командалары тұрақталды.

Спартакиада қорытындысында жеңімпаз болған командаларға білім бөлімінің және кәсіподақ комитетімен бірлескен дипломдары, қаржылай сертификаттар табысталды.

Жетісай аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

ЕҢБЕК КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Елімізде Еңбек күні Қазақстанның тұңғыш Президенті – Елбасының 2013 жылғы 22 қазандағы №698 Жарлығымен қоғамдағы адам еңбегінің беделін өсіруге, өндіруші еңбекті ынталандыруға, жұмыс мамандықтарын насихаттауға және өндіріс саласына жастарды тартуға, жұмыс әулетіндегі көпжылдық дәстүрді нығайту мақсатында Жалпыға ортақ

Еңбек Қоғамын құру идеясын нығайту шеңберінде белгіленді.

Елiмiз азаматтардың еңбекқорлығының арқасында құрылып, дамып, көркейіп келедi. Еңбек адамының әлеуметтік-экономикалық, еңбек құқықтарын білдіруді мақсат еткен облыстық кәсіподақ ұйымы үшін бұл күн үлкен маңызға ие. Осы мақсат негізінде бірқатар мардымды жұмыстар атқарылып, қашан да кәсіподақ ұйымы өз мүшелерінің жанынан табылып, қолдау білдіріп келеді.

Өңіріміздің барлық халқын, оның ішінде білім саласының қызметкерлерін осы мерекемен құттықтап, мықты денсаулық, игiлiктi iстерiңiзге шыдамдылық пен табандылық, жаңа еңбек жетiстiктерiн, ескеріп амандық пен ашық аспан тiлеймiн!

Ізгі ниетпен,

Облыстық кәсіподақ

комитетінің төрағасы Б.Еркінбек

КӘСІПОДАҚ МІНБЕРІ

«Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» деген халқымыз. Ұстазсыз адам болмайды.Бәрімізде кезінде мұғалімнің тәлімін алып, білімін үйрендік.”-деп айтқан болатын мемлекет басшысы

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқынына арнаған жолдауында.

Ұстаз болу – жай ғана мамандық емес. Ол – адам бағдарын жасаушы. Егер де өмір қоғамға бейім, білім нәрімен терең сусындаған, тәрбиелі де ізгі жүректі адам өмірге менің өмірімнің ең шынайы әрі ғажайып мәні. Мұғалімнің негізгі міндеті — жеке тұлғаны дамытып, оның алғашкы қалыптасуын қамтамасыз ету, білімге деген сенімін нығайту, іскерлігі мен дүниетанымын қалыптастыру, оқуға дегеп қызығушылығын оятып, ынтасын арттыру болып табылады. Ендеше, осы міндеттерді жүзеге асыратын басты тұлға ~ ұстаз. Тек мықты ұстаз ғана осындай ауыр жүкті алып жүре алады. Ол үшін мұғалімнің ұстанған ұстанымы маңызды рөл атқарады.

Түркістан облысы, Төлеби ауданы, «Қазақстан» жалпы» білім беретін мектеп КММ

математика пәнінің мұғаліміАбдукапарова Раушан Давлеткожаевна

Мектептегі ұстаз- баланың екінші ата-анасы, болашаққа айқын жол сілтер ақылшысы. Оның мейірімге толы жүрегі шәкірт бойындағы талай ағаттықты кешіре біледі. Оның бойындағы білім мен ақыл , ойының қуаты талай тентекті жуасытып, небір еркені сабасына түсіреді, тәртіпке баулып, есейтіп, ержеткізеді. Сондықтан әрбір шәкірт өзіне үлгі –өнеге болған сүйікті мұғалімін ұстазым деп атайды. Осы тұста Абай атамыздың: Ақырын жүріп, анық бас ,еңбегін кетпес далаға.

Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға деген өлең жолдары еріксіз ойға оралады.Егер әр шәкірт өмірде бір кірпіш болып қаланып,ұстаздан шәкірт озып жатса, төккен тер мен адал еңбектің ақталғаны емес пе? Мұғалім өзінің білімділігімен, жүріс- тұрысымен, жайдары мінезімен, тіпті сырт пішіні, киген киімімен де оқушысына жақсы мағынада қатты әсер етеді. Ұстаз сол сенімді ақтай отырып, зерделі де зерек, парасатты ұлттық және адамзаттық құндылықтарды бойына дарытқан тұлғаларды тәрбиелеуде.

Жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беріп, жүрген математика пәнінің мұғалімі, педагог –сарапшы Абдукапарова Раушан Давлеткожаевна.

2000-2004 жыл аралығында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде информатика мамандығы бойынша білім алып, 2004 жылы Шымкент Әлеуметтік – педагогикалық университетіне математика мамандығы бойынша оқуға түсіп, 2006 жылы бітіріп, диплом алды.

2004 жылы Төлеби ауданы Көксәйек елді мекені Қазақстан ауылына тұрмысқа шығып,отбасын құрды. Педагогикалық өмір жолын Қазақстан ауылындағы «Қазақстан» жалпы орта мектепте математика пәнінің мұғалімдігінен бастады.

2004- 2024 оқу жылынан бері қазіргі уақытқа дейін Төлеби ауданы «Қазақстан »жалпы білім беретін мектебінде ұстаздық етуде. Осы еңбек жылдарында талай жетістіктерге мектепішілік, аудандық ,облыстық сайыстарға қатысып, мектептің абыройын көтеріп жүрген ізденпаз ұстаз. . «Бала жүрегі – кішкентай күй сандық. Сол сандықтың кілтің тапсаң ғана ашылады. Мұғалімнің қолында әр кезде сол кілт тұру керек» -деп М. Шаханов ағамыз айтқандай ,әр баланың жүрегіне жол таба алатын ұстаз.

Мұғалім мамандығы –барлық мамандықтың анасы. Ұстаз алдынан тәрбие алмайтын жан жоқ.Ұстаз- білгенін үйретуші ғана емес,баланың жүрегіне жол тауып,оның болашақта адами болмысының қалыптасуына үлкен ықпал ететін тұлға. Ұстаз болу – адамгершілік қасиеттерін баланың бойына дарыту.Ұстаз жүгі –ауыр жүк.

Математиканың ғылымдар саласында алатын орны ерекше.Математика –ғылымдардың іргетасы. Біреуге қиын, біреуге жай сандар болып көрінгенімен, адам ойлау қабілетіне зор пайдасы бар, қызыққа толы ғылым.Біз өмір сүру үшін барлық жерде математика пәні керек.

Өмірде ойлап тұрсаң бәріде есеп

Ауырсақ ішетұғын дәріде есеп

Есепсіз өмір сүрген мазмұңсыз-ау

Дүниенің бір тұлғасы есептесек.- деген өлең шумақтардан байқалады.

Математика –қиындығы мен қызығы қатар жүретін пән.Математика да –өнер: оның өз стильдері мен стильді кезеңдері бар. Математика- ақиқат дүниесінің сандық қатынастары мен кеңістік формалары жайлы ғылым.Арифметика математиканың, ал математика ғылымдардың патшасы.

Ұстаз болу- сезімнің ақындығы,

Ұстаз болу- жүректің батырлығы

Ұстаз болу- мінездің күн шуағы

Азбайтұғын адамның асылдығы

Осы төрт қасиет әр ұстаздың бойынан табылу қажет. Себебі мұғалім қай сабақта болмасын оқушысын еркіндікке баулиды. Сондықтан да ұстаздың міндеті талап пен еңбекті оқушыдан талап ете отырып, білімнің теңізінен маржан тергізу . Оқушы сабағыңнан ешқашан жалықпау керек. Оқу жылындағы жетістіктері:

« Облыстық дарынды балдарды қолдау орталығы »

КММ-сі және «Зерделі» ақыл-ой оқушыларына арналған «Алтын түлек » олимпиадасына 10 сынып оқушылары: Полат Е, Әліхан А қатысып, жоғары нәтиже көрсетті.

9 сынып оқушысы Рахматулла Бағдана математика пәнінен аудандық пән олимпиадасынан жүлделі II орынды иеленді.

18.03 – 03.04.24ж аралығында «Математика мұғалімдерінің пәндік құзіреттерін дамыту» тақырыбы бойынша 80 сағаттық курс оқып, сертификат алды.

«Ustaz ustanymy» ғылыми- әдістемелік журналының №2 (18) (2024ж ақпан) шығарылымына «Тригонометриялық формулалар» тақырыбында ашық сабақ жарияланып, алғыс хатпен марапатталды.

«Ұстаз жаршысы» газетіне «Квадрат теңдеудің формулаларын қолданып есептер шығару» тақырыбындағы сабағын жариялады

Төлеби аудандық кәсіподақ комитетінің Алғыс хаты

Төлеби аудандық әкімінің Алғыс хаты

2023 жылдың сәуір айында «Оқушыларды функционалдық сауаттылыққа дайындауда халықаралық зеттеулердің

маңыздылығы » тақырыбында ұстаздарды кәсіби шыңдау мақсатында аймақтық семинарда 7 «Ә» сынып оқушыларымен «Алгебралық өрнектерге есептер шығару » тақырыбында жоғары деңгейде ашық сабақ өтті

«Жаңашыл педагог- 2024» байқауына қатысып ,II орын алды.

«Кенгуру- математика барлығы үшін» халықаралық ойын конкурсынан оқушыларымның жетістігі:

9 «А» сынып оқушысы Шажалиева А – III дәрежелі диплом

9 «Ә» сынып оқушысы Рахматулла Б – III дәрежелі диплом

9 «Ә» сынып оқушысы Абделхан А – III дәрежелі диплом

9 «А» сынып оқушысы Кенжеғали С- II дәрежелі диплом

9 «А» сынып оқушысы Сапаралы Д- III дәрежелі диплом

10 сынып оқушысы Полат Еңлік – II дәрежелі диплом

10 сынып оқушысы Серікбай Жаннұр – II дәрежелі диплом

10 сынып оқушысы Алихан Аружан – II дәрежелі диплом

Төлеби аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

КӘСІПОДАҚ МІНБЕРІ

«Ұстаз-ұлағатты есім». Ұстаз шәкірттерін білім нәрімен сусындатып бойына жаксы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар және тәлім-тәрбие беріп, әрқашанда өзгелерге жол сілтеуші, қолдау көрсете білетін, жылы жүрегімен сәулесін шашып, мейірім шапағатын төгіп тұратын тұлға».

Ұстаз-жас ұрпақтың рухани сәулеткері, қоғам мен халық өзінің үміті мен болашағын тапсыратын сенімді өкіл. Ұстаз сол сенімді ақтай отырып, зерделі де зерек, парасатты, ұлттық және азаматтық құндылықтарды бойына дарытқан тұлғаларды тәрбиелеуде.

Ардақты ұстазымыз 42 жыл мектепте жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беріп жүрген Б.Оңтаев атындағы жалпы білім беретін мектебінің орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші Ербосынова Калдыкул Амалбаевна.

Ербосынова Қалдыкуль Амалбаевна еңбек жолын 1982 жылы бастаған. Педөтілі – 42 жыл. Б.Оңтаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі ретінде қызметін атқарып келеді.

1987 жылы Шымкент пединститутын орыс тілі және әдебиеті мамандығы бойынша аяқтаған. Білімі жоғары, жоғарғы санатты, педагог-зерттеуші ұстаз. Еңбек жолында республикалық, облыстық, аудандық, мектепішілік алғыс хаттар мен марапаттарды иеленген.

«Ұстазы мықты, ұстанымы мықты» дегендей осы уакытқа дейін тәрбиелеп, білім нәрімен сусындатқан шәкірттері талай биік белестерді бағындырып келеді. Осы еңбектері бағаланып, осы уақытка дейін түрлі марапаттарға ие болып келеді.

1.2015 жылы облыстық «Оңтүстік Қазақстан облысы үздік мұғалімі» медалімен марапатталып, кітабына үздік сабағын жариялаған.

2.2015 жылы республикалық әдістемелік жұмысы озық үлгіде баяндалып, «Өз ісінің шебері» дипломымен марапатталған.

3.2017-2018 оқу жылының аяғында ҚР орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде «Орыс тілі» пәні бойынша біліктілігін арттырып, сертификатталды.

4.2020 жылы республикалық «Құрмет грамотасымен» марапатталып, алғыс хаттарға ие болды.

5.2020-2021 оқу жылында шығармашылық ізденістері арқасында өз шеберлігін, біліктілігін жоғары дәрежеде танытқаны үшін республикалық «Құрмет грамотасымен» марапатталды.

6.2020 жылы ҚР-ның білім саласына қосқан елеулі еңбегім үшін Қазақстанның педагогикалық академиясы шешімімен «Ұлағат» төсбелгісімен марапатталды.

7.2020 жылы «Тәуелсіздік күні» мерекесіне орай ұйымдастырылған «Әріптес туралы сыр» байқауына белсене қатысқаны үшін аудандық кәсіподақ комитетінің дипломымен марапатталды.

8.2021 жылы Ордабасы аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің «Алғыс хатымен» марапатталды.

9.2021-2022 жылы оқушылар арасындағы облыстық пәндік олимпиададан оқушысы 3 орын иеленгені үшін «ІІІ дәрежелі дипломмен» марапатталды. Түркістан 2022 жыл.Тіркеу №7566.

10.2021-2022 жылы оқушылар арасындағы аудандық пәндік олимпиададан оқушысы Екудаева Сабина 1 орын иеленгені үшін Ордабасы аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің «І дәрежелі дипломмен» марапатталды. Темірлан 2022 жыл. Тіркеу №283.

11.Республикалық қоғамдық бірлестігі «Білім шыңы-Ғылым сыры» журналы редакциясының 2022 жыл қыркүйек №010 шешімі бойынша «Құрметті ұстаз» төсбелгісімен марапатталды.

12.2023 жылы Түркістан облысы №5234 «Құрмет грамотасымен» облыстық кәсіподақ комитетінің марапатына ие болды.

13.2022 жылы Темірлан е.м. №3361 «Құрмет грамотасымен» аудандық кәсіподақ комитетінің марапатына ие болды.

14.ІІ дәрежелі дипломмен Ұлы Жеңіс күніне арналған аудандық сырттай эссе байқауында жүлделі 2 орынға ие болып, оқушысы Ербосынова Лаура марапатталған. Тіркеу №5699 2023 жыл.

15.2021-2022 оқу жылында «Республикалық ғылыми жобалар» сайысынан «Орыс әдебиеті» секциясы бойынша оқушысы Кулбаба Нурбала ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.Тіркеу №681.

16.2023-2024 оқу жылындағы ауыл мектептерінің оқушыларына арналған республикалық олимпиадасынан І дәрежелі дипломмен 9 сынып оқушысы Артай Мейіржан Жандосұлы марапатталды. Тіркеу №10900.

17.2023-2024 оқу жылындағы ауыл мектептерінің оқушыларына арналған республикалық олимпиадасынан І дәрежелі дипломмен 11 сынып оқушысы Екудаева Сабина Арманқызы марапатталды. Тіркеу №10901.

18.2023-2024 оқу жылындағы ауыл мектептерінің оқушыларына арналған республикалық олимпиадасынан ІІ дәрежелі дипломмен 10 сынып оқушысы Аділ Әсел Асхатқызы марапатталды. Тіркеу №13180.

Оқушылары түрлі сайыстар мен олимпиадаларға қатысып, облыстық, аудандық жүлделі орындардың иегері болды.

Мұғалім ретінде оқушылардың шығармашылығын арттыра отырып, оқушының жан дүниесін түсіне білетін кішіпейіл, инабатты қасиеттерді беретін білікті ұстаз. Білімі мен өнегесін шәкірттеріне арнап, бойындағы бар күш-жігерін шәкірт тәрбиелеуге жұмсайды. Білімін үнемі жетілдіріп отырады, білім мен тәрбиені ұштастырған ұстаз ғана емес, ол 3 баланың аяулы анасы, 13 немеренің әжесі.

 

Ордабасы аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

 

КӘСІПОДАҚ МІНБЕРІ

Қалдырған ізің мәңгілік…Түркістан облысы Төлеби ауданы, Ленгір қаласы №1 мектеп-гимназия химия пәнінің мұғалімі Жақсыгелдиева Айгүл Ажахайқызы

Ұстаз болу – адамның асылдығы. Өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше шәкіртжандылықты, мейірімділікті қажет ететін мамандық та – ұстаздық мамандық. Олай дейтінім, мұғалім еңбегі біріншіден, адамзат қоғамы тарихында жинақталған ғылым негіздерінен білім беруге тиіс болса, екіншіден, үнемі шәкірттерімен қарым-қатынаста болып, білсем, үйренсем деген бала арманы мен оның сырлы тағдырына басшылық етуді мойнына алған маман. Бүгінгі ұстаз шәкіртіне ғылым негіздерінен мәлімет беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат, экономика кеңістігіне шығуға, яғни қатаң бәсеке жағдайында өмір сүруге тәрбиелеуі керек. Ол нағыз ұстаздың ғана қолынан келеді. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау – әр мұғалімнің борышы. Ол – өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам.Осы іске деген қызығушылық пен сүйіспеншілік қана оны небір қиын әрекеттерге жетелейді, іске батыл кірісуге септігін тигізеді. Нәтижесінде бір емес, бірнеше жас жүрекке мәңгі ұстаз болып қалады. Ұстаздың осыншама қадір-қасиет, құрметке бөленуі өзін қоршаған орта мен әрбір шәкіртіне асқан сезімталдықпен, жауапкершілікпен қарым-қатынас жасауында.Өйткені оның қарапайым да сыпайы киім киісі, мәдениетті сөзі, әдепті жүріс-тұрысы, жинақы іс-әрекеті, білімі шәкіртке де, ата-анаға да, жұртшылыққа да өнеге. Жай мұғалім хабарлайды, Жақсы мұғалім түсіндіреді, Керемет мұғалім көрсетеді, Ұлы мұғалім шабыттандырады.

Мен үшін сол мәңгі сұрақтың бірі де біре-гейі – Мұғалім деген кім? Алдымен осы сұрақтың жауабын тағы да бір айқындап алайық.Мұғалімге тән ең бірінші қасиет – баланы құрметтеу. Оның адамшылық ар-ожданын, намысын, тұлғасын жасына қарамай силау, құрмет тұту. Бұл мұғалімнің терең дүниетанымы мен үлкен жүрегінен келіп шығады. Сондай-ақ ұстаз күнбе- күнгі өзінің көп қырлы еңбегінде мазмұны әр түрлі кездейсоқ жайттардың туындап отыратынын алдын ала сезіп, болжап және оның оң шешімін табуға дайын болуға тиіс.Сондықтан да ұстазды әр баланың жан-дүниесін танып-білуші әрі оны жеке тұлға етіп қалыптастырушы, ел болашағының мүсіншісі деуге болады.

«Мамандығым өзіме қатты ұнайды. Шәкіртерімнің жүрегіне жол тауып, оларды өз ісіме сүйсіндіре білдім. Бұл ұстаз үшін зор бақыт, үлкен қуаныш. Алдымыздағы әр бала қайталанбас бір ғажайып әлем. Ал сол балалардың жүрегіне, жан-дүниесіне жол таба білу – біздердің, ұстаздардың борышымыз. Мейірімділік, шыдамдылық, кешіре біл, баламен тең жағдайда сырласа біл, оның мүмкіндіктеріне сене біл, әрқашан құлақ қоя тыңдау тәрізді қасиеттері арқылы ғана ұстаз өз мәртебесін көтере алады. Балаға үнемі қолдау көрсету-үлкен ұстаным. «Мұғалім – адам жанының инженері» деп бекер айтылмаған. Бала темір еме, робот емес,ол – өзіндік әлемі бар ғажайып жеке тұлға. Балаға сіздің көз қарасыңыз, жылы жүрегіңіз, ыстық ықыласыңыз өте қажет. Ұстаз ұлылыққа тек шәкірттері арқылы жете алады. Мен шәкірттерімнің биіктерге қол жеткізгеніне шексіз қуанамын.

Мұғалім –қазір елімізде қадірлі жандардың бірі. Білім сапасы- мұғалім қызметінің жетістігі. Қазақстанымыздың нағыз ел сүйер азаматтары, ертеңгі ел иесі –алдымыздағы шәкірттеріміз. Әр шәкірттерімнің жетістікке жетуі-ұстаздың еңбегінің жарқырап жанғаны, саналы өмірінің еш зая кетпегендігін көрсетеді. Ел ертеңі үшін еңбек еткен ұстаздардың ұлылығы да осында дер едім. Келер ұрпақтың алдында зор жауапкершіліктің жүгін арқалап келе жатқандар ұстаздар. Әрбір тұлға өмірінде үлкен тәрбие мен білімді санасына ұялатқан ұстазын мәңгілік есінде сақтайды. Нағыз мұғалім, міне осы. Адам тәрбиелеу-ұлы міндет. Ол міндетті атқарушы – ұстаз.,»- дейді білікті маман.

Бұл салаға келуі туралы баяндап өтсек, 1983 жылы Мемлекеттік Қыздар Педагогикалық институтының химия-биология мамандығына оқуға түсіп, 1988 жылы бітіріп шығады. Диплом алған жылы отбасын құрып, Төлеби ауданы, Қасқасу елді-мекеніндегі Куйбышев атындағы орта мектепке химия-биология мұғалімі болып орналасты. Оған үнемі қолдау көрсеткен отбасы мен тәжірибелі ұстаздар. Мектеп директоры Б. Аюбаев ағай аға буын ұстаздарды тәлімгерлік етіп бекіткен. Ол ұстасаздарға айтар алғысы шексіз.

1996 жылы Шымкент қаласындағы №47 мектеп-гимназияда химия пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеді.

1999 жылдан бастап Ленгір қаласындағы №1 мектеп-гимназияда химия пәнінің мұғалімі болып қызмет атқарып келеді. 42 жылдық пед. өтілі бар. Оқушыларды олимпиада жеңімпазын, ғылыми жоба жарысының жеңімпазын дайындауға қосқан үлесі ұшан теңіз. Республика деңгейінде таратқан авторлық бағдарламасы бар.

Осы орайда соңғы 5 жылдағы кәсіби жетістіктеріне тоқталып өтсемюк:

2019-2020 оқу жылы

2019 жылы Түркістан облысы, Төлеби ауданының әкімінің алғыс хатымен марапатталды.

2019 жылы аудандық мұғалімдерінің озық іс-тәжірибелер жинағында мақаласы жарық көрді.

2020 жылы оқушылардың аудандық олимпиадасында 10A сынып оқушысы Көкеш Аружан жүлделі II орынды иеленіп, мақтау кағазымен марапатталды.

2020 жылы оқушылар арасында өткізілген ғылыми жоба жарысында 7A сынып оқушысы Асылхан Іңкәр II орынды иеленді.

2020 жылы оқушыларды ғылыми жоба жарысына дайындаудағы шығармашылық еңбегі үшін АББ «Алғыс хатымарға арналған білім беру ұйымдары мұғалімдерінің «Үздік авторлық бағдарлама»Республикалық конкурсының II ші дәрежелі дипломымен марапатталды.

2020 жылы «Ең білімді педагог-2020» VI облыстық пән олимпиадасында I ші дәрежелі дипломымен марапатталды.

Республикалық химия пәнінен ұстаздар арасында олимпиадасына қатысып II дәрежелі дипломмен марапатталды.

2021-2024 оқу жылы

Жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылар арасында өткізілген олимпиаданың аудандық кезеңінде «Химия» пәнінен жүлделі I орын иеленгені үшін 10 сынып оқушысы Саятай Бегман марапатталды.

Төлеби ауданының Адами әлеуетті дамыту бөлімінің алғыс хатымен марапатталды.

Халықаралық «Қазақстан педагогтері» ассоциациясының «Алғыс Хатымен» марапатталды.

9-11 сыныптар арасында химия пәніен дәстүрлі XI Менделеев олимпиадасына жүлдегер дайындағаны үшін «Алғыс хатымен» марапатталды.

2022 жылы Төлеби ауданының «Алғыс хатымен» марапатталды.

2022 жылы Түркістан облысының Адами әлеуетті дамыту басқармасының «Алғыс хатымен» марапатталды.

2023 жылы аудандық кәсіподақ комитетінің «Алғыс хатымен» марапатталды.

2023 жылы аудандық ғылыми жоба жарысында «Тағамдық бояғыштардың адам ағзасына әсері» тақырыбымен 10 Б сынып оқушысы Элмурат Сымбат жүлделі II орын иеленді.

 

 

Төлеби аудандық кәсіподақ  комитетінің баспасөз қызметі.

Атқару ком

12 қыркүйек күні Түркістан қаласында «Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ атқару комитетінің кезекті кеңейтілген отырысы өткізілді.

Отырысқа атқару комитетінің мүшелері, аудандық, қалалық кәсіподақ комитеттерінің төрағалары, кәсіподақ активі қатысты.

 

Атқару комитетінің отырысын облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы Б.Еркінбек ашып, жүргізіп отырды.

Күн тәртібіне сәйкес Төлеби аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Ғ.Мырзалы «Қазақстан Республикасының Президенті Қ-Ж. Тоқаевтың 2 қыркүйек 2024 жылғы «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылау, насихаттау және іске асыруға байланысты кәсіподақ ұйымдары атқаратын жұмыстар туралы» кең көлемді хабарлама жасады. Хабарламада Жолдаудың әр пунктіндегі өзекті мәселелерге тоқталып, оларға байланысты насихат жүргізу жөніндегі жұмыстар айтылды. Жолдаудағы ел Президентінің кадрларды даярлау, оқу мен тәрбие жұмысын жақсарта түсу жөніндегі айтқан мәселелеріне баса назар аударылып, экология және «Таза Қазақстан» акциясын тұрақты жүргізуге байланысты міндеттерге тоқталды.  Жолдауды талқылау бойынша Кентау қалалық кәсіподақ комитетінің төрағасы Т.Садуов, Ордабасы аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Қ.Тулебаев сөйлеп, өз ойларын, ұсыныстарын айтты. Облыстық кәіподақ комитетінің төрағасы Б.Еркінбек Президенттің Жолдауы бойынша насихаттау жұмысына көңіл бөлуді айтып, қорытындылады.

Отырыста Түркістан облыстық кәсіподақ ұйымы атқару комитетінің 03.05.2024ж. № 2/7-4 «Білім беру ұйымдарында еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі бойынша облыстық қоғамдық байқауды өткізу туралы» қаулысына сәйкес атқарылатын  жұмыстар жайлы Отырар және Ордабасы  аудандық кәсіподақ комитеттерінің төрағалары Е.Қасым және Қ.Тулебаевтың   хабарламалары тыңдалды. Осы мәселе бойынша сөз сөйлеген Арыс қалалық кәсіподақ комитетінің төрағасы Ж.Мұхаев, Бәйдібек аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы С.Әмзеева, облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы А.Абуов облыстық байқауды өткізу мерзімін ұзарту, көңіл бөлетін басты мәселелер бойынша ұсыныстар жасады.

«Өрлеу» Білім және ғылым қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» ҚБ  03.09.2024 ж. № 75 хатына сәйкес, кәсіподақ мүшелерін білім беру тағылымдамасынан (стажировка) өткізу мәселесі бойынша сауалнама жүргізу туралы мәселе бойынша оның мақсаты жайлы түсіндірме беріліп, сауалнама жүргізуді сапалы ұйымдастыру жұмыстары келісілді.

Сол сияқты, отырыста «Денсаулық» жылына байланысты атқарылатын шаралардың (волейбол, кіші футбол, шахмат ойындары бойынша) мерзімдері, облыстық кәсіподақ комитетінің «Құрмет тақтасына» енгізілетін облыс кәсіподақ активінің кандидатуралары талқыланып, бекітілді.

Атқару комитетінің кеңейтілген отырысы қаралған мәселелер бойынша қаулылар қабылдады.

Облыстық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

КӘСІПОДАҚ МІНБЕРІ

Ұстаз талантты болса, шәкірт талапты болады. Халық даналығы. Түркістан облысы Төлеби ауданы, Ленгір қаласы №2 Ш.Уалиханов атындағы жалпы білім беретін мектебі География пәнінің мұғалімі  Абилдаева Жібек Досыбайқызы

Өмірдің өзі де ұстаз. Бірақ осынау «ұстаз» сөзінің астарында мыңдаған білім мен ғылым, махаббат пен сүйіспеншілік жатқанын байқай бермейміз. Ұстаз болу кез келгеннің қолынан келе бермейді. Шәкірт тәрбиелеу, оны биікке жетелу, қанаттандыру, жаны мен тәнін, болмысы мен барын беру тек ұстаздың қолынан келетін қасиеттер.Әрбір көзі ашық адам сауатын ашу үшін ең бірінші ұстазға жүгінеді. Ал ұстаздың міндеті ештеңеден хабары жоқ шәкірттен тұлға дайындау. Мың ғасыр өтсе де ұстаздың аты және «ұстаз» деген ұғым өлген жоқ. Өйткені қай дәуір болмасын, ол қоғамға ұстаздың еңбегі керек-ақ. Тіпті зәру. Әр таңның атысы мен әр күннің батысы өзінің емес, сіздің қамыңыз үшін қамығып жүретін әрбір ұстаз атаулы жандардың еңбегін ұлы демей не дейсіз.

Тарыдай болып кірген күніңізден бастап мектеп қабырғасында сіздің еркелігіңізді көтеретін де, қателіктеріңізді кешіретін де, сабақ бере отырып сүйіспеншілікке баурайтын да, махаббатқа тәрбиелейтін де, өмір сүрудің қыр-сырын үйрететін де ұстаздар қауымы. Таудай болып шыққан күніңізде де талабыңызға тілекші болып отыратын тағы да ұстаз.

Ұстаздардың еңбегін ұлы ететін өздері емес, шәкірті. Білім нәрімен сусындатып, үйретуден талмаған ұстаздың сан жылдар бойғы еңбегінің жемісі – аяулы әрі білімді шәкірт. Бәйгеден оза шауып, мыңнан тұлпар, жүзден жүйрік келген шәкірт үшін ұстаздың қуанышы сіз бен бізге елестетуге келмейтін сезім. Алғаш мектеп табалдырығын аттаған күні сізді құшаяқ жая қарсы алған аяулы жанның екінші анаңыздай болып кетерін сезініп көрдіңіз бе?! Әрине, жоқ. Бірақ әрбір күн өткен сайын жаныңыздан табылып, әр аптаның жеті күнінде жеті рет көрісіп, көңіл ұясына тұрақтап қалған ұстазға деген махаббат өлмек емес.

Мамандық көп. Бірақ мамандықтың түрлі болғаны маңызды емес, қанша мамандық болса да сізді маман қылатын тағы да ұстаз. Мейлі сіз ғалым болыңыз, жұлдыз, тіпті беделді азамат, президент болып кетсеңіз де сізді осы өмірге жетелеген, осы шыңға жетуге себепші болған ұстазды ұмытуға қақыңыз жоқ. Оның еңбегін сыйлау, оған құрмет көрсету сол адамға деген сый-сияпат емес, сіздің тәрбиелі, тәлімді тұлға болғаныңыз. «Адамның адамшылдығы жақсы ұстаздан» деп Абай хәкім айтпақшы, әрбір ісіңіз жеңіске жетіп жатса, оның артында ұстаздың бір тамшы болса да еңбегі барын есте сақтаңыз.

«Менің ұстаздық жолды таңдауыма әкем мен анамның алар орны ерекше. Әкем мен анам бүкіл өмірлерін балаларға арнаған ардақты да аяулы ұстаздар.Әкем Бегасилов Досыбай Білім Беру ісінің үздігі,ал анам Хамитова Хафизада зейнеткерлікке осы саладан шықты.

Өзімнің педагогикалық жолым туралы қысқаша айтып өтсем, М. Әуезов атындағы ОҚМУ-да 1996 -2000 жылы аралығында білім алдым. Педагогикалық өмір жолымды аудандағы киелі қара шаңырақ аталып кеткен, №2 Ш. Уалиханов атындағы жалпы білім беретін мектебінде география пәнінің мұғалімі болып бастап,23 жыл талмай еңбек етіп келемін».-дейді білікті маман

Осы орайда соңғы 5 жылдағы кәсіби жетістіктеріне тоқталып өтсек:

2019 жылы Оқущылардың Кіші Ғылым Академиясының облыстық сырттай байқауына өлкетану секциясы бойынша оқушысы Сатыбалды Диас қатысып, ІІ дәрежелі диплом иеленді.

2019 жылы Облыстық пән мұғалімдерінің олимпиадасында география пәнінен ІІ-ші орын иегері атандым.

2020 жылы Облыстық “Пән олимпиадасының үздік педагогы – 2020” БАС ЖҮЛДЕ иегері атанып,төс белгісімен марапатталды

2020 жылы Республикалық “Озаттар-білім саласы үздіктерінің энциклопедиясы”жинағына еніп,білім саласын үздік қызметкерлері қатарынан көрінгені үшін Құрмет граматасымен,“Озат педагог” төсбелгісімен марапатталды.

2020 жылы Ұлттық инновациялық ғылыми-зертеу орталығы ұйымдастырған “БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ – 2020” атты конференцияға қатысып I дәрежелі дипломмен марапатталды.

-2020 жылы Жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша өтілген “Президенттік Олимпиаданың” өңірлік кезеңінің жүлдегері оқушысы I дәрежелі дипломмен Әбдіш Зейнеш марапатталды.

2022 жылы Төлеби аудандық білім бөлімінің Алғыс хатымен 2 рет марапатталды.

2022ж. «Өрлеу» БАҰО АҚФ Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша кәсіби даму институтының «Мадақтамасымен» марапатталды

2021ж. Түркістан облысы, Төлеби аудандық «Аманат» партиясының Алғыс хатымен марапатталды.

2023ж Түркістан облысының білім басқармасының Алғыс хатымен марапатталды.

2021 жылы Алтын Ұрпақ зияткерлік олимпиадасының ІІІ дәрежелі дипломымен оқушысы Сүгір Айжан марапатталды.

2021 жылы Алтын Ұрпақ зияткерлік олимпиадасының ІІІ дәрежелі дипломымен оқушысы Тасболат Асемай марапатталды.

2021 жылы Алтын Ұрпақ зияткерлік олимпиадасының ІІІ дәрежелі дипломымен оқушысы Айбекұлы Жасұлан марапатталды.

2022-2023 оқу жылы жаратылыстану-математикалық пәндер бойынша аудандық кезеңінде оқушысы Нұралы Жібек ІІ орын иеленді

2023 жылы Республикалық үздік педагогикалық идея байқауының жеңімпазы “География сабағында ІТ технологияларын қолдану” тақырыбы бойынша авторлық бағдарлама ұсынып, І дәрежелі дипломмен марапатталды.

-2023 жылы Түркістан облысы Төлеби ауданы әкімдігінен Алғыс хатпен марапатталды.

2023 жылы Республикалық үздік педагогикалық идея байқауының жеңімпазы “География сабағында ІТ технологияларын қолдану”тақырыбы бойынша авторлық бағдарлама ұсынып, І дәрежелі дипломмен марапатталды.

2023 жылы Түркістан облысы Төлеби ауданының әкімінен Алғыс хатпен марапатталды.

-2024 жылы Мерзімді баспасөз басылымында “Үздік нәтиже”көрсетіп І дәрежелі дипломмен марапатталды.

-2024 жылы Республикалық педагогиялық ғылыми-әдістемелік журнал “Қазақстан Ұстазы”құрмет грамотасымен марапатталды.

2024 жылы Астана қаласында «Жаңа Қазақстанның Жүз Жаңа Есімі» атты Республикалық байқауының жеңімпазы атанып,І дәрежелі дипломмен төсбелгісімен және статуеткасымен марапатталды.

 

Төлеби аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

 

КӘСІПОДАҚ МІНБЕРІ

Түркістан облысы Ордабасы ауданы, Жамбыл елді мекені, Қосжан Мүсірепов атындағы жалпы білім беретін мектебінің химия-биология пәнінің мұғалімі Саурбаева Мәншүк Жұпарбекқызы.

Мектепте жалпы білім беру ісімен қоғамдық жұмыстарды атқаруда Мәншүк Жұпарбекқызының жетістіктері айтарлықтай елеулі.

Мәншүк Жұпарбекқызы көптеген жылдардан бері ұстаздық қызмет атқарып келеді. Ұстаздық еңбек жылдарында балаға сапалы білім, саналы тәрбие беру үшін аянбай еңбек етіп келе жатқан ұстаз. Сабақта оқушыларға көптеген әдіс -тәсілдерді қолдану арқылы көптеген мәліметтер бере алады. Осы мұғалімдік қызметті атқара жүріп, өз білімін үнемі оқу барысында жетілдіріп отырады. Химия пәнін меңгертуде көптеген қызықты тәжірибелер мен есептерді шығару барысында оқушыларға үйретуден жалықпайтын ұстаз. Сабақты өту барысында әрбір оқушының педагогикалық, психологиялық ой өрістерін түсіне отырып, олармен байланысты нығайтып, білімдерін жетілдіруге көп көмегін тигізеді. Сабақта дәстүрлі, дәстүрлі емес әдіс амалдарын қолданып, әртүрлі деңгейдегі тақырыптарды қамти алатындығын таныта біледі.

Мәншүк Жұпарбекқызы 1986 жылы Қызылорда қаласындағы Н.В.Гоголь атындағы педагогикалық университетіне химия, биология мамандығы бойынша оқуға қабылданады. Өзінің ұстаздық жолын 1990 жылы Ордабасы елді мекеніндегі «Ордабасы» жалпы орта мектебінен бастап қызметін атқарды.

1991-2000 жылдар аралығында Отырар ауданы Ақтөбе бөлімшесінде Қ.Мұңайтпасов атындағы жалпы орта мектебінде химия пәнінен сабақ берді. Осы уақыттар аралығында көптеген жұмыстар атқарып, қоғамдық жұмыстарға белсене араласты. 2001 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Мәншүк Жұпарбекқызы Ордабасы ауданы Жамбыл елді мекеніндегі Қ.Мүсірепов атындағы жалпы білім беретін мектепте ұстаздық қызмет атқарып келеді. Ұстаздық қызмет пен қоғамдық жұмыстарды қатар алып жүрген Мәншүк Жұпарбекқызының жетістіктері мынадай:

2001-2023 жылдар аралығында Қ.Мүсірепов атындағы жалпы орта мектебінде бес жыл көлемінде кәсіподақ комитетінің төрайымы болып қызмет атқарды. Осы жылдар аралығында Мәншүк Жұпарбекқызы оқу ісінің меңгерушісі, директордың міндетін уақытша атқарушы қызметін атқарып мақтау қағаздарымен марапатталды.

2018 жылы «Алтын Ұрпақ» зияткерлік олимпиадасына қатысып, шәкірті Рсатай Жансая жаратылыстану пәнінен І-орын алғаны үшін, «Олимпиада жеңімпазын дайындағаны үшін» Алғыс хатпен марапатталды.

2019 жылы химия пәнінен олимпиадаға қатысып шәкірті 11 сынып оқушысы Сезім Ерсінали жүлделі орынға ие болып, аудандық білім бөлімінің Алғыс хатымен марапатталды.

2019 жылы «Ағылшын, орыс, қазақ тілдерінде» үштілділікті меңгеріп сертификат, мақтау қағаздарын алды.

2020 жылы «Алтын Ұрпақ» зияткерлік олимпиадасына қатысып, 6 сынып оқушысы Әуез Арай сертификатпен марапатталды.

2020 жылы жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары педагог қызметкерлерінің педагогикалық шеберлігін дамыту, кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында өткізілген, «Ең білімді педагог-2020» ІV облыстық пән олимпиадасының «Бас жүлде» иегері атанып дипломмен және «Ең білімді педагог» төсбелгісімен марапатталады.

Республикалық педагогикалық ғылыми басылым «Өрлеу» баспасынан 2020 жылы «Ғылыми ізденіс» кітабында «Қышқылдар және олардың химиялық-физикалық қасиеттері» тақырыбында мақаласы жарық көрді.

2021 жылы шәкірті 11 сынып оқушысы Ағабек Арай аудандық пән олимпиадасына қатысып, жүлделі І-орынды жеңіп алды және «Олимпиада жеңімпазын дайындағаны үшін» деген Алғыс хатпен марапатталды.

2021 жылы Республикалық ғылыми-әдістемелік және педагогикалық біліктілікті арттыру орталығының директоры Д.О.Сариеваның «Ы.Алтынсариннің педагогикалық мұралары: «Кеше, бүгін, ертең» тақырыбында республикалық конференциясына қатысып, Ы.Алтынсариннің төсбелгісімен марапатталды.

2021 жылы «Экология және Адам» тақырыбындағы ғылыми жобаға 10 сынып оқушысы Мұратбекова Индира қатысып І-орын алып, Алғыс хатпен марапатталды.

2023 жылы аудандық олимпиадаға қатысып шәкірті Қыпшақ Зарина ІІІ-орын иеленді.

2023 жылы «Химия сабағында оқушылардың функциональдық сауаттылығын дамыту» тақырыбында авторлық бағдарламасы шығып, аудан көлемінде таратылды.

«Химияны оқытудағы инновациялар мен заманауи технологиялар» тақырыбы бойынша сабақтарға қатысып сертификат алды.

2024 жылы Қ.Сәтбаевтың 125 жылдығына орай өткізілген химия пәнінен 10 сынып оқушылары арасында аудандық пән олимпиадасына шәкірті Қыпшақ Зарина қатысып, жүлделі І-орынды жеңіп алды.

2024 жылы «Педагогикалық шеберлік» журналына «Негіздер. Химиялық, физикалық қасиеттері» тақырыбында мақаласы шығып, Алғыс хатпен марапатталды.

2024 жылы Жас ұрпаққа сапалы білім саналы тәрбие берудегі белсенді еңбегі және сала қызметкерлерін әлеуметтік қорғаудағы қызметі үшін Облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасының Құрмет грамотасымен марапатталды.

Мәншүк Жұпарбекқызы ұстаздық қызметін атқару барысында өзінің іскерлігін, еңбекқорлығын көрсете білді және қазіргі заманғы технологияға сәйкес жаңартылған әдіс- тәсілдерді қолдануда ерекше ұстаздық жолын көрсете отырып, өзінің тәжірибесін жастарға үйрете білді.

Ұстаздардың ұстазы Әль-Фараби атамыз айтқандай: «Ұстаз тамшысымен тас жаратын бейне бір су тәрізді» демекші, ұстаз жаратылысынан шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, ерен еңбек етіп, еткен еңбегінің жемісінде, жеңісінде көретін болса, мейлінше алғыр, білімді, жан-жақты ақыл иесі бола алады.

Саурбаева Мәншүк Жұпарбекқызын еліміздің адал да ақылды, білімді ұл-қыздарының өсіп-өнуіне, сапалы білім, саналы тәрбие алуына үлкен үлес қосатын ұстаз деп білеміз.

 

Ордабасы аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

1 22 23 24 25 26 90