Аудандық турнир

28 сәуір «Дүниежүзілік еңбекті қорғау » күніне орай , салауатты өмір салтын насихаттау барысында, Келес ауданының Білім бөлімі мен Білім және Ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитеті ұйымдастыруымен 2024 ж. 1 мамыр күні ұлағатты ұстаз, білікті басшы Айткулов Пердебай Әкімбайұлын еске алуға арналған ерлер мен әйелдер арасындағы «Волейбол » және «Үстел теннис» спорт ойынынан Аудандық жарыс өткізілді.

Келес аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Н.Артыков алғы сөз сөйлеп, барлық қатысушыларға Жеңіс,сәттілік тілеп, іс-шараны ашып берді.

Тартысты өткен Аудандық жарыс қорытындысы бойынша «Үстел теннис» ойынынан::

І орын – «Қошқар ата» а/ә ;

ІІ орын – «Абай» а/ә;

ІІІ орын – «Жүзімдік» а/ә

Командалық ұтыспен ұтқан жеңімпаздар кубок, медаль ақшалай сыйлық 30000тг, 25000тг және 20000тг сертификаттары мен Келес аудандық Білім бөлімімен бірлескен кәсіподақ комитетінің құрмет грамотасымен марапатталады.

«Волейбол» ойынынан 11 ауыл әкімшіліктерден финалға іріктеліп келген мектепаралық командалар ішінен

Ерлер командасынан:

Бас жүлде – «Кәсіподақ құрама »командасы

І орын – «Алпамыс батыр» а/ә ;

ІІ орын – «Ұшқын» а/ә;

ІІІ орындарды – «Қошқар ата» а/ә

Әйелдер командасынан:

Бас жүлде – «Кәсіподақ құрама »командасы

І орын – «Ұшқын» а/ә ;

ІІ орын – «Қошқар ата» а/ә командасы

ІІІ орынды – «Біртілек» ауыл әкімшіліктері иеленді.

Командалық ұтыспен ұтқан жеңімпаздар кубок, ақшалай сыйлық 50000тг, 40000тг, 30000тг, 25000 және 15000тг сертификаттары мен Келес аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімімен бірлескен кәсіподақ комитетінің құрмет грамотасымен марапатталады.

Жарыс кезінде тиянақты шабуыл жасалып, сауатты қорғаныс көрсеткен ойыншылар әр ұпай үшін жанталасып, команданың жеңісі жолында аянып қалмаған, ауыл әкімшілік командасы ішінен ерекше ойындармен көзге түсіп, қызық ойын көрсеткен 60 жарыс қатысушылары Номинациялық құрмет грамотасымен марапатталды. Олар :

«Үздік қорғаушы»

«Үздік үйлестіруші»

«Үздік шабуылшы» және Белсенді қатысқаны үшін де марапатталды.

Келес аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Жеңісте «Толағай» алыптар сайысы өтті

Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында №11 «Жеңіс» мектеп-гимназиясының спорт алаңында дене шынықтыру бірлестігінің ұйымдастыруы және Жетісай аудандық кәсіподақ комитетінің қолдауымен 02.05.2024 күні «Әкем, анам және мен салауатты отбасы» атты ұранымен мұғалімдер арасында «Толағай» сайысы болып өтті. Командаралар арасындағы сайыс қызықты әрі тартысты өтті. Сайыс қорытындысы бойынша 1-орын №12 Әл-Фараби ЖББМ, 2-орын №73 ЖББМ, 3-орын №13 Н.Төреқұлов ЖББМ командалары жүлделі орындарды иеленіп, бағалы сыйлықтармен марапатталды. «Үздік төреші» номинациясы дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері Ж.Сламов және М.Джалдыбаева иеленді.

Жүлделі орын алған командаларды құттықтаймыз!

«Толағай» сайысын жоғары деңгейде ұйымдастырған дене шынықтыру бірлестігіне және қолдау білдірген Жетісай аудандық кәсіподақ комитетіне үлкен Алғыс білдіреміз.

Жетісай аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Оқыту семинары

Төлеби аудандық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитеті ұйымдастыруымен 29 сәуір күні №7 IT мектеп лицейінің мәжіліс залында Төлеби аудандық білім бөліміне қарасты білім беру мекемелеріндегі келісу комиссияларының мүшелеріне «Білім беру ұйымдарында еңбек заңнамасының сақталуы», «Еңбек даулары және оларды шешу жолдары. Келісу комиссиясының жұмысын ұйымдастыру» тақырыптары бойынша оқыту семинары өтті. Оқыту семинарына Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағының бөлім басшысы, заңгер Ақбердиев Ғабит Кеңесұлы, Төлеби ауданының білім бөлімінің заңгері Жакипов Бақыт Тұрарұлы, Төлеби аудандық соты медиаторы Дауленбаева Баян Наурызбайқызы, Төлеби аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Мырзалы Ғалымжан Алтынбайұлы және білім беру мекемелеріндегі келісу комиссияларының мүшелері қатысты. Төлеби аудандық соты медиаторы Дауленбаева Баян Наурызбайқызы келісім комиссиясы мүшелеріне баяндамасын оқыды. Ақбердиев Ғабит Кеңесұлы семинарға келген білім беру мекемелеріндегі келісу комиссияларының мүшелеріне келісу комиссиясының жұмысын ұйымдастыру, жүргізу жұмыстарын айтып өтті. Тақырыпқа байланысты және басқада сұрақтарға нақты жауап берді. Семинар соңында келісім комиссиясы мүшелерінің семинарға қатысқандығын растайтын, сертификаттар табысталды.

Төлеби аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Төлеби аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

КӘСІПОДАҚ МІНБЕРІ. «Ұстаз — мектептің жүрегі»

Ұстаздық өте жауапты мамандық екені баршамызға белгілі. Ол – мектептің де, қоғамның да, ғылымның да, білімнің де, ұлттың да, адамгершілік пен ерліктің де, жақсы мінез бен ақындықтың да нағыз жанды өкілі. Үнемі бала көзінде болу, әрдайым жинақы, таза, әдепті жүруді талап етеді. Кез келген уақытта шәкірттің қандай да болсын сұрағына білімділікпен жауап беруге тура келеді. Оған нақты, дәлелді, сенімді, көркем, жүйелі, тартымды сөйлеу керек. Ұстаздың әділдігі, адалдығы, батылдығы, мінез сұлулығы, іс пен сөз бірлігі, шыншылдығы, ұстамдылығы күн сайын балалар тарапынан баға алып отырады.

Осындай педагогикалық білімімен, біліктілігімен биік белестерді бағындырған ұстаздарымыздың бірі Түркістан облысы, Ордабасы ауданы, Шұбарсу ауылы, М.Исламқұлов атындағы жалпы білім беретін мектебінің физика пәнінің мұғалімі Иманбаева Айым Есіркепқызы.

Айым Есіркепқызы 2002 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университетіне физика және информатика мамандығы бойынша оқуға түседі. Өзінің ұстаздық жолын 2006 жылы Шымкент қаласындағы «Экономика және статистика» колледжінде физика пәні мұғалімі болып бастайды. 2009 жылы Ордабасы ауданы, Шұбарсу ауылындағы Б.Нұрлыбеков мектебінде, 2010 жылдан бері М.Исламқұлов атындағы жалпы білім беретін мектебінің (бұрынғы «Шұбарсу» жалпы орта мектебі) физика пәнінің мұғалімі болып жұмыс атқарып келеді. Педагогика саласында 17 жыл қызмет атқарып келе жатқан жоғары білімді, педагог – зерттеуші маман иесі. Аталмыш мектепте 2016 жылдан бері бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы.

Айым Есіркепқызының ұстаздық жолындағы жеткен жетістіктері:

Аудандық олимпиада жеңімпаздарын дайындағаны үшін АББ басшысы атынан «Алғыс хат» 2016ж, 2019ж, 2020ж, 2022ж.

«Кәсіби бағдар» жұмыстарына белсене қатысқаны үшін аудандық кәсіподақ ұйымы атынан «Алғыс хат» 2017ж.

Республикалық педагог мамандар арасында өткізілген байқауда жеңімпаз болғаны үшін І-дәрежелі «Диплом» 2018ж.

Республикалық пән олимпиадасына қатысқаны үшін І-дәрежелі «Диплом» және олимпиада жеңімпаздарын дайындағаны үшін «Алғыс хат» 2018ж.

Облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы атынан «Құрмет грамотасы»2018ж.

Мұғалімдердің аудандық пән олимпиадасында ІІ-орын иеленгені үшін АБББ атынан «Алғыс хат» 2019ж.

«Ustaz tilegi» республикалық ғылыми – әдістемелік Орталығы ұйымдастырған республикалық «Үздік Ұстаз» блиц-турнирінің жеңімпазы 2019ж.

Облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы атынан «Кәсіподаққа еңбегі сіңген қызметкер» белгісі 2019ж.

«Үздік жас кәсіподақ көшбасшысы – 2019» аудандық кезеңінен І орын және облыстық байқауында ІІ орын алғаны үшін «Диплом» 2019ж.

Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағының атынан «Құрмет грамотасы» иегері, 2020ж.

«Білім шыңы» қоғамдық бірлетігі, Президенттік «Жас Ұлан» жастар ұйымының ұйымдастыруымен болған «Ең білімді педагог 2020» ІV облыстық пән олимпиадасының бас жүлде және «ЕҢ БІЛІМДІ ПЕДАГОГ» төсбелгісінің иегері.

Білім беру саласына қосқан үлесі мен еңбектегі жетістігі үшін облыстық басқарма басшысы атынан «Алғыс хат» 2022 ж.

Шәкірттері жаратылыстану – математика бағыттары пәндер бойынша республикалық жасөспірімдер олимпиадасының жеңімпаздары. Атап айтқанда, Ануарбек Нұрқадір 2022ж аталмыш олипиаданың аудандық кезеңінен І орын, облыстық кезеңінен ІІІ орын иеленсе, Қали Жансезім ІІ орын иегері 2023ж, 2024 ж 8 сынып оқушысы Хужантаева Аяулым аудандық кезеңінің ІІ орын иегері.

Шәкірті 10 сынып оқушысы Қарсыбай Алтынай Жаратылыстану – математика циклы пәндері бойынша Әл-Фараби атындағы халықаралық олимпиаданың ІІІ – орын иегері.

Олимпиада жеңімпаздарын дайындағаны үшін аудандық білім бөлімі басшысы атынан «Алғыс хат» 2023ж.

Білім беру саласына қосқан үлесі мен еңбектегі жетістігі үшін Ордабасы аудандық білім бөлімінің басшысы мен Ордабасы аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы комитетінің бірлескен «Құрмет грамотасы» иегері, 2023ж.

Сондай – ақ, Айым Есіркепқызы оқушыларға күрделілігі жоғары есептерді шығаруды үйрете отырып, нәтижесінде жыл сайын бірнеше грант иегерлері мен олимпиада жеңімпаздарын дайындайды. Өз саласының маманы ретінде озат тәжірибелері, үздік сабақтары мен баяндамалары республикалық, халықаралық басылым беттеріне жиі жарияланып отырады.

«Еліміздің ертеңі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақ тағдыры ұстаздардың қолында» демекші, білім беру жүйесінде ұстаздық міндетін абыроймен атқарып, ұлтымыздың болашағы – жастарға өнегелі тәрбие мен сапалы білім беруде Иманбаева Айым Есіркепқызының алдағы уақытта да аянбай еңбек ететіндігіне біз кәміл сенеміз.

Ордабасы аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

28 сәуір – Дүниежүзілік еңбекті қорғау

Түркістан қалалық №28 мектеп-лицей базасында “28 сәуір – Дүниежүзілік еңбекті қорғау” күніне орай Сауран ауданы кәсіподақ комитетінің қолдауымен, Бастауыш кәсіподақ төрағаларымен бірге Еңбек қауіпсіздігін қорғау жөніндегі техникалық инспекторлардың шақыртуымен арнайы іс-шара ұйымдастырылды. Бұл – мемлекетіміздің тұрақты дамуына жасампаз ісімен үлес қосып келе жатқан нағыз еңбекқор жандарды ұлықтауға арналған маңызды мереке. Олар туған елдің жарқын болашағы үшін күн сайын тынбай еңбек етіп, отаншылдықтың озық үлгісін көрсетіп жүр.

Іс-шараға қатысқан арнайы мамандар мектеп базасын аралап, жүйелі түрде танысып, бір-бірімен тәжірибе алмасты.

Шара барысында Сауран аудандық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің төрайымы Фатима Рысбекова Халықаралық еңбек ұйымы бастамасымен өткізіліп жүрген «Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні» туралы баяндама жасады. Баяндамада Мұндай ауқымды шаралар еңбек тұрғындардың ел экономикасын дамытуға елеулі үлес қосқан азаматтардың жетістіктерін дәріптеу, жастарға еңбекке құрметпен қарау, қарапайым еңбек адамының қызметін бағалауға жол ашатынын айтып өтті. Сонымен қатар, еңбек адамдарының құрметіне жылы лебізін білдіріп, арнайы марапаттады.

Бұл іс-шараның маңыздылығын түсіндіру барысында, 10 минуттық бейне-ролик қойылып, онда бұл мейрам еңбек мәдениетінің ұмыт болған дәстүрлерін жаңғыртуға бағытталған, әрі жас ұрпақты еңбекті бағалауға тәрбиелейтінін ашып көрсетті.

Әр салада кәсіби біліктілік пен мамандыққа адалдықтың шынайы үлгісін көрсетіп жүрген бұл маман иелері, қандай құрметке болса да лайық. Еліміздің өркендеуіне арнаған еңбек ардагерлеріне, аға буынның тәлімгерлік жолын жалғап ерен еңбектің үлгісін көрсетіп жүрген азаматтарымызға зор ризашылығымызды білдіреміз!

Сауран аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

“28 сәуір Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні”

Түркістан облысы, Мақтаарал ауданының білім бөліміне қарасты “√°45 Мәдениет жалпы білім беретін мектеп” коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 28-сәуір Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орай 2024 жылдың 23 сәуір күні “Еңбекті қорғаудың озық мәдениетін қалыптастыру» тақырыбында мұғалімдерге түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Кәсіподақ төрайымы М.Ташбулатова қызметкердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы:

– Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нормалардың, ережелер мен нұсқаулықтардың талаптарын, сондай – ақ жұмыс берушінің өндірісте жұмысты қауіпсіз жүргізу жөніндегі талаптарын дұрыс сақтауға;

– Міндетті мерзімді медициналық тексеруден және ауысым алдындағы медициналық куәландырудан, сондай-ақ өндірістік қажеттілікке байланысты басқа жұмысқа ауысу үшін не кәсіптік аурудың белгілері пайда болған кезде медициналық куәландырудан өтуге;

– жұмыс беруші беретін жеке және ұжымдық қорғану құралдарын қолдануға және мақсатқа сай пайдалануға міндетті екендігіне тоқталып өтті.

Еңбек – адамдардың өмір сүруі үшін қажетті материалдық, рухани және басқа да құндылықтар жасауға бағытталған адам қызметі, еңбек қатынастары – тараптардың әдетте жеке еңбек және ұжымдық шарттар негізінде белгілі бір еңбек қызметін жүзеге асыруы жөнінде туындайтын жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы қатынастар, Еңбекті қорғау – еңбек қызметінің процессі кезінде қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын сақтау жүйесі екендігі, Еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік басқаруды бақылау мен қадағалау жүзеге асыратын орган, қауіпсіздік техникасының маңызы мен ерекшелігі жайында айтып өтті.

Қ. Үкібаев атындағы №37 жалпы білім беретін мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш кәсіподақ ұйымы төрағасы Самат Опабеков мен Еңбек инспекторы Тазабек Ерназаров ұйымдастыруымен “28 сәуір— Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне” орай іс—шаралар өткізді. «Еңбек қауіпсіздігі” тақырыбында кең көлемде түсінік жұмыстарын жүргізді.

Бастауыш кәсіподақ ұйымы төрағасы С.Опабеков 26.04.2024 ж күні спорттық іс— шараларға ұйытқы болып, оған кәсіподақ ұйым мүшелері, оқушылар және кіші қызметкерлер қатысты. “Еңбекті қорғау күні” жыл сайын ауқымды іс—шараларды қамтып, аталып өтілетіні айтылды.

Мақтаарал аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі

КІСІПОДАҚ МІНБЕРІ

Өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше шәкіртжандылықты, мейірімділікті қажет ететін мамандық та – ұстаздық мамандық. Олай дейтінім, мұғалім еңбегі біріншіден, адамзат қоғамы тарихында жинақталған ғылым негіздерінен білім беруге тиіс болса, екіншіден, үнемі шәкірттерімен қарым-қатынаста болып, білсем, үйренсем деген бала арманы мен оның сырлы тағдырына басшылық етуді мойнына алған маман.

Педагогикалық біліммен ,біліктілігімен биік белестерді бағындырған ұстазымыз

Биболова Ботагөз Зұлпыхарқызы жас ұрпаққа өнеге.

Биболова Ботагөз Зұлпыхарқыз Түркістан облысы Шардара қаласында 18.08.1970 жылы дүниеге келген.1987-1992 жылдары М.Ауезов атындағы Шымкент педагогика институтын тамамдап.1992жылдан бастап Түркістан облысы Толеби ауданы Зертас ауылындағы Қосан Мамытов атындағы жалпы орта мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесінде жұмыс атқарып келеді.Мамандығы:Бейнелеу өнері,сызу және еңбек пәнінің мұғалімі Санаты: Зерттеуші. Педагогикалық өтілі :32жыл

Педогогикалық еңбек жолында жеткен жетістіктері:

2019 жылы «Жаңа идея,жаңа білім,жаңа тәсіл»тақырыбындағы облыстық байқауда замануи білім беру әдістемелерін қолдану бойнша озық тәжірибелерін таратқаны үшін «Өрлеу» БАҰО» институтының І дәрежелі дипломмен марапатталды.

2019 жылы Шымкент ЮНЕСКО клубының ұйымдастырылуымен «Ұлы дала аңыздары» атты шығармашылық сурет байқауында оқушы Салыбек Толқын І орын иеленді

2019 жылы оқушысы Төрехан Ғазиза VІІ Халықаралық «Марка Дружбы»Украйна мемлекетіндегі Херсона қаласында өткен сурет байқауында үздік жұмысымен жеңімпаз дипломмен марапатталды.

2020 жылы ЮНЕСКО клубтар федерациясы Алғыс хат «Қаратау қызғалтақтары» плэнер шеберлік сыныптарында үздік шәкірт дайындағаны үшін марапатталды.

2020 жылы облыстық «Ұлы дала аңыздары» атты шығармашылық сурет байқауында Хасан Еркенұр І орын иеленіп, дипломмен марапатталды.

2021жылы Россия ,Новосибирск VІІ-Халықаралық « Люблю тебя мой край родной!» әлеуметтік маңызды плакаттар бйқауына оқушылар дайындағаны үшін Алғыс хатпен марапатталды.

2021жылы «Парктер шеруі-2021» Қазақстанның биоалуантіршілік сақтау қоры дирекциясы акциясы аясында бейнелеу өнері номинациясы боынша 1 орын Калден Сезім дипломмен марапатталды.

2021жылы «Аяз салған өрнектер»республикалық байқауында Мухтарқызы Айару 1 орын, Ермек аяулым ІІ орын дипломымен марапатталды.

2021ж ЮНЕСКО клубтар федерациясынан Алғыс хат «Мысықтар менің сүйкімділерім» аймақтық сурет байқауына оқушыларды дайындағаны үшін марапатталды.

2021ж ЮНЕСКО клубтар федерациясынан Алғыс хат «Мен бейбітшілікті таңдаймын» халықаралық сурет байқауына финалист дайындағаны үшін марапатталды.

2021ж ҚР Білім және ғылым министлігі Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы Алғыс хат «Алғысым шексіз-Жер ана!» республикалық байқауының жеңімпазын дайындағаны үшін марапатталды.

2021ж Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы Алғыс хат «Мейрімділік жасауға асығыңыз» облыстық балалар сурет байқауының жеңімпазын дайындағаны үшін марапатталды.

2021ж Россия Центр подготовки космановтов имени Ю.А.Гагарина Алғыс хат «Звездная эстафета в Крыму» халықаралық байқауына оқушыларды дайындағаны үшін марапатталды.

2022жТүркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының «білім бреуді дамыту орталығы»КММ «Қазақстан –туған елім,ұлы өлкем» олыстық көрме байқауында ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды

2022ж Қазақстан ұлттықЮНЕСКО клубтар федерациясы Алғыс хат «Жеңістің мәңгі қахармандары» республикалық байқауына оқушы дайындағаны үшін

2022ж ҚР білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым миристрі Асхат Аймағанбетовтан Құрмет грамотасымен марапатталды.

2023 жылы Япония елінде Канагава перфектурасында өткен “The 22th Kanagawa Biennial World Children’s Art Exhibition” сурет байқауына оқушылары қатысып, нәтижесінде оқушы Мейрамбек Мереке ерекше жұмысы үшін жеңімпаз Дипломмен марапатталды

2023ж Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының «Облыстық қосымша білім беруді дамыту орталығы» «TuranBalaFest» үздік өнерпаздар телебайқауында сурет салу номинациясында ІІ дәрежелі дипломмен оқушым Қалден Сезім марапатталды

2023ж Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасы Алғыс хат Өзбекістан республикасында өткен «Достастық балалары» тақырыбында ТМД қатысушы VІІІ халықаралық форумын белсенділік танытқаны үшін

2023 ж Семей қаласында өткен Республикалық «Жасасын ,Тәуелсіз Қазақстан» байқауында Хасан Еркенұр ІІІорын иеленіп, дипломмен марапатталды.

2024ж ҚР«Су ресурстар министрлігі»өткізген.Қоршаған ортаны қорғау,суду үнемдеу байқауына оқушылар қатысып Қалден Сезім,Нурмаханбетова Ниса Алғыс хат пен бағалы сыйлықтармен марапатталды.

2024жылы Шымкент қаласының Балалар көркем сурет мектебі-ЮНЕСКО Клубы ұйымдастыруымен өткен облыстық «Аяз салған өрнектер» сурет байқауына қатысып, оқушысы Талас Ақниет ІІІ орын иеленіп, дипломмен марапатталды.

Төлеби аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Аудандық спорт турнирі

Сайрам аудандық білім бөлімі мен Білім және ғылым қызметкерлері Сайрам аудандық кәсіподақ комитетінің 2023-2024 оқу жылына арналған іс-шаралар жоспарына сай білім мекемелерінің ұстаздары арасында үстел теннистен аудандық жарыс өткізілді. Жолдастық сипатта өткен жарыстың нәтижесі төмендегідей:

І-орынға № 42 Фурқат атындағы жалпы білім беретін мектебінің ұстаздары командасы иеленді;

ІІ- орын «Әл-Фараби» атындағы жалпы білім беретін мектебінің ұстаздары иеленсе;

ІІІ- орынға № 5 Горький атындағы жалпы білім беретін мектебінің ұстаздары иеленді;

Жеңімпаздарға білім бөлімі мен аудандық кәсіподақ комитетінің бірлескен Мақтау қағаздары , кубоқтар , медальдар табысталды. Жеңістеріңіз құтты болсын, құрметті әріптестер!

Сайрам аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

ЖАЗУШЫНЫҢ ЕСІМІ ХАЛЫҚ ЖҮРЕГІНДЕ

Биыл қазақтың белгілі жазушысы, балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың тууғанына 100 жыл толып отыр. Осы мерейлі датаға байланысты Шардара қаласындағыы Б.Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде арнайы іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шараға қатысқан қонақтар жазушының өмірі мен шығармаларынан сыр шертетін көрмені аралаап, мектеп оқушыларының дайындаған ашық сабақтарын, пікірсайыстар мен әдеби сазды сахналанған көріністерін тамашалады.

«Ақиқаттан аттамаған қаламгер» тақырыбымен өткен шараға аудандық білім бөлімі қызметкерлері кәсіподағы комитетінің төрағасы Ұлықбек Жұман қатысып, әйгілі жазушының шығармалары жайлы ойларын бөлісті. «Менің атым Қожа», «Балалық шаққа саяхат», «16 жасар чемпион» деп аталатын шығармалары балалардың ғана емес, сонымен қатар барлық жастағы азаматтардың сүйіп оқитын туындыларына айналғанын атап өткен Ұлықбек Назарұлы осындай іс-шараны лайықты деңгейде ұйымдастырып отырған мектеп директоры Еркінәлі Ақбердиев пен ол басқаратын ұстаздар ұжымының еңбектеріне жоғары баға берді.

ЮНЕСКО көлемінде аталып өтіп жатқан Бердібек Соқпақбаевтың мерейтойы бүкіл халықтың тойы деп айтсақ жарасады. Жазушы аталарының шығармаларын оқып, өлеңдерін жаттап өскен осы мектептің оқушыларының білімге деген құлшыныстары да ерекше екенін байқап отырмын, – деді Ұлықбек Назарұлы,

Іс-шара барысында мектеп ішінен ардагер ұстаз Әлия Зүлей атындағы кабинет ашылды. Ұзақ жылдар бойы аталмыш білім ордасына басшылық жасап, шәкірт жанының бағбаны бола білген Әлия Ізтілеуқызының атындағы кабинеттің лентасын кәсіподақ комитетінің төрағасы Ұлықбек Жұман қиып, мектеп қабырғасынан үздік оқушылар көптеп шыға беруіне тілектестігін білдірді.

Шардара аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Аудандық іс шара

28 сәуір – Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне арналған он күндік бастау алды.

«Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» Қоғамдық бірлестігінің іс-шаралар жоспарына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 28 желтоқсандағы №1182 қаулысымен бектілген «Қазақстан Республикасының 2024-2030 жылдарға арналған қауіпсіз еңбек тұжырымдамасын» іске асыру және «Өрлеу» білім және ғылым қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» Қоғамдық бірлестігінің жариялаған «Денсаулық жылын» белсенді өткізу мақсатында Мақтаарал ауданының білім бөліміне қарасты «М.Тоқжігітов атындағы №42 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 28 сәуір – Дүниежүзілік еңбекті қорғау күнін атап өту мақсатында «Еңбекті қорғау – адамды қорғау» тақырыбымен 10 күндік іс-шаралар бастау алды.

Алдын ала бекітілген жоспарға сәйкес бастауыш кәсіподақ төрағасы У.Абдиева мен Еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспектор А.Дукенбаев және әкімшілік қызметкерлері ұжыммен жиналыс өткізіп, алдағы уақытта атқарылар жоспарды таныстырып өтті.

Мақтаарал ауданының білім бөліміне қарасты «А.Пушкин атындағы №3 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен 28 – сәуір «Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні» мерекесіне орай іс-шаралар бастау алды. Жоспарға сәйкес мектеп директоры Г.Орақбаева, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы С.Тулендиева мен Еңбек инспекторы Қ.Утегенов өз баяндамаларын ұжымға таныстырып, он күндікті жоғары деңгейде өткізуге шақырды.

 

Мақтаарал аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі

1 26 27 28 29 30 90