КІСІПОДАҚ МІНБЕРІ

Зулыпбекова Нурилла Кендирбековна Төлеби ауданы Ленгір қаласындағы N7 IT мектеп-лицейінде 2018 жылдан бастап жұмыс істеп келеді. Осы жылдар аралығында Нурилла Кендирбековна өзін теориялық білімі терең, педагогикалық шеберлігі шыңдалған, өз ісінің қыр-сырын терең меңгерген маман ретінде танытты. Нурилла Кендирбековнаның сабақтарына шығармашылық, ізденіс сипаты тән. Ол қазақ сыныптарында орыс тілін оқытудың дәстүрлі түрлерін жаңа әдіс-тәсілдермен ұтымды ұштастыра біледі. Соның нәтижесінде қысқа уақыт аралығында Нурилла Кендирбековна жақсы көрсеткіштерге жете білді. 2018-2019 оқу жылында 5-ші сынып оқушысы Серік Абуали оқушылардың аудандық, облыстық пән олимпиадасында I Дәрежелі Диплом, республикалық пән олимпиадасында III Дәрежелі Дипломға ие болды. Келесі оқу жылдарында оқушылары 3 жыл қатарынан мектеп оқушыларының пән олимпиадасынан, ғылыми жоба сайысынан жүлделі орындарға, Марапаттау қағазына, Алғыс хаттарға ие болып келді.

Орыс тілі пәнінен де оқушылар мен мұғалімдер әртүрлі сайыстардан жүлделі орындарға ие болып келеді.

Нурилла Кедирбековнаға берілген кез-келген тапсырма дер кезінде және үлкен жауапкершілікпен орындалады.Ол тәжірибелі ұстаз ғана емес, шебер ұйымдастырушы, тәжірибелі тәлімгер. Біздің мектеп оқушылары талантты ұйымдастырушы Нурилла Кендирбековнаның жетекшілігімен бірнеше рет аудан, облыс көлеміндегі білім-өнер сайыстарының жеңімпаздары. Жаңа бағдарламаның бірінші деңгей мұғалімі ретінде, озат ұстаз ретінде Нурилла Кендирбековна Мектептің Даму Жоспарына, жас мамандарға тәлімгерлік етуде өзінің үлкен үлесін қосып жүрген тәжірибелі маман. Зулыпбекова Нурилланың ерекше атап өтетін қасиеті – жаңалыққа жаны құмар. Білім саласында болып жатқан өзгерістерден тек хабардар болып қоймай, оң өзгерістерді тәжірибесінде қолданатын, батыл шешімдерге бел буа білетін, сынақтан алғашқы болып өтетін ұстаздадың қатарынан. Әріптестерімен, ата-аналармен, оқушылармен қарым-қатынасы мәдениетті, сыпайы . Гүлдана Айдарбекова, директордың оқу-тәрбие жөніндегі орынбасары

Төлеби аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Аудандық іс шаралар

Ордабасы аудандық білім бөлімінің 26.03.2024 жылғы 90 бұйрығына сәйкес аудандық білім және ғылым қызметкерінің кәсіподақ комитетінің 4/б Қаулысының 2024 жылғы негізгі іс-шаралар жоспары мен “Өрлеу” білім және ғылым қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы “ҚБ жарияланған “Денсаулық жылын” өткізу туралы шешімін басшылыққа ала отырып, Ордабасы аудандық білім бөлімі мен кәсіподақ комитетінің бекітілген іс-шаралар жоспары бойынша “Бірлік” жббм “Біз салауатты өмір салтын қолдаймыз!” атты іс -шара жоспары құрылып, бекітілді. Мектеп директоры Н.Елеубаев пен Бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Д.Мамырбек іс-шара жоспарымен ұжым қызметкерлерін таныстырды. Жоспарға сәйкес дене тәрбиесінің мұғалімдері Е.Аманқұлов пен Б.Тәжімаханның ұйымдастыруымен “Денсаулық маршы” атты білім алушылардың қатысуымен жаппай жаттығу өткізілді. Балаларды салауатты өмір салтын сақтау, спортқа баулу мақсатында іс-шаралар жалғасын табуда.

Ордабасы ауданына қарасты Қайнар елді мекеніндегі М.Әуезов , Бөржар елді мекеніндегі Абай жалпы білім беретін мектеп оқушыларына “Ерте жүктіліктің алдын алу”, “Дұрыс тамақтану” “Зиянды әдеттердің алдын алу” тұралы түсіндіру мақсатында емхананың «Жас орда» жастар денсаулық орталығы терапевті Н. Сейілхан, гинеколог Ж. Үргенішбаева, психолог М.Көпбаева қатысуымен семинар-тренинг өткізді.

Ордабасы аудандық орталық аурухана мен кәсіподақ комитеті бірлескен кестесіне сәйкес “Денсаулық жылын” өткізу туралы шешімін басшылыққа ала отырып, Аудандық А.Шерімқұлов, Ұлағат жалпы білім беру мекемесі қызметкерлерінің қатысуымен Аудандық орталық аурухананасына қарасты Бадам БМСК аға дәрігері Ф.Д.Уралова, жалпы тәжірибелі дәрігер О.Ұ.Жамбыл, психолог А.Ф.Мамыр , Салауатты өмір салтын қалыптастыру дәрігері Иманалиева С.Қ барып семинар-тренинг сабақтарын өткізді. “Диагностикалық тексерулерден өту тәртібі”, “Дұрыс тамақтану”, “Зиянды әдеттерден аулақ болу”, және ” міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру” бойынша медициналық кеңестер өткізді. Қызметкерлердің көкейінде жүрген т.б сұрақтарға жауап берілді. Семинар – тренингтер өткізілді.

Ордабасы аудандық орталық аурухана мен кәсіподақ комитеті бірлескен кестесіне сәйкес “Денсаулық жылын” өткізу туралы шешімін басшылыққа ала отырып, Аудандық Болашақ, Қарабастау бастауыш білім беру мекемесінің оқушылары мен қызметкерлерінің қатысуымен және Қарлығаш балабақшасы қызметкерлерінің қатысуымен Аудандық орталық аурухананасына қарасты Бадам БМСК аға дәрігері Ф.Д.Уралова, психолог А.Ф.Мамыр , Салауатты өмір салтын қалыптастыру дәрігері Иманалиева С.Қ барып семинар-тренинг сабақтарын өткізді. “Диагностикалық тексерулерден өту тәртібі”, “Дұрыс тамақтану”, “Зиянды әдеттерден аулақ болу”, және ” Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру” бойынша медициналық кеңестер өткізді. Қызметкерлердің көкейінде жүрген т.б сұрақтарға жауап берілді. Семинар – тренингтер өткізілді.

Ордабасы аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Аудандық іс шара

Шардара ауданы білім бөлімімен аудандық кәсіподақ комитетімен бірлесе отырып аудандық білім беру мекемелері арасында мәдени іс шарасын ұйымдастырды.

Егізқұм ЖББ мектебінде Біз салауатты өмір салтын таңдаймыз атты дене шынықтыру бірлестік жетекшісі Туртаев Мырзагелдінің және кәсіподақ ұйымының төрайымы Зейнедилова Тамараның ұйымдастыруымен оқушылар мен педагогтар арасындағы флешмоб пен волейбол жарысы өткізілді. Мектеп медбикесі Пирманова Маншүктің денсаулықты сақтау, дұрыс тамақтану тәртібін сақтау, зиянды әдеттерден аулақ болуға арналған баяндама оқып шықты. Педагогтар ақысыз көз диагностикасынан өтті.

Шардара аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

КІСІПОДАҚ МІНБЕРІ

Педагогикалық білімімен, біліктілігімен биік белестерді бағындырған Бакирова Гулнар Сманқызы жас ұрпаққа өнеге !

Бакирова Гулнар Сманқызы Түркістан облысы Төлеби ауданы,Ақжар ауылында 07.05.1972 жылы дүниеге келген.Үлкен отбасында тәрбиеленіп, әкенің қамқорлығы мен өнегесін тоқып, анасының жылы алақанында өскен. Ұлты қазақ. Білім жолын 1989-1994 жылдар аралығында Шымкент қаласындағы Шымкент педагогикалық институтында қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының күндізгі бөлімін тәмамдаған.

Еңбек жолы: 1994 жылдан бастап Төлеби ауданы, Абай атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып еңбек жолын бастаған.

Қазіргі таңда Әңгірата жалпы білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып жұмыс атқарып келеді.

Бакирова Гулнар Сманқызы педагог-шебер санатындағы мұғалім. 2009 жылдан бері өзінің еңбек жолында көптеген жетістіктерге қол жеткізіп, білім саласында шәкірттерге саналы тәрбие мен сапалы білім беруде аянбай еңбек етіп келе жатқан – ұлағатты ұстаз. Бар саналы ғұмырын ұстаздық жолға арнаған, ұстаздықтың мәртебесін көтерген, өз ісінің білікті маманы, қажыр-қайрат пен зор ізденісінің арқасында мектепте жаратылыстану ғылымының көшбасшы, ұйымдастырушылық қабілеті мол, мектеп ұжымының және шәкірттердің жүрегіне жол таба білген білікті ұстаз. Қазақстан Республикасының білім беру саласында 31 жылдан бері өз үлесін қосып келеді.

Ұстаз Бакирова Гулнар Сманқызы сүйікті ісі – жас ұрпаққа тәлім-тәрбие мен үздіксіз сапалы білім беру. Игілікті еңбек қандай адамға болсын зор мәртебе саналары анық. Бала тәрбиесіне жан дүниесімен берілген, оның нағыз мақсаты айқын маман екенін көруге болады. Оған дәлел Педагогикалық еңбек өтілінде атқарған жұмыстарының нәтижелерін Ғылыми жобалардан,олимпиядалардан жүлделі орындар алып,ұлттық бірыңғай тестілеуде грант иегерлерін дайындап олардың жақсы маман болуына өз үлесін қосуда.Республикалық, Облыстық аудандық марапаттары, наградаларының иегері .

2009-2010 оқу жылдарында оқушылар арасындағы пәндік олимпиададан оқушысы А.Тілегенова Республикалық екі оқу грантын ұтып келген.

2018 оқу жылында Облыстық пән олимпиядасынан Г.Бакирова ІІ жүлделі орын иеленді;

2019 жылы ХХ облыстық Абай оқуларында оқушысы С.Бектурова ІІ орын иеленді;

2020-2021 оқу жылында аудандық пәндік олимпиададан оқушысы А.Мұрат ІІ орын иеленді;

2021-2022 оқу жылында аудандық «Әбіш оқулары» байқауында сахналық қойылым бағыты бойынша оқушылары ІІ орын иеленді;

2022-2023 оқу жылында аудандық «Мәшһүр-Жүсіп оқуында» оқушысы Ж.Ақын І орынды иеленді;

2022-2023 оқу жылында аудандық Қ.Бітібаева атындағы пән олимпиадасында оқушысы Ж.Ақын І орын иеленді;

2022 жылы облыстық «Тұлпар мініп, ту алған» өнер фестивалінде оқушылар дайындағаны үшін «Алғыс хатпен» марапатталды;

2023 жылы «PISA халықаралық зерттеуінің оқу сауаттылығы бағыты бойынша» авторлық бағдарламасын Республикалық деңгейде жариялады;

2023 жылы Х «Ақберен» республикалық өнер байқауының облыстық кезеңінде «Көркемсөз оқу» бағыты бойынша К.Абдалі І дәрежелі дипломмен марапатталды;

2024 жылы аудандық «Мұқағали оқуынан» оқушысы К.Абдалы І орынды иеленді;

2024 жылы аудандық «Ілияс Жансүгіров оқуында» оқушысы К.Абдалы І орын иеленді

Мадақтама Жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие берудегі игілікті істер мен шығармашылық ізденістер танытқан белсенділігі мен кәсіби шеберлігі үшін Шымкент қаласы-2015 жылы, Қазақстан Республикасының оқу –ағарту министрлігі «Өрлеу» БАҰО директоры Л.Т.Искакова;

Мадақтама Мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыруда, еңселі еліміздің келешек тірегі-жас ұрпақтың ұлттық рухын көтеру мен отансүйгіштікке баулуда, білімді азамат етіп қалыптастыруда жоғары жауапкершілікпен еңбек етіп, ерекше үлес қосқаны үшін Шымкент қаласы-2016 жылы, басшы Қ.Құлажанов;

Құрмет грамотасы. Түркістан 2019 жылы, Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы Басқарма басшысы м.а. А.Садықова;

Алғыс хат Іскерлігіңіз бен ізденімпаздағыңыздың нәтижесінде оқу-тәрбие саласында білім деңгейін арттыруға үлес қосқаны ,кәсіби біліктілігі мен тәжірибиесін көрсеткені үшін марапатталады .Білім бөлімінің басшысы Б.Тойлыбаев 2023-2024 оқу жылы.

Құрмет грамотасы Білім беру саласының өркендеуі жолында қызмет етіп, жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі ерен еңбегін жоғары бағалап және қоғамдық жұмыстарға белсене араласқаны үшін Ленгер қаласы-2023 жылы, Аудандық мәслихат төрағасы Н.Қойбағаров;

Диплом Республикалық «Мұғалімдер пән олимпиадасы» ІІ орын иегері .Астана қаласы-2022 жылы, «Жас Ұлан» жастар ұйымының төрағасы А.Ермекбайұлы;

Диплом «Ең үздік тіл маманы» номинациясы. ҚР ақпарат және коммуникациялар министрлігі. Олимпиада ұйымдастыру комитетінің төрайымы А.Сабирова;

Төсбелгі «Білім беру ісінің үздігі-2015» төсбелгісімен марапатталды. «Qurmet-AB» төраға А.Д.Юсупов

Төсбелгі «Ы.Алтынсарин» төсбелгісімен марапатталды. Нұр-Сұлтан қаласы-2020 жыл. Қазақстан педагогтар қауымдастығының құрметті төрағасы Т.Оразбаев

Отбасының ұйтқысы, сүйікті жар, аяулы ана. Біліктілігімен, табандылық қасиетімен жұлдызы жарқыраған қазақтың дана да дара қызы. Жолдасы Бакиров Нұрғали Сұлтанұлы екеуінің отбасын құрғанына 30 жылдай уақыт өтті. Отбасында алты ұл тәрбиелеп өсіріп отырған «Күміс алқа» иегері, елге өнегелі үлгілі отбасы. Болашақ еліміздің ертеңі жас ұрпақтың өркендеуі, жаңа заманға сай жігерлі де намысты ұл-қыздарымызды білім нәрімен сусындатып қана қоймай қазақы болымысында тәрбиелеуге атсалысуда.

Төлеби аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

КӘСІПОДАҚ МІНБЕРІ

Түркістан облысы, Ордабасы ауданы, Қайнар ауылы, М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектебінің бастауыш пәнінің мұғалімі Шорабекова Үміт Әбіләзімқызы..

Бастауыш сынып мұғалімі мамандығы мен қоғамдық жұмыстарды қатар алып жүрген Үміт Әбіләзімқызының жеткен жетістіктері айтарлықтай елеулі. Кәсіподақ ұйымы жұмыс беруші жұмыс күшіне қатысты әр түрлі мәселелерді шешуде сенімді серіктесі деуге болады. Үміт Әбіләзімқызы ұжымда еңбек тәртібін орнатуға, қызметкерлердің өз міндеттерін орындауға жауапкершілікпен қарауына көмектеседі. Еңбек дауларын болдырмауды қадағалайды. Еңбек қауіпсіздігі мен еңбек заңнамасының орындалуына әсер ететін мәселелерді шешуге, жұмысшылардың әлеуметтік кепілдіктерін сақтауға және жүзеге асыруды басты назарында ұстайды. Жұмыс барысындағы келеңсіз оқиғалардың алдын-алуға да септігі мол. Сондықтан ұжымның әлеуметтік-психологиялық ахуалын қалыптастырып одан әрі дамытуға кәсіподақ ұйымының тиімді жұмыс жасауына үлес қосып келеді.

Жаңартылған білім негізінде мектептің тәлімгері болып көптеген семинарлар мен коучинг сабақтарды үнемі өткізіп отырды. Білім беру саласында озық технологияларды игеру барысында ата-аналардың ойынан шығып, оқушыларға және мұғалімдерге жаңа технологиялар әдістерімен білім беріп келеді.

Үміт Әбіләзімқызы 1991 жылы Жетісай педагогикалық училищесін бастауыш пәні мұғалімі мамандығын бітіріп, Қайнар ауылындағы М.Әуезов атындағы мектепке жұмысқа қабылданады. 2003 жылы Шымкент Әлеуметтік педагогикалық Университетін сырттай оқып, бастауыш пәні мұғалімі мамандығы бойынша диплом алады. 1991-жылдан бастап аталған мектепте үздіксіз еңбек етіп келеді. Педагог – зерттеуші. 2017 жылдан бері аталған мектепте бастауыш кәсіподақ комитетінің төрайымы. М.Әуезов атындағы білім беретін мектебінде 33 жылдан бері қажымай, талмай еңбек етіп келе жатқан білікті мұғалім.

2023 жылы бастауыш кәсіподақ төрағаларын қайта сайлауы өтті. Мектеп ұжымы бір ауыздан Үміт Әбіләзімқызын қайта сайлады. Бірқатар ұстаздар кәсіподақтың жасап жатқан жұмыстарына ризашылықтарын білдірді. Көптеген жасалған іс-шараларды жұмыс беруші және комитет мүшелерімен бірлесе отырып, талқылап шешімін тауып келеді.

Негізгі мамандығы мен қоғамдық жұмыстарды қатар алып жүрген Үміт Әбіләзімқызының жетістіктері мол.

2013 жылы «Жаңашыл мұғалім» аудандық мұғалімдер сайысының 1-орын жеңімпазы атанды.

2013 жылы ең алғашқы Жаңартылған білім жүйесінің үш айлық курсын оқып, алған білімімен әріптестерімен бөлісті.

2014 жылы Жаңартылған білім жүйесінің Тренерлік курсын оқып, әріптестеріне коучинг сабақтар өтті.

2015 жылдан бастап Ордабасы ауданының бастауыш әдістемелік кабинетінің жанынан құрылған шығармашылық топ және комиссия құрамы мүшесі болып келеді.

2021 жылы «Өрлеу» БАҰО» АҚФ Түркістан облысы және Шымкент қаласында білім жетілдіру курсын оқыды.

2019 жылы 4 «А» сынып оқушысы Абдулла Шұғыла әдебиеттік оқу пән олимпиадасының 1-орын жеңімпазы атанды.

2022 жылы «Жас дарын» республикалық зияткерлік олимпиадасынан екі оқушысы Пердехун Иманали мен Дәрібай Алихан 2-орын жеңімпазы атанды.

2021 жылы Түркістан облысы, білім беруді дамыту орталығы «Ұлағатты ұстаз» төсбелгісімен марапаттады.

2022 жылы «Білім шыңы» қоғамдық бірлестігі «Құрметті ұстаз» төсбелгісімен марапаттады.

2021 жылы Республикалық «Ел құрметі» қоғамдық қорының атынан өз саласына қосқан сүбелі үлесі үшін «Тәуелсіздік» төсбелгісімен марапаттады.

2023 жылы «Үздік авторлық бағдарлама» республикалық байқауында 1-дәрежелі Дипломмен марапатталды.

2023 жылы «Дарын» республикалық білім беру орталығынан 2-дәрежелі Дипломмен марапатталды.

2023 жылы «Зерде» республикалық шығармашылық зерттеу жұмыстарының конкурсының аудандық кезеңінен 2-орын оқушысы Шүкірқасым Ақтілек марапатталды.

2023 жылы Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Алтын тұғыр» математикалық олимпиадасының 2-орын жеңімпазы атанды.

2023 жылы Республикалық «Білім өркениеті» ұлттық инновациялық ғылыми зерттеу орталығының Білім саласына қосқан айрықша еңбегі үшін «Ыбырай Алтынсарин төсбелгісімен» марапатталды.

Білім берудің заманауи жүйесі оқытудың инновациялық түрлері мен әдістерін енгізу педагогика қызметкерлерінің тұлғасы мен кәсіби құзіреттілігіне, білім беру мазмұнына жоғары талаптар қояды. Қазіргі таңда заман талабына сай ғылым мен білім, техниканың жетістіктерін білім беру саласында жүзеге асыру бүгінгі күннің өзекті мәселелеріне айналып отыр.

Ұлы Абайдың «Білімдіден шыққан сөз, талаптыға болсын кез» деген сөзі уақыт өткен сайын негізділігі артып келеді. Қазақ елінің білімі мен жастары биік те бақытты елге айналуына септігін тигізеді.

Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асып жатқан «Оқуға құштар мектеп» жобасына әрбір оқытушы өз үлесімізді қосуымыз керек.

Елдің болашағын, шәкірттердің дұрыс білім алуын, ұстаздардың мәртебесінің алға жылжуына қажымай, талмай еңбек етуіміз керек.

Ордабасы аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

«Дені сау ұрпақ-дені сау болашақ»

Оқушылар үйі-өнер мен білім ордасы. Еліміздің жеткіншектерінің интеллектуалды дамып, кәсіби бағдарлануына мектептен тыс білім беру ұйымдары мен тәрбиенің тигізер үлесі зор. Ордабасы аудандық Оқушылар үйінің педагогикалық ұжымы тәрбиеленушілерінің дарынды болып өсуі мен өмірлік қабілеттілігін дамыту үшін түрлі заманауи әдіс-тәсілдерді қолданып шығармашылық дамуына қызмет етіп келеді.

«Өрлеу» білім және ғылым қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» ҚБ жариялаған «Денсаулық жылы» Ордабасы аудандық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің қолдауымен, аудандық оқушылар үйінде салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында 2024 жылдың 8 сәуір күні «Дені сау ұрпақ-дені сау болашақ» ұранымен денсаулық фестивалі кең көлемде өткізілді.

Фестиваль барысында Қажымұқан аймағы бойынша бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағаларын қарсы алып, «Бейнелеу» үйірмесінің жетекшісі М.Болатова оқушыларының сурет көрмесімен таныстырудан бастау алды. «Театр және өнер» үйірмесінің жетекшісі А.Нускабаева салауатты өмір сүру салтын насихаттау, жат қылықтардан аулақ болуға тәрбиелеу мақсатында «Зиянды әдеттерден арылу» атты театрландырылған қойылым ұсынды. Сонымен қатар, «Жас таланттар» үйірмесінің жетекшісі Ғ.Кемелбек пен «Бұраң бел» үйірмесінің жетекшісі М.Сопбекованың ұйымдастыруымен концерттік бағдарламаға ұласып, «Сауат ашу» үйірмесінің жетекшісі С.Назымбетова және «Жас туристер» үйірмесінің жетекшісі Б.Омарова екі командаға жетекшілік жасап ұйымдастырған эстафеталық ойындары көңілді де тартысты өтті.

Іс-шара Оқушылар үйінің педагог-психологы, Бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Л.Әбдірованың өз-ара қарым-қатынасты қалыптастыру, белсенділікті арттыру, көңіл-күйді көтеру мақсатында кәсіподақ мүшелері және фестиваль қонақтарының қатысуымен ұйымдастырған психологиялық тренингі барлық қатысушыларға сергектік пен жақсы көңіл-күй қалыптастырумен жалғасып, ой-пікір алмасумен қорытындыланды.

Комитет төрағасы Қ.Төлебаев баланың заман көшінен қалмай, жан-жақты дамуына ықпал етіп жүрген оқушылар үйінің ұжымына шығармашылық табыс тілеп, оқушылардың таланттары мен талаптарына ризашылық білдірді. Денсаулық фестивалін жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін директор м.у.а. М.Халмуратова және қолдау көрсеткені үшін бір қатар қосымша білім беру педагогтары аудандық білім бөлімі мен кәсіподақ комитетінің бірлескен алғыс хатымен марапатталды.

Қазақстандағы Оқушылар үйі білім беру кеңістігінің ең динамикалық және дамушы құрамды бөлігі болып табылады, ол стандартты жүйеге қарағанда ерекше ашық және еркін дамуды қалыптастырады. Білім беру жүйесінде интеграциялық байланыстан және әлем қажеттілігінен туындаған тенденция. Сондықтан да, білімді ұрпақ-еліміздің болашағы, ертеңі екендігін ескере отырып, аудандық оқушылар үйінің даму бағыты мемлекеттің назарында болса.

Ордабасы ауданында келесі денсаулық аялдамасы 03.05.2024 жылы Б.Нұрлыбеков атындағы жалпы білім беру мектебінің базасында «Денсаулық-байлықтан қымбат» тақырыбында ата-аналар, кәсіподақ мүшелері және оқушылардың қатысуымен дөңгелек үстелде жалғасады.

 

Ордабасы аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Семинар

Шардара аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрағасы Жұман Ұлықбек Назарұлы аудандық саз мектебінде семинар – кеңес өткізді.

Күн тәртібінде екі мәселе қаралды.

1. Ұжымдық шарттың орындалу барысы.

2. ”Келісім “ комиссиясының атқаратын жұмысы.

Ұжымдық шарт әрбір жұмыс жасайтын мекеменің негізгі құралы.

Жан – жақты әр тарауға тоқталып , тиісті сұрақтарға жауап берілді.

Келісім комиссиясының негізгі атқаратын жұмыстарына түсініктеме беріліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Кәсіподақ ұйымының мүшелері бүгінгі семинардан біраз заң актілерінен сабақ алды.

Шардара аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Аудандық іс шара

«Өрлеу» білім және ғылым қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» ҚБ жариялаған «Денсаулық жылы» ауданымызда қарқынды өтуде.

Салауатты өмір салты – адамның денсаулығын жақсарту, аурудың алдын алу және өмір сүру сапасын жақсарту үшін белгілі бір тұлғаның жұмысы болып табылады. Салауатты өмір салтын қолдана отырып, адам өз өмірінің ұзақтығын арттырады және өзінің әлеуметтік функцияларын толық орындайды.

Салауатты өмір салты – жұмысты, отбасыларды, күнделікті өмірді, бос уақытты және әлеуметтік қызметті ұтымды ұйымдастыру болып табылады.

Спорттың адам өмірінде алатын орны зор екендігін бәріміз білеміз. Денсаулық адамдың ең қымбат дүниесі. Денсаулығымызды нығайту үшін спортпен шұғылдану керектігін насихаттау барысында 2024 жылдың 5 сәуір күні Б.Кенжебаев атындағы жалпы білім беретін мектеп базасында кәсіподақ мүшелерінің қатысуымен «Денсаулық-зор байлық» ұранымен мектепішілік денсаулық фестивалі өткізілді. Іс-шараға Төрткүл аймағы бойынша барлық бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағалары қатысты.

Математикалық-жаратылыстану, қоғамдық-гуманитарлық бағыттары және бастауыш сынып бірлестігінен құралған 3 команда спорттың 6 түрінен /«Ұлттық асық ойыны»,«Тоғыз құмалақ»,Шахмат,Тенис,Эстафета,Волейбол/ сайысқа түсіп, шәкірттеріне білім берумен қатар спортпен де шұғылдануды дәріптеді. Қызықты да тартыспен өткен іс-шара өз мәресіне жетіп командалар тиісті орындарды иеленіп жеңімпаздар Ордабасы аудандық білім бөлімі мен кәсіподақ комитетінің Дипломымен марапатталды.

Денсаулық фестивалін ұйымдастыруда біліктілік танытқаны үшін мектеп директоры П.Сапарова және қолдау көрсеткені үшін бір қатар дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері алғыс хатпен марапатталды. Аудандық кәсіподақ комитетінің жоспарын жүзеге асыруда белсенділік танытқан бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Жүсіпәлі Гүлнардың еңбегін ерекше атап өтуге болады.

Б.Кенжебаев атындағы жалпы білім беру мектебінің ұжымына зор денсаулық пен ынтымақтастық, шығармашылық табыс тілей отырып, шәкірттері биік шыңдардан көрініп үлгілі мектеп атануына тілектеспіз!

Келесі денсаулық аялдамасы 08.04.2024 жылы Оқушылар үйінің базасында «Дені сау ұрпақ-дені сау болашақ» тақырыбында суретшілер көрмесі мен психологиялық тренингте кездесеміз.

Ордабасы ауданында «Денсаулық жылы» осылай жалғасуда.

Ордабасы аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Аудандық іс шара

Шардара аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрағасы Жұман Ұлықбек аудандағы А. Әлімбетов атындағы ЖББМ, Ш. Уәлиханов ЖББМ , “ Сырдария” ЖББМ мектептерінде “ Келісім “ комиссиясының жұмыстары жөнінде ақпараттық насихат жұмыстарын жүргізді.

Ұжымдық шарт бойынша бірнеше түсініктер беріп өтті.

Шардара аудандық Кәсіподақ ұйымы әлеуметтік әріптестік келісім негізінде, бірнеше мекемелерімен ынтымақтастық жұмыстарын атқаруда.

Кәсіподақ ұйымының атқарып жатқан жұмыстарына, мұғалімдер өз ризашылықтарын білдіріп, өз ойларын ашық аитты.

Облыстық білім басқармасының марапатымен, кәсіподақ төрағасы Ұ.Жұман бірнеше ұстаздарды марапаттады .

Атап айтар болсақ, А. Әлімбетов атындағы мектебінің директоры Ж . Нуралиева,

Ш. Уәлиханов атындағы мектебінің орынбасары С. Рустемова, “Сырдария” мектебінің орыс тілі пәнінің мұғалімі Т. Музанова марапатталды

Шардара аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

1 28 29 30 31 32 90