Оқыту семинары өткізілді

2024 жылғы 9 ақпан күні облыстық кәсіподақ комитетінің жұмыс жоспарына сәйкес Сайрам ауданы №93 Абылайхан атындағы ЖББМ-нің мәжіліс залында аудандық білім бөліміне қарасты білім беру мекемелеріндегі Келісу комиссияларының мүшелеріне арналған «Білім беру ұйымдарында еңбек заңнамасының сақталуы», «Еңбек даулары және оларды шешу жолдары, Келісу комиссиясының жұмысын ұйымдастыру» тақырыптары бойынша оқыту семинары өткізілді.

Аудан деңгейінде ұйымдастырылған оқыту семинарына Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағының бөлім басшысы, заңгер Ғ.Ақбердиев, Сайрам ауданының білім бөлімінің заңгері Б.Зиябеков, Сайрам аудандық кәсіподақ комитетінің төрайымы М.Сейдалиева және білім беру мекемелеріндегі Келісу комиссияларының мүшелері қатысты.

Оқыту семинары барысында Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағының бөлім басшысы, заңгер Ақбердиев Ғабит Кеңесұлы, Сайрам аудандық кәсіподақ комитетінің заңгері Эрметов Хасанжан Махамаджанович семинарға келген білім беру мекемелеріндегі Келісу комиссияларының мүшелеріне лекция оқыды. Келісу комиссиясының жұмысын ұйымдастыру, жүргізу, білім беру ұйымдарында еңбек заңнамасының сақталуы сияқты сұрақтарға нақты жауап беріп, білім беру мекемелерінде Келісу комиссиясының маңыздылығына тоқталып өтті.

Оқыту семинарының қорытынды бөлімінде білім беру мекемелеріндегі Келісу комиссиясының мүшелеріне «Білім беру ұйымдарында еңбек заңнамасының сақталуы», «Еңбек даулары және оларды шешу жолдары. Келісу комиссиясының жұмысын ұйымдастыру» тақырыптары бойынша оқыту семинарына қатысқандығын растайтын, «Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» Қоғамдық бірлестігінің төрағасы Еркінбек Бақыт Сейітжаппарұлының атынан берілген сертификаттар табысталды.

Облыстық кәсіподақ кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі

Оқыту семинары өткізілді Оқыту семинары өткізілді Оқыту семинары өткізілді Оқыту семинары өткізілді Оқыту семинары өткізілді Оқыту семинары өткізілді Оқыту семинары өткізілді Оқыту семинары өткізілді Оқыту семинары өткізілді Оқыту семинары өткізілді

КӘСІПОДАҚ МІНБЕРІ

Ұстаз ұғымы кісі өмірінде үлкен мəнге ие. Əсіресе, қазіргі заманда ұстаз алдын көрмеген адам кемде-кем. Ұстаз болу – жүрек жылуын, мейірім шуағын, адамгершілік ұлылығын баланың бойына дарыту. Осындай ұстаз атты ізгіліктің иесі болу кез келгенге бұйыра бермейді. Білім беру кеңістігінде тәжірибелі де білімді, өз маманының хас шебері кәсіби ұстаздар жетерлік. Солардың бірі – № 10 «Қайнар» мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ағылшын тілі пәні мұғалімі, педагог-шебер ұстаз Ташева Болсынай Аханқызы.

Болсынай Аханқызы – ҚР Білім және ғылым министрінің Алғыс хаты иегері, «Түркістан облысының Үздік Ұстазы», «Білім саласына қосқан үлесі үшін» төсбелгісінің иегері, «Деңгейлік саралай оқыту», «Тереңдетілген сыныптардағы ағылшын тілін оқыту» әдістемелік құралдарының, «Enjoy English», «Көркем мәтін және аударма» авторлық бағдарламаларының, «Ағылшын тілінің грамматикасы» оқулығының авторы.

Аудандық, облыстық, Республикалық пән олимпиадасы мен оқушылардың ғылыми қоғамы жоба байқауының жеңімпаздарын, Халықаралық FLEX бағдарламасы жеңімпаздарын, Халықаралық «British Bulldog», «Кенгуру-Лингвист» байқауларының жеңімпаздарын дайындаған ұстаз.

Әріптесіміз Болсынай Аханқызы ұлағатты ұстаз. Себебі ғибратты ғұмырының қымбат шақтарын болашақ буынды оқыту мен тәрбиелеу ісіне арнап келеді. Талай шәкірттің қиялына қанат бітіріп, арманына қол жеткізуіне жол көрсетті. Қазіргі таңда түлеп ұшқан шәкірттерінің алдыңғы буыны алыс-жақын шет мемлекеттерде, еліміздің беделді компанияларында еңбек етіп жүрсе, кейінгілері ҰБТ-де жоғары көрсеткішке қол жеткізіп, грант иегерлері атанып, еліміздің жоғары оқу орындарында білім алуда.

Бойындағы қабілетін шығармашылыққа шыңдаған әріптесіміз мектепте құрылған шығармашылық топ жетекшісі жұмысын да қоса атқарады. Пән мұғалімдерін шығармашылыққа жетелеп, жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беруде жемісті жұмыс жасауда.

Болсынай Аханқызы сонымен қатар Республикалық «МЕТА» ағылшын тілі пәні мұғалімдері қауымдастығының төрайымы. Аудандық, Облыстық, Республикалық, Халықаралық ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің қауымдастығы ұйымдарымен тығыз байланыста жұмыс жүргізеді. Атап айтатын болсақ Аудандық СпикерTime жобасы, облыстық TESH, Республикалық KazTEA (Қазақстандағы ағылшын тілі пәні мұғалімдері ассоциациясы) және Халықаралық CATEC (Орталық Азия ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің қауымдастығы) конференцияларына озық идеяларын ұсынып, өскелең ұрпаққа ағылшын тілін меңгертудегі өзекті мәселелерді талқылауға белсене араласады.

Ташева Болсынай Аханкызы биылғы оқу жылының жаңалығы болған Ауыл олимпиадасында аса белсенділік танытып, 6 оқушысы облыстық кезеңде І орын иеленсе, Қайып Аяжан республикалық кезеңнің ІІ орын иегері атанып, мектеп мерейін асқақтатты.

Болсынай Аханқызы тек оқуда озат болып қоймай, кәсіподақ саласында, оның ішінде бастауыш кәсіподақ ұйымы комиссиясының белсенді мүшесі. Осыған орай 2023 жылы Облыстық кәсіподақ комитетінің Құрмет грамотасымен марапатталған.

Құрметті Болсынай Ташева Аханқызы! Республика деңгейінде білім саласы мен кәсіподақ саласына қосқан елеулі үлесіңіз үшін Алғыс айта отырып, деніңізге саулық, отбасыңызға амандық тілейміз!

 

Жетісай аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

КӘСІПОДАҚ МІНБЕРІ КӘСІПОДАҚ МІНБЕРІ

КӘСІПОДАҚ МІНБЕРІ.

2023 жылғы Ордабасы ауданы әкімінің «Жылдың ең үздік ұстазы» дипломының иегері.

Түркістан облысы, Ордабасы ауданы, Жеңіс ауылы, Ө. Тұрманжанов атындағы жалпы білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Қоңырбай Бекжан Көшербайұлы.

«Егер мұғалім өн бойына, өз ісіне, шәкіртіне деген сүйіспеншілікті жинақтаса, ол-нағыз ұстаз»,-деп Ыбырай Жақаев айтқандай бұл мамандық иелерінің білімді болашақ ұрпақ қалыптасуындағы еңбегі ерен.

Бекжан Көшербайұлы 1992 жылы Шымкент қаласындағы Қ.А.Яссауи атындағы шығыстану институтына түсіп, 1996 жылы қазақ тілі мен әдебиеті және араб тілі пәнінің мұғалімі мамандығын алды. Ұстаздық еңбек жолын 1996 жылы Ордабасы ауданы, Жеңіс ауылында Ө.Тұрманжанов атындағы жалпы орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдігінен бастап қазіргі таңға дейін еңбек етуде. Білімі-жоғары. Санаты: Педагог-зерттеуші. 28 жыл педагогика саласында қызмет атқарып келе жатқан, білікті маман. Аталмыш мектепте 20 жылдан бері бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы және аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитеті атқару комитетінің мүшесі. Сонымен қатар Жеңіс ауыл округінде жеті жылдан бері «AMANAT» бастауыш партия ұйымының төрағасы.

Негізгі мамандығы мен қоғамдық жұмыстарды қатар алып жүрген Бекжан Көшербайұлының айтарлықтай жеткен жетістіктері елеулі. Кәсіподақтың негізгі міндеті жұмыс беруші мен жұмысшының арасындағы алтын көпір. Кәсіподақ жұмыс беруші жұмыс күшіне қатысты әр түрлі мәселелерді шешуде сенімді серіктесі деуге болады. Бекжан Көшербайұлы ұжымда еңбек тәртібін орнатуға, қызметкерлердің өз міндеттерін орындауға жауапкершілікпен қарауына көмектеседі. Еңбек дауларын болдырмауды заңды негізде қадағалайды. Еңбек қауіпсіздігі мен еңбек заңнамасының орындалуына әсер ететін мәселелерді шешуге, жұмысшылардың әлеуметтік кепілдіктерін сақтауға және жүзеге асыруды басты назарында ұстайды. Жұмыс барысындағы келеңсіз оқиғалардың алды-алуға да септігі мол. Сондықтан ұжымның әлеуметтік-психологиялық ахуалын қалыптастырып одан әрі дамытуға кәсіподақ ұйымының тиімді жұмыс жасауына үлес қосып келеді.

– 2016 жылы «Кәсіподаққа еңбегі сіңген қызметкер» төсбелгісімен,

– 2019 жылы «Ордабасы ауданының 55 жылдық мерекесіне орай «Ауданға сіңірген еңбегі үшін» мерекелік төсбелгісімен,

– 2019 жылы жалпа орта білім беру ұйымдары педагог қызметкерлерінің педагогикалық шеберлігін дамыту, кәсіби біліктілігін дамыту мақсатында өткізілген «Ең үздік педагог» III облыстық пән олимпиадасында белсене қатысып, жақсы нәтиже көрсеткені үшін «Білім шыңы» қоғамдық бірлестігінің Алғыс хатымен,

– 2020 жылы «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінде жаңа технологиялық әдістерді қолдану жолдары» тақырыбында өткен аудандық тәжірибелік семинарда үздік сабақ өткені үшін Ордабасы аудандық білім бөлімінің алғыс хатымен,

– 2021 жылы Тәуелсіз Қазақстанның рухани және әлуметтік дамуы жолында жас жеткіншектерге тәрбие мен білім беруге қосқан үлесі үшін «Қазақстан мұғалімі» газеті редакциясының Алғыс хатымен,

– 2021 жылы Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай тұңғыш президент Н.Ә. Назарбаевтың Алғыс хатымен,

– 2021 жылы «AMANAT» Партиясының стратегиялық бағытын, партияның бағдарламалық міндеттерін іске асыруға, сондай-ақ балаларға жақсы тәлім тәрбие беріп, аянбай еңбек етіп, зор үлес қосқаны үшін және еліміздің дамуы мен партияның мақсат міндеттерін орындағаны үшін «AMANAT» партиясының Алғыс хатымен,

– 2022 жылы мемлекетіміздің рухани әлеуметін нығайту мен білім беру саласын арттыру саясатын жүзеге асыруда кәсіби жаңашылдығы, үздіксіз ізденімпаздығы және жоғары нәтижелері үшін «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының Алғыс хатымен,

– 2022 жылы білім беру жүйесінде, сала қызметкерлерін әлеуметтік қорғауда атқарған көп жылдық мүлтіксіз және белсенді еңбегі үшін Түркістан облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы комитетінің Алғыс хатымен,

– 2023 жылы «Мәшhүр-Жүсіп оқулары» байқауының облыстық кезеңінің «Алдыма өлең жаз деп қағаз келген, сөзімді сөйлеп бақтым мен деп білген» бағыты бойынша 11-сынып оқушысы Алпамыс Нұрболат «Бас жүлде» иеленгені үшін және үздік шәкірт тәрбиелегені үшін Түркістан қаласы адами әлеуметтік дамыту басқармасының дарынды балаларды анықтау және қолдау орталығының Алғыс хатымен,

– 2023 жылы Павлодар қаласында өткен III республикалық «Мәшhүр Жүсіп оқуларынан» 11-сынып оқушысы Алпамыс Нұрболат жүлделі III орын иеленгені үшін және үздік шәкірт тәрбиелегені үшін «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының Алғыс хатымен,

– 2023 жылдың 28-29 қараша күні Атырау қаласында өткен республикалық «Махамбет оқуларынан» 11- сынып оқушысы Алпамыс Нұрболат жүлделі III орын алғаны және үздік шәкірт тәрбиелегені үшін «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының дипломымен,

– 2023 жылы Төле бидің 360 жылдығы, Қаз дауысты Қазыбек бидің 355 жылдығы және Әйтеке бидің 340 жылдығына арналған «Дала данышпандары» тақырыбында ұйымдастырылған іс-шараға белсене қатысып, жоғары деңгейде өтуіне үлес қосқаны үшін және елдің ертеңі болашақ жас ұрпақтың бойына білім мен өнерді, адамгершілік пен адалдықты, рухани байлық пен ұлттық құндылықтарды сіңіріп, үздік шәкірт тәрбиелегені үшін облыстық білім басқармасының алғыс хатымен,

– 2023 жылы 11-13 желтоқсан күндері Түркістан қаласында өткен республикалық «Тарих өткеліндегі қазақтың үш биі» атты байқаудан 11-сынып оқушысы Алпамыс Нұрболат «Бас жүлде» алғаны үшін білім басқармасының дипломымен,

– 2023 жылы Республикалық «Мұқағали Мақатаев оқулары» байқауының облыстық кезеңінде «Көкірегімде жыр сәулесі маздайды» номинациясы бойынша 11-сынып оқушысы Алпамыс Нұрболат жүлделі II орын иеленгені үшін «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының дипломымен,

– 2023 жылы «Ұстаз борышы» Республикалық ғылыми әдістемелік журналында «Үздік сабақ» айдары бойынша іс-тәжірибесі жарияланғаны үшін Алғыс хатпен,

– 2023 жылы Білім саласының дамуына, өскелең ұрпақтың рухани және зияткерлік деңгейін арттыруға қосқан елеулі үлесі үшін білім басқармасының алғыс хатымен,

– 2023 жылы «Өрлеу» Білім және ғылым қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы қоғамдық бірлестігінің «Кәсіподаққа сінірген еңбегі үшін» медалімен,

– 2023 жылы ауданның әлеуметтік-экономикалық өркендеуі мен дамуына үлес қосқаны үшін Ордабасы ауданы әкімінің «Жылдың ең үздік ұстазы» дипломымен марапатталды.

– 2023 жылы 18 қыркүйек күні «Отырар» телеарнасына, 8 желтоқсан күні «Түркістан» телеарнасына «Жаңа толқын» бағдарламасына оқушысы Алпамыс Нұрболат пен Бекжан Көшербайұлы телеарналардың шақыртуымен арнайы сұқбат берді.

«Ұстаздық-ұлы іс» деп кемеңгер жазушымыз М. Әуезов айтқандай, бұған лайық болу-үлкен абырой, ұстаздың басты борышы. Мұғалім-мамандық болса, ұстаздық қасиет, табиғат дарытқан құдірет екен. Бойыңа қуат, жүрегіңе жарық жігер беріп өрге сүйрейтін де, жаныңа азық, өміріңе өзек боп төрге сүйрейтін де осы ұстаздық қасиет. Қазағымның, елім мен жерімнің және ана тілімнің мерейін өсіретін ұстаздық ұлағатты істе адал болу және еңбекерлердің және кәсіподақ мүшелерінің құқығы мен мүддесін қорғау Бекжан Көшербайұлының басты ұраны.

 

Ордабасы аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

КӘСІПОДАҚ МІНБЕРІ. КӘСІПОДАҚ МІНБЕРІ. КӘСІПОДАҚ МІНБЕРІ. КӘСІПОДАҚ МІНБЕРІ. КӘСІПОДАҚ МІНБЕРІ. КӘСІПОДАҚ МІНБЕРІ.

КӘСІПОДАҚ ТҰҒЫРЫ

Түркістан облысы Түлкібас ауданы Тұрар Рысқұлов ауылы «Балдырған» бөбекжай-бақша тәрбиешісі Ошанова Ұлбосын Рахманқызы.

Қазақ халқы бала тәрбиесіне бей-жай қарамаған. «Ұрпақ тәрбиесі — ұлт болашағы» деп бала тәрбиесіне аса зор жауапкершілік жүктеген. «Балабақша – тәрбиенің алтын бесігі». «Бала естігенін айтады, көргенін істейді» – деп қазақ халқы бекер айтпаған. Мектеп жасына дейінгі балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің маңызы зор. Кішкентай сәбилеріміз ата – анасының, тәрбиешісінің, достарының мінезінен, жүріс – тұрысынан, сөйлеген сөзінен, істеген ісінен үлгі алуға тырысады. Балабақша – баланың жүйелі түрде білім – тәрбие алатын ең алғашқы қоғамдық ошағы.Тәрбиеші – бұл әрдайым үлкен әріптермен жазылуға тиісті мазмұнды сөз деп танимын.Өйткені біз елдің ертеңгі азаматтарын тәрбиелеудеміз.Сондықтан да бұл іс екінің бірінің қолынан келе бермейді.Өйткені бұл бала жанын тереңнен сезінетін,өз ісін жан-жақты білетін,бүлдіршіндерді жан –тәнімен сүйе алатын,оларды бағалай білетін нағыз маманның қолынан ғана келетін жұмыс. «Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға» – деп ұлы Абай айтқандай ұстаз мамандығының иесі атанғанына 38 жыл болған екен. «Ұстаздық жол – ұлы жол демекші,менің де жолым осы Ұлы жолға ұласты.Ол 1986-1990жыл аралығында Түркістан қаласындағы «Х.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік» университетінде оқып,диплом алды.Өзінің ұстаздық жолын 1992 жылы Төле би ауданы қазіргі Б.Тулкиев атындағы жалпы орта мектепте бастаған.1993 жылы Түлкібас ауданы Абай атындағы мектеп-лицейінде ұстаздық жолын жалғастырған.2000 жылы қазіргі «Балдырған» бөбекжай – балабақшасында ұстаздық жолын жалғастыруда.Осы орайда кейінгі 5 жылдағы кәсіби жетістігіне тоқталып өтсем:

  • 2018жылы – «Білім беру ісінің үздігі» төсбелгі иегері атанды.

  • 2019жылы – Облыстық білім департаментінің «Құрмет грамотасымен» марапатталды

  • 2019жылы – Кәсіподаққа еңбек сіңірген қызметкер төсбелгі иегері

  • 2020жылы – Облыстық білім департаментінің алғыс хатымен марапатталды

  • 2021жылы – Аудандық білім бөлімінің «Құрмет грамотасымен» марапатталды

  • 2021жылы – Аудандық білім бөлімінің «Құрмет грамотасымен марапатталды.

  • 2021 жылы – «Үздік зерттеуші ұстаз» номинация иегері

  • 2022 жылы – Аудандық Кәсіподақтың «Құрмет грамотасымен» марапатталды

  • 2022 жылы – Аудан әкімінің « Құрмет грамотасымен» марапатталды

Қорыта келе «Бала жүрегі кішкентай күйсандық.Сол сандықтың кілтін тапсаң ғана ашылады.Мұғалімнің қолында әр кезде сол кілт тұру керек» деп М.Шаханов ағамыз айтұандай,әр баланың жүрегіне жол табу,бала бойындағы дарынды ашу мұғалімнің міндеті деп ойлаймыз….

Түлкібас аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

КӘСІПОДАҚ ТҰҒЫРЫ КӘСІПОДАҚ ТҰҒЫРЫ

КӘСІПОДАҚ МІНБЕРІ

Жас маман тұғыр биігінде. Ұстаздық жолда бар білімін,күш жігерін шәкірттеріне арнаған,талай биік белестерді бағындыра білген білікті ұстаз – Жолдас Ерлан Болысбекұлы келешек жас буынға үлгі болуға лайықты жан!

Жолдас Ерлан Болысбекұлы Түркістан облысы Төле би ауданы Леңгір қаласында 1996 жылы 29-желтоқсанда дүниеге келген. Текті отбасында тәрбие алып, тынбай еңбек етіп, елдің алғысын алу үшін өнерге бет бұрған жас өркен. Төлеби топырағынан нәр алып . болашағынан үміт күттіретін перзенті. Білім жолы алғаш қызығушылығы арқылы көрініс тауып, 2009-2012 жылдар аралығында Шымкент қаласындағы дарынды балаларға арналған Өнер мектеп-интернатынан бастау алды, 2012-2016 жылдары Шымкент қаласы,Оңтүстік Қазақстан Саз колледжінде оқуын жалғастырып,кейіннен 2016-2019 жылдары М.Әуезов атындағы ОҚМУ-да жоғарғы оқу орнын тәмамдаған.

Еңбек жолы: Қазіргі уақытта Түркістан облысы Леңгір қалалық балалар саз мектебінде домбыра сыныбы бойынша ұстаздық қызметін атқарып келеді. Бірінші санатты педагог-сарапшы.2016 жылдан бері өзінің шығармашылық еңбек жолында көптеген жетістіктерге қол жеткізе білді.Ұстаздық мәртебесін еңбегі және ізденісімен бірге шәкірттері арқылы да айқындай білді.

Атап айтар болсақ: 2017 жылы Алматы қаласында өткен <<7-өнер>> атты халықаралық байқауда қос шәкірттері Дайырбекұлы Дулат пен Абдукаримов Мұхаммеджан жүлделі 2-ші, 3-ші орын лауреат атанды,сондай-ақ, 2017 жылы Сүгір Әлиұлының 135 жылдығына арналған “Күй құдіреті” атты облыстық күйшілер байқауында жүлделі 3-орынды иеленді.

2018 жылы Төлеби аудандық білім бөлімі мен білім қызметкерлері кәсіподағының Құрмет грамотасымен марапатталды.2018 жылы Республикалық <<Қазақстан үміті>> атты жас өнерпаздар байқауында шәкірті Әтрет Бекзат бас жүлде иегері атанғаны үшін “Үздік тәлімгер” дипломымен марапатталды.

2019 жылы “Қазақстан таланттары” атты көпжанрлы халықаралық фестиваль-конкурста шәкірті Абдукаримов Мұхаммеджан бас жүлдені иемденді.2019 жылы облыс оқушылары арасында “Жастар – мәңгілік тәуелсіз елдің болашағы” атты өнер фестивалінде шәкірттерінің орындауындағы “күй сайыс өнері” 1-орын Лауреаттық дипломмен марапатталды.2019 жылы “Төлеби аудандық Мәслихатының Грамотасымен” марапатталды.2019 жылы Алматы қаласында өткен Республикалық XXXXXII-ші жас музыканттар байқауында 1-орын алған шәкірттерінің бірі Жарылқап Дәнекер.2019 жылы Республикалық UZDIK_KZ TALANTTARY өнер байқауында 1-орын лауреат жеңімпазы болған шәкірті Әтрет Бекзат.

2021 жылы облыстық күйшілер байқауында “Cүгір атындағы арнайы жүлдені” иемденді.2021 жылы аудандық мәдениет үйінде өткен “Күй құдірет – күй кие” атты күйшілер фестивалінде көрсеткен шығармашылық деңгейі үшін арнайы диплом мен жүлделі сыйлық табысталды.2022 жылы “Ұлы дала ұрпағы” V-Республикалық байқауында шығармашылық еңбегі үшін Атадан мұра ҚҚ Президенті Т.Сауранбаев Құрмет Грамотасын табыстады.

2022 жылы Республикалық XXXXXIII-ші жас музыканттар байқауының бас жүлде иегері шәкірті жарылқап Дәнекер.2023 жылы Төле би аудандық білім бөлімінің басшысының және аудандық кәсіподақ комитетінің “Алғыс хатымен” марапатталды.

2023 жылы Өзбекстан Республикасы Ташкент қаласында өткен “Азия Таланттары” атты халықаралық байқауында 1-орын иемденген шәкірті жолдыбай Нұрай.2023 жылы Түркістан қаласында өткен “TURAN BALA FEST” телевизиялық байқауынан жүлделі 1-орынды қанжығасына байлаған шәкірті Нұржанұлы Диас.

2023 жылы Елордамыз Астана қаласында Ұлттық Домбыра күніне орай ҚР Президентінің қатысуымен өтілетін мерекелік концертке арнайы шақырту алды.

2023 жылы ҚР Конституциясы күніне орай Астана қаласында ҚР Президенті қатысуымен өтілетін “Ата заң – тәуелсіздік тірегі” атты мерекелік іс- шараға қатысуға арнайы шақырту алды.

2023 жылы 25-қазанда Мемлекет басшысының қатысуымен өтілетін Республика күніне орай салтанатты концертке ҚР мәдениет және ақпарат министрлігінің “Қазақ әуендері” акционерлік қоғамының ұйымдастыруымен, Вице Президент Н.Мұсағалиевтен арнайы шақырту алып,Президент алдында өнер көрсетті.

Жұмыс өтілі он жылға жетпесе де,Республикалық іріктеуден өткен солақай домбырашылар ондығы қатарынан табыла білген шығармашыл жас маман болашақта да биік белестерді бағындыра береді деген үміттеміз!

Төлеби аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

КӘСІПОДАҚ МІНБЕРІ КӘСІПОДАҚ МІНБЕРІ КӘСІПОДАҚ МІНБЕРІ КӘСІПОДАҚ МІНБЕРІ

«КӘСІПОДАҚ ТҰҒЫРЫ»

Шымкент қаласы Жол-көлік колледжінің бастауыш кәсіподақ комитетінің төрағасы Ешимов Рахыманберді Анарбайұлы.

Ешимов Рахыманберді Анарбайұлы 1972-1974 жылдары мекемелерде жұмысшы болып, 1979-1982 жылдар аралығында Сарыағаш ауданындағы «Комсомол» жалпы орта мектебінде мұғалім болып істеген. 1982 жылдан бастап осы күнге дейін, жол-көлік колледжінде жұмыс істеп комсомол және партия комитетінің хатшысы, директордың оқу-ісі және тәрбие жөніндегі орынбасары болған,қазір қоғамдық-гуманитарлық пән бірлестігінің жетекшісі, қызметкерлер кәсіподағының төрағасы қызметінде.

Ешимов Рахыманберді Анарбайұлы қызметі барысында өзін білікті, білімді маман, ұйымдастырушылық, іскерлік қабілеті жоғары басшы, тәрбиеші ретінде көрсете білді. Өзіне және басқаларға талапшыл, принципті, ізденімпаз.

Колледжде және кәсіподақ жұмысында көп жылдар қызмет атқарған кезінде оқытушылар мен қызметкерлердің ұйымдастырушылық жұмыстарының дәрежесін арттырып, ұжым мүшелерінің құрметіне ие бола білді. Жұмысына өте жауапты, белсенді кәсіподақ мүшесі, ұжыммен тез тіл табыса алатын беделді маман, заң нормаларын ұқыпты пайдалана отырып кәсіподақ мүшелерінің құқығын қорғауда аянбай еңбек етіп келеді. Білім саласында қызметшілердің қаржы мәселерін жауапкершілікпен атқарады. Өте тиянықты, шыншыл, білікті, сауатты маман.

Ешимов Рахыманберді Анарбайұлы – нағыз маман иесі, шәкірттерінің жүрегіне жол таба білген ұстаз. Сабағында жаңа технология элементтерін жүйелі түрде қолданып, оқушылардың білім сапасын көтеріп келеді. Өз жұмысына аса ұқыптылықпен, жауапкершілікпен қарайтын байсалды, тыным таппайтын ұстаз. Әрбір баланың сапалы білім алуына, адамгершілік пен ізгілікті тәрбие алуына көп көңіл бөледі. Болашақ жастарды үлкендерді құрметтеуге, Отанды сүюге, өзге ұлттардың салт-дәстүрін құрметтеуге, достықты бағалай білуге тәрбиелейді. Бастауыш кәсіподақ ұйымдарының белсенділігін арттырып, бастауыш кәсіподақ ұйымы республикалық конкурсте 2-ші орынды иеленді және озат тәжірибені насихаттауға үлкен көңіл бөліп отырады. Кәсіподақ мүшелерінің тиісті еңбек жағдайының жасалуына, олардың әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерінің қорғалуына өз үлесін қосуда. Өз еңбегінің өтеуі ретінде түрлі құзырлы органдардан марапаттар алған. Атап айтсақ, ҚР «Еңбек ардагері» медалі, «Ы.Алтынсарин атындағы төсбелгі», «ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төс белгісі, ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың «Алғыс хаты», Білім және Ғылым минстрінің «Құрмет Грамотасы», «ОҚО әкімінің облысқа сіңірген еңбегі үшін» – медалі, «Кәсіподаққа арнайы сіңірген еңбегі үшін» Алтын төс белгісі және т.б.

Рахыманберді Анарбайұлы өзінің адамгершілік, іскерлік қасиеттері арқасында ұжымда үлкен құрметке ие. Қазіргі таңда тәжірибелі ұстаз және білікті маман ретінде колледждің оқу және тәрбие жұмысының жандануына, кәсіподақ қозғалысының нығаюына зор үлес қосып келеді.

Облыстық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

«КӘСІПОДАҚ ТҰҒЫРЫ» «КӘСІПОДАҚ ТҰҒЫРЫ» «КӘСІПОДАҚ ТҰҒЫРЫ» «КӘСІПОДАҚ ТҰҒЫРЫ» «КӘСІПОДАҚ ТҰҒЫРЫ» «КӘСІПОДАҚ ТҰҒЫРЫ»

КӘСІПОДАҚ МІНБЕРІ

Кәсіподақтың қуаты- бірлікте Түркістан облысы Төлеби ауданы Сұлтан рабат жалпы білім беретін мектебінің тарих пәні мұғалімі Алиев Тайфур Ахметович 30 жылдан бері кәсіподақ ұйымының төрағасы қызметін атқарып келеді.

«Кәсіподақтар өз қызметінде барлық деңгейдегі мемлекеттік органдардан, саяси партиялардан, жұмыс берушілер мен олардың бірліктерінен тәуелсіз болады, олардың бақылауында болмайды және оларға есеп бермейді»-дейді кәсіподақ төрағасы.

Ұжымда ол кәсіподақ осыдан отыз жыл бұрын төрағасы сайланады. Осы жылдар арасында төраға тікелей комитет мүшелерімен жұмыс істеп келеді Комитет мүшелерінің арасында атқаратын міндеттер бөлінеді, соған сәйкес жұмыс атқарылады.

Сайланған комитет алып баратын жұмыс жоспарын жасайды. Сол бойынша жұмыс атқарылады. Кәсіподақ жетекшісі еңбек заңдылығын және басқа да еңбекке байланысты түйіткілдерді үнемі назарда ұстаса, көптеген өзекті мәселелер әділ шешімін табатын болады. Бастауыш кәсіподақ ұйымы еңбек қатынастарын бір жақты қарамай, жұмыс беруші мен жұмыс алушылардың заңды талаптарын қолдап отыруға тиісті. Кәсіподақ ұйымының сол ұжымда мәртебесін көтеру керек. Жұмыс беруші мен кәсіподақ келісім шарт жасау керек. Осы келісім шарт арқылы жұмысты алып бару керек. Жұмыс беруші мен жұмыс алушы талаптарының сақталуын қадағалап, ұжымда кәсіподақ өз жұмысын күшйетіп, беделін арттырады. Сол үшін кәсіподақ өз міндетін атқару керек және кәсіподақ мүшелерін қорғау керек. Өз мүшелерінің мүшелік ұйымдарының еңбек және әлеуметтік құқықтары мен мүдделерін білдіріп қорғау, әр ұжымдық шарт салалық өңірлік өз келісімдері бойынша, атқаратын жұмыстарын орындауға міндетті.”

«Мектебімізде 150 ден астам кәсіподақ мүшелері бар. Басқан біраз қиыншылықтар болды, бірақ ұжымның бірлігі өте жақсы . Мектептен арыздар басқа жерге шыққан жоқ. Барлық мәселе ұжымның арасында шешілді. Біздің кәсіподақ ұйымы ауданда және облыста тек жақсы жақтан көрінді. Мен аудан және облыстық бірнеше рет конференцияларына қатысып, делегат болдым.Сонымен бірге бірнеше рет облыстық ,аудандық атқару комитетінің мүшесі боп сайландым.

1981 жылы Ташкент мәдениет мемлекеттік институтын бітірдім.

1988 жылы Марксизм Ленинизм университетін бітіріп, 2002 жылы АУНО мемлекеттегі филиалы тарих- геграфия факультетіні бітірдім. Еңбек өтілім 46 жыл.

Жетістіктерімнің нәтіжесінде:

-«Елеулі еңбегі үшін» медалі — 2016 жыл

-Қазақстан республикасының тәуелсіздігіне 20 жылдығына медалі

-Қазақстанның салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы медалі

-Төлеби ауданына 90 жыл медалі

-Кәсіподаққа еңбегі сінген қызметкер. Оңтүстік Қазақстан облыстық медалі

-Білім беру ісінің үздігі медалы

-Облыс Әкімінің алғыс хатын 4 рет, 3 рет облыстық білім басқармасын Алғыс хатын , он бір рет аудан Әкімінің алғыс хатын , он бес мәрте аудандық білім бөлімінің алғыс хатын алдым.

-Республикалық, облыс және аудандық кәсіподақтың он бес Алғыс хатын алғанмын»-дейді кәсіподақ көшбасшысы. Біз Тәкеңе еңбегіңіз алға қарай өрлей берсін демекпіз!

Төлеби аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

КӘСІПОДАҚ МІНБЕРІ КӘСІПОДАҚ МІНБЕРІ КӘСІПОДАҚ МІНБЕРІ

ВОЛЕЙБОЛ ТУРНИРІ

2024 жылы 27 қаңтар күні ардақты ұстаз Әбдразахов Ұлықбек Өтегенұлын еске алуға арналған волейболдан VII дәстүрлі турнир өтті. Жетісай ауданының білім бөлімі мен кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен өткен турнирге ауданнан сегіз команда қатысты. Достық а/о, Қызылқұм а/о, Қазыбек би а/о, Ташкент с/з, Жетісай, М.Мәметова мектебі, Спорт клуб және ардагерлер командасы өзара екі топта тартысты ойын көрсетті. Нәтижесінде

І орын Жетісай

ІІ орын М.Мәметова мектебі

ІІІ орын Достық

VІ орынды Ардагерлер командасы жеңіп алды. Жеңімпаз командаларға дипломдармен бірге кубоктар берілді.

Жетісай аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

ВОЛЕЙБОЛ ТУРНИРІ

КӘСІПОДАҚ ТҰҒЫРЫ

Түркістан облысы, Түлкібас ауданы Шақпақ баба ауылы С.Бреусов жалпы білім беретін мектебінің химия пән мұғалімі Касымова Гулзия Адиевна

Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім Касымова Гулзия апай өз жолын 1987 жыл Қазақтың мемлекеттік қыздар педагогикалық институтын химия-биология мамандығы бойынша диплом алды. Өзінің ұстаздық жолын С.Бреусов атындағы жалпы орта мектебінде бастап кәзіргі күнге дейін сол білім ошағында жұмыс атқаруда. Қазіргі таңда педагогикалық еңбек өтілі 36 жыл, педагог-зерттеуші санатындағы ұстаз.

Осы орайда кейінгі 5 жылдағы кәсіби жетістіктеріне тоқталып өтсем:

– 2019-жылы II облыстық Менделеев олимпиадасына дарынды оқушы дайындағаны үшін Алғыс хатпен марапатталды.

– 2019-2020 оқу жылында “Пән мен тілді кіріктіріп оқыту әдістемесін жаратылыстану пәндерін оқытуда қолдану” тақырыбындағы аймақтық тәжірибелік семинарда озық идеялары және тәжірибесімен бөліскені үшін Мадақтама берілді.

– 2019 жылы Аудандық пән олимпиадасына жүлделі оқушы дайындағаны үшін Алғыс хат пен марапатталды.

– 2020 жылы Ustaz tilegi республикалық ұстаздар сайты.Жас дарын 11 сыныптар арасында олимпиадаға жеңімпаздарды дайындағаны үшін Алғыс хатпен марапатталды.

– 2020 жылы ККО.kz олимпиадасынан 1дәрежелі дипломмен марапатталды.

– 2020 жылы “Екі ғылымның қиылысында” тақырыбындағы химия және биология пәні мұғалімдеріне арналған Халықаралық интернет-олимпиадасында 3-орын иеленді.

– 2020 жылы Химия пәнінен “Ustaz tilegi” Республикалық ғылыми әдістемелік орталығы I-ші дәрежелі Дипломмен марапатталды.

– 2020 жылы Аудандық пән олимпиадасына жүлделі оқушы дайындағаны үшін Алғыс хатпен марапатталды.

– 2020 жылы Түркістан облысы бойынша «Жас Дарын» 11 сыныптар арасындағы олимпиадаға жеңімпаздарды дайындағаны үшін Алғыс хатымен марапатталды.

– 2021 жылы Педагогикалық шеберлік орталығы Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде «Химия» және «Жаратылыстану» пәндері бойынша педагог кадрлардың біліктілік арттыру білім беру бағдарламасы курсынан Сертификат берілді.

– 2021 жылы Педагогикалық шеберлік орталығы «Жаратылыстану және химия мұғалімдерінің пәндік құзыреттерін дамыту» курсынан Сертификат берілді.

– 2021 жылы «Өрлеу» Педагогтердің цифрлық құзырлығын дамыту тақырыбында Қашықтан оқытуды үйренемін курсынан Сертификат берілді.

– 2021 жылы Daryn.online.Пәндік олимпиада III-дәрежелі Дипломмен марапатталды.

– 2022 жылы химия пәнінен Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің жүлдегері III-ші дәрежелі Дипломмен марапатталды.

– 2023 жылы Түркістан облысының білім басқармасы,Білім саласының дамуына, өскелең ұрпақтың рухани және зияткерлік деңгейін арттыруға қосқан елеулі үлесі үшін Алғыс хатпен марапатталды

– 2023 жылы Жаратылыстану-математикалық бағытындағы пәндерден Президенттік олимпиаданың аудандық кезеңі ІІІ Дәрежелі дипломмен марапатталды.

– 2023 жылы Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің жүлдегерлерін дайындағаны үшін Алғыс хатпен марапатталды.

Оқушыларының жетістігі:

– 2019-2020 оқу жылында II облыстық Менделеев олимпиадасына дарынды 11 сынып оқушысы Балқыбек Балаусаны дайындағаны үшін Алғыс хатпен марапатталды.

– 2019 Аудандық пән олимпиадасында жақсы нәтиже көрсеткені үшін Нұрмахан Назерке Алғыс хатпен марапатталды.

– 2020 жылы Ustaz tilegi республикалық ұстаздар сайты. «Жас дарын» 11 сыныптар арасында олимпиадада Нұрғалиқызы Дамира Алғыс хатпен марапатталды.

– 2020 жылы ККО.kz олимпиадасында Кадырхан Балнур 1дәрежелі дипломмен марапатталды.

– 2020-2021 оқу жылында Республикалық олимпиаданың аудандық кезеңінде химия пәнінен үздік білімімен танылған Адильбекова Дамира ІІІ Дәрежелі дипломмен марапатталды.

– 2020-2021 оқу жылында Аудандық пән олимпиадасында үздік білім көрсеткендері үшін Адильбекова Дамира, Нұрғалиқызы Дамира Алғыс хатпен марапатталды.

– 2021-2022 оқу жылында III-ші дәрежелі Диплом химия пәнінен Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің жүлдегері Адильбекова Дамира марапатталды.

– 2021-2022 оқу жылында Аудандық пән олимпиадасында химия пәнінен қатысып Адильбекова Дамира І, Зиятхан Аружан ІІІ-дәрежелі дипломдармен, Адилбек Алина -Алғыс хатпен марапатталды.

– 2022-2023 оқу жылында III-ші дәрежелі Диплом химия пәнінен Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің жүлдегері Адильбекова Дамира марапатталды

– 2022-2023 оқу жылында I-ші дәрежелі Диплом химия пәнінен Республикалық олимпиаданың аудандық кезеңінің жүлдегері Адильбекова Дамира марапатталды

– 2023-2024 оқу жылында аудандық пән олимпиадасында химия пәнінен Зиятхан Аружан ІІ-дәрежелі дипломмен марапатталды.

– 2023-2024 оқу жылында аудандық пән олимпиадасында химия пәнінен Сембек Абзал ІІ- дәрежелі дипломмен марапатталды.

– 2023-2024 оқу жылында аудандық пән олимпиадасында химия пәнінен Арыстанбек Нұрсейіт ІІІ-дәрежелі дипломмен марапатталды.

Қорыта келгенде мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім.

Түлкібас аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

КӘСІПОДАҚ ТҰҒЫРЫ КӘСІПОДАҚ ТҰҒЫРЫ КӘСІПОДАҚ ТҰҒЫРЫ КӘСІПОДАҚ ТҰҒЫРЫ

Оқыту семинары болып өтті!

Облыстық білім беруді дамыту орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 2023 жылдың 25 қаңтары күні Түркістан қаласының С.Сейфуллин атындағы мектеп-лицейінде «Басшы лауазымына үміткер кандидаттың кәсіби құзыреттілігін дамыту» тақырыбындағы оқыту семинары болып өтті. Семинардың басты мақсаты – Басшы кадрлар резервіндегі директор орынбасарларының дайындығын әдістемелік сүйемелдеу, кәсіби құзыреттілігін дамыту, білім беру ұйымдарын басқарудың озық үлгісімен таныстыру, пікір алмасу болса, оған аудандық, қалалық білім бөлімдеріне қарасты мектеп директорларының орынбасарлары қатысты. Семинар барысында педагогикалық шеберлік орталығының тренері А.Қожымбетова (Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы), облыстық кәсіподақ комитетінің бөлім басшысы – заңгері Ғ.Ақбердиев (Білім саласында еңбек заңнамасы талаптарын сақтау), облыстық білім беруді дамыту орталығының әдіскерлері С.Тлеулиев (ҚР БжҒМ 21.02.2012 ж. №57 бұйрығын орындау), Ғ.Тілеубердиева (Психологиялық қолдау), Ш.Құдайбергенова (Қазақстандағы білім беруде халықаралық зерттеулердің рөлі), Түркістан қаласы, Абай атындағы №31 ЖОМ директорының орынбасары А.Пошанова (Педагогтердің ғылыми-әдістемелік құзыреттілігін дамыту бойынша мұғалімдердің командалық жұмысы) және Сайрам ауданы, Ы.Алтынсарин атындағы №30 ЖОМ директорының орынбасары С.Қансейітова (Ұйымдық өзгерістерді тиімді басқарудың инновациялық тәсілдері мен модельдері) баяндама жасады. Семинарға қатысушылар тақырыптар бойынша баяндама жасаушыларға қосымша сұрақтар қойып, өздеріне қажетті мәліметтерге ие болды. Іс шара жоғары деңгейде өткізілді.

Облыстық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Оқыту семинары болып өтті! Оқыту семинары болып өтті! Оқыту семинары болып өтті! Оқыту семинары болып өтті! Оқыту семинары болып өтті! Оқыту семинары болып өтті! Оқыту семинары болып өтті!

1 27 28 29 30 31 84