«БІЛІМДІ ҰРПАҚ – БОЛАШАҚ ЖЕТІСТІГІ» атты іс-шара ұйымдастырылып өткізілді.

Мақтаарал ауданы білім бөлімінің ұйымдастыруымен, аудандық кәсіподақ комитетінің қоладуымен 18 наурыз күні «Ақ алтын» мәдениет үйінде «Білімді ұрпақ – болашақ жетістігі» атты облыстық олимпиада жүлдегерлерін марапаттауға арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырылып өткізілді.

Аудан деңгейінде өткен іс-шараға Мақтаарал ауданы әкімінің орынбасары Б.Төребеков, аудандық әжелер алқасының төрайымы Ш.Құрбанбаева, аудандық білім бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы А.Қошқаров, аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы А.Жолдасов қатысып, барша ұстаздар мен оқушыларды жеткен жетістіктерімен құттықтап, түрлі деңгейдегі марапаттарды табыстады.

Сонымен қатар облыс көлемінде пән олимпиадаларында жеңімпаз, жүлдегер жүлдегер болған оқушылардың жетекшілеріне, ұстаздарға аудандық кәсіподақ комитеті тарапынан дайындалған шипажайға тегін жолдама сертификаттары табысталды.

Мерекелік іс-шараның соңы концерттік бағдарламамен жалғасын тауып, ұстаздар мен оқушылар көтеріңкі көңіл-күймен тарасты.

Толағай табыстар мен жоғарығы жетістіктерге қол жеткізген барша ұстаздар мен оқушыларды аудандық кәсіподақ комитетінің атынан шын жүректен құттықтаймыз!

Кәсіподақтың күші – бірлікте!

 

Мақтаарал аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Аудандық іс-шара

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Біз құрып жатқан әділетті қоғамда еңбек адамы ең бірінші орында тұруы керек» деген болатын. Ал еңбек адамына түсетін қиындықты жеңілдетуде, қарапайым жұмысшылардың құқығын қорғауда кәсіподақтың атқарар жүгі ауыр. Еліміз еркіндік алып, іргесі бекігелі қарапайым еңбек адамының құқын қорғаушы кәсіподақ.

Ордабасы аудандық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің төрағасы Төлебаев Қайрат Асылбекұлының бастамасымен Ордабасы ауданына 60 жыл толуына орай «Ордабасы ауданындағы тарихи-өлкетану музей» қорына ауданымызбен қатар құрылған кәсіподақ комитетінің мұрағат құжаттарын салтанатты түрде музей қорына тапсыру рәсімі өтті.

Аталған бірегей материалдар кәсіподақ комитетін басқарған төрағалардың өмірбаянынан бастау алып, осы таңға дейінгі атқарған жұмыстары бойынша фотоалбомдар.

Олар; аудандық кәсіподақ 1964 жылы аудан құрылған соң Бөген аудандық жоғарғы мектеп және ғылым мекемелері білім қызметкерлері кәсіподақ комитеті болып құрылғанда комитет төрағасы қызметін 1964-1981 жылдар аралығында аудандық білім бөлімінің инспекторы Нұрмаханов Әбілқасым бірінші болып қоғамдық негізде,

1981 жылы комитет төрағасы лауазым ретінде бекітіліп комитет төрағасы қызметін 1984 жылға дейін Қазақ ССР-нің оқу ағарту ісінің үздігі Текеева Ғалия Еркінбекқызы,

1984-2010 жылдар аралығында сайланбалы түрде кәсіподақ комитетінің төрағасы қызметін Ордабасы ауданының Құрметті азаматы, ҚР білім беру ісінің үздігі Шұға Шыңғысқанқызы,

2010-2017 жылдар аралығында Ордабасы ауданының Құрметті азаматы Маханова Замира Сабекқызы,

2017-2020 жылдары Сәдірмек Әлдібек Шынасылұлы басқарды.

2020 жылдың маусым айыннан бастап қазіргі таңда аудандық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитетіне Төлебаев Қайрат Асылбекұлы төрағалық етуде.

2024 жылдың 14 наурыз күні музей ұжымы, басшысы Әмре Алмакүл Әбілхайырқызының ұйымдастыруымен «Амал келді, Жыл келді» атты іс-шарасында кәсіподақ комитетінің фотоальбомдары табысталды.

Іс-шараға Ордабасы ауданының Құрметті азаматы Маханова Замира Сабекқызы мен комитет төрағасы Төлебаев Қайрат Асылбекұлы қатысты.

Қатысушылар осындай шара ауданымыздың өсіп-өркендеуі мен қатар азаматтық қоғамды дамытуда еңбекшілердің мүддесін қорғап, олардың алаңсыз жұмыс істеуіне ұйытқы болып жүретін бірден-бір ұйым-кәсіподақ екендігін айқындау үшін маңызды оқиға және өскелең ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеудегі алар орны ерекше екенін атап өтті.

 

Ордабасы аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

КӘСІПОДАҚ МІНБЕРІ! Ұстаз аты- биік әрі мәңгілік

Ұстаздық өте жауапты мамандық екені баршамызға белгілі. Ұстаз – мектептің де, қоғамның да, ғылымның да, білімнің де, ұлттың да, адамгершілік пен ерліктің де, жақсы мінез бен ақындықтың да нағыз жанды өкілі және көшбасшысы.Ұстаз да диқан сияқты. Ол әр адамның жанына білім нәрін себеді.Әр шәкіртін аялап ,өсіріп өмір атты,шексіз ғаламға топшысын қатайтып ұшырады,яғни, өмір сүре білуге тәрбиелейді.Сол үшін бойындағы асыл қасиеттерін шәкірттеріне сіңіріп,тер төгетін ұстаздарымыздың бірі-Бастыкова Гүлбаран Жусипкызы. Бастыкова Гүлбаран Жусипкызы Түркістан облысы,Қазығұрт ауданы Қыдыр Мәмбетұлы аулында 27.03.1966 жылы дүниеге келген. 1987-1991 жылдар аралығында Жетісай қаласындағы Мәдени ағарту училищесін «Кітапхана ісі» мамандығы бойынша бітірген соң, Мәдени жалпы орта мектебінде кітапханашы болып жұмыс атқарған. 1998-2001 жылдар аралығында Шымкет қаласындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетін «Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша бітіріп, бұл күндері осы мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып еңбек етіп келе жатыр.

Бастыкова Гүлбаран Жусипкызы – бірінші санатты, педагог-зерттеуші. Еңбек жолында педагогикалық білімімен, біліктілігімен биік белестерді бағындырып,көптеген жетістіктерге қол жеткізіп, білім саласында шәкірттерге саналы тәрбие мен сапалы білім беруде аянбай еңбек етіп келе жатқан – ұлағатты ұстаз. Өз ісінің білікті маманы, қажыр-қайрат пен зор ізденісінің арқасында мектепте қоғамдық- гуманитарлық пәндердің көшбасшы, ұйымдастырушылық қабілеті мол, мектеп ұжымы мен шәкірттердің жүрегіне жол таба білген білікті ұстаз. Қазақстан Республикасының білім беру саласында 33 жылдан бері өз үлесін қосып келеді. Педагогикалық еңбек өтілінде атқарған жұмыстарының нәтижелерін Ғылыми жобалардан,олимпиядалардан жүлделі орындар алып,ұлттық бірыңғай тестілеуде грант иегерлерін дайындап олардың жақсы маман болуына өз үлесін қосуда. Облыстық аудандық марапаттары, наградаларының иегері.Бала тәрбиесіне жан дүниесімен берілген, оның нағыз мақсаты айқын маман екенін көруге болады.

Ұстаз еңбегінің жемісі шәкірттерінің жеткен жетістігімен бағаланады.

Атап айтсақ:

– мектебіміздің талантты шәкірттері Рысқұлбек Арайлым,Бимурза Самал аудандық пән олимпиадасынан жақсы көрсеткіш көрсетіп,II-III орындарды иеленген.

– 2018-2019 оқу жылында Қоғам қайраткері Сұлтанбек Қожановтың өмірі мен шығармашылығына арналған аудандық ғылыми жоба жарысынан Жақан Назгүл I орын, Республикалық аймақтық ғылыми жоба жарысы бойынша сертификат және мадақтама ;

-2020-2021 оқу жылында аудандық Мәдениет бөлімі өткізген М.Мақатаевқа арналған байқауда 10- сынып оқушысы Расулбек Мадина I орын;

– 2021-2022 оқу жылында аудандық оқушылар арасында өткізілген ғылыми жоба жарысында оқу жылында 5- сынып оқушысы Оралбек Көркем III орын;

– 2021-2022 оқу жылында аудандық «Мағжан » оқуы бойынша 8-сынып оқушысы Теміралы Аяулым 2-орын;

-2022-2023 оқу жылында аудандық «Ақберен » байқауында шешендік,білгірлік номинациясы бойынша 1 орын,облыста мадақтама;

– 2022-2023 оқу жылында аудандық М.Мақатаев оқуынан 10-сынып оқушысы Байзақ Балзия 1 орын,облыстан II дәрежелі диплом;

-2022-2023 оқу жылында IV республикалық «Ділмар» шешендік өнер байқауының аудандық кезеңінен 10-сынып оқушысы Байзақ Балзия I орын,облыстық кезеңінен II дәрежелі диплом;

Ұстаздардың игі істері әрдайым ел есінде жүреді.Сондай игі істердің бірі Аудандық «Білімді ұлт- тұрақты даму кепілі» тақырыбындағы Тамыз кеңесінің Қазақ тілі мен әдебиеті пәні секция жұмысында өзінің кәсіби біліктілігі мен жаңашыл ізденісінің жаңалықтарымен бөліскені үшін білім бөлімінің Мадақтамасын иелеленді

«Мәңгілік Елдің Мәртебелі мұғалімі» жинағында озық тәжірибесі басылып шығып, Мәңгілік Елдің Мәртебелі мұғалімі төсбелгісімен марапатталды.Мектебіміздегі кәсіподақ ұйымында көп жылдар атқарған еңбегі еленіп, Үздік кәсіподақ қызметкері төсбелгісімен марапатталды.

«Ахмет Байтұрсынұлы-ұлттың ұлы ұстазы» республикалық ғылыми практикалық конфернцияның материалдары жинағының I томына мақаласы жарияланды.

 

Төлеби аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

КӘСІПОДАҚ МІНБЕРІ. АРДАҚТЫ ҰСТАЗ, АЯУЛЫ АНА, АСЫЛ ӘЖЕ

Көктемнің жарқын мерекесі 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күнінің қарсаңында ұлағатты ұстаз Зілғараева Зира Пазылқызы туралы жазуды жөн санадым. Мен Зира апайды көптен бері танимын. Ол кішіпейілділігімен, мәдениеттілігімен, адамгершілік қасиеттерімен кімді болса да өзіне баурап алады. Зира Пазылқызы – салмақты, әдепті, сыпайы мінез-құлқының арқасында әріптестері арасында да, шәкірттерінің алдында да құрметке ие педагог. Қандай жағдай болмасын, ұстамды қалпынан айнымайтын, жүзінен жылулық есіп тұратын Зира апайдың байыпты сенімділігі мен ұстамдылығы оның кәсібилігінің бір белгісі секілді.

Өнегелі ұстаз сабағында оқушыларының назарын аударту үшін дауысын көтеріп, артық әрекетке бармайды. Оның сабақ беру әдісі әр баламен сезімтал қарым-қатынасқа, түсіністікке, әр оқушының даралығын құрметтеуге негізделген. Оның сабырлылығы айналасындағыларға әсер етіп, сыныпта сенімділік пен жайлылық атмосферасын тудырады. Зира Пазылқызы – ұстаз ғана емес, мінез-құлқымен, айналасындағы адамдарға жақсы қарым-қатынасымен үлгі болатын тұлға.

Зілғараева Зира Пазылқызы Қызылқұм ауданы (қазіргі Отырар) Шәуілдір ауылында дүниеге келген. Ордабасы ауданындағы Октябрь орта мектебін 1983 жылы үздік тәмамдаған. Сол жылы Жезқазған педагогикалық институтының филология факультетіне оқуға түсіп, оны 1988 жылы бітірген.

Мақала кейіпкерінің мамандығы – неміс және ағылшын тілі пәндерінің мұғалімі. Алғашқы еңбек жолын Ленгір қаласындағы №3 П.Тәжібаева атындағы орта мектепте неміс тілі пәнінің мұғалімі болып бастаған. Тәжірибелі ұстаз 1990 жылдан қазіргі күнге дейін Момынай жалпы білім беретін мектебінде оқушыларға шетел тілі пәнінен дәріс береді.

Ардақты ұстаздың осы жылдар ішінде білім беру саласына сіңірген еңбегі елеусіз қалмай, әр жылдары олыстық білім басқармасының, аудандық білім бөлімінің мақтау грамоталарына, Алғыс хаттарына ие болған. 2016 жылы аудан әкімінің Алғыс хатымен, 2017 жылы Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталған. 2021 жылы аудандық білім бөлімінің «Үздік ұстаз» номинациясына ие болған.

Кейіпкеріміздің білім берген шәкірттері пән олимпиадаларында жүлделі орындардан көрініп жүр. Биылғы оқу жылындағы жетістіктеріне ғана тоқтала кетсек, ағылшын тілі пәнінен өткен аудандық олимпиадада 11-сынып оқушысы Төлебекова Жания мен 7-сынып оқушысы Исабай Айша жүлделі 2-орынды, 10-сынып оқушысы Ахтай Дана 3 орынды иеленді. «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырған ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде ағылшын тілінен 11-сынып оқушысы Асанхан Назгүл ІІ дәрежелі дипломмен, 10-сынып оқушысы Ахтай Дана ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

Зира Пазылқызының сүйікті мұғаліміне еліктеп, ұстаздық жолды таңдаған шәкірттері де бар. Бұл туралы Зира апай: «Ең алғашқы жолымды қуған шәкіртім – Сүлейменова Эльвира. Ол Алматы шет тілдері институтын тәмамдаған, мамандығы ағылшын тілі пәнінің мұғалімі. Тұрдыбек Дина – А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің 4-курс студенті, болашақ ағылшын тілі пәнінің мұғалімі. Асқарова Әсел – Алматыдағы шет тілдер институтының 3-курс студенті. Мектепті былтыр Алтын белгімен бітірген шәкіртім Әзірбай Ұлдана А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде ағылшын тілі пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша білім алуда» дейді менімен әңгімесінде.

Зира апайдың өмірлік серігі Пошанов Тұран ағай да осы білім ордасында жұмыс істейді. Ұлағатты ұстаз өзгенің балаларына білім мен тәрбие беріп қана қоймай, отағасы екеуі өз балаларына да өнегелі тәрбие беріп, оқытып, бір-бір шаңырақ етіп, аяқтандырған. Қос ұлы да аттарына жаман сөз ермей, кішіпейіл, қайырымды, ізетті азамат боп қалыптасты. Екеуі де қарапайым қалыптарынан танбайтын, қолдарынан келгенше жұрттан көмегін аямайтын, қашанда жақсылық жасауға құштар, адал жандар.

Үлкен ұлы Мақсат Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген. Қазіргі таңда Алматы қаласында құрылыс компаниясында қызмет атқарады. Мақсаттың зайыбы Жайнагүл – қара шаңырақтың ибалы келіні. Ол да ағылшын тілі пәнінің мұғалімі.

Екінші ұлы Мереке Астана қаласындағы Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетін бітірген, мамандығы – инженер-құрылысшы. Қазіргі кезде Астана қаласындағы «Казстройподряд» ЖШС директорының құрылыс жөніндегі орынбасары боп табысты еңбек етуде. Мерекенің жары Меруерт те Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетін бітірген, магистр дәрежесі бар маман. Қазіргі уақытта бала күтімі бойынша демалыста.

Ардақты ұстаз, аяулы ана қос перзентінен алты немере сүйіп, асыл әже атанып отыр.

 

Төлеби аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Кәсіподақ белсенділері марапатталды!

Бүгін 2024 жылғы Наурыздың 06 күні Ордабасы аудандық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің төрағасы Қ.Төлебаев, аудандық кәсіподақ комитетінде білім саласында еселі еңбек етіп жүрген кәсіподақ белсенділері және үздік педагогтар мен алтын алқа иегерлерін 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай құттықтап, Аудан әкімінің, Ордабасы аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімі мен Ордабасы аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы комитетінің бірлескен грамоталарымен және «Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» Қоғамдық бірлестігінің Құрмет грамотасымен, «Кәсіподаққа еңбегі сіңген қызметкер» белгілерімен марапаттады.

Ордабасы аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Облыстық кәсіподақ конференциясы өтті

2024 жылғы 5 наурыз күні «Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» Қоғамдық бірлестігінің XXIІ есеп беру-сайлау конференциясы өтті.

Облыстық кәсіподақ комитетінің 28.03.2023ж. пленумы қаулысымен белгіленген өкілеттік нормасына сәйкес, конференцияға 110 делегат сайланған. Конференция жұмысына 107 делегат қатысты. Облыстық кәсіподақ конференциясына делегаттар сайлауда облыстық кәсіподақ ұйымына мүше аудандық, қалалық кәсіподақ ұйымдарының, облыстық кәсіподақ комитетіне тікелей қарасты бастауыш кәсіподақ ұйымдарының өкілдік етуі қарастырылған. Қазір облыстық кәсіподақ ұйымы құрамында 100 мыңға жуық кәсіподақ мүшесі, 1343 бастауыш кәсіподақ ұйымы, 17 аудандық, қалалық кәсіподақ комитеттері бар.

Облыстық кәсіподақ конференциясына «Өрлеу» білім және ғылым қызметкерлерінің Салалық кәсіптік одағының төрағасы А.Дощанова, облыстық маслихаттың әлеуметтік-мәдени даму, мемлекеттік-құқық, жергілікті өзін-өзі басқару және депутаттық этика мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия төрағасы А.Салимов, облыстық маслихат депутаты Д.Әбіш, «Amanat» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының орынбасары П.Тұрсынбаев, облыстық білім басқармасының білім беруді дамыту орталығының басшысы Б.Төлімбет, т.б. шақырылғандар және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Конференцияны Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағының төрағасы Еркінбек Бақыт Сейітжаппарұлы ашып, жүргізіп отырды.

Облыстық кәсіподақ комитетінің жұмысы туралы Б.Еркінбектің есепті баяндамасында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауларын насихаттау және түсіндірме жүргізу жөнінде атқарылған жұмыстар, кәсіподақтардың ролін күшейту және жетілдіре түсу, кәсіподақ мүшелерінің еңбек, әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі қызметін заман талабына сай жүргізу, олардың мұқтажына дер кезінде көңіл бөліп, уақтылы шара қолдану жөніндегі жұмыстар, кәсіподақ ұйымдары қызметіне жаңа серпін беру жөніндегі міндеттер атап көрсетілді. Облыстық, аудандық, қалалық кәсіподақ комитеттерінің білім саласы қызметкерлерінің әлеуметтік құқықтары мен мүдделерін қорғау, бастауыш кәсіподақ ұйымдарының жұмысын жақсарту және белсенділігін көтеру, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жұмыстары, жұмыс істеуші әйелдердің құқықтарын қорғау, ұжымдарда еңбек дауларын болдырмау және алдын алу жөніндегі атқарылған жұмыстар сараланды, кемшіліктерді жою жөніндегі міндеттер айтылды.

Облыстық кәсіподақ ұйымы тексеру комиссиясының төрағасы М.Шураева тексеру комиссиясының есебі туралы баяндама жасады.

Облыстық кәсіподақ конференциясында облыстық кәсіподақ комитетінің есепті баяндамасын, облыстық тексеру комиссиясының баяндамасын талқылау жөніндегі жарыссөзде Отырар ауданы, «Отырар» жалпы білім беретін мектебі бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы – Өскенбай Нұрбол Жолдасбекұлы, Түлкібас ауданы, Б.Момышұлы атындағы жалпы білім беретін мектебінің директоры – Асилбеков Нургиса Калдыбекович, облыстық білім басқармасының білім беруді дамыту орталығының басшысы – Б.Төлімбет, облыстық маслихат депутаты – Дулат Әбіш Назарбекұлы, «Өрлеу» білім және ғылым қызметкерлерінің Салалық кәсіптік одағының төрағасы – А.Дощанова сөйледі.

Конференция қаралған мәселелер бойынша қаулылар қабылдады.

Конференцияда жаңа мерзімге облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы қызметіне Еркінбек Бақыт Сейітжаппарұлы бірауыздан сайланды. Конференцияда облыстық кәсіподақ комитетінің, тексеру комиссиясының құрамдары сайланды.

Конференция соңында үздік және белсенді кәсіподақ мүшелері Оқу-ағарту министрінің «Ы.Алтынсарин» төс белгісімен, «Өрлеу» білім және ғылым қызметкерлерінің Салалық кәсіптік одағының «Кәсіподаққа сіңірген еңбегі үшін» медалі және Алғыс хатымен, Түркістан облыстық білім басқармасының Құрмет грамотасы, Түркістан облыстық маслихатының Грамотасымен, «Amanat» партиясы Түркістан облыстық филиалының Алғыс хатымен, облыстық кәсіподақ комитетінің «Кәсіподаққа еңбегі сіңген қызметкер» төс белгісімен марапатталды.

Б.Еркінбек облыстық кәсіподақ комитеті атынан конференцияға қатысушы әйел азаматшаларды «8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні» мерекесімен құттықтап, жылы лебізін білдірді, оларға арнайы гүл шоқтары табысталды. Іс-шара концерттік бағдарламаға ұласып, өз мәресіне жетті.

Облыстық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Аудандық іс шара

Төлеби аудандық білім бөлімі және аудандық кәсіподақ комитеті ұйымдастыруымен білім саласындағы жұмыс істейтін аналарды қошеметтеп 8 – наурыз халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында іс- шара өткізді. Іс-шараға аудандағы жалпы білім беретін мекемелердегі 200 мұғалім шақырылды. Білім саласында ұзақ жылдар бойы жұмыс істейтін аналар, аудан көлемінде білім саласына еңбегі сіңген, облыстық және республика деңгейінде білімді шәкірттер тәрбиелеп жүлделі орындар иеленіп жүрген мұғалімдер. Білім бөлімі басшысы, аудандық кәсіподақ комитеті төрағасы құттықтау сөздерін айтып, өз сөздерінде көктемнің алғашқы мерекесі әйелдер күні мерекесімен құттықтап, алғыс хат, құрмет грамотасы және Төлеби аудандық кәсіподақ комитетінің арнайы сыйлықтарымен марапаттады. Сондай-ақ мерекелік концерт қойылды.

Төлеби аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Кәсіподақ белсенділері марапатталды!

Бүгін 2024 жылғы Наурыздың 06 күні Ордабасы аудандық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің төрағасы Қ.Төлебаев, аудандық кәсіподақ комитетінде білім саласында еселі еңбек етіп жүрген кәсіподақ белсенділері және үздік педагогтар мен алтын алқа иегерлерін 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай құттықтап, Аудан әкімінің, Ордабасы аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімі мен Ордабасы аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы комитетінің бірлескен грамоталарымен және «Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» Қоғамдық бірлестігінің Құрмет грамотасымен, «Кәсіподаққа еңбегі сіңген қызметкер» белгілерімен марапаттады.

Ордабасы аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

СПОРТ — ДЕНСАУЛЫҚ КЕПІЛІ

Жетісай ауданының білім бөліміне қарасты М.Жұмабаев атындағы №15 жалпы білім беретін мектебінде Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына орай ұстаздар арасында волейбол сайысы өткізілді. Аудандық кәсіподақ ұйымы тарапынан жүлделі орындар мен номинациялар беріліп, бағалы сыйлықтармен марапатталды.

I орынды “Темірқазық” командасы,топ жетекшісі Бултеков Ержан,

II орынды “Сұңқар” командасы,топ жетекшісі Байбориев Ержан,

III орынды “Қыран” командасы, топ жетекшісі Ахбалаев Сапаралы иеленді.

Сайыс тартымды, әрі көңілді өтті.

Жетісай аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

КӘСІПОДАҚ МІНБЕРІ

Түркістан облысы,Төлеби ауданы балалар саз мектебінің домбыра пәні мұғалімі Боташева Айжан Бейсенбайкызы

Төлеби ауданы, балалар саз мектебінің домбыра пәнінің мұғалімі Оңтүстік Қазақстан Облысы, Ленгір қаласы, Қазығұрт совхозы,Тоғыс ауылында 1973 жылы 02-ші наурызда дүниеге келген. 1980 жылы Бауыржан Момышұлы атындағы мектептің бірінші сыныбына қабылданып, 1990 жылы бітіріп шықты. 1983 жылы Қазығұрт балалр саз мектебіне домбыра сыныбына қабылданды, 1988 жылы бітіріп шықты.1990 жылы әл-Фараби атындағы Шымкент педагогика мәдениет институтына түсіп, 1995 жылы мідени ағарту қызметкері, көркемөнерпаздар халық аспаптар оркестр және ансамбль жетекшісі, бойынша бітірген. Білімі жоғары, еңбек өтілі 29-жыл. «AMANAT» партияға қабылданған күні 10.03.2010ж

Мұғалімнің ұйымдастырушылық қабілеті мен сабақ өту шеберлігі жоғары дәрежеде деуге болады. Әр сабағына тиянақты, жан-жақты дайындықпен келеді. Оқушылардың бойындағы музыкалық қабылетін оятып, дарытып, оның жан жүйесін оятуда, өнерге деген ынтасын арттыруға көп үлес қосады «Қолына домбыра ұстаған балаға – имандылық пен дарындылықты жылуын артыратың» ұстаз. Өзіне жүктелген тапсырманы дер кезінде, өз дәрежесінде орындайды. Оқушыларды домбыраға баулуда өз шеберлігі арқасында көптеген нәрселерді меңгерте біледі. Боташева Айжаның еңбегі аудандық, облыстық, Республикалық дәрежеде өткен оқушылардың домбыра тарту шеберлігін көптеген байқауларында жүлделі орындарға ие болып жүр.

Атап айтсақ: 2010 жылы «Нұр Отан» партиясының төрағасы Х.Әшірбеков «белсенді жұмысы және ауданның қоғамдық -саяси ахуалын нығайтуға қосқан үлесі үшін» алғыс хатпен марапатады.

2011 жылы «Нұр Отан» партиясының төрағасы Х.Әшірбеков «белсенді жұмысыжәне ауданның қоғамдық -саяси ахуалын нығайтуға қосқан үлесі үшін» алғыс хатпен марапатады.

Қазығұрт ауылдық округінің әкімі Б.Әшетов 2012 жылы «Ауылым асыл қазынам» атты көркем өнерпаздар байқауына қатысқаны үшін марапатады

2012 жылы аудандық мәдениет үйінің директоры Б.Оразымбетов «Алғыс хатпен» марапатады.

2018 жылы «Нұр Отан» партиясының төрағасы Қ.Қансеитов «Партияны бағдарламалық мақсаттары мен міндеттерін орындаудағы көрсеткен белсенділігі, білім саласында оқушыларға саналы тәрбие, сапалы білім беріген үшін» «Алғыс хатпен» марапатады.

2018 жылы Алматы қаласы XI Республикалық «Тәуелсіз елдің талантары» ән-би балалар мен жасөспірімдер байқауына белсенді түрде қатысып ұлағатты ұстаз ретінде марапаталды, жеке аспапта орындауда оқушысы- Қойбек Еркебұлан II орынды иеленді.

2018 жылы Алматы қаласы Республикалық «Ұлы даланың жеті қыры» ән-би балалар мен жасөспірімдер байқауына белсенді түрде қатысып ұлағатты ұстаз ретінде марапаталды , аспапта орындауда оқушысы- Қойбек Еркебұлан I орынды иеленді;

2018 жылы Төлеби аудандық Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасымен өткізілген XIV Ұлттық Дельфийлік байқауында жеке аспапта орындауда оқушысы- Қойбек Еркебұлан III орынды иеленді.

2018 жылы «Көк тудың желбірегені» атты Республикалық байқауда ұлағатты ұстаз ретінде марапаталды, аспапта орындауда оқушысы- Қойбек Еркебұлан II орынды иеленді.

2019 жылы Төлеби аудандық XXXXXII-ші жас музыканттар байқауында Жоғарғы топ бойынша жүлделі III орын иегері домбыра сыныбы Қойбек Еркебұланның ұстазы ретінде марапатталды

2019 жылы I Халықаралық балалар мен жасөспірімдер арасында «Дала жұлдызы» ән-би балалар мен жасөспірімдер байқауына белсенді түрде қатысып ұлағатты ұстаз ретінде марапаталды, аспапта орындауда оқушысы- Қойбек Еркебұлан I- орынды иеленді.

2020ж I Халықаралық балалар мен жасөспірімдер арасында «Дала жұлдызы» ән-би балалар мен жасөспірімдер байқауына белсенді түрде қатысып ұлағатты ұстаз ретінде марапаталды, аспапта орындауда оқушысы-Баймырза Майра III- орынды иеленді.

2020 ж. Абай Құнанбайұлырың 175 жылдық мерейтойына арналған халықаралық өнер және білім фестивалы «Ұлтың ұлы мұрасы» үздік жетекші ретінде марапаталды, аспапта орындауда оқушысы-Баймырза Майра лауреат атанған.

2023 жылы Төлеби аудандық XXXXXII-ші жас музыканттар байқауында Жоғарғы топ бойынша жүлделі II орын иегері домбыра сыныбы Баймырза Майраның ұстазы ретінде марапатталды.

Отбасының ұйтқысы, сүйікті жар, аяулы ана. Біліктілігімен, табандылық қасиетімен жұлдызы жарқыраған қазақтың дана да дара қызы. Жұбайыңның бұл өмірден кеткеніне он үш жыл болды. Жалғыз басты ана. Отбасында екі ұл, үш қыз тәрбиелеп өсіріп отыр, елге өнегелі үлгілі отбасы. Болашақ еліміздің ертеңі жас ұрпақтың өркендеуі, жаңа заманға сай жігерлі де намысты ұл-қыздарымызды білім нәрімен сусындатып қана қоймай қазақы болымысында тәрбиелеуге атсалысуда.

Төлеби аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

1 30 31 32 33 34 90