Қалалық іс шара

23 ақпан күні “Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 35 жыл” тақырыбы бойынша Түркістан қалалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитеті «№31 бастауыш мектеп – балабақша» кешені коммуналдық мемлекеттік мекемесінде болып Ауған сағысы ардагері, дене шынықтыру пәні Адырбеков Нурмахан Умирзаковичпен кездесіп қайтты. Кездесу іс шарасында Түркістан қалалық кәсіподақ комитетінің заңгері Ф.Дадабаев Ауған сағысы ардагерін құттықтап Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы Қоғамдық бірлестігінің «Кәсіподаққа еңбегі сіңген қызметкер» төс белгісін табыстады. Мектеп балабақша директоры А.Шауенова мектеп әкімшілігімен өз құттықтауларын айтып ыстық лебіздерін білдіріп заттай сый- сияпат жасады.

 

Түркістан қалалық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Қалалық іс шара

14 ақпан күні “Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 35 жыл” тақырыбы бойынша Түркістан қалалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитеті Р.Исетов атындағы №20 жалпы білім беретін мектебінде болып Ауған сағысы ардагері, химия пәні мұғалімі Абдурашидов Ғайрат Азимовичпен кездесіп қайтты. Кездесуде Қалалық кәсіподақ комитетінің төрайымы Г.Турежанова Ауған сағысы ардагерін құттықтап Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағының «Құрмет грамотасын» табыстады. Мектеп директоры А. Момбеков мектеп әкімшілігімен және бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы А.Халтаевтар өз құттықтауларын айтып ыстық лебіздерін білдіріп сый- сияпат жасады. Ауған соғысының ардагерлері бүгінгі таңда Ұлы Отан соғысы ардагерлерімен бірдей құрметке ие.

 

Түркістан қалалық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Аудандық турнир

2024 жылдың 10-11 ақпан күндері Түркістан облысы Келес ауданының Білім бөлімі мен Білім және Ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитеті ұйымдастыруымен, Кәсіподақ комитетінің ардагері, жоғары кеңесінің депутаты, Түркістан облысының құрметті депутаты, Келес және Сарыағаш аудандарының құрметті азаматы Қырғызалиев Бейсенәлі атамызды еске алуға арналған ерлер мен әйелдер арасындағы «Волейбол» спорт ойынынан Аудандық Кубок жарысы өткізілді. Аудандық жарысқа білім беру мекемесінің мұғалімдерінен іріктелген ерлер мен әйелдерден 56 команда қатысып, бақтарын сынады. Атамыздың әруағына бағышталған 2 күндік 752 адамға жайылған құран асымен ауқымды іс шара ұйымдастырылды. Шараға ұлы, жақындары, көзін көрген кәсіподақ мүшелері қатысты.

Спорттық жиынның ашылу салтанатына ұлы Нұралы Бейсенәліұлы алғы сөз сөйлеп, өз сөзінде: жарысқа келген әрбір қонақ пен спортшыларға, ұйымдастырушыларға алғысын білдіріп,әкесінің жүріп өткен жолынан сыр шертіп,оның халқына , еліне деген сүйіспеншілігі, қызметіне деген адалдығы шексіз болды деп еске алып, марқұмның жүрген жолы, жасаған жақсылығы жастарға үлгі болу керектігін жеткізді.

Кәсіподақ комитетінің төрағасы Н.Артыков барлық қатысушыларға Жеңіс,сәттілік тілеп, іс-шараны ашып берді.

Тартысты өткен Аудандық жарыс қорытындысы бойынша Ерлер және Әйелдер командасына командалық ұтыспен ұтқан жеңімпаздар кубок, ақшалай сыйлық сертификаттары, Келес аудандық Білім бөлімімен бірлескен кәсіподақ комитетінің құрмет грамотасымен марапатталып, жайнамаздар таратылды.

Бас жүлдеге Кәсіподақ комитеті тарапынан- 100 000 тг және Қырғызалиевтер әулиетінің атынан – 100 000 теңге ;

І орын – Кәсіподақ комитеті тарапынан- 50 000 тг және Қырғызалиевтер әулиетінің атынан – 50 000 теңге;

ІІ орын – Кәсіподақ комитеті тарапынан- 40 000 тг және Қырғызалиевтер әулиетінің атынан – 30 000 теңге;

ІІІ орын – Кәсіподақ комитеті тарапынан- 30 000 тг және Қырғызалиевтер әулиетінің атынан – 20 000 теңге берілді.

Белсене қатысқан 48 ерлер мен әйелдер командасы ақшалай 15 000 тг сертификаттары және Келес аудандық Білім бөлімімен бірлескен кәсіподақ комитетінің құрмет грамотасымен марапатталды.

Ұлы Н.Бейсенәліұлы Келес кәсіподақ комитетінің төрағасы Н.Артыковқа , атқару комитетінің мүшелері М.Абдрахимов, Н.Мухтаров және төрешілік жүргізген 8 бас төрешілердің иықтарына шапан жапты.

Ерлер командасынан:

Басжүлде – №7 ЖББМ командасы;

І орын – №25 С.Сейфуллин атындағы ЖББМ командасы;

ІІ орын – №43 «Болашақ» ЖББМ командасы;

ІІІ орынды – №21 ЖББМ командасы иеленді.

Әйелдер командасынан:

Басжүлде – №2 Ө.Жәнібеков атындағы МГ командасы;

І орын – №25 С.Сейфуллин атындағы ЖББМ командасы;

ІІ орын – №23 «1 Мамыр» ЖББМ командасы;

ІІІ орынды – №37 Р.Қошқарбаев атындағы ЖББМ командасы иеленді.

Жарыс кезінде тиянақты шабуыл жасалып, сауатты қорғаныс көрсеткен ойыншылар әр ұпай үшін жанталасып, команданың жеңісі жолында аянып қалмаған мектеп аралық командалар ішінен ерекше ойындармен көзге түсіп, қызық ойын көрсеткен 30 жарыс қатысушыларына «Үздік қорғаушы», «Үздік үйлестіруші», «Үздік шабуылшы» Номинациялық құрмет грамотасымен марапатталды. Салауатты өмір салтын насихаттай отырып, Кәсіподақ комитетінің ардагері Б.Қырғызалиевтің белсенді өмірлік ұстанымын, жолын жастарға үлгі етіп, атын жаңғыртып еске алу мақсатынды өткен 2 күндік Аудандық Кубок жарысы өз мәресіне жетті.

Келес аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Биыл Ауғанстан соғысының аяқталғанына 35 жыл толды

Жетісай ауданының білім бөлімінің М.Жұмабаев атындағы №15 жалпы білім беретін мектебінде Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына орай «Ауған оқиғасы» тақырыбында іс-шара ұйымдастырылды. Оқушыларға Ауған соғысы жайлы мәлімет беру, ардагер ағалармен ашық әңгімелесу, сұхбаттасу, өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалардың ерлігін үлгі ету, Ауған соғысында опат болған жауынгерлердің рухына тағзым ету, есімдерін қастерлеуге тәрбиелеу, оқушыларға патриоттық тәрбие беру мақсатында өткен шараға Ауған соғысының ардагері – Дүйсебаев Жора,Жассақ Байзақ,Мұсылманқұл Батырбек сондай-ақ Тәжік- ауған шекарасында әскери борышын өтеген Мырзахметов Ержігіт, Кенжебеков Дәулетбек ағаларымыз қатысты. Қазыбек би ауыл әкімшілігінен Оңалбаев Әуезбек, Бектураев Тимур ағаларымыз қонақтардың санын толықтырды.

Оқушыларымыз автоматты шашып-қайта жинау бойынша өнерлерін паш етсе,кеш қонақтары да автоматты шашып жинаудан қалыспайтындығын дәлелдеп берді. Іс-шарамызға қонақ болып қатысқан Ауған соғысының ардагері Дүйсебаев Жора ағамыз сол бір отты жылдар туралы әңгімелеп, өз естеліктерімен бөлісті.

Сондай-ақ қонақтар және оқушылар арасында әуенді тап сайысы ұйымдастырылып,патриотты әндер жасырылды,сайыс соңында қонақтар оқушылармен бірге “Атамекен”әнін шырқады.

Өздеріңді жырлап өтер ұрпағың, Ауғанда боп азап шеккен арыстар, -деп ақындарымыз жырлағандай, өмір жылжып жатқанмен, ерлік өлмейді, заманымыз жалғаса береді. Бұған дәлел ортамызда жүрген ауғандық жауынгерлердің бейбіт өмірдегі жарқын істері, қоғамдық жұмыстағы белсенділіктері, бәрінен бұрын жастарымызды, отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеудегі ерен еңбектері.

Ардагерлерімізге алғыс білдіре отырып, денсеріне саулық, отбасыларына амандық, әрбір бастамаларына толағай табыстар тілейміз.

Жетісай аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

КӘСІПОДАҚ МІНБЕРІ. Ұстаз-келер күннің ұстасы.

Түркістан облысы, Ордабасы ауданы, Көкарал ауылы, М.Жұмабаев атындағы жалпы білім беретін мектептің химия пәнінің мұғалімі Нұрымбетов Ернар Амангелдіұлы.
Ұстаз-келер күннің ұстасы. Балалардың қалыптасып келе жатқан дүниетанымының, өмірге деген көзқарасының иесі. Біздердің бүгінгі болмысымыз әліппені жаттатқызып, қолға қалам ұстатқан кешегі ұстаздарымыздың еңбегі. Ендеше, ұрпағымыздың ертең қандай адам болып өсетіні – мұғалімдердің бүгінгі еңбегінің жемісі болмақ.
Ернар Амангелдіұлы 1983 жылы бірінші қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданы, Көкарал ауылында дүниеге келген. 1989 жылы М.Жұмабаев атындағы жалпы орта мектебіне 1-ші сыныпқа қабылданып, 2000 жылы орта білім алып шықты. 2000-2004 жылдары Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің Кентау қаласындағы бөлімінде химия пәні мұғалімі мамандығы бойынша оқып, жоғары білім алған. Ұстаздық еңбек жолын 2004 жылы қыркүйек айында Ордабасы ауданы, Көкарал ауылында өзі білім алған Мағжан Жұмабаев атындағы жалпы орта мектебінде химия пәнінің мұғалімі болып бастады. Білімі-жоғары. Санаты:Педагог-зерттеуші. 20 жылға жуық педагогика саласында қызмет атқарып келе жатқан, білікті маман. 2014 жылдан Түркістан облысының Білім саласындағы бақылау департаментінің комиссия мүшесі.
2013 жылы Қазақстан Республикасы педагог кадрларының біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламалары аясында үшінші деңгей бағдарламасы бойынша,
2021 жылы Шымкент қаласында Педагогикалық шеберлік орталығында «Жаратылыстану және химия мұғалімдерінің пәндік құзіреттерін дамыту»,
2021 жылы «Өрлеу» БАҰО АҚ Шымкент қаласы бойынша кәсіби даму институтында «Педагогтердің цифрлық құзырлығын дамыту» оқыту курстарынан өткен.
Ернар Амангелдіұлының және шәкірттерінің жетістіктері:
2013 жылы аудандық мұғалімдер олимпадасында 1 орынды иеленді.
Аудандық пән олимпиадасында 2012 жылы 9-сынып оқушысы Байболат Гүлбала жүлделі 1 орынды,
2015 жылы 9-сынып оқушысы Г.Хасанова 3 орынды,
2016 жылы 10-сынып оқушысы А.Уалихан 3 орынды,
2017 жылы 9-сынып оқушысы Ұ.Әсілхан 2 орынды,
2018 жылы 10-сынып оқушысы Н.Қосымбай 2 орынды,
2020 жылы 11-сынып оқушысы Н.Қосымбай 1 орынды иеленсе,
2021 жылы 8-сынып оқушысы А.Әбдіжапбар Ресбуликалық «Айқанат» олимпиадасының республикалық кезеңінің абсолютті чемпионы атанды.
2022 жылы 9-сынып оқушысы А.Әбдіжапбар пәндік олимпиаданың облыстық кезеңінен 3 орынды,
2022 жылы 9 сынып оқушысы Е.Жақып Қ.Сәтбаев олимпиадасының аудандық кезеңінен 1 орынды,
2024 жылы Ауыл балаларына арналған пәндік олимпиадада 10-сынып оқушысы А.Жаңабай республикалық кезеңінде 3 орынды, 9-сынып оқушысы Д.Әбдірахман облыстық кезеңінде 1 орынды,
2024 жылы 8-сынып оқушысы М.Әбдіжапбар жасөспірімдер олимпиадасының аудандық кезеңінде 2 орынды иеленіп, білім нәрімен сусындатқан шәкірттері ұрпақ тәрбиесі жолында қызмет етіп келе жатқан жаңашыл ұстаз Ернар Амангелдіұлының еңбегін еш кетірмеді.
«Қазақтың тағдыры, келешекте ел болуы да мектебінің қандай негізде құрылуына барып тіреледі. Мектебімізді таза, берік һәм өз жанымызға /қазақ жанына/ үйлесетін негізде құра білсек, келешегіміз үшін тайынбай-ақ серттесуге болады»-деп Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай, Қазақстан мемлекетінің өсіп-өркендеп, бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу ұстаз атаулының міндеті деп өзіне серт берген Нұрымбетов Ернар Амангелдіұлына мықты денсаулық, отбасына бақ-береке, шығармашылық табыстар, елiмiздiң дамуына үлес қосатын шәкірт тәрбиелеуіне тілектеспіз!

Ордабасы аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

КӘСІПОДАҚ МІНБЕРІ

Т.Тоғысбаев атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Сеитжаппарова Гульнара Джаппарханқызы 1965 жылдың 6 қазанында Шымкент облысы Киров ауданы «Октябрьге 30жыл» мөлтек ауданында педагогтар жанұясында дүниеге келген. Білімі жоғары. 1984 жылы Жетісай қаласындағы Қазақ педагогикалық училищесін бастауыш сынып мұғалімі мамандығы және 1992 жылы М.Әуезов атындағы Шымкент педагогикалық институтын осы аталған мамандық бойынша бітірген. Еңбек өтілі – 40жыл. Кәсіби біліктілігі бойынша педагог-зерттеуші. Еңбек жолы: 1984-1990жылдар аралығында «Георгиев бастауыш мектебінде» бастауыш сынып мұғалімі, 1990жылдан бері «Т.Тоғысбаев атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс атқарып келеді.

Сеитжаппарова Гульнара Джаппарханқызы өзінің еңбек жолында көптеген жетістіктерге қол жеткізіп, білім саласында шәкірттерге саналы тәрбие мен сапалы білім беруде аянбай еңбек етіп келе жатқан ұлағатты ұстаз. Бар саналы ғұмырын ұстаздық жолға арнаған, ұстаздықтың мәртебесін көтерген, өз ісінің білікті маманы. Қажыр- қайрат пен зор ізденістің иесі.Көшбасшылық ұйымдастырушылық қабілеттері мол.Шәкірттерінің жүрегіне жол таба білген білікті ұстаз. Білім беру саласындағы 40 жылдық өтілінде жас ұрпаққа тәлім – тәрбие мен үздіксіз сапалы білім беруде бала тәрбиесіне жан дүниесімен берілген.Мақсаты айқын білікті ұстаз.Ғылыми жобаларға оқушыларды дайындау, пәндік олимпиадалар нәтижесі және балаларды отан сүйгіштікке тәрбиелеу барысындағы еңбектері орасан зор.Жаңашыл, инновациялық әдіс-тәсілдерді сабақтарында молынан пайдаланады және оны жас мамандар мен әріптестеріне үйретуден жалыққан емес.

Педагогикалық қызметі барысында төмендегідей нәтижелерге қол жеткізген:

1.Аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ комитетінің алғыс хаты, 2016ж,2021ж

2.Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде, қазақ тілінде оқытылатын мектептердегі бастауыш сынып пәндері бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру білім беру бағдарламасы сертификаты. «Өрлеу» АҚ филиалы, 2018ж

3.Qaztest.kz сайты «Бастауыш білім беру педагогикасы» республикалық олимпиадасының жеңімпазы, 2019ж

4. «Алтын сандық» зияткерлік олимпаидасының жеңімпазын дайындағаны үшін мақтау қағазы,2019ж

5.Іс-тәжірибесі аудандық,облыстық баспасөз беттерінде және «Жаңа ұрпақ» республикалық әдістемелік ғылыми-педагогикалық журналында «Жақсыдан үйрен» Ы.Алтынсарин «Малды пайдаға жарату» тақырыбында жарияланды, 2019ж

6. «Назарбаев зияткерлік мектебі»: «Қашықтықтан оқытуды үйренемін» курс сертификаты, 2020ж

7. Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасы басшысының «Құрмет грамотасы»,2020ж

8.Аудан әкімінің «Алғыс хаты»,2020ж

9.Аудандық білім бөлімінің мадақтамасы, 2020ж

10.www.tio.kz Республикалық дәстүрлі интернет олимпиада порталы «Құрмет грамотасы» 11.Республикалық виртуалды олимпиада жеңімпазы, 2020ж

12. «Ең білімді педагог-2020» ІҮ республикалық пән олимпиадасы жүлдегері, 2020ж

13.Республикалық дәстүрлі интернет олимпиадаларда жеңімпаз және жүлдегер оқушылар дайындағаны үшін алғыс хаттар (5дана), 2020ж

14.Daryn online Qaztest.kz республикалық олимпиадасының жүлдегері 2020,2021жылдар

15.Оқушылары «Самұрық», «Алтын ұрпақ» Республикалық Ұлттық Интернет олимпиадалар жүлдегерлері мен жеңімпаздары.

Жолдасы Асилбеков Марат екеуі 40 жылдан астам отбасылық өмірінде 5 қыз 1 ұл тәрбиелеп отыр. Сеитжаппарова Гульнара Джаппарханқызы Жаңа Қазақстанның даму жолында аянбай еңбек етіп келеді. Еліміздің ертеңі жас ұрпақтың өркендеуі мен жаңа заманға сай намысты ұл-қыздарын тәрбиелеу жолында зор еңбек сіңіруде.

Төлеби аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

«КӘСІПОДАҚ ТҰҒЫРЫ»

Мақтаарал аграрлық колледінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы – Байжанов Қайрат Маратұлы.
Қ.Байжанов 1983 жылы 16 қарашада Өзбекстан Республикасы, Сырдария облысы, Ақ-алтын ауданында дүниеге келген. Ұлты – қазақ, білімі – жоғары, ҚР-ның азаматы. Орта мектепті бітіргеннен кейін, 2002 жылы ОҚО Шымкент қаласындағы «Отырар» университетінің «Тарих» факультетіне оқуға түсіп, оны 2006 жылы үздік дипломмен бітірген. 2006 жылы ОҚО Мақтарал ауданы Атакент кентіндегі Мақтаарал аграрлық колледжіне тарих пәнінің оқытушысы болып жұмысқа орналасты.
Қ.Байжанов өз ісін жетік білетін, тәжірибелі маман. Ол өзінің қызметтік барысында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының оқытушылары арасында өткізілген «Үздік бейне сабақ – 2021» байқауына қатысып І дәрежелі дипломымен, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай білім беру жүйесінде, сала қызметкерлерін әлеуметтік қорғауда атқарған көп жылдық мүлтіксіз және белсенді еңбегі үшін Құрмет грамотасымен, Жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие берудегі игілікті істері, ұлағатты ұстаздық жолындағы шығармашық ізденістері арқасында өз шеберлігін, біліктілігін жоғары дәрежеде танытқаны үшін Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасы мен Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағының бірлескен Құрмет грамотасымен, «Amanat» партиясы Түркістан облыстық филиалының Алғыс хатымен марапатталған.
Қ.Байжанов қазақ, орыс тілдерін жетік біледі, компьютермен жұмыс істеуде тәжірибесі мол. Студенттерге сапалы білім берумен қатар, олардың бойында саналы ой қалыптастырып, қоғамдық жұмыстарда белсенділік танытып, тұлға боп жетілуінде аянбай еңбек етіп келеді. Әріптестерінің арасында үлкен құрметке ие, білікті қызметкер әрі үлгілі отбасы иесі.

Облыстық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Кезекті оқыту семинары болып өтті!

Кезекті оқыту семинары болып өтті!

Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағының жұмыс жоспарына сәйкес 2024 жылдың 27 ақпаны күні Арыс қаласындағы Ә.Жангелдин атындағы жалпы білім беретін орта мектебінің мәжіліс залында Арыс қалалық білім бөліміне қарасты ұйымдардың келісу комиссияларын «Келісу комиссиясының жұмыстарын ұйымдастыру», «Еңбек даулары және оларды шешу жолдары» және Білім беру ұйымдарында еңбек заңнамасының сақталуы» тақырыптары бойынша оқыту семинары болып өтті. Семинарда облыстық кәсіподақ комитетінің бөлім басшысы – заңгері Ғ.Ақбердиев, Түркістан облысы бақылау жөніндегі басқармасының мемлекеттік еңбек инспекторы А.Смадияров баяндама жасады. Семинарға білім бөлімінің бас маманы Қ.Ережепов қатысып, бүгінгі оқытудың маңыздылығына тоқталды. Аталған іс шараны Арыс қалалық кәсіподақ комитетінің төрағасы Ж.Мухаев жүргізіп отырды.

Семинарға қатысушылар тақырыптар бойынша баяндама жасаушыларға қосымша сұрақтар қойып, өздеріне қажетті мәліметтерге ие болды. Қатысушыларға облыстық кәсіподақ комитеті тарапынан сертификаттар табыс етілді. Іс шара жоғары деңгейде өткізілді.

Арыс қалалық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

КӘСІПОДАҚ МІНБЕРІ. ҮЛГІЛІ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕСІ

Ленгір қаласындағы бірегей білім ордасы – №7 IT мектеп-лицейі. Бұл білім ұясының 1200 орындық ғимараты «100 мектеп» атты республикалық мемлекеттік бағдарлама бойынша салынған болатын. Бүгінде 1470 оқушысы мен 114 педагогы бар аталмыш мектеп-лицей – өңіріміздегі алдыңғы қатарлы, үлгілі білім ошағы. Мұның бір дəлелі – мектеп-лицейдің 2023 жылдың қорытындысы бойынша ауданымыздағы үздік білім беру мекемесі атануы. Мектеп-лицейдің жыл үздігі деп танылуына байланысты осы білім ордасының басшысы Жамбыл Орынбаевқа жолығып, бұл мекеменің былтырғы жылғы жетістіктері туралы əңгімелеп беруін өтіндік.

Мен мектеп-лицейдегі жұмысымды мұғалім болып бастадым. Кейін директордың орынбасары болдым. Осы мектеп-лицейдің алғашқы басшысы ардагер ұстаз, марқұм Темірбеков Замаділлə ағай болды. Ол кісі бұл білім беру мекемесінің негізін қалады деуге болады. Сондықтан, осы əріптесіміздің мектеп-лицейімізге сіңірген еңбегін ұмытуымызға болмайды, – деді əңгімесінің басында Жамбыл Əзімханұлы.

Ол айтқандай, мектеп-лицей білім алушылары өткен оқу жылында айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізген. Білім беру мекемесінің оқушылары 2023 жылғы аудандық өнер фестивалінің қорытындысы бойынша бірінші орыннан көрінген. Ал, жастар дебатының аудандық кезеңінде екінші жəне үшінші орынды иеленген.

«Оқушыларымыздың мұндай іс-шараларға жиі қатысып, дебат алаңында өз қатарластарымен пікір таластыруын қалаймыз. Себебі, дебат – жастарды көшбасшылыққа баулудың бірден-бір жолы. Ендеше, көшбасшы болғысы келетін оқушыларымыздың өз ойын ашық білдіріп, еркін сөйлей білуі маңызды» дейді мектеп-лицей директоры.

Мектеп-лицей оқушыларының былтырғы олимпиадалардағы, басқа да білім додаларындағы жетістіктері туралы да ауыз толтырып айтуымызға болады. Мысалы, Қазақстан Республикасы Оқуағарту министрлігінің бұйрығымен бекітілген тізімге енген, 2022-2023 оқу жылындағы олимпиадалар мен байқаулардың аудандық кезеңінде 32 оқушы, ал облыстық кезеңде 13 оқушы жүлдегер атанған. Сонымен қатар, мектеп-лицейдің 86 білім алушысы өткен оқу жылындағы «Ақ бота», «Кенгуру-математик», «Алтын сақа», «Алтын қыран», «Алтын ұрпақ», «Самұрық», «Балалар оқуы» атты олимпиадалар мен байқауларда да жүлделі болған.

Оқушыларымыздың бірқатары зерттеу жобаларымен, шығармашылық жұмыспен айналысуға ерекше қызығушылық танытқан. 2022-2023 оқу жылы осындай жұмыстарымен 16 білім алушымыз аудандық деңгейдегі байқауда, ал 5 оқушымыз облыстық деңгейдегі конкурста жүлдегерлер қатарынан көрінді, – деп жалғады сөзін Жамбыл Əзімханұлы.

Мектеп-лицей директоры сұхбатымыздың барысында ұжымында білікті, тəжірибелі ұстаздардың көп екенін тілге тиек етті. Бұл ұстаздардың 28-і былтырғы олимпиадалар мен байқаулардың аудандық кезеңінде, 24-і облыстық кезеңде, 13-і республикалық кезеңнің жүлдегері атаныпты. Сонымен бірге, мектеп-лицей педагогтары бірнеше оқу-əдістемелік құрал мен авторлық бағдарлама дайындаған.

Мақтаса, мақтағандай-ақ. Былтыр жүргізілген мониторинг қорытындысына сəйкес, аудан бойынша мектеп-лицейдің 4 жəне 9-сынып оқушылары бірінші орынды иеленді.

Лицей оқушылары қосымша біліммен де қамтылған. Бүгінде ондағы білім алушылардың 757-сі үйірмелерге қатысуда. «Елбасы медалі» 5 оқушыға берілген. Өнер жəне спорт бағыты бойынша ұйымдастырылған облыстық байқаулар мен жарыстарда мектеп-лицейдің 13 білім алушысы жүлдегерлер қатарына енген. Осындай республикалық додада 3 оқушы, халықаралық деңгейдегі бəсекеде 1 білім алушы жүлдегер атанған. Т.ІЛИЯСҰЛЫ.

Төлеби аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Ұстаздар арасында интеллектуалдық сайыс өтті

Жетісай ауданының білім бөліміне қарасты “Әл-Фараби атындағы №12 жалпы білім беретін мектеп” коммуналдық мемлекеттік мекемесінде аудандық кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен

мұғалімдер арасында «ҰСТАЗДАР БӘЙГЕСІ» интеллектуалды сайысы өтті.

“Ұстаздар бәйгесі” интеллектуалды сайысының мақсаты:

кәсіподақ ұйымының жұмысын дәріптеу;

мұғалімдердің интеллектуалдық қабілетін арттыру;

шығармашыл әрі еркін ойлай алатын ұстаздар ортасын қалыптастыру;

педагогикалық ұжымның ынтымақтастығын, қарым-қатынас дағдыларын, эмоционалдық тұрақтылығын, өзіне деген сенімділігін, өзара достық қарым-қатынастарын арттыру.

5 кезең бойынша сайысқа түскен ұстаздар логикалық сұрақтармен қатар, құқықтық сауаттылыққа бағытталған сұрақтарға жауап берді.

Қызыққа толы ойын барысында, оқытушылар тың деректермен қоржындарын толтырып, түрлі бағыттағы сұрақтарға сүрінбей жауап берді. Интелектуалды сайыс нәтижесінде:

1 орын – физика информатика пән бірлестігі;

2 орын – бастауыш сынып пән бірлестігі;

2 орын – тарих-география бірлестігі;

3 орын – Казақ тілі мен әдебиет пән бірлестігі;

3 орын – дене шынықтыру пән бірлестігі;

3 орын – шетел тілі (ағылшын) пән бірлестігі иеленді.

химия – биология пән бірлестігі және орыс тілі мен әдебиет пән бірлестігі Алғыс хатпен марапатталды.

Сайыс соңында жеңімпаз топтарды марапаттаумен қатар 1 наурыз — Алғыс айту күніне орай барлық қатысушыларға Алғыс хаттар табысталды.

Жетісай аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

1 31 32 33 34 35 90