8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесі.

Сарыағаш аудандық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитеті білім беру мекемелерінде жұмыс істейтін бір топ әйел кісілерді Облыстық, аудандық кәсіподақ комитетінің Алғыс хаттарымен, бағалы сыйлықтарымен және гүл шоқтарымен марапаттады. Аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Ә.Тастанбеков, мерекелік іс-шара барысында ұзақ жылдан бері қызмет етіп келген ұстаз, қызметкер апайларға ыстық лебізін білдіріп, құттықтау сөздерін айтып өтті. Іс-шараға қатысушы апайлар өзара фотоларға түсіп, мерекелік көңіл-күймен тарқады.

Сарыағаш аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні мерекесі. 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні мерекесі. 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні мерекесі. 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні мерекесі.

Құрметті арулар, аяулы аналар!

Сіздерді Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы атынан көктемнің осы бір ең жарқын мерекесі – 8 Наурыз Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл күн – отбасы берекесі мен ұйытқысы болып табылатын біздің аналарымыз, жарымыз, әпкелеріміз бен қыздарымызға жарқын көңіл мен жақсылық тілейтін күн. Сіздер өздеріңіздің ізеттіліктеріңізбен, сыпайлықтарыңызбен өмірді шуақтандырып, жақындарыңыз бен туыстарыңызға жылу сыйлайсыздар.

Әйел – әрқашан халықтың ар-ожданы, ізгіліктің, нәзіктіктің және дархан көңілдің көрінісі болып келді және болып қалмақ, бүгінгі

мереке сіздерге деген шынайы құрмет белгісі.

Қымбатты арулар!

Көктемнің гүліндей құлпырып, әсемдіктің, әдеміліктің, әдептіліктің иесі болып, бақытты да баянды өмір кешіңіздер. Дендеріңізге саулық, көңілдеріңізге шаттық, отбасыларыңызға құт-береке, ауызбіршілік пен тыныштық тілеймін.

Ізгі ниетпен,

Түркістан облысы білім және ғылым

қызметкерлерінің жергілікті

кәсіптік одағының төрағасы Б.Еркінбек

Құрметті арулар, аяулы аналар!

Мерекелік іс-шара

Арыс қалалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы комитетінің ұйымдастыруымен 8-Наурыз халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай білім беру саласындағы қыз-келіншектерін мараппаттау рәсімі өткізді. Мерекелік іс-шарада Туркестан облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының Құрмет грамоталарын, Туркестан облыстық білім және ғылым қызметкерері жергілікті кәсіподақ комитетінің Құрмет грамоталары мен «Кәсіподаққа еңбегі сіңген қызметкер» төс белгісімен мараппаталды. Іс шара соны оқушылардан қойылған концерттік бағдарламасына жалғасты.

Арыс қалалық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Мерекелік іс-шара Мерекелік іс-шара Мерекелік іс-шара Мерекелік іс-шара Мерекелік іс-шара

8-наурыз халықаралық әйелдер күніне мерекелік іс шарасы

Келес аудандық кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен «Жыл қорытындысы» атты және 8 наурыз халықаралық әйелдер мерекесіне орай, кәсіподақ мүшелерін марапаттау рәсіміне арналған салтанатты мерекелік іс шара білім беру саласында жоғарғы жетістіктерге қол жеткізген ұлағатты ұстаздарды, кәсіподақ зейнеткерлеріне Түркістан облысының білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағының төрағасы Б.Еркінбектен төс белгілер, Құрмет грамоталар және Алғыс хаттарымен, Ы.Алтынсарин төс белгілерімен, Келес ауыл әкімі Е.Т.Абдірахмановтан Алғыс хат, «AMANAT» партиясы Келес аудандық филиалының атқарушы хатшысының алғыс хатымен және Келес аудандық адами әлеуетті дамыту бөлім басшысы Б. Абдиевтің және кәсіподақ комитетінің төрағасы Н. Артыковпен бірлескен Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттары мен ескерткіш сыйлықтарымен марапатталды.

Кәсіподақ мүшелігіндегі Зейнеткерлеріміз бен белсенді жұмыс атқарып, үздік еңбектерімен, кәсіподақ мүшелерімен тығыз жұмыс жасаған төрайымдарымызға Келес аудандық кәсіподақ комитетінің есебінен Сарыағаш шипажайына 10 күнге жолдама табысталды.

Сіздерді мерекелеріңізбен тағы да құттықтай отырып, отбасыларыңызға береке бірлік , еңбектеріңізге толағай табыс, дендеріңізге саулық тілейміз.

Келес аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

8-наурыз халықаралық әйелдер күніне мерекелік іс шарасы 8-наурыз халықаралық әйелдер күніне мерекелік іс шарасы 8-наурыз халықаралық әйелдер күніне мерекелік іс шарасы 8-наурыз халықаралық әйелдер күніне мерекелік іс шарасы 8-наурыз халықаралық әйелдер күніне мерекелік іс шарасы

8-наурыз халықаралық әйелдер күніне мерекелік іс шарасы

“ОТБАСЫЛЫҚ ВОЛЕЙБОЛ” турнирі өз мәресіне жетті

2023 жылғы 25 ақпан күні Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімі мен Жетісай аудандық кәсіподақ комитетінің ұйымдастырған “ОТБАСЫЛЫҚ ВОЛЕЙБОЛ” турнирі аяқталды. Турнирге Жетісай және Мақтарал аудандары тұрғындары арасында бір әулеттен шыққан 10 отбасы мүшелерінің құрама командалары қатысты. Әрбір отбасы командалар құрамында білім беру ұйымдарының қызметкерлері, әкесі мен баласы, ерлі-зайыптылар және оқушылар өнер көрсетті. Барлық отбасы командалары өте жоғарғы деңгейде белсенділік танытып, керемет ойындарымен көрермендердің қошеметіне бөленді. Өте қызықты әрі тартысты өткен дүбірлі додада топ жарған отбасылар бөлімнің және кәсіподақ комитетінің арнайы дипломдарымен естелік кубогі және қаржылай сертификаттар табысталды.

Ахановтар отбасы – І орын

Алтауовтар отбасы – ІІ орын

Айдаровтар отбасы – ІІІ орынды алып жеңімпаз атанды.

Сонымен бірге “Үздік ойыншы”- Кішікбай Жадыра, “Үздік шабуылшы” – Айдаров Сапарбай, “Үздік қорғаушы”- Ахан Ерболат, “Үздік доп ұзатушы” номинациясымен оқушы Ахан Еркебұлан марапатталды. Бүгінгі турнирде жеңімпаз атанған және барлық қатысқан отбасы командаларына үлкен алғысымызды білдіреміз! Жеңісті күндеріміз көп болсын!

Жетісай аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі!

"ОТБАСЫЛЫҚ ВОЛЕЙБОЛ" турнирі өз мәресіне жетті "ОТБАСЫЛЫҚ ВОЛЕЙБОЛ" турнирі өз мәресіне жетті "ОТБАСЫЛЫҚ ВОЛЕЙБОЛ" турнирі өз мәресіне жетті "ОТБАСЫЛЫҚ ВОЛЕЙБОЛ" турнирі өз мәресіне жетті

Мұғалімдер арасында үстел тенниснен турнир өтті

Сайрам ауданының адами әлеуеті дамыту бөлімі мен Сайрам ауданы білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының ұйымдастырумен, білім қызметкерлері арасында үстел теннистен аудандық жарыс өтті. Жарысқа ауданның әр аймағынан 7 құрама команда қатысып бақтарын сынады. Жарыстың қорытындысы төмендегідей:

І-орынды Арыс округінің ұстаздары иеленді.

ІІ-орынды Қарабұлақ округінің ұстаздары иеленді.

ІІІ- орынды Көлкент округінің ұстаздары иеленді.

Жарыс өте қызықты әрі тартысты өткенін айтқан жөн. Жеңістеріңіз құтты болсын, құрметті әріптестер!

Сайрам аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Мұғалімдер арасында үстел тенниснен турнир өтті Мұғалімдер арасында үстел тенниснен турнир өтті Мұғалімдер арасында үстел тенниснен турнир өтті Мұғалімдер арасында үстел тенниснен турнир өтті

«Жаңа мектепке-жаңашыл ұстаз» байқауы

Төлеби аудандық Адами әлеуетті дамыту бөлімі және Төлеби аудандық кәсіподақ комитеті ұйымдастыруымен жас педагогтардың әлеуметтік мәртебесін және шығармашылығын, инновациялық белсенділіктерін дамыту мақсатында «Жаңа мектепке-жаңашыл ұстаз» байқауы №4 Қ.Сәтбаев атындағы жалпы орта мектебі базасында өткізілді.

Байқау 3 кезеңнен өтті. 8 жас мұғалім қатысып

І кезең – «Жаңа мектепке-жаңашыл ұстаз» атты «Эссе» байқауы.

ІІ кезең – Ашық сабақ өтудегі шеберлігі. Бейтаныс сыныпта сабақ өтті.

ІІІ кезең – «Шығармашылық жолдың бастамасы» тақырыбында өзін-өзі таныстыру.

ІІІ – кезең бойынша қатысушыларымыз өз-өзін таныстыруға креативті қарап байқаудың сәнін кіргізе білді. Нәтижесінде, қатысушы жас мамандар өздерінің білімділігі мен шеберлігіне қарай тиісті марапаттауларға ие болды.

Төлеби аудандық Адами әлеуетті дамыту бөлімі және Төлеби аудандық кәсіподақ комитетінің алғыс хаты және арнайы сыйлықтарымен марапатталды.

 

Төлеби аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

«Жаңа мектепке-жаңашыл ұстаз» байқауы «Жаңа мектепке-жаңашыл ұстаз» байқауы «Жаңа мектепке-жаңашыл ұстаз» байқауы «Жаңа мектепке-жаңашыл ұстаз» байқауы «Жаңа мектепке-жаңашыл ұстаз» байқауы

Көңілді эстафета тақырыбында мұғалімдер арасында спорттық сайыс

Жетісай ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты 2023 оқу жылының 18 ақпан күні “М. Горький атындағы №1 мектеп- гимназия” КММ-де мектеп директоры Роза Құрбанқызының ұйымдастыруымен мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Абилдаева Гулнар Ахметқызының туған күніне орай “Көңілді эстафета” тақырыбында мұғалімдер арасында спорттық сайыс -сабақ турнирі өткізілді.

Мақсаты : Салауатты өмір салтын насихаттай отырып, мұғалімдер арасындағы жақсы қарым- қатынасты қалыптастыру, ұжымды ұйымшылдыққа баулу, ынтымақтастықты нығайту. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Абилдаева Гулнар Ахметқызын құттықтау үшін Жетісай ауданының Бастауыш Кәсіподақ ұйымының маманы Сәкен мырза мен Білім бөлімінің юрист маманы Артыхов Мұхан мырзаның құттықтау сөздері қабыл алынды. Сайыс 7 турдан тұрды

  1. Пингвиндер жүрісі.
  2. Допты кедергілерден алып өту
  3. Қаппен секіру
  4. Зат тасымалдау
  5. Допты себетке лақтыру.
  6. Секіртпемен секіру
  7. Эстафеталық жарыс

Сайысқа 9 команда қатысты.

Сайыстың қорытындысы бойынша І орын “Қыран” тобы, ІІ орын “Хан тәңірі” тобы, ІІІ орын “Бірлік” тобы иеленді. Қалған командалар “Номинация” мен марапатталды.Жетісай ауданы Бастауыш Кәсіподақ ұйымының маманы Сәкен мырза жүлделі орын иеленген командаларды және туған күн иесін Мақтау қағазын табыстай отырып сыйлықтармен марапаттады

 

Жетісай аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі!

Көңілді эстафета тақырыбында мұғалімдер арасында спорттық сайыс Көңілді эстафета тақырыбында мұғалімдер арасында спорттық сайыс Көңілді эстафета тақырыбында мұғалімдер арасында спорттық сайыс Көңілді эстафета тақырыбында мұғалімдер арасында спорттық сайыс Көңілді эстафета тақырыбында мұғалімдер арасында спорттық сайыс

БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНДЕ ҚЫЗМЕТ АТҚАРЫП ЖҮРГЕН АУҒАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ.

Мақтаарал аудандық кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен 13 ақпан күні аудандық кәсіподақ комитетінде Мақтаарал аудандық адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты негізгі және жалпы орта мектептерде қызмет атқарып жүрген Ауған соғысының ардагерлерімен іс-шара ұйымдастырылып өткізілді.

Бүгінгі таңда білім беру саласында еңбек етіп жүрген бес Ауған соғысының ардагерлері бар. Атап айтқанда Ғ.Мүсірепов атындағы жалпы орта мектебінің директоры Шағдаров Әбдімәлік, Ғ.Мүсірепов атындағы жалпы орта мектебінің әскери жетекшісі Исонбаев Хамро, Жас алаш жалпы орта мектебінің директорының шаруашлық істері жөніндегі орынбасары Ауелбеков Нурмурад, Мәдениет жалпы орта мектебінің кіші қызметкері Лыжин Сергей, Болашақ жалпы орта мектебінің кіші қызметкері Бапаев Дәулет.

Ауған соғысының ардагерлерінің құрметіне орай ұйымдастырылған шара барысында Мақтаарал аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы А.Жолдасовтың атынан Алғыс хаттары мен сыйлықтары табысталды.

 

Мақтаарал аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНДЕ ҚЫЗМЕТ АТҚАРЫП ЖҮРГЕН АУҒАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ. БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНДЕ ҚЫЗМЕТ АТҚАРЫП ЖҮРГЕН АУҒАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ. БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНДЕ ҚЫЗМЕТ АТҚАРЫП ЖҮРГЕН АУҒАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ. БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНДЕ ҚЫЗМЕТ АТҚАРЫП ЖҮРГЕН АУҒАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ.

Мұғалімдер арасында баскетболдан турнир

Ақпан айының 10 – жұлдызында Сайрам ауданы білім беру ошақтары қызметкерлері арасында баскетболдан турнир өтті. Жалпы орта білім беру саласы қызметкерлері арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, бұқаралық дене шынықтыру және спортпен шұғылдану жұмыстарын насихаттау мақсатында өткізілген бұл шараға 8 команда қатысты.

Жарыс нәтижесінде,

І-орын Қарабұлақ округі мектептері,

ІІ-орын Карасу округі мектептері,

ІІІ-орын Арыс округі мектептері иеленді. Жеңімпаздарға кубок, медаль және мадақтамалар салтанатты түрде табысталды.

Жарыс өте қызықты әрі тартысты өткенін айтқан жөн. Жеңістеріңіз құтты болсын, құрметті әріптестер!

 

Сайрам аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Мұғалімдер арасында баскетболдан турнир Мұғалімдер арасында баскетболдан турнир

1 40 41 42 43 44 84