Семинар

«Өрлеу» БАҰО» АҚ Шымкент ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті және Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағымен бірлестікте курс тыңдаушыларымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында семинар өткізді.

Семинар барысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бас маманы Әлжанова Жазира Салханқызы еліміздегі сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыстың алдын-алу және күресу мақсатында жүзеге асырылып жатқан іс-шаралармен таныстырды. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықтың жай құқық бұзушылық емес екенін ескертіп, бұл келеңсіз құбылыстың ұрпақ тәрбиесіне келтірер зияны туралы таныстырылымды ұсынып, тыңдаушылардың сұрақтарына жауап берді.

Түркістан облысы бойынша жергілікті кәсіподақтың бөлім басшысы, заңгер Ақбердиев Ғабит Кеңесұлы педагогтермен салық мәселесі, сонымен қатар қазіргі жаз мезгілінде өте өзекті болып отырған еңбек демалысы ақысының есептелуі мен төлемі, сауықтыру қаражаты, 2-3 жерде жұмыс жасаудың қаншалықты заңдылығы т.б. мәселелерді талқылады.

Қазіргі таңда жалған сертификаттардың кездесу мәселесіне орай, «Өрлеу» БАҰО» АҚ осы бағытта жүргізіп жатқан жұмыстарына тоқталып өттім: сертификат үлгісінің өзгеруі, сертификатқа қосымшаның болуы, әрбір сертификаттағы QR-код. QR-код арқылы педагогтердің бірыңғай деректер базасына еніп, сертификат иесі, қай кезде, қай жерде, қандай курстан өткені туралы мәліметтерді білуге болады.

Сыбайлас жемқорлық ұлттық қауіпсіздікке, әрбір отбасының әл-ауқатына, балаларымыздың жарқын болашағына және тұтастай алғанда елдің дамуына қауіп төндіретіндіктен, баршаңызды сыбайлас жемқорлықтың алдын-алуға белсенді қатысуға шақырамын.

Облыстық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Аудандық іс-шара

Төлеби аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен, Төлеби аудандық бастауыш кәсіподақ ұйымдары төрағалары мен төрайымдарын ынталандыру мақсатында «Біркөлік» демалыс аймағындағы «Бүркіт ұясы» демалыс үйінде бір күндік көңілді демалыс ұйымдастырылды. Аудандық кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен түрлі спорттық ойындар, конкурстар ұйымдастырып, жеңімпаздарды бағалы сыйлықтармен және алғыс хаттармен марапаттады. Демалыстан бастауыш ұйым төрағалары мен төрайымдары үлкен әсер алғандарын және тілектерін жеткізді.

Төлеби аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

ӨНЕРГЕ ҚАНАТ ҚАҚҚАНДАР ІС-ШАРАСЫ ӨТКІЗІЛДІ

Мақтаарал ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен, аудандық кәсіподақ комитетінің қолдауымен 2023 жылдың 08 маусым күні «Ақ алтын» мәдениет үйінде аудандық, облыстық, Республикалық, Халықаралық байқаулардың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін салтанатты түрде марапаттау рәсімі өткізілді.

Мерекелік іс-шараға “Аманат” партиясының Мақтаарал аудандық филиалының төрағасы М.Сәрсенов, аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі У.Исламова, аудандық кәсіподақ комитетінің маманы Е.Жанисов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Оңғаров, аудандық әжелер алқасының төрайымы Ш.Құрбанбаева, ауданымыздың қоғамдық кеңесінің төрағасы М.Ердешов, әкелер мектебінің төрағасы Ш.Байтенов қатысып, ұстаздар мен өнерлі оқушыларымызды керемет мерекемен құттықтап, тілектерін білдірді.

Сонымен қатар мерекелік шара барысында өнерлі оқушылардың жетекшілеріне Мақтаарал аудандық кәсіподақ комитетінің атынан алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табысталды.

Аудандық, облыстық, Республикалық, Халықаралық байқаулардың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттарымен шын жүректен құттықтаймыз!

Жеңісті күндеріміз көп болсын!

Мақтаарал аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Марапаттау іс-шарасы

Мақтаарал аудандық кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен Республикалық олимпиадаларда жүлделі орын алған оқушылардың жетекшілерін ынталандыру, көтермелеу мақсатында іс-шара ұйымдастырылып өткізілді.

Мақтаарал ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімі мен білім беру мекемелерінің бастауыш кәсіподақ ұйымы төрағаларының сұраныс хаттары негізінде 2022-2023 оқу жылы барысында Республикалық олимпиадаларда жүлделі орын алған оқушылардың жетекшілерін ынталандыру, көтермелеу мақсатында демалыс маусымына арналған Сарыағаш және Түлкібас саясы шипажайларына тегін жолдама беру жұмыстары жүргізілді.

Жиын барысында Мақтаарал аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы А.Жолдасов білім беру мекемелерінде жоғары жетістікке қол жеткізген ұстаздарға алғысын білдіріп, толағай табыстарға жетулеріне тілектес екенін жеткізді.

2022-2023 оқу жылы барысында Республикалық олимпиадаларда жүлделі орын алған оқушылардың жетекшілері:

1. Мамедов Анатолий Геннадевич – Әл-Фараби атындағы жалпы орта мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі

2. Момбаева Лейля Калмахамбетовна – С.Рахымов атындағы жалпы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

3. Катешов Нурлан Джумабаевич – Абылайхан атындағы жалпы орта мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі

4. Таймуратова Гульмира Серикбаевна – С.Датұлы атындағы жалпы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

5. Канайова Нуржамал Амангелдиевна – Абылайхан атындағы жалпы орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі

6. Катешов Медет Джумабаевич – Мырзакент мектеп-гимназиясының дене шынықтыру пәнінің мұғалімі

Толағай табыстарға кенелген ұстаздарымызға шынайы алғысымызды білдіреміз. Еңбектеріңіз жемісті болсын!

Мақтаарал аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі

VI Пленум

Бүгін 2 маусым күні Сарыағаш қаласындағы №66 Толыбай батыр атындағы жалпы орта мектебінің акті залында Сарыағаш аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің (VI Пленум) кезекті Мәжілісі болып өтті. Пленум мәжілісіне “Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы” қоғамдық бірлестігінің төрағасы Еркінбек Бахыт Сейтжаппарұлы, Сарыағаш аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Камалдин Рақымжан және мектеп директорлары, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағалары қатысты.

Мәжілістің күн тәртібінде:

1. №61 және №44 Мұстафин атындағы жалпы орта мектептерінің әкімшіліктері мен кәсіподақ комитеттері арасындағы 2023-2025 жылдарға қабылданған “Ұжымдық шарттың” орындалу барысы туралы.

2. 2022-2023 оқу жылының қорытындысы бойынша оқу-тәрбие жұмыстары, білім қызметкерлерінің құқықтарын қорғау және әлеуметтік жағдайларын жақсартудағы атқарылған жұмыстары туралы аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімі мен аудандық кәсіподақ комитетінің ақпараты.

Күн тәртібіндегі мәселелер жөнінде

61 жалпы орта мектебінің директоры Б.Турлыбекова, кәсіподақ комитетінің төрағасы М.Беделов, №44 Мұстафин атындағы жалпы орта мектебінің директоры Х.Жақсыбаева, кәсіподақ комитетінің төрайымы Б.Қалыбаевалардың есебі, Сарыағаш аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Р.Камалдин, аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Ә.Тастанбековтердің ақпараттары тыңдалды.

Баяндамашылардың есебінде атқарылған жұмыстар жөнінде, шешілмей келе жатқан проблемалар жайында пікір алмасты.

Түйінді мәселелердің ішінде:

– Білім бөлімінің жанындағы орталықтандырылған бухгалтерияның есепшілері жылына бір рет ұжымдарда есеп беріп тұруы,

– Тарификацияны бірлесе жасау,

– Еңбекке жарамсыздық бойынша бөлінетін қаржыны жалақы мөлшерінде толық беру,

– Бала күтімінде отырған мұғалімдерді тарифке ендіріп, орындарын сақтап қалу, т.с.с. маңызды мәселелер талқыланды.

Мәжіліске қатысушылар тарапынан комуналдық көмекті көтеру, еңбекке жарамсызжық бойынша төленетін қаржыны 15 АЕК емес, толық жалақының мөлшерінде берілуін шешу бойынша Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты Т.Қырықбаевқа арнайы хат дайындап жіберу аудандық кәсіподақ комитетіне тапсырылды.

Жиын соңында өткен оқу жылының қорытындысы бойынша оқу-тәрбие және қоғамдық жұмыстарда белсене қатысқан мұғалімдерге,

50, 60 жасқа толған мерейтой иелеріне, зейнетке шыққан мектеп басшылары мен кәсіподақ комитеттерінің төрағаларына

“Мәртебе” білім және ғылым саласының кәсіптік одағы” қоғамдық берлестігінің Құрмет грамоталары, Алғыс хаттары,

Облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының “Алғыс хаттары”,

Облыстық кәсіподақ комитетінің “Кәсіподаққа еңбегі сіңген қызметкері” төсбелгісі,

Облыстық кәсіподақ комитетінің Құрмет грамотасы, Алғыс хаттары және бағалы сыйлықтар тапсырылды.

Мәжілісте Облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы Бахыт Сейтжаппарұлы оқу жылының сәтті аяқталуымен құттықтап, тараптарға қызметкерлердің әлеуметтік – құқықтық мәселелерін бірлесіп шешуге шақырды.

Сарыағаш аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Сарыағаш аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Мереккелік іс-шара.

Кең байтақ Отанымыздың барлық өңірлеріндегі білім ұяларында соңғы қоңырау мерекесінің салтанатты жиындары болып өтті. Осы жылы Соңғы қоңырау мерекесі 1-маусым «Балалар күні» мерекесімен қоса өткізілді.

Салтанатты жиындарға ата-аналар, зейнеттегі және жас ұстаздар, ауыл әкімшілігі, аудандық кәсіподақ комитетінің өкілдері қатысып, ыстық лебізін білдірді. Жыл қорытындысы бойынша кәсіподақ тарапынан М.Мақатаеват ЖОМ, «Айнабұлақ» НОМ, № 42 Фурқат ЖОМ, № 77 «Тұран» ЖОМ ұстаздары облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының Алғыс хаттары, білім және ғылымның салалық кәсіптік одағының, облыстық кәсіподақ комитетінің, аудандық кәсіподақ комитетінің мадақтамалары және Қоғамдық ұйымының «Ы.Алтынсарин», «Еңбек ардагері» белгілерімен марапатталды.

Сайрам аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Ұстаздардың арасында өткен жарыстар қорытындыланды.

Мақтаарал ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен, аудандық кәсіподақ комитетінің қолдауымен Ұлы Жеңістің 78 жылдығына орай білім беру мекемелерінің ұстаздарының арасында спорттың баскетбол, волейбол, кіші футбол, үстел теннисы, шахмат пен тоғызқұмалақ түрінен өткен спартакиаданың финалдық ойындары өткізілді.

Финалдық жарысқа аймақтық, өңірлік кезеңдерде жеңімпаз атанған мектептер қатысып, өзара мықтыны анықтады.

Екі күн өткізілген финалдық жарыста жеңімпаз болған, жүлдегер болған және үздік ойын өрнегін көрсеткен ұстаздарға Мақтаарал ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімімен аудандық кәсіподақ комитетінің бірлескен мадақтамалары табысталды.

Аудан деңгейінде өткен жарысқа белсене қатысқан кәсіподақ мүшелеріне шынайы алғысымызды білдіреміз!

Мақтаарал аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

«KitapХАН@» ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫ ӨТКІЗІЛДІ

29 мамыр күні Түркістан қаласындағы «Фараб» кітапханасында «KitapХАН@» облыстық жобасының финалдық кезеңі болып өтті. Облыстық Адами әлеуетті дамыту басқармасының «Білім беруді дамыту орталығы» КММ директоры Бақытжан Төлімбеттің тікелей бастамасымен «KitapХАН@» кітап оқу жарысы «Оқуға құштар мектеп – оқуға құштар ұлт» республикалық ұлттық жоба аясында өтті.

Бұл жобаның басты мақсаты – әрбір мектепті оқуға құштар мектепке айналдыру, педагогтер, оқушылар және ата-аналардың кітап оқу құштарлығын арттыру, оқушылардың функционалдық оқу сауаттылығын дамыту, кітап оқу мәдениетін терең қалыптастыру, шығармашыл әлеуетін арттыру болып табылады.

Іс-шараға Түркістан облысының Адами әлеуетті дамыту басқарма басшысының орынбасары А.Садықова, Steppe&World баспасының директоры Раиса Сайранқызы, «Мазмұндама» баспасының директоры Теңіз Жұмабекұлы, «Отбасы хрестоматиясы» қоғамдық қорының атқарушы директоры Бағдат Болатұлы, облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы Б.Еркінбек төрелік етсе, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын Серік Сейітман іс-шараны жүргізіп отырды.

Байқау қорытындысы бойынша педагогтер арасынан Мақтаарал ауданындағы №14 колледждің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Б.Әлім «Жыл жеңімпазы – 2023» атанса, оқушылар арасынан Шардара ауданы, Ш.Уалиханов атындағы жалпы орта мектебінің 7 сынып оқушысы А.Қыдырбек «Жыл жеңімпазы – 2023» атанды.

Сонымен қатар педагогтер “Зерек оқырман”, “Кітапқұмар оқырман”, “Ұшқыр ойлы оқырман”, “Зейінді оқырман”, “Оқуға құштар оқырман”, “Рухани бай оқырман” атты номинациялармен марапатталды. Барша қатысушы 12 финалистерге Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағының (төрағасы Б.Еркінбек) демеушілігімен бағалы сыйлықтар табысталды. Осы кәсіподақтың тікелей қолдауымен бүгінге дейін жобаға педагогтер арасында 60 апталық, 15 айлық шығарылымдар, 5-10 сынып оқушылары арасында 33 апталық, 9 айлық шығарылымдар ZOOM платформасы арқылы фейсбук желісінде, орталықтың ютуб каналында тікелей көрсетіліп, таратылды және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Кітап оқитын қоғам құрудың басты идеясы – адами құндылықтардан ажырамау. Кітап арқылы келешек ұрпаққа бүгініміз тарих болып жазылып, ертеңге мұра болып қалмақ.

Облыстық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

АРДАГЕР ҰСТАЗДАРДЫ ЕСКЕ АЛУ ТУРНИРІ

2023 жылдың 28 мамыр күні Білім және ғылым қызметкерлері аудандық кәсіподақ кеңесінің және Қазығұрт аудандық білім бөлімінің ұйымдастырумен кіші футболдан білім қызметкелері арасында Білім саласына еңбек сіңірген ардагер ұстаздарды еске алу турнирі өткізілді. Жарысқа ауданымыздың 13 ауыл округіндегі білім беру ұйымдарынан 9 команда қатысты.

Жарысты Білім және ғылым қызметкерлері аудандық кәсіподақ кеңесінің төрағасы С.Мұсақұлов, Қазығұрт ауданының құрметті азаматы, спорт ардагері, ардақты ұстаз Х.Халов, Қазығұрт ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің бас маманы, жарысты ұйымдастыру алқасының төрағасы Е.Есіркепов, ардагер спортшы, спорт шеберлігіне кандидат, «Еңбек» жалпы орта білім беретін мектебінің директоры Н.Аманқұлов және «Ақбастау» жалпы орта білім беретін мектебінің директоры Е.Сүйеубековтер ашып берді.

Турнирде еңбегі ерен, білім саласына үлкен үлес қосқан: Мырзаш Тұтқабаев, Жұмаділ Сүйіндіков, Медет Қарабаев, Қырғызбай Есіркепов, Әшірбек Шалхаров, Әсіл Қарабаев, Әбдуәлі Ташимов, Әділбек Ботаев, Серік Дүйсенов, Фархад Өтегенов, Лесбек Тілеміс, Сейдахан Сауран, Райымбек Орынбаев, Әбдіхан Естемес, Ақылтай Қасымов, Нұрипа Тоқбердиева, Сман Өмірбеков, Асылбек Қосанбаев, Әбдісейіт Сманов, Әбдіғаппар Жақыпбековтерді үнсіздікпен еске алып, Құран бағышталды.

Марапат ителері:

Сарапхана а/о – Рахметов Пернебек, Қ.Әбдалиев а/о – Дүйсен Нұрқұйса, Шарбұлақ а/о – Қалдыбаев Қанат, Қазығұрт а/о Малдыбаев Нұрлан, Алтынтөбе а/о – Қосымов Анарбай, Қарабау а/о – Утебаев Әмірхан, С.Рахимов а/о – Жұмабаев Есіркеп, Жаңабазар а/о – Әжитаев Жылкелді, Жігерген а/о – Қожанов Сүйіндік, «Кәсіподақ» командасынан Дуанақұлов Сәкен, «Үздік гол» номинациясы мен Нұрсұлтан Байсапаров марапатталды.

Жарыс қорытындысы бойынша:

І орынды «Кәсіподақ» командасы,

ІІ орынды «Директорлар» командасы,

ІІІ орынды «Алтынтөбе» командасы,

IV орынды «Қарабау» командасы иеленді.

Мұсақұлов Скандар Төлендіұлы жеңімпаз командалармен үздік ойыншыларды Білім және ғылым қызметкерлері аудандық кәсіподақ кеңесінің «Алғыс хатымен» және қаржылай марапатталды.

Қазығұрт аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Мерекелік іс-шара

Төлеби ауданы Аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімі және аудандық кәсіподақ ұйымының бастамасымен 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында Төлеби ауданында «Бала – біздің болашағымыз» атты іс-шара өтті.

Мерекелік шара барысында балалардың эстетикалық және шығармашылық әлеуетін дамыту, талантты балаларды табу және қолдау көрсету мақсатында ойындар өткізілді. Ойында оқушылар “Асық ату”, “Арқан тартыс ”, “Қол күресі ”, “Алты бақан ”, “Суретшілер”, “Ләңгі тебу”, “Гир көтеру”, бекеттерінде тапсырмалар орындалып, тартысты ойын көрсетті. Мерекелік шара аясында балабақша бүлдіршіндері арасында велосипед жарысы ұйымдастырылып, жеңімпаз балаларға велесипед сыйлығы табысталды.Барабаншылар шеруі ұйымдастырылып, спорттың таэквондо және дзюдо түрлерінен өнерлерін көрсетті.

Іс-шара соңында жарыстарда белсенділік танытып, ұлттық ойындардан өткен сайыстарда жүлделі орындарға ие болған балалар Алғыс хаттармен марапатталып, сыйлықтар табысталды. Іс шара мерекелік концертпен жалғасты.

Төлеби аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

1 41 42 43 44 45 90